Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2008 жылғы 12 қыркүйектегі N 575 Бұйрығымен.
------------------- Бұйрықтан үзінді --------------------
"Тұқым шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
6-бабына
сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. ...
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. ...
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің м.а. М. Оразаев
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің м.а.
2008 жылғы 12 қыркүйектегі
N 575 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір күші жойылған бұйрықтарының тізбесі
1. ...
2. "Элиталық тұқым шаруашылығының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2000 жылғы 7 шілдедегі N 178 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2001 жылғы 19 қазандағы N 336
бұйрығы
(Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1693 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2002 ж., N 12, 558-бет).
3. ...
4. ...
5.
...
"Астық туралы"
Z010143_
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы N 1731
P991731_
қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеге сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қосымшаға сәйкес "Элиталық тұқым шаруашылығының кейбір мәселелері туралы" Ауыл шаруашылығы министрінің 2000 жылғы 7 шілдедегі N 178
V001236_
бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін. 2. Астық департаменті (Б.К. Боранғазиев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін және осы бұйрықтан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Егіншілік және Астық департаменттеріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді. Министр Қосымша Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Ауыл шаруашылығы Бірінші Вице Министрі министрінің бұйрығына 3 желтоқсан 2001 ж. 19 қазан 2001 ж. келісілген N 336 "Элиталық тұқым шаруашылығының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2000 жылғы 7 шілдедегі N 178 бұйрығына енгізілетін, өзгерістер мен толықтырулар
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Элиталық тұқым шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларды аттестаттаудың ережесінде:
3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Заңды және жеке тұлғаларды аттестаттауды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Білім және ғылым министрлігі бірлесіп құрған Ведомствоаралық сараптама комиссиясы олардың тапсырыстары негізінде жүзеге асырады";
4-тармақта: "оның облыстық аумақтық басқармаларының мамандары және келісім бойынша әкімдердің облыстық ауыл шаруашылығы басқармаларының (департаменттерінің), ғылыми-зерттеу мекемелерінің" деген сөздер алып тасталсын;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық аумақтық басқармалары заңды және жеке тұлғалардан аттестаттауға өтініш түскен күннен бастап он сегіз жұмыс күні ішінде ұсынылатын құжаттарын зерделейді және орынға барып заңды және жеке тұлғалардың біліктілік талабына элиталық тұқым шаруашылығы облысында қызметін жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға ұсынатын сәйкестік деңгейін анықтайды";
мынадай мазмұндағы 10-1-10-2-тармақтармен толықтырылсын:
"10-1. Сараптамалық тексеру негізінде заңды немесе жеке тұлғаның элиталық тұқым шаруашылығы облысында қызметін жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға ұсынатын біліктілік талаптарының сәйкестігін тексеру актісі жасалады.
10-2. Осы ереженің 9 және 10-1-тармақтарында аталған құжаттарды Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық аумақтық органы, жұмыс тобы заңды немесе жеке тұлғаны тексеріп болған күннен бастап он екі жұмыс күні ішінде Ведомствоаралық сараптама комиссиясының мекен-жайына жібереді;"
11-тармақ алынып тасталсын;
12-тармақта "жергілікті жерге барып ол құрылғаннан" деген сөздер "Ауыл шаруашылығы министрлігінің аумақтық органынан құжаттар келгеннен" деген сөзбен ауыстырылсын.
Көрсетілген ережеге 1-қосымшада:
"Соңғы үш жылдағы егістік құрылымындағы парлар алаңы, % 25-тен кем емес" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: "Соңғы үш жылдағы егістік құрылымындағы парлар алаңы, % суарылатын жерге талап таратылмайды; дәнді-отамалы ауыспалы егістерде сүрі жерді көп жылдық шөптердің қыртысымен ауыстыруға рұқсат етіледі 20-дан кем емес";
"Жалпы өндіріс көлеміндегі негізгі қызмет түрінің жеке салмағы (егер шаруашылықтың асыл тұқымдық статусы болса, онда асыл тұқымды өнім өндіру көлемі осы көлемге енеді), % 50-ден кем емес" деген жол "Жалпы өндіріс көлеміндегі негізгі қызмет түрінің жеке салмағы (элиталық тұқым шаруашылығы), % 25-тен кем емес"; "Тұқым шаруашылығы жүргізілетін дақылдардың саны" жолындағы "3" деген сан "4" деген санмен ауыстырылсын. Мамандар: Омарбекова А.Т. Икебаева Ә.Ж.