Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Райымбек ауданы әкімдігінің 2011.05.10 N 147 Қаулысымен
Қазақстан Республикасының "Бюджет жүйесі туралы" Заңын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасы Үкіметі резервінің қаржысын пайдалану Ережесін бекіту туралы" N 1408 қаулыларын жүзеге асыру мақсатында аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімиятының резервтік қорды бөлу және пайдалану жәйлі ережесі бекітілсін және резервтік қорды бөлу аудандық қаржы бөлімінің ұсынысы негізінде аудан әкімиятының қаулысына сәйкес жұмсалынсын.
2. Бюджеттік бағдарлама әкімдерінің бюджеттік экономикалық сыныптамасына қажетіне қарай өзгеріс енгізу жөніндегі өтінімі бойынша жасалынған өзгерістерді кезекті мәслихат сессиясында қарап бекітуге ұсыныс енгізу қаржы бөліміне тапсырылсын.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау басшылық жасау өз жауапкершілігіме қалдырылсын.
Аудан әкімі
Аудан әкімиятының
2003 жылғы 21 мамырдағы
N 18 қаулысымен
бекітілген
Аудан әкімияты резервінің қаражатын пайдаланудың ережесі
Осы Ережемен аудан әкімияты резервінің қаражатын бөлудің және пайдаланудың ретін белгілейді.
1. Жалпы ереже
1. Осы тәртіпте мынандай ұғымдар пайдаланылады:
Аудан әкімиятының резерві - тиісті қаржы жылына арналған аудандық бюджетке көзделген және бір жолғы сипаттағы көлденең шығыстарды қаржыландыру үшін аудан әкімиятының қаулысы бойынша бөлінетін қаражат:
Көлденең шығыстар ағымдағы қаржы жылына арналған аудандық бюджетті қалыптастыру кезінде күні бұрын жоспарлау мүмкін емес және ағымдағы қаржы жылына кейінге қалдырмай қаржыландыруды талап ететін шығыстар:
Аудан әкімиятының және жергілікті мемлекеттік органдардың міндеттемелерін орындау үшін аудан әкімияты резервінің құрамында көзделетін және сот шешімдері бойынша аудан әкімиятының немесе жергілікті мемлекеттік органдардың міндеттемелерін өтеу үшін жергілікті бюджеттік бағдарлама әкімгерлеріне бөлінетін қаражат:
Аудан әкімиятының қаражатын алушы жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімгері.
2. Аудан әкімиятының резерв қаражаты есебінен қаржыландырылатын бір жолғы сипаттағы көлденең шығыстарға мынандай шаралар жатады:
1) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою бұлар:
-төтенше жағдайлардың пайда болуы нәтижесінде зардап шеккендерге материалдық көмек көрсету;
-зардап шеккендер үшін уақытша тұруға және тамақтануға орындар дайындау және ұстау:
-шұғыл қимыл жасайтын авариялық құтқару және авариялық қалпына келтіру бөлімшелерін құтқарудың техникалық құралдармен, жабдықтармен және жарақтармен қосымша жарақтандыру:
-төтенше жағдайлар аймағына күштер мен құралды тасымалдауды қамтамасыз ету.
2) Сот шешімдері бойынша аудандағы жергілікті мемлекеттік органдардың міндеттемелерін өтеу:
2. Аудан әкімияты резервінің қаражатын бөлудің және
пайдаланудың тәртібі
3. Аудан әкімияты резервінің қаражатын бөлуді аудан әкімиятының қаулысы негізінде, заңдармен белгіленген тәртіп бойынша тиісті қаржы жылына арналған аудандық бюджетті несиелендірумен шығыстары құрамында осы мақсаттарға бекітілген мөлшерлер шегінде аудандық қаржы бөлімі жүзеге асырады, онда алушы, бөлінетін қаражаттың көлемі мен оларды пайдаланудың мақсаттары, сондай - ақ қаражат қайтарымды негізінде бөлінген жағдайда, олардың беруді шарттары мен қайтарудың мерзімдері көрсетіледі.
4. Аудан әкімиятының резерв қаражатының қатаң арнаулы мақсаты болады және осы тәртіпте резервтен қаражат бөлу туралы аудан әкімиятының қаулысында көзделмеген мұқтаждарға пайдалануға болмайды.
5. Резерв қаражатын бөлу туралы аудан әкімиятының қаулысын дайындаған кезде мынандай шарттар ескертіледі:
1) Аудандық бюджетте ағымдағы қаржы жылына арналған қаржының болмауы
2) Сот шешімдері бойынша әкімнің және жергілікті мемлекеттік органдардың міндеттемелерін өтеу жағдайларын қоспағанда, аудан әкімиятының резерв қаражатына қажеттілік ағымдағы қаржы жылында пайда болуы және олардың қажеттілігі алушының бұрынғы міндеттемелерімен байланысты болмауы.
3. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға
қаражат бөлу
6. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда, аудан әкімиятының резервінен қаражат бөлу өтініштерін аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі қарайды. Бұл ретте туындаған төтенше жағдайдың аудан аралық немесе облыстық ауқымы болу керек.
7. Негіздемелік материалды берудің тәртібі және олардың тізбесі аудан әкімиятының қаулысымен айқындалады.
8. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою қажеттілігі туындағанда төтенше жағдайлар жөніндегі аудандағы бас маман белгіленген тәртіппен әкімнің жобасына төтенше жағдайды жоюға қаржы бөлу туралы қаулы енгізеді.
9. Аудандық және объективтік көлемдегі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою аудан әкімінің резервтік қаражат есебінен және меншіктік нысанына қарамастан мекемелер қаражатынан қаржыландыру керек.
4. Сот шешімдері бойынша аудан әкімінің және жергілікті
атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеуге қаржы бөлу
10. Сот шешімдері бойынша аудан әкімінің және жергілікті мемлекеттік органдардың міндеттемелерін өтеу, Сот атқарушы құжаттары болған жағдайда, әкімияттың резерв қаражаты есебінен қамтамасыз етіледі.
11. Аудан әкімінің міндеттемелерін өтеуге әкімияттың резервінен қаражат бөлу туралы әкім қаулысының жобасын аудандық қаржы бөлімі Заңдармен белгіленген тәртіп бойынша дайындайды.
5. Бақылау және есептілік
12. Аудан әкімияты резервінен бөлінген қаражатты алушылар аудандық қаржы бөлімінің белгіленген тәртіппен және мерзімінде олардың пайдалануы, орындалған жұмыстардың көлемімен құны туралы есеп беруі керек.
13. Аудандық қаржы бөлімі ай сайын аудан әкіміне әкімиятының резерв қаражатының пайдалануы және оның тиісті кезеңдегі қалдықтары туралы ақпарат береді.
14. Аудан әкімиятының резервінен бөлінетін қаражаттың мақсатсыз пайдаланылғаны үшін алушы Қазақстан Республикасы Заңдарында көзделген тәртіппен жауап береді.
15. Аудан әкімиятының резервінен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдалануына бақылау жасауды тиісті мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
Аудан әкімінің
аппарат басшысы