Ескерту. Күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 26.07.2013 № 232-НҚ (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
"Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 қазандағы N 1126 қаулысымен бекітілген Табиғи монополия субъектілерінің 2002-2004 жылдарға арналған тарифтік саясатын жетілдіру бағдарламасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Бұйрықтың кіріспесіне өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009.02.05 N 30-НҚ бұйрығымен.
1. Қоса беріліп отырған Су тасымалдау бойынша қызметтер көрсететін табиғи монополия субъектілерінің табыстарды, шығындар мен іске қосылған активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу ережесі бекітілсін.
2. Су тасымалдау (беру) бойынша қызметтер көрсететін табиғи монополия субъектілері:
1) есепке алу саясатына тиісті өзгерістер енгізсін және оларды келісу үшін 2005 жылғы 1 желтоқсанға дейінгі мерзімде табиғи монополия саласындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органға ұсынсын;
2) Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігіне немесе Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің тиісті аумақтық органдарына 2006 жылғы бірінші жарты жылдық үшін қызметтердің түрлері бойынша 2006 жылғы 1 қыркүйекке есеп берсін.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Труба құбырлары және су кәріздері саласындағы реттеу мен бақылау департаменті (А.Г.Асқарова) белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) су тасымалдау (беру) бойынша қызметтер көрсететін табиғи монополия субъектілері ұсынған есепке алу саясатын келісуді қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің аумақтық органдары су тасымалдау бойынша қызметтер көрсететін табиғи монополия субъектілері ұсынған есепке алу саясатын келісуді белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін.
5. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.М.Досмағамбет) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
1) оның ресми бұқаралық ақпарат құралдарында белгіленген тәртіппен жариялануын қамтамасыз етсін;
2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.П.Нефедовқа жүктелсін.
7. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Төраға
Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды реттеу
агенттігі төрағасының
2004 жылғы 28 желтоқсандағы
N 506-НҚ бұйрығымен
бекітілген
Су тасымалдау бойынша қызметтер көрсететін табиғи
монополия субъектілерінің табыстарды, шығындар мен
іске қосылған активтерді бөлектеп есепке алуды
жүргізу ережесі 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Табыстарды, шығындар мен іске қосылған активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізудің осы ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтік саясатын жетілдірудің 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 қазандағы N 1126 қаулысына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық кесімдеріне сәйкес әзірленді және су тасымалдау және беру бойынша қызметтер көрсететін табиғи монополия субъектілеріне (бұдан әрі - субъектілер) қолданылады.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009.02.05 N 30-НҚ бұйрығымен.
2. Ережені әзірлеудің негізгі мақсаты субъектілердің реттелетін қызметтердің түрлері бойынша және табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) бекітетін экономикалық негізделген тарифтерді белгілеу үшін тұтастай реттелмейтін қызметтер бойынша табыстарды, шығындар мен іске қосылған активтерді бөлектеп есеп алуды жүргізу қағидаттарын, ұйымдастыру мен жүзеге асыру тәртібін айқындау болып табылады.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009.02.05 N 30-НҚ бұйрығымен.
3. Субъектілер қызметтердің әрбір түрі бойынша, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен реттелетін қызметтерінің тізбесі бойынша табыстарды, шығындар мен іске қосылған активтерді бөлектеп есепке алуды жүзеге асырады.
4. Бөлектеп есепке алу көрсетілетін қызметтердің әрбір түрі бойынша табыстар, шығындар мен іске қосылған активтер туралы деректер жинау мен қорыту жүйесін білдіреді.
5. Бөлектеп есепке алудың негізгі қағидаттары:
1) табыстарды, шығындар мен іске қосылған активтерді бастапқы құжаттар деректерінің негізінде тиісті қызметтер түрлеріне тікелей жатқызу (тікелей жатқызу мүмкін болған жағдайда) басымдығы;
2) табыстардың, шығындар мен іске қосылған активтердің өздерінің байланысы бар қызметтердің сол бір түрлерімен себеп-салдарлық байланысының болуы;
3) табыстарды, шығындар мен іске қосылған активтерді реттелетін қызметтердің тиісті түрлеріне жатқызу және бөлу кезіндегі ашықтығы.
6. Бөлектеп есепке алу осы Ережеге сәйкес табыстарды, шығындар мен іске қосылған активтерді қызметтердің түрлері бойынша бөлуге қажетті бөлшектеу деңгейін қамтамасыз етуге тиісті бухгалтерлік және басқарушылық есептің бастапқы құжаттарына негізделуі тиіс. Ереже субъектілердің белгілеген қаржылық және салықтық есеп ұсынуының тәртібі мен нысанын өзгертпейді.
7. Бөлектеп есепке алуды жүргізу мақсатында осы Ережеде қолданылатын негізгі ұғымдар:
1) бөлу базасы - шығындар мен активтердің іске қосылу дәрежесін қызметтер түрлеріне бөлу үшін пайдаланылатын сандық көрсеткіш (көрсеткіштер);
2) басқа қызметтер - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын қызметтер;
3) іске қосылған активтер - субъектінің негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді қамтитын қызмет (қызметтер) ұсыну үшін пайдаланылатын активтері;
4) қызметтерге жанама іске қосылған активтер - бір мезгілде бірнеше қызметтермен (қызметтер тобымен) себеп-салдарлық байланысы бар іске қосылған активтер, сондықтан да олар белгілі бір қызметке тікелей және біржақты жата алмайды, бірақ белгілі бір қызметтер көрсетуде олардың іске қосылу дәрежесі осы себеп-салдарлық байланыстарды көрсететін бөлу базасының негізінде анықталуы мүмкін;
5) қызметтерге жанама шығындар - бір мезгілде бірнеше қызметтермен (қызметтер тобымен) себеп-салдарлық байланысы бар шығындар, сондықтан да олар белгілі бір қызметке тікелей және біржақты жата алмайды, бірақ шығындардың пайда болу себептерін көрсететін бөлу базасының негізінде қызметтерге бөлінуі мүмкін;
6) бөлу коэффициенті - қызметтер арасында шығындар мен активтерді бөлуге арналған бөлу базасын қолданудың нәтижесінде алынған жанама, бірлескен немесе жалпы шығындардың немесе активтердің үлесі;
7) жалпы активтер - қызметтердің барлық түрлерін ұсынуға байланысты, бірақ осы қызметтермен қандай да бір белгіленген себеп-салдарлық байланысы жоқ активтер, сондықтан да олардың қызметтер ұсынуда іске қосылу дәрежесі уәкілетті органмен келісілген бөлу базасының негізінде анықталуы мүмкін;
8) жалпы шығындар - қызметтердің барлық түрлерін ұсынуға байланысты, бірақ осы қызметтермен қандай да бір белгіленген себеп-салдарлық байланысы жоқ шығындар, сондықтан да уәкілетті органмен келісілген бөлу базасының негізінде бөлінеді;
9) қызметтерге тікелей іске қосылған активтер - белгілі бір қызмет ұсынуға тікелей себеп-салдарлық байланысы бар іске қосылған активтер, сондықтан да белгілі бір қызметке тікелей және біржақты жатқызылуы мүмкін;
10) қызметтерге тікелей шығындар - белгілі бір қызметпен тікелей себеп-салдарлық байланысы бар шығындар, сондықтан да белгілі бір қызметке тікелей және біржақты жатқызылуы мүмкін;
11) себеп-салдарлық байланыс негізінде бөлу - белгілі бір қызметтермен табыстар, шығындар мен іске қосылған активтер байланыстарының пайда болу себептерін алдын ала зерттеу негізінде табыстарды, шығындар мен іске қосылған активтерді реттелетін қызметтердің түрлері бойынша бөлу;
12) бірлесіп іске қосылған активтер - бірнеше қызметтер (қызметтер тобын) ұсыну үшін пайдаланылатын іске қосылған активтер, бірақ осы қызметтермен қандай да бір белгіленген себеп-салдарлық байланысы жоқ, алайда олардың қызметтер ұсынудағы іске қосылу дәрежесі уәкілетті органмен келісілген бөлу базасының негізінде анықталуы мүмкін;
13) бірлескен шығындар - бірнеше қызметтер (қызметтер тобын) ұсыну үшін пайдаланылатын шығындар, бірақ осы қызметтермен қандай да бір белгіленген себеп-салдарлық байланысы жоқ, сондықтан да уәкілетті органмен келісілген бөлу базасының негізінде бөлінеді.
Осы Ережеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.
8. Осы Ереженің негізінде субъектілер бөлектеп есепке алуды жүргізу мақсатында табыстарды, шығындар мен іске қосылған активтерді реттелетін қызметтердің түрлері бойынша бөлектеп есепке алуды жүргізу әдістемесін айқындайтын, уәкілетті органмен келісілген есепке алу саясатының жекелеген бөлімін әзірлейді.
9. Субъекті бірлесе іске қосылған және жалпы активтердің бөлу базасы ретінде қызметтер көрсетуден алынған табысты не уәкілетті органмен келісім бойынша алынған өзге де көрсеткіштер ретінде қабылдайды. Жанама іске қосылған активтердің бөлу базасы уәкілетті органмен келісілмейді. Іске қосылған активтердің бөлу базасы қаржылық жылдың қорытындылары бойынша жылына бір рет қайта қаралуы мүмкін.
2-тарау. Табыстарды, шығындар мен іске
қосылған активтерді көрсетілген қызметтердің
түрлері бойынша бөлу &1. Қызметтер көрсетуден алынған табыстар
10. Қызметтер көрсетуден алынған табыстар реттелетін қызметтердің және бастапқы құжаттар мен бухгалтерлік есеп деректерінің негізінде реттелмейтін қызметтердің түрлері бойынша:
1) қызметтің реттелетін түрлері бойынша - жасалған шарттардың шеңберінде және уәкілетті орган бекіткен тарифтер бойынша көрсетілген қызметтердің іс жүзіндегі көлеміне сәйкес;
2) қызметтің реттелмейтін түрлері бойынша - сәйкес келмейтін қызметтер ұсынылған көлемдер мен бағаларға сүйене отырып, жеке ескеріледі.
&2. Іске қосылған активтер
11. Іске қосылған активтерді көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша бөлектеп есепке алуды жүргізу мақсатында негізгі құралдардың барлық тізбесінен:
1) қызметтерге тікелей іске қосылған активтер;
2) қызметтерге жанама іске қосылған активтер;
3) қызметтерге бірлесе іске қосылған активтер;
4) жалпы активтер болып бөлінеді.
12. Тікелей іске қосылған активтер белгілі бір қызметке тікелей жатады. Жанама іске қосылған, бірлесе іске қосылған және жалпы активтер қызметтерге бөлу базасы мен олардың негізінде есептелген бөлу коэффициенттерін қолдана отырып, жатқызылады.
13. Субъектінің шығындарды бөлектеп есепке алуды жүргізу мақсатындағы негізгі құралдары технологиялық белгілер бойынша топтастырылады:
1) үй-жай, құрылыс (сорап станциясы, қызметтік үй-жай);
2) ғимараттар (су арналары, бөлу арналары, дамбалар, плотиналар, резервуарлар, цистерналар, бактар мен басқа да сыйымдылықтар, жабық коллекторлық-дренажды желі, дренажды, су жіберу, қоршау, өзге де ғимараттар);
3) беру құрылғылары (құрылғылар мен электр беру және байланыс желілері, ішкі труба құбырлары, труба құбырлары, су жүргізу, канализациялық және жылу желілері);
4) қуатты машиналар мен жабдықтар (технологиялық жабдық, электр қозғалтқышы мен дизель-генераторы, өзге қуатты қондырғылар мен жабдықтар (ажыратқыш, жетек);
5) қызмет түрлері бойынша жұмыс машиналары мен жабдығы (жұмылдырушы көліктен басқа);
6) басқа машиналар мен жабдықтар (жұмылдырушы көліктен басқа) (сораптар, көтергіш-көліктік, тиеу-түсіру машиналары мен жабдықтары (тельфер, бульдозер), электрмен пісіруге және кесуге (пісіру агрегаты) арналған машиналар мен жабдықтар;
7) жұмылдырушы көлігі (автомобиль көлігінің жылжымалы құрамы, өндірістік көлік, жеңіл автокөлігі, өзге көлік құралдары);
8) деректерді өңдеу бойынша компьютерлік, периферийлік қондырғылар мен жабдықтар (деректерді өңдеу бойынша компьютерлер, периферийлік қондырғылар мен жабдықтар);
9) басқа топқа енгізілмеген тіркелген активтер (материалдық емес активтер, офистік жиһаз, аспаптар, өндірістік мүкәммал және керек-жарақтар, көшіру көбейту техникасы, өлшеу және реттеуші приборлар мен құрылғылар, зертханалық жабдық).
14. Қызметке іске қосылған активтердің құнын бөлу үшін осы Ережеге берілген 1-қосымшаның нысаны бойынша кесте толтырылады, онда активтердің құны алдыңғы қаржы жылының соңғы есепті күнгі жағдайы бойынша субъектінің негізгі құралдарының қалдық құнының негізінде анықталады. Негізгі құралдардың әрбір тобы үшін бөлу коэффициенті осы Ережеге берілген 1-қосымшасына осы Ережеге берілген 2-қосымшаға сәйкес қорытынды жолынан көшіріледі. Әрбір қызметке қатысты негізгі құралдар топтары активтерінің құны іске қосылған активтер құнының бөлу коэффициентіне туынды ретінде анықталады.
15. Негізгі құралдардың әрбір тобы үшін нәтижесі негізгі құралдардың топтары үшін тұтастай бөлу коэффициентін анықтау болып табылатын осы Ереженің 2-қосымшасының нысаны бойынша қосымша есеп жасалады. Осы Ереженің 2-қосымшасына негізгі құралдар топтарының барлық бірліктері енгізіледі, жанама, бірлескен және жалпы активтер үшін бөлу базасы анықталады. Негізгі құралдардың әрбір іске қосылған бірлігі бойынша бөлу коэффициенті белгілі бір қызметтер үшін бөлу базасын жиынтықты бөлу базасының мәніне бөлуден жекеше ретінде анықталады.
&3. Шығындар
16. Реттелетін қызметтер түрлерін көрсетуге байланысты шығындар Субъектінің есепке алу саясатына сәйкес анықталады. Сонымен бірге, тарифтік сметаларды қалыптастыру кезіндегі шығындар табиғи монополия субъектілерінің қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібінің талаптарын ескере отырып ескеріледі.
Шығындарды бөлу туралы есеп осы Ережеге берілген 3-қосымшаның нысаны бойынша жасалады.
17. Субъектінің реттелетін және реттелмейтін қызметтер көрсетуге арналған шығындары мынадай статьяларды қамтиды:
1) негізгі құралдар мен материалдық емес активтер амортизациясының тозуы;
2) негізгі құралдар құнының өсуіне алып келмейтін негізгі құралдарды жөндеу шығыстары;
3) еңбекке ақы төлеу шығыстары;
4) әлеуметтік салық бойынша шығыстар;
5) пайдалануға жұмсалған шығыстар;
6) кезең шығыстары;
7) өзге шығыстар.
Әрбір статьяның ішінде шығындар барынша жан-жақты нақтылануы мүмкін.
18. Негізгі құралдардың тозуы осы Ереженің 17-тармағында санамаланған негізгі құралдардың әрбір топтары үшін айқындалады, осы Ережеге берілген 2-қосымшаның нысаны бойынша есептелген активтерді бөлудің тиісті коэффициенттеріне сәйкес қызметтерге жатады.
19. Материалдық емес активтер амортизациясы осы Ережеге берілген 4-қосымшаның нысаны бойынша есептелген бөлу коэффициенттері жөніндегі қызметтерге жатады.
20. Негізгі құралдар құнының өсуіне алып келмейтін негізгі құралдарды жөндеуге жұмсалған шығыстар осы Ережеге берілген 1-қосымшаның нысаны бойынша есептелген негізгі құралдардың топтары бойынша тиісті бөлу коэффициенттеріне сәйкес қызметтерге жатады.
21. Еңбекке ақы төлеу шығыстары тікелей де, жанама да, бірлескен де және жалпылама ретінде болуы мүмкін. Шығындарды бөлектеп есепке алу мақсатында персонал мынадай белгілер бойынша топтастырылады:
1) қызметі белгілі бір қызмет көрсетуге байланысты персонал;
2) қызметі екі және одан да көп қызметтер көрсетуге байланысты персонал.
Бір қызмет көрсетуге байланысты персоналдық еңбекақысы бойынша шығыстар тікелей болып табылады және толығымен бір қызметке жатады.
Екі және одан да көп қызметтер көрсетуге байланысты персоналдық еңбекақысы бойынша шығыстар жанама, бірлескен немесе жалпы болып табылады және бөлу базасы мен бөлу коэффиценті пайдаланылатын қызметтерге бөлінеді.
22. Технологиялық процеске қатысы бойынша өндірістік персонал мынадай топтарға бөлінеді:
негізгі және негізгі емес қызметпен айналысатын персонал;
көмекші персонал;
өзге персонал.
Персоналдың әрбір тобындағы еңбекақы шығыстары нақты қызметке, егер персоналдың жұмысы тек бір ғана қызметпен тікелей байланысты болса, тікелей жатады.
Егер осы топта жұмысы екі немесе одан да көп қызметтер көрсетуге байланысты персонал бар болса, ондай еңбекақы шығыстары бөлу базасы пайдаланылатын қызметтер арасында бөлінеді.
Еңбекақы шығыстары персоналдың тиісті топтары үшін осы Ережеге берілген 5-қосымшаның нысаны бойынша есептелген бөлу коэффициенттері жөніндегі қызметтерге жатады.
23. Әлеуметтік салық бойынша шығыстар еңбекақы төлеу шығыстары персоналдың тиісті тобындағы сол бір бөлу коэффициенттері бойынша қызметтерге бөлінеді.
24. Негізгі құралдарды пайдалану шығыстары негізгі құралдардың (осы Ережеге берілген 1-қосымша) тиісті топтарының бөлу коэффициенті пайдаланылған қызметтерге жатады. Пайдалану шығыстарын бөлу кезінде қызметтерге мынадай:
1) негізгі құралдарға қызмет көрсетуге арналған материалдардың шығындары негізгі құралдарға сәйкес келетін қызметтерге бөлу қағидаты бойынша қызметтерге бөлінеді;
2) жылу шығындары кіші станциялардың жылуымен тікелей байланысты, сондықтан олар кіші станциялардың негізгі құралдарының қызметтеріне бөлу коэффициенті бойынша қызметтерге жатады;
3) жанар-жағар материалдар (ЖЖМ) шығындары осы шығындар байланысты көлік және арнаулы техника (осы Ережеге берілген 1-қосымша) қызметтеріне бөлу коэффициенті бойынша қызметтерге бөлінеді;
4) автокөлік қызметтері (жалдау), негізгі құралдарды жалдау, байланыс қызметтері қызметтерге тікелей жатқызылады, егер олар бір ғана қызмет көрсетумен байланысты болса. Егер осы қызметтер екі және одан да көп қызметтер көрсетумен байланысты болса, онда олар қабылданған шығындардың бөлу базасы бойынша бөлінеді;
5) негізгі және көмекші өндіріс үшін шаруашылық мұқтаждарына, жылуға, ыстық сумен жабдықтауға, суық сумен жабдықтауға, кәрізге және өзге коммуналдық қызметтерге жұмсалған электр энергиясының шығыстары қызметтерге, егер олар бір ғана қызмет көрсетумен тікелей байланысты болған жағдайда немесе тиісті үй-жайлар мен ғимараттар үшін, егер олар екі және одан көп қызметтер көрсетуге байланысты жағдайларда есептелген қызметтерге бөлу коэффициенті бойынша тікелей жатқызылады;
6) персоналды оқыту шығыстары, іссапар шығыстары, еңбекті қорғау шығыстары персоналдың тиісті топтарының еңбегіне ақы төлеудің сол бір қағидаттары бойынша қызметтерге жатқызылады;
7) өрт және күзеттік қорғау шығыстары негізгі құралдарға сәйкес келетін тозудың ұқсас бөлу қызметтеріне жатқызылады;
8) өзге де пайдалану шығындарының шығыстары бөлу базасы бойынша қызметтерге жатқызылады.
25. Кезең шығыстарын бөлу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) жалпы және әкімшілік шығыстары негізгі өндірістік шығындарға сәйкес келетін сол бір қағидаттар бойынша қызметтерге бөлінеді;
2) іске асыру жөніндегі шығыстар қызметтерге, егер олар белгілі бір қызмет көрсетумен тікелей байланысты болса, тікелей жатқызылады. Егер осы шығыстар екі және одан көп қызметтер көрсетумен байланысты болса, онда олар бөлу базасы пайдаланылған қызметтерге бөлінеді;
3) сыйақылар (пайыздар) бойынша шығыстар қызметтерге, егер олар белгілі бір қызметтер көрсетумен тікелей байланысты болса, тікелей жатқызылады. Егер осы шығыстар екі және одан көп қызметтер көрсетумен байланысты болса, онда олар бөлу базасы пайдаланылған қызметтерге бөлінеді.
Іске асыру жөніндегі шығыстар мен сыйақылар жөніндегі шығыстар осы Ережеге берілген 6-қосымшаның нысаны бойынша есептелген бөлу коэффициенттері бойынша қызметтерге жатады.
26. Өзге шығыстар қызметтерге, егер олар белгілі бір қызмет көрсетумен тікелей байланысты болса, тікелей жатқызылады. Егер осы шығыстар екі және одан көп қызметтер көрсетумен байланысты болса, онда олар бөлу базасы пайдаланылған қызметтерге бөлінеді.
3-тарау. Реттелетін қызметтердің түрлері бойынша
табыстар, шығыстар мен іске қосылған активтер жөніндегі
есептілік. Бөлектеп есепке алу деректері мен бухгалтерлік
есеп деректерінің арасындағы өзара байланыс
27. Субъектілердің уәкілетті органға осы Ережеге сәйкес ұсынып отырған есебі, мыналарды:
1) осы Ережеге берілген 1-қосымшаның нысаны бойынша іске қосылған активтерді қызметтердің түрлері бойынша бөлу туралы есебін;
2) осы Ережеге берілген 2-қосымшаның нысаны бойынша активтер мен шығындарды негізгі құралдардың топтары бойынша бөлу коэффициентінің есебін;
3) осы Ережеге берілген 3-қосымшаның нысаны бойынша табыстар мен шығындарды қызметтердің түрлері бойынша қорытынды бөлу туралы есебін;
4) осы Ережеге берілген 4-қосымшаның нысаны бойынша шығындарды материалдық емес активтер бойынша бөлу коэффициентінің есебін;
5) осы Ережеге берілген 5-қосымшаның нысаны бойынша персоналдың еңбекақысына жұмсалған шығыстарды бөлу коэффициентінің есебін;
6) осы Ережеге берілген 6-қосымшаның нысаны бойынша кезең шығыстарын бөлу коэффициентінің есебін қамтиды.
28. Субъектілер үстіміздегі жылдың 1 маусымына дейін осы Ереженің 30-тармағында көзделген, өткен күнтізбелік жыл үшін уәкілетті органға есеп ұсынады.
29. Осы Ережеге берілген 3-қосымшадағы табыстардың қорытынды сомасы "Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді өткізуден алынған табыс" деген жолда көрсетілген субъекті тиісті кезең үшін бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамаға сәйкес жасаған қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есептің деректеріне сәйкес келуге тиіс.
30. Осы Ережеге берілген 3-қосымшадағы шығыстардың қорытынды сомасы "Өткізілген тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құны" деген жолда көрсетілген субъекті тиісті кезең үшін бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамаға сәйкес жасаған қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есептің деректеріне сәйкес келуге тиіс.
31. Осы Ережеге берілген 3-қосымшадағы кезең шығыстарының қорытынды сомасы "Кезең шығыстары" деген жолда көрсетілген субъекті тиісті кезең үшін бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамаға сәйкес жасаған қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есептің деректеріне сәйкес келуге тиіс.
32. Негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің есептік (қалдық) құны тиісті күнгі бухгалтерлік есептің деректеріне сәйкес келуге тиіс.
33. Қағаз арқылы жеткізілетін есепке субъектінің басшысы, бас бухгалтері және атқарушысы қол қояды және мөрмен расталады. Есептілік уәкілетті органға электрондық жолмен және қағаз арқылы ұсынылады. Электрондық жолмен жеткізілетін есептілік қағаз арқылы есептілікке сәйкес келуге тиіс.
Су тасымалдау бойынша
қызметтер көрсететін табиғи
монополия субъектілерінің
табыстарды, шығындар мен
іске қосылған активтерді
бөлектеп есепке алуды
жүргізу ережесіне
1-қосымша
____________________________
Кәсіпорнының атауы
Қызметтердің түрлері бойынша ______ жылғы арналған
іске қосылған активтерді бөлу
Актив- |
Есеп- |
Іске |
Оның ішінде қызметтерге |
|||||||
Қызмет |
Қызмет |
Қызмет |
Қызмет |
|||||||
2- |
ак- |
2- |
ак- |
2- |
ак- |
2- |
ак- |
|||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
Бар- |
М.О. Басшы ________________________ _______________
Тегі, аты-жөні қолы
Бас бухгалтер _____________________ _______________
Тегі, аты-жөні қолы
Орындаушы ________________________ _______________
Тегі, аты-жөні қолы
Су тасымалдау бойынша
қызметтер көрсететін табиғи
монополия субъектілерінің
табыстарды, шығындар мен
іске қосылған активтерді
бөлектеп есепке алуды
жүргізу ережесіне
2-қосымша
_______________________
Кәсіпорнының атауы
________________ж. арналған_________
негізгі құралдар топтарының атауы
Тобы бойынша активтерді және шығындарды
бөлу коэффициентінің есебі
Ак- |
Ак- |
Жұмыс- |
Актив- |
Іске |
Бөлу |
Бөлу |
Қызметтер |
||
Қыз- |
Қыз- |
Қыз- |
|||||||
М.О. Басшы ________________________ _______________
Тегі, аты-жөні қолы
Бас бухгалтер _____________________ _______________
Тегі, аты-жөні қолы
Орындаушы ________________________ _______________
Тегі, аты-жөні қолы
Су тасымалдау бойынша
қызметтер көрсететін табиғи
монополия субъектілерінің
табыстарды, шығындар мен
іске қосылған активтерді
бөлектеп есепке алуды
жүргізу ережесіне
3-қосымша
_______________________
Кәсіпорнының атауы
____жылға арналған қызметтердің түрлері
бойынша табыстарды және шығындарды қорытынды
бөлу туралы есеп
Атауы |
Бух. |
оның ішінде |
Қызметтерге ерекше |
||||
Реттелетін қызметтер |
|||||||
ерекше |
ерекше |
қызметтер |
|||||
Бекі- |
Бекі- |
Нақты |
Ауытқуы |
||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
кестенің жалғасы
Қызметтерге ерекше тәртіп бойынша сома |
|||||||
Реттелетін қызметтер |
Реттелмейтін қызметтер |
||||||
қызметтер |
қызметтер |
қызметтер |
|||||
бөлу |
Бекі- |
Нақты |
Ауыт- |
бөлу |
Нақты |
бөлу |
Нақты |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
16 |
М.О. Басшы ________________________ _______________
Тегі, аты-жөні қолы
Бас бухгалтер _____________________ _______________
Тегі, аты-жөні қолы
Орындаушы ________________________ _______________
Тегі, аты-жөні қолы
Су тасымалдау бойынша
қызметтер көрсететін табиғи
монополия субъектілерінің
табыстарды, шығындар мен
іске қосылған активтерді
бөлектеп есепке алуды
жүргізу ережесіне
4-қосымша
_______________________
Кәсіпорнының атауы
Материалдық емес активтер бойынша шығындарды
бөлудің ______ жылға арналған коэффициент есебі
Ак- |
Шы- |
Жұмыс- |
Есеп- |
Іске |
Бөлу |
Қызметтер |
|||
Қыз- |
Қыз- |
Қыз- |
Қыз- |
||||||
М.О. Басшы ________________________ _______________
Тегі, аты-жөні қолы
Бас бухгалтер _____________________ _______________
Тегі, аты-жөні қолы
Орындаушы ________________________ _______________
Тегі, аты-жөні қолы
_____ ж. __________
Су тасымалдау бойынша
қызметтер көрсететін табиғи
монополия субъектілерінің
табыстарды, шығындар мен
іске қосылған активтерді
бөлектеп есепке алуды
жүргізу ережесіне
5-қосымша
_______________________
Кәсіпорнының атауы
Персоналдың еңбек ақысына жұмсалған шығынды
бөлудің ______ жылға арналған коэффициент есебі
Қызмет- |
Өнді- |
Шығыс- |
Жала- |
Бөлу |
Қызметтер |
|||
Қыз- |
Қыз- |
Қыз- |
Қыз- |
|||||
М.О. Басшы ________________________ _______________
Тегі, аты-жөні қолы
Бас бухгалтер _____________________ _______________
Тегі, аты-жөні қолы
Орындаушы ________________________ _______________
Тегі, аты-жөні қолы
_____ ж. __________
Су тасымалдау бойынша
қызметтер көрсететін табиғи
монополия субъектілерінің
табыстарды, шығындар мен
іске қосылған активтерді
бөлектеп есепке алуды
жүргізу ережесіне
6-қосымша
_______________________
Кәсіпорнының атауы
Кезең шығындарын бөлудің ______ жылға
арналған коэффициент есебі
Атауы |
Шығын- |
Сома, |
Бөлу |
Қызметтер |
|||
Қыз- |
Қыз- |
Қыз- |
Қыз- |
||||
М.О. Басшы ________________________ _______________
Тегі, аты-жөні қолы
Бас бухгалтер _____________________ _______________
Тегі, аты-жөні қолы
Орындаушы ________________________ _______________
Тегі, аты-жөні қолы
_____ ж. __________