ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі – өзгерістер мен толықтырулар) бекітілсін.
2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы Жарлық 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағының төртінші, бесінші, алтыншы, оныншы және қырық бірінші абзацтарын және 3-тармағының он алтыншы абзацын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. Тоқаев |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 19 мамырдағы № 880 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН |
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. "Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесінде:
10-тармақ 5) тармақшасындағы "нәтижелерін ұсыну мерзімдерін қамтиды." деген сөздер "нәтижелерін;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұнындағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасының Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 46-бабына сәйкес мақсаттарға қол жеткізу жөніндегі операциялық бағалаудың қорытындыларын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға және жергілікті атқарушы органға ұсыну мерзімдерін қамтиды.".
2. "Республикалық бюджет жобасына оның шығыстарының негізгі бағыттары бойынша алдын ала бағалау жүргізу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 388 Жарлығында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Республикалық бюджеттің жобасына, нақтыланған республикалық бюджеттің жобасына оның шығыстарының негізгі бағыттары бойынша алдын ала бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы";
"Республикалық және облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің жобаларына, нақтыланған республикалық және облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің жобаларына олардың шығыстарының негізгі бағыттары бойынша алдын ала бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына және 27-1-бабының 1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған:
1) Республикалық бюджеттің жобасына, нақтыланған республикалық бюджеттің жобасына оның шығыстарының негізгі бағыттары бойынша алдын ала бағалау жүргізу қағидалары;
2) Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің жобаларына, нақтыланған облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің жобаларына олардың шығыстарының негізгі бағыттары бойынша алдын ала бағалау жүргізу қағидалары бекітілсін.";
Жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Республикалық бюджет жобасына оның шығыстарының негізгі бағыттары бойынша алдын ала бағалау жүргізу қағидаларында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Республикалық бюджеттің жобасына, нақтыланған республикалық бюджеттің жобасына оның шығыстарының негізгі бағыттары бойынша алдын ала бағалау жүргізу қағидалары.";
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Республикалық бюджеттің жобасына, нақтыланған республикалық бюджеттің жобасына оның шығыстарының негізгі бағыттары бойынша алдын ала бағалауды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) республикалық бюджеттің жобасын, нақтыланған республикалық бюджеттің жобасын оның шығыстарының негізгі бағыттары бойынша алдын ала бағалау (бұдан әрі – бюджет жобасын бағалау) жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Бюджет жобасын бағалау жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджеттің жобасы, нақтыланған республикалық бюджеттің жобасы (бұдан әрі – бюджет жобасы) көрсеткіштерінің негізділігіне, бюджет жобасын әзірлеу үшін нормативтік құқықтық және әдістемелік базаның бар-жоғы мен жеткілікті болуына талдау жүргізуді, сондай-ақ Жоғары аудиторлық палата әзірлеген ұсынымдары бар бюджет жобасын бағалау нәтижелерін (бұдан әрі – бағалау бойынша қорытынды) жасауды және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне және Қазақстан Республикасының Парламентіне ұсынуды көздейді.";
5-тармақ мынандай редакцияда жазылсын:
"5. Шығыстардың негізгі бағыттары, мемлекеттік басқару функцияларын орындау бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін қамтамасыз етуге бағытталған, тұрақты сипатқа ие шығыстарды қоспағанда, Бюджет кодексінің 30-бабының 1-тармағында айқындалған шығыстар болып табылады.";
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"8) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік сұранымдары;";
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"13) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің есептілігі (республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептер, республикалық бюджеттің дебиторлық және кредиторлық берешегі туралы есептер, бюджеттік мониторингтеу нәтижелері бойынша республикалық (жергілікті) бюджеттің атқарылуы туралы талдамалық есеп, бөлінген нысаналы трансферттерді пайдаланудың есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есеп және басқалар);";
мынадай мазмұндағы 13-1), 13-2) және 13-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"13-1) мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асыру мониторингі бойынша есептілік;
13-2) жүргізілген жағдайда шығыстарға шолу;
13-3) бюджеттік тәуекелдер туралы талдамалық есеп;";
9-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) бюджет жүйесі қағидаттарының (негізділік, нәтижелілік және тиімділік) сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Мемлекеттік жоспарлау ақпараттық жүйесінің интеграциясы арқылы бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жоспарланған шығыстары бойынша бюджеттік сұранымдарына және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындыларына Жоғары аудиторлық палатаның қол жеткізуін қамтамасыз етеді.";
18-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік сұранымға түсіндірме жазбасының көшірмесін;";
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірленген бюджет жобасын ағымдағы қаржы жылының 1 тамызынан кешіктірмей Жоғары аудиторлық палатаға ұсынады.";
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Республикалық бюджеттің жобасын алдын ала бағалаудың нәтижелері Қазақстан Республикасының Үкіметіне және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық бюджеттің жобасын Жоғары аудиторлық палатаға енгізген күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде ұсынылады.";
мынадай мазмұндағы 24 және 25-тармақтармен толықтырылсын:
"24. Нақтыланған республикалық бюджеттің жобасын алдын ала бағалаудың нәтижелері Қазақстан Республикасының Үкіметіне және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне Қазақстан Республикасының Үкіметі Республикалық бюджеттің жобасын Жоғары аудиторлық палатаға енгізген күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде ұсынылады.
25. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заң бекітілгеннен (нақтыланғаннан) кейін отыз жұмыс күні ішінде республикалық бюджеттің жобасын бағалау туралы қорытындыда көрсетілген ұсынымдарды орындау бойынша қабылданған шаралар туралы ақпаратты Жоғары аудиторлық палатаға жолдайды.";
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін осы өзгерістер мен толықтыруларға қосымшаға сәйкес Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің жобаларына, нақтыланған облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің жобаларына олардың шығыстарының негізгі бағыттары бойынша алдын ала бағалау жүргізу қағидаларымен толықтырылсын.
3. "Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы № 5 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы туралы ережеде:
13-тармақтың 1) тармақшасының бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"бюджет қаражатын, оның ішінде заңды тұлғаларға берілетін трансферттерді, кредиттерді, байланысты гранттарды, мемлекеттің және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекеттің кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды пайдалану мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы және мемлекеттік аудит туралы заңнамасына сәйкес жүргізілетін аудит нәтижелерін бақылауды жүзеге асыру;";
1) тармақшаның сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"заңды тұлғаларға берілетін трансферттерді, байланысты гранттарды, бюджеттік инвестицияларды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекеттің кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды және мемлекеттің активтерін пайдаланудың;";
2) тармақшаның жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"республикалық бюджет қаражатын, оның ішінде заңды тұлғаларға берілетін трансферттерді, нысаналы трансферттер мен кредиттерді, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекеттің кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды, мемлекеттің кепілгерліктері мен активтерін пайдалануға, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің орындалуын қаржыландыруға;".
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) республикалық бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне аудит, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды қоспағанда, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігіне аудитті жүзеге асыру;";
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес бюджеттен тыс қорларға аудитті жүзеге асыру;";
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) "Республикалық бюджеттің жобасына, нақтыланған республикалық бюджеттің жобасына оның шығыстарының негізгі бағыттары бойынша алдын ала бағалау жүргізу қағидаларын әзірлеу";
"5) Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің жобаларына, нақтыланған облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің жобаларына олардың шығыстарының негізгі бағыттары бойынша алдын ала бағалау жүргізу қағидаларын әзірлеу";
6) тармақша жиырма екінші абзацындағы "бірлесіп әзірлеу және бекіту" деген сөздер "бірлесіп" деген сөзбен ауыстырылып, мынандай мазмұндағы жиырма үшінші абзацпен толықтырылсын:
"тексеру комиссияларының төрағасы және мүшелері лауазымдарына кандидаттарды іріктеу қағидалары мен бағалау өлшемшарттарын әзірлеу және бекіту;";
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"10) республикалық бюджеттің жобасын, нақтыланған республикалық бюджеттің жобасын оның шығыстарының негізгі бағыттары бойынша алдын ала бағалауды жүзеге асыру;";
28) және 29) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 30) тармақшамен толықтырылсын:
"30) тексеру комиссияларының мүшелерін қызметке тағайындауға және оларды лауазымдарынан босатуға келісім береді.".
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға ҚОСЫМША Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 388 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН |
Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің жобаларына, нақтыланған облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің жобаларына олардың шығыстарының негізгі бағыттары бойынша алдын ала бағалауды жүргізу ҚАҒИДАЛАРЫ
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің жобаларына, нақтыланған облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің жобаларына олардың шығыстарының негізгі бағыттары бойынша алдын ала бағалауды жүргізу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының (бұдан әрі – тексеру комиссиясы) облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің жобасын, нақтыланған облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің жобасын олардың шығыстарының негізгі бағыттары бойынша алдын ала бағалауды (бұдан әрі – бюджет жобасын бағалау) жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Бюджет жобасын бағалау жоспарлы кезеңге арналған облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің жобасы, нақтыланған облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің жобасы (бұдан әрі – бюджет жобасы) көрсеткіштерінің негізділігіне, бюджет жобасын әзірлеу үшін нормативтік құқықтық және әдістемелік базаның бар-жоғы мен жеткілікті болуына талдау жүргізуді, сондай-ақ тексеру комиссиясы әзірлеген ұсынымдары бар бюджет жобасын бағалау нәтижелерін (бұдан әрі – бағалау бойынша қорытынды) жасауды және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына және тиісті мәслихатқа ұсынуды көздейді.
3. Бюджет жобасын бағалауды жүргізу кезінде тексеру комиссиясы Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін (бұдан әрі – Бюджет кодексі), "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Қағидаларды басшылыққа алады.
4. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, квазимемлекеттік сектор субъектілері және мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылаудың басқа да объектілері бюджет жобасын бағалау объектілері болып табылады.
5. Бюджет кодексінің 31-бабының 1-тармағында және 32-баптарының 1-тармағында айқындалған шығыстар, мемлекеттік басқару функцияларын орындау бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін қамтамасыз етуге бағытталған, тұрақты сипатқа ие шығыстарды қоспағанда, шығыстардың негізгі бағыттары болып табылады.
6. Бюджет жобасына бағалау жүргізу үшін бюджеттік бағдарламаларды іріктеуді тексеру комиссиясының өткен қаржы жылдарындағы жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есебінде, Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іске асырылуын бағалау және бюджет қаражатын басқарудың тиімділігін бағалау нәтижелерінде қамтылған ақпаратты ескере отырып, тексеру комиссиясы жыл сайын жүзеге асырады.
7. Төмендегілермен шектелмей, бюджет жобасын бағалауды жүргізу кезінде негізгі көздер (бұдан әрі - бағалау материалдары):
1) нормативтік құқықтық актілер;
2) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелері;
3) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың орта мерзімді кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы;
4) жергілікті атқарушы органның жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есептері;
5) Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іске асырылуын бағалау нәтижелері туралы қорытынды;
6) бюджет қаражатын басқару тиімділігін бағалау нәтижелері туралы қорытынды;
7) Қазақстан Республикасы бойынша статистикалық деректер;
8) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік сұрау салулары;
9) тиісті бюджет комиссиясының шешімдері;
10) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының жеткізілген лимиттері, жаңа бастамаларға арналған лимиттер;
11) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шығыстары бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның қорытындысы;
12) облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту жоспарларының жобаларын (республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту жоспарларына өзгерістер мен толықтыруларды) және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын қарау нәтижелері бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның қорытындысы;
13) жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есептер, жергілікті бюджеттің дебиторлық және кредиторлық берешегі туралы есептер, бюджеттік мониторинг нәтижелері бойынша жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы талдамалық есеп, бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есеп және басқалар;
14) тексеру комиссиясы жергілікті атқарушы органның есепті қаржы жылындағы жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есебіне берген тұжырымдар мен ұсынымдар;
15) мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асыру мониторингі бойынша есептілік;
16) шығыстар жүргізілген жағдайда оған шолу;
17) тәуелсіз сарапшылардың қорытындылары;
18) стандарттар, ережелер, әдістемелік ұсынымдар және құқық белгілейтін құжаттар (жарғылар, тіркеу туралы куәліктер);
19) халыққа сауалнама жүргізу нәтижелері, бұқаралық ақпарат құралдары мен үкіметтік емес ұйымдардың материалдары болып табылады.
2-тарау. Бюджет жобасын бағалаудың мақсаты, негізгі міндеттері және өлшемшарттары
8. Бюджет жобасын бағалаудың мақсаты бюджет жобасының анықтығын және бюджет жобасының бюджет заңнамасының ережелеріне, жергілікті атқарушы органның өткен қаржы жылдарындағы жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есебіне тексеру комиссиясы берген тұжырымдар мен ұсынымдарға сәйкестігін айқындау болып табылады.
9. Бюджет жобасына бағалау жүргізу кезіндегі негізгі міндеттер:
1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына және тиісті мәслихатқа бағалау бойынша негізделген және дәйекті қорытындыны уақтылы ұсынуды;
2) бюджеттік жүйе қағидаттарының (негізділік, нәтижелілік және тиімділік) сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.
10. Бюджет жобасын бағалау жоспарланатын шығыстардың облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарына; шығыстардың, соның ішінде жоғары тұрған бюджеттен жалпы сипаттағы трансферттер түрінде берілетін қаржыландыру көлемі ескеріле отырып қалыптастырылатын шығыстардың басым бағыттарына; Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын бағалау нәтижелеріне; жергілікті атқарушы органдардың есепті қаржы жылы облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы есебіне тексеру комиссиялары берген тұжырымдар мен ұсынымдарға сәйкестігі тұрғысынан жүргізіледі.
11. Бюджет жобасын бағалаудың негізгі өлшемшарттары:
1) шығыстардың негізділігі (бюджет жобасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі, стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлаудың өзара байланысын белгілеу, Қазақстан Республикасы Президенті жолдауларының ережелеріне, Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларына және тексеру комиссиясының қаулыларына сәйкестігі);
2) шығыстардың анықтығы (жобаларды іске асыру және нәтижелерге қол жеткізу үшін қаражат көлемін айқындаудың дұрыстығын растайтын қажетті құжаттаманың болуы) болып табылады.
3-тарау. Бюджет жобасына бағалау жүргізу тәртібі
12. Тексеру комиссиясы әлеуметтік-экономикалық дамудың кешенді жоспарлары мен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарлары көрсеткіштерінің экономикалық және бюджеттік жоспарлау көрсеткіштерімен өзара байланысын, қол жеткізілген нәтижелердің Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларының ережелеріне және Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкестігін қамтамасыз етуді:
1) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жүргізген мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелері;
2) мемлекеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың ақпараты бойынша жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есептер, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларын бағалау негізінде бағалайды.
13. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің деректерді (ақпаратты) бюджет процесін ақпараттандыру объектілеріне толық және дұрыс енгізуін қамтамасыз етеді.
14. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган заңнамада белгіленген мерзімде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасын тексеру комиссиясына бір мезгілде ұсына отырып, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне жібереді.
15. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган бір мезгілде тексеру комиссиясына заңнамада белгіленген мерзімде:
1) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне жіберген кезде шығыстар лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді;
2) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жоспарлы кезеңге арналған шығыстарын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясының (бұдан әрі – бюджет комиссиясы) мүшелеріне жіберу кезінде оны бюджет комиссиясының қарауының жоспар-кестесін (бұдан әрі – кесте);
3) осы Қағидалардың 7-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген бағалау материалдарын ұсынады.
16. Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган заңнамада белгіленген мерзімде осы Қағидалардың 7-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген бағалау материалдарын тексеру комиссиясына бір мезгілде жібере отырып, тиісті мемлекеттік органға ұсынады.
17. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган бюджет комиссиясының отырыстарына тексеру комиссиясы өкілінің байқаушы ретінде (дауыс беру құқығынсыз) қатысуын және бюджет жобасын жоспарлау мәселелері жөніндегі бюджет комиссиясының барлық материалдарын бюджет комиссиясының мүшелеріне бір мезгілде жібере отырып, оларды заңнамада белгіленген мерзімде ұсынуды қамтамасыз етеді.
18. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган бюджет комиссиясының отырысы өткізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде тексеру комиссиясына жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаралған бюджеттік бағдарламалары бойынша бюджет комиссиясының қорытындыларын, сондай-ақ бюджет комиссиясының шешімдеріне сәйкес келетін мынадай құжаттарды (бұдан әрі – құжаттар):
1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік сұрау салуға түсіндірме жазбасының көшірмесін;
2) жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ұсынатын тақырыптар бойынша ғылыми зерттеулердің мемлекеттік ғылыми және ғылыми-техникалық сараптамасы қорытындыларының көшірмелерін;
3) бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бюджеттік кредит беру арқылы іске асыруға ұсынатын бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік кредит берудің орындылығы туралы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган қорытындысының көшірмесін;
4) Қазақстан Республикасы Президентінің және (немесе) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған тапсырмаларын жолдайды.
19. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган әзірленген бюджет жобасын тексеру комиссиясына ағымдағы қаржы жылының 15 қыркүйегінен кешіктірмей ұсынады.
20. Тексеру комиссиясы бюджет жобасына бағалау жүргізу кезінде бюджет жобасы шығыстарының жалпыұлттық басымдықтарға, жергілікті бюджет шығыстарының басым бағыттарына, ең төмен стандарттарға, елді мекендер үшін өңірлік стандарттар жүйесіне, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларын бағалау нәтижелеріне, тексеру комиссиясының есепті қаржы жылындағы жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есебіне берген тұжырымдары мен ұсынымдарына сәйкестігіне назар аударады.
Ұсынылған құжаттардың және бағалау материалдарының дұрыстығы мен негізділігін растау қажет болған жағдайда тексеру комиссиясы бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне және бюджет процесінің басқа да қатысушыларына сұрау салулар жібереді және бағалау немесе мемлекеттік аудит объектісіндегі аудиторлық және сараптамалық-талдау іс-шараларының қорытындылары бойынша материалдарды пайдаланады.
4-тарау. Бағалау бойынша қорытындыны жасау және ұсыну
21. Бағалау бойынша қорытынды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган ұсынған бюджет жобасының негізінде жасалады және ұсынымдық сипатта болады.
22. Тексеру комиссиясы бағалау жөніндегі қорытындыны сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарына сәйкес қарайды және тексеру комиссиясының қаулысымен бекітіледі.
23. Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің жобасын алдын ала бағалау нәтижелері жергілікті бюджет жобасы тексеру комиссиясына енгізілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына және тиісті мәслихатқа ұсынылады.
24. Нақтыланған облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің жобасын алдын ала бағалау нәтижелері жергілікті бюджет жобасы тексеру комиссиясына енгізілген күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына және тиісті мәслихатқа ұсынылады.
25. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган тексеру комиссиясына облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті бекітілгеннен (нақтыланғаннан) кейін отыз жұмыс күні ішінде облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің жобасын бағалау жөніндегі қорытындыда көрсетілген ұсынымдарды орындау жөнінде қабылданған шаралар туралы ақпарат жібереді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 19 мамырдағы № 880 Жарлығына ҚОСЫМША |
Қазақстан Республикасы Президентінің күші жойылған кейбір жарлықтарының ТІЗБЕСІ
1. "Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингі және оның қорытындылары бойынша арнайы сыйлық беру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 24 қарашадағы № 590 Жарлығы.
2. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 1 маусымдағы № 57 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 19-тармағы.
3. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 28 қазандағы № 195 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 24-тармағы.
4. "Қазақстан Республикасы Президентінің "Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi туралы ереженi бекiту туралы" 2002 жылғы 5 тамыздағы № 917 және "Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингі және оның қорытындылары бойынша арнайы сыйлық беру туралы" 2017 жылғы 24 қарашадағы № 590 жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 11 ақпандағы № 507 Жарлығы.
5. "Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы № 5 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістердің 17-тармағы.
6. "Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингі және оның қорытындылары бойынша арнайы сыйлық беру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 24 қарашадағы № 590 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 16 мамырдағы № 221 Жарлығы.
7. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 29 маусымдағы № 591 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 12-тармағы.
8. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 12 ақпандағы № 779 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 10-тармағы.