Астана қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 22 шілдедегі N 3-1-1234қ "Жекелеген азаматтар санаттарына тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтыну шығындарының бөлігін төлеуге материалдық көмек көрсету туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 9 наурыздағы N 23-10-206қ Қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2006 жылғы 11 сәуірде N 437 тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 2 қарашадағы N 23-897қ қаулысымен

  Ескерту: Астана қаласы әкімдігінің
2006 жылғы 2 қарашадағы N 23-897қ қаулысынан
Үзінді:

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Астана қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Астана қаласы әкiмдiгінiң мынадай қаулыларының күшi жойылды деп танылсын:
      ...
      3) "Астана қаласы әкiмдiгiнiң 2003 жылғы 22 шiлдедегi N 3-1-1234қ "Жекелеген азаматтар санаттарына тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтердi тұтыну шығындарының бөлiгiн төлеуге материалдық көмек көрсету туралы" Астана қаласы әкiмдiгiнiң 2006 жылғы 9 наурыздағы N 23-10-206қ қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Астана қаласы әкiмдiгiнiң 2006 жылғы 9 наурыздағы N 23-10-206қ (Астана қаласының Әдiлет департаментiнде 2006 жылғы 11 сәуiрде N 437 болып тiркелген, 2006 жылғы 15 сәуiрдегi "Астана хабары", N 50-51, 2006 жылғы 18 сәуiрдегi "Вечерняя Астана" N 56 газеттерiнде жарияланған) қаулысы.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Ә.Аманшаевқа жүктелсін.

      Әкім
_____________________________________________________________

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  сәйкес Астана қаласының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Астана қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 22 шілдедегі N 3-1-1234қ "Жекелеген азаматтар санаттарына тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтыну шығындарының бөлігін төлеуге материалдық көрсету туралы"  қаулысына  (Астана қаласының Әдiлет департаментiнде 2003 жылдың 6 тамызда N 285 болып тiркелген, 2004 жылғы 9 тамыздағы N 105 "Астана хабары"; 2003 жылғы 9 тамыздағы N 89 "Вечерняя Астана" газеттерiнде жарияланған, Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 27 тамыздағы N 23-10-641қ  қаулысымен  енгізілген өзгеріспен Астана қаласының Әдiлет департаментiнде 2005 жылдың 29 қыркүйегінде N 412 болып тiркелген, 2005 жылғы 13 қазандағы N 147 "Астана хабары"; 2005 жылғы 11 қазандағы N 156 "Вечерняя Астана" газеттерiнде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда аталған қаулымен бекітілген жекелеген азаматтар санаттарына тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтыну шығындарының бөлігін төлеуге материалдық көмек көрсету туралы Қағидасында:
      1-тармақ мына редакцияда мазмұндалсын:
      "1. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтыну шығындарының бөлігін төлеуге (отбасы мүшелерін есепке алмай) материалдық көмек жыл бойы ай сайын тиісті қаржылық жылға (бұдан әрі - АЕК) белгіленген айлық есеп көрсеткішінен ақшалай төлем түрінде жүргізіледі және мына азаматтардың санаттарына:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне - 2,4 АЕК;
      2) Некеге қайта тұрмаған Ұлы Отан соғысында қаза болған (қайтыс болған, хабарсыз кеткендер) жауынгерлердің жесірлеріне - 1,2 АЕК мөлшерінде беріледі.";

      2-тармақ алынып тасталсын.

      2. Осы өзгеріс мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және 2006 жылдың 1 наурызынан бастап күшіне енгізіледі.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары С.С. Мұстафинаға жүктелсін.

      Әкiм

      Әкiмнiң бiрiншi орынбасары

      Әкiмнiң орынбасары

      Әкiмнiң орынбасары

      Әкiмнiң орынбасары

      Әкiмнiң орынбасары

      Әкiм аппаратының басшысы

      "Астана қаласының Қаржы
      департаменті" мемлекеттік
      мекемесінің директоры

      Құжаттамалық сараптама
      бөлiмiнiң меңгерушiсi

      "Астана қаласының Экономика
      және бюджеттік жоспарлау
      департаменті" мемлекеттік
      мекемесінің директоры

      "Астана қаласының
      Жұмыспен қамту және
      әлеуметтiк бағдарламалар
      департаментi" мемлекеттік
      мекемесінің директоры

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады