Қазақстан Республикасы Президентінің "Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi туралы ереженi бекiту туралы" 2002 жылғы 5 тамыздағы № 917 және "Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингі және оның қорытындылары бойынша арнайы сыйлық беру туралы" 2017 жылғы 24 қарашадағы № 590 жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 11 ақпандағы № 507 Жарлығы.

  Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкiметі
актiлерiнiң жинағында
жариялануға тиiс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) Күші жойылды – ҚР Президентінің 26.11.2022 № 5 Жарлығымен;

      2) "Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингі және оның қорытындылары бойынша арнайы сыйлық беру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 24 қарашадағы № 590 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 64-65, 382-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингінің нәтижелері бойынша арнайы сыйлық беру қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Рейтинг өткізуді ұйымдастырушы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – ұйымдастырушы) болып табылады.

      Ұйымдастырушыға мынадай функциялар жүктеледі:

      1) бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингін өткізу әдістемесін әзірлеу және бекіту;

      2) пікіртерім мен статистикалық деректер негізінде жыл сайын бизнес жүргізудің жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингін өткізу;

      3) бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өткізілген өңірлер мен қалалар рейтингінің нәтижелерін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне енгізу және Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингінің қорытындыларын шығару жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) отырыстарын өткізуге жәрдем көрсету;

      4) дипломдарды, награда белгілерін дайындау мен ресімдеуді қамтамасыз ету;

      5) жеңімпаздарды марапаттау салтанатына ақпараттық материалдарды дайындау;

      6) үздік өңірлер мен қалалар тәжірибесін таратуға жәрдем көрсету.";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингінің қорытындыларын шығару жөніндегі комиссия туралы ережеде:

      3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – ұйымдастырушы) өткізілген рейтингтің нәтижелері бойынша ұсынатын материалдарды қарау, бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингінің қорытындыларын шығару және жеңімпаздарды айқындау;";

      4-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) қосымша материалдарды қарау кезінде балдардың жиынтық көлеміне түзету коэффициенттерін қолдану;";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингінің қорытындыларын шығару жөніндегі комиссияның құрамында:

      мына:

      "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы".

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 26.11.2022 № 5 Жарлығымен.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Президентi
Қ. Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады