Газды немесе газ конденсатын сақтау, магистральдық және (немесе) бөлуші труба құбырлары арқылы тасымалдау, газ бөлуші қондырғыларды және олармен байланысты газ бөлуші газ құбырларын пайдалану саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 24 наурыздағы N 99-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 31 наурызда тіркелді. Тіркеу N 3566. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012 жылғы 27 наурыздағы № 53-НҚ бұйрығымен

     Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012.03.27 № 53-НҚ (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 3) тармақшасына, 13-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы 1109 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 18-тармағының 1) тармақшасына сәйкес  БҰЙЫРАМЫНҚараңыз P070000943
      1. Қоса беріліп отырған Газды немесе газ конденсатын сақтау, магистральдық және (немесе) бөлуші труба құбырлары арқылы тасымалдау, газ бөлуші қондырғыларды және олармен байланысты газ бөлуші газ құбырларын пайдалану саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Труба құбырлары және су кәріздері жүйелері саласындағы реттеу мен бақылау департаменті (А.Г.Асқарова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.М.Досмағамбет) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
      1) оны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етсін;
      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының және Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің назарына жеткізсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.П.Нефедовқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Төраға

       Келісілген:

      Қазақстан Республикасының
      Энергетика және минералдық
      ресурстар министрі 
      2005 жылғы 30 наурыз

Қазақстан Республикасы      
Табиғи монополияларды реттеу  
агенттігі төрағасының      
2005 жылғы 24 наурыздағы    
N 99-НҚ бұйрығымен       
бекітілген           

  Газды немесе газ конденсатын сақтау, магистральдық
және (немесе) бөлуші труба құбырлары арқылы тасымалдау,
газ бөлуші қондырғыларды және олармен байланысты газ
бөлуші газ құбырларын пайдалану саласындағы реттеліп
көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға)
қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесі

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Газды немесе газ конденсатын сақтау, магистральдық және (немесе) бөлуші труба құбырлары арқылы тасымалдау, газ бөлуші қондырғыларды және олармен байланысты газ бөлуші газ құбырларын пайдалану саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына  сәйкес әзірленді және газды немесе газ конденсатын сақтау, магистральдық және (немесе) бөлуші труба құбырлары арқылы тасымалдау, газ бөлуші қондырғыларды және олармен байланысты газ бөлуші газ құбырларын пайдалану саласында реттеліп көрсетілетін қызметтер көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің (бұдан әрі - субъектілер) реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тұтынушылардың тең қол жеткізуін қамтамасыз етудің тәртібі мен жалпы қағидаттарын айқындайды.

      2. Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) тұтынушы - табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;
      2) реттеліп көрсетілетін қызметтер - табиғи монополия саласында ұсынылатын және уәкілетті органның мемлекеттік реттеуіне жататын, тұтынушыға белгілі бір тауар беру түрінде қызметтер (тауарлар, жұмыстар) ұсыну жағдайларын қоса, табиғи монополиялар субъектілерінің ұсынатын қызметтері (тауарлары, жұмыстары);
      3) уәкілетті орган - табиғи монополиялар салаларындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган немесе белгіленген құзыретінің шегінде облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) атқарушы орган.

      3. Ережеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.

  2. Газды немесе газ конденсатын сақтау, магистральдық
және (немесе) бөлуші труба құбырлары арқылы тасымалдау,
газ бөлуші қондырғыларды және олармен байланысты газ
бөлуші газ құбырларын пайдалану саласындағы реттеліп
көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол
жеткізуге тең жағдайлар берудің жалпы қағидаттары

      4. Газды немесе газ конденсатын сақтау, магистральдық және (немесе) бөлуші труба құбырлары арқылы тасымалдау, газ бөлуші қондырғыларды және олармен байланысты газ бөлуші газ құбырларын пайдалану саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын қамтамасыз ету мынадай қағидаттарға сүйене отырып, жүзеге асырылады:
      1) барлық тұтынушылар үшін газды немесе газ конденсатын сақтау, магистральдық және (немесе) бөлуші труба құбырлары арқылы тасымалдау, газ бөлуші қондырғыларды және олармен байланысты газ бөлуші газ құбырларын пайдалану саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тең қол жетімділігі;
      2) газды немесе газ конденсатын сақтау, магистральдық және (немесе) бөлуші труба құбырлары арқылы тасымалдау, газ бөлуші қондырғыларды және олармен байланысты газ бөлуші газ құбырларын пайдалану саласындағы қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) барлық тұтынушыларға қатысты бірыңғай тарифтік саясат жүргізу;
      3) газды немесе газ конденсатын сақтау, магистральдық және (немесе) бөлуші труба құбырлары арқылы тасымалдау, газ бөлуші қондырғыларды және олармен байланысты газ бөлуші газ құбырларын пайдалану саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтер көрсететін табиғи монополиялар субъектілер қызметтері тізбесінің, осы реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтердің (бағалардың, алым ставкаларының) ақпараттық ашықтығы.

  3. Газды немесе газ конденсатын магистральдық
және (немесе) бөлуші труба құбырлары арқылы тасымалдау
жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге тең
қол жеткізуді ұйымдастыру тәртібі

      5. Қазақстан Республикасының аумағындағы газды немесе газ конденсатын Қазақстан Республикасының магистральдық және (немесе) бөлуші труба құбырлары (бұдан әрі - труба құбырлары) арқылы тасымалдау жөнінде реттеліп көрсетілетін қызметтерге тұтынушының тең қол жеткізуге құқығы бар.

      6. Тұтынушы мен газды немесе газ конденсатын магистральдық және (немесе) бөлуші труба құбырлары арқылы тасымалдау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтер көрсететін табиғи монополия субъектісінің (бұдан әрі - газ тасымалдайтын ұйым) арасындағы өзара қарым-қатынастар уәкілетті органның бекіткен тарифтерін ескере отырып келісім арқылы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 қарашадағы N 1194 қаулысымен бекiтiлген Табиғи газды тасымалдау жөнiндегi қызметтер көрсетудi ұсынуға арналған үлгі шартқа сәйкес шарт негізінде жасалады.

      7. Тұтынушылардың газды немесе газ конденсатын труба құбырлары арқылы тасымалдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізу рұқсатын алуға берген өтінімін (бұдан әрі - өтінім) газ тасымалдайтын ұйым мәлімделген көлемдерге не газды немесе газ конденсатын труба құбырлары арқылы тасымалдау жөніндегі газ тасымалдайтын ұйымның басқа талаптарын пайдалануға қарамастан, тең жағдайларда қабылдайды.

      8. Өтінім мынадай мәліметтер мен құжаттарды:
      1) тұтынушының деректемелерін;
      2) Қазақстан Республикасының резиденттері үшін - жарғының түпнұсқасынан, статистикалық карточканың, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмелерін, Қазақстан Республикасының резиденттері еместер үшін - сауда тізілімінен немесе сол бір немесе өзге елдің заңды тұлғаны шаруашылық жүргізуші субъектілердің тізіліміне енгізуді растайтын өзге құжаттан үзінді көшірмесін;
      3) газдың немесе газ конденсатының тиісті көлемінің болуын растайтын (ресурстық анықтаманы, газды сатып алу шартының нотариалды куәландырылған көшірмесін) растау қағазын;
      4) газды немесе газ конденсатын тасымалдаудың басталу және аяқталу мерзімдерін;
      5) газды немесе газ конденсатын тасымалдау бағытының басталу пунктін;
      6) газды немесе газ конденсатын тасымалдау бағытының аяқталу пунктін;
      7) жеткізілген газдың немесе газ конденсатының сипаттамалары мен өлшемдерін;
      8) газды немесе газ конденсатын Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу кезінде - газды немесе газ конденсатын тасымалдауды жүзеге асыратын аумақ бойынша елдердегі труба құбырларын иеленушілердің газдың немесе газ конденсатының мәлімделген көлемін тасымалдауға арналған жазбаша келісімін қамтуға тиіс.

      9. Қазақстан Республикасының резиденттері емес тұтынушылар ұсынатын және олар болған елден шығатын құжаттар заңнамада белгіленген тәртіппен жария етілуге не апостильге ие болуға тиіс.

      10. Апаттың салдарынан не барлық қаралатын өтінімдерді қанағаттандыру үшін труба құбырларының жеткілікті түрдегі бос қуатының болмауы кезінде, газды немесе газ конденсатын тасымалдау жөнінде реттеліп көрсетілетін қызметтердің шектеулі техникалық мүмкіндігі жағдайында газды немесе газ конденсатын тасымалдайтын ұйымның труба құбырлары арқылы реттеліп көрсетілетін қызметтерге бірінші кезекте қол жеткізу басымдығын газды немесе газ конденсатын жеткізіп беруші:
      1) газ және газ конденсатын тұрмыстық мұқтаждары мақсатында пайдаланушы тұтынушыларға;
      2) коммуналдық-тұрмыстық объектілерге;
      3) технологиялық процестің үздіксіз циклімен өнімді шығаруда газ және газ конденсатын шикізат немесе отын ретінде пайдаланатын тұтынушыларға;
      4) көктем - қыс маусымдарында газбен жабдықтау заңнамада белгіленген тәртіппен олар толықтай немесе жартылай отынның қор түріне көшіру жолымен реттелуге тиісті электростансалар мен өнеркәсіптік кәсіпорындарға;
      5) қалған тұтынушыларға береді.

  4. Газды сақтау жөнінде реттеліп көрсетілетін
қызметтерге тең қол жеткізуді ұйымдастыру тәртібі

      11. Қазақстан Республикасының аумағындағы тұтынушының газ сақтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге тең қол жеткізуге құқығы бар.

      12. Тұтынушы мен газды сақтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтер көрсететін табиғи монополия субъектісінің арасындағы өзара қарым-қатынастар уәкілетті органның бекіткен тарифтерін ескере отырып келісім арқылы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 қарашадағы N 1194 қаулысымен бекiтiлген Табиғи газды тасымалдау жөнiндегi қызметтер көрсетудi ұсынуға арналған үлгі шартқа сәйкес шарт негізінде жасалады.

      13. Газды сақтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізу рұқсатын алуға берген тұтынушылардың өтінімін (бұдан әрі - өтінім) мәлімделген көлемдерге не газ сақтау жөніндегі газ сақтайтын ұйымдардың қызметтерін пайдаланудың басқа талаптарына қарамастан, тең жағдайларда газ сақтау жөнінде реттеліп көрсетілетін қызметтер көрсететін табиғи монополия субъектісі қабылдайды.

      14. Өтінімнің мазмұнына қойылатын талап барлық тұтынушылар үшін бірдей болуға тиіс.

      15. Барлық қаралатын өтінімдерді қанағаттандыру үшін газды сақтаудың жеткілікті түрдегі бос қуатының болмауының салдарынан газды сақтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтер көрсетудің шектеулі техникалық мүмкіндігі жағдайында, газ сақтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге бірінші кезекте қол жеткізу басымдығы газ сақтайтын тұтынушыларға:
      1) газды тұрмыстық мақсаттарға пайдаланатын халыққа;
      2) коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы объектілерге;
      3) технологиялық процестің үздіксіз циклімен өнім шығару үшін шикізат немесе отын ретінде пайдаланатын тұтынушыларға;
      4) көктем-қыс маусымдарында газбен жабдықтау заңнамада белгіленген тәртіппен оларды толықтай немесе жартылай отынның қоры түріне көшіру жолымен реттелуге тиісті электростансалар мен өнеркәсіптік кәсіпорындарға;
      5) қалған тұтынушыларға беріледі.

  5. Газ бөлуші қондырғыларды және олармен
байланысты газ бөлуші газ құбырларын пайдалану
саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге
тең қол жеткізуді ұйымдастыру тәртібі

      16. Қазақстан Республикасының аумағындағы тұтынушының газ бөлуші қондырғыларды және олармен байланысты газ бөлуші газ құбырларын пайдалану саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (бұдан әрі - ГБҚ) тең қол жеткізу құқығы бар.

      17. Тұтынушы мен газ бөлуші қондырғыларды және олармен байланысты газ бөлуші газ құбырларын пайдалану саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтер көрсететін табиғи монополия субъектісі арасындағы өзара қарым-қатынастар уәкілетті органның бекіткен тарифтерін ескере отырып келісім арқылы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 қарашадағы N 1194 қаулысымен бекiтiлген Газ бөлуші қондырғыларды және олармен байланысты газ бөлуші газ құбырларын пайдалану қызметтер көрсетудi ұсынуға арналған үлгі шартқа сәйкес шарт негізінде жасалады.

      18. ГБҚ пайдалану саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізу рұқсатын алуға берген тұтынушылардың өтінімін (бұдан әрі - өтінім) мәлімделген көлемдерге не ГБҚ пайдалану саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерді пайдаланудың басқа талаптарына қарамастан, тең жағдайларда ГБҚ пайдалану саласында реттеліп көрсетілетін қызметтер көрсететін табиғи монополия субъектісі қабылдайды.

      19. Өтінімдердің мазмұнына қойылатын талап барлық тұтынушылар үшін бірдей болуға тиіс.

      20. Барлық қаралатын өтінімдерді қанағаттандыру үшін ГБҚ жеткілікті түрдегі бос қуатының болмауының салдарынан ГБҚ пайдалану саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтер көрсетудің шектеулі техникалық мүмкіндігі жағдайында, ГБҚ пайдалану саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге бірінші кезекте қол жеткізу басымдығы газ жеткізетін тұтынушыларға:
      1) газды тұрмыстық мақсаттарға пайдаланатын халыққа;
      2) коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы объектілерге;
      3) технологиялық процестің үздіксіз циклімен өнім шығару үшін шикізат немесе отын ретінде пайдаланатын тұтынушыларға;
      4) көктем-қыс маусымдарында газбен жабдықтау заңнамада белгіленген тәртіппен оларды толықтай немесе жартылай отынның қоры түріне көшіру жолымен реттелуге тиісті электростансалар мен өнеркәсіптік кәсіпорындарға;
      5) қалған тұтынушыларға беріледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады