Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2010.11.01 № 88 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасындағы екiншi деңгейдегi банктердiң қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Пруденциалдық нормативтер туралы ереже жөнiнде" 1997 жылғы 23 мамырдағы N 219 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енедi.
3. Банктердi және сақтандыруды қадағалау департаментi (Мекiшев А.А.):
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Төрағасы Г.А. Марченкоға жүктелсiн.
Ұлттық Банк
Төрағасы
"Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасының
"Пруденциалдық нормативтер
туралы ереже жөнiнде"
1997 жылғы 23 мамырдағы
N 219 қаулысына өзгерістер мен
толықтырулар енгiзу туралы"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасының
2001 жылғы 23 қарашадағы
N 460 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Пруденциалдық нормативтер туралы ереже жөнiнде" 1997 жылғы 23 мамырдағы N 219 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Пруденциалдық нормативтер туралы ереже жөнiнде" 1997 жылғы 23 мамырдағы N 219 қаулысының:
Бұл өзгерiстердiң қазақ тiлiндегi мәтiнiне қатысы жоқ.
Аталған қаулымен бекiтiлген пруденциалдық нормативтер туралы ереженiң:
"1. Ең төменгi" деген сөздер "1-тарау. Ең төменгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
"1.1", "1.2", "2.1", "2.2", "2.3", "2.4", "2.5", "2.6", "3.1", "3.2", "3.3", "3.4", "3.5", "5.1", "5.2", "5.3", "5.4", "6.1" тармақтарының нөмiрленуi тиiсiнше "1", "2", "3", "4", "5", "6", "7", "8", "9", "10", "11", "12", "13", "15", "16", "17", "18", "19" нөмiрленуiмен ауыстырылсын;
"2. Коэффициент" деген сөздер "2-тарау. Коэффициент" деген сөздермен ауыстырылсын;
2.2-тармақтағы "а)", "б)", "в)", "г)", "д)", "е)" тармақшаларының нөмiрленуi тиiсiнше "1)", "2)", "3)", "4)", "5)", "6)" нөмiрленуiмен ауыстырылсын;
2.3-тармақтағы "а)", "б)", "в)", "г)" тармақшаларының нөмiрленуi тиiсiнше "1)", "2)", "3)", "4)" нөмiрленуiмен ауыстырылсын;
2.6-тармақтағы "2.1-т." деген сөздер "3-тармаққа" деген сөздермен ауыстырылсын;
"3. Ең жоғары" деген сөздер "3-тарау. Ең жоғары" деген сөздермен ауыстырылсын;
3.1-тармақтағы "а)", "б)", "в)", "г)", "д)" тармақшаларының нөмiрленуi тиiсiнше "1)", "2)", "3)", "4)", "5)" нөмiрленуiмен ауыстырылсын;
3.2-тармақтың екiншi азатжолы мына редакцияда жазылсын:
"Бiр заемшыға тәуекелдiң ең жоғары мөлшерiн есептеген кезде Ұлттық Банкке және Standard & Рооrs немесе Fitch агенттiктерiнiң "ВВВ-" немесе ;Мооdу's Investors Service агенттiгiнiң "ВааЗ" рейтингiнен кем болмайтын ұзақ мерзiмдi кредиттiк рейтингi бар банктерге ашық корреспонденттiк есепшоттар бойынша талаптар есептелмейдi.";
3.3-тармақтағы "а)", "б)", "в)" тармақшаларының нөмiрленуi тиiсiнше "1)", "2)", "3)" нөмiрленуiмен ауыстырылсын;
"4. Коэффициент" деген сөздер "4-тарау. Коэффициент" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тарауда:
бiрiншi азатжолындағы "Бақылау мақсатында" деген сөздердiң алдында
"14." деген санмен толықтырылсын; бесiншi азатжолындағы "Ұлттық Банктiң" деген сөздерден кейiн ", қайта сатып алу шарттарында сатып алынған бағалы қағаздардан басқа" деген сөздермен толықтырылсын;
"5. Лимиттер" деген сөздер "5-тарау. Лимиттер" деген сөздермен ауыстырылсын;
"6. Коэффициент" деген сөздер "6-тарау. Коэффициент" деген сөздермен ауыстырылсын;
6. 1-тармақтағы "а)", "б)", "в)", "г)", "д)", "е)", "ж)", "з)", "и)" тармақшаларының нөмiрленуi тиiсiнше "1)", "2)", "3)", "4)", "5)", "6", "7", "8", "9" нөмiрленуiмен ауыстырылсын;
6-тараудан кейiн "7-тарау. Қорытынды ережелер" деген сөздермен толықтырылсын;
7-тараудағы "7", "8", "9" нөмiрленуi тиiсiнше "20", "21", "22" нөмiрленуiмен ауыстырылсын.
Мамандар:
Омарбекова А.Т.
Жұманазарова А.Б.