Мал тегі өнімдерін және шикізаттарын өндіруші, дайындаушы (ет өндіруші), сақтаушы, қайта өңдеуші және сатушы ұйымдарда мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 20 маусымдағы N 340 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 21 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 2410. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл Шаруашылғы министрлігінің 2012 жылғы 13 ақпандағы № 10-1/52 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ауыл Шаруашылғы министрлігінің 2012.02.13 № 10-1/52 Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 23 бабын орындау мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Ұсынылып отырған мал тегі өнімдерін және шикізаттарын өндіруші, дайындаушы (ет өндіруші), сақтаушы, қайта өңдеуші және сатушы ұйымдарда мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың Ережесі бекітілсін.
      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінен өткен күннен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      орынбасары-Министр

Қазақстан Республикасы     
Премьер-Министрінің орынбасары-
Ауыл шаруашылығы министрінің 
2003 жылғы 20 маусымдағы   
N 340 бұйрығымен       
бекітілген           

Мал тегі өнімдерін және шикізаттарын өндіруші, дайындаушы
(ет өндіруші), сақтаушы, қайта өңдеуші және сатушы ұйымдарда мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың
Ережесі 1. Жалпы тәртіптері

      1. Мал тегі өнімдерін және шикізаттарын өндіруші, дайындаушы (ет өндіруші), сақтаушы, қайта өңдеуші және сатушы ұйымдарда мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың осы Ережесі (бұдан әрі  - Ереже), Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңына, Халықаралық ветеринариялық кодексінің және ветеринария саласындағы Халықаралық келісім-шарттардың (келісімдердің) талаптарын ескере отырылып жасалған.
      Осы Ереженің анықтайтыны:
      мал тегі өнімдерін және шикізаттарын өндіруші, дайындаушы (ет өндіруші), сақтаушы, қайта өңдеуші және сатудағы ветеринариялық-санитариялық талаптардың (ережелердің) сақталуына бақылау жүйесін;
      малдарды, мал тегі өнімдерін және шикізаттарын өндіруші, дайындаушы (ет өндіруші), сақтаушы, қайта өңдеуші және сатушы ұйымдардағы мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды жүргізу кезіндегі ветеринариялық инспекторларының қимыл іс әрекетін.

      2. Мемлекеттік ветеринариялық бақылаудың атқаратын міндеттері:
      малдарды, мал тегі өнімдерін және шикізаттарын өндіруші, дайындаушы (ет өндіруші), сақтаушы, қайта өңдеуші және сатушы ұйымдарды идентификациялау;
      малдарды, мал тегі өнімдерін және шикізаттарын өндіру, дайындау (ет өндіруші), сақтау, қайта өңдеу және сату кезінде қолданылатын, бекітілген ветеринариялық-санитариялық талаптардың (ережелердің) жеке және заңды тұлғалармен сақталуына бақылау жүргізу;
      малдарды союшы, малтегі өнімдерімен шикізаттарын қайта өңдеуші ұйымдардың өндірістік бақылау бөлімдерінің қызметіне бақылау жүргізу;
      азықтарды және азықтық қоспаларды өндіруші ұйымдармен, оның ішінде жарамсыз болып танылған малдардың азығына жолданатын азық шикізаттары мен тағамдық өнімдердің түрлерінің қолданылуы кезінде ветеринариялық-санитариялық талаптардың (нормативтердің) сақталуына бақылау жүргізу.

2. Мал сойылатын алаңдарда, еткомбинаттарының мал
соятын цехтарында және малдарды және құстарды союдың
тоңазытқыштағы цехтарында мемлекеттік ветеринариялық
қадағалауды жүргізудің тәртібі

      3. Малдарды сою алаңына, ет комбинатына немесе союдың тоңазытқышты цехтарына түсіру кезінде, мемлекеттік ветеринариялық инспекторлардың жүргізетін міндеттері:
      ветеринариялық жолдаушы құжаттардың дұрыс толтырылуына және сою пунктіне келіп түскен малдардың түрлері және сандары бойынша олардың сәйкес келуін бақылау;
      малдардың және құстардың көлікпен алып келуі және түсірілуі іске асырылатын дезинфекциялық кедергілер және өткізгіштердің жағдайына бақылау жүргізу;
      малдарды және құстарды тасымалдап алып келген көліктердің және торлардың санитариялық жағдайын тексеру;
      келіп түсуші малдарға міндетті түрде термометрия жүргізу арқылы клиникалық қарау және қажетті зертханалық зерттеулер жүргізу;
      малдарға сояр алдында қарау жүргізу;
      малдарды және құстарды союға немесе санитариялық сою бөліміне қорытынды және жолдама беру;
      малдардың (құстардың) өлекселерін, ветеринариялық конфискаттарды, жарамсыз еттерді және союдың басқа өнімдерінің өз уақытында утильденуіне немесе жоюына бақылау жүргізу;
      аумақтарға, бөлмелерге, жабдықтарға және көлік заттарына дезинфекция және де дезинсекция және дератизация жүргізуге бақылау жүргізу;
      союдан кейінгі тұтас еттерге және ішкі органдарына және нәтижесі бойынша таңбалау - өнімдерге қосымша зертханалық зерттеулер жүргізуді ұйымдастыру (қажет жағдайда);
      өнімдерді тоңазытқыш камераларға қабылдау кезінде ветеринариялық-санитариялық талаптардың орындалуын бақылау;
       ветеринариялық-санитариялық сараптамадан өткен, малдардың сою өнімдеріне, тасымалдауға және сатуға ветеринариялық жолдаушы құжаттарды толтыру.

3. Еттерді қайта өңдеуші және сақтаушы кәсіпорындарға және мал союдан алынған басқа өнімдерге мемлекеттік
ветеринариялық қадағалау жүргізу тәртібі

      4. Ет өңдеуші кәсіпорындарда мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың қызметіне енетіндері:
      азық-түлік шикізаттарын және тағамдық өнімдерін тасымалдап алып келуде және алып шығуда қолданылатын дезинфекциялық кедергілердің және өткізгіштердің жағдайын ветеринариялық ережелерге және талаптарға сәйкестігін бақылау;
      малтегі өнімдерін және шикізаттарын тасымалдауда қолданылатын көліктік заттардың және ыдыстардың жағдайын ветеринариялық талаптарға сәйкестігін бақылау;
      қайта өңдеуге түскен малтегі өнімдері мен шикізаттарының ветеринариялық жолдаушы құжаттарға сәйкес келуін анықтау;
      анықталған ветеринариялық таңбалардағы және штамптардағы жазулардың еттерде болуы және олардың сәйкес келуін анықтау;
      еттердің партияларына қарау және ветеринариялық-санитариялық бағалауды ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру арқылы жүргізу және қажет жағдайда зертханалық зерттеуге сынама алу;
      шикізат ретінде қолданылатын және одан әрі қайта өңдеуге жатқызылатын өнімдерді тазалау және өңделу сапасын  бақылау (тазалау және етті тазарту);
      өз уақытында ветеринариялық конфискаттардың техникалық мақсатта өңделуіне немесе утилизациялануын бекітілген ветеринариялық талаптар бойынша бақылау;
      құралдардың, технологиялық, тоңазытқыштық жабдықтардың, өндірістік және қоймалық бөлмелердің санитариялық жағдайына бақылау жүргізу;
      кәсіпорында жуу, дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау жүргізуді бақылау;
      өнімдерді қоймалау кезіндегі ветеринариялық-санитариялық ережелердің орындалуына бақылау жүргізу;
      кәсіпорыннан шығарылатын өнімдердің ветеринариялық-санитариялық бағасының нәтижесіне байланысты ветеринариялық-санитариялық жолдаушы құжаттардың анықталған үлгісін толтыру.

      5. Жартылай - жарамды өнімдерді қайта өңдеу кезінде немесе ауру және арық малдардан алынған өнімдерді қайта өңдеп (залалсыздандыруға) тағамдық мақсатқа қолдануға жолдағандағы ветеринариялық инспекторлардың бекітілген заңдылықтағы тәртіп бойынша жүргізетін міндеттері:
      жартылай-жарамды өнімдердің тек қана еттен дайындалатын нанға және консервілер дайындау үшін қайта өңделуге қолданылуын бақылау;
      ауру және арық малдардан, амалсыздан сойылған малдардан алынған тағамдық мақсаттағы еттерге залалсыздандыруды және қайта өңдеуді жүргізуді бақылау;
      белгіленген мерзімде сатылмаған өнімдердің қауіпсіздігін және оларды дайындаушы-қайта өңдеуші кәсіпорындарға қайтару кезінде бақылау жүргізу;
      технологиялық режимдердің, оның ішінде қысымы, термиялық өңдеу жүргізудің, ыстау уақыттары және басқаларының сақталуының ветеринариялық ережелерге және нормаларға сәйкестігін бақылау;
      жарамсыз деп танылған дайын өнімдердің қайта өңделуіне және утильденуін бақылау;
      технологиялық жабдықтарға және өндірістік бөлмелерге санитариялық өңдеу жүргізуді бақылау;
      кәсіпорыннан шығарылатын өнімдердің ветеринариялық-санитариялық бағалау нәтижелері бойынша ветеринариялық жолдаушы құжаттардың анықталған үлгісін толтыру.

4. Сүтті қайта өңдеуші кәсіпорындарында мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды жүргізу тәртібі

      6. Сүтті қайта өңдеуші кәсіпорындарында ветеринариялық-санитариялық қадағалаудың міндетіне кіретіндері:
      келіп түскен өнімдердің ветеринариялық жолдаушы құжаттарға сәйкес келуін, ыдыстарда пломбтардың болуын тексеру;
      сүт өнімдерін көлікпен алып келу және алып шығуда қолданылатын дезинфекциялық кедергілер және өткізгіштердің жағдайын бақылау;
      мемлекеттік ветеринариялық қадағалау органдарынан және мемлекеттік санэпид қадағалаудың жоғары тұрған органдарынан арнайы рұқсаты бар, бруцеллезтуберкулез және басқа жұқпалы аурулар бойынша қолайсыз шаруашылықтардан келіп түскен және міндетті түрде залалсыздандырылуға жататын сүтке бақылау жүргізу;
      шаруашылықтардан және сүт фермаларынан қайта өңдеуші кәсіпорынға келіп түсетін сүтке, өнім шығарылған аймақтың эпизоотиялық және токсикологиялық сипаттамасын ескере отырып таңдамалы зертханалық зерттеу жүргізу;
      жеке аулалардан дайындалған жинамалы сүтке толық тексеру жүргізу;
      малдардың ауруларын алдын алуға және емдеуге қолданылатын ветеринариялық препараттардың қалдық мөлшерінің малдардың организмінен шығарудың анықталған мерзімін сақтамай, тағамдық мақсатқа, сүттің қайта өңдеуге жеткізілуін болдырмау;
      малдардың азығына жіберілетін сүт өнімдерін (сүт, өңделген қалдығы, пахталар) залалсыздандыру кезіндегі ветеринариялық-санитариялық талаптардың орындалуын бақылау;
      кәсіпорыннан тағамдық, азықтық және техникалық мақсатта тағайындалып шығарылған өнімдерге, ветеринариялық-санитариялық бағаларының нәтижелеріне байланысты, бекітілген үлгідегі ветеринариялық жолдаушы құжаттарды беру.

5. Балық өндіруші кәсіпорындарында, су жануарларын
аулайтын (өндіретін) судналарда мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды жүргізу тәртібі

      7. Балық өндіруші кәсіпорындарында, су жануарларын аулайтын (өндіретін) судналарда мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың қызметіне енетіндері:
      балықтарды, шаяндарды және басқа су жануарларының кәсіпшілігі жүргізілетін су қоймаларында эпизоотиялық және ветеринариялық-санитариялық бағалауды жүргізу;
      кәсіпкершілікпен айналысушы су қоймаларында, жүзу базаларында балық өндіруші кәсіпорындармен ветеринариялық-санитариялық шаралардың жүргізілуін бақылау;
      балық аулауды жүргізетін суднаға немесе кәсіпкершілік участкесіне қарау жүргізуге, балық аулауға қолданылатын құралдардың, сақтау орнының және балық өнімдерін тасымалдайтын заттардың бекітілген ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкестігін анықтау;
      ветеринариялық-санитариялық сараптауға және зертханалық зерттеулер үшін сынамалар алу (қажет жағдайларда);
      кәсіпорыннан тағамға, азыққа немесе техникалық мақсатқа тағайындап шығарылған өнімдерді, ветеринариялық-санитариялық бағалау нәтижесі бойынша, анықталған үлгідегі ветеринариялық жолдаушы құжаттарды беру.

6. Балықты қайта өңдеуші кәсіпорындарында мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды жүргізу тәртібі

      8. Балықты қайта өңдеуші кәсіпорындарында мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың міндеттері:
      келіп түсетін шикізаттардың шығу тегін, түрлік жатқызылуын және қауіпсіздігін куәландыратын жолдаушы құжаттардың сәйкестігін бақылау;
      өнімдерді тасымалдауға қолданатын көліктердің санитариялық жағдайына және санитариялық паспорттың болуын бақылау;
      келіп түсетін шикізаттарды түсіру кезінде, қоймаға қоюда және сақтаудағы ветеринариялық-санитариялық ережелердің сақталуын бақылау;
      балық өнімдерін қайта өңдеу кезіндегі технологиялық процестерге, оларды паразитарлық көрсеткіштеріне байланысты залалсыздандырудың ветеринариялық заңдылыққа сәйкестігін бақылау;
      өндірістік қалдықтарды және сапасыз өнімдерді қолданылуын немесе утильденуін берілген қорытындыларға сәйкес бақылау;
      бөлмелерге, жабдықтарға, құралдарға және көліктік заттарға дезинфекция және де дезинсекция және дератизация жүргізуді бақылау.

7. Ара өнімдерін қайта өңдеуші кәсіпорындарында мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды жүргізу тәртібі

      9. Ара өнімдерін қайта өңдеуші кәсіпорындарында мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың жүргізетін міндеттері:
      қайта өңдеуге келіп түсетін немесе қалыпталған ара өнімдерінің (бал, гүл тозаңдары, пергилар) шыққан тегін, түрлік жатқызылуын және өнім шығарылған аймақтың ветеринариялық-санитариялық сипаттамасын куәландыратын ветеринариялық жолдаушы құжаттарға сәйкес келуін бақылау;
      келіп түсетін ара өнімдерін түсіру кезінде, қоймаға қоюда және сақтаудағы ветеринариялық-санитариялық ережелердің сақталуын бақылау;
      сапасыз өнімдердің берілген қорытындыға сәйкес қолданылуына немесе утильденуіне бақылау жүргізу;
      бөлмелерге, жабдықтарға, құралдарға және көліктік заттарға дезинфекция және де дезинсекция, дератизация жүргізуді бақылау;
      кәсіпорыннан шығарылған өнімдерге, ветеринариялық-санитариялық бағалануы нәтижесі бойынша, анықталған үлгідегі ветеринариялық жолдаушы құжаттарды беру. V032374

8. Сауда және қоғамдық тамақтану кәсіпорындарында
мемлекеттік ветеринариялық бақылауды жүргізу тәртібі

      10. Сауда және қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарындағы мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың міндеттеріне кіретіндері:
      өнімдерді ветеринариялық-санитариялық қарау және органалептикалық бағалау;
      тексерілетін өнімдердің шығу тегінің және түрлік жатқызылуының ветеринариялық жолдаушы құжаттарға сәйкес келуін және ветеринариялық-санитариялық сараптау нәтижесінің болуын және оның дәлелдігін тексеру;
      ветеринариялық жолдаушы құжаттардың, мөрлердің, ветеринариялық штамптардың және таңбалардың жазуларының болуын және сәйкес келуін тексеру;
      өнімдердің қауіпсіздігіне және сапасына күмән туған жағдайда, олардың ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкестігін анықтау үшін зертханалық зерттеуді ұйымдастыру;
      мал тегі өнімдерін және шикізаттарын қабылдау, сақтау және сату процестері кезінде ветеринариялық-санитариялық талаптардың бұзылуы анықталған жағдайда, оларды зертханалық зерттеуге жолдап жіберу; .V106483
      өнімдерді тағамдық мақсатқа жарамсыз деп таныған жағдайда, оларды залалсыздандыруға, мал азығына, техникалық қайта өңдеуге, утильдеуге жолдау туралы ұйғарым беру және оның орындалуына бақылау жүргізу;
      малтегі тағамдық өнімдері сатылатын орындардың санитариялық жағдайын бақылау;
      ұйғарым жазуға қажетті, өнімдерді тексеру актілерін жазу.

      11. Ярмаркалардағы, азық-түлік көрмелеріндегі және көтерме кәсіпорындарындағы мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың міндеттері:
      малдар және малтегі, өсімдік тектес тағамдық өнімдер тасымалданған көліктік заттарға және ыдыстарға қарау және ветеринариялық-санитариялық бағалаудың ветеринариялық талаптарға сәйкес жүргізілуін бақылау;
      өнімдердің жолдаушы құжаттарға сәйкес келуін анықтау;
      азық-түлік шикізаттары, малтегі және өсімдіктегі тағамдық өнімдері сатылатын орындардың, жабдықтардың, құралдардың санитариялық жағдайын қадағалау.

      12. Анықталған тәртіп бойынша, қажетті тексеруден өтпеген өнімдерді ярмаркаларға, азық-түлік көрмелеріне шығарып сатуға рұқсат етілмейді.

9. Малтегі өнімдерін және шикізаттарын тасымалдаушы ұйымдардағы мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды
жүргізу тәртібі

      13. Малтегі өнімдерін және шикізаттарын тасымалдаушы ұйымдардағы мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың міндеттеріне енетіндері:
      малтегі өнімдерін және шикізаттарын тасымалдауға қолданылған вагондардың, судналардың, баржалардың, ұшақтардың, автомобильдердің ветеринариялық-санитариялық жағдайларын бақылау; V064339
      малдарды, малтегі өнімдерімен шикізаттарын тиеу кезінде, тасымалдауда және түсіру кезіндегі ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру ветеринариялық-санитариялық бағалаудың ветеринариялық талаптарға сәйкес жүргізілуін бақылау;
      малтегі азық-түлік шикізаттары және тағамдық өнімдерінің тасымалдануына байланысты станцияның, порттың (пристанның), аэропорттың немесе басқа жүк алушының күшімен және құралдарымен платформаларды, қайық ауыздарын, алаңдарды, қоймаларды және басқа құрылыстарды (құралдарды) тазарту, дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялаудың жүргізілуін бақылау.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады