"Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 қазандағы N 1216 Жарлығын және "Оралмандардың 2004 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 қазандағы N 1216 Жарлығын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 қарашадағы N 1207 қаулысын жүзеге асыру туралы"

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2004 жылғы 18 мамырдағы N 80 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2004 жылғы 04 маусымда N 1276 тіркелді. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының 2011 жылғы 17 қазандағы N 01.04-08/2964 хаты)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының 2011.10.17 N 01.04-08/2964 хаты)

      "Оралмандардың 2004 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 қазандағы N 1216  Жарлығын  және "Оралмандардың 2004 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы" "Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 қазандағы N 1216 Жарлығын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 қарашасындағы N 1207  қаулысын  орындау үшін және өздерінің тарихи отанына қайтып келіп жатқан оралмандарды ұйымдасқан түрде қабылдау және жайғастыру мақсатында облыс әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2004 жылға белгіленген 750 отбасы санындағы, соның ішінде Монғолиядан - 80 отбасы, Өзбекстаннан - 517, Ресей Федерациясынан - 150, Қырғызстаннан - 3 отбасы, көші-қон квотасы Петропавл қаласы және облыс аудандары бойынша қосымшаға сәйкес бөлінсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2004.12.29 N 192  Қаулысымен
      2. Оралмандарды қабылдау және жайғастыру жөніндегі ұсынылған облыстық штабтың құрамы бекітілсін.
      3. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша көші-қон және демография басқармасына:
      "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес оралмандарды қабылдау және жайғастыру мәселесі бойынша облыстық қызметтердің іс-әрекетін үйлестіру;
      оралмандарға, бір рет берілетін ақшалай жәрдемақыны төлеу, көліктік шығындарын және тұрғын үй сатып алу жөніндегі шығындарын қаржыландыру ұсынылсын.
      4. Облыстың Ішкі істер басқармасы белгіленген тәртіппен оралмандарға тиісті құжаттарды беру рәсімін жүргізсін және оларға қолданыстағы Заңнамаларға сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтығын алу мәселесін жедел шешсін.
      5. Облыстық білім, еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаменттері: 
      оралмандардың мектеп жасындағы балаларын оқумен толық қамту және оларды облыс интернаттарына орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
      оралмандардың балаларына орта және бастауыш кәсіптік оқу орындарына тарту жөнінде жүйелі түрде кәсіптік бағдар жұмыстары жүргізсін;
      оралмандарды жұмыспен қамтамасыз етсін, қажет болған жағдайда оларды қайта даярлау мен жаңа мамандықтарға оқытуды ұйымдастырсын.
      6. Петропавл қаласы мен аудан әкімдері:
      оралмандарды қарсы алу, қабылдау және олардың орналасу орындарында жайғастыруды ұйымдастырсын; 
      оралмандарға тұрғын үй сатып алуға жәрдем көрсетсін;
      бөлінген қаржыға сәйкес оралмандарға жаңа үй салу, ескісін жөндеу жөніндегі жұмыстарды орындау көздесін;
      оралмандарды орналастыру үшін сатуға дайын үйлер мен бос жұмыс орындары бар екендігі ескеріле отырып елді мекендер айқындалсын; 
      оралмандарды жұмыспен қамту, оларға жер беру және шағын кредит алу үшін жағдайлар жасау мәселелерін қатты бақылауға алсын;
      осы қаулының орындалуы туралы ақпарат 2005 жылдың 5 қаңтарында көші-қон және демография басқармасына тапсырсын.
      7. Оралмандарды қабылдау және жайғастыру жөніндегі облыстық штаб қала және аудан әкімдерінің, облыстық ұйымдар басшыларының оралмандарды қабылдау және жайғастыру мәселелері жөнінде ақпараттарын мерзім сайын тыңдап отырсын.
      8. Облыс әкімдігі жанындағы "Солтүстік Қазақстан" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына, "Северный Казахстан" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, "Қазақстан" Республикалық телерадиокорпорациясы" Жабық акционерлік қоғамы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының басшылығына оралмандарды қабылдау және жайғастыру жөнінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы облыс жұртшылығын тұрақты түрде хабардар ету ұсынылсын.
      9. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша көші-қон және демография басқармасы (келісім бойынша) осы қаулының орындалуы туралы 2005 жылғы 10 қаңтарында облыс әкімдігіне ақпарат берсін.
      10. "Оралмандардың 2004 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 қазандағы N 1216 Жарлығын" және Қазақстан Республикасы Үкіметінің осы мәселе бойынша 2003 жылғы 29 қарашадағы N 1207 қаулысын жүзеге асыру туралы" облыс әкімдігінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 236 қаулысының күші жойылсын.
      11. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Е.Нұрақаевқа жүктелсін.

      Облыс әкімі

Облыс әкімінің
2004 жылғы 18 мамырдағы
N 80 қаулысына қосымша
"Қазақстан Республикасы Президентінің
2003 жылғы 31 қазандағы N 1216
Жарлығын және "Оралмандардың
2004 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы"
Қазақстан Республикасы Президентінің
2003 жылғы 31 қазандағы N 1216
Жарлығын жүзеге асыру туралы"
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 29 қарашадағы N 1207
қаулысын жүзеге асыру туралы"

Оралмандарды қабылдау мен жайғастыру жөніндегі облыстық штабтың құрамы

Нұрақаев Ерік Есімұлы

облыс әкімінің орынбасары, штаб төрағасы

Әлиев Шияп Шарапұлы

көші-қон және демография басқармасының
бастығы, төраға орынбасары

Қалиев Базарбек Қабдөшұлы


штаб мүшелері :

Балтабаева Ғалия Қазезтайқызы

облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты
әлеуметтік қорғау департаментінің бастығы

Воронцова Наталья Геннадьевна

облыстық денсаулық сақтау департаментінің
бастығы

Дінкенова Сайран Әбілқайырқызы

облыстық білім департаментінің бастығы

Баяхметов Еркебұлан Еркешұлы

мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру
жөніндегі департамент бастығы

Құнанбаев Сапарбек Құнанбайұлы

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жер
ресурстар жөніндегі басқару комитетінің
төрағасы

Моор Иван Иванович

"Северный Казахстан баспасы" ЖШС-нің бас
редакторы

Мұсырман Кәрібай Иманжанұлы

"Қазақстан" Республикалық
телерадиокорпорациясы" ЖАҚ Солтүстік
Қазақстан облыстық филиалының директоры

Сүлейменов Жарасбай Қабдоллаұлы

облыс әкімдігі жанындағы "Солтүстік
Қазақстан" мемлекеттік коммуналдық
кәсіпорнының бас редакторы

Тоқсанбаев Ысқақ
Ботаұлы

Облыстық ішкі істер басқармасы бастығының
орынбасары

      Бұған қоса штаб құрамына мәжіліс өткізілетін жер бойынша барлық аудандар мен Петропавл қаласының әкімі кіреді.

Облыс әкімінің
2004 жылғы 18 мамырдағы
N 80 қаулысына қосымша
"Қазақстан Республикасы Президентінің
2003 жылғы 31 қазандағы N 1216 Жарлығын
және "Оралмандардың 2004 жылға арналған
көшіп келу квотасы туралы"
Қазақстан Республикасы Президентінің
2003 жылғы 31 қазандағы N 1216
Жарлығын жүзеге асыру туралы"
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 29 қарашадағы N 1207
қаулысын жүзеге асыру туралы"

2004 жылғы оралмандарды Петропавл қаласы мен облыс
аудандары бойынша бөлу

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2004.12.29 N 192  Қаулысымен

N

Аудандар

Өзбекстан

Ресей

Монғолия

Қырғыз-
стан

Барлығы



квота

квота

квота

квота

квота

1

Петропавл қаласы

20

54

2


76

2

Айыртау

46

-

10


56

3

Ақжар

26

2

19


47

4

Аққайың

39

7

3


49

5

Жамбыл

55

5

-


60

6

М.Жұмабаев

44

19

-

1

64

7

Есіл

51

3

-


54

8

Қызылжар

35

26

5


66

9

Мамлют

37

17

-

1

55

10

Ғ.Мүсірепов

28

4

13


45

11

Тайынша

26

2

17

1

46

12

Тимирязев

31

3

3


37

13

Шал ақын

52

-

-


52

14

Уәлиханов

27

8

8

-

43


Барлығы

517

150

80

3

750

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады