Санитарлық-эпидемиологиялық сараптауды өткізу ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық Сақтау Министрлігінің 2003 жылғы 14 қарашадағы N 841 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 8 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2600. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 2 қарашадағы N 640 Бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009.11.02 N 640 бұйрығымен.

      "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 22-бабының 3-тармағына және "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес бұйырамын:
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2007.11.19. N 681 Бұйрығымен.
      1. Қоса беріліп отырған Санитарлық-эпидемиологиялық сараптауды өткізу ережесі бекітілсін.
      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Денсаулық сақтау Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы - Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері А.А.Белоногқа жүктелсін.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2007.11.19. N 681 Бұйрығымен.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Министрінің міндетін
      атқарушы

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы  
2003 жылғы 14 қарашадағы
"Санитарлық-эпидемиологиялық
сараптама жүргізу ережесін бекіту
туралы" N 841 бұйрығымен 
бекітілген     

Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" , "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленген. K090193
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2007.11.19. N 681 Бұйрығымен.

      2. Осы Ереже Қазақстан Республикасы халқының денсаулығы мен қоршаған ортаға тіршілік ету ортасының факторларын, шаруашылық және басқа да қызмет, сондай-ақ объектілер теріс әсер етуін зерделеу, бағалау мен олардың алдын алу жөнінде шаралар қабылдау, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін айқындау мақсатында санитарлық-эпидемиологиялық сараптама ұйымдастыру мен жүзеге асырудың тәртібін белгілейді.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2007.11.19. N 681 Бұйрығымен.

      3. Осы Ережелердің талаптары Қазақстан Республикасының аумағында өзінің іс-қимылын жүзеге асырып жүрген жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.

      4. Осы Ережеде қолданылатын терминдер мен анықтамалар:
      1) санитарлық-эпидемиологиялық сараптама - өнімдердің, жұмыстардың, қызмет көрсетулер мен шаруашылық объектілерінің және өзге де қызметтердің санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтерге сәйкестігін келуін анықтау мақсатында жүргізілетін органолептикалық, санитарлық-гигиеналық, эпидемиологиялық, микробиологиялық, паразитологиялық, санитарлық-химиялық, токсикологиялық, радиологиялық және басқа да зерттеулер мен физикалық факторлар өлшемдерінің кешені;
      2) санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды - жобалық құжаттаманың, тіршілік ету ортасы факторларының, шаруашылық және өзге де қызметтің, өнімдердің, жұмыстар мен қызмет көрсетулердің санитарлық ережелер және гигиеналық нормативтерге сәйкестігін (сәйкес еместігін) куәландыратын құжат;
      3) құжаттарға сараптама өткізуге тапсырыс беруші - санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы жасауға тапсырыс беретін,  қаржыландыратын және осы Ережеде белгіленген тәртіп бойынша қажетті құжаттарды ұсынатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, басқа да заңды және жеке тұлғалар;
      4) ұйымдастырушы - белгіленген тәртіппен орындаушы санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы жасауға тапсырысты іске асыруды ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары (сараптау органы);
      5) орындаушылар - ұйымдастырушы айқындаған көлемге сәйкес санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы жасайтын санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары.

      5. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама субъектісі мыналар болып табылады: тапсырысшы, ұйымдастырушы және орындаушылар.

      6. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманың негізгі принциптері:
      1) санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізудің міндеттілігі;
      2) санитарлық-эпидемиологиялық сараптама қорытындылардың заңдылығы, объективтілігі мен ғылыми негізділігі;
      3) санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталықтарының өз өкілеттіліктерін жүзеге асыру кезіндегі тәуелсіздігі;
      4) жариялылық;
      5) санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманың кешенділігі және оны зерттеу түрлерінің жан-жақтылығы;
      6) санитарлық-гигиеналық және індетке қарсы мүдделердің басымдылығы.

      7. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманың негізгі міндеттері:
      1) тіршілік ету ортасы объектілерінің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға, халық денсаулығына әсер етуін кешенді түрде бағалау;
      2) жұқпалы, паразиттік аурулардың шығу және халықтың улану себептері мен жағдайларын зерттеу;
      3) шаруашылық немесе өзге де қызмет процесінде қабылданған шешімдердің санитарлық ережелері мен гигиеналық нормативтерінің талаптарына сәйкестігін бағалау міндеттерін шешеді.

      8. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптамаға мыналар жатады:
      1) атом энергетикасы және өнеркәсіптердің, ғарыштық қызмет атқаратын және жер қойнауын пайдалану нысандарын, қоршаған ортаға химиялық, биологиялық заттарды, физикалық факторларды сыртқы ортаға шығаратын нысандарды, өзіне ғана тән басқаларға ұқсастығы жоқ жаңа технологиялық үдеріс нысандарын орналастырып, қайта жаңартып және ұлғайтқан кезде;
      2) өндіріс күштерінің, қалалық және ауыл елді мекендерінің, шипажай зоналары құрылысының бас жоспарының даму және орналасу схемасын, техникалық-экономикалық негіздемесін, өнеркәсіптік және азаматтық деңгейдегі объектілер құрылысын және жаңарту жобалары жасағанда;
      3) қызметінің кәсіби түрінің өзгеруіне байланысты қайта жаңартылатын құрылыстардың немесе нысан учаскесінің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы туралы материалдарды;
      4) кәсіпорындарды орналастыруға, құрылысын жүргізуге, қайта жаңартуға, дамуына, зиянды заттар мен зиянды физикалық факторлардың қоршаған ортаға, санитарлық күзет және санитарлық қорғау зонасына рұқсат етілген деңгейде түсуіне жасалған техникалық-экономикалық негіздемелерді және геологиялық тексеру мен технология жобасына байланысты басқа да құжаттамаларды;
      5) шикізатқа, тамақ өнімдеріне, тағам өнімдеріне, тауарларға, бұйымдарға, заттарға, механизмдерге, машиналарға, құрал-жабдықтарға, құрылыс материалдарына, балалардың заттарына, сондай-ақ, оқу, тәрбие беру, еңбектенудің, физикалық тұрғыдан даму, мекендеу, демалу, сумен қамту, тұрғындар тобына медициналық қызмет көрсету режимдеріне арналған нормативті-технологиялық құжаттаманың жобаларын;
      6) өндіру, тасымалдау, сақтау, шикізаттарды, тағам өнімдерін, ауыз суды, құрылыс материалдарын, көпшілік тұтынуға арналған тауарларды, балалардың заттарын, уытты, радиоактивті және биологиялық заттарды қолдану және сату, сол сияқты жұмыстың орындалуы мен қызмет көрсету жағдайларын;
      7) оқу, тәрбие беру, еңбектің физикалық тұрғыда дамуы, еңбек ету және өмір сүру, тамақтану, сумен қамту және әртүрлі тұрғындар тобына медициналық қызмет көрсету жағдайлары;
      8) санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды, өнімдердің қауіпсіздігін, тұрғындар денсаулығының жағдайын сипаттайтын материалдар, олардың арасындағы кәсіби және жұқпалы аурулар мен улану туралы мәліметтер;
      9) жерге, су қоймаларына және атмосфералық ауаға жүргізілетін химиялық, биологиялық, токсикологиялық, радиологиялық және пестицидттік тұрғыдан анықталған жүктемелер туралы материалдар;
      10) жаңа өнімдер, оның ішінде тағамдық, технологиялар;
      11) халық денсаулығы үшін қауіптілігі ықтимал және (немесе) маңызды, жоспарланатын, салынатын және пайдаланылатын өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы объектілер, өнеркәсіптік бұйымдар мен көлік, сондай-ақ басқа да объектілер.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2007.11.19. N 681 Бұйрығымен.

2. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және оны
өткізудің тәртібі

      9. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды тұлғаларының қаулысы немесе нұсқамасы бойынша және жеке, заңды тұлғалардың өтініштерінен кейін жүргізіледі.

      10. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша сараптама өткізу үшін, олар қаржыландырғаннан кейін, осы ережелермен бекітілген тәртіп бойынша керекті құжаттамалар алынады.

      11. Жобаларды санитарлық-эпидемиологиялық сараптамадан өткізу үшін тапсырысшы ұйымдастырушыға мынандай құжаттарды береді:
      1) санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы өткізуге арналған өтініш;
      2) санитарлық-эпидемиологиялық сараптамадан өтетін нысандардың жобалау алдындағы және жобалау барысындағы құжаттамалары мен материалдары;
      3) қолданылатын шикізаттардың, тағам өнімдерінің, негізгі және қосымша материалдар мен заттарды сипаттайтын түсініктеме хат;
      4) санитарлық-індетке қарсы іс-шаралар мен айғақтарының тізбесі, ұсынылатын құжатты дайындау кезінде пайдаланылған нормативтік құжаттамаға сілтеме;
      5) еңбектің санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсізідігіне қойылатын талаптар мен өнімді, оның ішінде тағам өнімі, ингредиенттердің өндіру және қызметтер көрсету, технологиялық процестерді орындау кезіндегі жұмыстың зиянды жағдайларының тізбесі;
      6) қажетіне қарай өнімдердің үлгілері;
      7) сынақтардың, зерттеулердің хаттамалары, дегустация жасайтын комиссияның хаттамасы, сызбалары, басты жоспарлардың көшірмелері, фотосурет, өндірістік ортаның химиялық және физикалық факторлары деңгейінің есептемелері;
      8) өнімді, оның ішінде тағам өнімін сәйкестендіруге, оны қолдану қауіпсіздігі мүмкіндігіне септігін тигізетін мәліметтерден тұратын өзге де материалдар;
      т амақ өнімдері және материалдар мен бұйымдардың санитарлық-эпидемиологиялық сараптамасы санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы өткізуге арналған өтініш және өнімдердің үлгілері негізінде өткізіледі.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2007.11.19. N 681 , 2008.12.19  N 657 Бұйрықтарымен.

      12. Тапсырысшылар:
      1) сарапталатын объектілерге немесе сараптау объектісінің жекелеген жұмыстары мен негіздемелеріне қатысты жазбаша түсіндірмелер, ескертулер мен ұсыныстар жасауына;
      2) санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманың алдын ала жасалатын және түпкілікті қорытындыларымен танысуына;
      3) қосымша, қайта немесе бақылау санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы жасаудың мақсатқа сай екендігі туралы өтінішін жасауына;
      4) егжей-тегжейлі зерттеулер мен есептемелер жасауды талап етпейтін түзетулерді, өзгерістерді уақтылы енгізуіне болады.

      13. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдарының сұранысы бойынша тапсырысшылар санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін сараптама объектісінің қоршаған орта мен халықтың денсаулығына әсерін бағалауды зерделеуге қажетті материалдарды ұсынады.

      14. Ұйымдастырушы санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы ұйымдастыру мен жасау үшін барлық қажетті ақпаратты алады, сондай-ақ:
      1) өз жұмысын әкімшілік-құқықтық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;
      2) келіп түскен құжаттарды алдын ала талдауды жүргізеді және ұсынылған құжаттарда құжаттарды іріктеу талаптарын сақтамау болған жағдайда тапсырысшыға алдын ала талдаудың нәтижесі мен санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы одан әрі жүргізу жөніндегі ұсынысты жібереді;
      3) орындаушылар мен олар жүргізетін сараптаманың көлемін айқындайды және нәтижелерді ұсынудың тәртібін белгілейді;
      4) мына жағдайларда санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы жүргізуге өтінім жасамайды:
      тапсырысшы осы ереженің 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбағанда;
      егер қоршаған орта мен халық денсаулығына әсер етудің ұсынылған бағасы немесе санитарлық-эпидемиологиялық салдарлар туралы өтініш санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға жауап бермесе немесе оларсыз объективті шешім қабылдау мүмкін емес деректер жалған болса;
      5) белгіленген тәртіппен орындаушылардан келіп түскен санитарлық-эпидемиологиялық сараптама объектілерін қараудың нәтижесін қарастырады.

      15. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама рәсімі мыналарды қамтиды:
      1) санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу туралы өтінішті тіркеу;
      2) жоспарланып отырған шаруашылық жүргізу қызметі қоршаған орта мен халық денсаулығына әсерін және олардың қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін бағалауды қоса алғанда, сараптауға берілген тиісті материалдардың болуы мен толықтығын тексеруден тұратын алдын ала сараптамасы (алдын ала сараптауды);
      3) сараптаманың тиісті деңгейін көздейтін негізгі сараптау сатысын, материалдарды талдамалық өңдеуді, жоспарланып отырған немесе жүзеге асырылатын қызметтің санитарлық-эпидемиологиялық қауіптілік деңгейін, сараптау объектілерін сату негізінің жеткіліктілігі мен растығын салыстырмалы түрде талдау мен жеке бағалауды жүргізуді;
      4) материалдарды бекітуге ұсынымдар немесе олардан бас тарту туралы қорытындысы бар сараптаманың қорытынды сатысын.

      16. Орындаушы оған ұсынылған санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалардың нәтижелерін ұйымдастырушы беретін санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы жүргізу тапсырмаларының талаптары мен мерзімдеріне сәйкес зерделейді және бағалайды.

      17. Жобаларды қарау нәтижесі бойынша және берілген құжаттар мен үлгілердің тартылған сарапшылары дайындаған жоба бөлімдері жөніндегі қорытындыны ескере отырып, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары санитарлық-эпидемиологиялық сараптама береді, олар мынадай қорытындыдан тұрады:
      1) санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі туралы;
      2) санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға және гигиеналық нормативтерге сәйкессіздігі және қайта жасауға қайтару туралы.

      18. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманың нәтижелері жобалық құжаттамалардың, тіршілік ету ортасының, шаруашылық жүргізу мен өзге де қызметтің, өнімнің, оның ішінде тағам өнімі, жұмыстар мен қызмет көрсетулердің санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі немесе сейкессіздігі жағдайларында белгіленген нысанға сәйкес "Санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды" түрінде ресімделеді.
      Ескерту. 18-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2007.11.19. N 681 Бұйрығымен.

      19. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары берген қорытындыларды тіркеу "Жобалар мен қорытындыларды тіркеу журналында" жүргізіледі.

      20. Қайта санитарлық-эпидемиологиялық сараптама санитарлық-эпидемиологиялық сараптамаға жататын объектілерді сату шарттары өзгерген жағдайда бұрын жасалған санитарлық-эпидемиологиялық сараптамаға берілген ескертулер бойынша материалдарды қайта жасағаннан кейін, сот органдарының шешімінің негізінде жүргізіледі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметінің, Денсаулық сақтау министрінің, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (бұдан әрі - Комитет) төрағасының шешімі бойынша бастамашылық етілуі мүмкін.

      21. "Материалдары токсикологиялық, радиологиялық, санитарлық-химиялық, бактериологиялық, вирусологиялық, физикалық-химиялық сараптама" жүргізу үшін шикізаттың немесе өнімнің үлгілерін іріктеуді мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдарының өкілдері жүргізеді.

      22. Үлгілердің саны, оларды іріктеудің тәртібі, біріздендіру мен сақтау ережесі, өнім, оның ішінде тағам өнімі сынамасын іріктеу актісін ресімдеу өтініш  жасалған өнімге арналған нормативтік құжаттаманың талаптарына  сәйкес келуге тиіс.
      Ескерту. 22-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2007.11.19. N 681 Бұйрығымен.

      23. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға, қоршаған орта мен халық денсаулығына әсер етуді бағалау арналған шарттарды жоспарланатын шаруашылық жүргізу қызметінің тапсырысшысы, ал жұмыс істейтін объектілер үшін - ұйымның иесі немесе орталық және жергілікті атқарушы органдар қамтамасыз етеді.

      24. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға, халық денсаулығы мен қоршаған ортаға әсер етуін бағалау міндетті түрде және жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасының ажырамас бөлігі болып табылады, ал жұмыс істейтін ұйымдар үшін республикалық және облыстық мәні бар бақылау органдарының, орталық атқарушы органдардың, ұйым жұмыс істейтін аймақта тұратын азаматтардың қоғамдық бірлестіктерінің, сот және прокуратура органдарының, сондай-ақ шаруашылық субъектінің бастамашылық етуі бойынша немесе тиісті аумақтағы, көліктегі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық комитеттің және қызметінің шешімі бойынша жүргізіледі.

      25. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға, қоршаған орта мен халық денсаулығына әсер етуді бағалау жобалаудың барлық сатысында және мынаны ескере отырып жүргізіледі:
      1) жоспарланып отырған қызметті жүзеге асыру орнындағы қоршаған ортаның жағдайын;
      2) осы қызметтен бас тартуды қоса алғанда, жоспарланып отырған қызметтің мақсаттарына қол жеткізудің барабар нұсқаларын;
      3) санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың даму перспективаларын;
      4) Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында қолданылып жүрген заңнаманың өзге де талаптарын.

      26. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға, қоршаған орта мен халық денсаулығына әсер етуді бағалау мыналарды қамтуға тиіс:
      1) жоспарланып отырған қызметтің қоршаған ортаға  әсер ету түрлері мен деңгейлерін анықтауды;
      2) белгіленген қызмет жүзеге асырған жағдайда қоршаған орта жағдайының өзгерістері мен олардың санитарлық-эпидемиологиялық салдарларын болжау;
      3) жоспарланып отырған қызметті жүзеге асыру процесінде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүргізу.

      27. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлер:
      1) тиісті аумақта, көлікте санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы бақылауды жүзеге асырады және басқарады;
      2) санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы жүргізу әдістерін анықтайды;
      3) қолданыстағы санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтер талаптарына жауап бермейтін санитарлық-эпидемиологиялық сараптауға ұсынылған материалдарды кейін қайтарады;
      4) санитарлық-эпидемиологиялық заңдар бұзылған, оны түзету қосымша сынақтар мен зерттеулерді, ізденіс жұмыстарын талап ететін материалдар мен құжаттарды қайта жасау үшін кейін қайтарады;
      5) санитарлық-эпидемиологиялық сараптамасының қорытындысына қол қояды;
      6) халық денсаулығы мен қоршаған ортаға қауіп төндіретін жағдай қайта анықталғанда, тапсырысшы қорытынды талаптарын орындамаған жағдайда, жеке және заңды тұлғалар атқаратын қызметтің санитарлық ережелер мен нормалар талаптарына сай болмаған кезде, сондай-ақ, заң бұзылған санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды берілгенде санитарлық-эпидемиологиялық сараптаудың бұрын берілген санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманың оң қорытындысын қайтарып алады;
      7) сараптама өткізу үшін керекті қосымша ғылыми, жобалау, әдістемелік немесе басқа да керекті материалдарды сұратады;
      8) мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізілген кезде оң қорытынды алмаған нысандар бойынша банктерге және басқа да қаржыландыру органдарына материалдарды ұсынады;
      9) заңнамаға сәйкес әкімшілік шараларды қолданады, қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуда кінәлі адамдарды жауапқа тарту туралы мәселелерді шешу үшін тиісті құқық қорғау және өзге де органдарға тиісті материалдарды дайындайды және тапсырады.

      28. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдарының арнайы білімді және санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы жүргізу үшін жеткілікті тәжірибесі бар мамандары жүзеге асырады.

      29. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптамаға тапсырысшының өкілі немесе санитарлық-эпидемиологиялық сараптама объектілерін әзірлеуші, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар қатысуына болмайды.

      30. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталықтары:
      1) санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізуге қосымша жоғары білікті мамандарды тартады;
      2) сараптама жұмысын, әдістемесін ұйымдастыруды жетілдіру, тәртібі мен оны жүзеге асыру принциптері жөнінде ұсыныс енгізеді;
      3) санитарлық-эпидемиологиялық сараптама объектісі жөніндегі зерделеу мен бағалау нәтижелерін ұсынады және оларды уақтылы сараптама объектісін сату туралы шешімді қабылдайтын ұйымдастырушыларға береді.

      31. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталықтары:
      1) санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманың кешенді, объективті және сапалы түрде жүргізілуін қамтамасыз етуге;
      2) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы заңның, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын орындауға;
      3) қолданыстағы стандарттар, санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтер негізінде сараптама жұмысын жүргізуге;
      4) санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы жүзеге асырудың белгіленген мерзімдері мен тәртібін сақтауға тиіс.

      32. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдарының санитарлық-эпидемиологиялық сараптауды жүргізуге байланысты қызметіне мемлекеттік органдардың, заңды және жеке тұлғалардың қол сұғушылығына жол берілмейді.

      33. Жобаларда санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізудің ұзақтығы үш айдан аспауға тиіс, алайда қаралатын құжаттаманың көлемі мен қиындығына қарай алты айға дейін ұзартылуы мүмкін. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу мерзімін алты айдан астам мерзімге ұзарту тек тапсырысшының өтініші бойынша ғана жүзеге асырылады.
       Ескерту. 33-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008.12.19 N 657 Бұйрығымен.

      34. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу мерзімінің басы сараптау органдарына өтінім мен алдын ала сараптамадан өткізілген барлық тиісті құжаттама ұсынылған және тапсырысшының сараптау жұмыстарына ақы төлеу туралы құжаттардың көшірмесін ұсынған сәтінен бастап белгіленеді. Бұл ретте алдын ала сараптама мерзімі екі аптадан аспауға тиіс.
       Тамақ өнімдерінің, әзірлеу (жасау) кезінде ұсынған үлгілерді қоспағанда, санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу мерзімі 10 күнтізбелік күннен аспау керек.
      Материалдар мен бұйымдарлардың санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу мерзімі, әзірлеу (жасау) кезінде ұсынған үлгілерді қоспағанда, зерттеулер өткізу әдістемелерінде белгіленген мерзімдерден аспауға тиіс.
       Ескерту. 34-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008.12.19 N 657 Бұйрығымен.

      35. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдары мен ұйымдарының және тапсырысшының арасында туындайтын, хаттамамен ресімделетін дауларды санитарлық-эпидемиологиялық сараптама қорытындысын берген органның, сондай-ақ тапсырысшының қатысуымен Комитет қарайды.

      36. Дауларды қарау мерзімі дау хаттамасы мен өзге де тиісті материалдар Комитетке келіп түскен күннен бастап бір айдан аспауға тиіс. Қажетті жағдайда комитет төрағасының шешімі бойынша ол үш айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.

      37. Даулар бойынша шешім сотта шағымдануы мүмкін.

3. Санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды және
оны беру тәртібі

      38. Жүргізілген санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманың нәтижесі бойынша санитарлық-эпидемиологиялық сараптама объектілерін сату жөніндегі шешімді қабылдау мүмкіндігі туралы қорытындыдан тұратын санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды жасалуы керек.
       С анитарлық-эпидемиологиялық қорытынды беру мерзімі 2 жұмыс күнінен аспау керек.
      Тамақ өнімдерін өндіруге берілген с анитарлық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылу мерзімі – 1 жыл. Материалдар мен бұйымдарға берілген с анитарлық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылу мерзімі – 3 жыл.
       Ескерту. 38-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008.12.19 N 657 Бұйрығымен.

      39. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама қорытындысының  тұжырымы мен ұсыныстарын мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары қабылдағаннан кейін, оның орындалуы барлық заңды және жеке тұлғалар үшін міндетті болып табылады.

      40. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама теріс қорытынды бергенде, тапсырысшы санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды ұсыныстарына сәйкес оларды қайта жасауды қамтамасыз етуге және олар белгілеген мерзімде барлық материалдарды қайта санитарлық-эпидемиологиялық сараптауға ұсынуға немесе белгілеп отырған қызметінен бас тартуға тиіс.

      41. Меншік нысанына қарамастан, мемлекеттік коммерциялық банктерге, сондай-ақ өзге де қаржы ұйымдарына, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдарының санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысын талап ететін, лицензияланатын жобаларды қаржыландыру және іске асыруға тек санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде ғана рұқсат етіледі.

      42. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама қорытындысы жарамсыз деп саналады, егер оларды дайындау барысында мынандай қателіктер жіберілсе:
      1) санитарлық-эпидемиологиялық  сараптаманы жүргізу рәсімі бұзылса;
      2) Қазақстан Республикасының санитарлық-эпидемиологиялық  заңнамасы, санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтер талаптары орындалмаса немесе бұзылса;
      3) азаматтардың өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған ортаға құқықтарын, халықтың басқа да санитарлық-эпидемиологиялық құқықтары мен мүдделерін, санитарлық-эпидемиологиялық процеске қатысушылардың құқықтары бұзылған жағдайда;
      4) санитарлық-эпидемиологиялық сараптауға қатысушы тараптардың басқа да құқықтары бұзылған жағдайларда.

      43. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттер, сараптау жұмыстарын жүргізу үшін төлемдер есебінен жүзеге асырылады.

      44. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама органдары жүргізетін сараптамаға ақы төлеуді жеке және заңды тұлғалардың өтініші бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте тапсырысшы жүргізеді.

      45. Қазақстан Республикасы халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылық мыналар болып табылады:
      1) осы ережемен белгіленген санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізудің тәртібін бұзу;
      2) жасалған санитарлық-эпидемиологиялық сараптама қорытындыларын бұрмалау;
      3) санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманың оң қорытындысыз, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдарының санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысын талап ететін қызмет түрлері бойынша лицензия беру;
      4) лауазымды тұлғалардың халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнаманың, санитарлық нормалардың, гигиеналық нормативтердің және өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарын ескермей санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыны беруі;
      5) санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу кезінде мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарына тиісті материалдарды, мәліметтер мен деректерді ұсынудан бас тарту;
      6) негізделмеген санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы жүргізуге немесе жалған және объективті емес қорытынды дайындауға мәжбүрлеу немесе санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы ұйымдастыру мен жүргізуде кедергі келтіру;
      7) санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізуді тіркеуден  негізсіз бас тарту.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады