Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу жөнiндегi Маңғыстау облысының 2003-2004 жылдарға арналған Аймақтық бағдарламасы

Жаңа

Маңғыстау облыстық мәслихаттың 2003 жылғы 10 желтоқсандағы N 2/22 шешімі. Маңғыстау облыстық Әділет басқармасында 2004 жылғы 7 қаңтарда N 1585 тіркелді

     "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес облыстық мәслихат шешім етті:

      1. Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу жөнiндегi Маңғыстау облысының 2003-2004 жылдарға арналған Аймақтық бағдарламасы бекітілсін (қоса беріліп отыр).

      2. Осы шешім жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Төрағалық етуші,
      облыстық мәслихаттың хатшысы

Маңғыстау облыстық мәслихаттың
2003 жылғы 10 желтоқсандағы N 2/22
шешіміне қосымша     

Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу жөнiндегi Маңғыстау облысының 2003-2004 жылдарға арналған
Аймақтық бағдарламасы

Бағдарламаның төлқұжаты

      Атауы   Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу жөнiндегi Маңғыстау облысының 2003-2004 жылдарға арналған Аймақтық бағдарламасы

      Әзiрлеу үшiн негiздер  Ел Президентiнiң 1997 жылғы 10 қазандағы "Қазақстан-2030": барлық қазақстандықтардың өсiп-өркендеуi, қауiпсiздiгi және әл-ауқатының артуы" Қазақстан халқына жолдауы ; Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңы ; "Есiрткi, психотроптыҚ заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-әрекет шаралары туралы" 1998 жылғы 10 шiлдедегi заңы , Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң 2001-2005 жылдарға арналған стратегиясы туралы" 2000 жылғы 16 мамырдағы N 395 Жарлығы

      Негiзгi әзiрлеушiлер Маңғыстау облысының әкiмияты, облыстық iшкi iстер басқармасы, облыстық бiлiм және денсаулық сақтау басқармалары, облыстық кеден басқармасы, прокуратура.

      Мақсаты Бағдарламаның басты мақсаты - кәмелетке толмағандар арасында нашақорлық пен алкоголизмнiң таралу өсiмiн тоқтатуӨүшiн жағдайлар жасауды қамтамасыз етудегi маңызды нысаналы көрсеткiштер, өскiн ұрпақтың қалыптасуы мен өсiп-жетiлуi үшiн саяси - құқықтық, әлеуметтiк-экономикалық ұйымдастыру жағдайлары мен кепiлдiктерiн жасау және нығайту болып табылады.

      Мiндеттер Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылығы мен қоғамға жат iс-әрекеттерiнiң алдын алу; әртүрлi санаттардың есiрткi тұтынудың алдын алу жүйесiн жетiлдiру, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету; құқықтық сауаттылықты, арттыру үшiн қажеттi жағдайлар жасау; кәмелетке толмағандардың патриоттық және азаматтық қалыптасу жағдайларын қамтамасыз ету.

      Қаржыландыру көздерi Жергiлiктi бюджеттiң қаражаты; донорлық ұйымдардың гранттары; демеушiлiк көмектер.

      Күтiлетiн нәтижелер Осы Бағдарламаны iске асыру жоғалтылған әлеуметтiк құндылықтарды қайта қалпына келтiруге мүмкiндiк бередi. Бағдарламаны iске асыру үдерiсiнде кәмелетке толмағандар өз құқықтары мен мiндеттерiмен танысуға тиiс, мұның өзi олардың соқыр сана-сезiмдерiн оятуға мүмкiндiк бередi. Үгiттеу саясаты, олардың өз жағдайларына көңiл аударуына әрi қорытынды жасауына, сөйтiп қоғамды кiрiктiрудiң негiзiне алуға есептелетiн болады. Бағдарлама, облыстағы жасөспiрiмдер жасайтын қылмыс деңгейiн азайтуға, өскiн ұрпақтың денсаулығын жақсартуға және жасөспiрiмдер өлiмiн азайтуға, рухани, шығармашылық әлеуетiн арттыруға бағытталған. Жастардың жұмыспен қамтылу инфрақұрылымын қамтамасыз ету және олардың кәсiптiк өмiрiнiң нақты бағытын анықтау мақсатында Бағдарламаны iске асыру, кәсiби қызметтiң субъектiсi ретiнде жастардың бойында өзi туралы бiлуiн, еңбек қызметiнде өз қабiлетiн көрсетуде табандылық пен орнықты дәлелдеу деңгейiн өзi бағалауыныңөұқсактығын қалыптастыруға мүмкiндiк бередi. Бұл, өз кезегiнде, еңбек рыногына мамандығы жоқ әрi жұмыс iздестiрудiң қазiргi заманғы әдiстерiн меңгермеген жастар ағынын азайтуға әкеледi. Бағдарламаның iс-шараларын iске асыру нәтижесiнде мыналарға қол жеткiзiлетiн болады деп жорамалданады: 
      - облыста нашақорлық таралуының iс жүзiндегi ауқымы мен осыған байланысты қоғамның шығынын айқындау;
      - есiрткiлердiң заңсыз айналымына қарсы әрекет жасау саласында, оларды практикалық қажеттiлiкке жақындату мақсатында есiрткi, психотроптық заттардың тiзiмiне уақытылы өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi қамтамасыз ету; нашақорлықпен ауыратын адамдарды емдеу мен оңалту жүйесiнiң әдiстемесiн жетiлдiру. Бұдан басқа, қылмысқа қарсы күрес үшiн қажеттi нормативтiк құқықтық база қалыптасады, жалпы тұрақтану беталысы орнығады, көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда жағдай жақсарады. 
      Қоғамдық имандылық құндылықтары қалпына келтiруге мүмкiндiк бередi. Бағдарламаны iске асыру үдiрiсiнде кәмелетке толмағандар өздерiнiң құқықтары және мiндеттерiмен танысуы қажет, бұл олардың соқыр сезiмдерiнiң оянуына ықпал еттi. Үгiттiк саясат жұмыстары оларды өздерiнiң жағдайына көңiл аударып, қорытынды шығаратындай етiп жүргiзiлуi тиiс, ол қазiргi қоғамды интеграциялаудың жолына алынады. Бағдарлама, облыстағы жетесiздiк бағыттағы кәмелетке толмағандар санының өсуiне азайтуға бағытталған. Жастардың жұмыспен қамтылуы инфрақұрылымын қамтамасыз ету және олардың нақты бағыттарымен кәсiби тұрмысын айқындау мақсатындағы Бағдарламаны iске асыру "кәсiби қызметтiң субъектiсi саналатын жастардың өздерi туралы көп нәрсе бiлуiне, еңбек қызметiне өзiн-өзi көрсетудi орнықты дәлелдеп қалыптастыруға мүмкiндiк бередi. Бұл өз  кезегiнде еңбек рыногында мамандығы жоқтардың және жұмыс iздеудiң осы заманға әдiстердi пайдалана бiлмейтiн жастардың келуiн азайтатын болады. Бағдарламаның iс-шаралар iске асырудың нәтижесiнде мыналарға қол жеткiзу ұйғарылып отыр;
      - облыста нашақорлықтың таралуының нақты көлемiн және олармен байланысты қоғамның шығынын айқындау, есiрткiлердiң заңсыз айналымына қарсы әрекет жасау саласындағы тәжiрибенi қажеттiлiкке жарату мақсатында есiрткi, психотроптық және күштi әсер ететiн заттардың тiзiмдерiне қазiргi заманға сай өзгерiстер мен толықтыруларды енгiзудi қамтамсыз ету;
      - нашақорлықпен ауыратын адамдарды емдеу және оңалту жүйесiнiң әдiстемесiн жетiлдiру.
      Бұдан басқа, қылмыспен тиiмдi күрес жүргiзу үшiн қажеттi нормативтiк және құқықтық база қалыптасады, жалпы тұрақтандыру бағыты орнығып, көшелер мен басқа да қоғамдық жерлерде жақсара түседi.

1. Кiрiспе

      Осы құжатты қабылдау жасөспiрiмдер ортасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алуды күшейту, құқық бұзушылық жасаған кәмелетке толмағандардың әлеуметтiк психологиялық оңалту, есiрткi және психотроптық заттарын тұтыну проблемаларына деген қажеттiлiктен туындап отыр. Бағдарлама кәмелетке толмағандардың психологиялық және табиғи денсаулығын сақтауда, кәмелетке толмағандар мен жастардың арасында жаппай құқықтық жұмыс жүргiзуде әртүрлi құрылымдардың жұмысын бағыттайды және үйлестiредi, жас өскiннiң рухани- адамгершiлiк, зияткерлiк және шығармашылық әлеуетiн арттырады.
      Балалар мен кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу жөнiндегi 2003-2004 жылдарға арналған өңiрлiк бағдарламасы Маңғыстау облысының барлық мемлекеттiк, шаруашылық және қоғамдық органдарының жас азаматтарды қалыптастыру мен дамыту үшiн әлеуметтiк-экономикалық, құқықтық және ұйымдастырушылық жағдайларды қамтамасыз етудегi күш-жігерiн топтастыруды көздейдi. Қоғамды қайта өзгертiп құрудың күрделiлiгi, өскiн ұрпақ өмiрiнiң барлық қырына әсер еттi. Тәрбиелеудiң дәстүрлi проблемаларын шешудiң мазмұны мен тәсiлдерi өзгердi, ол жаңа тарихи жағдайда қағидатты түрде өзге негiзде қаралуға тиiс. Әлеуметтiк бағдардағы экономикасы бар демократиялық қоғамды құру балалар мен кәмелетке толмағандарды iзгiлiксiз және рухани дамытпайынша, қазақстандық өскiн ұрпақтың бойында патриотизм, кәсiби бiлiктiлiк, жауапкершiлiк, өткен ұрпақтың дәстүрлерi мен әлемдiк өркениет жетiстiктерiне құрметпен қараушылық сияқты қабiлеттерiн қалыптастырмайынша мүмкiн болмақ емес.
      Мемлекет (Маңғыстау облысындағы оның атынан барлық мемлекеттiк, шаруашылық және қоғамдық органдар) балалар мен кәмелетке толмағандардың өз өмiр жолын таңдауда, оның материалдық деңгейi мен әлеуметтiк жағдайына қарамастан, жеке табысқа қол жеткiзуi мүмкiндiгiн кеңейту үшiн барлық жағдайлар жасауға тиiс. Тек осындай жағдайда ғана бағдарламаның негiзгi мiндетi - кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың, қадағалаусыздықтың алдын алу ықпалды болмақ.

2. Маңғыстау облысындағы балалар мен кәмелетке толмағандардың қазiргi жай-күйiн талдау

2.1 Балалар мен кәмелетке толмағандардың әлеуметтiк-демографиялық сипаттамасы

      Маңғыстау облысында кәмелетке толмағандар саны 121042 адам құрайды.
      Қазiргi кезде балалар мен кәмелетке толмағандар, әлеуметтiк қызмет көрсетулермен қамтамасыз етiлуi жөнiнен қоғамның мейлiнше осал жiктерiнiң бiрi болып табылады. Облыс аумағындағы кәмелетке толмағандар арасындағы бақылаусыздық пен қылмыстың жай-күйi елеулi толғаныс пен алаңдаушылық туғызуда.
      Кәмелетке толмағандардың бақылаусыздығының, қадағалаусыздығының және қылмыстылығының себептерi жұмыссыздық болып табылады. Көптеген өнеркәсiп кәсiпорындары жұмыс iстемейдi. Балалардың көпшiлiгi материалдық мұқтаждық салдарынан балабақшаға бара алмайды (01.01.2003 жылға балабақшада бар болғаны 6563 бала болды) тастанды балалар саны көбейдi (01.01.2003 жылға- 69 бала).
      Кәмелетке толмағандардың бiр бөлiгiне уақытын өткiзуiн ұйымдастырылмауы, олардың арасында уытқұмарлық пен нашақорлықтың таралуы үшiн қолайлы негiз жасауда. 01.01.03 жылға денсаулық сақтау органдарында 180 кәмелетке толмағандар, оның iшiнде "уытқұмар" диагнозымен 21-i, "нашаҚор" диагнозымен 2-i есепте тұр.
      Бағасына қол жетерлiк демалыс базаларының, сауықтыру лагерлерiнiң болмауы, тұрғылықты жерi бойынша бос уақытын ұйымдастырудың әлсiздiгi, жасөспiрiмдердiң аулалар мен көшелерде қадағалаусыздығы, тәрбиесi қиын балаларға немқұрайды қараушылық сапалық жағынан үшқалақ жастарды қылмыстық топтарға тартуға және нақты қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жасауға әсер етуде.
      Кәмелетке толмағандар жасаған құқық бұзушылыққа ата-аналары мен төңiрегiндегi адамдар тарапынан бақылаусыздығы мен немқұрайлығы терiс көрiнiс беруде. Араздасқан отбасы балалардың психикасын қалыптастыру үдерiсiн бұзады. Отбасылық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардан артта қалушылық болған жағдайда, дұрыс тәрбиелемеу жағдайында, терiс дағдылар мен талғамдар, мiнез-құлықтың терiс үлгiлерi үшiн негiз қалайтыны баршамызға белгiлi.
      Оқу орындарында оқытуды өмiрден алшақ жүрiп, түсiнiк жұмыстарының деңгейi мардымсыз болып табылады бiтiрушiлердiң практикалық қызметке дайындығы нашар.
      Жасөспiрiмдер жасаған қылмысқа талдау, қылмысы үшiн сотталған әрбiр үшiншiсi, қылмыс жасаған сәтiнде еш жерде жұмыс iстемегенiн және оқымағанын дәлелдеп отыр. Алкогольдiк мас күйiнде қылмыс жасаған кәмелетке толмағандардың көпшiлiгi (8) алкогольдi, есiрткiнi тұтынудың ауыр зардаптары мен осы салада ықтималды құқықтық салдарын терең сезiнбейдi. Көптеген кәмелетке толмағандар үшiн қоғамдық құндылықтарының, биiк мұраттарының болмауы, жалпы зияткерлiк өсiп-жетiлу деңгейiнiң төмендiгi тән.

2.2 Балалар мен кәмелетке толмағандардың проблемаларын шешудiң жолдары

      Алкоголизм мен нашақорлық проблемасы айтарлықтай өткiр тұр. Алкоголизм, нашақорлық және қылмыс сияқты осындай ұғымдар арасында бiрмәндi, тура бағыттағы емес, қайта күрделi, диалектикалық байланыс бар. Бұл - әлеуметтiк патологияның әртүрлi нысандары, онда олар үшiн терең әлеуметтiк ортақ себептер болады. Алкогольды артық iшетiн, есiрткi тұтынатын және қылмыстар жасайтын жасөспiрiмдер санын тежеу үшiн, статистика нормаларының шеңберiнде барлық тиiстi мемлекеттiк органдар мен мемлекеттiк емес ұйымдардың iс-қимылын үйлестiру және оларды iске асыру жөнiндегi негiзгi бағыттарын әзiрлеп жасау қажет.
      Қазiргi кезде қоғам өмiрiнде бастау алған iзгiлiктiң өсе түсуi мен сапалық фактордың ықпал ету саласының кеңеюi құқықтық тәрбие берудiң маңызын еш төмендетпейдi, себебi осынау әрекет үстiндегi қарым-қатынастар, тек бiр ғана сапалық жағынан толық реттелмейдi, оларды реттеу үшiн құқықтық ықпал етудi талап етедi. Осыған байланысты оқушыларды құқықтық тәрбиелеуде, олардың бойында мiнез-құқының азаматтық белгiлерiн, заңдарды түсiну психологиясын, сiңiрудi қалыптастыруда жалпы бiлiм беретiн мектептердiң функциясы артады.
      Жасөспiрiмдердiң бойында өмiр тәжiрибесiнiң және заңдардан бiлiмiнiң болмауы, оларда жиi ұшырасатын қасiреттiң себебi болып табылады.
      Құқықтық тәрбиенiң жеткiлiксiздiгi, кәмелетке толмағандар өмiрдiң алуан түрлi жағдайларына тап болып, жаңсақ және қате көзқарастарға сүйене отырып, бiрқатар құбылыстар мен фактiлерге жиi бұрыс баға бередi, сол немесе өзге де мәселелердi шешу кезiнде өздерiн лайықсыз ұстайды.
      Жеке тұлғаның жалпы ой-өрiсiн, оның қоғам өмiрi, мемлекеттiң қызметi туралы, адамдардың өзара қарым-қатынасының негiзгi нормалары туралы, жол берiлетiн және заңсыздық туралы түсiніктерiн кеңейте отырып құқықтық тәрбие, адам бойындағы алған бiлiмiмен үйлесiм табуы, оны толықтыруы әрi тереңдетуi, құқықтық ұғымдардың белгiлерiн қалыптастыруға тиiс.
      Балалар қылмысының проблемаларын еңсерудегi табыс, отбасындағы, мектепке дейiнгi балалар мекемелерiндегi, жалпы бiлiм беретiн мектептердегi тәрбие жұмысының қалай тиiмдi жолға қойылғанына байланысты болмақ. Кәмелетке толмағандардың тұрғылықты жерi бойынша бос уақытын және салауатты өмiр салтын ұйымдастыру, тұрмысы төмен отбасыларына әлеуметтiк көмек көрсету, аға ұрпақты құрметтеу, қамқорлық жасау және мейiрiмдiлiк таныту рухында тәрбиелеу-балалар мен кәмелетке толмағандар проблемаларын шешудiң негiзгi жолы.

3. Бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерi

      Мемлекеттiк органдар мен қоғамдық ұйымдардың барлық құрылымдары арқылы нашақорлық пен уытқұмарлыққа айырықша назар аударып, құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу жөнiнде кәмелетке толмағандар арасында түсiнiк, алдын алу және ұйымдастыру жұмыстарының шаралары кешенiн кең ауқымда енгiзiлуiн қамтамасыз ету. Балалар мен ойдағыдай жұмыс iстеу барысында кәмелетке толмағандар арасында қадағалаусыздық пен құқық бұзушылықтың алдын алу, оларға қажеттi тәрбиелiк ықпал ету, сондай-ақ балалар мен жасөспiрiмдердiң мүддесiн қорғауда қажеттi көмек көрсету жөнiнде қойылған мiндеттердi ойдағыдай орындауға өзiнiң iскерлiк әрi сапалық қабiлетi қажет;
      - жергiлiктi жерлерде балалармен және кәмелетке толмағандармен жұмыс жасау үшiн жауапкершiлiктi арттыру жөнiндегi шараларды iске асыру және жетiлдiру барлық меншiк нысандарындағы және ұйымдық құқықтық нысандарындағы ұйымдар әкiмшiлiктерiнiң кәмелетке толмағандарға қатысты еңбек заңнамасының сақталуына, тұрғылықты жерi бойынша бiлiм беру, мәдени-ағарту мекемелерi мен спорт ұйымдарында кәмелетке толмағандармен тәрбие жұмысының жай-күйiне бақылауды жүзеге асыру;
      - балалар мен кәмелетке толмағандардың бойында азаматтық пен патриотизмдi дамыту.

4. Бағдарламаны қаржыландыру көздерi

     Бағдарламаны қаржымен қамтамасыз ету жергiлiктi бюджеттiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      Есiрткiге қарсы iс-шараларды жүргiзуге заңды және жеке тұлғалардан ерiктi қайырмалдық түрiндегi қаржы қаражаты тартылуы ықтимал.

5. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтиже

      Бағдарламаның iс-шараларын iске асырудың нәтижесiнде мыналарға қол жеткiзу ұйғарылып отыр;
      - облыста нашақорлық таралуының iс жүзiндегi ауқымын және осыған байланысты қоғамның шығынын айқындау;
      оларды есiрткiнiң заңсыз айналымына қарсы iс-әрекеттер саласындағы практика қажетiне жақындату мақсатында есiрткi заттарының, психотроптық күштi әсер ететiн заттардың тiзiмiне уақытылы өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілуi қамтамасыз ету;
      - нашақорлықпен ауыратын адамдарды емдеу мен оңалту жүйесiнiң әдiстерi жетiлдiру.
      Бұдан басқа, қылмысқа қарсы тиiмдi күрес үшiн қажеттi нормативтiк құқықтық база қалыптасады, жалпы тұрақтылық беталысы бекидi, көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда ахуал жақсарады.

6. Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу жөнiндегi Маңғыстау облысының 2003-2004 жылдарға арналған
Аймақтық бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары

Балалар мен жасөспiрiмдер арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу

Рет

Iс-шаралар атауы

Iске асыру нысаны

Мерзiмi

Орындауға жауаптылар

Жорамал шығыстар

1.

Жасөспiрiмдердiң құқық бұзушылық пен қылмыс жасауына ықпал ететiн себептер мен жағдайларға әлеуметтiк сұрау салулар мен зерттеулер жүргiзу

Облыстық әкiмиятқа ақпарат

Тоқсан сайын

ОББ,ОIIБ, КТҚҚК

2.

Қоғамдық санада есiрткiге, алкогольға және темекi шешуге деген жиiркенiштi сезiмдi оятуға мақсатталған әрқилы жас топтарына есептелген арнайы әзiрленiмдер мен жаппай таралым материалдарының

Брошюра-
лар, жадуалдар шығару

2004 ж. 2 тоқсаны

ОДСБ,ОББ

500 мың теңге

3.

Кәмелетке толмағандар арасында нашақорлықтың, алкоголизмнiң, ЖҚТБ-нiң, қылмыстың алдын алу тақырыбында оқу орындарында семинарлық және лекциялық сабақтар өткiзу

Арнайы жоспар бойынша

Тұрақты

ОББ,ОДСБ, ОIIБ

 4.

ШАШ шеңберiнде облыс аумағында "Жасөспiрiм", Бос уақыт, "Бақылау", "Топ", "Денсаулық", "Сабақ", "Жаппай оқу" кешендi шұғыл алдын алу шараларын жүргiзу тәжiрибесiн жалғастыру

IIБ бұйрығы

Тоқсан сайын

Қалалар мен аудандар әкiмдерi, ОIIБ, КТҚҚК, ОББ

5.

ОблыстыҚ "XXI ғасыр жастары нашақорлыққа
қарсы" кең ауқымды акциясын жүргiзу (акция шеңберiнде жасөспiрiмдер нашақорлығы проблемасы бойынша үздiк суреттерге, плакатқа конкурс) ұйымдастыру, дискотека өткiзу; үгiт материалдарын дайындау және теле, радио хабарларын осы тақырыпқа арнап шығару)

Бiрлескен бұйрыҚ

2004 ж. мамыры- маусымы

ОЖО "Арман", ОББ, СӨСҚПО, ОIIБ

800 мың теңге

6.

Кәмелетке толмағандар арасындағы  нашақорлықтың, алкоголизмнiң алдын-алу жөнiндегi оқу орындарының  оқытушылары үшiн әдiстемелiк ұсынымдарды әзiрлеу және енгiзу

Ұсыныстар

2004ж.

ОIIБ, ОДСБ,  ОББ

7.

Оқу орындарында полицияға жәрдемдесетiн жастар отрядтарын құру жөнiндегi жұмысты жалғастыру

Бiрлескен бұйрыҚ

2004 ж. iшiнде

Қалалар мен
аудандардың әкiмдерi, ОЖО"Арман",
 ЖОО, ОАОО басшылары IIБ(келiсiм бойынша)

8.

"Студенттiк көктем" фестивалiн өткiзу

Бұйрық

2004ж. II тоқсан

ОЖО "Арман", ОББ

800 мың теңге

9.

Кәмелетке толмағандардың құқықтық санасезiмiн көтеруге бағытталған жұмыстарды жүргiзу; құқықтық тақырыпқа лекциялар,сайыстар, КТК-лар викториналар, олимпиадалар өткiзу, БАҚ-да жарияланымдар мен материалдарды жазып көрсету

Арнайы жоспар бойынша

Тұрақты

ОББ, КТҚҚК, ОIIБ

10.

Мынадай семинар-тренинг өткiзу;
- кәмелетке толмағандар және қылмыстық заң; кәмелетке толмағандар және оның әкiмшiлiк, еңбек және жалпы құқықтары; халықаралық құқық нормалары мен стандарттары саласындағы кәмелетке  толмағандар     

Арнайы жоспар бойынша

Iс- шаралар жоспары бойынша

ОББ, ОIIБ, КТҚҚК

11

Жұмысшы және оқушы жастар арасынан  жастар парламентiн құру және ұйымдастыру

Iс- шаралар жоспары

2004ж. сәуiр

ОЖО "Арман",ОББ АжҚКБ (келiсiм бойынша) 

12

Мемлекеттiк органдардың және жұртшылық өкiлдерiнiң қатысуымен "Дөңгелек
үстел" өткiзу

Арнайы жоспар бойынша

Тұрақты

Қалалар мен аудандар әкiмдерi, ОББ, КТҚҚК,ОIIБ

13

Өскелең ұрпақтың тәрбиесiне керi әсер ететiн  қоғамдық және дiни  бiрлестiктердiң жұмысын анықтау және жолын кесу жөнiнде тексеру жұмыстарын жүргiзу

Iс- шаралар жоспары

Кесте бойынша

ОIIБ, ОББ

14

Мiндеттi орта бiлiм алудан қасақана жалтарып оқу орнына бармай жүрген жасөспiрiмдердi анықтау жөнiнде тұрақты шаралар жүргiзу, оқу мезгiлi кезiнде оқудан жалтаруына ықпал ететiн себептер мен жағдайларды жою үшiн шаралар алу 

Облыс әкiмiне ақпарат

Жартыжылдықта бiр рет- бiрлескен жоспар бойынша

ОББ, ОIIБ

Балалар мен кәмелетке толмағандарды әлеуметтiк оңалту

15

Жетiм балаларға және тұрмысы төмен отбасыларына, әлеуметтiк жағынан қорғалмаған  жанұя балаларына арнап  балалардың сауықтыру лагерiн ашу

Облыс әкiмiнiң шешiмi

2004ж.  2  тоқсаны

ОББ

3,5 млн. теңге

16

ОIIБ-ның КТУ-ОАБО-н спортқа, оқуға, ойынға қажеттi бұйымдармен, оқу құралдарымен қамтамасыз ету

Облыс әкiмiне ұсыныс

2004ж.  1 тоқсаны

ОIIБ

200 мың теңге

17

КТУ-ОАБО-на  әкiмшiлiк ғимарат бөлу

Облыс әкiмшiлiгiнiң  қаулысы

2004ж.  3 тоқсаны

КМБД, ОIIБ

Шамамен 3 млн. теңге құрылыс жөндеу жұмыстарына

18

Балалар үйiнiң, жетiмдер мекемелерiнiң туысқандық және  әлеуметтiк байланысын жоғалтқан түлектерiн әлеуметтiк бейiмдеу тетiгiн әзiрлеу

Iс- шаралар жоспары

2003-2004 жж.

Қалалар мен аудандар әкiмдерi, ОIIБ, ОББ

19

Балалар мен жасөспiрiмдер мiнез-құл-қынындағы ауытқушылықтарды түзетудiң көкейкестi мәселесi бойынша  ата-аналарды педагогикалық, құқықтық, психологиялық, ағартудың нысандарын құру

Бiлiм мекемелерiнде семинарлар

Кесте бойынша

ОББ, ОДСБ, ОПНД, ОЖО "Арман", АжҚКБ (келiсiм бойынша)

Бос уақытты, салауатты өмiр салтын және жұмыспен қамтуды ұйымдастыру

20

Жұмыссыздар қатарындағы жастарды, оның iшiнде халықтың әлеуметтiк қорғалмаған жiктерiне арналған квоталар есебiнен жұмысқа орналасуын талдау

Облыс әкiмiне ақпарат

Кесте бойынша, жыл сайын

Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасы, ОЖО "Арман"

21

Тұрғылықты жерлерi бойынша жастардың эксперименталдық аула клубтарын құру және ұстау

Облыс әкiмiнiң шешiмi

2004ж.  2  тоқсаны

Ақтау, Жаңаөзен қалаларының әкiмдерi, ОББ,ОЖО "Арман"

5 млн. теңге (штаттар енгiзу, жабдықтау, ғимарат-тарды ағымдағы жөндеу)

22

Кейiннен жұмыс берушiлергеөұсынуға арнайы орта оқу орындарын бiтiрген  түлектер iшiнен жас мамандар базасын құру

Мамандықтар тiзiлiмi бар деректер базасы

Кесте бойынша

ОЖО "Арман", ОАОО (келiсiм бойынша)

23

Жазғы мезгiлде жастармен жасөспiрiмдердi жастардың еңбек отрядтарында жұмыспен қамтамасыз ету

Iс- шаралар жоспары

жыл iшiнде

ОЖО "Арман", Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасы,

24

Балалар мен жасөспiрiмдердiң жазғы демалысын, сауықтырылуын ұйымдастыру

Облыс әкiмиятының қаулысы

Жыл сайын

Қалалар мен аудандардыңәкiмдерi, ОББ, ОIIБ, ОДСБ

25

16 және 18 жас аралығындағы жұмыссыз жасөспiрiмдердi кәсiби оқытуды, қайта даярлауды ұйымдастыру, оларды қоғамдық жұмыстарға жiберу

Нормативтiк  құжаттарға сәйкес

2003-2004 ж.ж.

Қалалар мен аудандардыңәкiмдерi, Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасы,

26

Жазғы мезгiл кезiнде мектеп оқушылары үшiн қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру

Облыс әкiмiнiң шешiмi

2003-2004 ж.ж.

Қалалар мен аудандардыңәкiмдерi, Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасы,

Балалар мен жасөспiрiмдердiң бойында патриоттық пен азаматтықты дамыту

27

Оқу орындарында ерлiк тақырыбына сабақтар өткiзу

Iс- шаралар жоспары

Кесте бойынша, жыл сайын

ОББ, ЖОО, ОАОО басшылары (келiсiм бойынша)

28

"Рухани жанғыру" ауыл жылына арнап, жоғары сынып оқушыларын тарта отырып Маңғыстаудың тарихи орындарында болу, тарихи-өлкетану экспедицияларын ұйымдастыру және өткiзу

Iс- шаралар жоспары

4 тоқсан, жыл сайын

Облыстық мәдениет басқармасы, спорт және дене мәдениетi  басқармасы, ОББ

300 мың теңге

29

Жалпы бiлiм беру мектептерiмен соғыс және еңбек ардагерлерiнiң кеңесi арасында қарым қатынас орнату

Iс- шаралар жоспары

Тұрақты

ОББ, еңбек және соғыс ардагерлер кеңесi (келiсiм бойынша)

30

Балалар мен жасөспiрiмдер арасында облыстық "Шығыс жекпе-жегi" бойынша фестиваль өткiзу

Iс- шаралар жоспары

4 тоқсан, 2003 ж

Спорт және дене мәдениетi басқармасы

200 мың теңге

31

Облыстық құқық қорғау органдарын жергiлiктi кадрлармен одан әрi жасақтау мақсатында ҚР IIМ-нiң оқу орындарына  түсетiн  жоғары сынып оқушыларына арнап, Ақтау қаласындағы IIМ училищесiнен "Жас полицей" дайындық курстарын ашу

Дайындық курсын ашу

2004ж.

Ақтау қаласының әкiмияты, ОББ, ОIIБ

32

Әскерге шақырылатын және әскердегi жастарды патриоттық тұрғыдан тәрбиелеудiң нысандары мен әдiстерiн жетiлдiру

Бiрлескен iс- шаралар жоспары

жыл iшiнде

Қалалар мен аудандардыңәкiмдерi, ОӘК, ОББ,АжҚКБ (келiсiм бойынша), ОЖО "Арман"

Ескертпе: қысқартылған атаулар

ОЖО "Арман"  - облыстық "Арман" жастар орталығы  
ЖОО         - жоғары оқу орны
ОАО         - орта арнайы оқу орны
ОББ         - облыстық бiлiм басқармасы
КТҚҚК        - кәмелетке толмағандардың құқық қорғау комиссиясы
ОIIБ         - облыстық iшкi iстер басқармасы
БАҚ         - бұқаралық ақпарат құралдары
ОДСБ         - облыстық денсаулық сақтау басқармасы
СӨСҚПО      - салауатты өмiр салтын қалыптастыру проблемасы орталығы
КТУ-ОАБО     - кәмелетке толмағандарды уақытша орналастыру ,ақтау, бейiмдеу орталығы
МОАжҚКБ      - Маңғыстау облысының ақпарат және қоғамдық келiсiм басқармасы, ҰҚК-Ұлттық
               қауiпсiздiк комитетi
ОӘК          - облыстық әскер комиссариаты    
АжҚКБ      - ақпарат және қоғамдық келiсiм басқармасы
КМБД       -  Коммуналдық меншiктi басқару департаментi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады