Ескерту: Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 12 қазандағы
N 23-887қ
қаулысымен
________________________________________
"
Қазақстан
Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы",
"Ұлы Отан
соғысының қатысушылары, мүгедектеріне және соларға теңестірілген тұлғаларға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДI
:
<*>
Ескерту. Қаулының преамбуласы жаңа редакцияда - Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі N 3-1-295қ
Қаулысымен
.
1. Қоса беріліп отырған соғыс және еңбек ардагерлеріне материалдық көмек көрсету Қағидасы бекітілсін.
2. Қоса беріліп отырған азаматтардың жекелеген санаттарына мерекелік күндерге бір жолғы материалдық көмек көрсету Қағидасы бекітілсін.
3. Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті" мемлекеттік мекемесі "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер" бағдарламасын (бұдан әрі - Бағдарлама) іске асыруды қамтамасыз етсін.
<*>
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі N 3-1-295қ
Қаулысымен
.
4.
алынып тасталды
Ескерту. 4-тармақ алынып тасталды - Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі N 3-1-295қ
Қаулысымен
.
5. Күші жойылды деп танылсын:
Астана қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 23 мамырдағы N 3-1-807қ "Азаматтардың жекелеген санаттарына материалдық көмек көрсету тәртібі туралы" қаулысы (Астана қаласының Әділет басқармасында 2003 жылғы 16 маусымда N 272 болып тіркелген; "Астана ақшамы" газетінде 2003 жылғы 24 маусымда N 81; "Вечерняя Астана" газетінде 2003 жылғы 24 маусымда N 69 жарияланған).
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Т.М. Мұхамеджановқа жүктелсін.
Астана қаласының әкімі
Визалар:
Астана қаласы Қаржы
департаментінің бастығы
Астана қаласы Еңбек, халықты
жұмыспен қамту және әлеуметтік
қорғау департаментінің бастығы
Астана қаласы әкімдігінің
2004 жылғы 3 наурыздағы
N 3-1-619қ қаулысына
1-қосымша
Соғыс және еңбек ардагерлеріне
материалдық көмек көрсету
Қағидасы
Осы Қағида
"Қазақстан
Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы",
"Ұлы Отан
соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді.
<*>
Ескерту. Қағиданың преамбуласы жаңа редакцияда - Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі N 3-1-295қ
Қаулысымен
.
1. Материалдық көмек соғыс және еңбек ардагерлеріне, оның ішінде мұқтаждарға және кәсіпорындар мен ұйымдардан көмек алмайтындарға беріледі.
2. Материалдық көмек мына көлемде көрсетіледі:
1) соғыс және еңбек ардагерлеріне, оның ішінде мұқтаждарға және кәсіпорындар мен ұйымдардан көмек алмайтындарға - жылына 2000 (екі мың) теңгеден;
2) Астана қаласының құрылуына және дамуына белсенді қатысқан еңбегі сіңген соғыс және еңбек ардагерлеріне туғанына - 70-, 75-, 80-, 85-, 90-жылдық мерейтойларына - 1000 (бір мың) теңгеден;
3) соғыс және еңбек ардагерлеріне - соғыс және еңбек ардагерлерімен жұмыс бойынша үнемі жұмыс істейтін комиссия мүшелеріне, қаланың қоғамдық өміріне белсенді қатысатын Астана қаласы қарт адамдары мен зейнеткерлеріне Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мерекелік күндерге - 1000 (бір мың) теңгеден;
4)
алынып тасталды
5) қайтыс болған соғыс және еңбек ардагерлерін жерлеуді ұйымдастыруға - 1000 (бір мың) теңгеден.
Ескерту. 2-тармақтың 4 тармақшасы алынып тасталды - Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі N 3-1-295қ
Қаулысымен
.
3. "Жергілікті өкілдік органдардың шешімдері бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер" бағдарламасының әкімгері "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті" мемлекеттік мекемесі" (бұдан әрі - Департамент) болып табылады.
<*>
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі N 3-1-295қ
Қаулысымен
.
4. Соғыс және еңбек ардагерлеріне материалдық көмекті төлеу қаржылық жылға сәйкес қала бюджетінде көзделген қаражаттар шегінде жүргізіледі.
5. Соғыс және еңбек ардагерлеріне, оның ішінде мұқтаждарға және кәсіпорындар мен ұйымдардан көмек алмайтындарға материалдық көмек көрсетуді қаржыландыру көзі Астана қаласының бюджеті болып табылады.
3. Материалдық көмекті тағайындау және төлеу тәртібі
6. Департамент Астана қаласындағы "Қазақстан Республикасы ардагерлерінің ұйымы" қалалық қоғамдық бірлестігі филиалының төрағаның, хатшының қолы қойылып және мөр басып ұсынған тізімдер мен арыздар негізінде материалдық көмек алушылар тізімдерін құрады.
7. Материалдық көмекті алуға үміткер адамдардың тізімдері "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Астана қаласы филиалының (бұдан әрі - Филиал) деректер қорымен салыстырылады.
8. Қайтыс болған ардагерлерді жерлеуді ұйымдастыруға материалдық көмек қайтыс болған адамның туысқандарының немесе жерлеуді ұйымдастырушы адамның Филиалмен куәландырылған және Департаментке төлеуге берілген өтініші негізінде беріледі.
9. Материалдық көмекті төлеу ақшалай қаражаттарды Астана қаласының банкілері бөлімшелеріндегі алушылардың дербес немесе карталық шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.
10. Департамент ай сайын, материалдық көмек алушылар тізімінің құрылуына қарай Астана қаласының Қаржы департаментіне ағымдағы қаржыландыруға өтінім береді.
Астана қаласы Қаржы
департаментінің бастығы
Қазақстан Республикасы Еңбек
және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігінің "Мемлекеттік
зейнетақы төлеу орталығы"
республикалық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорны Астана қаласы
филиалының директоры
Астана қаласы Еңбек, халықты
жұмыспен қамту және әлеуметтік
қорғау департаментінің бастығы
Астана қаласы әкімдігінің
2004 жылғы 3 наурыздағы
N 3-1-619қ қаулысына
2-қосымша
Азаматтардың жекелеген санаттарына мерекелік
күндерге бір жолғы материалдық көмек көрсету
Қағидасы
Осы Қағида
"Қазақстан
Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы",
"Ұлы Отан
соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді.
<*>
Ескерту. Қағиданың преамбуласы жаңа редакцияда - Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі N 3-1-295қ
Қаулысымен
.
1. Мерекелік күндерге бір жолғы материалдық көмек азаматтардың мына санаттарына беріледі:
1) 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне - төрт және одан көп бірге тұратын кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар (оның ішінде жоғары және орта арнайы оқу орындарында оқитын балалары, - олар кәмелеттік жасқа толғаннан кейін - олардың оқу орнын бітірген уақытына дейін) көп балалы аналарға (анасының болмауы жағдайында - әкесіне, немесе оны алмастыратын адамға) - 1000 (бір мың) теңгеден;
2) Жеңіс күніне:
Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектеріне, неміс тұтқындарына, Ұлы Отан соғысы жылдарында қайтыс болған әскери қызметшілердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне - 5000 (бес мың) теңгеден кем емес;
Ұлы Отан соғысы жылдары 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамыры аралығында алты айдан кем емес жұмыс істеген (қызмет атқарған) және тылда ерен еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының алқалары және ордендерімен марапатталмаған тұлғаларға, мәртебесі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6, 8-баптарымен белгіленген Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша соларға теңестірілген тылда ерен еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының алқалары және ордендерімен марапатталған адамдарға, арнайы мемлекеттік жәрдемақылар алушылар санынан - 3000 (үш мың) теңгеден кем емес;
3) Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне - саяси қуғын-сүргін құрбандары, саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен адамдар, мүгедектігі бар немесе зейнеткерлер болып саналатын санаттар бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақыларды алушыларға - 1000 (бір мың) теңгеден;
4) Балаларды қорғау күніне - он сегіз жасқа толмаған мүгедек-балаларға - 2000 (екі мың) теңгеден;
5) Қарттар күніне - жастары бойынша 70-ке келген және одан асқан жастағы зейнеткерлерге - 1000 (бір мың) теңгеден;
6) Мүгедектер күніне - мүгедектерге - 1000 (бір мың) теңгеден.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі N 3-1-295қ
Қаулысымен
, 2005 жылғы 28 маусымдағы N 3-1-459қ
қаулысымен
.
2. Мерекелік күндерге бір жолғы материалдық көмек төлеу қаржылық жылға сәйкес қала бюджетінде осы мақсаттарға көзделген қаражаттар шегінде жүргізіледі.
3. "Жергілікті өкілдік органдардың шешімдері бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер" бағдарламасының әкімгері "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті" мемлекеттік мекемесі" (бұдан әрі - Департамент) болып табылады.
<*>
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі N 3-1-295қ
Қаулысымен
.
4. Осы Қағиданың 1-тармағында көрсетілген азаматтар санаттарына мерекелік күндерге бір жолғы материалдық көмек көрсетуді қаржыландыру көзі Астана қаласының бюджеті болып табылады.
3. Бір жолғы материалдық көмекті төлеу тәртібі
5. Департамент Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөнінде орталық" Астана қаласы филиалының ай сайын беретін деректер қоры негізінде Қағиданың 1-тармағында көрсетілген азаматтар тізімін құрайды.
6. Бір жолғы материалдық көмекті төлеу ақшалай қаражаттарды Астана қаласының банкілері бөлімшелеріндегі алушылардың дербес және карталық шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.
Астана қаласы
Қаржы департаментінің
бастығы
Қазақстан Республикасы Еңбек
және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігінің "Мемлекеттік
зейнетақы төлеу орталығы"
республикалық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорны Астана қаласы
филиалының директоры
Астана қаласы Еңбек, халықты
жұмыспен қамту және әлеуметтік
қорғау департаментінің бастығы