Трансферттік бағаларды қолдану кезінде мемлекеттік бақылаудың кейбір мәселелері

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының 2003 жылғы 11 тамыздағы N 325, Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігінің 2003 жылғы 13 тамыздағы N 386 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 8 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 2471. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 11 маусымдағы N 255 бұйрығымен.

       Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2009.06.11 N 255 бұйрығымен.

      "Трансферттік бағаларды қолдану кезінде мемлекеттік бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Халықаралық іскерлік операцияларда трансферттік бағалар қолдану кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібі туралы нұсқаулық (1-қосымша);
      2) Олар бойынша мәмілелер мониторингке жататын тауарлар тізбесі (2-қосымша) бекітілсін.
      2. 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылған деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Әкімшіліктендіру және ірі салық төлеушілер мониторингі басқармасы (Б.Сейсеқұлов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының орынбасары М.М. Әбдірахмановқа және Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі Кедендік кірістер департаментінің бастығы И.В.Тенге жүктелсін.
      5. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрлігі
      Салық комитетінің
      Төрағасы

      Қазақстан Республикасының
      Кедендік бақылау агенттігі
      Төрағасының м.а.

Қазақстан Республикасы    
Қаржы министрлiгiнiң     
Салық комитетi Төрағасының  
2003 жылғы 11 тамыздағы   
N 325 және         
Қазақстан Республикасының  
Кеден бақылауы агенттiгi  
Төрағасы м.а.       
2003 жылғы 13 тамыздағы   
N 386 бiрлескен бұйрығына 
1-қосымша          
"Трансферттiк бағалар   
қолдану кезiнде мемлекеттiк 
бақылаудың кейбiр мәселелерi"

Халықаралық iскерлiк операцияларда трансферттiк
бағалар қолдану кезiнде мемлекеттiк бақылауды
жүзеге асыру тәртiбi жөніндегi
НҰСҚАУЛЫҚ 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық "Трансферттiк бағаларды қолдану кезiнде мемлекеттiк бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес әзiрленген.

      2. Осы Нұсқаулықта пайдаланылатын түсiнiктер мыналарды бiлдiредi:
      1) халықаралық iскерлiк операциялар - тауарларды (жұмыстар, қызмет көрсетулер) сатып алу-сату бойынша экспорттық және (немесе) импорттық мәмiлелер;
      2) мәмiлеге қатысушы - халықаралық iскерлiк операцияларды жүзеге айырушы заңды нeмece жеке тұлға;
      3) уәкiлеттi органдар - трансферттiк бағаларды қолдану кезiнде мемлекеттiк бақылауды Заңына сәйкес жүзеге асырушы (бұдан әрi - мемлекеттiк бақылау) Қазақстан Республикасының салық қызметi органдары мен кеден органдары.
      Қазақстан Республикасы салық қызметi органдарына Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi мен салық органдары жатады.
      Қазақстан Республикасы кеден органдарына Қазақстан Республикасының Кеден бақылауы агенттiгi мен оның аумақтық бөлiмшелерi, сондай-ақ кеден, кеден бекеттерi, Қазақстан Республикасының кеден шекарасындағы бақылау-өткiзу пункттерi, мамандандырылған кедендiк мекемелер жатады.

      3. Мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру үшiн салық қызметi органдары мен кеден органдары трансферттiк бағалар қолданылуы мүмкiн мәмiлелердiң мониторингiн (бұдан әрi - мәмiлелердiң мониторингi) жүргiзедi.

      4. Мәмiлелер мониторингi - халықаралық iскерлiк операцияларына қатысушылар қолданатын тауарларға (жұмыстарға, қызмет көрсетулерге) бағалар үшiн уәкiлеттi органдардың сыртқы бақылауының жүйеленген нысаны.

      5. Мәмiлелер мониторингi Қазақстан Республикасы кеден органдары, органдарының мәлiметтерi мен мәмiлеге қатынасушылардың беретiн мәлiметтерi негiзiнде жүргiзiледi.

      6. Уәкiлеттi орган мониторингке жататын мәмiлелердiң тауарлар Тiзбесiнде (бұдан әрi - Тiзбе) белгiленген тауарлар бойынша мәмiлелер мониторингiн жүйеге асырады.

      7. Заңның 3-бабы 2-тармағында белгiленген мәмiлелер операциялары жоқ болған жағдайда Тiзбеде белгiленбеген мәмiлелер мен өзге де тауарлар, сондай-ақ жұмыстар мен қызмет көрсетулер мемлекеттiк бақылауға жатады.

2. Уәкiлеттi органдардың өкiлетi

      8. Салық қызметi органдары мемлекеттiк бақылаудың мынадай шараларын жүзеге асырады:
      1) Тiзбенiң 1-9-тармақтарында көрсетiлген тауарлар бойынша мәмiлелер мониторингiн жүргiзу;
      2) Заңның 9-бабында көрсетiлген ақпараттар көздерi негiзiнде және мәмiлеге қатысушы үшiншi тұлғалар, осы операцияларға жанама қатысушы мемлекеттiк органдар мен халықаралық ұйымдар беретiн көздерден қалыптастырылған тауарларға рыноктық бағалар бойынша ақпараттық базаны жүргiзу;
      3) салық салу объектiлерi мен салықтық мiндеттемелердi түзетумен байланысты салықтар және басқа да мiндеттi төлемдер сомасын аудару және өндiрiп алу.

      9. Қазақстан Республикасының Кеден бақылауы агенттiгi мынадай шараларды жүзеге асырады:
      1) Тiзбенiң 10, 11-тармақтарында көрсетiлген тауарлар бойынша мониторинг жүргiзу;
      2) тауарлар бойынша кеден жүк декларацияларының электрондық база мәлiметтерiн жүргiзу;
      3) Тiзбесiнде белгiленген тауарлар бойынша салық қызметi органдарына мәлiметтердi беру;
      4) Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес салық салу объектiлерiн түзетумен байланысты кедендiк төлемдер, салықтар мен өсiмақылар сомасын есептеу және өндiрiп алу.

      10. Салық қызметi органдары Қазақстан Республикасының кеден органдарын тартумен трансферттiк бағаларды қолдану кезiнде мемлекеттiк бақылау мәселелерi бойынша тексеру жүргiзедi.

3. Мәлiметтердi беру

      11. Қазақстан Республикасының Кеден бақылауы агенттiгi:
      есептiден кейiнгi айдың 25 күнiне ай сайын осы Нұсқаулыққа қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетiне ақпарат бередi;
      басқа елдердiң кеден қызметтерiмен ақпаратты алмасу туралы қолданыстағы келiсiм-шарттар шегiнде, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетiнiң сұрау салуы бойынша мемлекеттiк бақылауды жүргiзу үшiн қажеттi ақпаратты бередi.

      12. Уәкiлеттi органдар мәмiлеге қатысушылар мен осы мәмiлеге қатысушы үшiншi тұлғалар, жанама қатысушы мемлекеттiк органдар мен халықаралық ұйымдардан тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) рыноктық бағаларын айқындау үшiн қажеттi ақпаратқа сұрау салуға құқы бар.

      13. Мәмiлеге қатысушылар рыноктық бағаларын айқындау, бағаны айқындау әдiсiн таңдау және шын мәнiнде тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) бағаларын қалыптастыруға әсер ететiн шарттарды келiсу мақсатында осы мәмiле бағасын растайтын қолданылатын бағаның экономикалық негiздемесiн және құжаттарды уәкiлеттi органдарға уақытында беруге құқығы бар. Уәкiлеттi органдар трансферттiк баға құрау бойынша берген құжаттарды қарап болған соң мәмiлеге қатысушыға бiр ай iшiнде рыноктықтан қолданылатын бағаның ауытқу фактiсi бар (жоқ) екендiгi туралы ресми хат жiбередi.

4. Рыноктық бағаны айқындау әдiсi

      14. Уәкiлеттi органдар рыноктық бағаны айқындау үшiн мынадай әдiстердi қолдана алады:
      1) бақыланбайтын бағаны салғастыру әдiсi;
      2) "залал қосылған" әдiсi;
      3) келесi сату бағасы әдiсi.

      15. Ақыланбайтын бағаны салғастыру әдiсi ұқсас (олар болмаған кезде - бiркелкi) тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша мәмiлелер тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) тиiстi рыногында болған кезде қолданылады және сатушыға байланысты емес сатып алушыға салғастыру шарттары кезiнде сатылған ұқсас (олар болмаған кезде - бiркелкi) тауарлардың (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бағасынан туындап рынок бағасын белгiлейдi. Осы әдiстi қолдану кезiнде тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) рыноктық бағасына тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) көлiктiк және осы көздерде аталған пункттерге дейiн жеткiзуге байланысты басқа да шығындарды ескерiп ресми ақпарат көздерiнде жарияланған ұқсас (бiркелкi) тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң бағасын пайдалануға болады. Бұл ретте, есеп айрысуды мынадай формула бойынша жүргiзуге болады:

      Pm=Pw - <|
      мұндағы, Pm - рыноктық баға, Pw - ресми деп танылған ақпарат көздерiнiң бағасы, <| - тасымалдауға және тауарларды сатып алушыға жеткiзуге және сатуға байланысты басқа да шығындарға шығарылатын жиынтық құн болып табылатын шегерме ақы.
      Мысал. "А" кәсiпорны Новоросийскінiң ФОБ жеткiзушi базисiмен бiрге Италияға шикi мұнайды сатуды жүзеге асырады. Нарық бағасын айқындау үшiн ресми ақпарат көздерiндегi (мысалы, РIаtt'а Global Alert) жариялымдар бойынша теңiз коносаментiне 5-7 күн қалғанға дейiн Brent DTD орташа котировкасын алады. Тиiстi кезең үшiн орташа Brent DTD баррельіне 27,75 АҚШ долларын құрады. Егер мұнайдың сапасы мысалы, баррельіне 27,0 долларын құрайтын Urals МЕD-ке сәйкес болса, онда баррельі 0,75 долларлық сапасы бойынша шегерме ақыны (27,75-27,0=0,75) ескеру қажет. Бұдан әрi, тиiстi кезең үшiн Новороссийскiден Италияға дейiн тасымалдау жөнiндегi шегерме ақы аталған көздерден айқындалады. Мысалы, тасымалдау жөнiндегi шегерме ақы 1,1 АҚШ долл./баррельге анықталған. Егер сауда агентiнiң (делдалдың) комиссиондығы 0,10-0,15 АҚШ долл./баррельге бағаланса, онда шегерме ақы мынадай болады:

      <|=0,75+1,1+0,15=2,0 долл./баррель,

      сонда,
      Pm=27,75-2,0=25,75 долл./баррель.

      Рыноктық бағаларды белгiлеу мүмкiн емес елдерде (мысалы, Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы) жүзеге асырылатын тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) сатқан кезде, нарық бағасына импорттаушы елдердiң әкелетiн жүк кеден декларациясының мәлiметтерi бойынша алынады, болмаса, салғастырылған экономикалық жағдайларда осы рынокта мәмiлеге өзге де қатысушылардың ұқсас (бiркелкi) тауарларын (жұмыстарын, қызмет көрсетулерiн) сатуда орташа бағамен есеп айырысады.
      Мысал. "А" кәсiпорны X елiне данасы 10 АҚШ долларлық баға бойынша 100 дана өнiм тиеп жiбередi. Осы рынокқа жiберiлiмдi сондай-ақ "В" кәсiпорны данасы 13 АҚШ долларлық баға бойынша 200 дана және "С" данасы 17 АҚШ долларлық баға бойынша 100 данада жасады. Орташа бағамен есеп айырысу былай жүргiзiледi Pcp = Epq/Eq = (10x100+13x200+17x100) / (100+200+100)= 13,25 АҚШ долл./дана. "А" компаниясының кiрiсi 13,25x100-10x100=325 АҚШ долл. түзетiледi.

      16. Рынокта ұқсас (бiркелкi) тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша мәмiлелер болмағандықтан, сондай-ақ тиiстi ақпарат көздерi болмағандықтан тиiстi бағаларды айқындау мүмкiн болмаған кезде, келесi сату тәсiлi немесе "залал қосылған" тәсiлi қолданылады. "Залал қосылған" тәсiлiнiң бағасы жеткiзушiнiң сатуға қосымша бағалауды қосуға байланысты залалдарының, өнiмдерiн (қызмет көрсетулерiн) бергенi үшiн жүргiзiлген сомасы ретiнде айқындалады. Шығындар нақты және сандық айқындалатын деректер негiзiнде құжатпен расталуы керек. Әкетiлетiн тауарлардың құны мәмiлеге қатысушы табыс еткен, оның әкетiлетiн тауарларын (жұмыстарын, қызмет көрсетулерiн) өндiруге және сатуға шығарған шығындарын және қызметтiң осы саласында қалыптасқан орташа рентабельдiлiк нормасын қамтамасыз ететiн пайданың (үстеме бағаның) мөлшерiн көрсететiн бухгалтерлiк есептiң деректерiне қарай айқындалады.
      Мысал: "А" компаниясы тоннасы үшiн 50 АҚШ доллары бағасы бойынша "А" компаниясымен байланысты және Ресей Федерациясында орналасқан "Б" зауытына 20,000 тонна шикiзат сатты. Осы шикiзатты Қазақстанда тек "А" компаниясы шығарады, ал Ресейде ешкiм шығармайды. Алайда, бар ақпарат бойынша бiртектi шикiзат шығаратын "С" түрiк компаниясының жалпы табысы осы өнiмдi тұтыну рыногына байланысты 20-дан 30 процент құрайды. Осы шикiзатты сату (тоннасы үшiн 45 АҚШ долларында) және шығару бойынша "А" компаниясының шығыстары және 25 процент көлемiнде рентабельдiлiк ескерiлiп, оның кiрiсi сомаға (45x1.25-50)x20,000=125,000 АҚШ.долл түзетiледi.

5. Рыноктық бағадан бағаның ауытқу фактiсi белгiленген жағдайларда салық салу объектiлерiн және салық мiндеттемелерiн түзету

      17. Рыноктық бағадан мәмiле бағасының ауытқу фактiсi белгiленген кезде салық қызметi органдары салық салу объектiлерiн және салық мiндеттемелерiн түзетедi (бұдан әрi - түзету).
      Түзету негiзiнде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес егер осы мәмiлелер мен басқа да салық салу объектiлерiнен кiрiстер немесе шығыстар айыппұлдар мен өсiмдердi қоса рыноктық бағадан ескерiп айқындалса, осындай жолмен есептелген заңды тұлғалардың табыс салығы, қосылған құн салығы, акциз (акцизделген тауарлармен мәмiлелер жағдайында), жер қойнауын пайдаланушыларда роялти және үстеме пайдаға салық, кеден төлемдерiн аудару жүргiзiледi.

      18. Қазақстан Республикасының кеден органдары кедендiк құнды түзету негiзiнде кеден төлемдерi мен салықтарын, өсiмақыларды есептеу жүргiзiледi.

      19. Рыноктық бағадан мәмiле бағасының ауытқу есебi мынадай формула бойынша жүргiзiледi:
      Ауытқу процентi =(Pm-Pk)/х 100%/Pm,
      мұндағы Pm - рыноктық баға, pk - мәмiленi жасау кезiнде қолданылатын баға.

      20. Түзету мәмiлеге қатысушының нақты кiрiсi және (немесе) шығысы мен есептiк кiрiс және (немесе) шығыс арасындағы айырма сомаға жүргiзiледi. Есептiк кiрiс және (немесе) шығыс салыстырмалы экономикалық (коммерциялық) жағдайларда айқындалған тауардың (жұмыстың, қызмет көрсетудiң) бiрлiгi үшiн рыноктық бағадан және заттай көрiнiстегi нақты мәмiле көлемiн көбейту жолымен айқындалады.
      1-мысал. А тауары 100 бiрлiк сандағы бiрлiк үшiн 100 АҚШ доллары бағасы бойынша экспортқа сатылған. Қаралатын кезеңде ұқсас (бiртектi) тауарға рыноктық баға 150 АҚШ долларын құрады. Рыноктық бағадан ауытқу ((150-100)/050)X100%=33,3% құрайды. Кiрiстi түзету 150x100 - 100x100=5 000 АҚШ доллары сомасына жүргiзiледi.
      2-мысал. Новороссийск портындағы бидайды ауыстырып тиеу бойынша орташа өлшенген шығындар бидайдың тоннасына 5 АҚШ долларын құрады. Сол уақыт кезеңiндегi А компаниясының сол порттағы 18 000 мың тонна бидайды ауыстырып тиеуге шыққан шығыны 144 мың АҚШ долларын немесе бидайдың әр тоннасына 8 АҚШ долларын құрады. Шығындардағы ауытқулар ((8-5)/8)х100%=37,5% құрады. А компаниясындағы шығындарды түзету (8-5)x18 000=54 000 АҚШ доллары сомасына жүргiзiледi.

      21. Егер мәмiлеге қатысушылар халықаралық iскерлiк операцияларға байланысты шығындардың дұрыстығын дәлелдеген жағдайда, қызмет көрсетулерге (жұмыстарға) шыққан шығындарды түзету жүргізілмейді.
      Мысал. А компаниясы тоннасы 30 АҚШ долларын құрайтын 10 000 тонна бидайды 1 бағыт бойынша рынокқа дейiн тасымалдауға шығындар төледi. А компаниясының осы жүктi сақтандыру жөнiндегi шығыны 10 000 АҚШ долларын немесе бидайдың әр тоннасына 1 АҚШ долларын құрады. Б компаниясының осы көлемдегi бидайды рынокқа дейiн тасымалдауы, бiрақ басқа 2 бағыт бойынша бидайдың әр тоннасына 20 АҚШ долларын құрады, ал жүктi сақтандыру 13 000 АҚШ долларына немесе әр тоннасына 1,3 AҚШ долларына шықты. Б компаниясының жиынтық шығындары А компаниясының жиынтық шығындарынан тоннасына (31-21,3=9,7) 9,7 АҚШ долларына кем болғандықтан сақтандыру жөнiндегi Б компаниясының шығындары түзетiлмейдi.

      22. Бағалардың ауытқу көлемiн айқындау кезiнде рыноктық бағалардың мәмiлелерiн уәкiлеттi органдар мынадай шарттарды ескередi:
      1) жеткiзiлетiн тауарлардың (мысалы, тауар тобының көлемi), орындалатын жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң саны;
      2) жеткiзiлетiн және сатып алынатын тауарлардың сапасы, орамасының, ыңғайлы қалыптасуының болуы немесе болмауы;
      3) мiндеттемелердi орындау мерзiмдерi;
      4) мәмiлелердiң осы түрiн қолдауға қолданылатын кәдiмгi төлем шарттары, сондай-ақ бағаларға әсер етуi мүмкiн өзге де шарттар;
      5) өзара бағынысты емес тұлғалар арасында мәмiле жасау кезiнде қолданылатын бағадан немесе үстеме бағадан алынатын кәдiмгi шегерiмдер. Көбiнесе, мыналарға:
      тауарларға (жұмыстарға, қызмет көрсетулерге) тұтынушы сұраныстарының мезгiлдiк ауытқуларға;
      тауарлардың сапасын және өзге де тұтынушылық қасиеттерiн жоғалтуына;
      тауарлар сапасының және өзге де тұтынушылық қасиеттерiнiң жоғалтуын iшiнара жақсарту немесе қалпына келтiруге;
      тауарлардың жарамдылық немесе сату мерзiмдерiнiң аяқталуына (аяқталу күнiнiң жақындауына);
      ұқсас емес жаңа тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) рынокқа жылжыту кезiнде, сондай-ақ тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) жаңа рынокқа жылжыту кезiнде маркетингтiк саясатқа;
      оларды тұтынушылармен таныстыру мақсатында тауарлардың тәжiрибелi модельдерi мен үлгiлерiн сатуға байланысты шегерiмдер мен үстемелер ескерiледi.
      Мысал. Мұнай компаниясы құбыр желiсi бойынша экспортқа 100 мың баррель көлемiнде мұнай жеткiзiлiмiн жүргiздi. Компания осы мәмiледен баррелiне 20 АҚШ долларын немесе 2 млн. АҚШ доллары көлемiнде жалпы кiрiс алды. Осы құбыр желiсi бойынша жеткiзiлетiн мұнайдың рыноктық бағасы осы кезеңде ресми ақпараттық көздерге сәйкес баррелiне 25 АҚШ долларын құрады. Демек, компанияның жалпы есептiк кiрiсi 2,5 млн. АҚШ долларын құрайтын едi. Бағаның рынок бағасынан ауытқуы 20% құрады. Дегенмен, компанияның және құзыреттi органдардың берген қосымша мәлiметтерi ауытқудың осы мәмiленi қолданып төлеген шартқа байланысты болғанын көрсеттi. Осы компания осы құбыр желiсiне компания айдаған тығыздығы мен күкiртi бар мұнайды ескерiп мұнайдың соңғы бағасы айқындалатын осы құбыр желiсiндегi мұнай сапасындағы Банк жүйесiне қатысушы болып табылған болатын. Осы жағдай рынок бағасынан ауытқу деңгейiн айқындау кезiнде есепке алынады.

6. Мәмiлеге қатысушылар мен уәкiлеттi органдар
арасындағы өзара қарым-қатынасы

      23. Мәмiлелер мониторингiнiң нәтижелерi бойынша уәкiлеттi органдар мәмiле бағасының тауардың рыноктық бағасынан ауытқуы мәселелерi бойынша тексеру (бұдан әрi - тeкcepу) жүргiзедi.
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi берген мәмiлелер және мәлiметтер мониторингiнің деректерi бойынша трансферттiк бағаларды қолданумен байланысты мәселелердi салық тексеруiне қосу қажеттiлiгiн айқындайды.

      24. Мәмiле бағасының рыноктық бағалардан ауытқуы фактiсiн белгiлеген тексеру нәтижелерi бойынша уәкiлеттi органдар салық салу объектiлерiн түзетедi.

      25. Қажет жағдайда салық қызметi органы мәмiлеге қатысушыға қаралатын мәмiлеге қатысы бар бастапқы құжаттарды (үшiншi тұлғалармен келiсiм-шарттар және төлеу-есеп айырысу құжаттары, тараптардың құрылтайшы құжаттары, делдалдық, брокерлiк қызметi үшiн шоттар, бухгалтерлiк құжаттар, коносаменттер және басқа да қажеттi құжаттар) беру туралы оларды беру мерзiмiн көрсете отырып ресми хат жiбередi.

      26. Егер мәмiленiң шығындары және өзге де шарттары құжатпен расталған және қолданылатын бағаларды негiздеген жағдайда, кiрiстi түзету кезiнде осы мәмiле бойынша берiлген фактiлер ескерiледi.

      27. Қаралатын мәмiлеге қатысы бар ақпараттар негiзделмеген, расталмаған немесе берiлмеген жағдайда, уәкiлеттi органдар сату бойынша мұндай шығыстарды есепке алмай-ақ кiрiстi түзетудi жүргiзедi.

      28. Мәмiлелердi жасау кезiнде қолданылатын бағаларға бақылау жасау уәкiлеттi органдардың Қазақстан Республикасының салық және кеден заңдарын сақтау мәселелерi бойынша тексерулер жүргiзуi кезiнде де жүзеге асырылады.
      Уәкiлеттi органдар тиiстi тексерудiң нәтижелерi бойынша мәмiлеге қатысушылардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес халықаралық iскерлiк операцияларда трансферттiк бағаларды қолданудың дұрыстығына тексеру актiсiн жасайды және акт бойынша Қазақстан Республикасының салық және кеден заңдарына сәйкес салық және басқа да мiндеттi төлемдердiң, айыппұлдар мен өсiмпұлдардың есептелген сомалары туралы хабарлама жiбередi.

      29. Есептелген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомаларын, айыппұлдар мен өсiмпұлдарды өндiрiп алу, тексеру нәтижелерiн шағымдану Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы      
Қаржы министрлігінің       
Салық комитеті Төрағасының    
2003 жылғы 11 тамыздағы     
N 325 және           
Қазақстан Республикасының    
Кеден бақылауы агенттігі     
Төрағасы м.а.         
2003 жылғы 13 тамыздағы     
N 386 бірлескен бұйрығымен   
бекітілген           
Халықаралық іскерлік       
операцияларда трансферттік    
бағалар қолдану кезінде     
мемлекеттік бақылауды жүзеге  
асыру тәртібі туралы       
нұсқаулыққа қосымша       
"Трансферттік бағалар қолдану 
кезінде мемлекеттік бақылаудың
кейбір мәселелері"     

____________________________________________________________________
  Кеден  | ЖКД  | ЖКД    |келісім- | КҰЖЖ | СТН |келісім- |Жіберуші.
органының|нөмірі|шығырыл.|  шарт   | коды |     |шарттың  |  нің
  атауы  |      |ған күні| ұстаушы |      |     | нөмірі  | атауы
         |      |        |         |      |     |және күні|
____________________________________________________________________
    1        2       3        4       5      6       7         8
____________________________________________________________________

кестенің жалғасы
____________________________________________________________________
Сатып |Алушы.|Жеткізу|Нысаналы|Сауда. |Ныса.|ЖКД-дан|СЭҚ ТН | Шот
алушы.| ның  |шарты  |  пункт |ласушы |налы |тауар. |бойынша|факту.
ның  |атауы |(ИНКО  |        | ел    | ел  | дың   |тауар. |раның,
атауы |      |ТЕРМЕС)|        |       |     |сипат. | дың   |коноса.
      |      |       |        |       |     |тамасы | коды  |менттің
      |      |       |        |       |     |       |       |нөмірі
      |      |       |        |       |     |       |       | және
      |      |       |        |       |     |       |       | күні
____________________________________________________________________
  9     10      11       12       13    14     15     16       17
____________________________________________________________________

кестенің жалғасы
____________________________________________________________________
Кеден.|Көлік|Тауар. |Тауардың |Кедендік |Ста.  |Дол.|Келі.|Келісім-
дік  |түрі | дың   |фактура. | құны    |тис.  |лар |сім- |  шарт
режим |     |көлемі |лық құны |(келісім-|тика. |ба. |шарт |валютасы.
      |     |(нетто,|(келісім-|  шарт   |лық   |ғамы|валю.|  ның
      |     | кг)   |  шарт   | валюта. |құны  |    |тасы | бағамы
      |     |       |валюта.  | сында)  |(АҚШ  |    |     |
      |     |       | сында)  |         |долл.)|    |     |
____________________________________________________________________
  18   19      20      21        22       23     24   25      26
____________________________________________________________________

Қазақстан Республикасы     
Қаржы министрлігінің      
Салық комитеті Төрағасының 
2003 жылғы 11 тамыздағы     
N 325 және         
Қазақстан Республикасының   
Кеден бақылауы агенттігі   
Төрағасының         
2003 жылғы 13 тамыздағы    
N 386 бірлескен бұйрығына  
2-қосымша         
"Трансферттік бағалар қолдану
кезінде мемлекеттік бақылаудың
кейбір мәселелері"    

Мониторингке жататын мәмілелер бойынша
тауарлардың тізбесі

____________________________________________________________________
N      Тауарлар      Тауарлардың атауы       СЭҚ ТН коды
____________________________________________________________________
1   Мұнай және мұнай   Шикі мұнай             270900
    өнімдері           Газ конденсаты         270900100
                       Бензин                 271000270-271000360

                       Дизель отыны           271000610, 271000650,
                                              271000690

                       Мазут                  271000710-271000830

2   Мұнай газдары      Сығылған газ           2711
                       Табиғи газ             271121000
3   Түрлі-түсті
    металдар           Мыс                    7402-7405, 7408,7409,
                                              7413
                       Қорғасын               7801, 7804
                       Мырыш                  7901
                       Бериллий, хром,
                       галлий, Рений          8112
                       Тантал                 8103
                       Магний                 8104
                       Титан                  8108

4   Қара металдар      Қара металдар          7206-7212, 7214,
                                              7302, 7304
                       Ферроқорытпалар        7202

5   Қымбат металдар    Алтын, күміс           7108, 7106

6   Кен және
    концентраттар      Темір                  2601
                       Марганец               260200000
                       Хром                   261000000
                       Қорғасын               260700000
                       Мырыш                  260800000
                       Мыс                    260300000

7   Неорганикалық
    химия өнімдері     Алюминий оксиді
                       (алюминий тотығы)      281820000

                       Хромның оксидтері
                       мен су оксидтері       2819

                       Уран                   2844

8   Астық дақылдары    Бидай және машақ       1001

9   Мақта              Таралмаған мақта
                       талшығы                520100

10  Автокөлік
    құралдары          Автокөлік құралдары    870210119,
                                              870290319,
                                              870210199,
                                              870210999,
                                              870290199,
                                              870290399,
                                              870290909,
                                              870321109,
                                              870322199,
                                              870323191,
                                              870223192,
                                              870324109,
                                              870331109,
                                              870332199,
                                              870333199,
                                              870321909,
                                              870322909,
                                              870323901,
                                              870323902,
                                              870324909,
                                              870331909,
                                              870332909,
                                              870333909,
                                              870390909

11  Қант               Қант                   1701
____________________________________________________________________

Қазақстан Республикасы    
Қаржы министрлігінің     
Салық комитеті Төрағасының 
2003 жылғы 11 тамыздағы   
N 325 және         
Қазақстан Республикасының  
Кеден бақылауы агенттігі  
Төрағасының         
2003 жылғы 13 тамыздағы   
N 386 бірлескен бұйрығына 
3-қосымша         
"Трансферттік бағалар   
қолдану кезінде мемлекеттік 
бақылаудың кейбір мәселелері"

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің кейбір күші жойылған бұйрықтарының тізбесі

      1. "Мониторингке жататын мәмілелер бойынша тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) Тізбесін бекіту туралы" Қазақстан республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 22 ақпандағы N 206 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 27 наурызда N 1437 тіркелген);
      2. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 22 ақпандағы N 206 "Мониторингке жататын мәмілелер бойынша тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) Тізбесін бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 27 сәуірдегі N 505 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 29 мамырда N 1525 тіркелген);
      3. "Халықаралық іскерлік операцияларда трансферттік бағалар қолдану кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 14 мамырдағы N 590 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 4 маусымда N 1528 тіркелген);
      4. "Мониторингке жататын мәмiлелер бойынша тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) Тiзбесiн бекiту туралы" Мемлекеттiк кiрiс министрiнің 2001 жылғы 22 ақпандағы N 206 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 2 сәуірдегі N 398 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2002 жылғы 20 сәуірде N 1828 тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады