"Индер аудандық әкімиятының 2003-2005 жылдарға арналған Индер ауданының халқы арасында йод тапшылығынан науқастанудың алдын-алу аумақтық бағдарламасы туралы" қаулысын бекіту туралы

Жаңа

Индер аудандық Мәслихатының 2003 жылғы 5 қарашадағы N 6-III шешімі Атырау облыстық әділет басқармасында 2003 жылғы 19 қарашада N 1708 тіркелді.

      Үшінші сайланған Индер аудандық Мәслихатының І сессиясы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабының негізінде шешім етеді:

      1. Аудандық әкімияттың 2003 жылғы 25 шілдедегі 50 "2003-2005 жылдарға арналған Индер ауданының халқы арасында йод тапшылығынан науқастанудың алдын алу аумақтық бағдарламасы туралы" қаулысы бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық Мәслихаттың әлеуметтік саясат, білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау, жастар ісі, құқық қорғау, депутат этикасы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (С. Базарбаев) тапсырылсын.

      3. Шешім мемлекеттік тіркеуден өткізу үшін облыстық әділет басқармасына ұсынылсын.

      Аудандық Мәслихат
      І сессиясының төрағасы

      Аудандық Мәслихат хатшысы

      Нормативтік құқықтық
      акт ескертулерсіз келісілді.

      1. Аудандық денсаулық сақтау бөлімі

      2. Аудандық қаржы бөлімі

      3. Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық
         қадағалау басқармасы
 

2003-2005 жылдарға арналған Индер ауданының халқы
арасында йод тапшылығынан науқастануды алдын алу
бағдарламасы туралы

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 5 қазандағы N 1283 және облыстық әкiмияттың 2002 жылғы 21 ақпандағы 10 қаулыларымен бекiтiлген 2002-2005 жылдарға арналған Атырау облысы халқы арасында йод тапшылығынан науқастанудың алдын алу бағдарламасын iске асыру мақсатында аудандық әкiмият қаулы етеді:

      1. "2003-2005 жылдарға арналған Индер ауданының халқы арасында йод тапшылығынан науқастанудың алдын алу бағдарламасы" мақұлдансын және аудандық мәслихаттың кезектi сессиясына бекiтуге ұсынылсын.

      2. Аудандық денсаулық сақтау бөлiмiне (С. Иманғалиев), аудандық қаржы бөлiмiне (А. Серiкқалиева), аудандық мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасына (С. Қыдыр), ауылдық, селолық және поселкелiк округтердiң әкiмдерiне, меншiк нысанына қарамастан барлық кәсiпорындар мен мекемелердiң басшыларына аталған бағдарламаның iске асырылуын қамтамасыз ету тапсырылсын.

      3. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Д. Меңдiгереевке жүктелсiн.

      Аудан әкімі

Бағдарламаның төлқұжаты

      "2003-2005 жылдарға арналған Индер ауданы халқы арасында йод тапшылығынан науқастанудың алдын алу бағдарламасы" өз мәртебесі және мәні бойынша Индер ауданы әкімі аудандық қызметтерінің ведомствоаралық іс-қимыл жасауды қарастыратын, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық әл-аухатын қамтамасыз етуін және денсаулық сақтауға бағытталған, аумақтық орташа мерзімді бағдарлама болады.
      Бағдарлама келесі құжаттардың негізінде дайындалған:

      1. "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" 1994 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы.

      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылы 5 қазандағы N 1283 "Қазақстан Республикасының халқы арасындағы йод тапшылығынан науқастанудың алдын-алу туралы" қаулысы.

      3. Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 17 ақпандағы N 344 "Қазақстан-2030 Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы" жарлығы.

      4. Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 18 мамырдағы "Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту бағытындағы бірінші кезекті шаралар туралы" N 3956 жарлығы.

      5. Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қарашадағы N 4153 "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасы туралы" жарлығы.

      6. Атырау облыстық Мәслихатының 2002 жылғы 21 ақпандағы "2002-2005 жылдарға арналған Атырау облысының халқы арасындағы йод тапшылығынан науқастанудың алдын алу аумақтық бағдарламасы туралы" N 100 қаулысы.
      Бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 маусымдағы N 789 "Қазақстан Республикасы бағдарламаларды жасақтау ережелерін бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленген.

Кіріспе

      Бағдарламаны әзірлеуге негіз болып отырған йод тапшылығынан науқастану, қоршаған ортада (топырақта, ауада, жергілікті тамақ өнімдерінде) йодтың жетіспеушілігіне байланысты аурулардың көбеюі, халықтың арасында алдын алу шараларының, халықтың гигиеналық білімінің төмен деңгейі, медициналық көмектің жетіспеушілігі, осылар ұдайы йод жеткіліксіздігіне себеп болып, ақыл-ой дамуы мен бой өсуінің іркілісінен парасат коэффициентінің төмендеуі,
гипотиреоз бен қалқанша ауытқудың, ал жүкті әйелдерде өздігінен түсік тастаудың, өлі туудың артуын, ұрықтың туа біткен кемшілігін, жасқа жетпей шетінеудің көбеюіне соқтыруда.
      Сөйтіп, ұдайы йод жеткіліксіздігінің мәні оның салдарының халықтың, әсіресе балалар мен жасөспірімдердің денсаулығына елеулі түрде мүгедектер, әсіресе бала кезінен мүгедек болғандар санының өсуі әлеуметтік-экономикалық маңызды проблема болып табылады.
      Бағдарлама Қазақстан Республикасы халқының санитарлық эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету бағытындағы ұлттық саясатты іске асыру жоспары және негізі.
      Бағдарламаның негізгі құрамдас бөлімі мыналар болады:

      1. Халықтың йод тапшылығынан науқастану, шетінеуі және мүгедектік деңгейіне мониторинг жүргізу.

      2. Индер ауданында тұрғындар арасында йод жетіспеушілігімен байланысты аурулар деңгейінің тұрақтануына, азаюына бағытталған шараларды жүзеге асыру.

      3. Халық арасында бірінші кезекте балалар, жасөспірімдер, жүкті әйелдер арасында йод тапшылығын бұзушылықты ерте анықтауға бағытталған шараларды жүзеге асыру.

      4. Емдеу, алдын алу шараларының диспансерлік бақылаудың сапасын күшейту.

      5. Аудан халқы арасында йод тапшылығынан науқастанудың алдын алу туралы санитарлық ағарту жұмысын күшейту.

      6. Аудан балалар, жасөспірімдер емдеу-сауықтыру мекемелерін йодпен байытылған тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету жөніндегі шаралар жүргізу.

      7. Аудан халқы арасында йод тапшылығынан науқастану деңгейін төмендетуге бағытталған алдын-алу және емдеу шараларының тиімділігіне мониторинг ұйымдастыру.

Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау

      1980-1990 жылдары қазақстандық, ресейлік, американдық ғалымдардың қатысуымен зерттеулердің деректері бойынша Қазақстанда туа біткен гипотиреоздың жоғары жиілігі 150-300 есеге байқалған.
      Бірақ, Индерде йод тапшылығына байланысты науқастанудың әлеуметтік-гигиеналық мониторинг деңгейі жоқ.
      Индер ауданының денсаулық сақтау мекемелері йод тапшылығынан науқастану, мүгедек болу, неонатальдық және перинатальдық гипотиреоз оқиғалардың есебі жүргізілмейді. Денсаулық сақтау саласында эндокринолог штаттың күрт азаюы йод тапшылығынан науқастарды ерте анықтау және диагностикалық жұмыстарын жоққа шығарды.
      Арнайы топқа жататын балалар тереңдетілген медициналық байқаудан өткізген кезде эндокринологпен қаралмайды, сол себептен йод тапшылығынан пайда болған өзгерістер ерте анықталмайды және емдеу жүргізілмейді. Жүкті әйелдермен диспансерлік бақылау да қажетті деңгейде жүрмейді, сол себептен аурушылық созылмалы түрде өтуде.
      2000 жылы жүргізілген іріктеулі зерттеу қорытындысында Индер ауданында, бұрын йод тапшылығының зардабына жатпайтын, жемсау ауруының көптеп таралуы анықталды. Индер ауданында 150-7,01%.
      Тиреотоксикоз аурушылығы жыл сайын өсуде. Бұрын Республикада йод тапшылығының алдын алуға жүргізілген шаралар, соның ішінде антиструминді барлық балалар мен жүкті әйелдерге беру шарасы жүргізілмеген.
      Тек қана ас тұзын йодтау организмнің йод тапшылығын қанағаттандырмайды, өйткені тұзды ұзақ сақтау шартының бұзылуынан құрамындағы йодтың мөлшері азаяды.
      Қазіргі уақытта Қазақстанда азық-түлікті йодтың органикалық қоспасы йод казейнінен йодтардың жаңа түрлері өндірілуде. Мысалы, сүт және сүт тағамдарын, нан және нан өнімдерін йод казейнінен кең көлемде қолдану мүмкіншілігі көңіл аударарлық (шұжық өнімдерді, сыра, алкогольсіз сусындар, кондитер өнімдері, нан және нан өнімдері, сүт және сүт өнімдері, май және май өнімдері және тағы басқалар) және де йод казейнін қолданғанда йодтың артықшылдығы болуы мүмкін еместігі, өйткені адам ағзасына түскен йодтың органикалық қоспасы өздігінен реттеледі, қолайсыз жағдай туғызбайды, көптеген елдердің ғалымдарының зерттеулері осыны дәлелдейді.

Бағдарлама мақсаты

      Бағдарламаның негізгі мақсаты Индер ауданы халқын толықтай қамту, халық денсаулығының жағдайын жақсарту, йод тапшылығынан науқастанудың алдын алу, Индер ауданы тұрғындарының сырқаттану жағдайына әлеуметтік-гигиеналық мониторинг жүйесін құру және емдеу, алдын алу шараларын тиімді жүргізу болып табылады.

Бағдарламаның міндеттері

      1. Индер ауданы халқының йод тапшылығына байланысты сырқаттану деңгейін төмендету.

      2. Индер ауданы халқының сырқаттану жайына және жүргізіліп отырған алдын-алу, санитарлық ағарту шараларының тиімділігіне әлеуметтік-гигиеналық мониторинг жүйесін құру.

Бағдарламаның негізгі бағыттары мен іске асыру тетіктері

      1. Йод жеткіліксіздігіне байланысты науқастануды, шетінеу, мүгедектік деңгейіне мониторинг жүргізуді ұйымдастыру.

      2. Йод тапшылығына байланысты Индер ауданы халқы арасында науқастануды тұрақтандыру және төмендету шараларын жүзеге асыру.

      3. Халық арасында йод тапшылығынан науқастанудың, әсіресе балалар, жасөспірімдер, жүкті әйелдер арасында ерте анықтауға бағытталған шараларды жүзеге асыру.

      4. Емдеу, алдын-алу, диспансерлік бақылау сапасын жақсарту.

      5. Йод тапшылығынан пайда болатын сырқаттардың алдын алу мақсатында санитарлық ағарту жұмыстарын күшейту.

      6. Барлық балалар, жасөспірімдер, емдеу мекемелерін йодталған тамақпен қамтамасыз ету шараларын жүргізу.

      7. Йодпен байытылған тамақтардың сапасына және зиянсыздығына мониторинг ұйымдастыру.

      8. Халық арасында йод тапшылығынан пайда болатын науқастардың деңгейін төмендетуге бағытталған алдын-алу және емдеу шараларының тиімділігіне мониторинг ұйымдастыру.

Бағдарламаны қаржыландыру ресурстары мен көздері

      Бағдарламаны қаржылық қамтамасыз ету жергілікті қаржы есебінен жүзеге асырылатын болады.

Бағдарламаны іске асырудан нәтиже

      Индер ауданы халқының йод тапшылығына байланысты сырқаттану деңгейінің төмендеуі.

Қорытынды

      Осы бағдарламаны орындау арқылы Индер ауданы азаматтарының денсаулығын жақсартуға және санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруға қол жеткізіледі.
      Бағдарлама санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты ілгерілетуге мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаны жүзеге асыру арқылы йод тапшылығымен ауыратын адамдарға әлеуметтік және медициналық көмек көрсету шараларына жұмсалатын мемлекеттің материалдық шығындарын азайтуға әкеледі және экономикалық тиімділік береді.

Аудандық әкімияттың   
2003 жылғы 25 шілдедегі N 50
қаулысына 1 қосымша   

2003-2005 жылдарға арналған Индер ауданының халқы
арасында йод тапшылығынан науқастанудың алдын-алу бағдарламасын жүзеге асыру шараларының жоспары

N

Іс-шараларының атауы

Аяқтау нысаны

Орындау мерзімдері

Жауапты орындаушылар

Күтілетін нәтижесі

Қаржылан-
дыру көзі

1

Йод жетіспеушілігіне байла-
нысты ау-
руларды есепке алу жөніндегі есеп беру үлгілерін (формаларын) әзірлеу.

Есепке алу үлгісін бекіту.

2003 жылдың
аяғына дейін

Денсаулық сақтау бөлімі.

Сырқатта-ну есебін реттеу.

1 730 мың теңге.

2

Емханаларштатына қосымша эндокринолог (ере-
сектер мен балалар)ставкасыненгізу.

Аудан емха- наларын білікті мамандармен тол-
ықтыру.

2003 жылдың
аяғына дейін

Денсаулық сақтау бөлімі.

Халыққа мамандан-дырылған емдеу
сауықтыру көмегін көрсету.

Бюджетте қаралған қаражаттың көлемінде.

3

Йод жетіспеушілігіне байла-
нысты, йод тапшы- лығынан науқаста-нудың, аурушылықтың, қайтыс болудың, мүгедек

тік дең-
гейіне монито-
ринг ұйымдастыру.

Аудан халқы ның сырқат- тану жағдайы туралы статистикалық есеп.

2003 жылдың 1 желтоқсанына дейін

Денсаулық сақтау бөлімі.

Аудан халқының сырқатта-ну жағ-
дайына монито-
ринг ұйымдас-
тыру.


4.

Аудан халқы арасынан йод тапшылығынан науқастануды анықтау мақсатын-да кешенді медицина-лық тексеруді ұйымдастыру және өткізу.

Медициналық тек-
серуді ұйымдас-тыру, өткізу, тексеру-дің актін тапсыру.

2003-2005 жж.

Денсаулық сақтау бөлімі.

Аудан халқы
арасында йод тапшылы
лығынан науқаста-нуды уақытында анықтау.


5.

Тереңде-
тілген медицина-лық тек-
серу ке-
зінде жас
өспірім- дерді, жүкті әйелдерді 100% эндокринологпен қаралуын қамту.

Йод тапшылығынан пайда болатын ауруды ерте кезінде анықтау.

Аудан емдеу
сауықты-ру мекемелерінің медици-
налық тексеру жоспа-
рына сәйкес

Денсаулық сақтау бөлімі.

Йод тапшылы
ғынан пайда болатын ауытқуларды алдын-алу
және емдеу.


6.

Йод тапшылығынан пайда болған ауытқула-ры бар адамдарды диспансерлік есепке уақытылы алу. Динамика-лық түрде бақылау-
ды, сауықтыруды қамтама-
сыз ету.

Медициналық бақылау-мен қамту және сауықты-ру.

Жыл сайын.

Денсаулық сақтау бөлімі.

Сырқаттыңсозылмалы түрге айналуы-
ның алдын алу.


7

Тамақ,су, ауа,кіші дәреттер-де йодтың мөлшерін
анықтау үшін
"ЭКОТЕСТ-
ВА"  приборын алу.

"ЭРОТЕСТ-ВА"
приборын іске
қосу және йод тапшылығы кесірінен пайда болған ауытқуларды анық-
тау үшін пайдалану

2003 жылы прибор алу, 2004 жылы енгізу

Денсаулық сақтау бөлімі, аудандық санитарлық-
эпидемиоло-
гиялық қада-
ғалау бас-
қармасы.

Халық арасында
йод тапшылығы нан кездесетін ауытқуларды уақытында диагностикалау.

Бюджетте қаралған қаражаттың көлемінде.

8

Жетім балалар,
жүкті әйелдер,
тағы басқа топтың
жемсау сырқаты-
ның
алдын алу
бағытында йодпрепаратымен қамту үшін
қаражат бөлу.

Халықтың қорғалмаған топтарына көмек көрсету.

2003-
2005 ж.ж.

Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау
бөлімі, поселкелік, ауылдық, селолық
округ әкімдері,
қаржы бөлімі,
денсаулық сақтау
бөлімі, аудандық
санитарлық-
эпидемиоло-
гиялық қада-
ғалау басқармасы.

Сырқатта-ну
деңгейін азайту.

Бюджетте қаралған қаражаттың көлемінде.

9

Тамақ өндіру
"Индер-
тұз",тағы да басқа мекемелербасшыларына өндірі- летін тағамдар-дыйодталғанбелокпен дайындау-ға ұсыныс
беру.

Тамақтанусапасын жақсарту.

Ұдайы

Поселкелік, ауылдық, селолық
округ әкімдері,
аудандық санитарлық- эпидемиология-лық қадағалау
басқармасы.

Йод тапшылығынан науқастанудың алдын алу.


10

Йод тапшылығының кері әсерінтамақтанужәне

оның алдын алу
шаралары туралымәліметтіхалық
арасында кеңінен
тарату.
Санитар-
лық
ағарту жұмысынжасөспірімдер,
жүкті және бала
емізетін аналар
арасында күшейту.

Халықтың салауаттылығын көтеру. 

Ұдайы

Денсаулық сақтау
бөлімі, білім беру
бөлімі, аудандық
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау лау басқармасы,
Салауатты өмір
салтын насихаттау
орталығы, поселкелік,
ауылдық,
селолық округ
әкімдері.

Йод тапшылығынан науқастанудың алдын алу.


      Индер аудандық денсаулық
      сақтау бөлімі меңгерушісі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады