Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізілімін жүргізу ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 27 қазандағы N 382 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 24 қарашада тіркелді. Тіркеу N 2574. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қарашадағы № 282 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2016 № 282 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізілімін жүргізу жүйесін жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізілімін жүргізу ережесі бекітілсін (осы қаулыға 1-қосымша).
      2. Осы қаулы күшіне енгізілген күннен бастап осы қаулының 2-қосымшасында көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
      4. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және филиалдарына жіберсін.
      5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.

       Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасының    
Ұлттық Банкі Басқармасының   
"Эмиссиялық бағалы қағаздардың 
мемлекеттік тізілімін жүргізу 
ережесін бекіту туралы"    
2003 жылғы 27 қазандағы    
N 382 қаулысына        
1-қосымша           

  Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік 
тізілімін жүргізу  ережесі 1-бөлім. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізілімін жүргізудің (бұдан әрі - Мемлекеттік тізілім) шарттары мен тәртібін белгілейді.

      2. Эмиссиялық бағалы қағаздардың тіркелген шығарылымдары, эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру және өтеу қорытындылары туралы бекітілген есептер, сондай-ақ эмиссиялық бағалы қағаздардың жойылған шығарылымдары туралы мәліметтерді бағалы қағаздар рыногын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) Мемлекеттік тізілімге енгізеді.

      3. Мемлекеттік тізілімді жүргізу электрондық және қағазға басылған нысанда жүзеге асырылады. Мемлекеттік тізілім:
      1) шығарылымға нөмір беруге және бағалы қағаздарға ұлттық бірегейлендіру нөмірін беруге арналған тізілім-журналдан (бұдан әрі - тізілім-журнал);
      2) Мемлекеттік тізілімге өзгерістер енгізу туралы тізілім-журналдан (бұдан әрі - өзгерістер журналы);
      3) акциялар тізілімінен (электрондық нысан);
      4) облигациялар журналынан (электронды нысан);
      4-1) пайлар тiзiлiмiнен (электрондық нысан);
      5) қазақстандық депозитарлық қолхаттар тізілімінен (электронды нысан) тұрады.
       Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 76 қаулысымен.

2-бөлім. Эмиссиялық бағалы қағаздар және
олардың эмитенттері туралы мәліметтерді
Мемлекеттік тізілімге есепке алу

      4. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымдарын, эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру (өтеу) қорытындылары туралы бекітілген есептерді және эмиссиялық бағалы қағаздардың жойылған шығарылымдарын мемлекеттік тіркеу және олардың эмитенттері туралы мәліметтер эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын, эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру (өтеу) қорытындылары туралы бекітілген есептерді және эмиссиялық бағалы қағаздардың жойылған шығарылымын тіркеген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей Мемлекеттік тізілімге енгізіледі.

      5. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымдары және олардың эмитенттері туралы мәліметтер Мемлекеттік тізілімге:
      1) осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес толтырылған акциялар шығарылымының карточкасындағы;
      2) осы Ереженің 18-тармағының 1), 2), 5)-11), 13)-15), 20), 21), 23), 27)-30) және 37) тармақшаларына сәйкес мәліметтер бар бағалы қағаздар шығарылымының проспектісіне өзгерістер карточкасындағы;
      3) осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес толтырылған облигациялар шығарылымының карточкасындағы;
      4) осы Ереженің 18-тармағының 1)-19), 23), 25), 28), 41) және 42) тармақшаларына, 20-тармақтың 1) тармақшасының үшінші-алтыншы абзацтарына ( қазақстандық депозитарлық қолхаттар эмитенті үшін) және 18-тармақтың 1), 2), 5), 9), 25), 29), 36) және 37) тармақшаларына және осы Ереженің 20-тармағының 2) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарына (қазақстандық депозитарлық қолхаттардың негізгі активтерінің эмитенті үшін) сәйкес мәліметтер бар қазақстандық депозитарлық қолхаттар карточкасындағы;
      4-1) осы Ереженiң 2-1-қосымшасына сай толтырылған пайлар шығарылымының карточкасындағы;
      5) осы Ереженің 18-тармағының 1), 2), 28), 29), 31), 32), 34), 35), 36), 37) тармақшаларына сәйкес мәліметтер бар акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есеп карточкасындағы;
      6) осы Ереженің 18-тармағының 1), 2), 28), 29), 31), 34) тармақшаларына сәйкес мәліметтер бар облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есеп карточкасындағы;
      6-1) осы Ереженiң 18-тармағының 32), 34) және 35) тармақшаларына және 20-1-тармағының 9)-11) тармақшаларына сәйкес мәлiметтер бар пайларды орналастыру қорытындылары туралы есептiң карточкасындағы;
      7) осы Ереженің 20-тармағының 1) тармақшасының жетінші-он төртінші абзацтарына сәйкес мәліметтер бар қазақстандық депозитарлық қолхаттарды орналастыру қорытындылары туралы есеп карточкасындағы деректер негізінде енгізіледі.
       Ескерту: 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 76 қаулысымен.

      6. Эмиссиялық бағалы қағаздар және олардың эмитенттері туралы мәліметтер осы Ереженің 3, 4 және 5-қосымшаларына сәйкес жасалған өтінімдер негізінде тізілім-журналға енгізіледі.
       Ескерту: 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 76 қаулысымен.

      7. Акциялар, облигациялар және қазақстандық депозитарлық қолхаттар бойынша тізілім-журнал жеке жүргізіледі.

      8. Акциялар шығарылымдарына нөмірлер беру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады: нөмір латын алфавитінің бір әрпінен (нөмірдің бірінші позициясы) және төрт араб санынан (нөмірдің екінші, үшінші, төртінші және бесінші позициясы) тұрады. Нөмірді беру нөмірдің бірінші позициясындағы латын алфавитінің бірінші әрпінен және бесінші позицияда бір санынан басталады. Келесі нөмірлерді беру соңғы нөмірдің жүйелі түрде өсуімен жүргізіледі және нөмірдің позициясы бесінші позициядан бастап солдан оңға жүргізіледі және нөмірдің позициясы  бесінші позициядан бастап солдан оңға қарай толтырылады. А9999 нөміріне жеткеннен кейін латын алфавитінің келесі әрпіне көшеді және нөмірді санау бір санынан қайта басталады.

      9. Облигациялар шығарылымдарына нөмірлер беру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады: нөмір латын алфавитінің бір әрпінен (нөмірдің бірінші позициясы) және екі араб санынан (нөмірдің екінші және үшінші позициясы) тұрады. Нөмірді беру нөмірдің бірінші позициясындағы латын алфавитінің бірінші әрпінен және үшінші позиция бірлігінен басталады. Келесі нөмірлерді беру соңғы нөмірдің жүйелі түрде өсуімен жүргізіледі және нөмірдің позициясы екінші позициядан бастап солдан оңға қарай толтырады. А99 нөміріне жеткеннен кейін латын алфавитінің келесі әрпіне көшеді және нөмірді санау бір санынан қайта басталады.

      10. Қазақстандық депозитарлық қолхаттар шығарылымдарына нөмірлер беру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады: қазақстандық депозитарлық қолхаттар шығарылымының нөмірі екі араб санынан тұрады. Қазақстандық депозитарлық қолхаттарының бірінші шығарылымы кезінде белгілібір негізгі активтің біреуіне "01" нөмірі беріледі. Осы эмитенттің осындай қазақстандық депозитарлық қолхаттардың келесі шығарылымдарының осындай белгілібір негізгі активіне осы "01" нөмірі беріледі. Осы эмитенттің осындай қазақстандық депозитарлық қолхаттарының келесі шығарылымдарының басқа негізгі активіне "02" нөмірі беріледі.

      10-1. Пайлар шығарылымына тiркеу нөмiрлерiн беру мынадай тәртiппен жүзеге асырылады: пайлар шығарылымының тiркеу нөмiрi бес позициядан тұрады; нөмiрдiң бiрiншi және екiншi позицияларында әрбiр басқарушы компания үшiн бiрегей және өзгерiссiз болып қалатын Бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiнде инвестициялық пай қорының пайларын шығарудың бастамашысы болған басқарушы компанияның реттiк нөмiрiн бiлдiретiн араб цифрлары көрсетiледi; үшiншi позицияда "/" деген белгi көрсетiледi; төртiншi және бесiншi позицияларда оны құрған басқару компанияның инвестициялық пай қорының реттiк нөмiрiн бiлдiретiн араб цифрлары көрсетiледi.
       Ескерту: 10-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 76 қаулысымен.

      11. Эмиссиялық бағалы қағаздарға ұлттық бірегейлендіру нөмірлерін беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.

      12. Тізілім-журналы беттеледі, тігіледі және уәкілетті органның тізілім-журналды жүргізуді жүзеге асыратын қызметкерінің қолымен бекітіледі.

      13. Тізілім-журнал біткеннен кейін оның титул парағына "Тізілімде бар эмиссиялық бағалы қағаздар туралы жазбаның барлығы (шығарылым туралы соңғы жазбаның реттік нөмірі)" деген жазба жүргізіледі және еркін форматта тізілім-журналдың аяқталған күні көрсетіледі.

      14. Жаңадан ашылған тізілім-журнал бағалы қағаздардың шығарылымы туралы реттік нөмірі бұрынғы тізілім-журналдағы соңғы жазбадан бір санға асатын эмиссиялық реттік нөмірді жазудан басталады.

      15. Эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылымы туралы аяқталмаған жазбаны бір тізілім-журналдан екіншісіне көшіруге тыйым салынады.

      16. Бір эмитенттің әрбір эмиссиялық бағалы қағаздары туралы мәліметтер, барлық өзгерістерді ескере отырып, Мемлекеттік тізілімде жеке ескеріледі.

      17. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының проспектілеріне тіркелген өзгерістер (толықтырулар) туралы мәліметтер және эмитент туралы деректер шығарылым проспектісіне өзгерістерді (толықтыруларды) тіркеген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде бір мезгілде өзгерістер журналына және Мемлекеттік тізілімге енгізіледі.

      18. Акциялар тізілімі мынадай мәліметтерден тұрады:
      1) эмитенттің атауы;
      2) эмитенттің ұйымдық-құқықтық нысаны;
      3) эмитенттің мәртебесі (қаржы агенттігі);
      4) эмитенттің бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
      5) эмитент қызметінің түрлері;
      6) Қазақстан Республикасының резидент еместерінің эмитенттің жарғылық капиталына қатысуы жазбалардың біреуінде көрсетіледі: "Шетелдің қатысуынсыз" немесе "Шетелдің қатысуымен";
      7) жазбалардың біреуінде эмитенттің мамандануы көрсетіледі: "Банк", "Сақтандыру қоғамы", "Инвестициялық қор", "Зейнетақы қоры", "Бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары" немесе "Басқалары";
      8) жазбалардың біреуінде эмитенттің жарғылық капиталында мемлекеттік үлестің болуы көрсетіледі: "Мемлекеттің үлесі жоқ", "Мемлекеттің үлесі бар";
      9) эмитент орналасқан облыс немесе аймақ;
      10) эмитенттің почта индексі көрсетілген мекен-жайы, орналасқан елді мекені, көшесі (массив) және құрылыстың нөмірі;
      11) эмитенттің байланыс телефондары, факс және электрондық почтасының адресі;
      12) жазбалардың біреуінде эмитенттің құрылу тарихы көрсетіледі: "жаңадан құрылған", "қосылған", "бөлінген", "біріккен", "қайта құрылған" немесе "басқалары";
      13) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) жүзеге асырған мемлекеттік органның атауы;
      14) ["дд.мм.гг." форматында] эмитенттің мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күні;
      15) эмитентті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі;
      16) эмиссиялық бағалы қағаздардың тіркелген шығарылымының нөмірі;
      17) эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылымын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған мемлекеттік органның атауы;
      18) ["дд.мм.гг." форматында] эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылымын тіркеу күні;
      19) ["дд.мм.гг." форматында] эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылымының проспектісін тіркеу күні;
      20) эмитенттің жарғылық капиталының мөлшері;
      21) жазбалардың бiрiнде көрсетiлетiн эмиссиялық бағалы қағаздардың түрi: "жай акциялар", "артықшылықты акциялар", "ипотека облигациялары", "агенттiк облигациялар", "эмитенттiң мүлiк кепiлдiгiмен қамтамасыз етiлген купондық облигациялар", "банктiң кепiлдiгiмен қамтамасыз етiлген купондық облигациялар", "қамтамасыз етiлмеген купондық облигациялар", "инфрақұрылымдық облигациялар", "эмитенттiң мүлiк кепiлдiгiмен қамтамасыз етiлген дисконтты облигациялар", "банктiң кепiлдiгiмен қамтамасыз етiлген дисконтты облигациялар", "қамтамасыз етiлмеген дисконтты облигациялар" (облигация бағдарламасын мемлекеттiк тiркеу туралы мәлiметтердi қоспағанда), пайлар;
      22) эмиссиялық бағалы қағаздардың нақтылы құны (акционерлік қоғам құрылтайшыларының арасында орналастырылатын облигациялар мен акциялар), бастапқы орналастыруға жататын пайлар;
      23) эмиссиялық бағалы қағаздардың түрлері бойынша саны;
      24) артықшылықты акциялар бойынша кепілдік берілген дивидендтердің мөлшері;
      25) ұлттық бірегейлендіру нөмірі;
      26) жазбалардың бірінде эмиссиялық бағалы қағаздардың айырбасталымдық мүмкіндігі көрсетіледі: "Иә" немесе "Жоқ";
      27) аты-жөнін, бар болса әкесінің атын көрсете отырып, эмитенттің басқару органдары (директорлар кеңесінің төрағасы, директорлар кеңесінің мүшелері, атқарушы органның басшысы (атқарушы органның функциясын жеке дара жүзеге асыратын тұлға), атқарушы органның мүшелері және қоғамның бас бухгалтері);
      28) эмитенттің төлем агентінің атауы;
      29) эмитенттің тіркеушісінің атауы;
      30) эмитенттің қаржы есебіне аудитті жүзеге асыратын аудиторлық ұйымның атауы;
      31) бекіту үшін ["дд.мм.гг." форматында] эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру (өтеу) қорытындылары туралы есепті ұсыну күні;
      32) бекіту үшін ["дд.мм.гг." форматында] эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру (өтеу) қорытындылары туралы есепті бекіту күні;
      33) жазбалардың бірінде көрсетілетін эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру жағдайы: "Орналастырылатын", "Толық орналастырылған", "Орналастыру тоқтатылған";
      34) эмиссиялық бағалы қағаздардың түрлері бойынша орналастыру (өтеу) қорытындылары туралы есепті бекіту күніне орналастырылған (өтелген) эмиссиялық бағалы қағаздардың саны;
      35) ["дд.мм.гг." форматында] эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру аяқталған (аралық) күн (есепті күн);
      36) алынып тасталды;
      37) оларға тиесiлi акциялардың эмитенттiң, қоғам сатып алғанын қоспағанда, орналастырылған акцияларының жалпы санына проценттiк ара қатынасты көрсете отырып, эмитенттiң орналастырылған акцияларының 10 және одан астам процентiне иелiк ететiн акционерлер, сондай-ақ оларға тиесiлi дауыс берушi акциялардың эмитенттiң дауыс берушi акцияларының жалпы санына проценттiк арақатынасын көрсете отырып iрi акционерлер;
      38) акция шығарылымдарын жоятын органның атауы;
      39) ["дд.мм.гг." форматында] акция шығарылымын жою күні;
      40) акция шығарылымдарын жоюдың себебі;
      41) эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылымын тіркеу үшін ұсынған эмитенттің құжаттарын қараған уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі қызметкерінің аты-жөні, әкесінің аты;
      42) эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылымы және олардың эмитенттері жөніндегі ескертулер.
       Ескерту. 18-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 76 қаулысымен, 2007.05.28 N 155 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      19. Облигациялар тізілімі мынадай мәліметтерден тұрады:
      1) осы Ереженің 18-тармағының 1)-30), 41) және 42) тармақтарында көрсетілгендер;
      2) облигациялар шығарылымының көлемі;
      3) облигациялар айналысының мерзімі;
      4) жазбалардың бірінде көрсетілетін облигациялар шығарылымының нысаны: "Құжаттандырылмаған" немесе "Құжаттандырылған";
      5) облигациялар бойынша купондық сыйақының мөлшері;
      6) облигациялар бағдарламасын мемлекеттік тіркеу күні (шығарылған кезде осындай болса);
      7) ипотекалық және қамтамасыз етілген облигациялардың ұстаушылары өкілдерінің атауы;
      8) осы Ереженің 18-тармағының 31)-40) тармағында аталғандар.

      20. Қазақстандық депозитарлық қолхаттар тізілімінде мынадай мәліметтер бар:
      1) мыналарды көрсете отырып, қазақстандық депозитарлық қолхаттар эмитенттері туралы мәліметтер;
      осы Ереженің 18-тармағының 1)-19), 23), 24), 25), 28) және 38)-41) тармақшаларында аталған мәліметтер;
      бір қазақстандық депозитарлық қолхаттың негізгі активін құрайтын бағалы қағаздардың саны;
      қазақстандық депозитарлық қолхатты орналастыру бағасы;
      қазақстандық депозитарлық қолхаттың айналыс мерзімі;
      андеррайтердің атауы;
      ["дд.мм.гг." форматында] қазақстандық депозитарлық қолхатты орналастыру қорытындылары туралы есепті ұсыну күні;
      ["дд.мм.гг." форматында] қазақстандық депозитарлық қолхатты орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту күні;
      жазбалардың бірінде көрсетілетін қазақстандық депозитарлық қолхатты орналастыру жағдайы: "Орналастырылатын", "Толық орналастырылған", "Орналастыру тоқтатылған";
      қазақстандық депозитарлық қолхаттың түрлері бойынша орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту күніне орналастырылған қазақстандық депозитарлық қолхаттың саны;
      ["дд.мм.гг." форматында] қазақстандық депозитарлық қолхатты орналастыру аяқталған (аралық) күн (есепті күн);
      ["дд.мм.гг." форматында] бекіту үшін қазақстандық депозитарлық қолхатты орналастыруды өтеу қорытындылары туралы есепті ұсыну күні;
      ["дд.мм.гг." форматында] қазақстандық депозитарлық қолхатты өтеу аяқталған (аралық) күн (есепті күн);
      ["дд.мм.гг." форматында] қазақстандық депозитарлық қолхатты орналастыру қорытындылары туралы есепті назарға алу күні;
      2) мыналарды көрсете отырып, қазақстандық депозитарлық қолхаттың негізгі активтерінің эмитенттері туралы деректер:
      осы Ереженің 18-тармағының 1), 2), 5), 9), 24), 28), 36) және 37) тармақшаларында аталған мәліметтер;
      негізгі активтің түрлері мен санаттары;
      негізгі активтің айналыс мерзімі;
      негізгі активтің рыноктық бағасы.

      20-1. Пайлар тiзiлiмiнде мынадай мәлiметтер бар:
      1) осы Ереженiң 18-тармағының 16)-18), 21), 22), 25), 32), 34), 35), 41) тармақшаларында санамаланғандар;
      2) қордың атауы;
      3) қордың түрi;
      4) басқарушы компанияның атауы;
      5) облысты, межелi жердi, көшенi (массивтi) және ғимарат нөмiрiн көрсете отырып басқарушы компанияның мекен-жайы;
      6) басқарушы компанияның бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
      7) тiркеушiнiң атауы;
      8) кастодианның атауы;
      9) орналастырылған пайлардың жалпы санында оларға тиесiлi пайлардың үлесiн көрсете отырып пайлардың меншiк иелерiнiң атауы;
      10) пайларды орналастырудың аяқталу күнiне қордың таза активтерiнiң құны;
      11) пайларды орналастыру қорытындылары туралы есептi бекiтуге ұсынылған құжатты қараған уәкiлеттi органның құрылымдық бөлiмшесi қызметкерiнiң фамилиясы, инициалдары.
       Ескерту. 2-тарау 20-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006.03.25 N 76 қаулысымен; өзгеріс енізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.05.28 N 155 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      21. Акциялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде акциялар тізілімінде осы Ереженің 18-тармағының 1)-30), 36), 37), 41) және 42) тармақшалары толтырылады.

      22. Облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде облигациялар тізілімінде осы Ереженің 19-тармағының 1)-7) тармақшалары толтырылады.
 

      22-1. Пайлар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу кезiнде осы Ереженiң 18-тармағының 16)-18), 21), 22), 25), 41) тармақшалары және 20-1-тармағының 2)-8) тармақшалары толтырылады.
       Ескерту: 22-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 76 қаулысымен.

      23. Эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару және орналастыру (өтеу) қорытындылары туралы есепті бекіткен кезде акциялар мен облигациялар тізілімінде осы Ереженің 18-тармағының 31)-37) тармақшалары толтырылады.
 

      23-1. Пайларды орналастыру қорытындылары туралы есептi бекiту кезiнде пайлар тiзiлiмiнде осы Ереженiң 18-тармағының 32), 34), 35) тармақшалары және 20-1-тармағының 9)-11) тармақшалары толтырылады.
       Ескерту: 23-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 76 қаулысымен.

      24. Эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылымдарын жойған кезде акциялардың, облигациялардың және қазақстандық депозитарлық қолхаттардың тізілімінде осы Ереженің 18-тармағының 38)-40) тармақшалары толтырылады.

  3-бөлім. Қорытынды ережелер

      25. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешіледі.

                                       Эмиссиялық бағалы қағаздарды
                                      Мемлекеттік тізілімін жүргізу
                                               ережесіне
                                               1-қосымша

      Ескерту: 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 76 қаулысымен, 2010.03.29 № 50 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

                 АКЦИЯЛАРДЫ ШЫҒАРУ КАРТОЧКАСЫ

Эмитенттің атауы__________________________________________________.
Қызмет түрі_______________________________________________________.
Мамандану: (қажеттісін көрсету) банк ____; сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы____; зейнетақы қоры____; инвестициялық қор ____; бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары___; басқалары ____

Мемлекеттік үлес: Иә __; Жоқ __.
Облыс ___________ Мекен-жайы
___________________________________________________________.
телефоны _________________ факс ______________ электрондық почтаның адресі __________________.

Эмитенттің тарихы: (қажеттісін көрсету) құру ____; қосу ____, қайта ұйымдастыру ____; бөліну ____; біріктіру ____;  қайта құру  ____; басқалары ____.

Заңды тұлғаны  тіркеу (қайта тіркеу) органы ____ тіркеу күні  ________ нөмірі ________.

Жарғылық капитал мөлшері ________, құрылтайшылар төлейтін акциялардың нақтылы құны__
Тіркеушінің атауы ______________________________________,
Төлем  агенті___________________ Аудиторлық ұйым  _______________

Шығарылымның құрылымы:
___________________________________________________________________
акцияның | Саны  |айырбасталымдылық|  артықшылықты акциялар
  түрі   |       |   мүмкіндігі    |   үшін дивидендтердің
         |       |                 | кепілдік берілген мөлшері
___________________________________________________________________
Акциялардың 10%-нен астамын иеленетіндер акционерлер (шығарылым проспектісі бойынша)

N
р/с



  Акционер  



  Мекен-жайы  

қоғамның орналастырылған акцияларының он және одан астам процентiне иелiк ететiн әрбiр акционер акцияларының, қоғам сатып алғанын қоспағанда, орналастырылған акциялардың жалпы санына проценттiк ара қатынасы, сондай-ақ қоғамның дауыс берушi акцияларының он және одан астам процентiне иелiк ететiн акционерге тиесiлi акциялардың қоғамның дауыс берушi акциялардың жалпы санына проценттiк ара қатынасы





  Қоғамның лауазымды тұлғалары туралы мәліметтер:

        Лауазымы    

        Аты-жөні, бар болса әкесінің аты 

қоғамның орналас.
тырылған акция.
ларының он және одан астам процен.
тiне иелiк ететiн әрбiр акционер акцияларының, қоғам
сатып алғанын қос.
пағанда,  орналас.
тырылған акция.
лардың жалпы са.
нына проценттiк ара
қатынасы, сондай-ақ
қоғамның дауыс берушi акция.
ларының он және одан астам процен.
тiне иелiк ететiн акционерге тиесiлi акциялардың қоғамның дауыс берушi акциялардың жалпы санына проценттiк ара қатынасы

        Қай күннен бастап лауазымды қызметте

Директорлар
кеңесінің Төрағасы




Директорлар
кеңесінің мүшелері




Атқарушы орган.
ның басшысы немесе атқарушы органның функ.
цияларын жеке
дара орындайтын
тұлға




Атқарушы орган.
ның мүшелері




Бас бухгалтер




  Атқарушы органның орындаушысы _____________ Қолы ______ күні_______

                                       Эмиссиялық бағалы қағаздардың
                                       мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу
                                             ережесiне 2-қосымша

      Ескерту: 2-қосымша жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 76 қаулысымен, 2010.03.29 № 50 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

                  Облигацияларды шығару карточкасы

Эмитенттiң атауы____________________________________________________
Қызмет түрi_________________________________________________________
Мамандану: (қажеттiсiн көрсету) банк______; сақтандыру (қайта
сақтандыру) ұйымы_____; зейнетақы қоры______; инвестициялық қор____;
бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысы_____; басқалары______
Мемлекеттiк үлес: Иә___; Жоқ____.
Облыс___________Мекен-жай__________________________________________.
телефоны__________ факс___________электрондық почтаның адресi______.
Эмитенттiң тарихы: құру_____; бiрiктiру________, бөлу______________;
бөлiп шығару______; қосу_______; өзгерту_______; басқалары_________.
Заңды тұлғаны тiркеген орган________________________________________
тiркелген күнi_____________нөмiрi________________.
Шығарылым көлемi___________теңге, номиналды құны____________________
Тiркеушiнiң атауы:__________________________________________________
Облигациялар шығарылымының (облигация бағдарламасының) тiркелген
күні:
Өлшем бiрлiгiн көрсете отырып облигациялардың айналыс мерзiмi
____________________________________(жылдар, айлар, апталар, күндер)
Купондарды төлеу кезеңдiлiгi________________________________________
Шығарылым құрылымы:

Облигация-
лар шыға-
рылымының
нөмірі
және түрі

Шығарылым
көлемі

Номиналды құны

Саны

Ұлттық
бірегей-
лендіру
нөмірі

Айыр-
бастау
мүмкін-
дігі

Купон-
дық
ставка
мөлше-
рі

Эмитенттiң лауазымды тұғалары туралы мәлiметтер:

Лауазымы

фамилиясы,
аты, әкесінің
аты

Қоғамның орналастырылған акцияларының он және одан астам процентiне иелiк ететiн әрбiр акционер акцияларының, қоғам сатып алғанын қоспағанда, орналастырылған акциялардың жалпы санына проценттiк ара қатынасы, сондай-ақ қоғамның дауыс берушi акцияларының он және одан астам процентiне иелiк ететiн акционерге тиесiлi акциялардың қоғамның дауыс берушi акциялардың жалпы санына проценттiк ара қатынасы

Бірінші басшы



Бас бухгалтер



   Уәкiлеттi органның орындаушысы_________Қолы_________күні_________

                                      Эмиссиялық бағалы қағаздардың
                                       мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу
                                           ережесiне 2-1 қосымша  

      Ескерту: 2-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006.03.25 N 76 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.05.28 N 155 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

                Пайлар шығарылымының карточкасы

Пайлар шығарылымының тiркеу нөмiрi__________________________________
Пай қорының түрi:___________________________________________________
Пай қорының атауы:__________________________________________________
Пайлар шығарылымының тiркелген күнi:________________________________
Пай қорының қызмет ету мерзiмi:_____________________________________
Пайдың номиналды құны:______________________________________________
Пайларға берiлген ұлттық бiрегейлендiру нөмiрi:_____________________
Пайларды орналастырудың басталу шарттары:___________________________
Басқарушы компанияның атауы:________________________________________
Басқарушы компанияның мекен-жайы:
облыс:______________________________________________________________
мекен-жайы:_________________________________________________________
Басқарушы компанияның бизнес-сәйкестендіру нөмірі:_______
Кастодианның атауы:_________________________________________________
Тiркеушiнiң атауы:__________________________________________________
Уәкiлеттi органның орындаушысы_________Қолы_________күні____________      

                                      Эмиссиялық бағалы қағаздарды
                                      Мемлекеттік тізілімін жүргізу
                                               ережесіне
                                               3-қосымша

               Акцияларды шығару нөмірін және
          ұлттық бірегейлендіру нөмірлерін алу үшін
                          ӨТІНІМ

___________________________________________________________________
1   Эмитенттің толық атауы
2   Толық почталық мекен-жайы
3   Заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) органы
4   Заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) күні
5   Заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі
6   Акцияларды шығаруды мемлекеттік тіркеу
    немесе акция шығарылымын мемлекеттік
    тіркеу туралы куәлікті ауыстыру
7   Шығарылым нөмірі
8   Жай акциялардың ұлттық бірегейлендіру
    нөмірі
9   Артықшылықты акциялардың бірегейлендіру
    нөмірі
10  Орындаушы
11  Өтінім берген күн
___________________________________________________________________

                                      Эмиссиялық бағалы қағаздарды
                                      Мемлекеттік тізілімін жүргізу
                                              ережесіне
                                              4-қосымша

           Облигацияларды шығару нөмірін және ұлттық
             бірегейлендіру нөмірлерін алу үшін
                         ӨТІНІМ

___________________________________________________________________
1    Эмитенттің толық атауы
2    Толық почталық мекен-жайы
3    Заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) органы
4    Заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) күні
5    Заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі
6    Жарғылық капиталдың нөмірі
7    Облигациялардың түрі
8    Облигациялардың айналыс мерзімі
9    Шығарылым нөмірі
10   Облигацияның ұлттық бірегейлендіру нөмірі
11   Орындаушы
12   Өтінім берген күн
___________________________________________________________________

                                       Эмиссиялық бағалы қағаздардың
                                       мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу
                                             ережесiне 5 қосымша

       Ескерту: 5-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 76 қаулысымен.

         Пайлар шығарылымын тiркеу нөмiрiн және ұлттық
         бiрегейлендiру нөмiрiн алу үшiн өтiнім

1

Пай қорының атауы


2

Пай қорының түрi


3

Басқарушы компания


4

Басқарушы компанияның толық почталық мекен-жайы


5

Қордың қызмет ету мерзiмi


6

Басқарушы компанияның нөмiрi


7

Пай қорының нөмiрi


8

Шығарылымның тiркеу нөмiрi


9

Пайлардың ұлттық бiрегейлендiру нөмiрі


   Уәкiлеттi органның орындаушысы_________Қолы_________күні_________

      Қазақстан Республикасының    
Ұлттық Банкі Басқармасының   
"Эмиссиялық бағалы қағаздардың 
мемлекеттік тізілімін жүргізу 
ережесін бекіту туралы"     
2003 жылғы 27 қазандағы     
N 382 қаулысына        
2-қосымша           

  Күші жойылды деп танылған нормативтік
құқықтық актілердің тізбесі

      Мынадай құқықтық нормативтік актілердің: 
      1) Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Қазақстан Республикасында акционерлік қоғамдардың акцияларын бағалы қағаздардың мемлекеттік тізілімінде тіркеу тәртібі және оларға ұлттық бірегейлендіру нөмірлерін беру туралы ережесін бекіту жөніндегі" 1997 жылғы 8 қазандағы N 159 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 460 тіркелген, Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногы жөніндегі нормативтік актілердің жинағына 1998 жылы жарияланған, 2-том);

      2) Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Қазақстан Республикасында шаруашылық субъектілерінің облигацияларын бағалы қағаздардың мемлекеттік тізілімінде тіркеу тәртібі және оларға ұлттық бірегейлендіру нөмірлерін беру туралы ережесін бекіту жөніндегі" 1997 жылғы 8 қазандағы N 162 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 459 тіркелген, Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногы жөніндегі нормативтік актілердің жинағына 1998 жылы жарияланған, 2-том);

      3) Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Қазақстан Республикасында акционерлік қоғамдардың акцияларын бағалы қағаздардың мемлекеттік тізілімінде тіркеу тәртібі және оларға ұлттық бірегейлендіру нөмірлерін беру туралы ережесін бекіту жөніндегі" 1997 жылғы 8 қазандағы N 159 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2001 жылғы 11 қаңтардағы N 97  қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1393 тіркелген, Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногы жөніндегі нормативтік актілердің жинағына 1998 жылы жарияланған, 3-том) күші жойылды деп танылсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады