Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2008.12.30 N 635 Бұйрығымен.
-------------------- Бұйрықтан үзінді -------------------
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі)
651-бабына
сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. ...
2. Осы бұйрықтың
2-қосымшасына
сәйкес Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. ...
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді және 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Министр Б. Жәмішев
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2008 жылғы 30 желтоқсандағы
N 635 бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасының күшi жойылған кейбiр
нормативтік құқықтық актілерінің тiзбесi
1. ...
........
8. 1991-нөмірмен тіркелген "Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген фискалдық жады бар бақылау-кассалық машиналарының Мемлекеттік тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2002 жылғы 20 қыркүйектегі N 727 Бұйрығына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2003 жылғы 21 қазандағы
N 404
бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2559 тiркелген, Қазақстан Республикасының орталық орындаушы және басқа мемлекеттік органдарының Нормативтік-құқықтық актілер бюллетенінде 2003 жылы N 43-44, 889 б. жарияланған).
........
25. ...
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы
Кодексінің
(Салық кодексі) 546-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген фискалдық жады бар бақылау-кассалық машиналарының Мемлекеттік тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2002 жылғы 20 қыркүйектегі N 727
Бұйрығына
(2002 жылдың 2 қазанында N 1991 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2003 жылғы 7 қаңтардағы N 4-5 сандарында жарияланған; Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 7 қаңтарда NN 2108, 2109, 2110 нөмірлермен тіркелген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2002 жылғы 25 желтоқсандағы
NN 895
,
902
,
903
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 3 сәуірде N 2226 нөмірмен тіркелген 2003 жылғы 27 наурыздағы
N 143
, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 6 маусымдағы N 2353 нөмірмен тіркелген 2003 жылғы 21 мамырдағы
N 210
, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 26 маусымдағы N 2380 нөмірмен тіркелген 2003 жылғы 26 маусымдағы
N 221
бұйрықтарымен енгізілген толықтыруларымен) мынадай толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген Бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген фискалдық жады бар бақылау-кассалық машиналарының Мемлекеттік тізілімі мынадай мазмұндағы 79-81 тармақтармен толықтырсын:
"79. ОКА 600Ф KZ (1 нұсқа)
80. ОКА ПФ KZ (2 нұсқа)
81. MSTAR Ф KZ (3.1 нұсқа)".
2. Салық әдістеме басқармасы (А.М.Қыпшақов) осы Бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
3. Осы Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының орынбасары М.М. Әбдірахмановқа жүктелсін.
4. Осы Бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға