Жергiлiктi автомобиль жолдарының торабын кеңейту туралы

Күшін жойған

II шақыралған Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының III сессиясының 2000 жылғы 28 наурыздағы N 3/9-II шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет басқармасында 2000 жылғы 20 сәуірде N 305 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 03 шілдедегі № 4/63-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2012.07.03 № 4/63-V шешімімен.

      Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық iстер жөнiндегi алқасының 1997 жылғы 4 ақпанда мемлекеттiк акционерлiк "Белогор тау кен-байыту комбинаты" қоғамының банкроттығы туралы iс қозғауына байланысты ұзақтығы 7 км "Төменгi Тайынты-Ақтау кентi" автомобиль жолы иесiз қалды.
      "Турбазаға кiрме" автомобиль жолы облыстың жергiлiктi жолдар жүйесiне енгiзiлмеген және оны ешкiм қызметпен қамтымайды. Қазiргi кезде, бiздiң облыста спорт пен туризмнiң дамуына, Олимпиадалық резервтiң таушаңғылық базасын құруға, осы бағыт бойынша қозғалыс жиiлiгiнiң артуына байланысты осы жолды қызметпен қамту қажеттiлiгi туындады. "Қазақстан Республикасы жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 40-шы бабына негiзделе және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 21 ақпандағы N 221 Қаулысы мен зерттеу актiсiне сәйкес ШҚ облыстық Мәслихаты ШЕШТI:
      Жергiлiктi автомобиль жолдары торабына мыналар енгiзiлсiн:
      1) ұзақтығы 7 км "Төменгi Тайынты - Ақтау кентi" автомобиль жолы;
      2) ұзақтығы 8 км "Турбазаға кiрме" автомобиль жолы.

 
      III Сессиясының төрағасы:

      Облмәслихат хатшысы:

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады