Қарағанды облысы Приозерск қаласының әкiмдiк резервiсiнiң қаражатын пайдаланудың Қағидасын бекiту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Приозерск қаласы әкімдігінің 2002 жылғы 26 қарашадағы N 14/6 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет басқармасында 2002 жылғы 23 желтоқсанда N 1037 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 26 маусымдағы N 25/11 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қаласы әкімдігінің 26.06.2014 N 25/11 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi "Бюджет жүйесi туралы" N 357-1 Қазақстан Республикасының Заңы, 2001 жылдың 23 қаңтарындағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" N 148-II Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 18 қыркүйектегi "Қазақстан Республикасының Үкiметi резервiнiң қаражатын пайдаланудың тәртiбiн бекiту туралы" N 1408 қаулысын iске асыру мақсатында және "Қарағанды облысы әкiмияты резервiнiң қаражатын пайдаланудың Қағидасын бекiту туралы" N 07/03 2002 жылғы 2 тамыздағы Қарағанды облысы әкiмдiгiнiң қаулысы негiзiнде Қарағанды облысы Приозерск қаласының әкiмдiгi қаулы етедi:
      1. Приозерск қаласының әкiмдiк резервiсiнiң қаражатын пайдаланудың Қағидасы бекiтiлсiн (1 қосымша).
      2. Осы қаулы 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енедi.
      3. 2002 жылғы 22 қазандағы N 12/4 "Қарағанды облысы Приозерск қаласының әкiмдiк резервiсiнiң қаражатын пайдаланудың Қағидасын бекiту туралы" Приозерск қаласы әкiмдiгiнiң қаулысының күшi жойылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау әкiм орынбасары Н.Н. Бiкiровке жүктелсiн.

      Қала әкімі                                 С. Медеубаев

Қарағанды облысы
Приозерск қала әкiмдiгiнiң
2002 жылғы 26 қарашадағы
N 14/6 қаулысына
1 қосымша

Қарағанды облысы Приозерск қаласының әкiмдiк резервiсiнiң қаражатын пайдаланудың
Қағидасы

      Осы қағида Қарағанды облысы Приозерск қала әкiмдiгiнiң резервiсiнiң қаражатын бөлудiң және пайдаланудың ретiн белгiлейдi.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы қағида мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      қала әкiмдiгiнiң резервiсi - тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджетте көзделген және бiр жолғы сипаттағы көлденең шығыстарды қаржыландыру үшiн қалалық әкiмдiк қаулысы бойынша бөлiнетiн қаражат;
      көлденең шығыстар - ағымдағы қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттi қалыптастыру кезiнде күнi бұрын жоспарлау мүмкiн емес және ағымдағы қаржы жылында кейiнге қалдырмай қаржыландыруды талап ететiн шығыстар; қалалық бюджеттен қаржыландыратын қала әкiмдiгi мен атқарушы органдардың мiндеттерiн өтеу үшiн қала әкiмдiк резервiсiнiң құрамындағы көзделген және сот шешiмдерi бойынше, атқарушы органдардың мiндеттерiн өтеу үшiн;
      қала әкiмдiгiнiң резервiсiнiң қаражатын алушы - жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi немесе қала әкiмi.
      2. Қала әкiмдiгiнiң резервiсiнiң қаражаты есебiнен қаржыландыратын бiр жолғы сипаттағы көлденең шығыстарға келесi шаралар:
      1) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жаю, бұған кiретiндер:
      төтенше жағдайлардың пайда болу нәтижесiнде зардап шекендерге материалдық көмек көрсету;
      зардап шеккендер үшiн уақытша тұруға және тамақтануға орындар дайындау және ұстау;
      шұғыл қимыл жасайтын авариялық-құтқару және авариялық-қалпына келтiру бөлiмшелерiн техникалық құтқару құралдарымен, жабдықтарымен және жарақтарымен қосымша жарақтандыру;
      төтенше жағдайлар аймағына күштер мен құралдардың тасымалдануын қамтамасыз ету;
      2) сот шешiмдерi бойынша қала әкiмдiгiнiң жергiлiктi бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органдардың мiндеттемелерiн өтеу;
      3) қала әкiмдiгiнiң қаулысымен айқындалатын өзге де күтiлмеген шығыстар жатады.

2. Қала әкiмдiгiнiң резервiсiнiң қаражатын бөлудiң және пайдаланудың тәртiбi

      3. Қала әкiмдiгiнiң резервiсiнен қаражат бөлудi, қала әкiмдiгiнiң қаулысы негiзiнде, заңдармен белгiленген тәртiппен жүргiзiлетiн қаржыландыруды ашу арқылы, тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттiң шығыстарының құрамында осы мақсаттарға бекiтiлген мөлшерлер шегiнде Қаржы бөлiмi жүзеге асырады, онда алушы, бөлiнетiн қаражаттың көлемi мен оларды берудiң шарттары мен қайтарудың мерзiмдерi көрсетiледi.
      4. Қала әкiмдiгiнiң резервiсiнiң қаражатының қатаң арнаулы мақсаты болады және осы Қағида мен қала әкiмдiк резервтен қаражат бөлу туралы қаулысында көзделмеген мұқтаждарға пайдалануға болмайды.
      5. Қала әкiмдiгiнiң резервiсiнен қаражат бөлу туралы қала әкiмдiгiнiң қаулысын дайындаған кезде мынадай шарттар:
      1) жергiлiктi бюджетте ағымдағы қаржы жылына арналған бөлiнетiн ақшаның болмауы;
      2) сот шешiмдерi бойынша қала әкiмдiгi мен атқарушы органдарының мiндеттемелерiн өтеу жағдайларын қоспағанда, қала әкiмдiгiнiң резервiсi қаражатына қажеттiлiк ағымдағы қаржы жылында пайда болуы және олардың қажеттiлiгi алушының мiндеттемелерiмен байланысты болмауы ескерiледi.
      6. Резервтен қаражат бөлу туралы қала әкiмдiгiнiң қаулысы, қала әкiмдiгiнiң тиiстi қаулысы негiзiнде жыл аяқталғанға дейiн күшiн жояды.

3. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға қаражат бөлу

      7. Жергiлiктi ауқымдағы табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою қала әкiмдiгiнiң резерв қаражаты есебiнен қаржыландыруға тиiстi.
      8. Төтенше жағдайлардың салдарынан, оның ауқымы мен таралу аймағын жою үшiн, қала әкiмдiгiнiң резервiсiнен табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою бойынша шараларды қаржыландыру жергiлiктi атқарушы органдарда қаражаттар мен ресурстар жетiспеген жағдайда жүзеге асады.
      9. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындағанда, резервтен қаражат бөлу туралы айқындалған тәртiппен берiлетiн негiзделген материалдар мен олардың тiзiмдемелерiн Қаржы бөлiмi қарайды және табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою қажет кезде Қаржы бөлiмiнiң келiсiмi бойынша төтенше жағдайларды жоюға арналған қаражат мәжiлiсiне тапсырады.

4. Сот шешiмдерi бойынша қала әкiмдiгi мен атқарушы органдарының мiндеттемелерiн өтеуге қаражат бөлу

      10. Сот шешiмдерi бойынша қала әкiмдiгiнiң, атқарушы органдарының мiндеттемелерiн өтеу, соттың атқарушы құжаттары болған жағдайда қала әкiмдiгiнiң қаражаты есебiнен қамтамасыз етiледi. Қолданыстағы заңдардағы көзделген негiздемелер болған жағдайда сот шешiмдерi бойынша төлемдер жүргiзуге мiндеттi жергiлiктi бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органдар аталған шешiмдерге барлық сот сатыларында шағым беруге тиiс.
      Атқарушы органдар шағым берiлген сот келiсiмдерiнiң көшiрмелерiн жергiлiктi бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсiне беруi тиiс.
      Атқарушы органдар өздерiнiң заңсыз iс әрекеттерi үшiн оларға "Әкiмшiлiк шығыстар" бағдарламасы бойынша бөлiнген ақшамен жауап бередi.
      11. Қала әкiмдiгiнiң мiндеттемелерiн өтеуге қала әкiмдiгiнiң резервiсiнен қаражат бөлу туралы қала әкiмдiгi қаулысының жобасын белгiленген заңдылықтар тәртiбiмен Қаржы бөлiмi дайындайды.
      12. Атқарушы органдардың мiндеттемелерiн өтеуге қала әкiмдiгiнiң резервiсiнен қаражат бөлу туралы қала әкiмдiгiнiң қаулысының жобасын белгiленген заңдылықтар тәртiбiмен Қаржы бөлiмiмен келiсiп дайындайды және қала әкiмдiгiнiң аппаратына тапсырады.

5. Өзге де күтiлмеген шығыстарға қаражат бөлу

      13. Қала әкiмдiгiнiң резервiсiнен өзге де күтiлмеген шығыстарға қаражат бөлу үшiн Қаржы бөлiмiне тиiстi негiздемелерiмен және есептеулерiмен бiрге қаражат бөлу туралы өтiнiш тапсырады.
      14. Қаржы бөлiмi берiлген өтiнiштiң негiзiнде әкiмдiгiнiң резервiсiнен қаражат бөлудiң мүкiндiгi, не болмаса мүмкiн еместiгi туралы қорытынды бередi.
      Қаржы жылының iшiнде қаражатты табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтiлмеген шығыстарға тиiмдi бөлу мақсатында өтiнiштi қарау кезiнде, қала әкiмдiгiнiң резервiсiнен өзге де күтiлмеген шығыстарға бөлiнетiн қаражаттың сомасы, әрбiр ағымдағы тоқсанда жергiлiктi бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтiлмеген шығыстарға көзделген жылдық соманың 25%-тен аспауы тиiс. Бұл ретте қала әкiмдiгiнiң резервiсiнен табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтiлмеген шығыстарға қаражат бөлу туралы қала әкiмдiгiнiң бұрын қабылдаған қаулылары есепке алынады.
      15. Қалалық бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiнiң өтiнiшi бойынша оң қорытынды болған жағдайда қала әкiмдiгiнiң резервiсiнен өзге де күтiлмеген шығыстарға қаражат бөлу туралы қала әкiмдiгi қаулысының жобасын белгiленген заңдылықтар тәртiбiмен Қаржы бөлiмiмен келiсiп, осы қалалық бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi дайындайды.
      16. Қала әкiмдiгiнiң өтiнiшi бойынша оң қорытынды болған жағдайда қала әкiмдiгiнiң өзге де күтiлмеген шығыстарға қаражат бөлу туралы қала өкiмдiк қаулысының жобасын белгiленген заңдылықтар тәртiбiмен қалалық Қаржы бөлiмi дайындайды.

6. Бақылау және есептiлiк

      17. Қала әкiмдiгiнiң резрвiсiнен бөлiнген қаражатты алушылар Қаржы бөлiмi белгiленген тәртiппен және уақытша олардың пайдаланылуы, орындалған жұмыстардың көлемi мен құны туралы есеп беруi тиiс.
      18. Қаржы бөлiмi қала әкiмдiгiнiң резервiсi қаражатын пайдалану және тиiстi кезеңге оның қалдықтары туралы қала әкiмдiгiне ай сайын ақпарат тапсырады.
      19. Қала әкiмдiгiнiң резервiсiнен бөлiнетiн қаражатты мақсатсыз пайдаланғаны үшiн алушы Қазақстан Республикасының заңдарында қарастырылған тәртiппен жауап бередi.
      20. Қала әкiмдiгiнiң резервiсiнен қаражатты мақсатқа пайдалануға бақылау жасауды Қаржы бөлiмi жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады