"Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 14 қарашадағы N 841 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 19 қарашадағы N 681 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 22 қарашадағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5005 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 2 қарашадағы N 640 Бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009.11.02 N 640 бұйрығымен.

      "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының  Заңын іске асыру және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 14 қарашадағы  N 841 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2600 тіркелген, "Официальная газетада" 2003 жылғы 27 желтоқсанда N 52 (157) жарияланған) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықтың кіріспесін "3-тармағына" деген сөздерден кейін "және "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағына" деген сөздермен толықтырылсын;

      2-тармақта "бірінші вице-министрі" деген сөздер "Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы-" деген сөздермен ауыстырылсын.

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген санитарлық-эпидемиологиялық сараптама өткізу ережесінде:

      1-тармақта "Заңына" деген сөз "Заңдарына" деген сөзбен ауыстырылсын, "туралы" деген сөзден кейін "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" деген сөздермен толықтырылсын;

      2-тармақта "шаралар қабылдау" деген сөздерден кейін ", тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін айқындау" деген сөздермен толықтырылсын;

      8-тармақта:
      5) тармақшада "шикізатқа" деген сөзден кейін ", тамақ өнімдеріне" деген сөздермен толықтырылсын;
      8)-тармақшада "жағдайда" деген сөзден кейін "өнімдердің қауіпсіздігін" деген сөздермен толықтырылсын;
      10) тармақшада "өнімдер" деген сөзден кейін "оның ішінде тағамдық" деген сөздермен толықтырылсын;

      11-тармақта:
      3) тармақшада "шикізаттардың" деген сөзден кейін ", тағам өнімдерінің" деген сөздермен толықтырылсын;
      5) және 8) тармақшаларда "өнімді" деген сөзден кейін "оның ішінде тағам өнімі" деген сөздермен толықтырылсын;

      18, 22-тармақтарда "өнімді" деген сөзден кейін "оның ішінде тағам өнімі" деген сөздермен толықтырылсын;

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (А.А. Белоног) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету департаменті (Ж.М. Мұхамеджанов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткенінен кейін ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті төрағасы - Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері А. Белоногқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. 

       Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады