2003-2005 жылдар кезеңіне арналған көші-қон саясатының аймақтық бағдарламасы туралы

Күшін жойған

Астана қаласы мәслихатының 2003 жылғы 8 сәуірдегі N 225/42-II шешімі. Астана қалалық Әділет басқармасында 2003 жылғы 16 мамырда N 266 тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2006 жылғы 21 қыркүйектегі N 285/35-ІІІ шешімімен

  Ескерту - Астана қаласы мәслихатының
2006 жылғы 21 қыркүйектегі N 285/35-ІІІ шешімінен
Үзінді:

      Заңнамалық нормалардың өзгеруiне және жекелеген шешiмдердiң қолданыс мерзiмдерiнiң өтуiне байланысты Астана қаласының мәслихаты шешiм қабылдады:
      1. Қосымшаға сәйкес Астана қаласы мәслихатының кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылған деп танылсын.
      2. Осы шешiм қабылданған күннен бастап күшiне енедi.

      Астана қаласы мәслихатының
      сессия төрағасы

      Астана қаласы мәслихатының
      хатшысы

Астана қаласы мәслихатының    
2006 жылғы 21 қыркүйектегi    
N 285/35-IIІ шешiміне қосымша  

Астана қаласы мәслихатының күшiн жойған кейбiр
шешiмдерiнiң тiзiмi

      ...
      6. Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 8 сәуiрдегi N 225/42-II "Көшi-қон саясатының 2003-2005 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы туралы" шешiмi (Нормативтiк-құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу реестрiнде 266 нөмiрмен тiркелген, 2003 жылғы 30 желтоқсанда "Астана ақшамы" газетiнде жарияланды);
      ...

      Астана қаласы мәслихатының хатшысы
____________________________________________________

      Астана қаласының әкімдігі ұсынған 2003-2005 жылдар кезеңіне арналған көші-қон саясатының аймақтық бағдарламасын қарап, Қазақстан Республикасы Конституциясының  86-бабын  және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының  6-бабын  басшылыққа ала отырып Астана қаласының мәслихаты былай деп шешті:

      1. Қоса беріліп отырған 2003-2005 жылдар кезеңіне арналған көші-қон саясатының аймақтық бағдарламасы бекітілсін.

       Астана қаласы мәслихаты
      сессиясының төрағасы

      Астана қаласы мәслихатының
      хатшысы

       Келісілген:

       Астана қаласы бойынша Көші-қон және
      демография басқармасының
      бастығы

      Тұрғын үй департаментінің
      директоры

      "Астанагенплан" МКК директоры

      Қазақстан Республикасы
      еңбек және халықты әлеуметтік
      қорғау Министрлігінің Астана қаласы
      бойынша департаментінің
      директоры

      Экономика және шағын бизнесті дамыту
      департаментінің директоры

      Сәулет және қала құрылысы
      департаментінің директоры

      Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау
      жөніндегі Астана қалалық қорының
      директоры

      Алматы ауданының әкімі

      Сарыарқа ауданының әкімі

      Коммуналдық меншік басқармасының
      бастығы

      Көші-қон полициясы басқармасының
      бастығы

      Қаржы департаментінің бастығы

      Ақпарат және қоғамдық келісім
      басқармасының бастығы

      Мәдениет департаментінің директоры

      "Ақбота" қоғамдық қорының
      атқарушы директоры

Астана қаласы мәслихатының
2003 жылғы 8 сәуірдегі  
N 225/42-II шешімімен  
бекітілген      

2003-2005 ЖЫЛДАР КЕЗЕҢІНЕ АРНАЛҒАН
КӨШІ-ҚОН САЯСАТЫНЫҢ АЙМАҚТЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ

  1. Бағдарламаның төлқұжаты

Атауы      2003-2005 жылдар кезеңіне арналған көші-қон саясатының
           аймақтық бағдарламасы (әрі қарай - Бағдарлама).

Негізгі
әзірлеуші  Астана қаласы бойынша Көші-қон және демография
           басқармасы.

Бағдарла.  Қазақстан Республикасының "Халықтың көші-қоны туралы"
маны әзір. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы N 204-1  Заңы , Қазақстан
леу қажет. Республикасының "Қазақстан Республикасының "Халықтың
тілігінің  көші-қоны туралы" Заңына өзгерістер енгізу туралы"
негізі     2002 жылдың 27 наурызындағы N 313-II ҚРЗ  Заңы ,
           "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан
           Республикасындағы көші-қон саясатының 2001-2010 жылдарға
           арналған салалық бағдарламасын бекіту туралы" 2001 жылғы
           29 қазандағы N 1371  қаулысы , 2005 жылдар кезеңіне
           дейінгі Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық
           дамуының "Астананың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі"
           мемлекеттік бағдарламасы, 2010 жылдар кезеңіне дейінгі
           Астана қаласы дамуының Стратегиялық  жоспары .

Мақсаты    Көші-қон ағымдарын басқару, көші-қон ағымдарын
           реттеудегі негізгі заңнамалық және нормативтік
           актілердің орындалуын қамтамасыз ету, көшіп-қонушылардың
           құқықтарын іске асыруға жағдайлар жасау.

Міндеттері Аймақтық көші-қон саясатының басымдықтарын есепке ала
           отырып шаралар әзірлеу және жүзеге асыру.
           Көшіп-қонушылардың еңбекпен қамтулық, тұрғын үй және
           мәдени-тұрмыстық аялардағы мәселелер бойынша
           әлеуметтік-экономикалық жағдайдың мониторингі.
           Оралмандардың жайласуына жағдайлар жасау және қолдау.
           Көшіп келушілік бақылаудың жүйесін жетілдіру.
           Оралмандарға, көшіп келушілерге, босқындарға көмек
           жасайтын қоғамдық ұйымдармен бірігіп іс-әрекет ету. 

Бағдарла.  Көші-қондық ағымдарды тәртіпке келтіру үшін Қазақстан
маны жүзе. Республикасының  "Халықтың  көші-қоны туралы" Заңының
ге асыру.  шеңберінде ұйымдастырушылдық, құқықтық және экономикалық
дың әдіс.  реттеулер қамтамасыз етіледі. Аймақта көші-қондық
тері       мәселелерді тиімді шешуге әсер ететін оң қоғамдық пікір
           қалыптастырылады. Аймақтық көші-қон саясатын жүзеге
           асыруға жергілікті басқару органдарын, қоғамдық ұйымдар
           мен бірлестіктердің күш-әрекеттерін біріктіру. Аймақта
           қалыптасқан қоғамдық-саяси жағдайда көші-қон ағымдарын
           мемлекет қауіпсіздігіне әсер етер негізгі себептердің
           бірі ретінде есептеу және көшіп-қонушылардың құқықтарын
           іске асыруға жағдайлар жасау.

Қаржылан.  Бағдарламаны қаржылық қамтамасыз ету жергілікті
дыру көз.  бюджеттің, қоғамдық және Қазақстан Республикасының
дері       заңдарымен тыйым салынбаған мемлекеттік емес ұйымдардың,
           демеушілік көмектердің және басқа да көздердің
           қаражаттарымен қаралады.
           Бағдарламаны қаржыландыру көлемі жыл сайын келесі жылдың
           бюджетін әзірлегенде анықталып отырады.

Күтілетін  Бағдарламаның шараларын жүзеге асыру Астана қаласына
нәтижелер  жоғары білікті мамандарды, кәсіпкер-әлуетті
           инвесторларды, бұрын тұрақты тұруға, немесе еңбек
           келісім шарттарымен шекарадан ары өткен отандастарды
           тарту арқылы реттелмелі көші-қон есебінен Астана
           қаласында халық санының өсуін қамтамасыз етеді.
           Көшіп-қонушылардың, оралмандардың саяси, азаматтық және
           экономикалық құқықтарын іске асыруға, қоғамдық-саяси
           тұрақтылықты және ұлттық қауіпсіздікті нығайту.

  2. Кіріспе

      Астана қаласының көші-қон саясатының Бағдарламасы Қазақстан Республикасының "Халықтың көші-қоны туралы" 1997 жылғы 13 желтоқсандағы N 204-I  Заңымен , ел Президентінің "Қазақстан - 2030" Қазақстан халқына  Жолдауымен , Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының көші-қон саясатының тұжырымдамасы туралы" 2000 жылғы 5 қыркүйектегі  N 1346  және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Көші-қон саясаттарының" 2001-2010 жылдарға арналған салалық бағдарламасын бекіту туралы" 2001 жылғы 29 қазандағы  N 1371  қаулыларымен сәйкестендіріліп әзірленді.
      Бағдарлама, оны әзірлеуге Астана қаласының ынталы ұйымдарын, қоғамдық бірлестіктері мен мекемелерін қатыстыру арқылы, республиканың салалық бағдарламасын дайындау тәжірибесін ескере  отырып жасалды.
      Бағдарламаны әзірлеу Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық саясатының аса маңызды құрамдас бөлігі ретінде орташа және ұзақ мерзімді перспективаға арналған көші-қон саясатын және іс жүзінде жүзеге асыру үшін негіз болуға тиіс көші-қон саясатындағы негізгі бағытты белгілеуді, Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын мүлтіксіз сақтау жолымен Қазақстан халқының белсенді ықпалдасу саясатын жүргізуді, жұмыспен қамту, кәсіби және қызметтік өсу, білім алу, әлеуметтік қорғау, дін ұстану бостандығын, мәдени қажеттіліктерді қанағаттандыру, ұлттық дәстүрлерді сақтау саласында ұлтына қарамастан тең мүмкіндіктер беруді көздейді.
      Осыдан екі жыл бұрын Еуропалық одақтың (әрі қарай - ЕО) Қазақстанға нарықты ел мәртебесін беруі орталықазиялық аймақ көші-қонына жаңа үрдіс берді, республикаға, бірінші кезекте оның елордасы-өре дамып келе жатқан Астанаға көшіп келушілер легін тартты. Кез-келген мемлекеттің елордасы дәстүрлі түрде оның еліне баға берер бет-белгісі болып танылады. Осы тұрғыдан алғанда "Қазақстан Республикасының көші-қон саясаты Бағдарламасын" Астана қаласында жүзеге асыру ерекше мағыналы болмақ.

  3. Аймақтағы көші-қон ағымдарына талдау

      Елдің экономикалық өсуін қамтамасыз ететін халқы оның басты стратегиялық ресурсы болып табылады. 2000 жылдың қорытындылары бойынша Астана Қазақстан Республикасының ірі бес қаласының соңында болса, қазіргі күні республика бойынша халық санының ең көп өсуі Астана қаласында (қалалықтардың жалпы саны 2001 жылдың 1 қаңтарына 440,8 мың, 2002 жылдың 1 желтоқсанына 507,1 мың адам болды).
      Астана қаласының елорда мәртебесін алуымен түбегейлі өзгерістер жүре бастады. Бұл біріншіден демографиялық ахуалға және өтіп жатқан көші-қон ағымдарына әсер етті. Егер 1997 жылдың қыркүйегіне дейін Ақмола қаласында көші-қонның теріс сальдосы қалыптасқан болса, қазан айынан бастап жоғарғы басқару органдары мен билік басындағылардың көшіп келуіне байланысты халықтың келуі күрт өсті, жыл аяғына көші-қонның оң сальдосы орын алды. Халықтың негізгі легі республиканың басқа облыстарынан байқалады, 1999-2001 жылдар кезеңінде келушілер саны 186,6 мың адамға жетті.
      2001 жылы Астана қаласының аумағына келушілер саны мен қала сыртына көшіп кетуші иммигранттардың санының айырмашылығы бұрынғымен салыстырғанда оң сальдоны көрсетті: +51223 адам. Бұл көрсеткіш 2003 жылдың қаңтар-қыркүйек арасында табиғи деңгейіне түсіп, +9389 адам болды.
      Көші-қон кемулері (көшіп кетушілер санының көшіп келушілерден асуы) алыс шетел мемлекеттерімен 1,0 мың (2002 жылдың 9 айында 583) адамды, жақын шетел мемлекеттерімен 2,7 мың (2002 жылдың 9 айында 1624) адамды құрайды. ТМД елдеріне халықтың көшіп кету ағынында төмендеу белең алды (1 таблица).
      1999-2001 жылдар кезеңінде аймақтағы негізгі көші-қон легі облысаралық көшіп-қону есебінен және жақын шетелдермен көшіп-қонушыларды айырбастау нәтижесінде жүрді. Халықтың келу легі негізінен Ақмола, Қостанай және Қарағанды облыстарының ауыл тұрғындарынан қалыптасты.
      Облысаралық көші-қонда жергілікті халық белсендірек: жалпы көлемнен қазақтар 74,6% құрайды, орыстардың белсенділігі төмендеген, олардың үлесі 15,6% аса.
      Аталған кезеңде жақын және алыс шетелдермен көші-қондық алмасуларда көші-қондық теріс сальдо бар. Сыртқы көші-қонда кетушілер ішінде орыстар - 63,9%, немістер - 13,9%, украиндар - 9,6%, белорустар - 3,9%, татарлар - 2,4%. Орыстардың келуі мен кетуі негізінен ТМД елдері мен көші-қондық алмасулар шеңберінде өтті. 2001 жылы көшіп келу 1287-ге артып, көшіп кету алдыңғы жылмен салыстырғанда айтарлықтай 5922-ден 4561-ге тһмендеді.
      Алыс шетелдермен көші-қон легінің жартысынан көбі Ресейден 58,0%, Монғолия 6,3% мен Өзбекстаннан 11,4%-дан, Украинадан - 4,5%, Әзірбайжаннан - 1,4%.
      Республикадағы көші-қон саясаты мәселелерінің бірі болып, республиканың геосаяси орналасуы, ТМД елдерімен шекараның ашықтығы, достастық елдерінің бірауыздан келісілген саясатының жоқтығы және заңнамалық негіздердің жетілмегендігі нәтижесінде туындаған заңсыз көшіп-қону саналады.
      Қазақстан Республикасы көші-қон және демография Агенттігінің мәліметтері бойынша, заңсыз көшіп-қонушылар көбінесе Қытайдан, Турциядан, Ираннан, Ауғанстаннан, Пәкістаннан және басқа елдерден келгендер.
      Кейбір шетелдік азаматтар, көбінесе заңсыз амал-тәсілдермен аймақта тұрақтанып қалуға тырысады. Осы мақсатта олар елімізде қалуға қол жеткізеді, азаматтығы болмаса да азаматтармен жалған некелесуге барады, жоғары және басқа оқу орындарына түседі, басым көпшілігі сауда-саттықпен айланысады, әр түрлі коммерциялық фирмалар, компаниялар, кәсіпорындар ашады.
      Республиканың басқа аймақтарымен салыстырғанда Қазақстан Республикасындағы орын алған заңсыз көші-қон мәселелері бойынша Астана қаласында жағдай дұрысырақ деп бағалауға болады.
      ІІББ көші-қон полициясы басқармасының құрамында  шетелдіктердің қалаға кіруін, қала ішінде, негізгі автомагистральдарда және әуежайларда жүріп-тұруын қадағалауын қамтамасыз ететін тәртіп және бақылау бөлімі құрылып, жұмыс істеуде.
      Осы басқарманың мәліметтері бойынша 2002 жылда Астана қаласына 24321 шетел азаматы тіркелген, оның ішінде әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны - 1347 адам, шеттетілгені - 483 адам;
      ТМД елдерінен - 16535 адам, оның ішінде әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны - 1231 адам және шеттетілгені - 418 адам.
      Соныменен, елордадағы көші-қонның оң ағымдарына көп әсер еткен мына факторлар:
      Саяси:
      ел ордасының Астана қаласына көшірілуі.
      Әлеуметтік-экономикалық:
      өндіріс орындарының істеп тұрғандарын қайта жаңарту және жаңа өндірістерді ашу есебінен өнеркәсіп өнімдерінің өсуі;
      инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы халықтың еңбекпен қамтамасыз етілуі;
      шағын бизнес пен кәсіпкерлік аясының дамуы;
      экономиканың альтернативті секторларында еңбекпен қамтылудың кеңейтілуі;
      орта айлық жалақының айтарлықтай жоғары деңгейі;
      инфрақұрылым және өмірді қамтамасыз ету жүйелерінің жақсаруы.

  4. Аймақтағы көші-қон саясатының мақсаты мен
негізгі міндеттері

      Астана қаласы бойынша көші-қон саясатының негізгі мақсаты болып көші-қон ағымдарын басқару, тұрақты демографиялық дамытуды қамтамасыз ету, мемлекеттің қауіпсіздігін нығайту және көшіп-қонушылардың құқықтарының жүзеге асырылуына қажетті жағдайлар жасау, Қазақстан Республикасының негізгі заңнамалық және нормативтік актілерімен кепілденілген бірқатар шараларды орындау жатады.
      Көші-қон саясатының міндеттеріне жататындар:
      қаладағы көші-қон ағымдарына тиімді, әрі пәрменді басқару тетіктерін жасау;
      аймақта көшіп-қонушылардың құқықтарын жүзеге асыру үшін қажетті ұйымдастырушылдық-экономикалық шаралардың кешенін белгілеу;
      амалсыз, оның ішінде заңсыз көшіп-қонудың легінің, оның аймаққа келтіретін теріс салдарының алдын алу және болдырмау;
      заңдылықтарға сәйкес оралмандарды жайластыруға және қабылдауға қажетті жағдайлар жасау.
      Астана қаласы бойынша көші-қон және демография басқармасы қойылған мақсаттарға жету үшін өзінің іс-әрекеттерінде мына қағидаларды жетекке алады:
      демографиялық және көші-қондық саясаттарды Астана қаласының дамуы Стратегиялық жоспарының ережелерімен сәйкестендіру, оның ішінде қала халқының санын әрі қарай өсіру, оның сапалық құрамын жақсартуға жағдайлар жасау;
      елорда тұрғындарының әл-ауқатын және өмір сапасын көтеру бойынша шаралар қабылдау, репатрианттарға көмек көрсеткенде жергілікті халықтың ішінде наразылық фактілерін болдырмау;
      аймаққа өмірлік, кәсіптік тәжірибесі қаланың қоғамдық өміріне оң әсерін тигізетін барынша белсендірек халықты, көбінесе жақсы оқып жетілген, жоғары білікті жастарды, тәжірибелі мамандарды республиканың басқа аймақтарынан тарту;
      көшіп келушілердің жаңа ортаға тез бейімделуі үшін жағдайларды қамтамасыз ету;
      аймақта пәрменді көшіпкелушілік бақылау құру;
      халықтың көшіп-қонуының оң сальдосына қол жеткізу;
      көшіп келу квотасын жүзеге асыру;
      қоғамдық ұйымдардың көші-қон сұрақтарына бірігіп іс-әрекет жасауға қатысуларын қолдау.
      Шетелдік азаматтардың заңсыз жүріп-тұруын болдырмау - көші-қондық ағымдарды аймақта реттеудің басты міндеттерінің бірі болып саналады.
      Тұрғындардың аймақтағы қауіпсіздігін, азаматтық келісім ағымын сақтау, тұрақтылықты қамтамасыз етуге қажетті шаралар:
      көші-қон қызметін, кеден, құқық қорғау органдарының бірігіп жұмыс жасауын әрі қарай жетілдіру;
      көші-қон полициясын байланыс құралдарымен, автокөліктермен және бейнеаппаратуралармен техникалық қамтамасыз ету;
      аймақта көші-қондық ағымдарды түгел қадағалау мақсатында бірегей мәліметтер қорын жасау.

  5. Аймақтағы көші-қон саясатының бағыттары
мен жүзеге асырудың негізгі тетіктері

      Сыртқы көші-қонның ортамерзімдік келешегінде (2003-2005 жылдар) негізгі іс-әрекет ел азаматтарының елден тысқары кетуін қысқартуға бағытталады.

  5.1. Эмиграцияны төмендету

      Ел азаматтарының одан тысқары кетуін азайтудағы негізгі құрал болып эмиграцияны мыналар арқылы азайту жатады:
      өзінің кәсіптік деңгейімен аймақтағы еңбек рыногы сұранымына жауап бере алатын мамандарды шақыра отырып, еңбек көші-қонын мемлекеттік тәртіпке келтіру;
      бос орындарды және жұмыс күшінің тепе-теңдігін анықтау, еңбек көші-қонын болжау мақсатында аймақтағы еңбек рыногы жағдайын ұдайы талдап отыру;
      аймақтық саясатты, қалыпсыз еңбек рыногы мен көші-қон ағымдарының анықтығын күшейту;
      әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси жағдайдың өзгеруіне байланысты стихиялық және ретсіз көші-қон ағымдарын жою;
      көші-қон ағымдарын оқып-білу және талдау бойынша мемлекеттік емес ұйымдармен (әрі қарай - МЕҰ) бірігіп әрекеттесу;
      аймақта "Біз Отанымызға оралдық", "Біздің шетте жүрген отандастарымыз", "Біз Қазақстанда туғанбыз" және тағы басқа ұрандармен көші-қон саясаты бойынша ақпараттық науқан өткізу.

  5.2. Көшіп келуді реттеу және бақылау

      Көшіп келуді реттеу мен бақылау келесі құралдармен жүргізіледі:
      заңсыз көші-қонның алдын алу және елдің бұрынғы азаматтарының Қазақстан Республикасына оралуына жәрдемдесу;
      өзінің тарихи Отанына оралушы бұрынғы отандастарды қабылдау, жаңа мекен жайларға орналастыру, жайластыру үшін барлық шараларды қолдану;
      экономикалық мүмкіндіктер, аймақта әлеуметтік-экономикалық дамудың деңгейі, саяси жағдай ескеріліп, көшіп келу ауқымын реттеу;
      заңсыз көші-қонды болдырмау.
      Аймақта "Оралмандар" кіші жүйесін дамыту жолдары:
      оралмандарды ұйымдасқан түрде көшіріп әкелу, қабылдау және әлеуметтік жайластыру;
      оларды, әсіресе жастарды дер кезінде әрі бір жерге орналастыру және қоныстандыру, кәсіби оқыту және қайта дайындау;
      оларға шағын бизнес және кәсіпкерлік іс-әрекетте жәрдемдесу;
      көшіп келу квотасы бойыша келген оралмандарға мемлекеттік қолдау көрсету;
      тұрғын үй, жер телімдерін алуға қаражат, үй салуға ұзақ мерзімдік жеңілдетілген ссудалар бөлу;
      белгілі заңдылықтарға сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету.
      "Босқындар" кіші жүйесін дамыту жолдары:
      босқындар бойынша ақпараттық мәліметтер қорын құру;
      босқындарға олардың шыққан мемлекеттеріне қайтуына жәрдемдесу;
      "1951 жылғы босқындар мәртебесі туралы Конвенцияға", Қазақстан Республикасында ратификацияланған "1961 жылғы босқындар мәртебесіне тиесілі Хаттамаға" және де басқа халықаралық келісімдерге сәйкес босқындардың құқықтарын қамтамасыз ету.
      Еңбекке байланысты көшіп-қонудың кіші жүйесін дамыту жолдары:
      ішкі еңбек рыногын қорғау мақсатында сыртқы еңбекке байланысты көшіп келуді реттеу;
      еңбекке байланысты көшіп келу шеңберінде келген шетел азаматтарының еңбек іс-әрекеттерін лицензиялау және квоталау;
      заңсыз еңбек көші-қонын болдырмау, шетелдіктермен салыстырғанда бірдей кәсіпті және білікті қазақстандық азаматтардың бос лауазымдарға тұруына басым құқықтарды қамтамасыз ету үшін шаралар қолдану.

  6. 2003-2005 жылдарда Астана қаласындағы
халықтың көші-қонына болжамдық баға

      Қала халқының көшіп-қонуында қалыптасқан орта оң сальдо№N 3 тармақтағы келтірілген талдаулар көрсеткендей соңғы үш жылдағы жыл сайын 55,0 мың шамасында болып отыр. Осыған орай қала халқының саны 2005 жыл соңына дейін 200,0 мың адамға өсуін межелеуге негіз бар. Оның 97,0% облысаралық көшіп-қону құраса, 3,0% алыс және жақын шетелдермен көшіп-қонуға тиеді.
      Бірақ, халық санының күрт өсуі қаланың шекарасын кеңейту мен соңғы жылдары халық санын нақтылауға байланысты бірмезгілдік шаралардың нәтижесі болып отыр. Сондықтан және қалалықтар санының 2002 жылғы 11 айда 13,5 мыңға өсуі негізінде халық санының жыл сайынғы 15,0 мың адамға өсуі дәлірек. Осыған сүйенсек, 2005 жыл соңына қалалықтардың күтілетін саны 550-600 мыңға жетпекші.
      Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларына сәйкес Қазақстан Республикасының көші-қон және демография бойынша Агенттігінде 100 мың отбасын, немесе 500 мың этникалық қазақтарды репатриациялауды көздейтін көшіп келу квотасының жақын болашақтағы жобасы әзірленді. Осы келу квотасына сәйкес 2003-2005 жылдары Астана қаласына 558 (жобамен 2790 адам) оралмандар отбасыларының көшіп келуі болжануда. Қазақстан Республикасының "Халықтың көші-қоны туралы" 1997 жылғы желтоқсандағы қабылдаған Заңына сәйкес көшіп келу квотасы бойынша оралушы репатрианттарға қаралатын көмектер: оралмандарды шекарадан кедендік төлемдер мен салықтар төлетпей өткізу; тұрақты, немесе уақытша мекен жайларына тегін жетуі және мүліктерін тегін әкелуі; тұрғын үй беру; отағасына 15 есе төменгі есеп көрсеткіші көлемінде және басқа отбасы мүшелеріне 10 есе біржолғы жәрдемақылар төлеу; жаңа орында бейімделуге байланысты сұрақтарын дер кезінде шешу; басқа да жеңілдіктер, компенсациялар және атаулы көмек түрлері.
      Осы келтірілген болжамдық есептерге сүйене отырып қала халқының саны алдағы уақытта тұрақты түрде өсетіндігін межелеуге болды.

  7. Қаржылық қамтамасыз ету, қаржыландыру көздері

      Қаржылық қамтамасыз ету - осы Бағдарламаны жүзеге асырудағы шешуші факторлардың бірі болып табылады.
      Бағдарламаны қаржылық қамтамасыз ету жергілікті бюджет, қоғамдық және Қазақстан Республикасының заңнамаларымен тыйым салынбаған мемлекеттік емес ұйымдардың, демеушілік көмектердің және басқа да қаражат көздерімен қаралады. Бағдарламаны қаржыландыру көлемі жыл сайын келесі жылдың бюджетін әзірлегенде анықталып отырады.
      2003-2005 жылдары көшіп келу квотасы бойынша Астана қаласында Бағдарламаның іс кезеңінде 558 оралман отбасын көшіріп әкелу шараларына республикалық бюджеттен қаралатыны:
      1. Жәрдемақылар төлеуге - 38067,23 мың теңге, оның ішінде:
      2003 ж. - 94 отбасы - 470 адам - 6413,15 мың теңге
      2004 ж. - 184 отбасы - 920 адам - 12552,48 мың теңге
      2005 ж. - 280 отбасы - 1400 адам - 19101,60 мың теңге

      2. Отбасын және үй мүлкін көшіріп әкелуге - 17298,0 мың теңге, оның ішінде:
      2003 ж. - 94 отбасы - 470 адам - 2914,0 мың теңге
      2004 ж. - 184 отбасы - 920 адам - 5704,0 мың теңге
      2005 ж. - 280 отбасы - 1400 адам - 8680,0 мың теңге

      3. Оралман отбасыларына тұрғын үй алуға - 1512560,0 мың теңге, оның ішінде:
      2003 ж. - 94 отбасы - 470 адам - 139120,0 мың теңге
      2004 ж. - 184 отбасы - 920 адам - 544640,0 мың теңге
      2005 ж. - 280 отбасы - 1400 адам - 828800,0 мың теңге

      4. Оралмандардың бейімдеу орталығының қажеттіліктеріне - 2430,0 мың теңге, оның ішінде:
      2003 ж. - 810,0 мың теңге, 2004 ж. - 810,0 мың теңге, 2005 ж. - 810,0 мың теңге.
      Барлығы, көшіріп әкелу шараларына республика бюджетінен 2003-2005 жылдар кезеңіне 1570355,23 мың теңге қаражат қажет.

  8. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер

      Ұсынылып отырған Бағдарламаның шараларын жүзеге асыру Астана қаласына жоғары білікті мамандарды, кәсіпкер-әулетті инвесторларды, бұрын тұрақты тұруға, немесе еңбек келісім шарттарымен шекарадан ары өткен отандастарды тарту арқылы реттемелі көші-қон есебінен Астана қаласында халық санының өсуін қатамасыз етеді.
      2002 жылдың 1 желтоқсанына 507,1 мың адам санақта екенін ескерсек, аталған Бағдарламаны жүзеге асыру мерзімі соңына Қазақстан Республикасының елордасында 550-600 мың адам саны межесіне шығу көзделуде.
      Оның ішінде:
      2003 жылдың аяғында - 525,0 мың адам
      2004 жылдың аяғында - 540,0 мың адам
      2005 жылдың аяғында - 550,0-600,0 мың адам
      Көшіп-қонушылардың, оралмандардың саяси, азаматтық және экономикалық құқықтарын іске асыруға, қоғамдық-саяси тұрақтылықты және ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға қол жетеді. Осыған орай елорда тұрғындарын тұрақты жұмыспен кепілді қамту, олардың әрқилы талаптарын қанағаттандыру, қазіргі заманға сәйкес барынша әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету, адам ресурстарын тек сақтап қалып қана қоймай, оған жаңа өндіріс күштерін тарту - осы Бағдарламаның басты мақсаты. Астана қаласының көші-қон саясатының 2003-2005 жылдар кезеңіне арналған Бағдарламасын орындауға екпінді де жылдам дамып келе жатқан Астана қаласында нақты мүмкіндіктер баршылық.

Астана қаласы мәслихатының    
2003 жылғы 8 сәуірдегі N 225/42-II
"2003-2005 жылдар кезеңіне    
арналған көші-қон саясатының   
аймақтық бағдарламасына"    
N 1 қосымша        

1 таблица 

1999-2002 жылдар кезеңінде қаладағы халықтың
көші-қон ағымының динамикасы (адам)

------------------------------------------------------------------
Қозғалыс мәтіні   1999 ж.  2000 ж.  2001 ж. 2002 ж. 1999-2002 ж.ж.
                                            (9 айда)
------------------------------------------------------------------
Барлық келгендер  61704     68950   62134   15153      207941
Барлық кеткендер  8342      10780   10941   5764       35797
Көші-қон сальдосы +53362    +58170  +51223  +9389      +172144
Алыс шетелдермен
халықаралық
көші-қон:
Келгендер         226       110     236     51         623
Кеткендер         1110      1089    1266    589        4054
Көші-қон
сальдосы          -884      -979    -1030   -538       -3431
ТМД елдерімен
көші-қон:
Келгендер        529        522     1809    371        3231
Кеткендер        4054       5922    4561    1995       16532
Көші-қон
сальдосы         -3525      -5400   -2752   -1624      -13301
Елдің басқа
аймақтарынан:
Келгендер        60489      67646   58464   14731      201330
Кеткендер        2718       3097    3459    3180       12454
Көші-қон
сальдосы         +57771     +64549  +55005  +11551     +188876
------------------------------------------------------------------

Астана қаласы мәслихатының    
2003 жылғы 8 сәуірдегі N 225/42-II
"2003-2005 жылдар кезеңіне    
арналған көші-қон саясатының   
аймақтық бағдарламасына"    
N 2 қосымша        

2003-2005 жылдар кезеңіне арналған Көші-қон
саясатының аймақтық Бағдарламасын жүзеге асырудың
ІС-ШАРАЛАРЫ

-------------------------------------------------------------------
Рет       Шаралар         Аяқталу            Орындауға    Орындалу
 N                        қалпы              жауаптылар   мерзімі
-------------------------------------------------------------------

1. Ұйымдастырушылық және әдістемелік қамтамасыз ету

1. Қала құрылымдарымен    Қала әкімінің  Көші-қон және де.  үшінші
бірлескен ақпарат жүйесін үкімі          мография басқар.   тоқсан,
құру жолы арқылы көші-қон                масы               2003 ж.
ахуалын талдау, әлеумет.
тік зерттеулер жүргізу
және көші-қон ағымдарын,
халықтың эмиграциялық
көңіл-күйін және т.б.
пайымдау:
А) автоматтандырылған     Орталықтың    Көші-қон демогра.   2003 ж.
талдау орталығын ұйымдас. ұйымдық құра. фия басқармасы
тыру;                     мы
Б) автоматтандырылған     Жоба          Көші-қон және де.   2003 ж.
талдау орталығын жобалау;               мография басқармасы,
                                        "Астанабасжоба" КММ
В) автоматтандырылған тал.Қала әкімді.  "Астанабасжоба" КММ 2003 ж.
дау жүйесін құру;         гіне ақпарат
Г) автоматтандырылған тал.Қала әкімінің Көші-қон және де.   2004 ж.
дау орталығы мен Астана   шешімі        мография басқармасы,
қаласының ҚАЖ өзара бай.                "Астанабасжоба" КММ
ланысын қамтамасыз ету;
Д) Барлық ынталы мекеме.  Қала әкімінің Көші-қон және де.   2004 ж.
лердің автоматтандырыл.   шешімі        мография басқармасы,
ған жүйеге ықпалдасу сұл.               "Астанабасжоба" КММ
басын жасау.

2. Қазақстан Республика.  Қала әкімінің Көші-қон және демо. Тұрақты
сының "Халықтың көші-қоны өкімі         графия басқармасы,
туралы" Заңының 16 бабына               Көші-қон полициясы
сәйкес босқындар мәртебе.               басқармасы
сін анықтау бойынша қала.
лық комиссия құру.

3. Тіркелу және визалық   Тексеру акті. Көші-қон полициясы  Наурыз,
тәртіп талаптарының сақ.  лері, қала    басқармасы, Көші-   маусым,
талуын мақсат тұта оты.   әкімдігіне    қон және демография қыркүй.
рып, елорда аумағында     ақпарат       басқармасы, ҚР Ең.  ек, жел.
жүрген шетелдіктерге                    бек және халықты    тоқсан
бақылаулық тексерулер                   әлеуметтік қорғау
жүргізу. Халықаралық                    министрлігінің
міндеттерді ескере оты.                 Астана қаласы 
рып заңсыз көшіп-қону.                  бойынша департа.
шыларды жер аудару.                     менті
Заңсыз көшіп-қонуды
бақылаудың жүйесін
әзірлеу.

4. Еңбек көшіп-қонуын     Әкімдікке     Көші-қон полициясы. Жыл
реттеу, шетелдік мамандар есеп          ның басқармасы, ҚР  сайын,
мен жұмысшыларды тарту,                 Еңбек және халықты  желтоқ.
жүру мерзімі бойынша мін.               әлеуметтік қорғау   сан,
деттемелердің орындалуын                министрлігінің Ас.  тоқсан
және Қазақстан Республи.                тана қаласы бойынша сайын
касы азаматтарымен алмас.               департаменті, Ас.
тыру бойынша белгіленген                тана қаласының еңбек,
квотаның орындалуын                     халықты жұмыспен
бақылау.                                қамту және әлеумет.
                                        тік қорғау департа.
                                        менті  

5. Көшіп келушілердің     Әкімдікке ақ. Көші-қон полициясы  Тұрақты
Қазақстан Республикасының парат         басқармасы, Көші-
азаматтығын алуына жәр.                 қон және демография
демдесу.                                басқармасы

6. Көшіп келушілер үшін   Заңгерлік     "Сары Арқа" корпо.  2003 жыл
қысқаша заңгерлік анықта. анықтама      ративтік қоры,
малық шығару.                           Көші-қон және демо.
                                        графия басқармасы

7. Оралмандарды Қазақстан Әкімдікке     "Сары Арқа" корпо.  Тұрақты
Республикасы заңнамалық.  ақпарат       ративтік қоры,
тарының құқықтық нормалары              Көші-қон және демо.
негіздеріне оқыту.                      графия басқармасы

2. Көші-қон ағымдарын экономикалық реттеулер

8. Көшіп келушілердің кә. Әкімдікке     Көші-қон және де.   Тұрақты
сіпкерлік іс-әрекеттеріне ақпарат       мография басқармасы,
жәрдемдесу, ұлттық қол.                 Экономика және шағын
өнерді жандандыру, ХТТ                  бизнесті дамыту
тауарларды өндіру және                  департаменті, Аз
ауылшаруашылық өнімдерін                қамтылған азамат.
өңдеу бойынша шағын биз.                тарды қолдаудың
нес аясындағы жобаларды                 аймақтық қоры
қолдау мақсатында микро.
кредиттер бөлу.

9. Оралмандарға "Шеберлер Қала әкімінің Көші-қон және де.   2003-
ауылын" құруға жәрдемдесу,қаулысы       мография басқарма.  2005ж.ж.
басқа халықтық-қолөнерлік               сы, Экономика және
орталықтармен іскерлік                  шағын бизнес депар.
байланыстар орнату.                     таменті, Сәулет
                                        және қала құрылысы
                                        департаменті, Шағын
                                        бизнес орталығы,
                                        аудан әкімдері

10. Көшіп-қонудың құқық.  Ұсыныстар жо. Көші-қон және демо. Жыл
тық және экономикалық     басы          графия басқармасы,  сайын,
реттеу бойынша ҚР көші-                 Көші-қон полициясы  желтоқ.
қон және демография жө.                 басқармасы          сан
ніндегі Агенттігіне,
қала мен аудандар әкім.
шіліктеріне ұсыныстар
жасау және енгізу.

3. Әлеуметтік-еңбектік бейімдеу мәселелері

11. Репатрианттардың, ре. Әкімдіктің    Көші-қон және демо. 2003 жыл
эмигранттардың және бос.  қаулысы, есеп графия басқармасы,
қын мәртебесін алғандар.                Коммуналдық меншік
дың бейімдеу орталығын                  басқармасы, Қаржы
кеңейту, оның негізінде                 департаменті
медициналық скрининг, тір.
кеу және алғашқы бейімдеу
жұмыстарын өткізу.

12. Оралмандарды тұрақ.   Әкімдікке ақ. Көші-қон және демо. Тұрақты
тық-тұрмыстық жайластыру  парат         графия басқармасы,
және әлеуметтік қолдау.                 Еңбек, жұмыспен қам.
                                        ту және халықты әл.
                                        еуметтік қорғау
                                        департаменті, Тұрғын
                                        үй департаменті

13. "Астана қаласындағы   Ұсыныстар     Көші-қон және демо. 2003 жыл
ипотекалық несие бөлулер.               графия басқармасы,
ді дамыту мен үй құрылыс.               Сәулет және қала
тары" Бағдарламасын іске                құрылысы департамен.
асыруға көшіп-қонушылар.                ті, Қаржы департа.
дың мүмкін боларлық қаты.               менті, Астана қаласын
суларын саралау.                        дамыту бағдарламала.
                                        рына әкімшілік ету
                                        департаменті

14. Оралмандардың тұрғын  Қала әкіміне  Көші-қон және демо. 2003-
үй салу үшін жер телімде. ұсыныс-хат    графия басқармасы,  2005
рін алуларына жәрдемдесу.               Сәулет және қала    жылдар
                                        құрылысы департа.
                                        менті

4. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамдық
келісімді нығайту мәселелері

15. Эмиграцияны төмендету Мәліметтерді  Көші-қон және демо. Тұрақты
мақсатында экономикалық   талдау, Қа.   графия басқармасы,
белсенді халықтың көшіп   зақстан ха.   Ақпарат және қоғам.
кетушілік ағынына әсер    лықтары кіші  дық келісім басқар.
етер себептерді оқып-     Ассамблеясы   масы, БАҚ
білуді жүргізу. БАҚ арқы. отырысына
лы әлеуметтік-экономика.  баяндама,
лық дамудың болашағын,    БАҚ мақалалар
рухани бірлік идеяларын,
халықтар достығын, қо.
ғамдық және ұлтаралық
келісімдерді насихаттау.

16. Көші-қон саясатының   Ғылыми-практи.Көші-қон және демо. Жыл
басымдықтарын жүзеге      калық конфе.  графия басқармасы,  сайын
асыру мәселелері бойынша  ренция        Ақпарат және қоғам.
барлық ынталы қызметтерді,              дық келісім басқар.
қоғамдық ұйымдарды шақыра               масы
отырып, ғылыми-практикалық
конференция дайындау және
өткізу.

17. Адамдарды шетелдерге  Қала Мәслиха. Көші-қон полициясы  2003
сатудың (трафик) алдын    тының сессия. басқармасы, Еңбек   жыл,
алу.                      сы            және халықты әлеу.  шілде
                                        меттік қорғау Минис.
                                        трлігінің Астана
                                        қаласы бойынша Де.
                                        партаменті (келісім
                                        бойынша), Еңбек,
                                        жұмыспен қамту
                                        және халықты әлеумет.
                                        тік қорғау департа.
                                        менті 

18. Реэмигранттардың қа.  Радио, теле.  Көші-қон және демо. Жыл
тысуымен "дөңгелек үстел. хабарлар      графия басқармасы,  сайын
дер" өткізу.                            Ақпарат және қоғам.
                                        дық келісім басқар.
                                        масы

5. Ұйымдастырушылық-мәдени шаралар

19. "Біз Отанымызға орал. БАҚ ақпарат.  Мәдениет департа.   Тоқсан
дық", "Біздің шетелдегі   тар, қала     менті, Көші-қон     сайын
отандастарымыз".          әкімдігіне    және демография
                          есеп          басқармасы, қала
                                        әкімінің баспасөз
                                        қызметі

20. "Оралмандар күнін"    Қала әкімді.  Көші-қон және демо. Тоқсан
өткізу.                   гіне есеп     графия басқармасы,  сайын
                                        аудан әкімдері

21. Өнерлі жастармен және Қала әкімді.  "Ақ бота" қоғамдық  Қаңтар,
студент-оралмандармен     гіне есеп     қоры, "Астана" қоры,шілде
кездесулер ұйымдастыру.                 Аз қамтылған азамат.
Балалардың ертеңгілікте.                тарды қолдау қоры
рін және басқа да мәдени-
бұқаралық шараларды өткі.
зу.
-------------------------------------------------------------------

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады