Қазақстан Республикасының Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс
"Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес "Қазақстан Республикасының қаржы нарығын мемлекеттік реттеу жүйесін әрі қарай жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 12 сәуірдегі № 25 Жарлығын және "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 61 Жарлығын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мына жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 50, 640-құжат; 2005 ж., № 39, 555-құжат; 2006 ж., № 35, 373-құжат; 2007 ж., № 42, 479-құжат; 2008 ж., № 3, 38-құжат; № 35, 364-құжат; 2009 ж., № 15, 106-құжат; № 55, 446-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереже осы Жарлықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрылымында:
1-бөлімде:
реттік нөмірі 13-1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"13-1. Монетарлық операцияларды есепке алу департаменті";
реттік нөмірі 16-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Қауіпсіздік департаменті";
реттік нөмірлері 21 және 22, мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"21. Бақылау және қадағалау әдіснамасы департаменті
22. Мемлекеттік қызметтер сапасын бақылау басқармасы";
2-бөлімде реттік нөмірі 18-жол алып тасталсын;
4-бөлімде реттік нөмірлері 2 және 3-жолдар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 5-бөліммен толықтырылсын:
"5. Қазақстан Ұлттық Банкінің ведомстволары:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығын дамыту комитеті";
2) "Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдарын оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 501 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 49, 599-құжат; 2008 ж., № 9, 89-құжат; 2009 ж., № 12, 69-құжат; 2010 ж., № 51, 466-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарының санаттары бойынша тізілімінде:
"С санаттарының тобы" деген бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"С санаттарының тобы
Қазақстан Республикасының Президентіне
тікелей бағынатын және есеп беретін органдар
Орталық атқарушы органдар
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық
Орталық атқарушы органдардың ведомстволары
Қазақстан Ұлттық Банкінің ведомстволары
Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері";
С санаттарының тобында:
С-1 санаты мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Ұлттық Банк комитетінің төрағасы";
С-2 санаты "Орталық атқарушы орган комитеті төрағасының орынбасары" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Ұлттық Банк комитеті төрағасының орынбасары";
сілтеменің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"2 Орталық атқарушы органдардың, Ұлттық Банкінің ведомстволарынан басқа (ведомстволар құрамында департаменттер құру көзделмейді)";
3) "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 11 наурыздағы № 552 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 12-13, 116-құжат; 2009 ж., № 24-25, 207-құжат; 2010 ж., № 51, 466-құжат, 2011 ж., № 10-11, 125-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың тізбесінде:
"Қазақстан Республикасының Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі" және "Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі" деген жолдар алып тасталсын;
4) "Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 24, 173-құжат; 2011 ж., № 8, 95-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген, Өздеріне қатысты олардың қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізілетін орталық мемлекеттік органдардың тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі" және "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі" деген жолдар алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің осы Жарлықтың 2-қосымшасына сәйкес кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2011 жылғы 12 тамыздағы
№ 139 Жарлығына
1-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2003 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1271 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы
ЕРЕЖЕ
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - Қазақстанның Ұлттық Банкі) Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады. Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген шекте Қазақстан Республикасының Президентіне есеп береді, өз қызметінде Конституцияны, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы", "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы", "Сақтандыру қызметі туралы", "Бағалы қағаздар рыногы туралы", "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық және заңнамалық актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шарттарды, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2. Қазақстанның Ұлттық Банкі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өзінің дербес балансы бар, өзінің филиалдарымен, өкілдіктерімен, ведомстволарымен және ұйымдарымен бірлесіп тікелей бағыну схемасындағы біртұтас орталықтандырылған құрылымды құрайды.
Қазақстанның Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде өздері болатын елдің заңнамасы ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес филиалдары мен өкілдіктерін аша алады.
3. Қазақстанның Ұлттық Банкі өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметімен үйлестіреді және онымен тұрақты консультациялар өткізіп отырады.
Қазақстанның Ұлттық Банкі Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің экономикалық саясатын ескеріп отырады және егер ол өзінің негізгі функцияларын орындауы мен ақша-кредит саясатын жүзеге асыруына қайшы келмейтін болса, оны жүзеге асыруға жәрдемдеседі.
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Ұлттық Банкінің міндеттемелері бойынша жауапкершілік алмайды, сол сияқты Қазақстанның Ұлттық Банкі де мұндай жауапкершілік алған кезде болмаса, Қазақстан Республикасы Үкіметінің міндеттемелері бойынша жауапкершілік алмайды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары Қазақстан Ұлттық Банкінің, оның филиалдарының, өкілдіктерінің, ведомстволарының және ұйымдарының заңнамамен бекітілген өкілеттіктерін жүзеге асыру жөніндегі қызметіне араласуға құқылы емес.
4. Қазақстанның Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының заңдарын негізінде және оларды орындау үшін өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық қаржы ұйымдарының, олардың клиенттерінің, басқа да жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті нормативтік құқықтық актілер шығарады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілері оның "Қазақстан Ұлттық банкінің хабаршысы", "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланып отырады.
5. Қазақстан Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген және өзінің атауы жазылған мөрі, сондай-ақ өзінің эмблемасы болады.
Қазақстанның Ұлттық Банкі филиалдарының, өкілдіктерінің, ведомстволарының және ұйымдарының өз мөрі бар.
Қазақстан Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мекенжайы: 050040, Алматы қаласы, "Көктем-3" шағын ауданы, 21-үй.
2-тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің негізгі мақсаты, міндеттері, функциялары, өкілеттіктері және құқықтары
6. Қазақстан Ұлттық Банкінің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
7. Қазақстанның Ұлттық Банкіне мынадай міндеттер жүктеледі:
1) мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу;
2) төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
3) валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру;
4) қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын одан әрі дамыту, сондай-ақ тұтастай алғанда қаржы жүйесіне деген сенімге қолдау көрсету;
5) қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін тиісті деңгейде қорғауды қамтамасыз ету.
8. Қазақстанның Ұлттық Банкі өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай негізгі функцияларды атқарады:
1) Қазақстан Республикасында мемлекеттік ақша-кредит саясатын жүргізу;
2) Қазақстан Республикасының аумағында банкноттар мен монеталардын эмиссиясын жүзеге асыру;
3) банктердің банк функциясын жүзеге асыру;
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің банк, қаржы кеңесшісі, агенті функцияларын және Үкімет пен басқа да мемлекеттік органдарға, олармен келісе отырып өзге де қызмет көрсетуді жүзеге асыру;
5) төлем жүйелерінің жұмысын ұйымдастыру;
6) Қазақстан Республикасында валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру;
7) Қазақстан Ұлттық Банкінің алтын-валюта активтерін басқару;
8) қаржы нарығының және қаржы ұйымдарының, сондай-ақ өз құзыреті шегінде өзге де тұлғалардың қызметін реттеу;
9) қаржы нарығының, қаржы ұйымдарының және құзыреті шегінде өзге де тұлғалардың қызметін, оның ішінде олардың қызметінің Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестігін тексеру және байқау жөнінде бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;
10) қаржы жүйесінің орнықтылығын сақтау мақсатында қаржы нарығының және қаржы ұйымдарының мониторингін жүргізу;
11) қаржы ұйымдары қызметінің стандарттарын белгілеу, қаржы ұйымдарын корпоративтік басқаруды жақсарту үшін ынталандыру жасау;
12) Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығының (бұдан әрі - қаржы орталығы) қызметін реттеу және дамыту.
9. Қазақстанның Ұлттық Банкі мемлекеттік ақша-кредит саясатын жүргізу мақсатында:
1) ақша нарығының жалпы жай-күйіне, заемдар бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейіне және инфляциялық күтулерге қарай ресми қайта қаржыландыру ставкасын белгілейді;
2) жүзеге асырылатын ақша-кредит саясаты шеңберінде қаржы нарығындағы сыйақының нарықтық ставкаларына ықпал ету мақсатында ақша-кредит саясатының негізгі операциялары бойынша сыйақы ставкаларының деңгейін белгілейді;
3) ең төменгі резервтік талаптарды, олардың нормативтерін белгілейді және олардың орындалуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
4) ерекше жағдайларда, инфляция процестерін ақша-кредитпен реттеудің жанама әдістерімен тоқтату мүмкін болмаған кезде, Қазақстанның Ұлттық Банкі операциялардың жекелеген түрлері бойынша кредиттеу лимиттерін белгілеу, олар бойынша сыйақы ставкаларын доғару, операциялардың жекелеген түрлері мен мәмілелер бойынша ставкалардың ең жоғарғы деңгейлерін белгілеу және жекелеген салалардың дамуын ынталандыру немесе ұстап тұру мақсатында кредиттің нақты түрлерін тікелей реттеу жолымен операциялардың жекелеген түрлерінің деңгейіне және көлеміне тікелей сандық шектеулер енгізуге құқылы;
5) ақша-кредит саясатының қабылданған бағдарларына сәйкес банктердің Ұлттық Банктен қарыз алуының жалпы көлемін реттейді, сондай-ақ банктерге берілетін заемдарды тарту және өтеу тәртібін, шарттарын, мерзімдері мен лимиттерін айқындайды;
6) депозиттер қабылдауды жүзеге асырады, сондай-ақ Қазақстанның Ұлттық Банкіндегі депозиттерді беру және өтеу тәртібін, шарттарын, түрлерін, мерзімдерін және лимиттерін айқындайды;
7) валюталық интервенцияларды жүзеге асырады;
8) өзінің бағалы қағаздарын - мемлекеттік бағалы қағаздар болып табылатын Қазақстан Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталарын шығаруды жүзеге асырады, сондай-ақ қысқа мерзімді ноталарды шығару, орналастыру, айналысқа жіберу және өтеу тәртібін, шарттарын айқындайды;
9) жүзеге асырылатын ақша-кредит саясаты шеңберінде мемлекеттік және басқа бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;
10) ресми қайта қаржыландыру ставкасына сәйкес коммерциялық вексельдерді қайта есепке алуды жүргізеді, сондай-ақ коммерциялық вексельдерді қайта есепке алу тәртібін және коммерциялық вексельдерді Қазақстан Ұлттық Банкінің қайта есепке алуға қабылдауына қойылатын шарттарды белгілейді.
10. Қазақстанның Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының аумағында банкноттар мен монеталардың эмитенті функциясын іске асыру мақсатында:
1) Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен тұжырымдама негізінде банкноттар мен монеталар номиналдарының құрылымын, дизайнын, сондай-ақ банкноттар мен монеталардың қажетті санын айқындайды және олардың дайындалуын қамтамасыз етеді;
2) банкноттар мен монеталар шығарудың, Қазақстан Республикасының аумағында олардың айналысын ұйымдастырудың және айналыстан алудың ерекше құқығына ие болады.
Айналысқа банкноттар мен монеталар шығаруды жеке және заңды тұлғаларға оларды сату арқылы Қазақстанның Ұлттық Банкі жүзеге асырады;
3) Қазақстан Ұлттық Банкінің инвестициялық және коллекциялық монеталарды сату және сатып алу тәртібін айқындайды, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға оларды сату бағасын белгілейді;
4) бұрын қолданыста болған банкноттар мен монеталардың төлемге жарамдылығын және айырбасталуын айқындау, оларды айналыстан алу, сақтау және жою тәртібін белгілейді;
5) банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияны жүргізуге Қазақстан Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымдар жүзеге асыратын банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қайта санау, сұрыптау, орау, сақтау, сондай-ақ оларды банктерге және банктердің тапсырмасы бойынша олардың клиенттеріне беру жөніндегі қызметке қойылатын талаптарды белгілейді;
6) банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды есепке алу, сақтау, тасымалдау және инкассациялау қағидаларын белгілейді, банкноттар, монеталар мен құндылықтарды тасымалдауды, сақтауды және инкассациялауды қамтамасыз етуге қатысады, банкноттар, монеталар мен құндылықтардың резервтік мемлекеттік қорларын құрады.
11. Қазақстанның Ұлттық Банкі банктердің банк функциясын жүзеге асыру мақсатында:
1) Қазақстан Республикасында қайта қаржыландыру жүйесін ұйымдастырады;
2) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстанның Ұлттық Банкінде ашылған банк шоттарының иелеріне бір жылдан аспайтын мерзімге өтімділігі жоғары, тәуекелсіз бағалы қағаздармен және басқа активтермен қамтамасыз етілген кредиттер береді;
3) екінші деңгейдегі банктер үшін соңғы сатыдағы кредитор болып табылады, соған байланысты оларға Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы белгілеген тәртіппен және мерзімге қамтамасыз етілген, сол сияқты қамтамасыз етілмеген кредиттерді ұлттық және шетел валютасымен беруге құқылы;
4) ақшаның қате аударылу фактісі анықталған жағдайда оны клиенттің банк шотынан алуға құқығы бар, клиенттің ақшаны банк шотынан акцептемей алуға берген келісімін растайтын құжаттар болған жағдайда, оның банк шотын дебеттеуге құқылы;
5) Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы айқындайтын тәртіппен және шарттармен банктерге және басқа ұйымдарға берілген кредиттер бойынша олардың Қазақстанның Ұлттық Банкі алдындағы берешектерін қайта құрылымдауға құқылы.
12. Қазақстанның Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасы Үкіметінің банк, қаржы кеңесшісі, агенті функцияларын жүзеге асыру және Үкімет пен басқа да мемлекеттік органдарға, олармен келісе отырып өзге де қызмет көрсету мақсатында:
1) өзінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаражатын орналастырады. Үкіметтің шоттары бойынша төлемдер жасайды және өзге де операцияларды жүзеге асырады, сондай-ақ оған басқа да қызметтер көрсетеді. Қазақстан Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасының Үкіметін тікелей қаржыландыруына болмайды;
2) бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазынашылық комитетінің және Астана, Алматы қалалары бойынша Қазынашылық департаменттерінің бірыңғай қазынашылық шотына, шетел валютасындағы шоттарына қызмет көрсетеді;
3) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік қарыз алу саясатын әзірлеу және іске асыру, мемлекеттің ақша-кредит саясатына байланысты мәселелері бойынша бюджет саясатын қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарын қарайды;
4) Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісе отырып, оның мемлекеттік борышына қызмет көрсетуге қатысады және Қазақстан Ұлттық Банкінің мемлекеттік борышына қызмет көрсетеді;
5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздармен операцияларды жүзеге асырады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органның мемлекеттік бағалы қағаздары бастапқы нарыққа орналастырылған кезде оларды өз меншігіне сатып алуға құқығы жоқ;
6) мемлекеттік бағалы қағаздар шығарудың және Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік борышын өтеудің ай сайынғы көлемін, олардың банк жүйесінің өтімділігіне ықпалын және ақша-кредит саясатының басымдықтарын есепке ала отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздарды бастапқы орналастыруға қаржы ұйымдарын жіберу шарттарын келіседі;
7) бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісе отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік бағалы қағаздарының айналысын реттеуді жүзеге асырады;
8) заемшыларға кредиттер жіберуді жүзеге асырады;
9) басқа да қызметтер көрсетеді.
13. Қазақстанның Ұлттық Банкі төлем жүйелерінің жұмыс істеуін ұйымдастыру жөніндегі функцияны жүзеге асыру мақсатында:
1) төлем жүйелерін ұйымдастырады, үйлестіреді, реттейді, сондай-ақ қадағалауды (оверсайт) жүзеге асырады;
2) төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асыру тәсілдерін, төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру тәсілдерін қолдану қағидалары мен ерекшеліктерін, нұсқауларының мазмұнына қойылатын негізгі талаптарды белгілейді;
3) қолма-қол ақшаны пайдалана отырып төлемдерді жүзеге асыру тәртібі мен шарттарын белгілейді;
4) банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың төлем жүйелеріне қол жеткізуін қамтамасыз ететін ұйымдастыру шараларына және бағдарламалық-техникалық құралдарына қойылатын талаптарды белгілейді;
5) өз құзыреті шегінде халықаралық (мемлекетаралық) төлемдер жүйесін ұйымдастыруға қатысуға құқылы;
6) банк шоттарының түрлерін, құқықтық режимін және құрылымын, шоттарды ашу, жүргізу және жабу тәртібі мен шарттарын белгілейді;
7) банк операцияларын жүргізген кезде электрондық банк қызметін көрсету қағидаларын белгілейді;
8) ақша төлемі мен аударымы мәселелері бойынша есептілікті және мәліметтерді табыс ету тәртібін, нысандарын және мерзімдерін белгілейді;
9) төлем жүйелерінің Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істеуінің тиімділігін және сенімділігін қамтамасыз етуге бағытталған нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды.
14. Қазақстанның Ұлттық Банкі төлем жүйелерін қадағалауды (оверсайтты) жүзеге асыру мақсатында:
1) төлем жүйелеріне қадағалау (оверсайт) жүргізу тәртібін белгілеуге;
2) төлем жүйелерін ұйымдастырудың және олардың жұмыс істеуінің шарттары мен тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға;
3) төлем жүйелерінің мониторингін жүзеге асыруға;
4) төлем жүйелерінің ұйымдастырылуын және олардың жұмыс істеуін тексеруге;
5) ақша төлемдері мен аударымдары, төлем жүйелерінің жұмыс істеуі мәселелері бойынша төлем жүйелерінің қатысушыларынан және операторларынан ақпарат алуға;
6) төлем жүйелері қатысушыларының қызметін тексеруді жүзеге асыруға құқылы.
15. Валюталық реттеу және валюталық бақылауды жүзеге асыру мақсатында Қазақстанның Ұлттық Банкі:
1) Қазақстан Республикасында валюталық құндылықтардың айналысы тәртібін белгілейді;
2) резиденттердің және резидент еместердің Қазақстан Республикасында валюталық операциялар жүргізу қағидаларын белгілейді;
3) резиденттердің репатриация талаптарын орындауын қамтамасыз ету мақсатында резиденттердің экспорт пен импорт бойынша мәмілелер паспорттарын ресімдеуінің бірыңғай ережелері мен шарттарын және экспорт-импорт валюталық бақылауын жүзеге асырудың тәртібін, сондай-ақ мәміле сомасы асып кеткен жағдайда, мәміле паспортын ресімдеу қажет етілетін сол сомаға қатысты шекті мәнін белгілейді;
4) валюталық құндылықтарды Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету және жіберу тәртібін белгілейді;
5) валюталық реттеу және бақылау мәселелері бойынша есептілікті және мәліметтерді ұсыну тәртібін, нысандарын және мерзімдерін белгілейді;
6) шетелдік валютамен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау тәртібін белгілейді және оған лицензия береді;
7) Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес айырбастау пункттерін тіркеу тәртібін белгілейді және тіркеу куәліктерін береді, сондай-ақ олардың қолданылуын тоқтата тұрады;
8) шетелдік валютамен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру тәртібін және жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарын белгілейді;
9) валюталық операциялар туралы, Қазақстан Республикасы резиденттерінің шетелдік банктерде шоттар ашқаны туралы тіркеуді және хабарлама беруді жүзеге асырудың тәртібін белгілейді, сондай-ақ тіркеу куәліктері мен хабарлама туралы куәліктерін береді;
10) айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша теңгеге шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шегін белгілеу тәртібін айқындайды және олардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
11) арнайы валюталық режим шеңберінде валюталық операциялар жүргізуге арнайы рұқсат береді;
12) мемлекеттік органдармен келісім бойынша олардың құзыретіне сәйкес Қазақстан Республикасындағы резиденттер мен резидент еместер орындауға міндетті валюталық операциялар бойынша есепке алудың және есептіліктің тәртібі мен нысандарын белгілейді;
13) Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын резидент еместердің валюталық операцияларының мониторингін (валюталық мониторингті) жүзеге асырады;
14) валюталық заңнаманы сақтау мәселелері бойынша тексеруді жүзеге асырады;
15) банктер мен өзге тұлғалардың Қазақстан Республикасының банктік және валюталық заңнамасын бұзу фактілері анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының банктік және валюталық заңнамасында көзделген санкцияларды қолданады;
16) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген валюталық реттеу және валюталық бақылау саласында өзге де функцияларды орындайды.
16. Қазақстанның Ұлттық Банкі валюталық құндылықтармен және қымбат металдармен мынадай операцияларды жүзеге асырады:
1) шетел валютасын сатып алады және сатады;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі шетел валютасында шығарған және кепілдік берген, шет мемлекеттердің үкіметтері немесе халықаралық қаржы ұйымдары шығарған және кепілдік берген бағалы қағаздарды, оның ішінде Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының шешімінде көзделген жағдайларда несие нысанындағы бағалы қағаздарды сатып алады, сатады немесе олармен операциялар жүргізеді;
3) банктерде, шетелдік орталық банктерде және олар тіркелген мемлекеттердің заңнамасы бойынша тиісті құқығы бар банктерде, қаржы институттарында, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдарында шоттар ашады;
4) шетелдік орталық банктер, олардың тіркелген мемлекеттерінің заңнамасы бойынша тиісті құқығы бар банктер және басқа қаржы институттары, шетел үкіметтері мен олардың агенттері үшін, сондай-ақ халықаралық ұйымдар үшін шоттар ашады және жүргізеді, өкіл немесе корреспондент ретінде іс-әрекет жасайды;
5) тазартылған алтынды, қымбат металдарды, асыл тастарды және олардан жасалған бұйымдарды қабылдауды және сақтауды жүзеге асырады;
6) Қазақстан Республикасының аумағында және сыртқы нарықта тазартылған алтынды және басқа қымбат металдарды сатып алу және сату бойынша операциялар жүргізеді;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен валюталық құндылықтар мен қымбат металдарды Қазақстан Республикасына әкеледі, сондай-ақ оларды шетел банктері мен мамандандырылған қаржы ұйымдарындағы өзінің шоттарына орналастыру үшін шет елдерге әкетеді;
8) ең төменгі деңгейін Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы айқындайтын кредиттік рейтингі бар эмитенттер шығарған бағалы қағаздарды сатып алады, сатады немесе олармен операциялар жүргізеді;
9) банкаралық депозиттер, репо және кері репо, депозиттік сертификаттар, коммерциялық қағаздар және ең төменгі деңгейін Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы айқындайтын кредиттік рейтингі бар эмитенттер шығарған басқа да борыштық міндеттемелері сияқты ақша нарығының құралдарымен операцияларды жүзеге асырады;
10) кредиттік рейтингтері Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы айқындаған деңгейден төмен емес қарсы әріптестермен форвард операциялары, своп операциялары және опцион операциялары сияқты туынды қаржы құралдарымен операцияларды жүзеге асырады;
11) Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының шешімі бойынша басқа да операцияларды жүзеге асырады.
17. Қазақстанның Ұлттық Банкі алтын-валюта активтерін басқару мақсатында:
1) Қазақстан Республикасының қымбат металдармен және асыл тастармен байланысты қатынастарды реттейтін заңнамасына сәйкес, қазақстандық және аталған металды өзге де өндірушілерден (сатушылардан) тазартылған алтынды сатып алады;
2) Қазақстан Республикасының резиденттерінен және резидент еместерінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметінен шетел валютасын Қазақстан теңгесіне (ескерткіш және кәдесый монеталарын қоса алғанда) және шетел валютасына сатып алады;
3) депозиттерді (салымдарды) орналастырады, шетел валютасымен дилинг операцияларын және шетел валютасында деноминацияланған бағалы қағаздармен операцияларды жүзеге асырады, сондай-ақ шетел валютасымен кредиттер береді;
4) тазартылған алтынмен, күміспен, платинамен және платина тобындағы басқа металдармен сату, орналастыру және басқа операцияларды жүзеге асырады;
5) халықаралық қаржы ұйымдарынан, шет мемлекеттердің орталық банктерінен және басқа кредиторлардан кредиттер алады;
6) шетел валютасымен ақы төленетін консультациялық, ақпараттық-баспа және басқа қызметтерді көрсетеді;
7) ақша-кредит саясатын және айырбастау бағамы саясатын жүргізу мақсатында, оның ішінде ішкі валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныстардың ауытқуларын реттеу мақсатында, ішкі валюта нарығында валюта сатып алады және сатады;
8) өнім (жұмыстар, көрсетілген қызметтер) импортына, оған қоса шет елдердегі дипломатиялық және өзге де өкілдіктерді ұстау және іссапар шығыстарына төлеу үшін, сондай-ақ бюджет қаражаты есебінен және Қазақстан Ұлттық Банкінің бюджеті (шығыстар сметасы) есебінен Қазақстан Ұлттық Банкінің мемлекеттік сыртқы борышына қызмет көрсету үшін теңгені шетел валютасына айырбастауды жүзеге асырады;
9) басқа шетел валютасын сатып алу үшін шетел валютасын сатады;
10) алынған кредиттер бойынша негізгі борыш сомасын және сыйақы сомасын қайтарады, сондай-ақ комиссиялық және олардың басқа да ілеспе шығыстарын төлейді;
11) қалыптастырылған провизиялар (резервтер) есебінен шығынды алтын-валюта активтерін есептен шығарады;
12) алтын-валюта активтерінің өтімділігін және сақталуын, сондай-ақ бірқалыпты тәуекел деңгейі кезінде ұзақ мерзімді болашақта кірістілігін қамтамасыз ете отырып олармен операцияларды қалыптастырады және жүргізеді.
18. Қаржы ұйымдарының және өзге тұлғалардың қызметін құзыреті шегінде лицензиялау, бақылау және қадағалауды жүзеге асыру, сондай-ақ олардың қызметін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес реттеу мақсатында Қазақстанның Ұлттық Банкі:
1) Қазақстан Республикасында банк және сақтандыру жүйелерінің, бағалы қағаздар нарығының және жинақтаушы зейнетақы қорларының жұмыс істеуін қамтамасыз ету, сондай-ақ қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылардың заңды құқықтарын және мүдделерін қорғау жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлейді және жүргізеді;
2) мыналарға:
қызметінің айрықша түрі шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларға әділет органдарында мемлекеттік тіркелуге;
банктер ашуға және оларды ерікті түрде қайта ұйымдастыруға және таратуға, банктердің еншілес ұйым құруына және сатып алуына;
ұйымдардың жарғылық капиталына банктің қомақты қатысуына;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын құруға, оларды ерікті түрде қайта ұйымдастыруға және таратуға;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына еншілес ұйым құруға және сатып алуға;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуына;
арнайы қаржы компанияларын ерікті түрде қайта ұйымдастыру немесе ерікті түрде таратуға;
жинақтаушы зейнетақы қорларын құруға, оларды қайта ұйымдастыруға және ерікті түрде таратуға;
жинақтаушы зейнетақы қорларын әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге;
жинақтаушы зейнетақы қорларының еншілес ұйым құруына және сатып алуына;
жинақтаушы зейнетақы қорының басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға;
жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтай құжаттарына өзгерістерді (толықтыруларды) мемлекеттік тіркеуге;
банктік конгломераттың немесе сақтандыру топтарының құрамына кіретін банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының еншілес ұйымды құруына немесе сатып алуына;
банктік конгломераттың және сақтандыру топтарының құрамына кіретін қаржы ұйымдарының (банктер, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, жинақтаушы зейнетақы қорлары) ұйымдардың жарғылық капиталына қомақты қатысуына рұқсат береді, рұқсат беруден бас тартады не қайтарып алады;
3) мыналарға:
қызметінің айрықша түрі шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларға шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметті жүзеге асыруға;
банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға;
Қазақстан Республикасының банктік заңнамасында көзделген барлық немесе жекелеген банктік және өзге операциялардың түрлерін жүргізуге;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, сақтандыру нарығындағы актуарийлердің қызметін жүзеге асыруға;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялауға жататын кәсіби қызметті бағалы қағаздар нарығында жүзеге асыруға;
жинақтаушы зейнетақы қорларына зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиялар береді, лицензиялар беруден бас тартады, лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, қолданылуын жалғастыру және тоқтату не одан айыру туралы шешім қабылдайды;
4) мыналарға:
банктің және банктік холдингтің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге;
банктердің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға);
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларымен мәмілелер жасауға;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының басшы қызметкерлерін, сақтандыру брокерлерін, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға);
бағалы қағаздар нарығында лицензиаттардың басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға);
жинақтаушы зейнетақы қорларының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға);
ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге;
банктік конгломераттардың және сақтандыру топтарының құрамына кіретін қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға);
банктік конгломераттың немесе сақтандыру тобының құрамына кіретін қаржы ұйымдарының (банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, жинақтаушы зейнетақы қорларының) ірі қатысушысы, банктік холдингі, сақтандыру холдингі мәртебесін алуға келісім береді, келісім беруден бас тартады және қайтарып алады;
5) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігінің (уақытша әкімшісінің) қызметін бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады, оның ішінде:
уақытша әкімшілікті (уақытша әкімшіні) тағайындау тәртібін және өкілеттігін белгілейді және лицензиядан айырғаннан кейінгі кезеңге уақытша әкімшілікті (уақытша әкімшіні) тағайындайды;
уақытша әкімшіліктің (уақытша әкімшінің) есептілікті және өзге ақпаратты ұсынуына қойылатын талапты белгілейді;
уақытша әкімшіліктен (уақытша әкімшіден) тарату комиссиясының төрағасына құжаттарды және мүлікті қабылдау-өткізу актісін бекітеді;
банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігі (уақытша әкімшісі) ұсынған есептерді және қосымша ақпаратты қарайды;
уақытша әкімшіліктердің (уақытша әкімшілердің) қызметіне тексерулер жүргізеді;
банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және жинақтаушы зейнетақы қорларының уақытша әкімшіліктерінен (уақытша әкімшілерінен), сондай-ақ мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және азаматтардан Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда өздерінің бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты алады, алынған ақпарат бойынша түсінік талап етеді;
6) тарату комиссияларының төрағаларына және мүшелеріне кандидатураларға қойылатын талаптарды белгілейді;
7) мәжбүрлеп таратылатын банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және жинақтаушы зейнетақы қорларының филиалдары мен өкілдіктерін ескере отырып, тарату комиссияларын тағайындайды;
8) мәжбүрлеп таратылатын банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларын тарату тәртібін және тарату комиссиясының жұмысына қойылатын талаптарды айқындайды;
9) ерікті таратылатын банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссиялары қызметінің ерекшеліктерін айқындайды;
10) банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссияларының қызметіне олар белгілеген тәртіппен бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады, оның ішінде:
мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының аралық тарату балансын және кредиторлар талаптарының тізілімін, ерікті немесе мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының кредиторлар қомитеттерінің құрамын бекітеді;
тарату комиссияларының есептілікті және қосымша ақпаратты ұсыну нысандарын, оларды мерзімі мен кезеңділігін белгілейді;
мәжбүрлеп таратылатын банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын және жинақтаушы зейнетақы қорын тарату туралы есепті және тарату балансын қарайды және келіседі;
тарату комиссияларының қызметін тексереді және олар орындауға міндетті нұсқамалар шығарады;
таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының кредиторлар комитетін қалыптастырудың және қызметінің ерекшеліктерін белгілейді;
тарату шығыстарының сметасын қалыптастыру және бекіту ерекшеліктерін және тәртібін белгілейді;
тарату комиссияларының кассадағы қолма-қол ақшаны сақтау, қолма-қол ақшамен кіріс және шығыс операцияларын жасау, кассалық құжаттарды жүргізу ережелерін орындауы, қолма-қол ақшаның, касса қалдықтары лимиттерінің жұмсалуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарын, сондай-ақ тарату комиссиясының ағымдағы шотына қолма-қол ақшаны өткізу мерзімдерін айқындайды;
банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссиялары төрағаларының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерін қарайды, оларға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жаза қолданады;
қаржы ұйымының кредиторлар комитетін құрғанға дейін мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының тарату шығыстарының сметасын келіседі;
банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссиялары ұсынған есептерді және қосымша ақпаратты қарайды;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссияларынан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан, азаматтардан және ұйымдардан өзінің бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты алады, алынған ақпарат бойынша түсінік талап етеді;
11) инкассация бойынша операцияларды Қазақстан Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, сондай-ақ қызметінің айрықша түрі шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерін және қалыптастыру тәртібін белгілейді;
12) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалған өкілеттігі шегінде банк қызметі, ақша төлемдері және аударымы, валюталық операцияларды жүзеге асыру мәселелері бойынша және өзге де мәселелер бойынша барлық қаржы ұйымдары, олардың клиенттері мен өзге де заңды және жеке тұлғалар орындауға міндетті нормативтік құқықтық актілер шығарады, сондай-ақ тексерулер жүргізу арқылы олардың сақталуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
13) бухгалтерлік есеп және бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру мәселелері бойынша барлық қаржы ұйымдары орындауға міндетті нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді, сондай-ақ қаржы ұйымдарының Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптарын сақтауын бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
14) бухгалтерлік есеп, қаржылық есептілік және операцияларды автоматтандыру жүйелері мәселелері бойынша арнайы қаржы компаниялары орындауға міндетті нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасын, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын, сондай-ақ операцияларды автоматтандыру жүйелеріне қойылатын талаптарды сақтауын бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
15) бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру жүйелеріне қойылатын талаптарды барлық қаржы ұйымдарының сақтауын бақылауды және қадағалауды, оның ішінде тексерулер жүргізу арқылы жүзеге асырады;
16) банктік және өзге де операцияларды жүргізу тәртібін айқындайды;
17) банктерде операциялар жасауға сенімхат беру тәртібін белгілейді;
18) банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзету және құрылысын ұйымдастыру жөніндегі орындалуы міндетті талаптарды тиісті уәкілетті органдардың келісімі бойынша белгілейді;
19) қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарымен реттелмеген және оларға қайшы келмейтін мәселелер бойынша қаржылық есептіліктің стандарттарын, сондай-ақ оларға әдістемелік ұсынымдарды бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік жүйесін реттеу жөніндегі уәкілетті органмен келісе отырып әзірлейді және бекітеді;
20) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес келетін нысандарды не нысандарға қойылатын талаптарды, қаржылық және өзге де есептіліктің тізбесін, оны ұсыну мерзімдері мен тәртібін, сондай-ақ барлық қаржы ұйымдарының және олардың аффилиирленген тұлғаларының қаржылық есептілікті жариялау тәртібі мен мерзімдерін белгілейді;
21) егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, ақша төлемдерін және аударымдарын реттеу мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің келісімі бойынша банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар және барлық шаруашылық жүргізетін субъектілер жүзеге асыратын банк шоттары бойынша төлем жасау кезектілігін белгілеуге құқылы;
22) банктердің операциялары мен мәмілелерінің жекелеген түрлері бойынша сандық шектеулерді белгілейді;
23) қаржы ұйымдарына және өзге де ұйымдарға өз құзыреті шегінде ықпал ету шараларын, санкцияларын және өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын олар бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де шараларды қолдану тәртібін айқындайды және қолданады;
24) қаржы ұйымдары, олардың лауазымды тұлғалары және өзге де жеке немесе заңды тұлғалар жасаған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды, оларға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жаза қолданады;
25) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайда мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан өзінің бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты алады, алынған ақпарат бойынша түсінік талап етеді;
26) қаржы секторын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру мақсатында қабылданатын шараларды үйлестіру мәселелері бойынша, сондай-ақ өзара мүддені білдіретін өзге де мәселелер бойынша қаржы ұйымдарының қызметін және қаржы нарығын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын орталық банктермен және шетелдік органдармен өзара іс-қимыл жасайды және ынтымақтасады;
27) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
19. Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында Қазақстанның Ұлттық Банкі:
1) банктің басшы қызметкерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдарын Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейді деп тану үшін жеткілікті деректердің негізінде "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабында көрсетілген адамдарды қызметтік міндеттерін орындаудан шеттету туралы шешім қабылдайды;
2) өзі белгілеген тәртіппен банктердің құрылтай құжаттарын (оның ішінде оларға өзгерістер мен толықтыруларды) келісуді жүргізеді;
3) банктер операцияларының және мәмілелерінің жекелеген түрлері бойынша сандық шектеулерді белгілейді;
4) салымдарға (депозиттерге) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) тәртібін белгілейді;
5) мыналарды:
ірі қатысушыларды және банктік холдингтерді, сондай-ақ банктік холдингтің аффилиирленген тұлғаларын анықтау мақсатында банктердің, банктік холдингтің тікелей немесе жанама қатысушыларының құрылтай құжаттарын және өзге ақпаратты;
банктермен аффилиирленген тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда қаржылық есептілікті және өзге ақпаратты табыс етуін талап етеді;
6) банктік конгломераттардың қызметін реттейді;
7) банктік конгломераттың құрамына бас ұйым ретінде кіретін және банк болып табылмайтын ұйымды қайта құрылымдау рәсімін жүргізу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;
8) банктік конгломераттардың, сондай-ақ банктік конгломераттың құрамына кіретін ұйымдардың тізілімін жүргізеді;
9) банктерге, банктік конгломераттарға, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, оның ішінде ипотекалық ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді белгілейді;
10) активтердің, шартты міндеттемелердің жіктелу және оларға қарсы провизияларды (резервтерді) есептеу тәртібін айқындайды;
11) банктерді консервациялау және банктің уақытша әкімшілігін (банктің уақытша басқарушысын) тағайындау туралы шешімдер қабылдайды;
12) банктің ірі қатысушысына және (немесе) банктік холдингке тиесілі банктің акцияларын сенімгерлік басқару шартын жасасу туралы, ал Үкіметпен келісім бойынша - банк кредиторларының мүдделерін қорғау және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің орнықтылығын қамтамасыз ету мақсатында және меншікті капиталының кері мөлшері бар екінші деңгейдегі банктердің акцияларын жаңа инвесторларға кейіннен дереу сату шартымен мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылдайды, банктердің акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және оларды кейіннен инвесторларға сату тәртібін белгілейді;
13) банк кредиторларының мүдделерін қорғау және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің орнықтылығын қамтамасыз ету мақсатында, егер қолданылған шаралар банктің қаржылық жағдайын жақсартуға әкелмесе, Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісім бойынша:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің не ұлттық басқарушы холдингтің банктің жарияланған акцияларын оның қаржылық жағдайын жақсарту және банктің пруденциалдық нормативтерді және (немесе) сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді орындауы үшін қажетті мөлшерде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен сатып алуы туралы шешім қабылдауға;
банкте капиталдың кері мөлшері болған жағдайда банктің акцияларын банктің қаржылық жағдайын қажетінше жақсартуға кепілдік беретін жаңа инвесторға сатып алу бағасы бойынша міндетті түрде кейіннен дереу сату шартымен мәжбүрлеп сатып алуды жүзеге асыруға құқылы;
14) банк акционерлерінің жалпы жиналысына қатысу үшін өз өкілін жібереді;
15) бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру мақсатында банктерде өз өкілін ұстай алады;
16) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес банк қызметін мемлекеттік реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі өзге де функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асырады.
20. Сақтандыру қызметін реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында Қазақстанның Ұлттық Банкі:
1) трансшекаралық сақтандыруды және қайта сақтандыруды жүргізудің шарттары мен тәртібін айқындайды;
2) сақтандыру брокері қызметінің шарттарын айқындайды, оның ішінде сақтандыру брокерінің жарғылық капиталының ең аз мөлшеріне қойылатын талаптарды белгілейді;
3) сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымы үшін жарғылық капиталдың, кепілдік беру қорының, төлем қабілеті маржасының ең төменгі мөлшерін қоса алғанда, пруденциалдық нормативтерді және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді белгілейді және олардың сақталуын бақылауды және қадағалауды қамтамасыз етеді;
4) актуарлық қызметті жүзеге асыру тәртібін және оған қойылатын талаптарды, сондай-ақ міндетті актуарлық есептерді жүргізуге қойылатын талаптарды айқындайды;
5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру тарифтерін бағалау әдістеріне және есептеу қағидаттарына талаптарды қояды;
6) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығын коэффициентін есептеу тәртібін айқындайды;
7) сақтандыру портфелін беру тәртібін айқындайды;
8) басшы қызметкердің (қызметкерлердің) іс-қимылдарын Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейді деп тану үшін жеткілікті деректердің негізінде "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында көрсетілген адамдарды, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының басшы қызметкерлерін қызметтік міндеттерін орындаудан шеттету туралы шешім қабылдайды;
9) сақтандыру тобының аффилиирленген тұлғаларын анықтау және олардың топтарын айқындау мақсатында сақтандыру холдингінің тікелей немесе жанама қатысушыларының, жеке және заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарын және өзге де ақпаратты табыс етуін талап етеді;
10) сақтандыру топтарының, сондай-ақ сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдардың тізілімін жүргізеді;
11) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының құрылтай құжаттарын (соның ішінде оларға өзгерістер мен толықтыруларды) келісуді жүргізеді;
12) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысына қатысу үшін өз өкілін жібереді;
13) бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру мақсатында сақтандыру ұйымдарында өз өкілін ұстай алады;
14) сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының, олармен және олардың құрылтайшыларымен аффилиирленген тұлғалардың, сондай-ақ сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының қатысуымен консорциумдарға және жай серіктестіктерге қатысатын ұйымдардың қызметін шоғырландырылған қадағалау ережесін айқындайды;
15) сапасы және өтімділігі бойынша жіктелуін ескере отырып есептелген активтердің құны және міндеттемелер арасында теріс айырма белгіленген жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының акционерлеріндегі акцияларды мәжбүрлеп сатып алу және осы акцияларды сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары жөніндегі барлық міндеттемелерді орындауға кепілдік беретін шартпен сатып алуға ниет білдірген жаңа инвесторға сату туралы шешім қабылдайды;
16) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жасайтын бірлескен қызмет туралы шарттарды тіркейді, өзінің мүлкін кепілге қою шарттарының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кепілдіктерінің (кепілдемелерінің) және баланста көрсетілмейтін өзге де міндеттемелерінің тізілімдерін жүргізеді;
17) көлік құралын пайдалану нәтижесінде зәбір шегушінің мүлкіне (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) келтірілген зиянның мөлшеріне бағалау жүргізу үшін бағалаушыларды (тәуелсіз сарапшыларды) аккредиттеуді жүзеге асырады, аккредиттеу туралы куәлік береді (беруден бас тартады), қолданылуын тоқтата тұрады, қайта жалғастырады;
18) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес сақтандыру қызметін мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі өзге де функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асырады.
21. Бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің қызметін реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында Қазақстанның Ұлттық Банкі:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісім бойынша бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру және дамыту саласындағы басымдықтарды айқындайды;
2) қаржы нарығының активтерін бағалы қағаздар ретінде таниды;
3) мемлекеттік емес бағалы қағаздар мен туынды қаржы құралдарының шығарылымы мен айналысының шарттары мен тәртібін айқындайды;
4) мемлекеттік емес бағалы қағаздардың, оның ішінде туынды қаржы құралдарының шығарылымдарын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады, оларға ұлттық сәйкестендіру нөмірлерін береді, бағалы қағаздарды, оның ішінде туынды қаржы құралдарын орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептерді қарайды, осындай есептерді бекітеді не бекітуден бас тартады, сондай-ақ мемлекеттік емес бағалы қағаздардың, оның ішінде туынды қаржы құралдары шығарылымдарының күшін жояды;
5) эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымы проспектісінің, облигациялық бағдарламаның және облигациялық бағдарлама шеңберінде облигациялар шығарылымдарының құрылымын, оларды жасау және ресімдеу тәртібін, сондай-ақ бағалы қағаздарды орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептердің құрылымын белгілейді;
6) Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізілімін, бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялар тізілімін және бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыру құқығына арналған біліктілік куәліктерінің тізілімін жүргізудің шарттары мен тәртібін белгілейді;
7) Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізілімін жүргізеді;
8) бағалы қағаздарға ұлттық сәйкестендіру нөмірлерін беру тәртібін белгілейді;
9) эмитент пен өкіл арасында жасалған, облигациялар ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарттың мазмұнына қойылатын талаптарды, өкілдің функциялар мен міндеттерді орындау тәртібін, өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату тәртібі мен жағдайларын, сондай-ақ ипотекалық облигациялардың эмитенті таратылған жағдайда облигациялар ұстаушылар өкілінің өкілеттіктерін жүзеге асыру тәртібін белгілейді;
10) қаржы агенттігі мәртебесін беру (жоғалту) туралы шешім қабылдайды, қаржы агенттігі мәртебесін жоғалту шарттары мен тәртібін белгілейді;
11) банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар бұрын шығарған облигациялар бағалы қағаздардың қайталама нарығында айналыста болған кезде олардың облигациялар шығаруға ниеті болған жағдайда сақталуы тиісті талаптарды белгілейді;
12) бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруға лицензия беру шарттары мен тәртібін белгілейді;
13) бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет түрлерін қоса атқару шарттары мен тәртібін белгілейді;
14) лицензияны қолдану тоқтатыла тұрған немесе ол қайтарып алынған жағдайда лицензиаттың клиенттер алдындағы міндеттемелерін орындау тәртібін белгілейді;
15) эмиссиялық мемлекеттік емес бағалы қағаздарды және туынды қаржы құралдарын орналастыруды және айналысқа жіберуді тоқтата тұрады және қайта жалғастырады;
16) бағалы қағаздар нарығындағы қызметті кәсіби деп таниды;
17) пруденциалдық нормативтердің және өзге де көрсеткіштердің түрлерін немесе лицензиаттардың қаржылық орнықтылығының критерийлерін (нормативтерін) және оларды есептеу тәртібі мен әдістемесін белгілейді;
18) бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметті және лицензияланатын басқа қызмет түрлерін жүзеге асыру қағидаларын, оның ішінде бағалы қағаздармен мәмілелер жасау шарттары мен тәртібіне, осы мәмілелерді есепке алуға және олар бойынша есеп беруге қойылатын талаптарды айқындайды;
19) бағалы қағаздар нарығындағы төлем агентінің қызметін жүзеге асыру шарттары мен тәртібін белгілейді;
20) қазақстандық депозитарлық қолхаттарды шығару, орналастыру, айналысы және өтеу, сондай-ақ оларды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есепті табыс ету шарттары мен тәртібін белгілейді;
21) Қазақстан Республикасының резидент еместерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздарын, туынды қаржы құралдарын және халықаралық ұйымдардың Қазақстан Республикасы аумағында шығарылатын және орналастырылатын бағалы қағаздарын шығарудың және айналысының шарттары мен тәртібін белгілейді;
22) Қазақстан Республикасының резидент емес ұйымдарының, Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының шығарылымы шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелген мемлекеттік емес бағалы қағаздарын Қазақстан Республикасының ұйымдасқан нарығында айналысқа жіберу тәртібін белгілейді;
23) өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдарын Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейді деп тану үшін жеткілікті деректердің негізінде "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 54-бабында көрсетілген адамдарды қызметтік міндеттерін орындаудан шеттету туралы шешім қабылдайды;
24) бағалы қағаздар нарығының субъектілері Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған жағдайда акционерлердің алдында бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің басшы қызметкерлерін шеттету туралы мәселені қояды;
25) зейнетақы активтерін инвестициялау тәртібін белгілейді;
26) бағалы қағаздардың, соның ішінде туынды қаржы құралдарының бағалары мен айла-шарты жасауға, қызметтік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты пайдалану арқылы бағалы қағаздар нарығында мәмілелер жасауға бақылауды жүзеге асырады;
27) заңды тұлғаға өзін-өзі реттейтін ұйым мәртебесін береді, сондай-ақ оны беру және жоғалту тәртібін белгілейді;
28) бағалы қағаздар нарығының субъектілері туралы онда бар мәліметтерді пайдалана отырып бағалы қағаздар нарығының мәселелері жөніндегі ақпаратты (коммерциялық, банктік, қызметтік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда), сондай-ақ бағалы қағаздар нарығының субъектілеріне қолданған шаралары туралы ақпаратты жариялайды;
29) қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз және одан көп пайызын бағалы қағаздардың қайталама нарығында сатып алу ниеті туралы хабарлама ұсыну тәртібін белгілейді;
30) акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі болуы тиіс мәліметтерді айқындайды;
31) жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін бағалау тәртібін айқындайды;
32) арнайы қаржы компаниясын ерікті қайта ұйымдастыруға немесе таратуға рұқсат алу тәртібін айқындайды;
33) арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтері бойынша уақытша бос түсімдерді инвестициялау үшін қаржы құралдарының тізбесін белгілейді;
34) арнайы қаржы компаниясының жаңа басқарушы агентке берілетін активтерін салыстыру тәртібін белгілейді;
35) үлгі кастодиан шартын әзірлейді және оның нысанын бекітеді;
36) кастодиан банктің арнайы қаржы компаниясының активтерін мақсатты орналастыруын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды;
37) арнайы қаржы компаниясының активтерін жаңа кастодиан банкке беру тәртібін белгілейді;
38) сауда-саттық ұйымдастырушысы органдарының және орталық депозитарийдің жұмысына Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен қатысады;
39) бағалы қағаздарды ұстаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында сотқа өтініш жасайды;
40) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі өзге де функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асырады.
22. Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында Қазақстанның Ұлттық Банкі:
1) жинақтаушы зейнетақы қорын құруға, оның ерікті қайта ұйымдастырылуына және таратылуына рұқсат беру, беруден бас тарту және қайтарып алу шарттары мен тәртібін белгілейді;
2) үлгі кастодиан шартының және зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың нысанын әзірлейді және бекітеді;
3) жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтайшыларына, акционерлеріне қойылатын талаптарды белгілейді;
4) жинақтаушы зейнетақы қорының көрсетілген басшы қызметкерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдарын Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейді деп тану үшін жеткілікті деректердің негізінде "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабында көрсетілген адамдарды қызметтік міндеттерін орындаудан шеттету туралы шешім қабылдайды;
5) жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған жағдайда акционерлердің алдында жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлерін шеттету туралы мәселені қояды;
6) пруденциалдық нормативтердің тізбесін, олардың нормативтік мәндерін, есептеу әдістемесін белгілейді;
7) жинақтаушы зейнетақы қорының, онымен және оның құрылтайшыларымен аффилиирленген тұлғалардың және жинақтаушы зейнетақы қорымен бірге шоғырландырылған негізде консорциумдарға және жай серіктестіктерге қатысатын ұйымдардың қызметін реттеуді жүзеге асыру ережесін белгілейді;
8) жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы қағидаларын келіседі;
9) жинақтаушы зейнетақы қорының жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерін, жарғылық капиталды қалыптастырудың тәртібін және құрамын белгілейді;
10) салымшылардың аударылған зейнетақы жарналары туралы агенттің жинақтаушы зейнетақы қоры алдында есеп беру нысанын белгілейді;
11) жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін мақсатты орналастыруын бақылауды кастодиан банктің жүзеге асыру тәртібін айқындайды;
12) салымшылардың (алушылардың) жеке шоттарындағы жинақталған зейнетақы қаражатын есепке алу тәртібін айқындайды және зейнетақы арналарын есепке алудың дұрыс жүргізілуін және жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының (алушыларының) жеке зейнетақы шоттарында инвестициялық кірістің есептелуін бақылауды жүзеге асырады;
13) жинақтаушы зейнетақы қорларының сақталатын негізгі құжаттарының тізбесін және оларды сақтау мерзімдерін айқындайды;
14) ашық жинақтаушы зейнетақы қоры жұмыс істеп тұрған кезеңде оның дауыс беру құқығы бар акцияларының жалпы санының 25 пайызынан астамын тікелей немесе жанама түрде иелену, билік ету және/немесе басқару құқығын жүзеге асыруға рұқсат беру тәртібін белгілейді;
15) жинақтаушы зейнетақы қорларын консервациялау және жинақтаушы зейнетақы қорларының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау туралы шешім қабылдайды;
16) жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялау кезінде уақытша әкімшіліктің қызметін реттейді;
17) қайта ұйымдастырылатын немесе таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін, оның зейнетақы шарттары бойынша міндеттемелерін басқа жинақтаушы зейнетақы қорына беру тәртібін белгілейді;
18) жинақтаушы зейнетақы қорының акционерлерімен жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысына тиесілі жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын сенімгерлік басқару шартын жасайды;
19) жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерінің жалпы жиналысына қатысу үшін өз өкілін жібереді;
20) бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру мақсатында жинақтаушы зейнетақы қорларында өзінің өкілі болуы мүмкін;
21) жинақтаушы зейнетақы қорларын мемлекеттік реттеу және қадағалау жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асырады.
23. Қаржы орталығының қызметін реттеу және дамыту мақсатында Қазақстанның Ұлттық Банкі:
1) қаржы орталығына қатысушылар - заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) жүзеге асырады;
2) қаржы орталығына қатысушыларды аккредиттейді;
3) қаржы орталығында қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына келетін шетелдіктерге және азаматтығы жоқ тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен виза беру туралы өтініш білдіреді;
4) қаржы орталығына қатысушыларға қызметкерлерді іріктеуде жәрдемдеседі;
5) қаржы орталығына қатысушыларға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;
6) қаржы орталығына қатысушылардың Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
7) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда қаржы орталығының мүдделерін білдіреді;
8) қаржы орталығына қатысушылардың мемлекеттік тізілімін жүргізеді;
9) қаржы орталығында еңбек қызметін жүзеге асырып жатқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларды есепке алады және халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды үйлестіретін орталық атқарушы орган белгілеген нысанда Алматы қаласының жергілікті атқарушы органына шетелдік жұмыс күшін тарту туралы ақпаратты тоқсан сайын табыс етеді;
10) қаржы орталығын дамыту жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және іске асырады;
11) бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын жақсартуға жәрдемдеседі;
12) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті және салық төлеушінің куәлігін береді;
13) қаржы орталығына қатысушы ретінде аккредиттеу туралы куәлік береді;
14) қаржы орталығына қатысушылар - заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) қағидаларын бекітеді;
15) қаржы орталығына қатысушы ретінде аккредиттеу ережесін бекітеді:
16) үшінші тұлғалармен қарым-қатынастарда қаржы орталығының атынан өкілдік етеді;
17) бағалы қағаздарын қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тізіміне қосу көзделіп отырған немесе қосылған эмитенттерге, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптарды белгілейді;
18) рейтинг агенттіктерінің тізбесін бекітеді;
19) қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберу үшін бағалы қағаздардың және олардың эмитенттерінің рейтингтік бағаларына қойылатын талаптарды белгілейді;
20) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерде және тәртіппен қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберілген қаржы құралдары эмитенттерінің аудитіне жұмсалған шығындарды өтейді;
21) қаржы құралдарын қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберу үшін аудиторлық қызмет саласындағы реттеу мен аудиторлық және кәсіби аудиторлық ұйымдардың қызметін бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;
22) қаржы орталығы мойындайтын қор биржаларының тізбесін белгілейді;
23) қаржы орталығымен өзара іс-қимыл жасау мәселелері бойынша шет мемлекеттердің қор биржаларымен келісімдер жасайды;
24) қаржы орталығына қатысушылардың Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасын сақтауына тексерулер жүргізеді;
25) қаржы құралдарын қаржы орталығының арнайы сауда алаңының сауда-саттықты ұйымдастырушысының тізіміне енгізудің және одан шығарудың шарттары мен тәртібін айқындайды;
26) Алматы қаласының аумағында қаржы орталығының арнайы сауда алаңы жұмыс істейтін қор биржасын айқындайды;
27) қаржы орталығының органдарын қоспағанда, қаржы орталығына қатысушылар мемлекеттік органдарға ұсынатын құжаттаманы қажет болған жағдайда ағылшын тілінен мемлекеттік тілге және орыс тіліне аударуды жүзеге асырады.
24. Қазақстан Ұлттық Банкінің реттеу, бақылау және қадағалау функциялары Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған.
25. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқаруды жүзеге асыру мақсатында Қазақстанның Ұлттық Банкі:
1) Қазақстанның Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында жасалатын және ресми басылымдарда жарияланатын сенімгерлік басқару туралы шарт негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқаруды жүзеге асырады;
2) бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларды жүзеге асыру тәртібін айқындайды;
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін айырбастау және қайта айырбастау тәртібін айқындайды;
4) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау тәртібін айқындайды.
26. Қазақстанның Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
1) Қазақстанның Ұлттық Банкіне жүктелген функцияларды жүзеге асыруға жағдай жасайтын және (немесе) қаржы нарығы инфрақұрылымының бір бөлігі болып табылатын ұйымдарды құруға және олардың қызметіне қатысады;
2) өзінің бухгалтерлік балансын жасайды және тұрақты жариялап отырады;
3) елдің төлем балансын, халықаралық инвестициялық ұстанымын және жалпы сыртқы борышын қоса алғанда, елдің сыртқы секторының статистикасын қалыптастырады, төлем балансын болжамдық бағалауды әзірлеуге қатысады;
4) мемлекеттік емес сыртқы қарыздар бойынша шарттардың мониторингін жүзеге асырады;
5) қаржы ұйымдарының сыртқы борышын реттеуге қатысады;
6) мемлекеттің ақша-кредит және қаржы статистикасын қалыптастырады;
7) статистика жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша төлем балансы, сыртқы борыш, ақша-кредит және қаржы статистикасы жөніндегі статистикалық есептілік тізбесін, нысандарын, табыс ету мерзімін белгілейді және статистикалық есептілікті жинауды жүзеге асырады;
8) мемлекеттік органдар мен қаржылық ұйымдар үшін кадрлар даярлауға және қайта даярлауға қатысады;
9) өз функцияларын орындау үшін мемлекеттік органдардан, қаржылық және өзге де ұйымдардан, сондай-ақ олардың қауымдастықтарынан (одақтарынан) статистикалық есеп және қажет болған жағдайда өзге де қосымша ақпарат сұратуға және алуға құқылы;
10) Қазақстан Республикасының заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес өзінің ақпарат жүйелерінен қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұратуы бойынша мәліметтер береді;
11) Қазақстанның Ұлттық Банкі және Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе басқа да заңды тұлғалар арасында жасалатын сенімгерлік басқару туралы шарттардың негізінде активтерді сенімгерлік басқаруды жүзеге асырады. Қазақстанның Ұлттық Банкі және Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында жасалатын сенімгерлік басқару туралы шарттар ресми баспасөз басылымдарында жарияланады;
12) вексельдердің бірінші сыныпты эмитенттерінің өтеу мерзімі бір жылдан аспайтын коммерциялық вексельдерін қайта есепке алады;
13) депозиттер қабылдайды, ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асырады, бағалы қағаздар мен өзге де құндылықтарды сақтауға және басқаруға қабылдайды;
14) Қазақстанның Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалар мен кассалық операциялар жүргізу тәртібін белгілейді;
15) Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы айқындайтын тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілейді;
16) қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде банктерде және қаржы ұйымдарында шоттар ашады;
17) халықаралық есеп айырысуларды ұйымдастырады, шетелдермен валюталық-қаржылық және кредиттік-есеп айырысу қатынастарын жетілдіреді;
18) сыртқы борышты басқарудың мемлекеттік саясатына сәйкес банктер үшін сыртқы заемдарды тарту көлеміне шектеулер енгізеді;
19) қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын ескере отырып Қазақстанның Ұлттық Банкі үшін бухгалтерлік есеп саясатын және әдістерін айқындайды;
20) заңды және жеке тұлғаларды шарт жасау жағдайында қажетті талдау, баспа және ақпарат материалдарымен қамтамасыз етеді, банк ісін ұйымдастыруға консультациялық және практикалық көмек береді және басқа да қызметтер көрсетеді;
21) ақылы негізде банк операцияларын жүзеге асырады және басқа да қызметтер көрсетеді, оның ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын, өзге де қорлар мен ұйымдарды басқару жөнінде қызметтер көрсетеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметіне және бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органға көрсетілетін банктік және өзге де қызмет көрсету үшін ақы алмайды;
22) Қазақстанның Ұлттық Банкі кредиттерді қамтамасыз ету үшін жарамды деп санайтын депозиттік сертификаттарды, борыштық бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;
23) туынды қаржы құралдарымен операцияларды жүзеге асырады;
24) чектер жазады және вексельдер береді;
25) Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын немесе аумағына әкелінетін вексель қағазының қорғалу дәрежесіне қойылатын талаптарды, сондай-ақ вексель қағазына қойылатын техникалық талаптарды бекітеді;
26) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында тікелей тыйым салынбаса, басқа да банк операцияларын, сондай-ақ өз міндеттеріне сәйкес өз атынан мәмілелерді жүзеге асырады;
27) Қазақстанның Ұлттық Банкі қызметкерлерін даярлауды және біліктілігін арттыруды жүзеге асырады;
28) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалған, банк қызметін және бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметті тиісті лицензиялар алмастан жүзеге асырады;
29) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге функцияларды, өкілеттіктер мен құқықтарды жүзеге асырады.
3-тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің капиталы және резервтері
27. Қазақстан Ұлттық Банкінің капиталы және резервтері жарғылық және резервтік капиталдардан, қайта бағалау шоттарынан, арнайы провизиялардан (резервтерден), сондай-ақ жалпы провизиялардан (резервтерден) тұрады.
28. Қазақстан Ұлттық Банкінің қаржы жылындағы таза кірісі осы қаржы жылына жатқызылатын нақты алынған кірістері мен шығыстары арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Алтын-валюта активтерін қайта бағалау шотына жатқызылатын бағамдық қайта бағалау сомасын қоспағанда, банк активтері бойынша құрылған жалпы провизиялардың (резервтердің) сомасына азайтылған, сондай-ақ негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді қайта бағалау сомасына түзетілген Қазақстан Ұлттық Банкінің таза кірісі Қазақстан Ұлттық Банкінің бөлінбеген таза кірісі болып табылады. Бөлінбеген таза кіріс Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы белгілеген мөлшерде жарғылық және (немесе) резервтік капиталдарды ұлғайтуға жіберіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Ұлттық Банкінің жылдық есебін бекіткеннен кейін бөлінбеген таза кірістің қалған бөлігі бір қаржы жылына кейінге қалдырумен мемлекеттік бюджетке аударылады.
Егер резервтік капиталдың мөлшері жарғылық капитал сомасынан аз болған жағдайда, барлық бөлінбеген таза кіріс Қазақстан Ұлттық Банкінің басқаруында қалады және жарғылық капитал мөлшеріне жеткенге дейін резервтік капиталды толықтыруға жіберіледі. Қаржы жылындағы шығындарды өтеу үшін резервтік капитал қаражаты жеткіліксіз болған кезде орны жабылмаған шығын Қазақстанның Ұлттық Банкіне бір қаржы жылына кейінге қалдырумен мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен толық көлемде өтеледі.
29. Қазақстан Ұлттық Банкінің жарғылық капиталы мемлекетке тиесілі және бөлінбеген таза кірістен шегерімдер арқылы кемінде 20 миллиард Қазақстан теңгесі мөлшерінде түзіледі.
Қазақстанның Ұлттық Банкі өз балансындағы мүлікті Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын тәртіппен иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын дербес жүзеге асырады.
Резервтік капитал жарғылық капиталдан кем болмайтындай мөлшерде қалыптасады, бөлінбеген таза кіріс есебінен толықтырылады және Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы белгілеген тәртіппен жүргізілетін операциялар бойынша шығасыны өтеу мен шығындардың орнын толтыруға ғана арналады.
Қазақстанның Ұлттық Банкі шығыстары есебінен күмәнді және үмітсіз талаптар бойынша, кредиттерді, депозиттерді, бағалы қағаздарды, есеп айырысу кезіндегі шығындарды, шоттардағы қалдықтарды және басқа да активтерді қоса алғанда, оның ішінде аяқталмаған құрылыс көлемі, Қазақстан Ұлттық Банкінің монетарлық емес қызметі бойынша басқа да талаптар бар және әлеуметтік сипаттағы төлемдер бойынша арнайы провизиялар (резервтер), ал бөлінбеген таза кіріс есебінен - банк активтері бойынша жалпы провизиялар (резервтер) түзіледі.
Алтын-валюта активтерін қайта бағалау шоты оларды қайта бағалаудан түскен жұмсалмаған кірісті есепке алуға арналған. Негізгі құралдарды қайта бағалау шоты Қазақстан Ұлттық Банкінің негізгі құралдарын индекстеу нәтижелерін есепке алуға арналған.
Қазақстан Ұлттық Банкінің алтын-валюта активтері Қазақстан теңгесінің ішкі және сыртқы орнықтылығын қамтамасыз ету үшін жасалады әрі пайдаланылады және мыналардан тұрады:
1) тазартылған алтын;
2) Қазақстан Ұлттық Банкінде сақталатын валюта құндылықтары;
3) шетел валютасындағы жай және аударым вексельдері;
4) шетел үкіметтері немесе халықаралық қаржы ұйымдары шығарған және кепілдік берген бағалы қағаздар;
5) осындай активтердің өтімділігі мен сақталуын қамтамасыз еткен жағдайда шетел валютасымен деноминацияланған басқа да сыртқы активтер.
Қазақстан Ұлттық Банкінің алтын-валюта активтері "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және осы Ережеге сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы бекітетін Қазақстан Ұлттық Банкінің алтын-валюта активтері туралы нормативтік құқықтық актілерімен айқындалатын мақсатқа пайдаланылады.
Қазақстанның Ұлттық Банкі алтын-валюта активтерінің құрылымын және оларды орналастыруды айқындайды.
Қазақстанның Ұлттық Банкі алтын-валюта активтерін ұлттық валютаның тұрақтылығын және айырбасталымын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының міндеттемелері бойынша төлемдерді жүзеге асыру үшін қажетті деңгейде ұстап тұруға тиіс.
4-тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымы және органдары. Оларды қалыптастыру тәртібі және құзыреті
30. Қазақстанның Ұлттық Банкі тікелей бағыну схемасы бар орталықтандырылған біртұтас құрылымды білдіреді.
Басқарма мен Директорлар кеңесі (Директорат) Қазақстан Ұлттық Банкінің органдары болып табылады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымына департаменттерден және басқа бөлімшелерден тұратын орталық аппарат, филиалдар, өкілдіктер, ведомстволар және ұйымдар кіреді.
Қазақстанның Ұлттық Банкі орталық аппарат бөлімшелерінің, өз филиалдарының, өкілдіктерінің, ведомстволарының және ұйымдарының қызметтеріне аудитті және тексеруді жүзеге асырады.
31. Қазақстан Ұлттық Банкінің жоғары органы Басқарма болып табылады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы тоғыз адамнан тұрады.
Қазақстанның Ұлттық Банкі Басқармасының құрамына Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы және Қазақстан Ұлттық Банкінің бес лауазымды тұлғасы, Қазақстан Республикасы Президентінің бір өкілі және Қазақстан Республикасы Үкіметінің екі өкілі кіреді.
Қазақстан Республикасы Президентінен, Қазақстан Республикасы Үкіметінен және Қазақстанның Ұлттық Банкінен Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасына мүшелерді тиісінше Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы тағайындайды және босатады.
32. Қазақстанның Ұлттық Банкі Басқармасының құзыретіне:
1) мемлекеттік ақша-кредит саясатын мақұлдау;
2) банк қызметінің, бухгалтерлік есептің, ақша төлемдері мен аударымдарының, вексель айналымының, валюта операцияларын және олардың сақталуына бақылауды және қадағалауды жүзеге асырудың мәселелері бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда қызметтің өзге де түрлеріне қатысты Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін бекіту;
3) Қазақстан Республикасы Президенті бекіткен тұжырымдама негізінде банкноттар мен монеталардың номиналдық құнын, сондай-ақ дизайнын айқындау, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы банкноттары мен монеталарын шығару, банкноттар мен монеталардың дизайны немесе нысаны өзгерген кезде оларды ауыстыру туралы шешімдер қабылдау, сондай-ақ тозған және бүлінген банкноттар мен монеталарды айырбастау тәртібін белгілеу;
4) коллекциялық және инвестициялық монеталарды шығару тақырыбын, дайындау таралымын, қоспасын, шығарылатын мерзімі мен күнін айқындау;
5) басқа елдердің тапсырыстары бойынша коллекциялық монеталар соғу туралы шешім қабылдау;
6) Қазақстан Ұлттық Банкінің банкноттар мен монеталарды сату және сатып алу тәртібін айқындау;
7) ресми қайта қаржыландыру ставкасын белгілеу;
8) банктерде операциялар жүргізуге сенімхат берудің тәртібін белгілеу;
9) алтын-валюта активтерін басқарудың негізгі қағидаттарын айқындау;
10) монетарлық қызметке жатқызылатын қызметті айқындау;
11) Қазақстан Ұлттық Банкінің жұмысы туралы жылдық есепті қарау, қабылдау және Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне ұсыну;
12) Қазақстан Ұлттық Банкінің жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілігін қарау және бекіту;
13) Қазақстан Ұлттық Банкінің бюджетін (шығыстар сметасын) және оны пайдалану, жарғылық және резервтік капиталдарды қалыптастыру, Қазақстан Ұлттық Банкінің негізгі құрал-жабдықтарын және өзге де мүлкін басқару тәртібі туралы нормативтік құқықтық актілерді бекіту;
14) Қазақстанның Ұлттық Банкі, оның филиалдары, өкілдіктері, ведомстволары және ұйымдары қызметкерлерінің еңбек жағдайын, оған ақы төлеуді, әлеуметтік-тұрмыстық қамтамасыз етуді, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды айқындау және бекіту;
15) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес халықаралық және өзге де ұйымдарға Қазақстан Ұлттық Банкінің қатысуы туралы шешімдер қабылдау;
16) Қазақстан Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің (Директораттың) құрамын бекіту;
17) қызметін реттеу, бақылау және қадағалау Қазақстанның Ұлттық Банкіне жүктелген ұйымдар үшін бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарларын, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік бойынша нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ халықаралық қаржылық есептілік стандарттарымен реттелмеген және оларға қайшы келмейтін мәселелер бойынша бухгалтерлік есеп стандарттарын және оларға әдістемелік ұсынымдарды бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік жүйесін реттеу жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша бекіту;
18) банктер болып табылмайтын заңды тұлғаларға Қазақстанның Ұлттық Банкінде банктік шоттар ашудың шарттарын айқындау;
19) Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын немесе аумағына әкелінетін вексель қағазының қорғалу дәрежесіне қойылатын талаптарды, сондай-ақ вексель қағазына қойылатын техникалық талаптарды бекіту;
20) Қазақстанның Ұлттық Банкі берген кредиттер бойынша банктердің және басқа ұйымдардың Қазақстанның Ұлттық Банкі алдындағы берешегін қайта құрылымдау талаптарын айқындау;
21) Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымын, жалпы штат санын, оның қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесін және Қазақстанның Ұлттық Банкі туралы ережені, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтыруларды қарау, мақұлдау және Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне ұсыну;
22) жарғылық және (немесе) резервтік капиталдарды қалыптастыруға жіберілетін бөлінбеген таза кіріс мөлшерін белгілеу;
23) банктер үшін ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін, банктер үшін ең төменгі резервтік талаптар туралы нормативтік құқықтық актіні бекіту;
24) Қазақстан Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде инкассация бойынша операцияны жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, сондай-ақ қызметінің ерекше түрі шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталының ең аз мөлшерін және қалыптастыру тәртібін белгілеу;
25) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару нәтижелері туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынылатын есепті бекіту;
26) Қазақстан Республикасы Парламентіне Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын сенімгерлік басқару нәтижелері туралы жыл сайын ақпарат ұсыну;
27) өкілеттігіне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару бойынша шұғыл шешімдер қабылдау кіретін лауазымды тұлғаны (өкілетті өкіл) (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасарынан төмен емес деңгейдегі) айқындау;
28) Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының ресми бағамы белгіленетін шетел валюталарының тізбесін айқындау;
29) айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетелдік валютаның сатып алу бағамының теңгеге сату бағамынан ауытқу шегін белгілеу және оларды белгілеу тәртібін айқындау;
30) бағалы қағаздар эмитенттерінің кредиттік рейтингінің ең төменгі деңгейін айқындау;
31) Қазақстан Ұлттық Банкінің консультативтік-кеңесші органдарын құру туралы шешімдер қабылдау;
32) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін айырбастау және қайта айырбастау қағидаларын бекіту;
33) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау тәртібін айқындайтын қағидаларды бекіту;
34) Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын резидент еместердің валюта операцияларының мониторингін жүзеге асыру қағидаларын, сондай-ақ резиденттердің экспорт және импорт бойынша мәмілелер паспорттарын ресімдеу қағидалары мен шарттарын және экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру тәртібін бекіту;
35) реттелуі Қазақстан Ұлттық Банкінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша қаржы ұйымдарына ықпал ету шараларын және санкциялар қолдану тәртібін айқындайтын қағидаларды бекіту;
36) мыналарға:
банктер ашуға және оларды ерікті түрде қайта ұйымдастыруға және таратуға және рұқсаттарды қайтарып алуға;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ашуға, оларды ерікті түрде қайта ұйымдастыруға және таратуға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының еншілес ұйым құруына және сатып алуына;
жинақтаушы зейнетақы қорларын құруға, қайта ұйымдастыруға және ерікті түрде таратуға;
жинақтаушы зейнетақы қорларын әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге;
жинақтаушы зейнетақы қорларының еншілес ұйым құруына және сатып алуына;
банктік конгломераттың немесе сақтандыру топтарының құрамына кіретін банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының еншілес ұйымды құруына немесе сатып алуына;
банктік конгломераттың және сақтандыру топтарының құрамына кіретін қаржы ұйымдарының (банктер, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, жинақтаушы зейнетақы қорлары) ұйымдардың жарғылық капиталына қомақты қатысуына;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуына және рұқсаттарды қайтарып алуға;
жинақтаушы зейнетақы қорының басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуына рұқсат беру не рұқсат беруден бас тарту туралы шешімдер қабылдау;
37) мыналарға:
банктің және банктік холдингтің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге;
ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларымен мәмілелер жасауға, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге;
банктік конгломераттың немесе сақтандыру тобының құрамына кіретін қаржы ұйымдарының (банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, жинақтаушы зейнетақы қорларының) ірі қатысушысы, банктік холдингі, сақтандыру холдингі мәртебесін алуға келісім беру, келісім беруден бас тарту және қайтарып алу туралы шешімдер қабылдау;
38) мыналарға:
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргізуге;
бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруға;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, сақтандыру брокерлеріне, актуарийлерге берілген;
жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұру, қайта жалғастыру не одан айыру туралы шешімдер қабылдау;
39) банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларын консервациялауды енгізу, сондай-ақ банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау туралы шешім қабылдау;
40) мыналармен:
банктің ірі қатысушысына және (немесе) банктік холдингке тиесілі банктің акцияларын, ал Үкіметпен келісім бойынша - банк кредиторларының мүдделерін қорғау және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің орнықтылығын қамтамасыз ету мақсатында және меншікті капиталының кері мөлшері бар екінші деңгейдегі банктердің акцияларын жаңа инвесторларға кейіннен дереу сату шартымен мәжбүрлеп сатып алу туралы;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акционерлерімен сақтандыру холдингіне және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысына тиесілі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының;
жинақтаушы зейнетақы қорының акционерлерімен жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысына тиесілі жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын сенімгерлікпен басқару шартын жасасу туралы шешімдер қабылдау;
41) банк кредиторларының мүдделерін қорғау және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің орнықтылығын қамтамасыз ету мақсатында, егер қолданылған шаралар банктің қаржылық жағдайын жақсартуға әкелмесе, Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісім бойынша:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің не ұлттық басқарушы холдингтің банктің жарияланған акцияларын оның қаржылық жағдайын жақсарту және банктің пруденциалдық нормативтерді және (немесе) сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді орындауы үшін қажетті мөлшерде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен сатып алуы туралы шешім қабылдауға;
банкте капиталдың кері мөлшері болған жағдайда банктің акцияларын банктің қаржылық жағдайын қажетінше жақсартуға кепілдік беретін жаңа инвесторға сатып алу бағасы бойынша міндетті түрде кейіннен дереу сату шартымен мәжбүрлеп сатып алуды жүзеге асыруға құқылы;
42) сапасы және өтімділігі бойынша жіктелуін ескере отырып есептелген активтердің құны және міндеттемелер арасында теріс айырма белгіленген жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының акционерлеріндегі акцияларды мәжбүрлеп сатып алу және осы акцияларды сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары жөніндегі барлық міндеттемелерді орындауға кепілдік беретін шартпен сатып алуға ниет білдірген жаңа инвесторға сату туралы шешім қабылдау;
43) қаржы нарығының активтерін бағалы қағаздар ретінде тану туралы шешім қабылдау;
44) қаржы агенттігі мәртебесін беру (жоғалту) туралы шешім қабылдау;
45) заңды тұлғаға өзін-өзі реттейтін ұйым мәртебесін беру туралы шешім қабылдау;
46) Ұлттық Банк ведомстволарының жылдық есептерін және өзге құжаттамасын бекіту кіреді.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы Қазақстан Ұлттық Банкінің құзыретіне кіретін кез келген мәселені қарауға әрі шешім қабылдауға құқылы.
33. Қазақстанның Ұлттық Банкі Басқармасының отырыстары қажетіне орай, бірақ айына кемінде бір рет өткізіледі. Басқарма отырыстарын Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы, ол болмаған жағдайда оның орнындағы адам жүргізеді. Қазақстанның Ұлттық Банкі Басқармасының отырыстары демалыс және мереке күндерін қоса алғанда, кез келген күні және тәуліктің кез келген уақытында өткізілуі мүмкін. Басқарма отырыстары өткізілетін орынды Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы, не оның орнындағы адам белгілейді.
Басқарма отырыстары қажетіне орай бірнеше күн бойы өткізілуі (жалғасуы) мүмкін. Мұндай жағдайда Басқарма отырысының соңғы күні шешім қабылданған күн болып саналады.
Барынша шұғыл және маңызды мәселелерді талқылау үшін Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы не оның орнындағы адам, не Басқарма мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен бірі Басқарманың кезектен тыс отырыстарын өткізуді талап етуге құқылы.
Басқарма отырысына нақты мәселе бойынша қатыса алатын адамдар тобын (Басқарма мүшелерінен басқа) Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы айқындайды.
Басқарма шешімі Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы не оның орнындағы адам арасында болуға тиісті Басқарма мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда, Басқарма мүшелерінің жай көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, Қазақстанның Ұлттық Банкі Төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Қазақстанның Ұлттық Банкі Басқармасының шешімдері сауалнама арқылы да қабылдануы мүмкін.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Басқарма шешімін қайталап талқылау және дауысқа салу үшін өзінің қарсылықтарымен бірге бір апта мерзімнен кешіктірмей қайтаруға құқылы. Егер Басқарма бұрын қабылданған шешімді жалпы дауыс санының үштен екісімен қуаттаса, Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы шешімге қол қояды.
Басқарманың жекелеген мүшелерінің тұрақты жұмыс орны Қазақстанның Ұлттық Банкі орталық аппаратының орналасқан жеріне сәйкес келмейтінін ескере отырып, сондай-ақ Басқарманың кейбір мүшелері қызметтік іссапарларда болатын немесе өзге де дәлелді себептермен қатыспаған жағдайларда, талқыланатын мәселелерді Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы олармен телефон не басқа байланыс құралдарын пайдалана отырып сөйлесу арқылы келісе алады. Қабылданған шешім бойынша олардың кейіннен өз ұстанымын растауы Басқарма қаулысына қол қою кезінде ресімделеді.
Басқарма өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша қаулы қабылдайды.
Басқарма мүшелерінің Басқарма отырысында талқыланатын мәселе бойынша Басқарма отырысы басталғанға дейін жазбаша білдірілген және осы отырыс басталғанға дейін шешімін таппаған түбегейлі келіспеушіліктер болған жағдайда, сондай-ақ Қазақстанның Ұлттық Банкі Төрағасының не оның орнындағы адамның шешімі бойынша Басқарма отырысында хаттама жүргізіледі. Мұндай жағдайда Басқарма отырысы хатшысының жұмысын Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы, не оның орнындағы адам Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының кез келген мүшесіне немесе Қазақстан Ұлттық Банкінің өзге де қызметкеріне жүктеуі мүмкін.
Басқарма отырысына енгізілетін мәселелер жөніндегі материалдар қаулыны шығаруға (ресімдеуге) тікелей жауап беретін Қазақстан Ұлттық Банкінің бөлімшесіне беріледі, ол мұны алдын ала қарау үшін Басқарма отырысы басталардан кемінде он күн бұрын Басқарма мүшелеріне жібереді. Басқарма Төрағасы материалдарды алдын ала қараудың барынша қысқа мерзімін белгілеуге құқылы.
Қазақстанның Ұлттық Банкі Басқармасының жұмыс тәртібі оның регламентімен айқындалады.
34. Қазақстан Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесі Қазақстан Ұлттық Банкін жедел басқару органы болып табылады және Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы мен Төрағасының (немесе оның орынбасарларының) құзыретіне кіретін мәселелерді қоспағанда, Қазақстан Ұлттық Банкінің құзырындағы мәселелер жөнінде шешім қабылдайды.
Директорлар кеңесінің құрамына Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы, оның орынбасарлары, Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының ұсынуымен Қазақстан Ұлттық Банкі бөлімшелерінің басшылары кіреді.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесінің құрамын Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы бекітеді.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесінің отырысы қажетіне қарай, бірақ айына кемінде бір рет өткізіледі. Қазақстанның Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің отырысын Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы, ал ол болмаған жағдайда, оның орнындағы адам жүргізеді.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесінің отырыстары демалыс және мереке күндерін қоса алғанда, кез келген күні және тәуліктің кез келген уақытында өткізілуі мүмкін. Директорлар кеңесінің отырысы өтетін орынды Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы не оның орнындағы адам айқындайды.
Директорлар кеңесінің отырысы қажетіне қарай бірнеше күн бойы өткізілуі (жалғасуы) мүмкін. Мұндай жағдайда Қазақстан Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесі отырысының соңғы күні шешім қабылданған күн болып саналады.
Барынша шұғыл және маңызды мәселелерді талқылау үшін Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы не оның орнындағы адам, не Директорлар кеңесі мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен бірі Директорлар кеңесінің кезектен тыс отырысын шақыруды талап етуге құқылы.
Директорлар кеңесінің отырысына нақты мәселе бойынша қатысатын адамдар тобын (Директорлар кеңесі мүшелерінен басқа) Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы айқындайды.
Директорлар кеңесінің шешімдері отырыста да, сол сияқты сауалнама арқылы да қабылданады. Шешімдер отырыста Директорлар кеңесі мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі, оның ішінде Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы немесе оның орнындағы адам болуға тиісті жағдайда Директорлар кеңесінің қатысып отырған мүшелерінің жай көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Сауалнама арқылы қаралатын мәселелер жөніндегі шешім Директорлар кеңесі құрамының жалпы санының үштен екісінің дауысымен қабылданады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Директорлар кеңесінің шешімін қайта талқылау және дауысқа салу үшін өзінің қарсылықтарымен бірге бір апта мерзімнен кешіктірмей қайтаруға құқылы. Егер Директорлар кеңесі қабылданған шешімді жалпы дауыс санының үштен екісімен қуаттаса, Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы шешімге қол қояды. Кейбір мәселелердің жедел шешілу қажеттігін ескере отырып, жекелеген жағдайда шешім сауалнама арқылы қабылданады, ал Директорлар кеңесінің кейбір мүшелері қызметтік іссапарларда болатын немесе олар өзге де дәлелді себептермен қатыспаған жағдайларда, талқыланатын мәселелерді Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының олармен телефон не басқа байланыс құралдарын пайдаланып сөйлесу арқылы келісуі мүмкін. Қабылданған шешім бойынша олардың өз ұстанымын кейіннен растауы Директорлар кеңесінің қаулысына қол қоюмен ресімделеді, ал оларда түбегейлі келіспеушіліктер болған жағдайда, қаулыға ескерту түрінде ресімделеді.
Директорлар кеңесі өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша қаулы қабылдайды.
Директорлар кеңесі мүшелерінің Директорлар кеңесінің отырысында талқыланатын мәселе бойынша Директорлар кеңесінің отырысы басталғанға дейін жазбаша білдірілген және осы отырыс басталғанға дейін шешімін таппаған түбегейлі келіспеушіліктер болған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының не оның орнындағы адамның шешімі бойынша Директорлар кеңесінің отырысында хаттама жүргізіледі. Мұндай жағдайда Директорлар кеңесі отырысы хатшысының қызметін Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы не оның орнындағы адам Қазақстан Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің кез келген мүшесіне немесе Қазақстан Ұлттық Банкінің өзге қызметкеріне жүктей алады.
Директорлар кеңесінің отырысына енгізілетін мәселелер жөніндегі материалдар Қазақстан Ұлттық Банкінің қаулыны шығаруға (ресімдеуге) тікелей жауап беретін бөлімшесіне беріледі, ол мұны алдын ала қарау үшін Директорлар кеңесінің отырысы басталардан кемінде бес күн бұрын Директорлар кеңесінің мүшелеріне жібереді. Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы материалдарды алдын ала қараудың барынша қысқа мерзімін белгілеуге құқылы.
Директорлар кеңесінің жұмыс тәртібі оның регламентімен айқындалады.
35. Қазақстан Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесінің өкілеттіктері:
1) Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымы негізінде Қазақстан Ұлттық Банкінің орталық аппараты бөлімшелерінің, филиалдарының, өкілдіктерінің және ведомстволарының құрылымын, олар туралы ережені, сондай-ақ Қазақстанның Ұлттық Банкі ұйымдарының жарғыларын бекітеді;
2) Қазақстан Ұлттық Банкінің орталық аппаратының бөлімшелері, филиалдары, өкілдіктері және ұйымдары басшыларының есебін тыңдайды;
3) "репо", "кері репо" операциялары және "овернайт" заемдары бойынша сыйақы ставкаларын белгілейді;
4) Қазақстан Ұлттық Банкінің жылдық шоғырландырылған қаржылық есебінің құрылымын айқындайды;
5) Қазақстан Ұлттық Банкінің орталық аппаратының бөлімшелеріне, филиалдарына, ведомстволарына және өкілдіктеріне бюджетті (шығыстар сметасын) бөледі;
6) Қазақстан Ұлттық Банкі ұйымдарының бизнес-жоспарын және еңбекақы төлеу қорын бекітеді;
7) Қазақстан Ұлттық Банкінің ұйымдарын құру, қайта құру, атауын және құқықтық мәртебесін өзгерту, сондай-ақ тарату және иеліктен шығару туралы, Қазақстан Ұлттық Банкінің филиалдары мен өкілдіктерін ашу және жабу туралы шешім қабылдайды;
8) Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы бекіткен номенклатураға сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкінің лауазымды адамдарын қызметке тағайындауға және қызметтен босатуға келісім береді;
9) қажет болғанда Қазақстанның Ұлттық Банкі Басқармасының қарауына енгізілетін мәселелерді алдын ала қарайды;
10) өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыруына ықпал ететін және (немесе) қаржы нарығы инфрақұрылымының бөлігі болып табылатын ұйымдарды құруға және оның қызметіне Қазақстан Ұлттық Банкінің қатысуы туралы мәселені шешеді;
11) Қазақстанның Ұлттық Банкі көрсететін қызметтер үшін ақы түрлерін және мөлшерін бекітеді.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесі Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының айрықша құзыретіне жатпайтын кез келген өзге мәселені қарауға және шешім қабылдауға құқылы.
36. Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасын Қазақстан Республикасының Президенті Парламент Сенатының келісуімен алты жыл мерзімге тағайындайды.
Төраға Қазақстанның Ұлттық Банкінің атынан іс-әрекет етеді және мемлекеттік органдармен, банктермен, қаржылық, халықаралық, шетелдік және басқа ұйымдармен қатынастарда Қазақстан Ұлттық Банкінің атынан сенімхатсыз өкілдік етеді.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы орнынан түсу туралы өзінің жазбаша өтінішін Қазақстан Республикасының Президентіне екі ай бұрын беріп, орнынан түсуге құқылы.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасын Қазақстан Республикасының Президенті қызметтен босатады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Қазақстан Ұлттық Банкінің қызметі үшін жауапты.
37. Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы үшін осы Ережеде айтылған өкілеттіктерді қоспағанда, Қазақстанның Ұлттық Банкі қызметінің барлық мәселелері бойынша жедел және атқарушы-өкімдік шешімдер қабылдау өкілеттіктеріне ие, оның ішінде:
1) Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының және Директорлар кеңесінің отырыстарын жүргізеді;
2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері, Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілері, Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының және Директорлар кеңесінің қаулылары негізінде және/немесе оларды орындау үшін Қазақстан Ұлттық Банкі қызметінің мәселелері бойынша бұйрықтар мен өкімдер шығарады, Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының және Директорлар кеңесінің қаулыларына қол қояды;
3) өз құзыреті шегінде Қазақстан Ұлттық Банкінің атынан республикада және шет елдерде өкілдік етеді;
4) Қазақстан Ұлттық Банкінен сайланған Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқарма мүшелерін тағайындайды және босатады;
5) Қазақстан Республикасы Президентінің тағайындауы үшін Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы орынбасарларының кандидатураларын ұсынады;
6) Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі бойынша немесе оның тапсырмасымен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының келісімі бойынша Қазақстанның Ұлттық Банкі ведомстволарының басшыларын тағайындайды, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкінің ведомстволары басшыларының ұсынуы бойынша олардың орынбасарларын тағайындайды;
7) Қазақстан Ұлттық Банкінің лауазымдар номенклатурасын бекітеді;
8) бекітілген номенклатураға сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкінің лауазымды адамдарын тағайындайды және оларды жұмыстан босатады, көзге түскен қызметкерлерді көтермелейді, тәртіптік шаралар қолданады;
9) Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасарлары арасында міндеттерді бөледі, өз орынбасарларының және Қазақстан Ұлттық Банкінің орталық аппараты бөлімшелері, филиалдары, өкілдіктері, ведомстволары мен ұйымдары басшыларының жұмыс тапсырылған учаскедегі істің жай-күйі үшін жауапкершілік дәрежесін белгілейді;
10) Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен Қазақстан Ұлттық Банкінің жалпы штат саны негізінде Қазақстан Ұлттық Банкі орталық аппаратының, филиалдарының, өкілдіктерінің штат кестелерін бекітеді, Қазақстан Ұлттық Банкі ведомстволарының штат кестелерін келіседі;
11) кәсіби біліктілігі жоғары және аса маңызды функцияларды орындайтын жекелеген қызметкерлерге жеке лауазымдық жалақылар белгілейді;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкінің барлық мүлкі мен қаражатына билік етеді, Қазақстан Ұлттық Банкі атынан сенімхат береді, міндеттемелерге қол қою және сенімхаттар беру тәртібін белгілейді;
13) Қазақстан Ұлттық Банкінің атынан шарттар (келісімдер, келісім-шарттар) жасасады;
14) Қазақстан Ұлттық Банкінің орталық аппараты бөлімшелеріне, филиалдарына, өкілдіктеріне, ведомстволары мен ұйымдарына тексерулер мен аудит жүргізу нәтижелерін қарайды;
15) банкноттарға, монеталар мен құндылықтарға инкассация жүргізуге лицензия беру, қолданылуын тоқтата тұру және одан айыру туралы шешім қабылдайды;
16) Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының шешімі негізінде Қазақстан Ұлттық Банкі берген лицензияларды қайта ресімдеу және бұрын берілген лицензиялардың телнұсқаларын беру туралы шешім қабылдайды.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы (не Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары) қаралуы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкінің құзыретіне жатқызылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша әкімшілік жаза қолдану туралы шешім қабылдайды.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының және Директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне жатпайтын кез келген мәселе бойынша шешім қабылдауға, сондай-ақ өз құзыретіне кіретін жекелеген мәселелерді шешуді өзінің орынбасарларына, Қазақстанның Ұлттық Банкі орталық аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің, филиалдарының, өкілдіктерінің және ведомстволарының басшыларына тапсыруға құқылы.
Қазақстанның Ұлттық Банкі Төрағасының және оның орынбасарларының лауазымдық жеке жалақыларының мөлшерін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
38. Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде шаралар қабылдауға міндетті және осы міндетті орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін заңда белгіленген жауаптылықта болады.
39. Қазақстанның Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасарларын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының келісімі бойынша, Қазақстанның Ұлттық Банкі Төрағасының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстанның Ұлттық Банкі Төрағасын тағайындау мерзіміне қарамастан алты жыл мерзімге тағайындайды.
Төрағаның орынбасарлары Қазақстан Ұлттық Банкінің атынан сенімхатсыз өкілдік етеді, құжаттарға қол қояды және соттарда және басқа ұйымдарда істер қаралған кезде Қазақстан Ұлттық Банкі қызметкерлерінің қатысуы үшін сенімхат береді, сондай-ақ өз құзыреті шегінде өзге де мәселелер бойынша Қазақстанның Ұлттық Банкі атынан өкілдік етеді.
Төрағаның орынбасарларын Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президенті қызметтен босатады.
Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасарлары Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасымен келісілген жазбаша өтінішін Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынып, орнынан түсуі мүмкін. Қазақстанның Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасарлары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және өздеріне бөлінген функционалдық міндеттері негізінде мәселелер қарайды және шешім қабылдайды.
40. Қазақстан Ұлттық Банкінің орталық аппараты бөлімшелерінің басшылары өз қызметін Қазақстан Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесі бекітетін осы бөлімшелер туралы ережелер негізінде жүзеге асырады.
5-тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің филиалдары
41. Қазақстан Ұлттық Банкінің филиалдары (бұдан әрі - филиал) Қазақстан Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесінің шешімімен ашылады, Қазақстан Ұлттық Банкінің тікелей бағыну схемасы бар біртұтас орталықтандырылған құрылымына кіреді, оған есеп береді және өз қызметін Қазақстан Ұлттық Банкі олар үшін айқындаған өкілеттіктер шегінде жүзеге асырады.
42. Қазақстанның Ұлттық Банкі бекіткен филиалдың құрылымына сәйкес филиалдың құрамына бөлімдер мен басқа да бөлімшелер кіруі мүмкін, олардың өкілеттіктері мен құқықтық мәртебесі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалы туралы ережеде айқындалады.
43. Филиал өз қызметінде жергілікті мемлекеттік билік органдарынан тәуелсіз және оған ондай жауапкершілікті Қазақстан Ұлттық Банкі жүктеген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттің міндеттемелері бойынша жауапкершілік алмайды. Қазақстанның Ұлттық Банкі филиалдардың міндеттемелері бойынша жауаптылықта болады.
44. Филиал өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Басқарма мен Директорлар кеңесінің қаулыларын, Қазақстан Ұлттық Банкінің бұйрықтары мен өкімдерін, осы Ережені және Қазақстан Ұлттық Банкінің филиалы туралы ережені басшылыққа алады.
45. Филиалды ашу және жабу тәртібі, филиал органының қызметінің міндеттері мен функциялары, құзыреті Қазақстан Республикасының заңнамасымен, Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерімен және Қазақстан Ұлттық Банкінің филиалы туралы ережемен айқындалады.
46. Филиалдың қызметіне басшылықты Қазақстан Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің келісімі бойынша Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы қызметке тағайындайтын (қызметтен босататын) оның директоры жүзеге асырады. Филиалдың директоры өз қызметін Қазақстан Ұлттық Банкінің бас сенімхаты негізінде жүзеге асырады.
6-тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің өкілдіктері
47. Қазақстан Ұлттық Банкінің өкілдіктері Қазақстан Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесінің шешімімен Қазақстан Республикасының аумағында да, сондай-ақ одан тыс жерлерде ашылады, Қазақстан Ұлттық Банкінің біртұтас орталықтандырылған құрылымына кіреді және Қазақстанның Ұлттық Банкі олар үшін айқындаған өкілеттіктер шегінде Қазақстан Ұлттық Банкінің мүддесін қорғайды және өкілдік етеді.
48. Өкілдіктерді ашу, жабу тәртібі, олардың өкілеттіктері және құқықтық мәртебесі Қазақстан Ұлттық Банкінің өкілдіктері туралы ережеде айқындалады.
7-тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің ведомстволары
49. Қазақстан Ұлттық Банкінің ведомстволары (бұдан әрі - ведомстволар) заңды тұлғалар болып табылады, республикалық мемлекеттік мекемелер нысанында құрылады, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуге жатады және Қазақстан Ұлттық Банкінің бірыңғай орталықтандырылған құрылымына кіреді.
50. Ведомстволарды құру, тарату және қайта ұйымдастыру туралы шешімді Қазақстанның Ұлттық Банкінің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайды.
51. Ведомство туралы, оның құрылымы және штат санының лимиті туралы ережені Қазақстан Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесі бекітеді.
52. Ведомстволарды құру, қайта ұйымдастыру, тарату тәртібі, оның қызметінің мәні мен мақсаттары, құқықтық мәртебесі және құзыреті Қазақстан Республикасының заңнамасында, олардың ережелерінде, осы Ережеде және Қазақстан Ұлттық Банкінің басқа да нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
8-тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің ұйымдары
53. Қазақстан Ұлттық Банкінің ұйымдары (бұдан әрі - ұйымдар) заңды тұлғалар болып табылады, республикалық мемлекеттік кәсіпорындар нысанында құрылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуге жатады және Қазақстан Ұлттық Банкінің бірыңғай орталықтандырылған құрылымына кіреді.
54. Қазақстан Ұлттық Банкінің ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту, тарату және иелігінен шығару туралы шешімді Қазақстан Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесі қабылдайды.
55. Ұйымның жарғысын Қазақстан Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесі бекітеді.
56. Қазақстанның Ұлттық Банкі өзі құратын ұйымдарға қатысты олардың құрылтайшысы және олардың қызметін реттеу және аталған ұйымдардың құқықтық мәртебесін өзгерту туралы шешімдер қабылдау жөніндегі өкілеттіктерді қоса алғанда, оларға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісі функцияларын жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады.
57. Ұйымдарды және олардың органдарын құру, қайта құру, тарату тәртібі, олардың қызметінің мәні мен мақсаттары, құқықтық мәртебесі мен жарғылық құзыреті Қазақстан Республикасының заңнамасында, олардың жарғыларында, осы Ережеде және Қазақстан Ұлттық Банкінің басқа да нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
9-тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің есептілігі және қызметін тексеру
58. Қазақстанның Ұлттық Банкі жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне жылдық есепті ұсынады.
Қазақстанның Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының жиынтық қаржы балансын қалыптастыру үшін бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органға Қазақстан Ұлттық Банкінің жылдық бухгалтерлік балансын және пайда мен зиян туралы есепті келісілген мерзімде ұсынады.
59. Қазақстанның Ұлттық Банкі Басқармасының шешімі бойынша Қазақстан Ұлттық Банкінің қаржылық есептілігінің аудитін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше мемлекеттің немесе Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) елдерінің орталық банкіне аудит жүргізу тәжірибесі бар аудиторлық ұйым жыл сайын жүргізеді.
Тексеру кезінде алынған кез келген ақпарат құпия деп саналады және аудиторлық ұйым оны үшінші тұлғаларға бергені үшін жауаптылықта болады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының және ұйымдарының қызметін тексеруді Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі немесе тапсырмасы бойынша ғана кез келген мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
10-тарау. Қорытынды ережелер
60. Қазақстанның Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының тиісті заңын қабылдау арқылы таратылуы мүмкін. Қазақстанның Ұлттық Банкі таратылған жағдайда оның мүлкі тиісті заңда көрсетілген құқықтық мұрагеріне беріледі.
61. Қазақстанның Ұлттық Банкі өз міндеттемелерін орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жауаптылықта болады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің, банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың және олардың құрылтайшыларының (қатысушыларының), заңды және жеке тұлғалардың арасында "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы", "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы", "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы", "Сақтандыру қызметі туралы", "Бағалы қағаздар рыногы туралы" және "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын орындау жөнінде туындаған барлық даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасы қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес сот тәртібімен шешіледі.
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2011 жылғы 12 тамыздағы
№ 139 Жарлығына
2-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Президентінің күші
жойылды деп танылған кейбір жарлықтарының
ТІЗБЕСІ
1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1270 Жарлығы.
2. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10 желтоқсандағы № 1495 Жарлығы 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 50, 640-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1270 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы № 20 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 2, 10-құжат).
4. "Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 55 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 5, 38-құжат).
5. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1270 Жарлығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 22 мамырдағы № 119 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 17, 56-құжат).
6. "Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 тамыздағы № 166 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 30, 320-құжат).
7. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1270 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 8 мамырдағы № 326 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 15, 171-құжат).
8. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 тамыздағы № 166 Жарлығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 21 қыркүйектегі № 414 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 34, 373-құжат).
9. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1270 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 сәуірдегі № 575 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 19, 167-құжат).
10. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 тамыздағы № 166 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 977 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 29, 217-құжат).
11. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған органдардың штат санын оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 қыркүйектегі № 1072 Жарлығы 4-тармағының 1) тармақшасының он төртінші абзацы және 3) тармақшасы.
12. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 61 Жарлығы 3-тармағының 2) тармақшасы.