Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық әкімдігінің 2008.01.31 № 42 Қаулысымен
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94-1 Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорын купондарға жекешелендіру жүргізілсін, ал купондар жетіспеген немесе жоқ болған жағдайда төлеу теңгемен жүргізілсін.
2. Тұрғын үйлерді жекешелендіру мен жекешелендіру купондарын есептеу және сақтау тәртібін белгілеу жөніндегі комиссия құрылсын.
3. Тұрғын үйлерді жекешелендіру мен жекешелендіру купондарын есептеу және сақтау тәртібін белгілеу жөніндегі комиссия құрамы аудандық мәслихаттың сессиясына бекітуге ұсынылсын.
4. Тұрғын үйлерді жекешелендіру мен жекешелендіру купондарын есептеу және сақтау тәртібін белгілеу жөніндегі комиссия туралы Ереже бекітілсін (қосымша).
5. Тұрғын үй-коммуналдық және жол шаруашылығы басқармасы (Өркенов Ғ. Т.) тұрғын үй купондарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында қабылданған тұрғын үй купондарын "Қазақстан Халықтық банкі" ашық акционерлік қоғамында оларды растай отырып есепке алсын және тұрғын үй купондарын өтелуіне орай әдейі жабдықталған бөлмеде сақтасын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Бөрлі ауданы әкімінің бірінші орынбасары А. Ш. Манашевқа жүктелсін.
Аудан әкімі | С.Еркебаев |
Қосымша Бөрлі ауданы әкімдігінің 2003 жылы 25 желтоқсандағы № 634 қаулысымен бекітілген |
Тұрғын үйлерді жекешелендіру
мен жекешелендіру купондарын
есептеу және сақтау тәртібін
белгілеу жөніндегі комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Комиссия Бөрлі ауданы әкімдігінің жанындағы мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру, жекешелендіру купондарын есептеу және сақтау мәселесі жөніндегі консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Комиссия өз жұмысында мына нормативтік актілерді басшылыққа алады: Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148, "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94-1 Заңдары, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Президентінің "Қазақ КСР-інде мемлекет иелігінен алу және мемлекеттік меншікті жекешелендірудің 1991-1992 жылға арналған Бағдарламасы (1 кезең) және Қазақ КСР-інде мемлекеттік меншікті жекешелендірудің купондық механизмі туралы Ереже туралы" 1991 жылғы 13 қыркүйектегі № 444 қаулысы, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй қорын жекешелендіру туралы Ережені бекіту туралы" 1992 жылғы 24 қаңтардағы № 66 қаулысы, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "1992 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілген мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" 1994 жылғы 3 қаңтардағы № 2 қаулысы.
ІІ. Комиссияның негізгі міндеттері
1. Тұрғын үй қорының құнын салынған жылына, үйдің орналасқан жеріне, сәулеттік-жоспарлау шешіміне, жайландыру деңгейіне, аумақтық экологиясы мен пәтерлердің нешінші қабатта орналасуына байланысты анықтау.
2. Жекешелендіру купондарын есептеу және сақтау.
ІІІ. Тұрғын үй құнын анықтау, жекешелендіру
купондарын есептеу және сақтау тәртібі
1. 1992 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілген және жекешелендіруге жататын мемлекеттік тұрғын үй қоры пәтерлерінің және жатақханалардағы бөлмелік тұрғын үй-жайлардың құнын бағалау, баланстық құн бойынша есептеледі.
2. Тұрғын үй қорының құнын анықтау тұрғын жайдың сапасын, орналасқан жерін, басқа да факторларды ескереді және оның нақтылы бағасына жақын болу керек. Бағалау негізіне бір шаршы метр тұрғын алаңының құны, оның баланстық құнына қарай, тозуы мен белгіленген коэффициенті шегеріліп алынады.
Тұрғын үйдің құны мен оның бағасын анықтауда негізгі есептік өлшем бірлігі ретінде жалпы алаңның бір шаршы метрі алынады. Пәтердің (үйдің) немесе жатақханалардағы бөлмелік тұрғын үй-жайлардың қалдық құны 1991 жылдың бағасы мына сұлба бойынша ауыстырылады:
1984 жылғы 1 қаңтарға дейін салынған үйлер бойынша қалдық құн 1.2 (1984 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа сметалық бағаға және нормаларға көшуге байланысты) және 1.7 (1991 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа сметалық бағаға және нормаларға көшуге байланысты) коэффициентіне көбейтіледі;
1984 жылғы 1 қаңтардан кейін салынған үйлер бойынша қалдық құн 1.7 есе өсіріледі (бағалық коэффициент 1991 жылғы 1 қаңтардан бастап).
Бір купон өтініш берілген мезгілдегі ресми бағам бойынша бір рубльге теңестіріледі.
3. 1991 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша еңбек стажына байланысты азаматтарға есептелген тұрғын үйді жекешелендіру купондарының санын 1992 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілген мемлекеттік тұрғын үй қорының құнына сәйкестендіру мақсатында жекешелендірілетін тұрғын үй құнының индексі белгіленеді.
4. Тұрғын үй құнының индексін белгілеуге негіз етіп 1991 жылғы 1 қаңтардағы жағдайға сәйкес Қазақстан Республикасы бойынша орташа есеппен алғанда бір шаршы метр пайдалы ала?ының орташа құны алынады, ол 64 тиынға тең.
5. 1992 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілген нақты объекті бойынша жекешелендірілген пәтердің және жатақханалардағы бөлмелік тұрғын үй-жайлардың бір шаршы метр тұрғын алаңының құны, оның баланстық құнына қарай, тозуы мен белгіленген коэффициенті (қабаты, экологиясы, құрылыс материалдары, құнының қымбаттауы және т.б.) ескере отырып айқындалады.
6. Ұйымның, кәсіпорынның меншік құқығындағы жекешелендірілетін пәтердің (үйдің) құны нақты объектінің баланстық құнына қарай тозуы мен белгіленген коэффициентін ескере отырып, салынған жылына байланысты алынады.
7. Егер жекешелендірілетін пәтердің (үйдің) немесе жатақханалардағы бөлмелік тұрғын үй-жайлардың баланстық құны жекешелендірілген тұрғын үй купондарының қайта есептелген сомасынан асып кетсе, онда айырмашылық қосымша теңгемен төленуге тиіс.
8. Ерлі-зайыптылардың әрқайсысында некеге тұрғанға дейін осындай тұрғын үйі болған жағдайларды қоспағанда, азамат (зайыбымен және кәмелетке толмаған балаларымен бірге) жекешелендіру купондарын пайдалана отырып тек қана бір тұрғын үй алуға құқылы.
9. Комиссия бір ай ішінде тұрғын үй қорын сату-сатып алуға құжаттарды ресімдеу жөнінде барлық әзірлік жұмыстарын жүргізеді.
10. Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді, оған осы отырыста отырған барлық комиссия мүшелері қол қояды.
11. Қабылданған тұрғын үй купондарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында "Қазақстан Халықтық банкі" ашық акционерлік қоғамында оларды растай отырып есепке алынады және өтелуіне орай әдейі жабдықталған бөлмеде сақталады.
12. Қосымша төленуге тиісті сома ақшалай жергілікті бюджетке төленеді. Салық комитеті есеп шоты 00008040, СТТН 270300004790, БИК 194901020, Батыс Қазақстан облыстық қазынашылық басқармасы.
13. Осы Ереженің күшіне енгізілуі мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру мәселелерін реттейтін, бұрын қабылданған нормативтік актілердің күшін жоймайды. Сонымен бірге тұрғын үйлерді жекешелендірудің негізгі принциптері, Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрғын үйді жекешелендіру купондарын есептеу шарттары мен мөлшері, купондық механизм туралы Ережеде азаматтардың жекелеген санаттары үшін көзделген жеңілдіктер сақталады.