"Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластерінің қамқоршылық кеңесін құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 973 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 681 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      ҚР мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша 2017 жылғы 3 шілдедегі № 86-VI Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 690 қаулысын қараңыз.

      Қазақстан Республикасының

      Президенті мен Үкіметі актілерінің

      жинағында жариялануға тиіс

      "Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластері туралы" 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңы 5-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластерінің қамқоршылық кеңесі құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған:

      1) "Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластерінің қамқоршылық кеңесі туралы ереже;

      2) "Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластерінің қамқоршылық кеңесінің құрамы бекітілсін.

      3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) Қазақстан Республикасы Президентінің "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағының қамқоршылық кеңесін құру туралы" 2013 жылғы 17 сәуірдегі № 548 Жарлығы;

      2) "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағының қамқоршылық кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 17 сәуірдегі № 548 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 705 Жарлығы;

      3) Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 қыркүйектегі № 911 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 20-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 55-56, 538-құжат) Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 55-56, 538-құжат).

Қазақстан Республикасы


Президенті

Н.Назарбаев


  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2014 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 973 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

"Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластерінің
қамқоршылық кеңесі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер

      1. "Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластерінің қамқоршылық кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) "Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластерін (бұдан әрі - инновациялық кластер) дамыту және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында инновациялық кластерді басқаруды жүзеге асырады.

      2. Кеңес қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      2. Кеңестің негізгі функциялары

2. Кеңестің негізгі функциялары:

      2. Кеңестің негізгі функциялары:

      1) инновациялық кластерді дамытудың стратегиялық міндеттерін айқындау;

      2) кәсіпкерлерді, кәсіпкерлер қауымдастықтарын (одақтарын) шоғырландыру;

      3) инновациялық кластер қатысушыларының шетелдік әріптестермен ынтымақтастығын дамыту жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау;

      4) қатысушылардың жобаларын іске асыру үшін әлеуетті инвесторларды іздеу;

      5) қаржыландырылуы жүргізілген сараптама қорытындылары бойынша дербес кластерлік қордың (бұдан әрі - Қор) мүлкі есебінен жүзеге асырылатын қатысушылардың жобаларын айқындау;

      6) Қордың ұсынуы бойынша инновациялық кластер қатысушыларының тізбесіне заңды тұлғаларды енгізу;

      7) "Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластері туралы" Қазақстан Республикасы Заңында және осы Ережеде көзделген өзге де функциялар болып табылады.

3. Кеңестің құқықтары

      4. Кеңестің өз құзыреті шегінде:

      1) инновациялық кластерді дамытумен байланысты мәселелер бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар енгізуге;

      2) консультациялар жүргізуге, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардан ақпарат сұратуға және алуға;

      3) проблемалық мәселелерді талқылауға қатысу үшін кәсіпкерлерді, мамандарды, ғалымдар мен тәуелсіз сарапшыларды тартуға;

      4) Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерге құқығы бар.

4. Кеңес қызметін ұйымдастыру

      5. Кеңестің дербес құрамын Кеңестің жұмыс органының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

      6. Кеңестің құрамы мемлекеттік органдардың, кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктерінің, шаруашылық жүргізуші субъектілердің өкілдері қатарынан қалыптастырылады.

      7. Қазақстан Республикасының Президенті Кеңестің төрағасы болып табылады.

      8. Кеңес төрағасы:

      1) Кеңеске жалпы басшылықты жүзеге асырады;

      2) оның отырыстарында төрағалық етеді;

      3) Кеңес мүшелерінің арасында тапсырмаларды бөледі;

      4) Кеңес жұмысының жоспарларын бекітеді;

      5) Кеңес отырыстарының күн тәртібін айқындайды және хаттамаларына қол қояды;

      6) Кеңес мүшелерінің оның қызметін жетілдіру және Кеңестің құзыретіне кіретін басқа да мәселелер бойынша ұсыныстарын қарайды;

      7) нормативтік құқықтық актілерде және осы Ережеде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      9. Кеңес хатшысы:

      1) Кеңес жұмысының ағымдағы және перспективалық жоспарларының жобаларын, оның отырыстарына материалдар дайындауды жүзеге асырады;

      2) төрағаның қарауына отырыстардың күн тәртібінің жобасын енгізеді;

      3) қорытындылар талап ететін материалдарды Кеңестің сарапшылық кеңесіне немесе тиісті мемлекеттік органдарға жібереді;

      4) Кеңестің шешімдері бекітілген күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде хаттаманың көшірмесін және өзге де қажетті материалдарды Кеңес мүшелері мен басқа да мүдделі тұлғаларға жібереді;

      5) осы Ережеде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      10. Кеңестің жұмыс органы Қор болып табылады.

