Қазақстан Республикасының "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" 2002 жылғы 4 желтоқсандағы N 361 , "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 , "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" 1997 жылғы 19 мамырдағы N 111 Заңдарына сәйкес және адамдар мен жануарлардың құтырмамен ауруының алдын алу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын одан әрі мақсатты түрде жүргізу мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қалалар мен аудандар әкімдері коммуналдық қызметтермен бірлесе отырып иесіз иттер мен мысықтарды аулауды ұйымдастыруды, елді мекендердің аумақтарын, қоқысқа, басқа да қалдық заттарға, үйінділерге арналған алаңшаларды тиісті жағдайда ұстауды қамтамасыз етсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық аумақтық басқармасы (К.М. Шушиков - келісім бойынша):
1) санитарлық-ветеринарлық шаралардың уақытында және мақсатты жүргізілуі үшін ауыл шаруашылығы және жабайы жануарлардың арасында анықталған барлық құтырма ошақтарын есепке алуды қамтамасыз етсін;
2) ауыл шаруашылығы және үй жануарларына құтырмаға қарсы алдын ала егудің жүргізілуіне, оларды толық есепке алуды (паспортизациялау) қамтамасыз етуге бақылау қойсын;
3) анықталған ауру ошақтарын жою жөніндегі ветеринарлық іс-шаралардың шұғыл орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (К.К. Ермекбаев):
1) барлық зардап шеккендерге ауру белгілері болған жағдайда құтырмаға қарсы емдеу-алдын ала егулердің уақытында жүргізілуін қамтамасыз етсін;
2) медицина қызметкерлерінің құтырма ауруының клиникасы, диагностикасы, емдеу және алдын алу мәселелері бойынша теориялық және практикалық дайындығын жүргізуді ұйымдастырсын.
4. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті (С.Т. Сәтеков):
1) облыстың барлық емдеу-алдын алу мекемелерін антирабикалық екпелер мен иммунды глобулиндермен қажетті көлемде қамтамасыз етсін;
2) антирабикалық егулердің уақытында және негізделіп тағайындалуына бақылау қойсын;
3) ветеринарлық қызметпен бірлесе отырып адамдарды ит қапқан және жануарлармен жанасқан жағдайды анықтау мақсатында зардап шеккендердің әрбір жағдайына эпизоотологиялық-эпидемиологиялық тергеу жүргізсін;
4) емдеу-алдын алу мекемелері мен мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармаларына құтырманың алдын алу және диагностика мәселелері жөнінде ұйымдық-әдістемелік көмек көрсетсін;
5) облыстық денсаулық сақтау басқармасымен бірлесе отырып құтырма ауруының алдын алу мақсатында тұрғын халық арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізсін.
5. Аталмыш қаулының орындалуы туралы ақпарат облыс әкімінің аппаратына жартыжылдықта бір рет 5 шілде және 5 қаңтар қарсаңында ұсынылсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Л. Тоғжановқа жүктелсін.
Облыс әкімі | |