Элиталық тұқым шаруашылығының кейбір мәселелері туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2000 жылғы 7 шілдедегі N 178 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 29 тамызда тіркелді. N 1236. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2008 жылғы 12 қыркүйектегі N 575 Бұйрығымен.

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2008 жылғы 12 қыркүйектегі N 575 Бұйрығымен.

      ------------------- Бұйрықтан үзінді --------------------

      "Тұқым шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының   6-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
       1. ...
      2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      3. ...
      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің м.а.                            М. Оразаев

Қазақстан Республикасы      
Ауыл шаруашылығы министрінің м.а.
2008 жылғы 12 қыркүйектегі   
N 575 бұйрығына         
қосымша              

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір күші жойылған бұйрықтарының тізбесі

      1. "Элиталық тұқым шаруашылығының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2000 жылғы 7 шілдедегі N 178 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1236 болып тіркелген).
      2. ...
      3. ...
      4. ...
      5. ...

      "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi туралы Қағиданы бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 16 қарашадағы N 1731 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi туралы Қағиданың 10 тармағының 7-тармақшасына сәйкес, элиталық тұқым шаруашылығы саласындағы қызметті ретке келтiру және оны мемлекеттiк қолдау мақсатында Бұйырамын:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) элиталық тұқым шаруашылығы саласында қызмет атқаратын заңды және жеке тұлғаларды аттестациялау Ережелерi;
      2) элиталық тұқым өндiрушi шаруашылық ретiнде аттестациялау туралы заңды немесе жеке тұлғаның өтiнiшiнiң үлгiсi;
      3) алынып тасталды ;
      4) элиталық тұқым өндiрушi шаруашылық статусын беру туралы куәлiк бланкiсiнiң үлгiсi бекiтiлсiн.
      Ескерту: 1-тармақ өзгертілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 29 сәуірдегі N 236 бұйрығымен .
       2. Тармақ алынып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 29 сәуірдегі N 236 бұйрығымен .
       3. Элиталық тұқым шаруашылығын қаржыландыру бағдарламасына беруге көзделiнген республикалық бюджеттiң қаражаты тек қана элиталық тұқым өндiрушi шаруашылық статусы бар заңды және жеке тұлғаларға тұқым өткiзудiң көрсетiлген лимит шегiнде бөлiнетiнi белгiленсiн.
      4. Құқықтық және ұйымдастыру жұмысы департаментi элиталық тұқым өндiрушi шаруашылық статусын беру туралы куәлiктiң 200 бланкiсiн дайындауды қамтамасыз етсiн.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Вице-Министр А.И. Мырзахметовке жүктелсін.
      6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы Министрінің
2000 жылдың 7 шілдедегі 
N 78 бұйрығымен    
бекітілген       

Элиталық тұқым шаруашылығы саласында қызмет атқаратын
заңды және жеке тұлғаларды аттестациялау
Ережелерi

1. Жалпы ережелер

      1. Бұл элиталық тұқым шаруашылығы саласында қызмет атқаратын заңды және жеке тұлғаларды аттестациялау Ережелерi (әрi қарай - Ережелер), элиталық тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi ретке келтiру мақсатында әзiрленген және заңды және жеке тұлғалардың сорт жаңарту мен сорт алмастыру мақсаттарында ауыл шаруашылығы дақылдарының элиталық тұқымдарын өндiру және өткiзу жөнiндегi элиталық тұқым өндiрушi шаруашылықтар (әрi қарай - элиттұқшарлар) статусына сәйкестiгiн аттестациялаудың шарттары мен тәртiбiн анықтайды.
 

      2. Элиттұқшар статусын алуға үмiткер заңды және жеке тұлғалар осы Ережелермен анықталатын бiлiктiлiк талаптарға сай болулары тиiс.
 

      3. Заңды және жеке тұлғаларды аттестаттауды олардың өтініштері негізінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен құрылған сараптамалық комиссия жүзеге асырады.
      Ескерту: 3-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2001 жылғы 19 қазандағы N 336 бұйрығымен , 2003 жылғы 29 сәуірдегі N 236 бұйрығымен .
 

      4. Тармақ өзгертілді, алынып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2001 жылғы 19 қазандағы N 336 бұйрығымен , 2003 жылғы 29 сәуірдегі N 236 бұйрығымен
 

      5. Элиттұқшарды аттестаттау нәтижесі бойынша сараптамалық комиссияның қорытындысы беріледі.
      Ескерту: 5-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 29 сәуірдегі N 236 бұйрығымен .
 

       6. Заңды және жеке тұлғаларға элиттұқшар статусын беру Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң бұйрығымен жүзеге асырылады. Элиттұқшар статусының болуы заңды және жеке тұлғаларға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен белгiленген өткiзу лимитi шегiнде жәрдемақы алуына құқық бередi. Тұқым өткiзу лимитi Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен әрбiр элиттұқшар үшiн облыстық ауыл шаруашылығы басқармаларының (департаменттерiнiң) ұсыныстары бойынша аудандастырылған және перспективтi сорттар тұқымдары элитасының нақты қажеттiлiгiне сәйкес және элиталық тұқымы жәрдемақылаудың бюджеттiк қаржыландыруын есепке ала отырып белгiленедi.
 

      7. Элиттұқшарларды қайта аттестациялау екi жылда 1 рет өткiзiледi.
      Қайта аттестаттау осы Ережеде бекітілген аттестаттау кезінде элиталық тұқым шаруашылығы мәртебесін алуға үміткер заңды және жеке тұлғаларға арналған талаптарға сәйкес жүргізіледі.
      Ескерту: 7-тармақ толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 29 сәуірдегі N 236 бұйрығымен .

2. Элиталық тұқым шаруашылығы саласында қызмет атқаратын заңды және жеке тұлғаларға қойылатын бiлiктiлiк талаптар

       8. Элиталық тұқым шаруашылығы саласында қызмет атқаратын заңды және жеке тұлғаларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарға мыналар қосылады:
      1) қаржы-шаруашылықтық қызмет көрсеткiштерiнiң осындай шаруашылықтарға қойылатын бекiтiлген ең төменгi талаптарға сәйкестiгi (1 қосымша);
      2) әрбiр ауыспалы егiс бойынша агротехника жүйесi, тұқымдардың механикалық және биологиялық ластануын болдырмау үшiн дақылдардың орналастырылуы әзiрленген енгiзiлген және игерiлген тұқым шаруашылықтық ауыспалы егiстердiң болуы;
      3) дақылдар мен сорттар бойынша сорт жаңарту жоспарының болуы;
      4) аудандастырылғандардың тiзбесiне енгiзiлген сорттардың тұқымдарын өсiру тәсiмiнiң болуы;
      5) тұқымдықты өсiру жұмыстарының барлық түрлерi мен оның сапалық көрсеткiштерi көрсетiлген құжаттаманың есепке алынуы мен жүргiзiлуiн ұйымдастыру;
      6) аудандастырылған және перспективтi сорттардың негiзгi тұқымдығының (түпнұсқалық тұқымның) элиталық тұқымды жоспарланған мөлшерде өндiруге қажеттi көлемде және ассортиментте болуы;
      7) тұқымдық шаруашылықтың түпкiлiктi бөлiмшелерiнде ең төменгi талаптарға сәйкес сақтық және тұқымдық қорларының болуы;
      8) қажеттi ауыл шаруашылығы техникасының тұқымның жоспарланған көлемiн алу үшiн агротехникалық жұмыстарды дер кезiнде және сапалы түрде өткiзудi қамтамасыз ететiн мөлшерде болуы;
      9) маусымдық өнiмдiлiгi элиталық тұқымның жоспарлы көлемiн оңтайлы мерзiмде дайындауды қамтамасыз ететiн тұқым тазартатын түзу машиналардың болуы;
      10) мамандандырылған қырмандардың, төбесi жабық асфальтталған
алаңдардың, араласып кетпейтiндей қылып тұқымдардың партияларын қоюға болатын қоймалардың болуы;
      11) өз шаруашылығындағы өткiзiлген және пайдаланылған тұқымдардың көлемiнiң, шығу тегiнiң және олардың сорттық, себулiк қасиеттерiнiң қатал есебiн ұйымдастыру;
      12) тұқым шаруашылығындағы есеп мәлiметтерiнiң бес жылдан кем емес аралықта сақталуын ұйымдастыру;
      13) жоспарланған жұмыстар көлемiн бiлiктi атқару үшiн, штат кестесiмен көзделген арнайы сәйкес бiлiмi бар мамандардың санының болуы;
      14) элиттұқшардың материалды-техникалық базасының өндiрiстiк қызмет жасауға жарамдылығын бiлдiретiн, өрт бақылаушы органдардың қорытындысының болуы;
      15) карантиндi объектiлердiң жоқтығы туралы өсiмдiктер карантинi мемлекеттiк инспекторының қорытындысының болуы;
      16) өндiрiстiк базаның экология және адамдар денсаулығы қауiпсiздiгiнiң талаптарына сәйкестiгi туралы санитарлық және экологиялық бақылау органдарының қорытындысының болуы.

3. Аттестациялау тәртiбi

      9. Элиттұқшар статусын алу үшiн заңды және жеке тұлғалар Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң сәйкес келетiн облыстық аумақтық басқармаларына келесi құжаттарды көрсетедi:
      1) белгiленген үлгi бойынша өтiнiш;
      2) заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiгiнiң нотариальды куәландырылған көшiрмесi және жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттардың нотариальды куәландырылған көшiрмесi;
      3) жердi пайдалану құқығы бар мемлекеттiк актiнiң нотариальды куәландырылған көшiрмесi;
      4) заңды немесе жеке тұлғаның осы Ережелердiң 2-шi тарауында баяндалған бiлiктiлiк талаптарға сәйкестiгiн растайтын құжаттар.
 

      10. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық аумақтық басқармалары заңды және жеке тұлғалардан аттестаттауға өтініш түскен күннен бастап он сегіз жұмыс күні ішінде ұсынылатын құжаттарын зерделейді және орынға барып заңды және жеке тұлғалардың біліктілік талабына элиталық тұқым шаруашылығы облысында қызметін жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға ұсынатын сәйкестік деңгейін анықтайды.
      Ескерту: 10-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2001 жылғы 19 қазандағы N 336 бұйрығымен .
 

      10-1. Сараптамалық Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық аумақтық басқармасы 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тексеру негізінде заңды немесе жеке тұлғаның элиталық тұқым шаруашылығы облысында қызметін жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға ұсынатын біліктілік талаптарының сәйкестігін тексеру актісі жасалады.
      Ескерту: 10-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2001 жылғы 19 қазандағы N 336 бұйрығымен , 2003 жылғы 29 сәуірдегі N 236 бұйрығымен .
 

       10-2. Осы ереженің 9 және 10-1-тармақтарында аталған құжаттарды Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық аумақтық органы, жұмыс тобы заңды немесе жеке тұлғаны тексеріп болған күннен бастап он екі жұмыс күні ішінде сараптама комиссиясының мекен-жайына жібереді.
      Ескерту: 10-2-тармақпен толықтырылды, өзгертілді - ҚР Ауыл шаруашылығы   министрінің 2001 жылғы 19 қазандағы N 336 бұйрығымен , 2003 жылғы 29 сәуірдегі N 236 бұйрығымен .
 

       11. Тармақ алынып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2001 жылғы 19 қазандағы N 336 бұйрығымен
 

      12. Сараптама комиссиясы Ауыл шаруашылығы министрлігінің аумақтық органынан құжаттар келгеннен кейiн он күндiк мерзiм iшiнде тұрған жерiне шығу арқылы ұсынылған құжаттарды зерттеп бiледi, мәлiмдеушiнiң бiлiктiлiк талаптарға сәйкестiгiн тексередi, сараптамалық қорытынды шығарады және оны сәйкес шешiм қабылдау үшiн Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiне көрсетедi.
      Ескерту: 12-тармақ өзгертілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2001 жылғы 19 қазандағы N 336 бұйрығымен , 2003 жылғы 29 сәуірдегі N 236 бұйрығымен
 

      13. Сараптама комиссиясының дұрыс қорытындысын алған заңды және жеке тұлғаларға Ауыл шаруашылығы министрiнiң бұйрығымен элиттұқшар статусы берiледi және белгiленген үлгiдегi куәлiк берiледi.
      Ескерту: 13-тармақ өзгертілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 29 сәуірдегі N 236 бұйрығымен .
 

      14. Жыл iшiнде бiлiктiлiк талаптарының қайсыбiр тармағын сақтамау, элиталық тұқымдарды өндiру және өткiзу қызметi технологиясында жолсыздықтар, өткiзiлетiн элиталық тұқымдардың сапасын бұрмалау аңғарылса Ауыл шаруашылығы министрлiгi сараптама комиссиясын тартуға және, жоғарыда аталған деректер расталса, шаруашылықты элиттұқшар статусынан айыруға құқығы бар.
      Ескерту: 14-тармақ өзгертілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 29 сәуірдегі N 236 бұйрығымен .
 

      15. Заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы немесе таратылуы, жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметін тоқтатуы оның қайта аттестациялануының немесе элиттұқшар статусынан айырудың негізі болып табылады.

Элиталық тұқым шаруашылығы саласында  
қызмет атқаратын заңды және жеке    
тұлғаларды аттестаттау ережесіне    
1-қосымша               

      Ескерту: Қосымша 1 өзгертілді, жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2001 жылғы 19 қазандағы N 336 бұйрығымен , 2003 жылғы 29 сәуірдегі N 236 бұйрығымен .

Элиталық тұқым шаруашылығы мәртебесін алуға үміткер
заңды және жеке тұлғаларға қойылатын ең төмен талаптар

------------------------------------------------------------------
             Негізгі өлшемдер            ! Ең төмен көрсеткіштер
------------------------------------------------------------------
Егістік жер құрылымындағы сүрі жерлердің      20-дан төмен емес
соңғы үш жылдағы алқабы (суармалы
жерлерге талаптар жүрмейді;
астықты-отамалы дақылды ауыспалы
егістерде сүрі жерлерді көпжылдық
шөптердің қыртысымен ауыстыруға болады),
%

Айналым саны бар енгізілген және                      1
игерілген тұқымдық ауыспалы егістердің
бар болуы, кем емес

Жалпы егіс алқабындағы тұқымдық егістің         25-ден кем емес
жеке салмағы, %

Соңғы үш жыл ішіндегі өнімділік, Ц/га           орташа облыс
                                               бойыншадағыдан жоғары

Тұқым шаруашылығы бойынша жұмыс                 4-тен кем емес
тәжірибесі, жыл

Қызметінің негізгі түрінің (элиталық           25-тен кем емес
тұқым шаруашылығы) жалпы өндіріс
көлеміндегі жеке салмағы, %

Тұқым шаруашылығы жүргізілетін өңделетін        4-тен көп емес
дақылдардың саны

Әр дақыл бойынша аттестаттау мәніне
сәйкес тұқым шаруашылығы жүргізілетін           3-тен көп емес сорттардың саны

Сақтандыру қорының болуы, суперэлитаны
егуге қажеттіктен %:
            алғашқы бөлімшелердің                     100
            суперэлитаның                             50
------------------------------------------------------------------

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы Министрінің
2000 жылдың 7 шілде N 178
бұйрығымен бекітілген  

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне
____________________________________________________________________
   (заңды тұлғаның толық аты немесе жеке тұлғаның фамилиясы, аты,
әкесінің аты)

Өтініш

_________________________________________________________________
              (дақылдың, сорттың аты көрсетілсін)    

      элиталық тұқымын өндіретін және өткізетін элиталық тұқым
өндіруші шаруашылық статусын беруді және аттестация жүргізуді сұраймын.

     Заңды немесе жеке тұлға туралы мәліметтер:
     1. Жеке меншік түрі ___________________________________________
     2. Құрылған жылы ______________________________________________
     3. Тіркеу туралы куәлік немесе жеке басының куәлігі____________

   _________________________________________________________________
                     (N, кім берген, қашан берілген)

     4. Мекен-жайы__________________________________________________
   _________________________________________________________________
(индексі, қаласы, ауданы, облысы, көшесі, үйдің N-і. телефоны,факсы)

     5. Есеп-шоты __________________________________________________
                      (N-і, банктің аты мен тұрған жері)
   _________________________________________________________________
     6. Қоса беріліп отырған құжаттар:______________________________
   _________________________________________________________________
                    (біліктілік талаптарға сәйкес)
   _________________________________________________________________

     Басшы _________________          _____________________________
             (қолы)                  (фамилиясы, аты, әкесінің аты)

     Мөр орны                           "___"________ 200__ж.

     Өтініш "___"___________ 200___ ж. қарауға қабылданды.

   _________________________________________________________________
       (өтінішті қабылдаған жауапты адамның қолы, фамилиясы, аты,
                               әкесінің аты)    _________________________________________________________________

Элиталық тұқым шаруашылығы саласында  
қызмет атқаратын заңды және жеке    
тұлғаларды аттестаттау ережесіне    
2-қосымша               

      Ескерту: Қосымша жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 29 сәуірдегі N 236 бұйрығымен .

Заңды және жеке тұлғаның элиталық тұқым шаруашылығы
саласында қызмет атқаратын заңды және жеке тұлғаларға
қойылатын біліктілік талаптарға сәйкестігін зерттеудің
2003 жылғы "___" _________ N ____
АКТІСІ

      ___________________________________________________________
_________________________________________________________________
      (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
              облыстық аумақтық басқармасының атауы)

_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
     (заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның Ф.А.Ә.)

_________________________________________________________________
                 (дақылдардың, сорттардың атауы)

элиталық тұқымын өндіру және сату жөніндегі элиталық тұқым өндіруші
шаруашылық мәртебесіне сәйкестігін зерттеу нәтижелері туралы осы
актіні жасады.
      Зерттеу нәтижесінде белгілі болғаны:
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
________________________________________________
      Қорытынды:
      ____________________________________________________________
___________________________________________________________

      Қолдар:

      АШМ облаумбасқармасы бастығы             Ф.А.Ә., қолы, мөрі

      АШМ облаумбасқармасы тұқым инспекторы    Ф.А.Ә., қолы

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы Министрінің
2000 жылдың 7 шілде    
N 178 бұйрығымен     
бекітілген         

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі

Куәлік
N ______

     Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ________
   __________ жылғы _____________________ N _____ бұйрығына сәйкес
   _______________________________________________________________
                    (дақылдың түрі)

     элиталық тұқымын өндіретін және өткізетін элиталық тұқым
өндіруші шаруашылық статусы берілген
___________________________________________________________ берілді.
(заңды тұлғаның толық аты немесе жеке тұлғаның Ф.А.Ә.а.)

     Ф.А.Ә.а. __________________________   ____________
                                                 (қолы)
     Лауазымы _________________________________________

     Берілген күні: "____" _______________ 200 ___ ж.      

      М.О.
                          Астана қаласы           

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады