Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының құрылымын жетілдіру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы. 1998 жылғы 31 тамыз N 4034

      Мемлекеттік органдарды ұстауға жұмсалатын бюджеттік шығындарды қысқарту және Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының құрылымын жетілдіру мақсатында қаулы етемін:

      1. Құрамынан Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің Шаруашылық басқармасын шығару жолымен Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы қайта құрылсын. P980822

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) Бір ай мерзім ішінде Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің Шаруашылық басқармасы қоғамның жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы жүз процент болатын "ШАРБ" жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - "ШАРБ" ЖАҚ-ы) етіп қайта құрсын. P001597
      2) Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі Шаруашылық басқармасының балансындағы тұрған мүлікті және қосымшаға сәйкес тізбе бойынша республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың, сондай-ақ өзге де ұйымдардың мүліктерін "ШАРБ" ЖАҚ-тың жарғылық капиталына мемлекеттің жарнасы ретінде беретін болсын.
      3) Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасына "ШАРБ" ЖАҚ-тың мемлекеттік акциялар пакетін иелену, пайдалану және басқару жөніндегі өкілеттік берсін.
      4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұрын шығарылған актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.

      3. Қазақстан Республикасы Президентінің мына актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 17 қазандағы "Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының құрылымын қайта құру туралы" N 3692 Жарлығының 1-тармағындағы "Ақмола қаласындағы Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының" деген сөздермен алмастырылсын.
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚР Президентінің 2000.04.21. N 378 жарлығымен .
      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасы
Президентінің    
1998 жылғы 31 тамыздағы
N 4034 Жарлығына 
қосымша     

"Шаруашылық басқармасы" ЖАҚ-на мүлкі берілетін мемлекеттік бюджетте тұратын республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен өзге де ұйымдардың
Тізбесі

      Құрамында:
      Бас мейманхана резиденциясы
      N 1-5 резиденциялар
      N 7 резиденция
      Қабылдау үйі
      Достық үйі
      "Қапшағай" резиденциясы
      бар Үкіметтік резиденциялардың біріккен дирекциясы
 
       "Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясы"
      республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын

      құрамында:
      N 6 резиденция
      N 8 резиденция
      N 9 резиденция
      Шағын резиденция
      Қазақстан Республикасы Президентінің
      Резиденциясындағы N 1 асхана
      "Жалын" рестораны 
      Саяжай шаруашылығы бар
      "Арман" демалыс үйі

      құрамында:
      мейманхана кешені
      Саяжай шаруашылығы бар
      "Алмалы" демалыс үйі
 
       "Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының
      Өндірістік пайдалану бірлестігі" республикалық мемлекеттік
      кәсіпорны
 
       "Іскер" халықаралық ынтымақтастық орталығы" республикалық
      мемлекеттік кәсіпорны
      N 1 автошаруашылық
      Қарашеңгел мемлекеттік аңшылық шаруашылығы
      Материалдық-техникалық қамтамасыз ету кәсіпорны

      Жөндеу-құрылыс басқармасы
      "Панфилов" мал тұқымын асылдандыру зауыты
      "Алатау" кеңшары
      "Тау күні" балалар сауықтыру лагері
      N 1 сәби үйі - бала бақшасы
      N 212 сәби үйі - бала бақшасы
      N 239 сәби үйі - бала бақшасы
      Ателье
      Кинобейне қызмет көрсету дирекциясы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады