Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімінің 2009 жылғы 14 қыркүйектегі N 3 шешімімен.
Облыс әкiмiнiң 2000 жылғы 5 сәуiрдегi "2000 жылы шаруа (фермер) қожалықтары мен басқа да ауылшаруашылық құрылымдары басшыларын шаруашылықты жүргiзудiң нарықтық әдiстерiне баулу жөнiнде семинарлар ұйымдастыру туралы" N 79 және 2000 жылғы 7 шiлдедегi "Павлодартелерадио" мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорынның кейбiр мәселелерi туралы" N 153 шешiмдерiн орындау мақсатында, сондай-ақ жаңа бюджеттiк бағдарламаларды қаржыландыруды қамтамасыз ету үшiн ШЕШIМ қабылдаймын:
Облыс әкiмiнiң 2000 жылғы 5 сәуiрдегi N 78, 2000 жылғы 4 мамырдағы N 112, 2000 жылғы 19 шiлдедегi N 167 және 2000 жылғы 18 қыркүйектегi N 217 шешiмдерiмен өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген облыс әкiмiнiң 2000 жылғы 19 қаңтардағы "Облыс бюджетiнен қаржыландырылатын бағдарламалар мен кiшi бағдарламалардың тiзбесi туралы" N 17 шешiмiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
жоғарыда аталған шешiммен бекiтiлген қосымшада:
3-тармағының 3, 4, 5-бағандары тиiсiнше мынадай мазмұнындағы жолдармен толықтырылсын:
8.3.105.47.00"; "Жергiлiктi деңгейде теледидар арқылы мемлекеттiк ақпараттандыру саясатын жүргiзу"; "Мемлекеттiк тапсырыс";
"10.9.105.36.00"; "Топограф-геодезиялық жоспарларды құру мен жаңарту"; "Мемлекеттiк тапсырыс";
13-тармағының 3, 4, 5-бағандары тиiсiнше мынадай мазмұнындағы жолмен толықтырылсын:
"13.3.272.31.00"; "Жергiлiктi деңгейде шағын кәсiпкерлiктi қолдауды ұйымдастыру"; "Мемлекеттiк тапсырыс".
Облыс әкімі