ҚР Атырау облысы әділет департаментінің 05.06.2006 № 3-2251/06 хатынан үзінді:
Атырау облыстық әділет департаменті ертеде тіркелген нормативтік құқықтық актілеріне қайта тексеріс жүргізілген қорытындысы бойынша және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаментінің 2006 жылғы 31 наурыздағы N 4-2-1/и623 хатына сәйкес, Сізге Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 38-бабының талаптарына сәйкес келмейтін тіркелген нормативтік құқықтық актілердің тізімін, "Заң" деректер базасына тиісті жазбаларды енгізу үшін, жолдайды.
Қосымша 1 бетте.
АОӘД бастығы
Қосымша:
1) Атырау облыстық әкімиятының 2004 жылғы 26 шілдедегі N 165 "Балық пен балық өнімін заңсыз өндіру, сату және Атырау облысы аумағынан тыс шығарумен байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі шаралар туралы" қаулысы (Атырау облыстық әділет департаментінде 2004 жылғы 3 қыркүйегінде N 2124 тіркелді)
Балық және балық өнімін заңсыз өндіру, сату және Атырау облысы аумағынан тыс шығарумен байланысты құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған шараларды күшейту, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылдың 5 ақпанындағы N 131 "Сауда базарының қызметін ұйымдастыру Ережесін бекіту туралы" қаулысын және Қазақстан Республикасы сауда және экономика Министрлігі стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі Комитетінің 2001 жылғы 7 қыркүйектегі N 322а "Қазақстан Республикасынан әкетілетін тауардың шығу көзі бойынша елді таңдау Нұсқасын бекіту туралы" бұйрығын басшылыққа ала отырып, облыс әкімияты қаулы етеді:
1. Стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша Қазақстан Республикасы Комитетінің Атырау облысы бойынша мемлекеттік бақылау басқармасының (келісім бойынша) балық өнімінің шығу көзі жөнінде сертификатты рәсімдеу кезінде Атырау облысы балық шаруашылығы басқармасының балықты өндіру және өңдеу бойынша мәліметтеріне сәйкес шикі балықтың пайда болу көзін расталуын алуды қарастырсын.
2. Ішкі нарық қажеттілігін қанағаттандыру үшін кәсіптік балық алу құқығын алған табиғат пайдаланушыларға күн сайын ауланатын балықтың 10%-ын Атырау қаласының базарлары мен басқа да сауда орындарына жіберу ұсынылсын.
3. Атырау қаласы базарларының әкімшісіне сауда базарларының қызметін ұйымдастыру ережесімен анықталынатын тәртіп бойынша:
1) балық және балық өнімін сатушыларына сауда орындарын ұсыну;
2) балық және балық өнімін сату сауда орындарын жарықпен, сумен және жылумен жабдықтау тұрғысынан сервистік қызмет көрсетуді, сондай-ақ пайдалану шарттарына және санитарлық ережелер мен нормалар талаптарына сәйкесетін сауда мүкәммалының болуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
4. Атырау облысы бойынша ішкі істер басқармасы (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Атырау облыстың аумақтық басқармасы (келісім бойынша), Атырау облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы Атырау қаласының базарлары мен сауда орындарына пайда болу көзін
дәлелдейтін құжаттарсыз, сондай-ақ, майдагерлік және үй жағдайында өндірілген балық және балық өнімін сату фактілерін болдырмау және оның алдын-алу шараларын күшейтсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.Қ.Ищановқа жүктелсін.
Облыс әкімі | |