Жылу энергиясын беру және (немесе) бөлу саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 30 наурыздағы N 113-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 31 наурызда тіркелді. Тіркеу N 3540. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012 жылғы 27 наурыздағы № 53-НҚ бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012.03.27 № 53-НҚ (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, 7-бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы N 943 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 21-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
       Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 24 ақпандағы N 61-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      1. Қоса беріліп отырған Жылу энергиясын беру және (немесе) бөлу саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Электр және жылу энергетикасы саласындағы реттеу мен бақылау департаменті (Шкарупа А.В.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Токарева М.А.) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
      1) оны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етсін;
      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Н.Ш.Алдабергеновке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға

      Келісілген
      Қазақстан Республикасының
      Энергетика және минералдық
      ресурстар министрі

      2005 жылғы 30 наурыз

Қазақстан Республикасы   
Табиғи монополияларды реттеу
агенттігі төрағасының    
2005 жылғы 30 наурыздағы  
N 113-НҚ бұйрығымен    
бекітілген        

Жылу энергиясын беру және (немесе) бөлу саласындағы
реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға,
жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар беру
ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жылу энергиясын беру және (немесе) бөлу саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Табиғи  монополиялар және реттелетін нарықтар туралы", "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және Жылу энергиясын беру және (немесе) бөлу саласында реттеліп көрсетілетін қызметтер көрсететін табиғи монополиялар Субъектілерінің (бұдан әрі - Субъектілер) реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тұтынушылардың тең қол жеткізуін қамтамасыз етудің жалпы қағидаттары мен тәртібін айқындайды.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 24 ақпандағы N 61-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз) Бұйрығымен.

      2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) қызметтерді тұтынушы - Жылу энергиясын беру және (немесе) бөлу саласындағы Субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) пайдаланатын немесе пайдалануға ниеттенуші жеке немесе заңды тұлға;
      2) реттеліп көрсетілетін қызметтер - табиғи монополия саласына ұсынылатын және уәкілетті органның мемлекеттік реттеуіне жататын, тұтынушыға белгілі бір тауар беру түрінде қызметтер (тауарлар, жұмыстар) ұсыну жағдайларын қоса, ұсынылатын қызметтер (тауарлар, жұмыстар);
      3) энергиямен жабдықтаушы ұйымның абоненті - желісі және (немесе) жылу қондырғылары энергия беруші, оның ішінде коммуналдық қызметтерді тұтынушының желілеріне қосылған энергиямен жабдықтаушы ұйымдармен жылумен жабдықтауға шарт жасасқан жылу энергиясын тұтынушы.
      Осы Ережеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 24 ақпандағы N 61-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз) Бұйрығымен.

      3. Осы Ереже жылу энергиясын беру және (немесе) бөлу саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жеңілдіктер мен басымдықтарды ескере отырып ұсыну жағдайына қолданылмайды.

2. Жылу энергиясын беру және (немесе) бөлу
саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге
(тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең
жағдайлар берудің жалпы қағидаттары

      4. Жылу энергиясын беру және (немесе) бөлу саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын қамтамасыз ету:
      1) осы Ереженің 6 және 7-тармақтарында айқындалған талаптар сақталған жағдайда барлық тұтынушылар үшін көрсетілетін қызметтерге тең қол жетімділік;
      2) барлық тұтынушыларға қатысты бірыңғай тарифтік саясат жүргізу;
      3) қызметтер тізбесінің, осы қызметтерге арналған тарифтердің ақпараттық ашықтығы қағидаттарына сүйене отырып жүзеге асырылады.

3. Субъектінің көрсетілетін қызметтерге
тең қол жеткізуді ұйымдастыру тәртібі

      5. Субъектінің қызметтерін тұтынушылар:
      1) Субъектінің желілеріне қосылған, өз желілерін иеленуші жылу энергиясын тұтынушы;
      2) энергиямен жабдықтаушы ұйым (бұдан әрі - ЭЖҰ) болып табылады. 

      6. Субъект осы Ереженің 5-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тұтынушыларға өзінің қызметтер көрсетуіне мынадай жағдайларда:
      1) Субъектімен қызметтер көрсетуге арналған шарт болған;
      2) Субъектінің жылу желілеріне белгіленген тәртіппен қосылған жылу пайдаланатын қондырғылар болған;
      3) есепке алудың есеп айырысу қондырғылары болған жағдайларда кедергісіз және кемсітпеушілікпен қол жеткізуін қамтамасыз етеді. 

      7. Субъект ЭЖҰ өзінің қызметтер көрсетуіне мынадай жағдайларда:
      1) Субъектімен қызметтер көрсетуге арналған шарт болған;
      2) жылу желілерінің теңгерімдік тиесілік шекарасы мен тараптардың пайдалану жауапкершілігі айқындалған ЭЖҰ абоненттерімен жылумен жабдықтауға арналған шарт болған;
      3) ЭЖҰ абоненттерінде Субъектінің жылу желілеріне белгіленген тәртіппен қосылған желілер мен жылу пайдаланатын қондырғылар болған;
      4) ЭЖҰ абоненттерінде есепке алудың есеп айырысу құралдары болған жағдайда кедергісіз және кемсітпеушілікпен қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

      8. Осы Ереженің 6-тармағының 3) тармақшасында және 7-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген қызметтерді тұтынушыларда есепке алудың есеп айырысу құралдарының болмауы Субъектінің өзінің көрсетілетін қызметтеріне осы тұтынушылардың қол жеткізуінен бас тарту үшін негіз болып табылмайды. Сонымен бірге босатылған жылу энергиясының саны нормативтік-техникалық құжаттамада белгіленген тәртіппен айқындалады.

      9. Субъектінің жылу желісіне қосқан және қызметтер көрсету шартын жасасқан кезде жылу энергиясын ең жоғары сағаттық жүктелім шегінде және шартпен айқындалған пайдаланылып отырған жылу энергиясының санын, сонымен бірге сапасы мен өлшемі нормативтік-техникалық талаптарға сәйкес келуге тиісті жылу энергиясын алу құқығы кез келген қызметтерді тұтынушыға бекітіледі. 

      10. Алынған техникалық шарттарда тіркелген жобалық шамадан асып түсетін пайдаланылып отырған жылу энергиясының жүктелім және саны қызметтерін тұтынушы арттырған жағдайда, Субъект Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы тұтынушыға қосымша қуаттарды қосуға техникалық жағдай жасайды.

4. Көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат ұсыну

      11. Көрсетілетін қызметтер туралы, олардың құны туралы, Субъектінің Жылу желілеріне қол жеткізу тәртібі туралы, сондай-ақ Жылу желілерінің босату қабілетінің болуы туралы ақпаратты қызметтерді тұтынушының сұрау салуы бойынша (жазбаша нысанда) Субъект ұсынады. 

      12. Субъект уәкілетті органның талабы бойынша оған Жылу энергиясын өз желілері арқылы берудің және (немесе) бөлудің мәлімделген және іс жүзіндегі көлемдері туралы мәліметтер береді.
      Уәкілетті орган Субъект ұсынған ақпаратты пайдаланған кезде Субъекті мен қызметтерді тұтынушылардың мемлекеттік, қызметтік, коммерциялық құпиясының және басқа да заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етеді.

5. Көрсетілетін қызметтерге және олар бойынша
шешімдер қабылдауға рұқсат беру мәселелері бойынша
өтініштерді қарау тәртібі

      13. Көрсетілетін қызметтерге және тиісті шешім қабылдауға рұқсат беру мәселелері бойынша істі қарау үшін қызмет тұтынушылардың өтініші негіз болып табылады. 

      14. Өтініште арызданушы туралы және өтініш беруге қатысты адам, осы Ереженің талаптарын бұзушылықтың сипаты туралы мәліметтер, сондай-ақ арызданушы жүгініп отырған талаптар қамтылуға тиіс. 

      15. Уәкілетті орган өтінішті ол түскен күннен бастап 30 күннің ішінде қарайды.
      Егер өтінішті қарау үшін қосымша материалдар және (немесе) ақпараттар қажет болған жағдайда, уәкілетті орган оларды арызданушыдан не Субъектіден өтінішті қарау мерзімін 30 күнге көбейтуді сұрауға құқылы. Уәкілетті орган өтінішті қарау мерзімін ұзарту туралы арызданушыны оның өтінішін қарау мерзімін ұзарту туралы жазбаша нысанда хабардар етеді. 

      16. Уәкілетті орган ұсынылған материалдарды қараудың нәтижелері бойынша тиісті шешім қабылдайды және қабылданған шешім туралы арызданушыны жазбаша нысанда хабардар етеді. 

      17. Субъект не қызмет тұтынушылар уәкілетті органның шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен толығымен немесе ішінара шағымдануға құқылы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады