Қазақстан Республикасы Президентіні мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс |
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 02.01.2023 № 78 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
"Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 24-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 7-бабына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына және 21-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 05.06.2023 № 239 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік қызметшілердің, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының және Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты судьяларының ант беру қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 02.01.2023 № 78 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Президенті | Н.Назарбаев |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 532 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН |
Мемлекеттік қызметшілердің, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының және Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты судьяларының ант беру қағидалары
Ескерту. Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 02.01.2023 № 78 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
1. Осы Мемлекеттік қызметшілердің, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының және Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты судьяларының ант беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 24-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 7-бабына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына және 21-бабына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының және Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты судьяларының ант беру тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 05.06.2023 № 239 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.2. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі және Қазақстан Республикасы Үкіметінің өзге де мүшелері; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі; Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы; Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы; Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы; Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшілері, кеңесшілері; Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы; Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары; облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері мемлекеттік лауазымдарына алғаш рет тағайындалатын адамдарды қоспағанда, мемлекеттік қызметшілер бір рет ант береді.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 03.01.2024 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.3. Егер Қазақстан Республикасының Президенті өзгеше белгілемесе, осы тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда, ант қабылдаған мемлекеттік саяси қызметші оны тиісті мемлекеттік органның ұжымына лауазымды адам таныстырған кезде ант береді.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеңесшісінің, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Басшысының, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы төрағаларының, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы төрағаларының, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер, Қазақстан Республикасының Қорғаныс, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлерінің антын Қазақстан Республикасының Президенті өзі қабылдайды.
Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты және Мәжілісі депутаттары Қазақстан Республикасы Парламентінің тиісті Палаталарының отырыстарында ант береді.
Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьялары Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының отырысында ант береді.
Қазақстан Республикасы Президентінің қалауы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір мүшелері мен Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін өзге мемлекеттік органдардың басшылары, сондай-ақ Парламент депутаттары Қазақстан Республикасының Президентіне ол айқындайтын тәртіпте ант бере алады. Қазақстан Республикасының Президенті Парламенттің бірінші сессиясын шақырғанда ол оның депутаттарының Қазақстан халқына беретін антын қабылдайды.
Мәслихат немесе оның келісімі бойынша тағайындалатын лауазымды адамдар тиісті мәслихаттың отырысында ант береді.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 11.11.2019 № 203; өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 26.11.2022 № 5; 02.01.2023 № 78 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.06.2023 № 239 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.4. Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты және Мәжілісі аппараттарының басшылары мен олардың орынбасарлары ант беретін лауазымды адамды Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бюросы айқындайды.
5. Мәслихаттың келісімімен тағайындалатынды қоспағанда, "А" корпусының мемлекеттік қызметшісі оны тиісті мемлекеттік органның ұжымына лауазымды адам таныстырған кезде ант береді.
"Б" корпусының мемлекеттік қызметші сынақ мерзімін сәтті өткерген күннен бастап бір ай ішінде, лауазымға тағайындауға құқығы бар лауазымды адамға немесе оның уәкілеттігі бойынша өзге адамға ант береді.
6. Қазақстан Республикасы Парламенті депутаты антының мәтіні "Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметі мүшесі антының мәтіні "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленеді.
Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты судьясы антының мәтіні "Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленеді.
Қазақстан Республикасы Парламенті депутатының, Қазақстан Республикасы Үкіметі мүшесінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты судьясының, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес лауазымды адамның, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өзге де мемлекеттік қызметшінің тиісінше ресімделген және мемлекеттік тілде немесе орыс тілінде басылған антының мәтіні ант беруші адамның таңдауы бойынша осы тілдердің бірінде айтылады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 14.03.2018 № 650; өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 02.01.2023 № 78 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.7. Ант беру салтанатты рәсімі, әдетте, тиісті қызметтік ғимараттың залында өткізіледі. Ант беру салтанатты рәсімі антты қабылдаушы лауазымды адамның кіріспе сөзімен басталады. Ант беретін адам мінбеге шақырылады. Қазақстан Республикасының Конституциясына қолын қойып тұрып, ол анттың мәтінін айтады немесе оқып береді, содан соң оған қол қояды және антты қабылдаған лауазымды адамға береді.
Ант беру рәсімінің өткізілетін жерін мемлекеттік орган айқындайды.
Ант беретін адамдардан басқа, залға өзге де лауазымды адамдар, ант беретін адамның жақын туыстары, жұртшылық, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылуы мүмкін.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 05.06.2023 № 239 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.8. Ант қабылдаған адамның қолы қойылған, ант беру күні көрсетілген ант мәтіні бар бланк оның жеке ісінің материалдарында сақталады.
Мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізіміне ант бергені туралы тиісті жазба енгізіледі.
Мемлекеттік қызметшілердің және Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының ант беру қағидаларына 1-Қосымша |
Қазақстан Республикасының
Президенті лауазымға тағайындаған лауазымды адамның
АНТЫ
Қазақстан Республикасының халқы мен Президенті алдында өз Отанымды өркендету ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге салтанатты түрде ант етемін.
Тегі, аты, әкесінің аты_____________________
(қолы, күні)
Мемлекеттік қызметшілердің және Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының ант беру қағидаларына 2-Қосымша |
Қазақстан Республикасы
мемлекеттік қызметшісінің
АНТЫ
Мемлекеттік қызмет атқаруды қоғам мен мемлекет тарапынан айрықша сенім білдіру ретінде бағалап, Қазақстан халқы алдындағы өзімнің биік жауапкершілігімді сезіне отырып, елдің Конституциясы мен заңдарын сақтауға, халқыма адал да білікті қызмет етуге салтанатты түрде ант етемін.
Тегі, аты, әкесінің аты_____________________
(қолы, күні)
Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 532 Жарлығына ҚОСЫМША |
Қазақстан Республикасы Президентінің күші жойылған
кейбір жарлықтарының тізбесі
1. "Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығының 1-тармағы 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 72-73-74, 534-құжат).
2. "Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттік мекемеcінің кейбір мәcелелері" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 маусымдағы № 272 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістердің 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 34, 188-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 қазандағы № 349 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 11-тармағының екінші, үшінші және төртінші абзацтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 49, 310-құжат).
4. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 27 қазандағы № 362 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 6-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 52, 335-құжат).
5. "Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 31 қазандағы № 366 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 7-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 52, 336-құжат).
6. "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасы" мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 4 қарашадағы № 369 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістердің 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 54, 344-құжат).
7. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 14 наурыздағы № 446 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 23-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., №11, 59-құжат).