      11. Кеңестің жұмыс органы:

      1) Кеңес отырыстарын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

      2) Кеңес ұсынымдарының орындалуын мониторингтеуді жүзеге асырады;

      3) Кеңес мүшелеріне Кеңестің кезекті отырысының өтетін жері, уақыты және күн тәртібі туралы хабарлайды және оларды қажетті материалдармен уақтылы қамтамасыз етеді;

      4) Кеңестің жұмыс жоспарларының іске асырылуын бақылауды қамтамасыз етеді.

      12. Кеңес отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.

      13. Кеңестің кезектен тыс отырысы төрағаның бастамашылығымен шақырылады.

      14. Кеңес мүшелері оның отырыстарына алмастыру құқығынсыз қатысады.

      15. Кеңес шешімдері отырысқа қатысушы Кеңес мүшелерінің жалпы санының жай көпшілік даусымен қабылданады. Талқыланатын мәселе бойынша дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушінің даусы шешуші болып табылады.

      16. Кеңес мүшесі немесе мүшелері қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда өзінің ерекше пікірін білдіруге құқылы.

      17. Кеңес шешімдері төраға қол қоятын хаттамамен ресімделеді.

5. Кеңес қызметін тоқтату

      18. Кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі негізінде тоқтатады.

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2014 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 973 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

"Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластерінің
қамқоршылық кеңесінің
ҚҰРАМЫ

      Ескерту. Құрамға өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 08.02.2016 N 191; 09.06.2016 N 275; 07.09.2016 № 316 Жарлықтарымен.

      Назарбаев - Қазақстан Республикасының

      Нұрсұлтан Әбішұлы Президенті, төраға

      Қасымбек - Қазақстан Республикасының

      Жеңіс Махмұдұлы Инвестициялар және даму министрі

      Байбек - Алматы қаласының әкімі,

      Бауыржан Қыдырғалиұлы

      Досаев - "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы

      Ерболат Асқарбекұлы холдингі" акционерлік қоғамының

      басқарма төрағасы (келісім бойынша)

      Тоқтабаев - Қазақстан Республикасының

      Тимур Серікұлы Инвестициялар және даму

      вице-министрі

      Құлыбаев - Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер

      Тимур Асқарұлы палатасы төралқасының төрағасы

      (келісім бойынша)

      Дункан - "ShеLL Kаzаkhstаn Dеvеlоpmеnt В.V."

      Ван Берген бөлімшесінің төрағасы

      (келісім бойынша)

      Ирэй - "ІВМ" вице-президенті (келісім

      Юксек бойынша)

      Йохан - "ТеlіаSоnеrа" бас атқарушы

      Деннелинд директоры (келісім бойынша)

      Ким - "КAZ Міnеrаls РLС" Директорлар

      Владимир Сергеевич кеңесінің атқарушы емес директоры

      (келісім бойынша)

      Машкевич - "Еurаsіаn Resources Group s.a.r."

      Александр Антонович Директорлар кеңесінің төрағасы

      (келісім бойынша)

      Өтемұратов - Қазақстан Теннис федерациясының

      Болат Жәмитұлы президенті (келісім бойынша)

      Рақышев - "SАТ & Соmраnу" өнеркәсіптік

      Кеңес Хамитұлы холдингі Директорлар кеңесінің

      төрағасы (келісім бойынша)

      Рахымбаев - "Вuіld Іnvestmеnts Grоuр"

      Айдын Жұмәділұлы акционерлік қоғамы Директорлар

      кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)

      Стивен Францен - "IDС"-дің Еуропа, Таяу Шығыс және

      Африка өңірлері бойынша аға

      вице-президенті (келісім бойынша)

      Фрэнк Монстрей - "Nostrum Oil and Gaz" Директорлар

      кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады