Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің вексельдерді қайта есепке алу ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 16 сәуірдегі N 57 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 17 мамырда тіркелді. Тіркеу N 2858. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 193 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 193 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасындағы вексель айналысын реттейтін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру және оларды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келтіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің вексельдерді қайта есепке алу ережесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы қолданысқа енген күннен бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының:

      1) "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің вексельдерді қайта есептеу ережесін бекіту туралы" 1999 жылғы 15 қарашадағы № 395 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1014 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында 2000 жылғы 1-14 қаңтарда жарияланған);

      2) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 15 қарашадағы N 395 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің вексельдерді қайта есептеу ережесіне өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы" 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 109 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1524 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында 2001 жылғы 4-17 маусымда жарияланған) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

      4. Монетарлық операциялар департаменті (Әлжанов Б.А.):

      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, екінші деңгейдегі банктерге және вексельдердің бірінші класты эмитенттеріне жіберсін.

      5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны алған күннен бастап үш күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз ететін болсын.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары А.Р.Елемесовке жүктелсін.

Ұлттық Банк
Төрағасы



  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2004 жылғы 16 сәуірдегі
N 57 қаулысымен
бекітілген

      Ескерту. Жоғарғы оң жақ бұрыштағы сөздерге өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2010.12.27 № 103 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің вексельдерді
қайта есепке алу ережесі

      Осы Ереже (бұдан әрі - Ереже) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы, "Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы" 1997 жылғы 28 сәуірдегі (бұдан әрі – Вексель айналысы туралы заң) Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - Ұлттық Банк) коммерциялық жай вексельдерді (бұдан әрі - вексельдер) қайта есепке алу тәртібін реттейді.

      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2010.12.27 № 103 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) вексельдерді қайта есепке алу - Ұлттық Банктің төлем мерзімі жеткенге дейін есеп кеңсесіне вексель сомасын төлей отырып және оның белгілі бір бөлігін ұстап қала отырып (дисконт) индоссамент бойынша есеп кеңсесінен олар есепке алған вексельдерді қабылдауы;

      2) уәкілетті орган - қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      3) уәкілетті бөлімше – Ұлттық Банктің монетарлық операцияларды есепке алу бөлімшесі;

      4) бірінші класты эмитент - Ұлттық Банк оның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес бірінші класты эмитенттерге жатқызған заңды тұлға - Қазақстан Республикасының резиденті.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2010.12.27 № 103 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Ұлттық Банк вексельдерді қайта есепке алуды ақша-кредит саясаты мақсатына сәйкес жүзеге асырады және жүргізілетін операциялар көлемін дербес анықтайды.

      Ұлттық Банктің филиалдары вексельдерді қайта есепке алуға байланысты операцияларды Ұлттық Банк Төрағасының не Ұлттық Банктің уәкілетті бөлімшесіне жетекшілік ететін Төраға орынбасарының жазбаша тапсырмасы бойынша ғана жүзеге асырады.

      3. Ұлттық Банк бірінші класты эмитенттердің вексельдеріне арналған вексельдерді қайта есепке алу лимитін, Ұлттық Банктің вексельдерді қайта есепке алу бойынша операцияларды жүргізуіне арналған қаражаттың жалпы лимитін, пруденциалдық нормативтерді және уәкілетті орган белгілеген басқа да сақталуы міндетті нормалар мен лимиттерді орындайтын есеп кеңселеріне арналған вексельдерді қайта есепке алу лимитін белгілейді.

      Бірінші класты эмитенттердің вексельдеріне арналған вексельдерді қайта есепке алу лимиттерін және Ұлттық Банктің вексельдерді қайта есепке алу бойынша операцияларды жүргізуіне арналған қаражаттың жалпы лимитін белгілеу тәртібі Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.

      Есеп кеңсесіне арналған вексельдерді қайта есепке алу лимиттерінің көлемі пруденциалдық нормативтерді және басқа да сақталуы міндетті нормалар мен есеп кеңселері үшін лимиттерді белгілейтін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес есептелген есеп кеңсесінің меншік капиталының 20 проценті мөлшерінде белгіленеді.

2-тарау. Вексельдерді қайта есепке алуға
қабылдау шарттары

      4. Ұлттық Банк вексельдерді қайта есепке алу бойынша операцияларды Ұлттық Банк пен есеп кеңсесі арасында жасалатын Вексельдерді қайта есепке алу туралы Үлгі Бас келісімге (1-қосымша) сәйкес жүзеге асырады.

      5. Ұлттық Банк мынадай талаптарға жауап беретін:

      1) бірінші класты эмитенттер берген, белгілі бір күні төленуге тиісті;

      2) Вексель айналысы туралы заңында белгіленген талаптарға сәйкес ресімделген;

      3) вексель қағазында шығарылған, Қазақстан Республикасының аумағында дайындалған және Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сай келетін;

      4) кемінде 100 (жүз) мың теңге сомасына немесе осы соманың шетел валютасындағы баламасына тең;

      5) Ұлттық Банк қайта есептеген күннен бастап бір жылдан аспайтын төлем мерзімімен;

      6) төлем жасау орны Қазақстан Республикасының аумағы деп көрсетілген вексельдерді қайта есепке алуға қабылдайды.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2010.12.27 № 103 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Ұлттық Банк мынадай жағдайларда:

      1) егер вексель осы Ереженің 5-тармағының 1)-6) тармақшаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;

      2) егер вексель бойынша төлем жасау күніне дейін қалған мерзім он бес жұмыс күнінен кем болса;

      3) егер осының алдындағы индоссамент бланктік болса, сондай-ақ индоссаменттердің бірізділігі бұзылса;

      4) егер оның мазмұнынан төлеу орны туралы бір мәнді қорытынды жасау мүмкін болмаса немесе вексель мәтінінде вексель бойынша құқықты жүзеге асыруға мүмкіндік бермейтін өзге де ақаулар болса;

      5) осы Ереженің 3-тармағына сәйкес Ұлттық Банк белгілеген лимиттен асып кетсе;

      6) егер вексель Ұлттық Банк теңгенің айырбастау бағамын белгілемейтін шетел валютасымен жазылса;

      7) егер вексельдің өзінде теңгені шетел валютасына төлем жасау күнгі айырбастау бағамына рыноктыққа қарағанда өзгеше сілтеме жасалса, есеп кеңсесінен вексельдерді қайта есепке алуға қабылдаудан бас тартады.

3-тарау. Вексельдерді қайта есепке алуға
қабылдау тәртібі

      7. Вексельдерді қайта есепке алуға ұсынғысы келетін есеп кеңсесі Ұлттық Банкке құжаттар пакетін ұсынады, онда:

      1) есеп кеңсесінің уәкілетті лауазымды тұлғасы қол қойған вексельдерді қайта есепке алуға қабылдау туралы өтініш (2-қосымша);

      2) вексельдердің түпнұсқалары (аллонжбен бірге, егер мұндай болса);

      3) есеп кеңсесінің тиісті сенімхаты бар есеп кеңсесінің уәкілетті тұлғасы және вексельдерді қайта есепке алуға жауапты Ұлттық Банктің вексельдерді қайта есепке алуға жауапты қызметкері қол қойған вексельдерді қабылдау-өткізу актісі (3-қосымша);

      4) есеп кеңсесінің сенімхаты немесе лауазымды тұлғалардың вексельдерді индоссамент жасау және құжаттарға қол қою және уәкілетті тұлғаның вексельдерді қабылдау-өткізу актісіне қол қою өкілеттігін растайтын құжаттар;

      5) вексельдерді индоссамент жасауға және құжаттарға қол қоюға лауазымды тұлғалардың және вексельдерді қабылдау-өткізу актісіне қол қоюға уәкілетті тұлғаның қолдарының үлгілері бар құжат болады.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2010.12.27 № 103 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Ұлттық Банк құжаттарды қабылдау кезінде қайта есепке алуға қабылданатын әр вексельдің дұрыс жасалуын, вексельдегі индоссаменттердің ресімделуін, вексель бланкісінде вексельдегі міндетті деректемелердің, тіпті біреуінің болмауына немесе бүлінуіне әкеліп соғатын физикалық (механикалық, химиялық және өзге де) бүлінуінің бар-жоқтығын тексереді, мұндайлар болған кезде вексель қайта есепке алуға қабылданбайды, сондай-ақ вексель бланкілерінің түпнұсқалылығы тексеріледі.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2010.12.27 № 103 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      9. Ұлттық Банк вексель бланкілерінің түпнұсқалылығын (вексель қағаздарының қорғалу дәрежесіне қойылатын талаптарға және техникалық талаптарға сәйкестігін) тексеру үшін оларды сараптамаға жібереді.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2010.12.27 № 103 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10. Вексельдерді қайта есепке алуға қабылдау немесе қабылдаудан бас тарту туралы шешімді Ұлттық Банк тізбесі осы Ереженің 7-тармағында көзделген құжаттардың толық пакетін алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қабылдайды.

      11. Вексельдерді қайта есепке алуға қабылдау немесе қабылдаудан бас тарту туралы шешім қабылдағаннан кейін Ұлттық Банк есеп кеңсесіне вексельдерге сараптама жүргізу және вексельдерді қайта есепке алуға қабылдау немесе қабылдаудан бас тарту туралы хабарламаны береді (4-қосымша).

      Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2010.12.27 № 103 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      12. Вексельді қайта есепке алуға қабылдау туралы мәселе оң шешілген жағдайда есеп кеңсесі индоссамент ресімдейді және вексельді Ұлттық Банктің пайдасына береді. Ұлттық Банктің пайдасына вексель бойынша төлем жасау жауапкершілігінен индоссантты босататын шарттарды индоссаментке енгізуге жол берілмейді.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2010.12.27 № 103 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      13. Ұлттық Банктің пайдасына индоссаментпен вексель тұпнұсқасын алғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей Ұлттық Банк есеп кеңсесінің банктік шотына дисконтты алып тастағандағы вексель сомасын аударады.

      14. Ұлттық Банктің ресми қайта қаржыландыру ставкасын есепке ала отырып Ұлттық Банк дисконт ұстап қалады.

      Өтеу мерзімі бір жылға дейінгі қабылданатын вексельдер бойынша дисконт есептеу үшін мынадай формула пайдаланылады:

      H*T*P

      Д = -------------

      360*100

      мұнда, Д - дисконт сомасы (теңгемен),

      H - вексель сомасы (теңгемен),

      T - вексельді қайта есепке алу күнінен бастап вексель бойынша төлем мерзімі (күнмен, бұл ретте қайта есепке алу күні мен вексель бойынша төлем жасау күні бір күн болып есептеледі),

      P - ресми қайта қаржыландыру ставкасы (процентпен),

      бір жылдағы күн саны 360 болып қабылданады,

      шетел валютасымен көрсетілген вексельдер Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес төлем жасау күні айқындалған рыноктық валюта айырбастау бағамы бойынша теңгемен қайта есептеледі.

4-тарау. Қорытынды ережелер

      15. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешілуге тиіс.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің вексельдерді
қайта есепке алу ережесінің
1-қосымшасы

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2010.12.27 № 103 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Вексельдерді қайта есепке алу туралы Үлгі Бас келісім

      Алматы қаласы 200__ жылғы "___" _________

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, бұдан әрі "Ұлттық Банк" деп аталады, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы негізінде іс-әрекет жасайтын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары _____________________ арқылы, бірінші жағынан және Жарғының (N__ Сенімхат) негізінде іс-әрекет жасайтын, бұдан әрі - "Есеп кеңсесі" деп аталатын __________________, екінші жағынан, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталады, мына төмендегілер жөнінде осы Келісімді жасады:

      1. Келісімнің мәні

      1.1. Ұлттық Банк олар бойынша төлем мерзімі басталғанға дейін Есеп кеңсесі есепке алған коммерциялық жай вексельдерді Есеп кеңсесіне вексельдер сомасын төлеу және оның белгілі бір бөлігін ұстап қалу арқылы (дисконт) қайта есепке алуға қабылдайды.

      2. Тараптардың міндеттері мен құқықтары

      2.1. Ұлттық Банк:

      1) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына және осы Келісімнің шарттарына сәйкес Есеп кеңсесі есепке алған коммерциялық жай вексельдерді қайта есепке алуға қабылдауға;

      2) құжаттардың толық пакетін алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде вексельді қайта есепке алуға қабылдау немесе қабылдаудан бас тарту туралы шешім қабылдауға;

      3) вексельді қайта есепке алуға қабылдау немесе қабылдаудан бас тарту туралы шешім қабылдағаннан кейін Есеп кеңсесіне вексельге сараптама жүргізу және вексельді қайта есепке алуға қабылдау немесе қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама жіберуге;

      4) вексельді қайта есепке алуға қабылдау туралы мәселе оң шешілген жағдайда Есеп кеңсесі жасаған индоссамент бойынша оны қайта есепке алу үшін қабылдауға;

      5) Ұлттық Банктің пайдасына индоссаментпен вексель тұпнұсқасын алғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей Есеп кеңсесінің банктік шотына дисконт ұстап қала отырып вексель сомасын аударуға;

      6) Ұлттық Банктің ресми қайта қаржыландыру ставкасының мөлшері туралы оны өзгерткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде Есеп кеңсесіне хабарлауға;

      7) вексельдердің бірінші класты эмитенттерінің тізімін қалыптастырған кезде Есеп кеңсесіне олардың вексельдерін қайта есепке алудың белгіленген лимитінің мөлшері туралы хабарлауға және Есеп кеңсесінің тиісті сұратуын алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде бірінші класты эмитенттерге вексельдерді қайта есепке алу лимитінің қалдығы туралы ақпарат беруге;

      8) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі техникалық комитеті ай сайын Ұлттық Банктің вексельдерді қайта есепке алу жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған қаражаттың жалпы лимитін бекіткен күннен кейінгі үш жұмыс күні ішінде Есеп кеңсесіне осы лимит туралы хабарлама жіберуге;

      9) наразылық жасалған күннен кейінгі төрт жұмыс күні ішінде ол Ұлттық Банкке индоссамент бойынша берген вексель бойынша төлем жасалмағаны туралы хабарлауға;

      10) осы Келісімнің 2.3-тармағының 15) тармақшасына сәйкес вексель сомасын және вексель бойынша есептелетін басқа да соманы акцептсіз есептен шығарған жағдайда есептен шығарылған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей Есеп кеңсесіне наразалықпен вексельді беруге міндеттенеді.

      Ескерту. 2.1.-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2010.12.27 № 103 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2.2. Есеп кеңсесі:

      1) Ұлттық Банкке вексельдерді қайта есепке алу үшін Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес құжаттар пакетін беруге;

      2) вексельді қайта есепке алу үшін қабылдау туралы шешімді және вексельді сараптамадан өткізу туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Ұлттық Банктің пайдасына индоссамент қоюға міндеттенеді.

      Ескерту. 2.2.-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2010.12.27 № 103 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2.3. Ұлттық Банк:

      1) Есеп кеңсесі үшін вексельдерді қайта есепке алу лимитін белгілеуге;

      2) егер вексель белгіленбеген күні төленуге тиіс болса, вексельді қайта есепке алудан бас тартуға;

      3) егер вексельді ресімдеу "Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе, вексельді қайта есепке алудан бас тартуға;

      4) егер вексель шығарылған вексель қағазы Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сай келмесе, вексельді қайта есепке алудан бас тартуға;

      5) егер вексельдің бланкісі Қазақстан Республикасынан тыс жерде дайындалса, вексельді қайта есепке алудан бас тартуға;

      6) егер вексель сомасы 100 (жүз) мың теңгеден немесе осы соманың шетел валютасындағы баламасынан кем болса, вексельді қайта есепке алудан бас тартуға;

      7) егер төлем жасау мерзімі Ұлттық Банк қайта есептеген күннен бастап бір жылдан артық болса, вексельді қайта есепке алудан бас тартуға;

      8) егер төлем жасау орны Қазақстан Республикасының аумағы деп белгіленбесе, вексельді қайта есепке алудан бас тартуға;

      9) егер вексель бойынша төлем жасау күніне дейін қалған мерзім он бес жұмыс күнінен кем болса, вексельді қайта есепке алудан бас тартуға;

      10) егер осының алдындағы индоссамент бланктік болса, сондай-ақ индоссаменттердің бірізділігі бұзылса, вексельді қайта есепке алудан бас тартуға;

      11) егер оның мазмұнынан төлеу орны туралы бір мәнді қорытынды жасау мүмкін болмаса немесе вексель мәтінінде вексель бойынша құқықты жүзеге асыруға мүмкіндік бермейтін өзге де ақаулар болса, вексельді қайта есепке алудан бас тартуға;

      12) бірінші класты эмитенттердің вексельдеріне арналған вексельдерді қайта есепке алу лимитінен, Ұлттық Банктің вексельдерді қайта есепке алу бойынша операцияларды жүргізуіне арналған қаражаттың жалпы лимитінен, есеп кеңселеріне арналған вексельдерді қайта санау лимитінен асып кетсе, вексельді қайта есепке алудан бас тартуға;

      13) егер вексель Ұлттық Банк теңгенің айырбастау бағамын белгілемейтін шетел валютасымен жазылса, вексельді қайта есепке алудан бас тартуға;

      14) егер вексельдің өзінде теңгені шетел валютасына төлем жасау күнгі айырбастау бағамына рыноктыққа қарағанда өзгеше сілтеме жасалса, вексельді қайта есепке алудан бас тартуға;

      15) төлем жасаушы Ұлттық Банкке индоссамент бойынша Есеп кеңсесі берген вексель сомасын төлемеген жағдайда төлем жасаушы төлемеген вексель сомасын, вексель төленуге тиісті күні Ұлттық Банк белгілеген қайта қаржыландыру ставкасы мөлшеріндегі вексель сомасынан өсімпұлды, төлемеуге наразылық бойынша шығасыны, хабарлама жіберу бойынша шығасыны, сондай-ақ басқа да шығасыларды осы Келісімде көзделген тәртіппен вексель бойынша төленбегені туралы алдын ала Есеп кеңсесіне хабарлай отырып Есеп кеңсесінің кез келген банктік шотынан акцептсіз тәртіппен есептен шығаруға құқылы.

      2.4. Есеп кеңсесі:

      1) Ұлттық Банк қайта есепке алуға қабылдаған вексельдер бойынша вексель сомасын Ұлттық Банк пайдасына индоссаментпен вексель түпнұсқасын алған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей дисконт сомасын шегере отырып, төлеуді талап етуге;

      2) вексель сомасын және осы Келісімнің 2.3-тармағының 15) тармақшасына сәйкес вексель бойынша есептелген басқа да соманы оның банктік шотынан акцептсіз есептен шығарған жағдайда Ұлттық Банктен оған наразылықты вексельді Есеп кеңсесінен вексель бойынша төлемді алғаны туралы Ұлттық Банктің қолхатымен бірге есептен шығарған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей беруді талап етуге құқылы.

      2.5. Осы Келісімнің шарттарына сәйкес индоссамент бойынша Ұлттық Банкке Есеп кеңсесі берген вексель сомасын төлем жасаушы төлемеген жағдайда, Есеп кеңсесі төлем жасаушы төлемеген вексель сомасын, вексель төленуге тиісті күні Ұлттық Банк белгілеген қайта қаржыландыру ставкасы мөлшеріндегі вексель сомасынан өсімпұлды, төлемеуге наразылық бойынша шығасыны, хабарлама жіберу бойынша шығасыны, сондай-ақ басқа да шығасыларды Ұлттық Банкке Есеп кеңсесінің кез келген банктік шотынан акцептсіз тәртіппен есептен шығаруға құқық береді.

      3. Дауларды шешу тәртібі

      3.1. Осы Келісімнің шарттарын орындау барысында келіспеушіліктер мен даулар туындаған жағдайда Тараптар оларды соттан тыс тәртіппен реттеу үшін барлық қажетті шараларды қолдануға міндеттенеді.

      3.2. Өзара келісімге қол жеткізілмеген жағдайда барлық реттелмеген даулар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес сот тәртібімен қаралады.

      3.3. Осы Келісімде реттелмеген басқа барлық мәселелерді шешуде Тараптар Қазақстан Республикасының заңдарын басшылыққа алады.

      4. Төтенше жағдайлар

      4.1. Табиғи апаттар, авария, өрт, электр энергиясын айырып тастау, байланыс желісінің бүлінуі, жаппай тәртіпсіздік, ереуіл, әскери іс-қимылдар сияқты дүлей күштердің әсерінен, осы Келісімде көрсетілген қызмет түрлеріне тікелей немесе жанама тыйым салатын Қазақстан Республикасының заң актілері, үкімет қаулылары және мемлекеттік органдардың өкімдері күшіне енуінен Тараптардың осы Келісім бойынша міндеттемелерін орындауына кедергі келтіретін жағдайлар туындағанда Тараптар дүлей күштердің әсерінен болған жағдайлар тоқтатылғанға дейін өзіне алған міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады және осылардың ықпалынан зардап шеккен Тарап, байланыс болған жағдайда осындай жағдайлар басталған сәттен бастап он күн ішінде ол туралы келесі Тарапқа хабарлайды, сондай-ақ төтенше жағдайлардың салдарын тездетіп жою үшін өз тарапынан барлық мүмкіндікті пайдаланады.

      Ескерту. 4.1.-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2010.12.27 № 103 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4.2. Төтенше жағдайлардың салдарынан шығын келтірілген Тарап дүлей күштердің ықпал ету объектісі болған Тараптан болған жағдайды дәлелдейтін айғақты, сондай-ақ келтірілген шығынды есептеуге байланысты кез-келген құжатты талап ете алады.

      5. Басқа да жағдайлар

      5.1. Келісім әрқайсысының заң күшi бiрдей екi данасы мемлекеттiк тiлде және үш данасы орыс тiлiнде, бес дана етiп жасалған, Тараптардың әрқайсысына екі данадан беріледі.

      5.2. Келісім Тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және Тараптар Келісім бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қолданылады.

      5.3. Тараптар осы Келісімді біржақты бұзуға құқылы. Бұл ретте Келісімді бұзуға тілек білдірген Тарап Келісімді бұзу болжанған күнге дейін 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын басқа Тарапқа жазбаша хабарлауға міндетті. Мұндай жағдайда Тараптар осы Келісімді бұзған күнге дейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей Келісім бойынша бұрын туындаған міндеттемелерді орындауға және бір-біріне олар бойынша шығынды өтеуге міндетті.

      5.4. Тараптар өзара келісім болған кезде осы Келісімге кез келген өзгеріс және/немесе толықтыру енгізуге құқылы. Келісімге барлық өзгерістер және/немесе толықтырулар жазбаша түрде ресімделуі және Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қоюға тиіс.

      5.5. Тараптардың бiреуi немесе екеуі де қайта құрылған жағдайда, осы Келісім бойынша құқықтары мен мiндеттерi Тараптардың заңды мұрагерлерiне көшедi.

      6. Тараптардың мекен-жайы және деректемелері

      Ұлттық Банк: Есеп кеңсесі:

      ___________________ _______________

      ___________________ _______________

      ___________________ _______________

      ___________________ _______________

      _______________

      Ұлттық Банк атынан Есеп кеңсесі атынан

      _________________ _______________

      Ескерту. 6-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2010.12.27 № 103 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің вексельдерді
қайта есепке алу ережесінің
2-қосымшасы
  Қазақстан Республикасының
  Ұлттық Банкі

      Вексельді қайта есепке алу үшін қабылдауға

      өтініш

      __________________________________________________________________

      (вексель беруші есеп кеңсесінің атауы)

      _______________________________ 200 ___ жылғы "____" _____________

      вексельді қабылдау-өткізу актісіне сәйкес ________________________

      __________________________________________________________________

      (вексельдің сомасы және валютасы санмен және жазумен)

      ______________________________________________ сомасында вексельді (саны) қайта есепке алуды сұрайды.

      Өтініш беруші (лауазымы, аты-жөні) ______________ (қолы)

      Мөрдің орны

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің вексельдерді
қайта есепке алу ережесінің
3-қосымшасы

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қайта

      есепке алу үшін ______________________ берген

      (есеп кеңсесінің атауы)

      вексельдерді қабылдау-өткізу актісі

      200__ жылғы "___" ___________

      Алматы қаласы

      ___________________________________________________________________

      N |Вексель.|Век.|Век.|Век.|Вексель|1-ші|2-ші|3-ші|Авалшы (егер

      р/с|дің се. |сель|сель|сель|бойынша|век.|век.|век.|бар болса)

      |риясы |жа. |бе. |со. |белгі. |сель|сель|сель|

      |және |сал.|руші|масы|ленген |ұс. |ұс. |ұс. |

      |нөмірі |ған | | |төлем |тау.|тау.|тау.|

      | |күні| | |мерзімі|шы, |шы, |шы, |

      | | | | | |оның|оның|оның|

      | | | | | |ме. |ме. |ме. |

      | | | | | |кен-|кен-|кен-|

      | | | | | |жайы|жайы|жайы|

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      Барлығы, жалпы номиналдық сомаға: _________________________

      (санмен және жазумен)

      Барлығы, вексельдер саны (дана): __________________________

      (санмен және жазумен)

      Құжаттарды бердім: ___________________________ (лауазымы, аты-жөні) Құжаттарды қабылдадым: ____________________ (лауазымы, аты-жөні)

      _________________ (қолы) _________________ (қолы)

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің вексельдерді
қайта есепке алу ережесінің
4-қосымшасы

      Ескерту. 4-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2010.12.27 № 103 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

ХАБАРЛАМА

      -------------------------------

      (есеп кеңсесінің атауы)

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қайта есепке алу үшін банк ұсынған вексельдерге сараптама жүргізу қорытындысы бойынша

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қайта есепке алуға NN________________________ вексельдерді қабылдайды;

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қайта есепке алуға NN________________________ вексельдерді қабылдамайды;

      Банк Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қайта есепке алуға қабылдаған вексельдер бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің пайдасына индоссамент қоюы қажет.

      Уәкілетті бөлімшенің

      басшысы (аты-жөні)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады