Аудандық 2003-2004 жылдарға арналған нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес бағдарламасы және есірткі, құрамында есірткісі бар заттардың заңсыз айналысына қарсы тұру жөніндегі комиссия туралы

Жаңа

Ақмола облысының Целиноград ауданы әкімиятының 2003 жылғы 16 сәуірдегі N 96 қаулысы. Ақмола облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 20 мамырда N 1801 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналысы мен теріс пайдалануына қарсы іс-қимыл шаралары туралы" Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 16 мамырдағы N 394 "Қазақстан Республикасында нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған стратегиясы туралы" Жарлығын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 8 шілдедегі N 736 "Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2002-2003 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" және Ақмола облысы әкімдігінің 2002 жылғы 13 желтоқсандағы N а-12/175 "Ақмола облысы бойынша 2003-2004 жылдарға арналған нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы аймақтық бағдарлама мен есірткіге және құрамында есірткісі бар заттардың заңсыз айналысына қарсы тұру жөніндегі аймақтық комиссия туралы" (мемлекеттік реестрдегі нөмірі N 1478) қаулыларын орындау мақсатында, аудан әкімдігі қаулы етеді:
      1. Целиноград ауданындағы 2003-2004 жылдарға арналған нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі  бағдарлама аудандық Мәслихат сессиясында бекітуге ұсынылсын (қосымша 1).
      2. Целиноград ауданы әкімдігінің жанынан консультативтік кеңес органы - Есірткіге және құрамында есірткісі бар заттардың заңсыз айналысына қарсы тұру жөніндегі аудандық комиссия құрылсын.
      3. Жоғарыда аталған комиссияның жеке құрамы аудандық мәслихаттың кезекті сессиясында бекітуге ұсынылсын (2-қосымша).
      4. Есірткіге және құрамында есірткісі бар заттардың заңсыз айналысына қарсы тұру жөніндегі аудандық комиссия туралы Ереже бекітілсін (3-қосымша).
      5. Ауылдық округтердің әкімдері, аудандық атқарушы органдар және облыстық атқарушы органдардың аймақтық бөлімшелері (келісім бойынша) аудандық бағдарламада белгіленген іс-шаралардың уақытында және толық орындалуын қамтамасыз етсін.
      6. Тізбеге сәйкес аудан әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп табылсын (4-қосымша).
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.А. Жанбаевқа жүктелсін.

      Аудан әкімі  

      Келісілген:

      Аудан әкімінің орынбасары
      Аудан әкімі аппаратының жетекшісі
      Аудан әкімінің құқық мәселелері жөніндегі кеңесшісі 
      Целиноград аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары
      Целиноград аймақтық аурухананың нарколог-дәрігері 
      Целиноград аймақтық ауруханасының психиатр-дәрігері
      Аудан әкімі аппаратының бас маман-аудармашысы        

Целиноград ауданы әкімдігінің
2003 жылғы 16.04. N 96 қаулысына
1-қосымша

Целиноград ауданында нашақорлыққа және
есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2003-2004
жылдарға арналған Бағдарламасы

Бағдарламаның төлқұжаты

      Атауы.

      Целиноград ауданында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2003-2004 жылдарға арналған бағдарламасы.

      Әзірлеу үшін негіздеме:

      Ел Президентінің 1997 жылғы 10 қазандағы "Қазақстан - 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы" деген Қазақстан халқына Жолдауы; Қазақстан Республикасының "Есірткі, психотроптық заттар прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-шаралар туралы" Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 16 мамырдағы жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған түбегейлі жоспары; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 8 шілдедегі қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2002-2003 жылдарға арналған бағдарламасы; Ақмола облысы бойынша Ақмола облыстық мәслихатының 2003 жылғы 31 қаңтардағы шешімімен бекітілген нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрестің аймақтық бағдарламасы, тіркеу нөмері 1588.

      Негізгі әзірлеушілер

      Білім бөлімі, денсаулық сақтау бөлімі, мәдениет бөлімі, жастар ісі, туризм және спорт жөніндегі бөлім, ішкі саясат және әлеуметтік орта бөлімі

      Мақсаты

      Целиноград ауданының аумағында нашақорлық пен есірткі бизнесінің таралуына қарсы тиімді іс-қимыл жүйесін қалыптастыру.

