Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкiметі актiлерiнiң жинағында жариялануға тиiс |
"Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 23 наурыздағы № 6 Жарлығын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Мыналар:
Астана қаласының соты – Нұр-Сұлтан қаласының соты;
Астана қаласының аудандық және оларға теңестірiлген соттары
Нұр-Сұлтан қаласының аудандық және оларға теңестірiлген соттары деп қайта аталсын.
2. Қайта аталатын соттардың төрағалары және соттары қайта аталған соттардың төрағалары және соттары деп есептелсін.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. Тоқаев |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 10 қыркүйектегі № 151 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН |
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер
1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережеде:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің заңды мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Сығанақ көшесі, 20.";
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қарамағындағы аумақтық органдардың және оның ведомстволарының тізбесінде:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті (құпия).";
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің және оның ведомстволарының тізбесінде:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Нұр-Сұлтан қаласында емханасы бар орталық әскери госпиталі.".
2. "Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 44, 424-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы ережеде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Комиссияның заңды мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 4.".
3. "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 13 тамыздағы № 3614 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 36, 337-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты туралы ережеде:
3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Институттың орналасқан жері – Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы.".
4. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 282 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі туралы ережеде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Шекара қызметінің заңды мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Желтоқсан көшесі, 48.".
5. "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 378 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 20, 218-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы туралы ережеде:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының орналасқан жері: 010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй.".
6. Күші жойылды – ҚР Президентінің 31.07.2023 № 290 Жарлығымен.7. Күші жойылды – ҚР Президентінің 26.11.2022 № 5 Жарлығымен.
8. "Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 992 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық туралы ережеде:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Ұлттық орталықтың заңды мекенжайы: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 2.".
9. "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетін құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 28 наурыздағы № 1050 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 12, 130-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті туралы ережеде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Комитеттің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі басқармалары және оларға теңестірілген мамандандырылған бөлімшелері (бұдан әрі – аумақтық органдар) болады, олар өз қызметінде Комитет төрағасына бағынады.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Комитеттің заңды мекенжайы: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәскеу көшесі, 34.".
10. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы № 198 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 38, 421-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде:
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Өтініш берушінің тұрғылықты жеріндегі ішкі істер органдары ресімделген материалдарды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың полиция департаменттеріне жібереді, олар материалдарды тиісті ұлттық қауіпсіздік органдарымен келіседі.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың полиция департаменттері материалдарды ұлттық қауіпсіздік органдарының пікірімен қоса Ішкі істер министрлігіне жібереді, ол өз қорытындысын жасайды және оны материалдармен бірге Комиссияның жұмыс органына ұсынады.".
11. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 12 қазандағы № 201 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 39, 428-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколында:
46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"46. Мейман бекітілген лауазымды адаммен бірге Отан қорғаушылар монументіне (бұдан әрі – монумент) келеді. Мейманды монументтің жанында құрметті қарауыл бастығы және Нұр-Сұлтан қаласының әкімі (әкімнің орынбасары) қарсы алады.";
48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"48. Содан кейін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі (әкімнің орынбасары) мейманды монумент кешенімен таныстырады. Кешенді қарап болғаннан кейін мейман құрметті қарауыл бастығымен бірге құрметті қарауыл ротасының салтанатпен жүріп өтуін қарау үшін арнайы бөлінген орынға келеді.
Содан соң мейман Нұр-Сұлтан қаласының әкімімен (әкімнің орынбасарымен) бірге ағаш отырғызатын жерге бағыт алады. Ағаш отырғызу рәсімі аяқталғаннан кейін делегация кортежге беттейді де жүріп кетеді.";
96-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"96. Сайланған Президенттің қызметіне кірісуі салтанатты рәсімі (ұлықтау) ол сайланған жылдан кейінгі жылдың қаңтарының екінші сәрсенбісінде өткізіледі.
Ұлықтау Нұр-Сұлтан қаласында өткізіледі.";
98-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"98. Сондай-ақ ұлықтауға Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы және Президент Әкімшілігінің Басшысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері, өзге де орталық мемлекеттік органдарының басшылары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері, шет мемлекеттер және үкіметтер басшылары, Қазақстанда аккредиттелген дипломатиялық корпус өкілдері, қазақстандық және халықаралық қоғамдастықтың, отандық және шетелдік БАҚ өкілдері қатысуға құқылы.";
112 және 113-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"112. Президент шет мемлекетке (шет мемлекеттен) кеткен (келген) кезде Нұр-Сұлтан қаласының әуежайында шығарып салуға (қарсы алуға) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Президент Әкімшілігінің Басшысы және Нұр-Сұлтан қаласының әкімі қатысады.
113. Президентті Нұр-Сұлтан қаласының әуежайында ел өңіріне (ел өңірінен) шығарып салуға (қарсы алуға) – Премьер-Министр, Президент Әкімшілігінің Басшысы және Нұр-Сұлтан қаласының әкімі, ал өңірлерде облыс әкімі, облыстық маңызы бар қаланың әкімі немесе республикалық маңызы бар қаланың әкімі қатысады.";
120-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"120. Ұшақ басқышы жанында шетелдік үкімет басшысын Қазақстан Республикасының бекітілген лауазымды адамы (Министрдің орынбасарына теңестірілген деңгейде) (екіжақты үкіметаралық комиссия болған жағдайда – тиісті үкіметаралық комиссияның өкілі), Сыртқы істер министрлігінің департамент директоры, Қазақстан Республикасының мейман еліндегі Елшісі (келісу бойынша) және Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары қарсы алады/шығарып салады. Мейман зайыбымен/жұбайымен бірге келген жағдайда, оны бекітілген басқа лауазымды адам (тиісті жыныстағы) қарсы алады/шығарып салады және еріп жүреді.
Ұшақ басқышы жанында мейманға қазақтың ұлттық киімін киген бойжеткен гүл ұсынады (егер мейман зайыбымен (жұбайымен) бірге келсе, мейманға және зайыбына (жұбайына) ұлттық киім киген бойжеткен мен бозбала гүл ұсынады).";
146-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"146. Премьер-Министрдің ел ішіндегі жұмыс бабындағы сапары бағдарламасында мынадай іс-шаралар өткізу: Нұр-Сұлтан қаласында және жергілікті жерлерде шығарып салу (қарсы алу), өнеркәсіптік және басқа да әлеуметтік маңызды объектілерге бару көзделеді.";
178-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының ел ішіндегі жұмыс сапарлары кезінде Нұр-Сұлтан қаласында және жергілікті жерлерде шығарып салу (қарсы алу), болу бағдарламасын жасау сияқты бірқатар протоколдық іс-шараларды жүргізу және қамтамасыз ету көзделеді.";
194-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"194. Нұр-Сұлтанға/Нұр-Сұлтаннан келген (кеткен) кезде Елшіні Сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік протокол қызметінің қызметкері қарсы алады (шығарып салады) және Елші мен оның отбасы мүшелері үшін әуежайдың VІР-залының қызметтерін төлемақысыз қамтамасыз етеді.".
12. "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 11 наурыздағы № 552 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 12-13, 116-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережеде:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Әкімшіліктің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, "Ақорда" резиденциясы.".
13. Күші жойылды – ҚР Президентінің 19.01.2023 № 106 Жарлығымен.14. "Өңірлерде сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарын жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 2 мамырдағы № 67 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 37, 438-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген құрылатын мемлекеттік мекемелердің тізбесінде:
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. "Нұр-Сұлтан қаласы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесі.";
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қалалардың тексеру комиссияларының штат санының лимиттерінде:
мына:
"
Астана қ. | 31 |
" |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
Нұр-Сұлтан қ. | 31 |
". |
15. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 28 қарашадағы № 438 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 80, 1180-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасында:
"1. Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың пайымы" деген бөлімде:
"3. Әлемдік практиканың оң тәжірибесіне шолу" деген кіші бөлімінде:
жиырма тоғызыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстанда жалпы ірі қалаларда Польшаға ұқсас басқару құрылымы қалыптасқан: Нұр-Сұлтанда, Алматыда, Шымкентте, Қарағандыда аудандар, басқа облыстық маңызы бар қалаларда – орталықтандырылған басқару құрылған. Польша тәжірибесін ескере отырып, қаладағы аудан деңгейінде дербес бюджеті бар басқару органдарын құру орынсыз.";
"2. Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастырудың және қызметінің негізгі қағидаттары" деген бөлімде:
"2. Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тәсілдері" деген кіші бөлімінде:
он екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Ірі қалалардағы жалпықалалық шаруашылықты басқару ерекшелігін ескере отырып, жоғарыда аталған шараларды басқарудың төменгі деңгейіне жататын Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қарағанды қалаларындағы аудандарға қолданбау ұсынылады;";
жиырма бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Бұл ретте қазіргі кезде демократиялық тәртіппен, яғни тиісті мәслихат депутаттарының алдын ала келісімімен жүзеге асырылатын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, аудандардың әкімдерін тағайындаудың қолданыстағы тәртібін сақтау орынды.".
16. "Қазақстан Республикасының "жасыл экономикаға" көшуі жөніндегі тұжырымдама туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 577 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 34, 504-құжат):
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері:
1) өз қызметінде Тұжырымдаманы басшылыққа алсын және оны іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын;
2) мемлекеттік жоспарлау жүйесі қабылдайтын құжаттардың Тұжырымдамамен үйлесуін қамтамасыз етсін.".
17. Күші жойылды – ҚР Президентінің 29.01.2024 № 442 Жарлығымен.18. "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы" мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 13 наурыздағы № 767 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 15, 124-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы" мемлекеттік мекемесінің жарғысында:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері: 010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Әлихан Бөкейхан көшесі, ғимарат-1.".
19. Күші жойылды - ҚР Президентінің 02.05.2020 № 316 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) Жарлығымен.20. Күші жойылды - ҚР Президентінің 25.08.2023 № 312 Жарлығымен.
21. "Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің қызметін жетілдіру шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 137 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 62, 486-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты туралы ережеде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Аппараттың заңды мекенжайы: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, 1В-кіреберіс.".
22. "Астана" халықаралық қаржы орталығы аумағының шекарасын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 161 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 83-84, 594-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Астана" халықаралық қаржы орталығы аумағының шекарасында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Нұр-Сұлтан қаласының "Есіл" ауданында № 28/1 (жобалық атауы) көшесінің ішкі жағы бойынша Ақмешіт көшесінің бойымен Түркістан көшесіне дейін, Түркістан көшесінің бойымен № 28/1 (жобалық атауы) көшесіне дейін орналасқан, жалпы ауданы 25 га болатын АХҚО аумағының учаскесі "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы" 2015 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 6-бабының 8-тармағын қолдану мақсатында айқындалады.".
23. Күші жойылды - ҚР Президентінің 25.08.2023 № 312 Жарлығымен.24. "Қазақстан Республикасындағы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың 2017 – 2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 387 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 64, 417-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың 2017 – 2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясында:
"1. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың ағымдағы жағдайын талдау және оның байланыстылығы" деген бөлімде:
"1.1. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған адамдарды оңалту процесінің мәні" деген кіші бөлімде:
қырық үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдіктерінің деректері бойынша 2012 – 2016 жылдар кезеңінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар қатарынан 1338 адам халықты жұмыспен қамту орталықтарымен әлеуметтік келісімшарт жасасты, оның ішінде 1304 адам жұмысқа, соның 423-і тұрақты жұмыс орындарына орналасты. Жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша 139 адам қажетті мамандықтарға кәсіптік оқудан өтті.".
25. "Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 13 қазандағы № 563 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 47-48-49, 313-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы туралы ережеде:
"1. Жалпы ережелер" деген тарауда:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Бас прокуратураның заңды мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 14.";
"6. Облыстар прокуратураларының және оларға теңестірілген прокуратуралардың (республикалық маңызы бар қалалар мен Қазақстан Республикасы астанасының прокуратуралары, бас әскери және көлік прокуратуралары) тізбесі" деген тарауда:
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"15) Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы;".
26. Күші жойылды – ҚР Президентінің 30.07.2024 № 611 Жарлығымен.27. "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Кеңсесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 19 наурыздағы № 884 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 5-6, 55-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Кеңсесі туралы ережеде:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Кеңсенің заңды мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Әлихан Бөкейхан көшесі, ғимарат-1.".