"Қазақстан Республикасының Президенті мен жергілікті әкімдерге уақытша қосымша өкілеттік беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Z933600_ Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын қорғау саласындағы мемлекеттік басқару органдарының қызметін ретке келтіру мақсатында қаулы етемін:
I. Қазақстан Республикасының заң актілеріне мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
1. "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы"
Қазақстан Республикасы Заңында (Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің
Жаршысы, 1992 ж., N 11-12, 286-құжат; N 24, 591-құжат):
1-баптың бірінші бөлігіндегі "мемлекеттік шекарасын қорғайды" деген
сөздер алып тасталсын;
6-баптың бірінші бөлігіндегі "және мемлекеттік шекараны қорғау" деген
сөздер алып тасталсын;
8-бап "ішкі" деген сөзден кейін "және шекара" деген сөздермен
толықтырылсын;
10-баптағы "шекара әскерлері және" деген сөздер алып тасталсын;
11-баптың бірінші бөлігіндегі "шекара әскерлеріне" деген сөздер алып
тасталсын;
13-1-баптың күші жойылған деп танылсын;
13-2-бап 13-1-бап деп есептелсін;
14-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Шекара әскерлеріне Қазақстан Республикасының мемлекеттік
шекарасын қорғауда көмек көрсетеді";
21-баптың бесінші абзацындағы "шекара әскерлері" деген сөздер алып
тасталсын;
26-баптың тоғызыншы бөлігіндегі "және мемлекеттік шекараны қорғау"
деген сөздер алып тасталсын;
28-баптың бірінші бөлігіндегі "шекара әскерлерін және" деген сөздер
алып тасталсын.
2. "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 9 сәуірдегі Z931500_ Заңының 6-бабының екінші бөлігіндегі (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., N 8, 202-құжат) "Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының" деген сөздерден кейін "Шекара әскерлері" деген сөздермен толықтырылсын.
3. "Қазақстан Республикасының Шекара әскерлері туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 13 қаңтардағы Z938000_ Заңында (Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., N 1, 3-құжат):
1-баптың бірінші бөлігіндегі "Шекара әскерлері Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздігі органдарының біртұтас жүйесіне енеді" деген сөздер алып тасталсын;
2-баптағы "заңдар" деген сөз "заң" деген сөзбен ауыстырылсын, "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары туралы" деген сөздер алып тасталсын;
3-баптағы "ұлттық қауіпсіздік органдары жүйесінің бірлігіне" деген сөздер алып тасталсын;
5-баптағы "Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының", "Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы", "Ұлттық қауіпсіздік комитетінің" деген сөздер тиісінше "Министрлер Кабинетінің", "Шекара әскерлерінің Қолбасшысы", "Шекара әскерлерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-бапта:
екінші бөлік алып тасталсын;
үшінші бөлік екінші бөлік деп есептелсін, ал "Ұлттық қауіпсіздік комитеті" деген сөздер "Мемлекеттік қаржы бақылау комитеті" деген сөздермен ауыстырылсын;
9-баптың бірінші бөлігіндегі "Ұлттық қауіпсіздік комитетінің" деген сөздер "Шекара әскерлері Қолбасшысының" деген сөздермен ауыстырылсын;
11-баптағы "Ұлттық қауіпсіздік органдары туралы" деген сөздер "Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы" деген сөздермен ауыстырылсын.
4. "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы Z939000_ Заңында (Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., N 2, 28-құжат):
6-бапта:
1-тармақтың екінші абзацы "Ішкі" деген сөзден кейін "және Шекара"
деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтың екінші абзацы "Ішкі" деген сөзден кейін "және Шекара"
деген сөздермен толықтырылсын.
II. Осы Жарлық жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Оқығандар:
Қасымбеков Б.
Балабекова Г.