      Міндеттері
      1) есірткінің, психотроптық заттардың және прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл тетігін дамыту;
      2) нашақорлықтың алдын алу, оны емдеу және есірткіге тәуелді адамдарды оңалту жүйесін құру;
      3) ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру, нашақорлыққа қарсы күрес қоғамын жұмылдыру.

      Қаржыландыру көздері

      Жергілікті бюджет қаражаттары, заңды және жеке тұлғалардың ерікті құрмалдықтары.

2. Кіріспе

      Целиноград ауданында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2003-2004 жылдарға арналған аудандық бағдарламасы (бұдан әрі Бағдарлама) нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес Үкіметтің басым міндеті ретінде айқындалған Президенттің "Қазақстан - 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы" деген Қазақстан халқына Жолдауы; Қазақстан Республикасының "Есірткі, психотроптық заттар прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-шаралар туралы" Заңына сәйкес әзірленді.
      Бағдарламаның негізі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 8 шілдедегі N 736 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2002-2003 жылдарға арналған бағдарламасы, Ақмола облыстық мәслихатының 2003 жылғы 31 қаңтардағы N С-23-3, тіркеу нөмері 1588 шешімімен бекітілген Ақмола облысы бойынша нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2003-2004 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы болып табылады.

3. Түйінді мәселенің қазіргі жай-күйік талдау

      Соңғы жылдары нашақорлық пен есірткі бизнесінің жаппай таралуы етек алып, экономиканың, құқық тәртібінің жай-күйіне, әлеуметтік ахуалға, халықтың денсаулығымен мемлекетіміздің болашағының дамуына кері әсерін тигізуде.
      Орналасу ерекшелігіне орай Целиноград ауданының аумағы есірткі мүдделілерінің аясында қалып отыр.
      Ауданда нашақорлық және психотроптық заттарды теріс пайдаланушылардың келеңсіз өсімі байқалып отыр, есепке қойылғандар саны 2001 жылғы 12 ай бойы есепке 322 адам алынған, оның 5-і жасөспірімдер.
      Статистикалық мәліметтерге сәйкес 2002 жылғы 12 ай бойы 18 қылмыстық іс тіркелсе, 2001 жылы 12 ай бойы нашақорлық, психотроптық заттар және прекурсорлардың заңсыз айналымына байланысты 13 факт тіркеліп отыр.
      Барлығы 193,73 грамм есірткілік заттардың түрлері тәркіленіп, есірткілік, психотроптық заттардың және прекурсорлардың заңсыз айналымына байланысты 18 азамат қылмыс үстінде ұсталды. 2002 жылы 10 адам, 2001 жылы 8 адам қылмыстық жауапқа тартылған, ал әкімшілік жауапқа 2002 жылы 7 адам, 2001 жылы 3 адам тартылған.
      Жоғарыда көрсетілген статистикалық мәліметтер талдауы есірткінің заңсыз таратылуы және олардың медициналық емес пайдалануға байланысты қылмыстар мен өзге де құқық бұзушылықтар саны өсімінің өсу үрдісінің сақталып отырғанын дәлелдейді.

4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері

      Бағдарламаның мақсаты Целиноград ауданының аумағында нашақорлық пен есірткі бизнесінің таралуына қарсы тиімді іс-қимыл жүйесін қалыптастыру болып табылады.
      Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін:
      1) есірткінің, психотроптық заттардың және прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл тетігін дамыту;
      2) нашақорлықтың алдын алу, оны емдеу және есірткіге тәуелді адамдарды оңалту жүйесін құру;
      3) ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру, нашақорлыққа қарсы күрес қоғамын жұмылдыру міндеттерін шешу мәселелері қаралады

5. Бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі
бағыттары мен тетігі

      Алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу және басым міндеттерді шешу үшін Бағдарламада Целиноград ауданында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күресті одан әрі нығайту және дамытуға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыру қаралған.
      Бірінші кезекте аудан мектептеріндегі және орта кәсіптік білім беру орындарындағы оқушылар мен жастарды нашақорлыққа қарсы тәрбиелеу жұмысына асыл көңіл бөлінеді. Бұл мақсатта балалар, жасөспірімдер және жастар көптеген акциялар, байқаулар мен дәрістер, спорт жарыстары өткізіледі.
      Қоғамдық санада есірткіні қабылдамауды қалыптастыру үшін "Призыв"-"Ұран" газеттері арқылы белгілі мақсатқа бағытталған жұмыстар жүргізілуде, сырттай жариялау құралдары таратылған.
      Жергілікті бюджеттен бөлінетін барлық қаражат, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың ерікті құрмалдықтары Бағдарламаны жүзеге асыруға, сондай-ақ сыртқы техникалық көмек шеңберіндегі жабдықтар мен техника нақты іс-шаралардың орындалуына жауапты аудандық бөлімдерге берілетін болады.
      Бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары оларды кезең кезеңмен орындауды көздейді, бұл нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күресте аудандық барлық құрылымдардың қызметін барынша үйлестіруге әрі мүмкіндіктерін шоғырландыруға септігін тигізеді.
      Бағдарламаны жүзеге асыру тетігінің тиімділігі есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына нақты қарсы тұрумен, есірткіні теріс пайдаланудың алдын алумен және есірткіге тәуелді адамдарды емдеу және оңалтумен, сондай-ақ бағдарламада қаралған барлық іс-шаралардың қаржылай қамтамасыз етілуімен негізделеді.

6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері

      Осы Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жергілікті бюджет қаржылары есебінен жүзеге асырылады.
      Есірткіге қарсы шараларды өткізу үшін заңды және жеке тұлғаларды тарту негізінде ерікті құрмалдықтар түрінде қаражаттар түсуі мүмкін.

7. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтиже

      Бағдарламаны жүзеге асыру кезінде төмендегідей нәтижелер күтіледі:
      Есірткі, психотроптық заттарды теріс пайдалану нәтижесінде жасалатын қылмыстар санының төмендеуі;
      Есірткіні заңсыз пайдаланатын тұлғаларды мейлінше көбірек анықтап, олардың бірте-бірте азайтылуы;
      Халықтың әр түрлі топтарында әлеуметтік есірткі иммунитетін қалыптастыруы;
      Нашақорлық пен есірткі бизнесінің таралуымен байланысты мәселелерді шешуде қоғамның барынша жұмыла күресіне қол жеткізу.

8. Целиноград ауданы бойынша 2003-2004
жылдарға арналған нашақорлыққа және есірткі
бизнесіне қарсы күрес жөніндегі бағдарламаны
жүзеге асыру жөніндегі басым іс-шаралардың жоспары

Рет

Шаралар

Жауапты
орындаушы

Қаржыландыру көзі

мың теңге

Орындау
мерзімі

Нашақорлықтың алдын алу және ескерту жөніндегі ұйымдастыру шаралары

1

Жалпы білім беретін мектептердің жоспарына нашақорлыққа қарсы тақырыптар бойынша дәрістер курсын енгізу

Аудандық білім, денсаулық сақтау бөлімдері


2003-2004 жылдар

2

Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне  арналған акциялар  өткізу, жалпы білім беретін оқушылары арасында нашақорлыққа қарсы тақырыпта сурет, шығарма, плакат байқауларын, спорт жарыстарын өткізу

Аудан әкімдігі, аудандық білім, денсаулық сақтау, жастар ісі, спорт және туризм, мәдениет бөлімдері, "Призыв"», "Ұран"» газеттерінің редакциясы

Аудандық бюджет

26 маусым 2003-2004 жылдар

3

Қоғамдық танымда әлеуметтік иммунитетті қалыптастырудағы жұмысты жандандыру, азаматтарды мемлекеттік органдар қабылдаған нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі шаралармен аудандық "Призыв" және "Ұран"» газеттері арқылы ақпараттандыру

аудандық білім, денсаулық сақтау бөлімдері, аудандық ішкі істер бөлімі (келісім бойынша) "Призыв", "Ұран"» газеттерінің редакциясы, ауылдық округ өкімдері


2003-2004 жылдар

4

Дене шынықтыру-спорт секцияларының қызметін қамтамасыз ету

ауылдық округ әкімдері, аудандық жастар ісі, спорт және туризм жөніндегі бөлім

Аудандық бюджет

2003-2004 жылдар

5

Халықтың әр-түрлі санаттарының есірткіні теріс пайдалануына орай тұрақты мониторинг тетігін енгізу

аудандық білім, денсаулық сақтау бөлімдері, ауылдық округ әкімдері


2003 жыл

6

Аудандағы нашақорлыққа мейлінше көп бейімделген ауылдық округтерді анықтау

аудандық ішкі істер бөлімі (келісім бойынша) аудандық білім, денсаулық сақтау, статистика (келісім бойынша) бөлімдері


2003 жыл

7

Денсаулық сақтау мекемелерін заман талабына сай дәрі-дәрмектермен және құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету шараларын қабылдау

аудандық білім, денсаулық сақтау бөлімі, ауылдық округ әкімдері


2003 жыл
желтоқс.

2004 жыл желтоқс.

8

Дінге сенушілер мен олардың жақындарының есірткіні мүлде пайдаланбауын қалыптастыру жөнінде діни бірлестіктермен өзара байланыс орнату

Аудандық мәдениет, білім, денсаулық сақтау бөлімдері

2003 жыл
желтоқс.

2004 жыл
желтоқ.


9

Аудандағы нашақорлыққа қарсы жұмыс әдістермен, ақпараттармен алмасу, үйлестіру мақсатында насихаттау шараларын жүргізу

Аудандық есірткіге және құрамында есірткісі бар заттардың заңсыз айналысына қарсы тұру жөніндегі аудандық комиссия


2003-
2004
жылдар

Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналысына қарсы іс-әрекет тетігін нығайту

10

Нашақорлықтың алдын алу және мамандандырылған қоғамдық емдеу ұйымдарымен, мемлекеттік емес мекемелермен өзара байланыс орнату

Аудандық мәдениет, білім, денсаулық сақтау бөлімдері


2003-2004 жылдар

11

Есірткімен байланысы бар қылмысты істер туралы және оған қатысты тұлғалар туралы мүдделі мемлекеттік органдармен ақпарат алмасуын жүргізу

аудандық ішкі істер бөлімі (келісім бойынша), аудандық білім, денсаулық сақтау бөлімдері


2003-2004 жылдар

12

Есірткіге және құрамында есірткісі бар заттардың заңсыз айналысына қарсы тұру жөніндегі аудандық комиссияның қызметін үйлестіру және бақылау

Аудан әкімдігі


2003 жыл
желтоқс.
2004 жыл
желтоқс.

таблицаның жалғасы

Рет N

Алдын ала болжау
шығындары

Жүзеге асыру нысаны

2003
жыл

2004
жыл

1



Білім бөлімінің жалпы білім беретін мектептер жоспарына дәрістер курсын енгізу туралы бұйрығы

2



Халықаралық нашақорлыққа қарсы күресі күніне арналған акцияларды өткізу туралы бірлескен бұйрықтар, аудандық "Призыв", "Ұран" газеттеріне ақпарат беру

3



Семинарлар, тренингтер, дөңгелек үстелдер, аудандық "Призыв", "Ұран" газеттеріндегі жарияланымдар

4



Аудандық есірткіге және құрамында есірткісі бар заттардың заңсыз айналасына қарсы тұру жөніндегі комиссияға ақпарат

5



Мониторинг тетігін енгізу туралы бірлескен бұйрық

6



Аудандық мейлінше көп бейімделген ауылдық округтерінің нашақорлық картасы

7



Аудандық есірткіге және құрамында есірткісі бар заттардың айналысына қарсы тұру жөніндегі комиссияға ақпарат

8



Аудандық есірткіге және құрамында есірткісі бар заттардың айналысына қарсы тұру жөніндегі комиссияға ақпарат

9



Семинарлар, "дөңгелек үстелдер", конференциялар

10



Аудандық есірткіге және құрамында есірткісі бар заттардың айналысына қарсы тұру жөніндегі комиссияға ақпарат

11



Аудандық есірткіге және құрамында есірткісі бар заттардың айналысына қарсы тұру жөніндегі комиссияға ақпарат

12



Аудандық есірткіге және құрамында есірткісі бар заттардың айналысына қарсы тұру жөніндегі комиссияға ақпарат

Целиноград ауданы
әкімдігінің 2003 жылғы
16.04. N 96 қаулысына
2-қосымша

Аудандық есірткіге және құрамында есірткісі бар заттардың айналысына қарсы тұру жөніндегі аудандық комиссияның құрамы

      Жанбаев Берік        - аудан әкімінің орынбасары,
      Амантайұлы             комиссия төрағасы

      Мұқанов Ербол        - Целиноград аудандық ішкі істер
      Алтынбекұлы            бөлімі бастығының орынбасары,
                             комиссия төрағасының орынбасары
                             (келісім бойынша)

      Жақыпов Зейнеқабиден - аудандық денсаулық сақтау бөлімінің
      Қадырұлы               меңгерушісі, комиссия төрағасының
                             орынбасары

      Ахетова Сәуле        - аймақтық аурухананың нарколог-
      Қабдырәшитқызы         дәрігері, комиссия хатшысы
                             (келісім бойынша)

Комиссия мүшелері:

      Омарова Татьяна      -  аудан әкімінің құқық мәселелері
      Муратовна               жөніндегі кеңесшісі

      Қонарбаева Ләззат    -  аудандық білім бөлімі
      Амангелдіқызы           меңгерушісінің орынбасары

      Шүленбаев Шәмшиден   -  ауыл шаруашылығы бөлімінің
      Шахманұлы               бастығы

      Шәлікеев Ғани Мақанұлы - жастар ісі, туризм және спорт
                               жөніндегі бөлімнің бастығы

      Қарыбекова Шолпан      - аудандық мәдениет бөлімінің
      Қожайыпқызы              меңгерушісі

      Түгелбаев Жанат        - аудандық "Призыв" және "Ұран"
      Сәлкенұлы                газеттерінің редакторы

      Әжібаев Серікғали      - Малиновка ауылдық округінің әкімі
      Көпбайұлы

      Ахметов Ғабдол Есенбекұлы - Романовка ауылдық округінің әкімі

      Полянская Татьяна      - Новоишимка ауылдық округінің
      Николаевна               әкімі

      Прутов Олег            - Қабанбай батыр ауылдық округінің
      Владимирович             әкімі

      Лобова Людмила         - Целиноград аймақтық
      Васильевна               ауруханасының психиатр дәрігері
                               (келісім бойынша)

3-қосымша
Аудан әкімдігінің
2003 жылғы 16.04
N 96 қаулысымен
бекітілген

Есірткіге және құрамында есірткісі бар заттардың
заңсыз айналасына қарсы тұру жөніндегі аудандық
комиссия туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Есірткіге және құрамында есірткісі бар заттардың заңсыз айналысына қарсы тұру жөніндегі аудандық комиссия (әрі қарай-комиссия) консультативтік кеңес органы болып табылады.
      2. Комиссия өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Президент пен Үкіметтің кесімдерін және басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық кесімдерін басшылыққа алады.

2. Комиссияның негізгі мақсаттары мен міндеттері

      3. Комиссияның негізгі мақсаттары:
      1) Қазақстан Республикасында есірткі мен есірткі бизнесіне қарсы күрестің түбегейлі жоспарын жүзеге асыру жөніндегі 2001-2005 жылдарға арналған іс-шараларды жүзеге асыру үшін қолдау көрсету;
      2) есірткі мен есірткі бизнесіне, есірткі заттарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналасына қарсы күреске бағытталған шаралардың әрі қарай жетілдірілуі және жүзеге асырылуы жөнінде есірткі заттарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналысы мен олардың заңсыз айналысына, орынсыз қолданылуына қарсы әрекет жасау саласындағы мемлекеттік саясаттың жетілдірілуі жөнінде ұсыныстар дайындау болып табылады.
      4. Комиссия өзіне жүктелген мақсаттарға сәйкес төмендегі міндеттерді жүзеге асырады:
      1) есірткі мен есірткісі бар заттардың заңсыз айналасына қарсы тұру мәселелері жөніндегі аудандық бағдарламаларды дайындауға қатысу;
      2) жергілікті атқару органдарының комиссия құзырына кіретін мәселелер жөніндегі ұсыныстары мен жобаларын қарауға қатысу;
      3) есірткі мен есірткі бизнесіне қарсы күрестің, есірткі заттары мен қоздырғыш заттарды орынсыз қолдану, нашақорлықтың алдын алу, емдеу және есірткіге тәуелді адамдарды сауықтырудың негізгі бағыттарын анықтау, есірткі мен есірткі бизнесіне қарсы күрес саласында құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардың жұмыстарын одан әрі жетілдіру;
      есірткі мен есірткі бизнесіне қарсы күрес саласында мемлекеттік органдардың жұмыстарын үйлестіруді жетілдіру;
      Целиноград ауданы халқының әлеуметтік есірткілік иммунитетін қалыптастыру жөніндегі ұсыныстар әзірлеу;
      4) Целиноград ауданында есірткі жағдайының даму тенденциясы мен хал-ахуалына талдау жасау, есірткінің заңсыз айналысына қарсы тұру саласындағы мемлекеттік бағдарламалар мен түбегейлі жоспарларды жүзеге асыру барысы туралы ақпараттық-талдау құжаттамаларын дайындау.

3. Комиссия құқықтары

      Комиссияның:
      1) Комиссия мәжілістерінде атқару органдары мен басқа да ұйымдардың басшылары мен өкілдерін комиссия құзырына жататын мәселелер бойынша шақыруға және тыңдауға;
      2) өз мақсаттарын жүзеге асыру үшін атқару органдары мен басқа да ұйымдардан қажетті құжаттамалар мен ақпараттарды сұратып алуға;
      3) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың мамандардың штаттан тыс сарапшы ретінде аудандағы нашақорлық сараптау және зерттеу үшін тартуға;
      4) мемлекеттік органдарға осы бағыттағы осы жұмысты одан әрі жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
      5) түбегейлі жоспарларды, мемлекеттік және басқа да бағдарламаларды жүзеге асыру жөніндегі қоғамдық ұйымдармен ведомствоаралық және аудандық үйлестірудің өзара қызметін жүзеге асыруға;
      6) Комиссия құзырына жататын басқа да құқықтары жүзеге асыруға құқығы бар.

4. Комиссия жұмыстарын ұйымдастыру.

      6. Комиссия төрағасы оның жұмысын басқарады, мәжілістерінде төрағалық етеді, жұмыстарын жоспарлайды, оның шешімдерінің жүзеге асырылуына жалпы бақылау жасайды. Төраға болмаған кезде оның міндеттерін орынбасары атқарады.
      7. Комиссия мәжілісінің күн тәртібі бойынша ұсыныстары, құжаттарды материалдар әзірлеуді және мәжілістен соң хаттамасын рәсімдеуді комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады.
      8. Комиссия отырысының материалдарын дайындауды комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады, ол комиссия мәжілісін өткізуден 3 күн бұрын барлық қажетті құжаттарды комиссия мүшелеріне таратады.
      9. Комиссия отырысы қажет болған кезде өткізіледі, бірақ тоқсанына бір реттен кем болмауы тиіс. Комиссия мәжілісі оған мүшелерінің үштен бірі қатысқан жағдайда заңды саналады.
      Комиссия шешімі оған комиссия мүшелерінің жалпы санынан ашық көп дауыс берілсе қабылданады және комиссия мәжілісінің хаттамасымен рәсімделеді. Дауыс тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші дауысқа ие болады.
      Хаттамаға комиссия төрағасы қол қояды.

Целиноград ауданы
әкімдігінің 2003 жылғы
16.04. N 96 қаулысына
4-қосымша

Целиноград ауданы әкімінің күші жойылған
кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Аудан әкімінің 2000 жылғы 27 шілдедегі N 179 "Аудан аумағында есірткіге және құрамында есірткісі бар заттардың заңсыз айналысына қарсы түру жөніндегі бағдарламасы туралы" шешімі.
      2. Аудан әкімінің 2001 жылғы 14 маусымдағы N 126 "Аудан аумағында есірткіге және құрамында есірткісі бар заттардың заңсыз айналысына қарсы тұру жөніндегі аудандық комиссияның құрамындағы өзгерістер туралы" шешімі.
      3. Аудан әкімінің 2002 жылғы 6 қарашадағы N 165 "Аудан әкімінің 2000 жылғы 27 шілдедегі N 179 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады