Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу ережесiн бекiту туралы" 2003 жылғы 27 қазандағы N 382 қаулысына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 76 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіндегі 2006 жылғы 21 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 4198. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қарашадағы № 282 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2016 № 282 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Нормативтiк құқықтық актiлердi жетiлдiру және оларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу ережесiн бекiту туралы" 2003 жылғы 27 қазандағы N 382  қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2574 тiркелген, 2004 жылы Қазақстан Республикасының Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң бюллетенiнде жарияланған N 1-4) мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу ережесiнде:
      3-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "4-1) пайлар тiзiлiмiнен (электрондық нысан);";

      5-тармақта:
      2) тармақшада ", 36)" деген цифр алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "4-1) осы Ереженiң 2-1-қосымшасына сай толтырылған пайлар шығарылымының карточкасындағы;";

      5) тармақшада "2)," деген цифрдан кейiн "28), 29)," деген цифрлармен толықтырылсын;

      6) тармақшада "2)," деген цифрдан кейiн "28), 29)," деген цифрлармен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "6-1) осы Ереженiң 18-тармағының 32), 34) және 35) тармақшаларына және 20-1-тармағының 9)-11) тармақшаларына сәйкес мәлiметтер бар пайларды орналастыру қорытындылары туралы есептiң карточкасындағы;";

      6-тармақтағы "3 және 4-қосымшаларына" деген сөздер "3, 4 және 5-қосымшаларына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
      "10-1. Пайлар шығарылымына тiркеу нөмiрлерiн беру мынадай тәртiппен жүзеге асырылады: пайлар шығарылымының тiркеу нөмiрi бес позициядан тұрады; нөмiрдiң бiрiншi және екiншi позицияларында әрбiр басқарушы компания үшiн бiрегей және өзгерiссiз болып қалатын Бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiнде инвестициялық пай қорының пайларын шығарудың бастамашысы болған басқарушы компанияның реттiк нөмiрiн бiлдiретiн араб цифрлары көрсетiледi; үшiншi позицияда "/" деген белгi көрсетiледi; төртiншi және бесiншi позицияларда оны құрған басқару компанияның инвестициялық пай қорының реттiк нөмiрiн бiлдiретiн араб цифрлары көрсетiледi.";

      18-тармақта:
      3) тармақшада "халықтық қоғам," деген сөздер алынып тасталсын;

      21) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "21) жазбалардың бiрiнде көрсетiлетiн эмиссиялық бағалы қағаздардың түрi: "жай акциялар", "артықшылықты акциялар", "ипотека облигациялары", "агенттiк облигациялар", "эмитенттiң мүлiк кепiлдiгiмен қамтамасыз етiлген купондық облигациялар", "банктiң кепiлдiгiмен қамтамасыз етiлген купондық облигациялар", "қамтамасыз етiлмеген купондық облигациялар", "инфрақұрылымдық облигациялар", "эмитенттiң мүлiк кепiлдiгiмен қамтамасыз етiлген дисконтты облигациялар", "банктiң кепiлдiгiмен қамтамасыз етiлген дисконтты облигациялар", "қамтамасыз етiлмеген дисконтты облигациялар" (облигация бағдарламасын мемлекеттiк тiркеу туралы мәлiметтердi қоспағанда), пайлар;";

      22) тармақшада "облигациялар мен акциялар" деген сөздерден кейiн ", бастапқы орналастыруға жататын пайлар" деген сөздермен толықтырылсын;

      24) тармақшада "(процентпен)" деген сөз алынып тасталсын;

      36) тармақша алынып тасталсын;

      37) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "37) оларға тиесiлi акциялардың эмитенттiң, қоғам сатып алғанын қоспағанда, орналастырылған акцияларының жалпы санына проценттiк ара қатынасты көрсете отырып, эмитенттiң орналастырылған акцияларының 10 және одан астам процентiне иелiк ететiн акционерлер, сондай-ақ оларға тиесiлi дауыс берушi акциялардың эмитенттiң дауыс берушi акцияларының жалпы санына проценттiк арақатынасын көрсете отырып iрi акционерлер;";

      мынадай мазмұндағы 20-1-тармақпен толықтырылсын:
      "20-1. Пайлар тiзiлiмiнде мынадай мәлiметтер бар:
      1) осы Ереженiң 18-тармағының 16)-18), 21), 22), 25), 32), 34), 35), 41) тармақшаларында санамаланғандар;
      2) қордың атауы;
      3) қордың түрi;
      4) басқарушы компанияның атауы;
      5) облысты, межелi жердi, көшенi (массивтi) және ғимарат нөмiрiн көрсете отырып басқарушы компанияның мекен-жайы;
      6) басқарушы компанияның кәсiпорындар мен ұйымдардың жалпы жiктеушiсi (КҰЖЖ);
      7) тiркеушiнiң атауы;
      8) кастодианның атауы;
      9) орналастырылған пайлардың жалпы санында оларға тиесiлi пайлардың үлесiн көрсете отырып пайлардың меншiк иелерiнiң атауы;
      10) пайларды орналастырудың аяқталу күнiне қордың таза активтерiнiң құны;
      11) пайларды орналастыру қорытындылары туралы есептi бекiтуге ұсынылған құжатты қараған уәкiлеттi органның құрылымдық бөлiмшесi қызметкерiнiң фамилиясы, инициалдары.";

      мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:
      "22-1. Пайлар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу кезiнде осы Ереженiң 18-тармағының 16)-18), 21), 22), 25), 41) тармақшалары және 20-1-тармағының 2)-8) тармақшалары толтырылады.";

      мынадай мазмұндағы 23-1-тармақпен толықтырылсын:
      "23-1. Пайларды орналастыру қорытындылары туралы есептi бекiту кезiнде пайлар тiзiлiмiнде осы Ереженiң 18-тармағының 32), 34), 35) тармақшалары және 20-1-тармағының 9)-11) тармақшалары толтырылады.";

      1-қосымшада:
      "(халықтық акционерлiк қоғамда - қоғам акцияларының 5 және одан да көп проценттерiн)" деген сөздер алынып тасталсын;

      "бағалы қағаздардың қайталама рыногында қоғам сатып алған акцияларды шегере отырып, айналыстағы акциялардың жалпы санына процентпен көрсетiлген қоғамға тиесiлi акциялардың саны" деген сөздер "қоғамның орналастырылған акцияларының он және одан астам процентiне иелiк ететiн әрбiр акционер акцияларының, қоғам сатып алғанын қоспағанда, орналастырылған акциялардың жалпы санына проценттiк ара қатынасы, сондай-ақ қоғамның дауыс берушi акцияларының он және одан астам процентiне иелiк ететiн акционерге тиесiлi акциялардың қоғамның дауыс берушi акциялардың жалпы санына проценттiк ара қатынасы";

      2-қосымша осы қаулының 1-қосымшасына сай редакцияда жазылсын;

      осы қаулының 2-қосымшасына сай 2-1 және 5-қосымшалармен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      3. Бағалы қағаздар нарығының субъектiлерiн және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаментi (Тоқобаев Н.Т.):
      1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне жiберсiн.

      4. Агенттiктiң Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлiмi (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсiн.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттiк Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутовағв жүктелсiн.

       Төраға

                                      Қазақстан Республикасы Қаржы
                                      нарығын және қаржы ұйымдарын
                                      реттеу мен қадағалау агенттiгi
                                              Басқармасының
                                        2006 жылғы 25 наурыздағы
                                        N 76 қаулысына 1-қосымша

                                      "Эмиссиялық бағалы қағаздардың
                                       мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу
                                             ережесiне 2-қосымша

                    Облигацияларды шығару карточкасы

Эмитенттiң атауы____________________________________________________
Кәсiпорындар мен ұйымдардың жалпы жiктеуi___________________________
Қызмет түрi_________________________________________________________
Мамандану: (қажеттiсiн көрсету) банк______; сақтандыру (қайта
сақтандыру) ұйымы_____; зейнетақы қоры______; инвестициялық қор____;
бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысы_____; басқалары______
Мемлекеттiк үлес: Иә___; Жоқ____.
Облыс___________Мекен-жай__________________________________________.
телефоны__________ факс___________электрондық почтаның адресi______.
Эмитенттiң тарихы: құру_____; бiрiктiру________, бөлу______________;
бөлiп шығару______; қосу_______; өзгерту_______; басқалары_________.
Заңды тұлғаны тiркеген орган________________________________________
тiркелген күнi_____________нөмiрi________________.
Шығарылым көлемi___________теңге, номиналды құны____________________
Тiркеушiнiң атауы:__________________________________________________
Облигациялар шығарылымының (облигация бағдарламасының) тiркелген
күні:
Өлшем бiрлiгiн көрсете отырып облигациялардың айналыс мерзiмi
____________________________________(жылдар, айлар, апталар, күндер)
Купондарды төлеу кезеңдiлiгi________________________________________
Шығарылым құрылымы:

Облигация-
лар шыға-
рылымының
нөмірі
және түрі

Шығарылым
көлемі

Номиналды құны

Саны

Ұлттық
бірегей-
лендіру
нөмірі

Айыр-
бастау
мүмкін-
дігі

Купон-
дық
ставка
мөлше-
рі

Эмитенттiң лауазымды тұғалары туралы мәлiметтер:

Лауазымы

фамилиясы,
аты, әкесінің
аты

Қоғамның орналастырылған акцияларының он және одан астам процентiне иелiк ететiн әрбiр акционер акцияларының, қоғам сатып алғанын қоспағанда, орналастырылған акциялардың жалпы санына проценттiк ара қатынасы, сондай-ақ қоғамның дауыс берушi акцияларының он және одан астам процентiне иелiк ететiн акционерге тиесiлi акциялардың қоғамның дауыс берушi акциялардың жалпы санына проценттiк ара қатынасы

Бірінші басшы



Бас бухгалтер



   Уәкiлеттi органның орындаушысы_________Қолы_________күні_________".

                                      Қазақстан Республикасы Қаржы
                                      нарығын және қаржы ұйымдарын
                                      реттеу мен қадағалау агенттiгi
                                              Басқармасының
                                        2006 жылғы 25 наурыздағы

                                      "Эмиссиялық бағалы қағаздардың
                                       мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу
                                             ережесiне 2-1 қосымша

                Пайлар шығарылымының карточкасы

Пайлар шығарылымының тiркеу нөмiрi__________________________________

Пай қорының түрi:___________________________________________________

Пай қорының атауы:__________________________________________________

Пайлар шығарылымының тiркелген күнi:________________________________

Пай қорының қызмет ету мерзiмi:_____________________________________

Пайдың номиналды құны:______________________________________________

Пайларға берiлген ұлттық бiрегейлендiру нөмiрi:_____________________

Пайларды орналастырудың басталу шарттары:___________________________

Басқарушы компанияның атауы:________________________________________

Басқарушы компанияның мекен-жайы:
облыс:______________________________________________________________
мекен-жайы:_________________________________________________________

Басқарушы компанияның кәсiпорындар мен ұйымдардың жалпы жiктеушiсi
(КҰЖЖ): ____________________________________________________________

Кастодианның атауы:_________________________________________________

Тiркеушiнiң атауы:__________________________________________________

Уәкiлеттi органның орындаушысы_________Қолы_________күні____________

                                       Эмиссиялық бағалы қағаздардың
                                       мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу
                                             ережесiне 5 қосымша

   Пайлар шығарылымын тiркеу нөмiрiн және ұлттық бiрегейлендiру
                     нөмiрiн алу үшiн өтiнім

1

Пай қорының атауы


2

Пай қорының түрi


3

Басқарушы компания


4

Басқарушы компанияның толық почталық мекен-жайы


5

Қордың қызмет ету мерзiмi


6

Басқарушы компанияның нөмiрi


7

Пай қорының нөмiрi


8

Шығарылымның тiркеу нөмiрi


9

Пайлардың ұлттық бiрегейлендiру нөмiрі


   Уәкiлеттi органның орындаушысы_________Қолы_________күні_________".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады