"Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының магистратурасына қабылдаудың типтік ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 29 мамырдағы N 354 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 26 қыркүйектегі N 646 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 27 қазанда тіркелді. Тіркеу N 3911. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі N 161 Бұйрығымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008.04.01  N 161  (қолданысқа енгізілу тәртібін  5-тармақтан  қараңыз) Бұйрығымен.

      Магистратураға қабылдаудың тәртібін жетілдіру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының магистратурасына қабылдаудың типтік ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 29 мамырдағы N 354  бұйрығына  (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2383 тіркелген, нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2003 жылғы N 23-24 жарияланған, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 5 маусымдағы  N 520 , 2004 жылғы 13 тамыздағы  N 683  бұйрықтарымен енгізілген өзгерістермен) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының магистратурасына қабылдаудың үлгілік ережесінде:
      5-тармақта:
      "Қазақстан Республикасы Қаржы полициясының агенттігіне, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігіне" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне (қаржы полициясы), Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Төтенше жағдайлар министрлігіне" деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы" деген сөздермен толықтырылсын;

      11-тармақ мынадай сөйлеммен толықтырылсын "Медициналық мамандықтар бойынша өтініштерді қабылдау 15 қыркүйектен 5 қазанға дейін, түсу емтихандары 16-29 қазанда жүргізіледі.";

      24-тармақ мынадай сөйлеммен толықтырылсын:
      "Медициналық мамандықтар бойынша оқуға қабылдау 1 қарашаға дейін.".

      2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Ө.Ә.Құрамысов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым бірінші вице-министрі Г.Гамарникке жүктелсін.

      Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады