Сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілерінің кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуын жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 232-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 10 қыркүйекте № 8693 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 42 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 16.02.2018 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 16.02.2018 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілерінің кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуын жүргізу қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 16.02.2018 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Мыналар:

      1) "Су тасымалдау бойынша қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілерінің табыстарды, шығындар мен іске қосылған активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2004 жылғы 28 желтоқсандағы № 506-НҚ бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3383 нөмірмен тiркелген);

      2) "Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 5 ақпандағы № 30-НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5557 нөмірмен тiркелген) Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар тізбесінің 9-тармағының күші жойылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Құбыржолдары және су кәрізі жүйелері саласындағы реттеу департаменті (А.Г. Асқарова):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінде заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тiркеуді;

      2) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсiн.

      4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (С.П. Базарбаев) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:

      1) оны бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялауды қамтамасыз етсін, кейін жарияланғаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Заң департаментіне (С.С. Метенова) ұсынсын;

      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.Ә. Алпысбаевқа жүктелсін.

      6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Төраға М. Оспанов

      "КЕЛІСІЛГЕН":

      Қазақстан Республикасының

      Статистика агенттігі төрағасының

      міндетін атқарушы

      __________________ Ж. Жарқынбаев

      2013 жылғы 25 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН":

      Қазақстан Республикасының

      Экономика және бюджеттік

      жоспарлау министрінің

      міндетін атқарушы

      ____________ М. Құсайынов

      2013 жылғы "___" ________

  Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды
реттеу агенттігі төрағасының
2013 жылғы 26 шілдедегі
№ 232-НҚ бұйрығымен
бекітілген

Сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілерінің кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуын жүргізу қағидалары

      Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 16.02.2018 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілерінің кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуын жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі, "Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы, "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы заңдарына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді және сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілерінің (бұдан әрі – Субъектілер) кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуын жүргізу тәртібі мен негізгі қағидаттарын айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 16.02.2018 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Бөлек есепке алуды жүргізу табиғи монополиялар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның ведомствосына (бұдан әрі – уәкілетті орган) мәліметтер ұсына отырып, реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түрі бойынша және өзге қызмет бойынша тұтас алғанда кірістер, шығындар мен тартылған активтер туралы деректерді жинау және қорыту жүйесін білдіреді.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 16.02.2018 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Бөлек есептің негізгі қағидаттары:

      1) кірістерді, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бастапқы құжаттар деректерінің негізінде тиісті қызметтер түрлеріне тікелей жатқызу (тікелей жатқызу мүмкін болған жағдайда) басымдығы;

      2) кірістердің, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің олар байланысқан қызметтердің сол бір түрлерімен себеп-салдарлық байланысының болуы;

      3) кірістерді, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді реттеліп көрсетілетін қызметтердің тиісті түрлеріне жатқызу және бөлу кезіндегі ашықтық.

      4. Бөлек есеп бухгалтерлік және басқарушылық есептің бастапқы құжаттарына негізделеді, олар осы Қағидаларға сәйкес кірістерді, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді қызметтердің түрлері бойынша бөлуге қажетті нақтылау деңгейін қамтамасыз етеді.

      5. Бөлек есеп жүргізу мақсатында осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:

      1) бөлу базасы - қызметтер түрлеріне шығындар мен активтерді қолданысқа енгізу дәрежесін бөлу үшін пайдаланылатын сандық көрсеткіш (көрсеткіштер);

      2) бөлу коэффициенті - қызметтер арасында шығындар мен активтерді бөлу үшін бөлу базасын қолдану нәтижесінде алынған жанама, бірлескен немесе жалпы шығындардың немесе активтердің үлесі;

      3) бірлескен қолданысқа енгізілген активтер - бірнеше қызметтер (қызметтер тобын) ұсыну үшін пайдаланылатын, бірақ осы қызметтермен қандай да бір белгілі себеп-салдарлық байланысы жоқ, алайда олардың қызметтер ұсынуда қолданысқа енгізілу дәрежесі уәкілетті органмен келісілген бөлу базасының негізінде анықталған қолданысқа енгізілген активтер;

      4) бірлескен шығындар – бірнеше қызметтер (қызметтер тобын) ұсыну үшін пайдаланылатын, бірақ осы қызметтермен қандай да бір белгілі себеп-салдарлық байланысы жоқ, сондықтан уәкілетті органмен келісілген бөлу базаларының негізінде бөлінетін шығындар;

      5) жалпы активтер - қызметтердің барлық түрлерін ұсынуға байланысты, бірақ осы қызметтермен қандай да бір белгілі себеп-салдарлық байланысы жоқ, сондықтан олардың қызметтер ұсынуда қолданысқа енгізілу дәрежесі уәкілетті органмен келісілген бөлу базасының негізінде анықталатын активтер;

      6) жалпы шығындар - қызметтердің барлық түрлерін ұсынуға байланысты, бірақ осы қызметтермен қандай да бір белгілі себеп-салдарлық байланысы жоқ, сондықтан уәкілетті органмен келісілген бөлу базасының негізінде бөлінетін шығындар;

      7) қолданысқа енгізілген активтер - негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді қамтитын қызмет (қызметтер) ұсыну үшін пайдаланылатын, субъектінің активтері;

      8) қызметтерге жанама қолданысқа енгізілген активтер - бір мезгілде бірнеше қызметтермен (қызметтер тобымен) себеп-салдарлық байланысы бар, сондықтан да олар белгілі бір қызметке тікелей және бір мәнді жатқызылмаған, бірақ белгілі бір қызметтер көрсетуде олардың қолданысқа енгізілу дәрежесі осы себеп-салдарлық байланыстарды көрсететін бөлу базасының негізінде анықталған қолданысқа енгізілген активтер;

      9) қызметтерге жанама шығындар - бір мезгілде бірнеше қызметтермен (қызметтер тобымен) себеп-салдарлық байланысы бар, сондықтан олар белгілі бір қызметке тікелей және бір мәнді жатқызылмаған, бірақ шығындардың пайда болу себептерін көрсететін бөлу базасының негізінде қызметтерге бөлінген шығындар;

      10) қызметтерге тікелей қолданысқа енгізілген активтер - белгілі бір қызметті ұсынуға тікелей себеп-салдарлық байланысы бар, сондықтан белгілі бір қызметке тікелей және бір мәнді жатқызылған қолданысқа енгізілген активтер;

      11) қызметтерге тікелей шығындар - белгілі бір қызметпен тікелей себеп-салдарлық байланысы бар, сондықтан да белгілі бір қызметке тікелей және бір мәнді жатқызылған шығындар;

      12) себеп-салдарлық байланыс негізінде бөлу - белгілі бір қызметтермен кірістер, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтер байланыстарының пайда болу себептерін алдын ала зерттеу негізінде кірістерді, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді реттеліп көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша бөлу.

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес қолданылады.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрінің 16.02.2018 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Субъектілер бөлек есепке алуды жүргізу мақсатында "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 17) тармақшасына сәйкес осы Қағидалар айқындаған тәртiппен реттеліп көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуды жүргізу әдістемесін әзірлейді.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 16.02.2018 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Субъект бірлескен қолданысқа енгізілген және жалпы активтердің бөлу базасы ретінде қызметтер көрсетуден түскен кірісті не уәкілетті органның келісімі бойынша өзге де көрсеткіштерді қабылдайды. Жанама қолданысқа енгізілген активтердің бөлу базасы уәкілетті органмен келісілмейді. Қолданысқа енгізілген активтердің бөлу базасы қаржылық жылдың қорытындылары бойынша жылына бір рет қайта қаралады.

2. Кірістерді, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша жүргізу тәртібі

      8. Қызметтер көрсетуден түскен кірістер бастапқы құжаттар мен бухгалтерлік есеп деректерінің негізінде реттеліп көрсетілетін қызметтердің және реттеліп көрсетілмейтін қызметтердің түрлері бойынша:

      1) қызметтің реттеліп көрсетілетін түрлері бойынша - жасалған шарттардың шеңберінде және уәкілетті орган бекіткен тарифтер бойынша көрсетілген қызметтердің нақты көлеміне сәйкес;

      2) қызметтің реттеліп көрсетілмейтін түрлері бойынша – көлемдерге және тиісті қызметтер ұсынылған бағаларға сүйене отырып жеке ескеріледі.

      9. Көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша қолданысқа енгізілген активтердің бөлек есебін жүргізу мақсатында негізгі құралдардың барлық тізбесінен:

      1) қызметтерге тікелей қолданысқа енгізілген активтер;

      2) қызметтерге жанама қолданысқа енгізілген активтер;

      3) қызметтерге бірлескен қолданысқа енгізілген активтер;

      4) жалпы активтер болып бөлінеді.

      10. Тікелей қолданысқа енгізілген активтер белгілі бір қызметке тікелей жатады. Жанама қолданысқа енгізілген, бірлескен қолданысқа енгізілген және жалпы активтер қызметтерге бөлу базасы мен олардың негізінде есептелген бөлу коэффициенттері қолданыла отырып жатқызылады.

      11. Субъектінің негізгі құралдары шығындардың бөлек есебін жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасында қолданылатын техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган бекіткен негізгі қорлардың сыныптауышына сәйкес технологиялық белгілер бойынша топтастырылады:

      1) ғимараттар, құрылыстар (сорғы станциясы, қызметтік ғимарат);

      2) құрылыстар (су арналары, бұру арналары, дамбалар, бөгеттер, резервуарлар, цистерналар, бактар мен басқа да сыйымдылықтар, жабық коллекторлық-дренажды желі, дренажды желі, су жіберу, қоршаулар, өзге де құрылыстар);

      3) өткізу құрылғылары (электр беру және байланыс құрылғылары мен желілері, ішкі құбыржолдары, құбыржолдары, сумен жабдықтау, суды бұру және жылумен жабдықтау желілері);

      4) күштік машиналар мен жабдықтар (жылу техникалық жабдық, электр қозғалтқыштары мен дизель-генераторлар, өзге күштік қондырғылар мен жабдықтар (ажыратқыш, жетек);

      5) қызмет түрлері бойынша жұмыс машиналары мен жабдық (мобильдік көліктен басқа);

      6) басқа да машиналар мен жабдық (мобильдік көліктен басқа) (сорғылар, көтергіш-көліктік, тиеу-түсіру машиналары мен жабдықтар (тельфер, бульдозер), электрмен дәнекерлеуге және кесуге (дәнекерлеу агрегаты) арналған машиналар мен жабдықтар;

      7) мобильдік көлік (автомобиль көлігінің жылжымалы құрамы, өндірістік көлік, жеңіл автокөлігі, өзге көлік құралдары);

      8) деректерді өңдеу бойынша компьютерлік, перифериялық құрылғылар мен жабдықтар (деректерді өңдейтін компьютерлер, перифериялық құрылғылар мен жабдықтар);

      9) басқа топтарға енгізілмеген қолданысқа енгізілген активтер (материалдық емес активтер, офистік жиһаз, аспаптар, өндірістік мүкәммал және керек-жарақтар, көшіру көбейту техникасы, өлшеуіш және реттеуіш аспаптар мен құрылғылар, зертханалық жабдық).

      12. Қызметтерге қолданысқа енгізілген активтердің құнын бөлу үшін активтердің құны өткен қаржы жылының соңғы есепті күніндегі жағдай бойынша субъектінің негізгі құралдарының қалдық құнының негізінде айқындалатын осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қызметтердің түрлері бойынша қолданысқа енгізілген активтерді бөлу кестесі толтырылады.

      Негізгі құралдардың әрбір тобы үшін бөлу коэффициенті осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тобы бойынша активтерді және шығындарды бөлу коэффициенті есебінің қорытынды жолынан Қызметтердің түрлері бойынша қолданысқа енгізілген активтерді бөлу кестесіне (осы Қағидаларға 1-қосымша) қойылады. Әрбір қызметке жатқызылатын негізгі құралдардың топтары активтерінің құны бөлу коэффициентіне қолданысқа енгізілген активтер құнының көбейтіндісі ретінде айқындалады.

      13. Негізгі құралдардың әрбір тобы үшін Тобы бойынша активтерді және шығындарды бөлу коэффициентінің есебі (осы Қағидаларға 2-қосымша) жасалады, оның нәтижесі тұтастай негізгі құралдардың тобы үшін бөлу коэффициентін айқындау болып табылады. Тобы бойынша активтерді және шығындарды бөлу коэффициентінің есебі (осы Қағидаларға 2-қосымша) негізгі құралдар тобының барлық бірліктері енгізіледі, жанама, бірлескен және жалпы активтердің бөлу базасы айқындалады. Негізгі құралдардың әрбір қолданысқа енгізілген бірлігінің коэффициенті бөлу базасының қосынды мәніне белгілі бір қызмет үшін бөлу базасының бөліндісі ретінде айқындалады.

      14. Реттеліп көрсетілетін қызметтер түрлерін көрсетуге байланысты шығындар Субъектінің есепке алу саясатына сәйкес анықталады. Бұл ретте тарифтік сметаларды қалыптастыру кезінде шығындар табиғи монополия субъектілерінің қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібінің талаптары ескеріле отырып есепке алынады.

      Қызметтер түрлері бойынша кірістер мен шығындарды бөлу қорытындылары туралы есеп осы Қағидаларға 3-қосымшаның нысаны бойынша жасалады.

      15. Субъектінің реттеліп көрсетілетін және реттеліп көрсетілмейтін қызметтерді көрсету шығындары мынадай баптарды қамтиды:

      1) негізгі құралдардың тозуы және материалдық емес активтердің амортизациясы;

      2) негізгі құралдар құнының өсуіне алып келмейтін негізгі құралдарды жөндеу шығыстары;

      3) еңбекке ақы төлеу шығыстары;

      4) әлеуметтік салық бойынша шығыстар;

      5) пайдалану шығыстары;

      6) кезең шығыстары;

      7) өзге де шығыстар.

      Әрбір баптың ішінде шығындар неғұрлым жан-жақты нақтыланады.

      16. Негізгі құралдардың тозуы осы Қағидалардың 15-тармағында санамаланған негізгі құралдардың әрбір тобы үшін айқындалады және Қызметтердің түрлері бойынша қолданысқа енгізілген активтерді бөлу кестесі (осы Қағидаларға 1-қосымша) бойынша есептелген активтерді бөлу тиісті коэффициенттерге сай қызметтерге жатқызылады.

      17. Материалдық емес активтердің амортизациясы осы Қағидаларға 4-қосымшаның нысаны бойынша есептелген бөлу коэффициенттері бойынша қызметтерге жатқызылады.

      18. Негізгі құралдардың құнын өсіруге алып келмейтін негізгі құралдарды жөндеуге арналған шығыстар Қызметтердің түрлері бойынша қолданысқа енгізілген активтерді бөлу кестесі (осы Қағидаларға 1-қосымша) бойынша есептелген негізгі құралдардың топтары бойынша бөлудің тиісті коэффициенттеріне сай қызметтерге жатады.

      19. Еңбекке ақы төлеу шығыстары тікелей де, жанама да, бірлескен де және жалпы болуы мүмкін. Шығындардың бөлек есебі мақсатында персонал мынадай белгілер бойынша топтастырылады:

      1) жұмысы белгілі бір қызмет көрсетуге байланысты персонал;

      2) жұмысы екі және одан да көп қызметтер көрсетуге байланысты персонал.

      Бір қызметті көрсетуге байланысты персоналдың еңбекақысы бойынша шығыстар тікелей болып табылады және толығымен бір қызметке жатқызылады.

      Екі және одан да көп қызметті көрсетуге байланысты персоналдың еңбекақысы бойынша шығыстар жанама, бірлескен немесе жалпы болып табылады және қызметтерге бөлу базасы мен бөлу коэффициенті пайдаланылып бөлінеді.

      20. Технологиялық процеске қатысы бойынша өндірістік персонал мынадай топтарға бөлінеді:

      негізгі және негізгі емес қызметпен айналысатын персонал;

      көмекші персонал;

      өзге де персонал.

      Персоналдың әрбір тобындағы еңбекақы шығыстары нақты қызметке, егер персоналдың жұмысы тек бір ғана қызметпен тікелей байланысты болса, тікелей жатады.

      Егер осы топта жұмысы екі немесе одан да көп қызметті көрсетуге байланысты персонал бар болса, онда еңбекақы шығыстары қызметтер арасында бөлу базасы пайдаланылып бөлінеді.

      Еңбекке ақы төлеу ақы шығыстары осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша персоналдың тиісті топтары үшін персоналдың еңбегіне ақы төлеу шығыстарын бөлу коэффициентінің есебі бойынша есептелген бөлу коэффициенттері бойынша қызметтеріне жатқызылады.

      21. Әлеуметтік салық бойынша шығыстар персоналдың тиісті тобындағы еңбекке ақы төлеу шығыстары сияқты сол бір бөлу коэффициенттері бойынша қызметтерге бөлінеді.

      22. Негізгі құралдарды пайдалануға арналған шығыстар Қызметтердің түрлері бойынша қолданысқа енгізілген активтерді бөлу кестесі (осы Қағидаларға 1-қосымша) бойынша негізгі құралдардың тиісті топтарының бөлу коэффициентін пайдалана отырып қызметтерге жатқызылады. Пайдалануға шығыстарды бөлген кезде қызметтерге мынадай:

      1) негізгі құралдарға қызмет көрсетуге арналған материалдардың шығындары қызметтерге тиісті негізгі құралдарды қызметтерге бөлу қағидаты бойынша бөлінеді;

      2) отын шығындары шағын станцияларды жылытумен тікелей байланысты, сондықтан олар қызметтерге шағын станциялардың негізгі құралдарының қызметтеріне бөлу коэффициенті бойынша жатқызылады;

      3) жанар-жағар май материалдарының (ЖЖМ) шығындары қызметтерге осы шығындар байланысты болып отырған көлік және арнайы техника қызметтеріне бөлу коэффициенті бойынша бөлінеді (осы Қағидаларға 1-қосымша);

      4) автокөлік қызметтері (жалдау), негізгі құралдарды жалдау, байланыс қызметтері қызметтерге, егер олар бір ғана қызмет көрсетумен байланысты болса тікелей жатқызылады. Егер осы қызметтер екі және одан да көп қызметті көрсетумен байланысты болса, онда олар шығындарды бөлудің қабылданған базасы бойынша бөлінеді;

      5) негізгі және көмекші өндіріс үшін шаруашылық қажеттілікке арналған электр энергиясының, жылудың, ыстық сумен жабдықтаудың, суық сумен жабдықтаудың, суды бұрудың және өзге коммуналдық қызметтердің шығыстары қызметтерге, егер олар бір ғана қызмет көрсетумен тіке байланысты болған жағдайда тікелей немесе егер олар екі және одан көп қызметті көрсетумен байланысты жағдайда тиісті ғимараттар мен құрылыстар үшін есептелген қызметтерге бөлу коэффициенті бойынша жатқызылады;

      6) персоналды оқыту шығыстары, іссапар шығыстары, еңбекті қорғау шығыстары қызметтерге персоналдың тиісті топтарының еңбегіне ақы төлеудің сол бір қағидаттары бойынша жатқызылады;

      7) өрт және күзеттік қорғау шығыстары қызметтерге тиісті негізгі құралдардың тозуының бөлінуіне ұқсас жатқызылады;

      8) өзге де пайдалану шығындарының шығыстары қызметтерге бөлу базасы бойынша жатқызылады.

      23. Кезең шығыстарын бөлу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) жалпы және әкімшілік шығыстар қызметтерге негізгі өндірістің тиісті шығындарының қағидаттары бойынша бөлінеді;

      2) өткізу шығыстары қызметтерге, егер олар белгілі бір қызметті көрсетумен тікелей байланысты болса, тікелей жатқызылады. Егер осы шығыстар екі және одан көп қызметті көрсетумен байланысты болса, онда олар қызметтерге бөлу базасы пайдаланылып бөлінеді;

      3) сыйақылар (пайыздар) бойынша шығыстар қызметтерге, егер олар белгілі бір қызметті көрсетумен тікелей байланысты болса, тікелей жатқызылады. Егер осы шығыстар екі және одан көп қызметті көрсетумен байланысты болса, онда олар қызметтерге бөлу базасы пайдаланылып бөлінеді.

      Өткізу шығыстары мен сыйақылар шығыстары қызметтерге осы Қағидаларға 6-қосымшаның нысаны бойынша есептелген бөлу коэффициенттері бойынша жатқызылады.

      24. Өзге де шығыстар қызметтерге, егер олар белгілі бір қызметті көрсетумен тікелей байланысты болса, тікелей жатқызылады. Егер осы шығыстар екі және одан көп қызметті көрсетумен байланысты болса, онда олар қызметтерге бөлу базасы пайдаланылып бөлінеді.

      25. Кірістерінің, шығындары мен қолданысқа енгізілген активтерінің бөлек есебін жүргізу туралы мәліметтерді (бұдан әрі – мәліметтер) субъект өткен күнтізбелік жыл үшін уәкілетті органға осы Қағидаларға қосымшаларға сәйкес үстіміздегі жылғы 1 маусымға дейін ұсынады.

      26. Қызметтердің түрлері бойынша кірістер мен шығындарды жиынтық бөлу туралы есептегі (осы Қағидаларға 3-қосымша) кірістердің жиынтық сомасы тиісті кезең үшін бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамаға сәйкес субъекті жасайтын қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есептің "Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді өткізуден алынған кірістер" деген жолында көрсетілген деректеріне сәйкес келуге тиіс.

      27. Қызметтердің түрлері бойынша кірістер мен шығындарды жиынтық бөлу туралы есептегі (осы Қағидаларға 3-қосымша) шығыстардың жиынтық сомасы кезең шығыстарын минусымен тиісті кезең үшін бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамаға сәйкес Субъект жасайтын қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есептің "Өткізілген тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құны" деген жолында көрсетілген деректеріне сәйкес келуге тиіс.

      28. Қызметтердің түрлері бойынша кірістер мен шығындарды жиынтық бөлу туралы есептегі (осы Қағидаларға 3-қосымша) кірістердің жиынтық сомасы тиісті кезең үшін бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамаға сәйкес Субъект жасайтын қаржы-шаруашылық қызмет нәтижелері туралы есептің "Кезең шығыстары" деген жолында көрсетілген деректеріне сәйкес келуге тиіс.

      29. Негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің есептік (қалдық) құны тиісті күнгі бухгалтерлік есептің деректеріне сәйкес келуге тиіс.

      30. Қағаз жеткізгіштегі мәліметтерге Субъектінің басшысы, бас бухгалтері, атқарушысы қолдарын қояды және мөрмен растайды. Уәкілетті органға мәліметтер электрондық және қағаз жеткізгіште ұсынылады.

  Сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру
қызметтерін көрсететін табиғи монополия
субъектілерінің кірістердің, шығындар
мен қолданысқа енгізілген активтердің
бөлек есебін жүргізу қағидаларына
1-қосымша
нысан

      ____________________________________

      Кәсіпорнының атауы

Қызметтердің түрлері бойынша ________ жылға арналған қолданысқа
енгізілген активтерді бөлу кестесі

Активтің атауы

Есептік (қалдық) құны,

теңге

2-қосымшадан

Қолданысқа енгізілген

активтердің құны, барлығы 2-қосымшадан

Оның ішінде қызметтерге

Қызмет

Қызмет

Қызмет

Қызмет

бөлу коэффициенті 2-қосымшадан

Активтердің құны, теңге

(3-баған * 4-баған)

бөлу коэффициенті 2-қосымшадан

активтердің құны, теңге

(3-баған * 6-баған)

бөлу коэффициенті 2-қосымшадан

активтердің құны, теңге (3-баған * 8-баған)

бөлу

коэффициенті 2-қосымшадан

активтердің құны, теңге

(3-баған * 10-баған)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11



























































































































































Барлығы












М.О.

Басшы ____________________

Т.А.Ә

_______________

қолы


Бас бухгалтер ____________________

Т.А.Ә

_______________

қолы


Орындаушы ____________________

Т.А.Ә

_______________

қолы

  Сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру
қызметтерін көрсететін табиғи монополия
субъектілерінің кірістердің, шығындар
мен қолданысқа енгізілген активтердің
бөлек есебін жүргізу қағидаларына
2-қосымша
нысан

      ______________________________

      Кәсіпорнының атауы

      __________ жылы __________________________________________

      негізгі құралдар топтарының атауы

тобы бойынша активтерді және шығындарды бөлу коэффициентінің
есебі

Активтің

атауы

Активтің немесе

шығын

ның

түрі

Жұмыстық

жай-күйі

(жұмыс

істейді

немесе резервте)

Активтің

есептік

(қалдық)

құны,

теңге

Қолданысқа енгізілген

активтің

есептік

(қалдық)

құны,

теңге

Бөлу

базасының мәні

Бөлу

коэффициентінің

мәні

Қызметтер

Қызмет

Қызмет

Қызмет

Қызмет









































































































































































































































М.О.

Басшы ____________________

Т.А.Ә

_______________

қолы


Бас бухгалтер ____________________

Т.А.Ә

_______________

қолы


Орындаушы ____________________

 Т.А.Ә

_______________

қолы


________ ж. "___" ________________


  Cумен жабдықтау және (немесе) суды
бұру қызметтерін көрсететін табиғи монополия
субъектілерінің кірістердің,
шығындар мен қолданысқа енгізілген
активтердің бөлек есебін жүргізу қағидаларына
3-қосымша
нысан

Қызметтердің түрлері бойынша кірістерді және шығындарды
қорытынды бөлу туралы есеп

      Есепті кезең 20__ ж.

      Индекс форм: БЕ-Су-3

      Кезеңділігі: жылдық

      Ақпарат ұсынушы тұлғалар шеңбері:

      Cумен жабдықтау және (немесе) суды бұру қызметтер көрсететін қызметтер көрсететін табиғи монополия субъектілері

      Мәліметтер қайда жіберіледі:

      Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігіне

      Тапсыру мерзімі - ағымдағы жылғы 1 маусымға дейін

      ___________________________

      Кәсіпорнының атауы

Атауы

Бухгалтерлік есебін бойынша есепті кезең ішіндегі сома, барлығы, теңге

оның ішінде

Қызметтерге ерекше тәртіп бойынша сома

Ерекше тәртіпке сай тарифте ескерілмеген шығындардың сомасы

Ерекше тәртіп бойынша сома, теңге

Реттеліп көрсетілетін қызметтер

Реттеліп көрсетілмейтін қызметтер

қызметтер

қызметтер

қызметтер

қызметтер

Бекітілген бөлу коэффициенті

Бекітілген тарифтік смета бойынша, сома

Нақты сома (4-баған * 5-баған)

Ауытқуы (7-баған – 6-баған)

бөлу коэффициенті

Бекітілген тарифтік смета

бойынша, сома

нақты сома (4-баған * 9-баған)

Ауытқуы (11-баған – 10-баған)

бөлу коэффициенті

Нақты сома (4-баған * 13-баған)

Бөлу коэффициенті

Нақты сома (4-баған * 15-баған)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16


































































































































































































М.О.

Басшы ____________________

Т.А.Ә.

_______________

қолы


Бас бухгалтер ____________________

Т.А.Ә.

_______________

қолы


Орындаушы ____________________

Т.А.Ә.

_______________

қолы

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша
түсіндірме
Қызметтердің түрлері бойынша кірістерді және шығындарды
қорытынды бөлу туралы есеп
1. Жалпы нұсқаулар

      Осы түсініктеме сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілерінің қызметтердің түрлері бойынша кірістерді және шығындарды қорытынды бөлу туралы есебін даярлауға арналған.

      Субъектілер әр қызмет түрі бойынша кірістердің, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің бөлек есебін жүзеге асырады.

      Құндық көріністегі барлық көрсеткіштер ондық белгісіз мың теңгеде толтырылады.

      Қағаз жеткізгіштегі есепке Субъектінің басшысы, бас бухгалтері және орындаушысы қол қояды және мөрімен расталады. Есеп уәкілетті органға электрондық және қағаз жеткізгіште ұсынылады. Электрондық жеткізгіштегі есеп қағаз жеткізгіште ұсынылған есепке сәйкес келуге тиіс.

2. Нысандарды толтыру бойынша түсіндірме

      Нысанды толтыру кезінде Субъект сол жағының жоғарғы бұрышында кәсіпорын атауы және оның мекен-жайын көрсетуге міндетті.

      Субъект мәліметті өткен күнтізбелік жылға толтырады.

      1-баған бойынша Субъект көрсететін қызметтер бойынша кірістердің және шығындардың атауы туралы ақпарат көрсетіледі.

      2-баған бойынша бухгалтерлік есеп бойынша тиісті есепті кезең ішіндегі кірістердің және шығындардың жалпы сомасы туралы деректер (3-баған + 4-баған) көрсетіледі.

      Кезең шығыстарының минусымен Қағидаларға 3-қосымшадағы шығыстардың қорытынды сомасы субъект бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамаға сәйкес тиісті кезеңге жасайтын қаржы-шаруашылық қызмет туралы есептің "Өткізілген тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құны" деген жолында көрсетілген деректерге сәйкес келуге тиіс.

      Қағидаларға 3-қосымшадағы кезең шығыстарының жалпы сомасы субъект бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамаға сәйкес тиісті кезеңге жасайтын қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есептің "Кезең шығыстары" деген жолында көрсетілген деректеріне сәйкес келуге тиіс.

      Негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің есептік (қалдық) құны тиісті күші бухгалтерлік есептің деректеріне сәйкес келуге тиіс.

      3-баған бойынша Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 130-НҚ бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібіне (бұдан әрі – Ерекше тәртіп) сәйкес тарифте есептелмеген шығыстар сомасы туралы деректер көрсетіледі.

      4-баған бойынша Ерекше тәртіп бойынша кірістердің және шығындардың сомасы.

      5-16-бағанда Ерекше тәртіп бойынша реттеліп көрсетілетін (сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру) және реттеліп көрсетілмейтін қызметтер бөлінісінде шығындардың сомасы туралы деректер көрсетіледі.

      5-баған бойынша Уәкілетті орган Субъектінің тиісті реттеліп көрсетілетін қызметінің бөлу коэффициенті туралы ақпарат көрсетіледі.

      6-баған бойынша Субъектінің тиісті реттеліп көрсетілетін қызметіне Уәкілетті орган бекіткен тарифтік смета бойынша кірістердің және шығындардың сомасы туралы деректер келтіріледі.

      7-баған бойынша Уәкілетті орган реттейтін Субъектінің тиісті қызметінің нақты шығындары мен кірістері туралы деректер келтіріледі (4-баған - 5-баған).

      8-баған бойынша Уәкілетті орган бекіткен тарифтік смета бойынша кірістер мен шығындардың сомасына нақты шығындар мен кірістердің ауытқуы туралы деректер келтіріледі (7-баған – 6-баған).

      9-баған бойынша Уәкілетті орган реттейтін Субъектінің тиісті қызметін бөлу коэффициенті туралы ақпарат көрсетіледі.

      10-баған бойынша Субъектінің тиісті реттеліп көрсетілетін қызметіне Уәкілетті орган бекіткен кірістер мен шығындар сомасы туралы деректер келтіріледі.

      11-баған бойынша Уәкілетті орган реттейтін Субъектінің тиісті реттеліп көрсетілетін қызметінің нақты шығындары мен кірістері туралы деректер келтіріледі (4-баған - 9-баған).

      12-баған бойынша Субъектінің тиісті реттелетін көрсетілетін қызметіне Уәкілетті орган бекіткен тарифтік смета бойынша кірістер мен шығындар сомасына нақты шығындар мен кірістердің ауытқуы туралы деректер келтіріледі (11-баған – 10-баған).

      13-баған бойынша Субъектінің реттеліп көрсетілмейтін қызметінің бөлу коэффициенті туралы ақпарат көрсетіледі.

      14-баған бойынша Субъектінің тиісті реттеліп көрсетілмейтін қызметінің нақты кірістері және шығындары туралы деректер келтіріледі (4-баған - 13-баған).

      15-баған бойынша Субъектінің реттеліп көрсетілмейтін қызметінің бөлу коэффициенті туралы ақпарат көрсетіледі.

      16-баған бойынша Субъектінің тиісті реттеліп көрсетілмейтін қызметінің нақты кірістері және шығындары туралы деректер келтіріледі (4-баған - 15-баған).

  Сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру
қызметтерін көрсететін табиғи монополия
субъектілерінің кірістердің, шығындар
мен қолданысқа енгізілген активтердің
бөлек есебін жүргізу қағидаларына
4-қосымша
нысан

      __________________________

      Кәсіпорнының атауы

_______ жылы шығындарды материалдық емес активтер бойынша коэффициентінің есебі

Активтің

атауы

Шығындар

түрі

Жұмыстық

жай-күйі

(жұмыс

істейді

немесе

резервте)

Есептік

(қалдық)

құны,

теңге

Қолданысқа енгізілген

активтің

есептік

(қалдық)

құны, теңге

Бөлу базасының

мәні Бөлу

коэффициентінің мәні

Қызметтер

Қызмет

Қызмет

Қызмет

Қызмет






















М.О.

Басшы ____________________

Т.А.Ә.

_______________

қолы


Бас бухгалтер ____________________

Т.А.Ә.

_______________

қолы


Орындаушы ____________________

Т.А.Ә.

_______________

қолы

  Сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру
қызметтерін көрсететін табиғи монополия
субъектілерінің кірістердің, шығындар
мен қолданысқа енгізілген активтердің
бөлек есебін жүргізу қағидаларына
5-қосымша
нысан

      _______________________

      Кәсіпорнының атауы

____________ жылы персоналға еңбекақы төлеу шығыстарын
бөлу коэффициентінің
есебі

Қызметкердің

табельдік

нөмірі

(немесе

басқа белгі)

Өндірістік

бөлімше

Шығыстар түрі

Жалақының

жылдық

қоры,

теңге

Бөлу

базасының

мәні Бөлу

коэффициентінің

мәні

Қызметтер

Қызмет

Қызмет

Қызмет

Қызмет





























М.О.

Басшы ____________________

Т.А.Ә.

_______________

қолы


Бас бухгалтер ____________________

Т.А.Ә.

_______________

қолы


Орындаушы ____________________

Т.А.Ә.

_______________

қолы


_____ ж. _________________________


  Сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру
қызметтерін көрсететін табиғи монополия
субъектілерінің кірістердің, шығындар
мен қолданысқа енгізілген активтердің
бөлек есебін жүргізу қағидаларына
6-қосымша
нысан

      _______________________________

      Кәсіпорнының атауы

_________ жылы кезең шығыстарын бөлу коэффициентінің
есебі

Атауы

Шығындардың

түрі

Сома,

теңге

Бөлу базасының

мәні Бөлу

коэффициентінің

мәні

Қызметтер

қызмет

қызмет

қызмет

қызмет


















М.О.

Басшы ____________________

Т.А.Ә.

_______________

қолы


Бас бухгалтер ____________________

Т.А.Ә.

_______________

қолы


Орындаушы ____________________

Т.А.Ә.

_______________

қолы


_____ ж. _________________________



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады