Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 бөлімінің 4,5 тармақтары мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 қаңтардағы "2004 жылғы көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға жергілікті атқарушы органдарға кредит берудің кейбір мәселелері туралы" N 38 қаулысының негізінде 2004 жылдың көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын дер кезінде жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында аудан Әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2004 жылдың 25 қарашасына дейінгі мерзімде қайтару шартымен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің барлық нысандары үшін облыстық бюджеттен бөлінген 30,0 млн.теңге несиенің қол жетімділігін, тепе-теңдігін және басқа да мәселелерін бақылау үшін комиссия құрылып, оның құрамы (N 1 қосымшаға сәйкес) бекітілсін.
2. Аудандағы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге жанар-жағар май материалдарын, тұқым, тыңайтқыш, гербицидтер, тұқымды улағыштар, ауылшаруашылығы машиналарына қосалқы бөлшектер сатып алуға, ауыл шаруашылығы техникаларын жалға алу және сатып алумен 2004 жылдың көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру үшін бөлінген несиені Т.Рысқұлов ауданының ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне беру бойынша Ереже (N 2 қосымшаға сәйкес) бекітілсін.
3. Несиелік қаржының мақсатты жұмсалуына және қайтарылуына жауапты бюджеттік бағдарлама әкімшісі болып аудан әкімінің ауылшаруашылығы басқармасы белгіленсін.
4. Аудан әкімінің ауылшаруашылық басқармасы (О.Ибраев) аудан халқын нан өнімдерімен қамтамасыз етудегі іркілісті болдырмау, тауарлы астықтың және нан қорын жасақтау үшін 3-ші кластан төмен емес бидайды 2004 жылдың қыркүйегіндегі қалыптасқан бағамен астық өндірушілерден өнімнің 5 пайызға дейінгі көлемінде сатып алынуын ұйымдастырсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ш.Қосаловқа жүктелсін.
Аудан Әкімінің
міндетін атқарушы Ш.Қосалов
2004 жылғы 8 сәуірдегі N 97
аудан Әкімиятының«"2004 жылдың
көктемгі егіс және егін жинау
жұмыстарын жүргізуге несие беру
туралы" қаулысымен бекітілген
N 1 қосымша
Облыстық бюджеттен бөлінген несиенің қол жетімділігін, тепе-теңдігін және басқада мәселелерін бақылау
комиссиясының
ҚҰРАМЫ:
Қосалов Шардарбек Әмреқұлұлы - аудан Әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;
Ибраев Оразхан Әмірұлы - аудан Әкімінің ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы, комиссия төрағасының орынбасары;
Абдықалықов Қанат Асылханұлы - аудан Әкімінің ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы, комиссия хатшысы.
Комиссия мүшелері:
Бижанов Қожайхан Қазыбайұлы - аудандық мәслихат тексеру комиссиясының төрағасы (келісім бойынша);
Әліпбаев Берік Саттарұлы - аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі;
Дарханбеков Адирхан Битаұлы - аудан Әкімінің ауыл шаруашылығы басқармасының маркетинг бөлімінің меңгерушісі;
Керімбаев Алғабек Срайылұлы - аудандық жер ресурстары және жерге орналастыру комитетінің төрағасы (келісім бойынша);
Қалметов Тілектес Құрманбекұлы - аудан Әкімі аппаратының заңгері;
Ауталипов Қайырбек Депутатұлы - аудандық аумақтық басқармасының техника инспекторы (келісім бойынша).
2004 жылғы 8 сәуірдегі N 97
аудан Әкімиятының«"2004 жылдың
көктемгі егіс және егін жинау
жұмыстарын жүргізуге несие беру
туралы" қаулысымен бекітілген
N 2 қосымша
2004 жылдың көктемгі егіс және егін жинау
жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру үшін бөлінген несиені
Тұрар Рысқұлов ауданының ауыл шаруашылық тауар
өндірушілеріне беру бойынша ішкі
ЕРЕЖЕСІ
Жалпы ережелер
1. Осы ереже көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру үшін 2004 жылға республикалық бюджеттен бөлінген несиелік ресурстарды бөлу тәртібімен шарттарын белгілейді.
2. Сыйақының (мүдденің) нөлдік ставкасы бойынша берілетін несиелік ресурстар ауданның егін өндіруші шаруашылықтарына жанар-жағар май материалдарын, тұқым, тыңайтқыш, гербицидтер, тұқым улағыштар, ауыл шаруашылығы машиналарына қосалқы бөлшектер сатып алуға және ауыл шаруашылығы техникаларын жалға алуға және сатып алуға олардың егіс көлеміне қарай ауылдық аймақ әкімдерінің ұсыныстарымен 2004 жылдың 25 қарашасына дейінгі мерзімде қайтару шартымен беріледі. Несие бөлуде минералды тыңайтқыш сатып алуға тапсырыс берушілердің жобасы басымдылыққа ие.
3. Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңы негізінде әрекет етуші аудан Әкімінің ауыл шаруашылық басқармасы, аудандық қаржы бөлімі және ауыл шаруашылық тауар өндірушілер ортасында үш жақты несиелік келісім-шарттар жасалады.
4. Аудандық қаржы бөлімі, аудан Әкімінің ауылшаруашылық басқармасы, тиісті ауылдық аймақ әкімдері несиенің уақтылы және толық қайтарылуына кепілдік береді.
5. Несие алуға тілек білдірген шаруашылық басшылары бюджеттік бағдарламаның әкімшісі - аудан әкімінің ауыл шаруашылық басқармасына төмендегі құжаттарды тапсырады:
1) техникалық экономикалық негіздемесі бар бизнес-жоспар;
2) меншікке иелік құқығы туралы мемлекеттік тіркеу куәлігімен қоса заң құжаттарының көшірмелері;
3) жер беру актісі;
4) жарғы және құрылтайшы құжат көшірмелері;
5) соңғы жылдың балансы (заңды тұлғалар үшін);
6) кепілге қойылатын мүліктерінің тізбесі; Аналық мал басы, себілген егіннің көлеміне қарай, мал басы мен себілген егін сақтандырылған болса.
7) тіркелген салық комитетінен бюджет алдында қарыздары жоқтығы туралы жағдайына анықтама;
8) аудандық қаржы бөлімінен бұрын берілген несиелері бойынша қарызы жоқтығы туралы анықтама;
9) қызмет көрсететін, есеп-шоты ашылған банктен мерзімі өткен қарызы туралы анықтама.
Бюджеттік несиелерді өтеу және қызмет көрсету тәртібі
6. Бюджеттік несиелерді өтеу және қызмет көрсету тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі "Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттің атқарылуы және есептілік нысандарын жүргізу (мерзімдік және жылдық) жөніндегі қаржылық рәсімдердің ережесін бекіту туралы"»N 832 қаулысымен бекітілген Ереженің 180-186 тармақтарына сай жүзеге асырылады.
7. Бюджет кредиттерін есепке алу және бақылау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі "Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттің атқарылуы және есептілік нысандарын жүргізу (мерзімдік және жылдық) жөніндегі қаржылық рәсімдердің ережесін бекіту туралы" N 832 қаулысымен бекітілген Ереженің 31 тарауына сай жүзеге асырылады.
Т.Рысқұлов ауданы Әкімиятының 2004 жылғы 8 сәуірдегі "2004 жылдың көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге несие беру туралы" N 97 қаулысына сәйкес, КЕЛІСІЛДІ:
Аудандық мәслихат тексеру
комиссияның төрағасы Қ.Бижанов
Аудандық жер ресурстары және
жерге орналастыру комитетінің төрағасы А.Керімбеков
Аудандық аумақтық басқармасының
техника инспекторы Қ. Ауталипов