ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Қазақстан Республикасының адам құқықтары саласындағы одан әрі шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 9 маусымдағы № 597 Жарлығына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) мынадай жұмыс бағыттарын көздейтін Адам құқықтары және заң үстемдігі саласындағы одан әрі шаралар жоспары (бұдан әрі - Одан әрі шаралар жоспары) бекітілсін:
әйелдерге қатысты кемсітуді жою;
ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерін ілгерілету;
бірлесу бостандығы құқығы;
мүгедектігі бар адамдарға қатысты адам құқықтары;
адамның қылмыстық сот төрелігі, жазаны атқару және азаптаулар мен қатыгез іс-әрекеттердің алдын алу саласындағы құқықтары;
адам саудасы құрбандарының құқықтарын қамтамасыз ету;
мигранттарға, азаматтығы жоқ адамдарға және босқындарға қатысты адам құқықтары;
БҰҰ-ның органдарымен өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру;";
2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Іс-шаралар жоспарын және Одан әрі шаралар жоспарын іске асыруды қамтамасыз етсін;
3) жыл сайын 25 қаңтарға қарай жыл қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Іс-шаралар жоспарының және Одан әрі шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын;".
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енеді.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |