--------------Қаулыдан үзінді-------------
Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келтiру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының кейбір нормативтiк құқықтық актiлерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қабылданған күнінен бастап қолданысқа енеді.
Төраға
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
жөніндегі агенттігі басқармасының
2004 жылғы 27 желтоқсандағы
N 392 қаулысына Қосымша
Күшi жойылды деп танылатын нормативтiк
құқықтық актiлердiң тiзбесi
9. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының 1997 жылғы 30 шiлдедегi N 113 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" 2000 жылғы 27 маусымдағы N 72 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1205 тiркелген, "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналында жарияланған, 2000 жыл, N 9)...
------------------------------------
Бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметтi реттеу және инвесторлардың құқықтарын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 13 қарашадағы N 3755
U973755_
жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы туралы ереженiң 4-тармағы 9) тармақшасының негiзiнде Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде 1997 жылғы 04 қыркүйекте 361 нөмiрмен тiркелген
V970361_
"Бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушыларына қойылатын талаптар туралы" Ұлттық комиссияның 1997 жылғы 30 шiлдедегi N 113 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн (Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногы жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлер жинағы, 1998 ж., II том, 104, 129, 141-беттер; "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналына қосымша, 2000 ж., 2(3), 15-бет):
1) мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Кастодиандық қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың өз капиталдарын есептеу Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң екiншi деңгейдегi банктерге арналған пруденциялық нормативтердi белгiлейтiн нормативтi құқықтық актiлерiне сәйкес жүргізiлетiндiгі белгiленсiн.".
2. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелген күнiнен бастап күшiне енетiндiгi белгiленсiн.
3. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Төраға қызметi - Талдау және стратегия басқармасы осы Қаулыны (ол күшiне енгiзiлгеннен кейiн) "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның, бағалы қағаздар рыногы кәсiпқой қатысушыларының өзiн-өзi реттейтiн ұйымдарының (оларға осы Қаулыны өз мүшелерiнiң назарына жеткiзу жөнiндегі мiндеттi жүктей отырып), "Бағалы қағаздар орталық депозитарийi" ЖАҚ-ның және "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгінiң назарына жеткiзсiн.
4. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқармасы:
1) осы Қаулыны (ол күшiне енгiзiлгеннен кейiн) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң және бағалы қағаздар рыногында кастодиандық қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың назарына жеткiзсiн;
2) осы Қаулыны (ол күшіне енгізілгеннен кейін) бағалы қағаздар рыногында кастодиандық қызметті жүзеге асыруға лицензия алуға ниет білдірген ұйымдардың назарына жеткізсін;
3) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.
Ұлттық комиссияның Төрағасы
Комиссияның мүшелері