Автомобиль көлігіндегі еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігінің 2005 жылғы 4 наурыздағы N 114-І Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 26 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 3586. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 26 шілдедегі № 571 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 26.07.2013 № 571 бұйрығымен.

      "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының ережелерін іске асыру және Қазақстан Республикасының автомобиль көлігіндегі еңбекті қорғау және қауіпсіздігіне қойылатын бірыңғай талаптарды белгілеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Автомобиль көлігінде еңбекті қорғау және қауіпсіздігі ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль көлігі басқармасы (Ш.Қ.Маханов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі Е.Ж.Қошановқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енеді.

      Министрдің
      міндетін атқарушы

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қазақстан Республикасы
      Еңбек және халықты
      әлеуметтік қорғау министрі
      2005 жылғы 15 наурыз

      Қазақстан Республикасы
      Төтенше жағдайлар министрі
      2005 жылғы 15 наурыз

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрі
      2005 жылғы 31 наурыз

Қазақстан Республикасы    
Көлік және коммуникациялар  
министрінің міндетін атқарушының
2005 жылғы 4 наурыздағы    
N 114-І бұйрығымен бекітілген 

Автомобиль көлігіндегі еңбек қауіпсіздігі
және еңбекті қорғау ережесі

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасындағы Автомобиль көлігіндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы" және "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді. K070251
      Ереже жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау кезінде пайдаланылатын автокөлік құралдарын жөндеуге, техникалық қызмет көрсетуге және пайдалануға байланысты жұмыстарды, сондай-ақ тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі негізгі талаптарды белгілейді және еңбек барысында автомобиль көлігі қызметкерлерінің қауіпсіздігін, денсаулығы мен еңбек қабілетінің сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық, ұйымдастыру-техникалық, санитарлық-эпидемиялық, емдеу-профилактикалық және өртке қарсы талаптар кешенін белгілейді.

      2. Осы Ереженің күші меншік нысандарына қарамастан, жеке және заңды тұлғаларға тарайды.

      3. Өндірістік объектіні пайдалану кезінде осы Ереже талаптарының сақталуы жөніндегі мәселелерді шешу ұйым басшысына (жұмыс берушіге) жүктеледі.

      4. Осы Ереженің сақталуын мемлекеттік бақылау мен қадағалауды еңбек қауіпсіздігі және қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган немесе оның аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ шаруашылық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган және өзге де уәкілетті органдар жүзеге асырады.

      5. Еңбек және еңбекті қорғау қауіпсіздігі саласындағы қоғамдық бақылауды ұйымдардың, кәсіподақ органдары тағайындайтын ал олар болмағанда қызметкерлердің жалпы жиналысымен тағайындалатын еңбек қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторлар іске асырады.

  2. Еңбек және еңбекті қорғау Қауіпсіздігі
жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру

      6. Ұйымда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі жалпы басшылық оның басшысына (жұмыс берушіге) жүктеледі.

      7. Адам саны елу қызметкерден асатын ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жұмыс беруші Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнамасына  сәйкес еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметін құрады.
      Өзінің мәртебесі бойынша еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі негізгі өндірістік қызметтерге теңеледі және ұйымның қызметі тоқтаған жағдайда ғана таратылады.
      Егер жұмыс істейтіндердің саны елу қызметкерден аспайтын болса жұмыс беруші, осы ұйымның қызмет ерекшелігін ескере отырып, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі маманның лауазымын енгізу туралы шешім қабылдайды не еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі міндеттер басқа маманға қоса жүктеледі. Қызметкерлерінің саны елуден артық ұйымдарда Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнамасына сәйкес жабдықталған еңбекті қорғау жөніндегі кабинеттерге арналған үй-жайлар бөлінеді.

      8. Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі мәселелері бойынша қызметкерлерді оқытуды нұсқау беруді, жұмыс беруші және Қазақстан Республикасының заңнамасында  бекітілген тәртіпте және мерзімде өз есебінен жүргізеді.

      9. Қауіпсіздік техникасы жөнінде нұсқау (бұдан әрі - нұсқау) сипаты мен өткізілу уақыты бойынша:
      1) кіріспе;
      2) жұмыс орнындағы алғашқы;
      3) қайталама;
      4) жоспардан тыс;
      5) мақсатты болып бөлінеді.

      10. Жұмыс орнындағы алғашқы, қайталама, жоспардан тыс және мақсатты нұсқауды жұмыстардың тікелей басшысы өткізеді.
      Нұсқау өткізген жұмыстар басшысы жұмыс орнындағы алғашқы, қайталама, жоспардан тыс нұсқауды, тағылымдаманы өткізгені және жұмысқа жібергені туралы жұмыс орнындағы нұсқауды тіркейтін журналға жазады (1-қосымша).

      11. Кіріспе нұсқау біліміне, осы мамандық немесе лауазым бойынша жұмыс өтіліне қарамастан жұмысқа қабылданғандардың бәрімен, сондай-ақ уақытша қызметкерлермен, іссапарға келгендермен, өндірістік оқып үйренуге немесе практикаға келген оқушылармен және студенттермен өткізіледі.
      Кіріспе нұсқауды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі маман не осы міндеттер жүктелген тұлға, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау кабинетінде тиісті оқып үйрену құралдары мен көрнекі құралдарды (плакаттарды, шынайы экспонаттарды, макеттерді, модельдерді, фильмдерді, кинофильмдерді және диафильмдерді) пайдалану арқылы өткізеді.
      Кіріспе нұсқауды еңбек қауіпсіздігі стандарттары жүйесінің (бұдан әрі - ЕҚСЖ) талаптарын ескере отырып әзірленген, ұйым басшысы бекіткен бағдарлама бойынша, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында қолданылып жүрген нормативтік құқықтық келісімдерге сәйкес еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі жүргізеді.

      12. Кіріспе нұсқаудың бағдарламасы мынадай мәселелерді қамтуы тиіс:
      1) ұйым және оның қызметі туралы жалпы мәліметтер;
      2) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнамасының негізгі ережелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы заңнаманың негізгі ережелері;
      3) ұйымдағы ішкі еңбек тәртібінің ережелері;
      4) ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
      5) ұйым аумағындағы, өндірістік және қосалқы үй-жайлардағы қызметкерлер тәртібінің жалпы ережелерін, негізгі қызметтердің, өндірістік және қосалқы үй-жайлардың орналасуы;
      6) қызметтің осы түріне тән негізгі қауіпті және зиянды өндірістік факторлар, жазатайым оқиғалар мен кәсіби аурулардың алдын алу әдістері мен құралдары, ұжымдық қорғану құралдары, плакаттар, қауіпсіздік белгілері, сигнал беру; электр қауіпсіздігі бойынша негізгі талаптар;
      7) өндірістік тазалық сақтау мен жеке гигиенаның негізгі талаптары;
      8) жеке қорғану құралдары (бұдан әрі - ЖҚҚ); ЖҚҚ беру тәртібі мен нормалары, оларды пайдалану мерзімі;
      9) қауіпсіздік талаптарын бұзудан болатын жазатайым оқиғалардың, авариялардың, өрттердің мән-жайлары мен жеке сипаттық себептері;
      10) жазатайым оқиғаларды, кәсіби ауруларды тексеру және ресімдеу тәртібі;
      11) өнеркәсіп және өрт қауіпсіздігі, өртті, жарылысты, аварияны болдырмау тәсілдері және құралдары, олар туындаған кездегі персоналдың іс-әрекеті;
      12) зардап шеккендерге алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем көрсету шаралары, учаскеде, цехта қайғылы оқиға туындаған кездегі қызметкерлердің іс-әрекеті.
      Кіріспе нұсқаудың өткізілгені нұсқау алушы мен нұсқау берушінің қолы қойылып кіріспе нұсқауды тіркеу журналында (2-Қосымша), сондай-ақ жұмысқа қабылдау туралы құжатта жазу жазылады.

      13. Жұмыс орнындағы алғашқы нұсқау ұйымға жұмысқа жаңадан қабылданған, бір бөлімшеден екінші бөлімшеге ауыстырылған қызметкерлердің бәрімен, іссапарға келгендермен, өндірістік оқып үйренуге немесе практикаға келген оқушылармен, студенттермен, жаңа жұмыс орындайтын қызметкерлермен, сондай-ақ осы ұйым аумағында құрылыс-монтаж жұмыстарын орындайтын азаматтармен жүргізіледі.

      14. Жұмыс орнындағы алғашқы нұсқау бағдарламасы мынадай мәселелерді қамтиды:
      1) берілген жұмыс орнындағы, өндірістік учаскедегі, цехтағы технологиялық процесс пен жабдықтар туралы жалпы мәліметтер, негізгі қауіпті және зиянды өндірістік факторлар, шудың шектік рұқсат етілген шоғырлануы (бұдан әрі - ШРШ) мен деңгейлері;
      2) жұмыс орнын қауіпсіз ұйымдастыру және күтіп ұстау, машинаның, тетіктің, аспаптардың қауіпті аймақтары; жабдықтың қауіпсіздік құралдары (сақтық, тежегіш құрылғылары, қоршаулар, жауып тастау және сигнал беру жүйелері, қауіпсіздік белгілері); электр зардабының алдын алу бойынша талаптар;
      3) электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі Техникалық пайдалану ережесінің (бұдан әрі - ТПЕ) және Техника қауіпсіздігі ережесінің (бұдан әрі - ТҚЕ) талаптарына сәйкес (жабдықты, іске қосу аппаратурасын, құрал мен тетіктердің, жерлестіру бұғаттауларының және қорғану құралдарының жарамдылығын тексеру) жұмысқа дайындалу тәртібі;
      4) жұмыстың қауіпсіз амалдары мен әдістері, қауіпті жағдай туындаған кездегі іс-әрекет;
      5) жұмыс орнындағы ЖҚҚ және оларды пайдалану ережелері;
      6) цех, учаске аумағында жұмыс істейтіндердің қауіпсіз қозғалысының сұлбасы;
      7) цех ішіндегі көлік және жүк көтергіш құралдары мен тетіктері, тиеу-түсіру жұмыстары мен жүктерді тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік талаптары;
      8) авариялардың, жарылыстардың, өрттердің, өндірістік зардап шегу оқиғаларының, кәсіби аурулар мен уланулардың өздеріне тән себептері;
      9) авариялардың, жарылыстардың, өрттердің алдын алу шаралары, авария, жарылыс, өрт кезіндегі іс-әрекеттер, учаскедегі өрт сөндіру, аварияға қарсы қорғану және сигнал беру құралдарын қолдану тәсілдері, олардың орналасқан жері.

      15. Жұмыс орнындағы алғашқы нұсқауды әрбір қызметкермен жеке, еңбектің қауіпсіз тәсілдері мен әдістерін көрнекі түрде көрсету арқылы жүргізеді.
      Қызметкерлердің барлығы жұмыс орнындағы алғашқы нұсқаудан кейін бірінші екі-бес ауысым бойы (жұмыстың түріне, қызметкерлердің біліктілігіне байланысты) жұмыстың қауіпсіз тәсілдері дағдыларын игеру үшін, тәжірибелі қызметкерлерге бекітіледі, содан кейін осы учаскенің басшысы, жаңадан келген қызметкердің жұмыстың қауіпсіз тәсілдерін игергеніне көз жеткізіп, оны өз бетінше жұмысқа жіберу рұқсатын ресімдейді.

      16. Қайталама нұсқауды барлық қызметкерлер біліктілігіне, біліміне, өтіліне, орындалатын жұмыстың сипатына қарамастан жарты жылдықта кемінде бір рет, аса қауіпті жұмыстарды орындау кезінде үш аптада кемінде бір рет өтеді.
      Қайталама нұсқау бірыңғай үлгідегі жабдықпен қызмет ететін қызметкерлермен жеке немесе қызметкерлердің тобымен және де жалпы жұмыс орны шегінде жұмыс орнындағы алғашқы нұсқаудың бағдарламасы бойынша толық көлемде өткізіледі.

      17. Жоспардан тыс нұсқау мынадай жағдайларда өткізіледі:
      1) қолданысқа еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі бойынша стандарттарды, ережелерді, нұсқаулықтарды жаңадан енгізген немесе қолданылып жүргендеріне өзгерістер енгізген кезде;
      2) технологиялық процесс өзгерген, жабдық, тетіктер мен құрал, бастапқы шикізат, материалдар және еңбек қауіпсіздігіне әсер ететін басқа факторлар ауысқан немесе жаңғыртылған кезде;
      3) қызметкерлер еңбек қауіпсіздігі талаптарын, зардап шегуге, кәсіби ауруға, улануға, аварияға, жарылысқа немесе өртке әкеліп соғуы мүмкін немесе әкеп соққан бұзушылықтар жасаған кезде;
      4) еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау органдарының талабы бойынша;
      5) жұмыстағы үзілістер кезінде: еңбек қауіпсіздігінің қосымша (жоғары) талаптары қойылатын жұмыстар үшін - отыз күнтізбелік күннен астам, ал басқа жұмыстар үшін - алпыс күн.

      18. Нұсқаудың көлемі мен мазмұнын әрбір нақты жағдайда, оларды өткізу қажеттігін туғызған себептер мен жағдайларға байланысты белгілейді.

      19. Мақсатты нұсқау мынадай жағдайларда өткізіледі:
      1) мамандық бойынша тікелей міндеттермен байланысты емес бір жолғы жұмыстарды (тиеу-түсіру, аумақты жинау, ұйымнан, цехтан тыс бір ретті жұмыстар) орындау кезінде;
      2) табиғи және техногендік сипаттағы авариялардың зардаптарын жою кезінде;
      3) рұқсат наряды ресімделетін жұмыстарды жүргізу кезінде;
      4) өндіріс объектісінде экскурсиялар жүргізу, бұқаралық іс-шаралар ұйымдастыру кезінде.

      20. Әртүрлі меншік және шаруашылық жүргізу нысанындағы ұйымдарда жоғары қауіптілік жағдайында жұмыстар жүргізілген кезде қызметкерлермен мақсатты нұсқау өткізу рұқсат нарядында немесе жұмыс жүргізуге рұқсат беретін басқа да құжаттамада тіркеледі.
      Әртүрлі меншік және шаруашылық жүргізу нысанындағы ұйымдарда жоғары қауіптілік жағдайында жұмыстар жүргізілген кезде рұқсат нарядтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделеді және қолданылады.

      21. Зиянды, қауіпті және қолайсыз өндірістік факторлардың әсеріне душар болатын ұйым персоналы белгіленген тәртіппен жұмысқа кірген кезде алғашқы және де кезеңді медициналық тексеруден өтеді.

      22. Мамандығы және тиісті оқуды өткені туралы құжаттары бар қызметкерлер кіріспе және алғашқы нұсқауларды өткеннен кейін алдын ала оқусыз дербес жұмысқа жіберіледі.
      Еңбек қауіпсіздігі бойынша білімді қызметкерлер, сондай-ақ біліктілігін арттыру кезінде де алады.

      23. Қауіпсіздіктің қосымша немесе жоғарғы талаптары (3-Қосымша) қойылатын жұмыстармен айналысатын қызметкерлер үлгілік бағдарламалар бойынша курстық оқудан, белгіленген тәртіппен емтихандарды тапсырғаннан және жұмыс жүргізу мен белгілі бір жабдыққа қызмет көрсету құқығына куәлік алғаннан кейін ғана дербес жұмысқа жіберіледі.

      24. Осы Ереженің 23-тармағында көрсетілген қызметкерлер бұдан әрі жыл сайын жұмыстардың қауіпсіз әдістері мен тәсілдерін білу тексеруінен өтеді, ол хаттамамен (4-Қосымша) ресімделеді. Білімі қанағаттанарлық емес деп танылған тұлғалар дербес жұмысқа жіберілмейді және білімін артынан тексеру арқылы қайта оқудан өтеді.

      25. Қауіптілігі жоғары жұмыспен айналысатын қызметкерлердің білімін тексеру, құрамын кәсіподақ органымен келісім бойынша ұйым басшысы бекітетін комиссия жүзеге асырады.

      26. Комиссия білімін қанағаттанарлық деп таныған тұлғалар белгіленген нысан бойынша куәліктер (5-Қосымша) алады немесе бар куәліктеріне белгі жасалады.

  3. Басшының, мамандардың және басқа да
қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті
қорғау жөніндегі функциялары

  &1. Ұйым басшысының (жұмыс берушінің) функциялары

      27. Ұйым басшысы (жұмыс беруші):
      1) өндірістік үй-жайлардың, құрылыстардың, жабдықтың қауіпсіз пайдаланылуын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңнамаға сәйкес технологиялық үрдістердің қауіпсіздігін;
      2) ұжымдық және жеке қорғану құралдарын тиімді пайдалануды;
      3) Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасына сай қызметкерлердің еңбек және демалыс режимін сақтауын;
      4) осы Ережеге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкерлерді санитарлық-тұрмыстық үй-жайлар мен жабдықтың қажетті санымен, олардың жұмысын бақылауды және мақсаты бойынша пайдалануды;
      5) жұмыс орнында Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының, осы Ереженің және басқа нормативтік құқықтық кесімдердің талаптарына сәйкес еңбек жағдайын;
      6) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша іс-шараларды әзірлеуді және орындауды;
      7) ұйым қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолданыстағы бұйрықтарына сәйкес алдын ала және кезеңді медициналық тексерулерден өтуін;
      8) қызметкерлердің өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнамасына сәйкес өндірістік объектілерді кезеңдік және міндетті аттестаттауды жүргізу;
      9) қауіпті өндірістік объектілерде аварияларды болдырмауға бағытталған іс-шаралар өткізуді;
      10) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша нұсқаулықтардың әзірленуін, бекітілуін, сондай-ақ олармен барлық қызметкерлердің танысуын қамтамасыз етуді;
      11) оқытуды, уақтылы нұсқаулардың өткізілуін және қызметкерлердің еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі бойынша нормалар мен нұсқаулықтарды білуін тексеруді;
      12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сай қызметкерлерді өз қаражаты есебінен сапалы арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және басқа жеке қорғану құралдарымен, оларды уақтылы жуу (химиялық тазарту) мен жөндеуді, сондай-ақ жуатын және залалсыздандыратын құралдармен;
      13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сай қолайсыз және қауіпті еңбек жағдайының салдарынан қызметкерлердің денсаулығына келтірілген зиянның өтелуін;
      14) қызметкерлерді жұмыс орнындағы жағдай мен еңбекті қорғау жай-күйі туралы, денсаулыққа залал келтірудің нақты тәуекелі және қызметкерлерге тиесілі жеке қорғану құралдары, өтемақылар мен жеңілдіктер туралы хабардар етуді;
      15) мамандардың арасында еңбекті қорғау бойынша функцияларды бөлуді;
      16) ұйым қызметкерлерімен өндірісте болған жазатайым оқиғалардың уақтылы тексерілуін;
      17) мемлекеттік қадағалау және бақылау, сондай-ақ қоғамдық бақылау органдарының өкілдерін тексерулер жүргізу, ұйымдағы жазатайым оқиғалар мен кәсіби ауруларды тексеру үшін кедергісіз жіберуді;
      18) авариялық жағдайлар туындаған кезде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету бойынша қажетті шараларды, оның ішінде зардап шеккендерге алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдастыру бойынша шараларды;
      19) қызметкерлердің еңбек қызмет міндетін атқару кезіндегі денсаулығы мен өміріне зиян келтірілгені үшін, жұмыс беруші жауапкершілігінің міндетті сақтандырылуын немесе міндетті әлеуметтік сақтандырылуын;
      20) еңбек жағдайы зиянды жұмыстармен айналысатын қызметкерлерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сай сүтпен және басқа ұқсас тамақ өнімдерімен;
      21) бақылау органдарының ұйғарымдарын орындауды және оларға ұйымдағы еңбек жағдайлары мен ұйымда болған жазатайым оқиғалар туралы ақпарат беруді қамтамасыз етеді.

  &2. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті
қорғау бойынша мамандардың функциялары

      28. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі мамандар:
      1) ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды басқару жүйесінің әзірленуі мен жұмыс істеуін;
      2) әдістемелік басшылық және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша жұмыстарды ұйымдастырудың бірыңғай тәртібін жүзеге асыруды;
      3) осы Ереже, Қазақстан Республикасының еңбек туралы және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау туралы заңнамасы талаптарының стандарттардың, ережелердің және еңбек қауіпсіздігі нормаларының сақталуын бақылаудың жүзеге асырылуын;
      4) инженерлік-техникалық және басқа қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігімен еңбекті қорғау, өнеркәсіп қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі ережелерін оқытуын ұйымдастыруды;
      5) тетіктердің, электр қондырғыларының, жабдықтың және ұжымдық және жеке қорғану құралдарының белгіленген сынау мерзімдерінің сақталуын бақылауды;
      6) қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті жағдайда, жекелеген учаскелерде, машиналарда, тетіктерде және станоктарда істелетін жұмыстарға тыйым салынуын;
      7) басшыға (жұмыс берушіге), құрылымдық бөлімшелердің басшыларына орындау үшін еңбек қауіпсіздігімен еңбекті қорғау және өнеркәсіп қауіпсіздігі саласында анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар берілуін;
      8) Өнеркәсіп қауіпсіздігі ережесінің, осы Ереженің талаптарын және еңбек қауіпсіздігі нормаларын бұзуға жол берген тұлғалардың жұмыстан шеттетілуін;
      9) жазатайым оқиғалар, кәсіби аурулар мен кәсіби улануларды тексеруге қатысуды, олардың алдын алу бойынша іс-шаралар әзірлеу және олардың орындалуын бақылауды;
      10) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнамасын басшының (жұмыс берушінің), ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің сақтауын;
      11) еңбек жағдайын және қауіпсіздік техникасын жақсартудың кешенді жоспарларын әзірлеуді және олардың орындалуын бақылауды;
      12) жинақ есептерін, ақпараттарды, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында жұмысты ұйымдастыру туралы анықтамалар дайындауды;
      13) ұйымда жұмысты қауіпсіз жүргізу жөніндегі нормативтік құжаттардың, ережелердің және де нұсқаулықтардың жобаларын әзірлеуге қатысуды; оларды өзгерту мен толықтыру бойынша ұсыныстар дайындауды;
      14) ұйымды еңбек жағдайын жақсартатын жабдықпен және тетіктермен, сондай-ақ ұжымдық және жеке қорғану құралдарымен жарақтауды бақылаудың жүзеге асырылуын;
      15) өзінің құзыретіне кіретін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша қызметкерлердің ұсыныстары мен арыздарын қарауды қамтамасыз етеді.

  &3. Ұйым қызметкерлерінің функциялары

      29. Ұйым қызметкерлері:
      1) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, қондырғылар және жоғары қауіпті нысаналарды - қысым арқылы жұмыс істейтін жүккөтергіш құрылыстары, қазандықтар, ыдыстар және су құбырлары, пайдалану қауіпсіздігі бойынша нормаларды, ережелерді және нұсқаулықтарды сақтайды;
      2) Ереженің талаптарын сақтайды;
      3) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнамаға сәйкес ұжымдық және жеке қорғану құралдарын мақсатқа сай қолданады;
      4) өзінің тікелей басшысына, өзі куә болған өндірісте болған әрбір жазатайым оқиға мен кәсіби улану, сондай-ақ кәсіби аурудың белгілері мен адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін жағдайдың туындауы туралы дереу хабарлайды;
      5) зардап шегушіге алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетеді және оны медициналық ұйымға (медициналық пунктке) жеткізуге көмектеседі;
      6) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау заңнамасына сай міндетті медициналық куәләндіруден өтеді.

  4. Алаңға, аумаққа, өндірістік және
қосалқы үй-жайларға қойылатын талаптар

  &1. Алаңға, аумаққа, өндірістік және қосалқы
үй-жайларға қойылатын жалпы талаптар

      30. Аумақ, өндірістік, қосалқы, санитарлық-тұрмыстық үй-жайлар және автокөлік құралдарын сақтауға арналған алаңдар, уақытша тұрақтар, автокөлік құралдарына және агрегаттарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу үшін үй-жайлар, автокөлік құралдарын сақтау, автокөлік құралдарының ұйымның аумағынан өтуі, жанар-жағармай материалын құю пункті, газды құю және шығару және қойма үй-жайлары өнеркәсіп ұйымдарын жобалаудың Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген санитарлық нормаларына құрылыс нормаларына және ережелеріне (бұдан әрі - ҚНжЕ), Нормативтік құқықтық кесімдерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1999 жылы 10 тамызда N 866 болып тіркелген "Қазақстан Республикасындағы өрт қауіпсіздігінің ережесін бекіту туралы. Негізгі талаптар ҚР ОҚЕ 08-97" Қазақстан Республикасының төтенше жағдай жөніндегі агенттігі Төрағасының 1999 жылғы 9 шілдедегі N 19 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағындағы өрт қауіпсіздігі талаптарына (бұдан әрі - ҚР ӨҚЕ 08-97), мемлекетаралық стандарттарға (бұдан әрі - МЕМСТ), мемлекеттік стандарттарға (бұдан әрі - ҚР СТ) және осы Ережеге сәйкес келеді.

      31. Жаңадан салынған және қайта жаңартылған өндірістік объектілер мен жекелеген өндірістік үй-жайлар (цехтар), учаскелер бақылаушы мемлекеттік органдардың рұқсатымен қолданысқа енгізіледі.

      32. Техникалық қызмет көрсетуге, диагностикаға, жөндеуге және газбен жұмыс істейтін автокөлік құралдарын сақтауға арналған үй-жайлар белгіленген талаптарға сәйкес келеді. Үй-жайдағы газдың шоғырлануы сығылған табиғи газ үшін үй-жайдың бос көлемінің бір текше метріне (бұдан әрі - г/м 3 ) 1,1 г аспайды, ал сұйытылған мұнай газы үшін - 1,45 г/м 3 .
      Жұмыс аймағы ауасындағы зиянды заттардың қоспасы санитарлы-эпидемиялық саласында құзыретті орган бекіткен шектеулі-рұқсат шоғырлануынан аспауы тиіс.

      33. Егер келіп түскен газдың есептік саны көрсетілген шамадан асса, онда үй-жай:
      1) сигнал беретін, ауа кеңістігін автоматты бақылау жүйесімен;
      2) жарылыстан қорғайтындай етіп орындалған авариялық желдету мен авариялық жарықтандыру жүйесімен қосымша жабдықталады.      

      34. Автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсетуге, жөндеуге және сақтауға арналған үй-жайлардың кіреберіс қақпаларының үстінде, автокөлік құралының қауіпсіздік шарттары бойынша рұқсат етілген ең жоғарғы тік көлемдік өлшемдерін көрсететін жазулар ілінеді (белгілер қойылады).
      Ұйымның аумағы мен өндірістік үй-жайларда темекі шегу үшін арнайы орындар бөлінеді.

      35. Өндірістік және қосалқы үй-жайлардың аумағында:
      1) өрт сөндіретін суларға, гидранттарға, өрт сөндіру мүкәммалы мен жабдығы орналасқан орындарға және өрт сигналын беру хабарлағыштары мен электр қондырғыларына баратын жолдар мен өтпелерді ыбырсытуға;
      2) үй-жайларда және ашық тұрақтарда автокөлік құралдарын нормадан артық мөлшерде қоюға, сондай-ақ олардың қойылу тәсілін бұзуға;
      3) газбен жұмыс істейтін автомобильдерді сақтауға арналған үй-жайларда ашық отты пайдалануға;
      4) қосалқы қақпаларды ішінен және сыртынан заттармен үйіп тастауға;
      5) үй-жай ішінде қосалқы қақпаларға тура жақындықта техникалық істен шыққан автокөлік құралдарын орналастыруға;
      6) жоғарғы вольтті электрлік тарату желісі аймағында желіні пайдаланатын ұйыммен келіспей, материалдарды қоймаға қоюға, автокөлік құралдарының тұрақтарын орнатуға;
      7) ғимараттар, құрылыстар және қоршаулар элементтері жанында материалдарды, агрегаттарды, қосалқы бөлшектерді, шиналарды бейберекет қоюға және сақтауға (сүйеуге, тіреуге) тыйым салынады.

      36. Өндірістік үй-жайлар мен аумақта түрлі металды, бөлшектерді және агрегаттарды сақтау арнайы орындарда - сөрелерде ұйымдастырылады. Қоймаға қойылатын материалдар, олардың қасиеттеріне (жанғыштық, сумен және атмосфералық ауамен әрекеттесу) байланысты тиісті МЕМСТ талаптарына сәйкес топталады.

      37. Есептен шығаруға немесе жөндеуге жататын автокөлік құралдары, агрегаттар үй-жайлардан тыс сақталған кезде тегістелген және қатты төсемі бар, ал қысқы мезгілде қардан тазартылған алаңдарда орналастырылуы тиіс. Агрегаттардың құлауын және автокөлік құралдарының еріксіз жылжып кетуін болдырмау үшін арнайы тіректер орнатылады.

      38. Өндірістік және қосалқы үй-жайлардың сыртқы кірісінде аяқ киімді батпақтан тазалауға арналған құрылғылар орнатылады.

      39. Автокөлік құралдарын сақтауға, техникалық қызмет көрсетуге және ағымдық жөндеуге арналған үй-жайлар Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс істері жөніндегі комитетінің 2003 жылғы 24 желтоқсандағы N 467 бұйрығымен бекітілген "Ғимараттар мен құрылыстардың өрт автоматикасы" туралы ҚНжЕ 2.02-15-2003 сәйкес автоматты өрт сөндіру құралдарымен жабдықталады.

      40. Автомобиль көлігі кәсіпорындары ҚР 1174-2003 СТ Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі Комитетінің 2003 жылғы 27 наурыздағы N 108 бұйрығымен бекітілген "Нысананы қорғау үшін өрт техникасы. Негізгі түрлері. Орналастыру және қызмет көрсету" талаптарына сай өрт сөндіру техникасымен және жабдықтарымен жинақталуы тиіс.

  &2. Өндірістік объектілердің
аумағына қойылатын талаптар

      41. Өндірістік объектілер орналасатын аумақтың биіктігі 2 метрден (бұдан әрі - м) кем емес қоршауы болады, түнгі мезгілде жарықтандырылады және таза әрі тәртіппен күтіп ұсталады. Қоқыс, өндіріс қалдықтары, жарамсыз қосалқы бөлшектер уақытында арнайы бөлінген орындарға жиналады.

      42. Өндірістік объектілер орналасатын аумақ су бұрғыштармен және суағарлармен жабдықталады. Суағарлардың және басқа жерасты құрылыстарының қақпақтары жабық күйде болады. Аумақта жөндеу, жер қазу және басқа жұмыстарды жүргізу кезінде ашық қақпақтар, жыралар және шұңқырлар қоршалады. Жыралар арқылы өтетін жерлерде ені кемінде 1 м, биіктігі кемінде 90 сантиметр (бұдан әрі - см) қанаттары бар өтпе көпіршелер орнатылады.

      43. Ұйымның бос жатқан аумағы көгалдандырылады. Өндірістік, әкімшілік және санитарлық-тұрмыстық үй-жайларға жақын тар жолдар мен өтпе жолдар жазғы кезеңде оқтын-оқтын ылғалды өңдеуден (ылғалдаудан) өтеді, ал қысқы кезеңде қардан тазаланады және мұз қатқан жағдайда құм немесе күл шашылады.

      44. Ұйымның аумағында автокөлік құралдарының қозғалысына арналған жолдар мен жаяу жүргіншілер өтпелері белгіленеді, ал жолдардың бойында "Қазақстан Республикасы Жол қозғалысының ережелерін, Көлік құралдарын пайдалануға жіберу жөніндегі негізгі ережелер мен жол қозғалысының қауіпсіздігін қамту ету бойынша лауазымды адамдар мен жол қозғалысына қатысушылардың міндеттерін және Арнайы түстік графикалық схемалар бойынша арнайы түстік және дыбыстық белгілермен жабдықталуға және боялуға жататын жедел және арнайы қызметтердің, көліктің тізбесін бекіту туралы" (бұдан әрі - Жол қозғалысы ережесі) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 қарашадағы N 1650 қаулысына сәйкес жол белгілері қойылады. Стандартты емес жол белгілерін қоюға рұқсат етілмейді.
      Ұйым аумағына адамдар өту үшін қақпалардан тура жақындықта өту орны немесе есікше орнатылады. Автокөлік құралдары өтуге арналған қақпалар арқылы адамдардың өтуіне рұқсат етілмейді.

      45. Ұйымның аумағы бойынша автокөлік құралдары мен персоналдың қозғалуы үшін рұқсат етілген және тыйым салынған бағыттарын, бұрылыстарды, автокөлік құралдарының айналуын, шығыстарды, келістерді көрсету арқылы қақпаның жанына тәуліктің қараңғы мезгілінде жарықтандырылатын "Автомобильден сақтан" деген жазумен бірге қойылатын арнайы сүлбелі жоспар жасалады.

      46. Автокөлік құралдарының саны елу және одан артық және (немесе) техникалық қызмет көрсету мен жөндеу посттарының саны он және одан артық ұйымның аумағында автокөлік құралдарының бір бағытта қарама-қарсы және қиылысатын лектерсіз қозғалысы көзделеді. 

      47. Аумақ бойынша барынша жылдамдығы сағатына 50 км (бұдан әрі - км/сағ) аспайтын қозғалыс кезінде автокөлік құралдарының қарама-қарсы және қиылысатын ағындарына жол беріледі. Барлық кіріс жолдарының төсемі қатты болуы тиіс. Ұйым аумағындағы жолдардың ені Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сәулет құрылысының 1992 жылғы 6 қаңтардағы АК-6-20-19 хатымен бекітілген "Өндіріс кәсіпорындарының бас жоспары" ҚНжЕ ІІ-89-80* талаптарына сәйкес белгіленеді. Ұйым аумағындағы жаяу жүргіншілер жолдарының қатты төсемі, тар жолдармен қиылыстардың ең аз мөлшері, ең кемі бір метр ені болады.

      48. Кіріс жолдарының жыралармен, темір жол желілерімен қиылысатын жерлерінде, жүріп өту үшін Қазақстан Республикасының экономика және сауда министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетінің 2002 жылғы 23 мамырдағы N 181 бұйрығымен бекітілген "Дабыл түстері, қауіпсіздік белгілері және дабыл таңбасы. Жалпы техникалық жағдайы мен пайдалану тәртібі" МЕМСТ Р12.4.026-02 ҚР СТ сәйкес ескерту белгілері бар төсемдер мен көпірлер орнатылады (бұдан әрі - "Дабыл түстері, қауіпсіздік белгілері және дабыл таңбасы. Жалпы техникалық жағдайы мен пайдалану тәртібі" МЕМСТ Р12.4.026-02 ҚР СТ).

  &3. Автокөлік құралдарын сақтауға арналған
үй-жайларға және ашық алаңдарға қойылатын талаптар

      49. Автокөлік құралдарын сақтауға арналған үй-жайлар жұмыс істеушілер тұрақты болатын басқа өндірістік және қосалқы үй-жайлармен тікелей қатынаспайды. Мұндай қатынас қажет кезде, шлюз тамбуры арқылы жүзеге асырылады.
      Автокөлік құралдарын сақтауға арналған үй-жайлардағы температура Цельсий бойынша плюс 5 градустан (бұдан әрі -  о С) төмен орнатылады.
      Автокөлік құралдарын сақтауға арналған үй-жайлардың сыртқа қарай ашылатын қақпалары болады. Өтетін жол әрқашан бос болады.

      50. Автокөлік құралдарын сақтауға арналған ашық алаңдар ғимараттар мен құрылыстардан бөлек орналасады.
      Олардың су ағып кету үшін арнайы ылдиы бар қатты және тегіс төсемі болады. Алаңдардың бетін үнемі тазалықта күтіп ұстау қажет.

      51. Автокөлік құралдарын сақтауға арналған үй-жайлардың едендері қатты, тегіс, науалар жағына қарай ылдиы болады.
      Едендерді жасауға қолданылатын материалдар тазалау үшін қолайлы тегіс және тайғақ емес бетті қамтамасыз етеді, осы үй-жайдың гигиеналық және пайдалану талаптарын қанағаттандырады.

      52. Жанында автокөлік құралдары тұратын қабырғалардың бойында доңғалақ тоқтататын құрылғылар көзделеді.

      53. Автокөлік құралдарын ашық сақтауға арналған үй-жайлар ауаның температурасы (қыста) минус 15 о С төмен аудандарда қозғалтқышты қыздыруға арналған, жылдың қысқы мезгілінде оларды іске қосуды жеңілдететін құралдармен жабдықталады.

      54. Автокөлік құралдарын сақтауға арналған үй-жайлардың биіктігі еденнен асып тұрған құрылыс конструкцияларының төменгі бөлігіне немесе ілінетін жабдықтың төменгі бөлігіне дейін автомобильдің биіктігінен ең кемі 20 см артық белгіленеді.
      Сығылған табиғи немесе сұйытылған мұнай газымен жұмыс істейтін автокөлік құралдарын сақтауға арналған алаңдарды қыздыру құралдарымен жабдықтау кезінде, қыздырғыш құрылғылардың конструкциясы газ баллондарының қызып кету мүмкіндігін болдырмайды.
      Жылдың суық мезгілінде қозғалтқыштардың іске қосылуын жеңілдететін құрылғылар қызмет көрсетуші персонал мен жүргізушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

      55. Автокөлік құралдарын сақтауға арналған ашық алаңдар мен үй-жайлардың едендерінде жуылып кетпейтін бояумен немесе басқа тәсілмен жасалған және автокөлік құралдарының қойылған орындары мен өтпе жолдарды анықтайтын белгі болады. Белгілерді жасаған кезде, қатар тұрған автокөлік құралдарының арасында, кабиналардың есіктері еркін ашу үшін жеткілікті қашықтық ескеріледі.

      56. Автокөлік құралдарын ашық сақтауға арналған үй-жайлардың көрнекті жерінде түнгі мезгілде жарықтандырылатын, көшіру тәртібі мен кезегі көрсетілген, өрт, табиғи апат жағдайында автокөлік құралдарын қою және көшіру жоспары ілінеді.
      Автокөлік құралдарын ашық сақтауға арналған үй-жайлар мен алаңдарда автокөлік құралдарын тез көшіруге кедергі болуы мүмкін бұйымдар мен жабдықты үюге рұқсат етілмейді.
      Автокөлік құралдарын сақтауға арналған үй-жайлар мен ашық алаңдар он автомобильге бір трос (штанга) есебінен, буксир тростарымен және штангалармен жарақталады.

      57. Автокөлік құралдарын ашық сақтауға арналған үй-жайлардың табиғи желдеткіші мен ауаны жоғарғы және төменгі аймақтардан кетіруді қамтамасыз ететін механикалық ауа кіру-ауа тарту вентиляциясы болады, Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі Құрылыс істері жөніндегі комитетінің 2002 жылғы 22 ақпандағы N 44 бұйрығымен бекітілген "Жылыту, желдету және салқындату" ҚНжЕ 4.002-05.2001 (бұдан әрі - "Жылыту, желдету және салқындату" ҚНжЕ 4.002-05.2001) сәйкес қақпалар ауа-жылыту бүркемесімен жарақталады.

      58. Улы және жұқпалы заттарды, фекалды сұйықтық пен қоқыс тасымалдауға арналған автокөлік құралдарын сақтайтын алаңдар бір-бірінен және басқа автокөлік құралдарын сақтайтын алаңдардан ең кемі 10 м қашықтықта орналастырылады.
      Жанар-жағармай материалдарын тасымалдауға арналған автокөлік құралдарын сақтайтын алаңдар бір-бірінен және басқа автокөлік құралдарын сақтайтын алаңдардан ең кемі 12 м қашықтықта орналасады және оларда 50 аспайтын автокөлік құралы сақталуы мүмкін.

      59. Сұйық отынмен және сығылған (сұйытылған) газбен жұмыс істейтін автокөлік құралдары бөлек сақталады.
      Сығылған табиғи газбен жұмыс істейтін автокөлік құралдарын жерасты қабаттарында (ярустарында), сондай-ақ басқа ұйымдардың ғимараттарына жапсарлас салынған құрылыстарда сақтауға тыйым салынады.

  &4. Автокөлік құралдарының дала жағдайындағы
уақытша тұрақтарына қойылатын талаптар

      60. Тұрақтар үшін мекеннен, құрғақ шөптен және шөпшектен тазартылған, периметрі бойынша 1 м алқап болып жыртылған, ағаш қоймаларының құрылыстарынан, сабан маяларынан, қырмандардан, өсіп тұрған астықтан және екпе ағаштардан 10 м жақын емес қашықтықта орналасқан алаңдар бөлінеді.
      Әрбір алаңда саны 10-нан аспайтын автокөлік құралдарының тобы орналастырылады. Топтағы автокөлік құралдарының арасындағы қашықтық ең кемі 1,1 м, ал топтардың арасындағы қашықтық ең кемі 10 м етіп белгіленеді.

      61. Отын және жанармай материалдарын сақтауға арналған алаңдар шөпшектен, мекеннен және құрғақ шөптен тазартылған жерде орналасады және ағаш әзірлеу, астық жинау және шабу орындарынан, сабан, шөп маяларынан, егістіктерден, автокөлік құралдары, тракторлар тұрақтарынан ең кемі 100 м және құрылыстардан ең кемі 50 м қашықтықта болады.

      62. Жанар-жағармай материалдарын сақтауға арналған ашық алаңдар анағұрлым төмен жерде орналасады және периметрі бойынша 3 м алқап болып жыртылады.
      Отыны бар бөшкелер, олардың көлемінің 95 пайызынан аспай толтырылады, тығындары жоғары қаратылып қойылады және күн сәулесінің тура әсерінен қорғалады.

      63. Бос ыдысты сақтау үшін жанар-жағармай материалдары қоймасынан ең кемі 20 м қашықтықтағы алаңдар бөлінеді.

      64. Автокөлік құралдарының уақытша тұрақтары мен жанар-жағармай материалдарын сақтайтын орындарда темекі тартуға, от жағуға және ашық отты қолданумен байланысты жөндеу жұмыстарын орындауға рұқсат етілмейді.

      65. Автокөлік құралдарының уақытша тұрақтары мен жанар-жағармай материалдарын сақтайтын орындарда қажетті өртке қарсы жабдықпен және мүкәммалмен жарақталған өрт сөндіретін қалқандары орнатылады. Қалқандар ені 20-50 милиметр (бұдан әрі - мм) қызыл жиегі бар ақ, ал жабдық пен мүкәммал қызыл түске боялады.

  &5. Автокөлік құралдары мен агрегаттарға
техникалық көмек көрсетуге және жөндеуге
арналған үй-жайларға қойылатын талаптар

      66. Автокөлік құралдары мен агрегаттарға техникалық көмек көрсетуге және жөндеуге арналған үй-жайлар санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтай отырып, барлық технологиялық операциялардың қауіпсіз және ұтымды орындалуын қамтамасыз етеді және автоматты өрт сигналын беру тетігімен жабдықталады.

      67. Өндірістік үй-жайларда еден тегіс және берік, тазалау үшін қолайлы тегіс, бірақ беті тайғақ болмайды. Бояу учаскелерінің, бояу дайындау бөлімдерінің үй-жайларындағы, аккумулятор жұмысын жүргізуге арналған үй-жайлардағы, газ генераторы бөлмесіндегі, сондай-ақ өрт қауіпі бар және жарылу қаупі бар материалдарды (сұйықтықтар) және жанғыш газ бар баллондарды сақтауға арналған қоймалардағы еден, металл зат соғылған кезде ұшқын шығармайтын материалдардан жасалады.
      Суық еденді үй-жайлардағы жұмыс орындары жиналмалы ағаш төсемелермен (шарбақ) жарақталады.
      Қышқылдар, сілтілер және мұнай өнімдері қолданылатын үй-жайлардағы еден осы заттардың әсеріне төзімді және оларды сіңірмеуі тиіс.

      68. Жұмыс орнындағы шағын климат, шу, діріл, ауадағы зиянды заттардың құрамы тұрғындардың санитарлық-эпидемиялық саласындағы уәкілетті орган бекіткен гигиеналық нормативтердің көрсеткіштерінен аспауы тиіс.

      69. Рессорлық-темір соғу және дәнекерлеу учаскелері сөрелері және едендері жанбайтын материалдардан жасалған үй-жайларда (темір соғу - бір қабатты ғимаратта) орналасады.
      Дәнекерлеу посттары ауданы ең кемі 3 шаршы метр (бұдан әрі - м 2 ) жанбайтын кабиналарда орналасады. Кабина қабырғасы мен еденнің арасындағы саңылау ең кемі 50 мм болады.

      70. Үй-жайлар мен кабиналардың қабырғалары күңгірт бетті сұр, сары немесе көгілдір түске боялады.

      71. Ацетилен генераторын тұрақты орнатуға арналған үй-жай жеке, бір қабатты, шатырдағы және үй астындағы үй-жайларсыз, жеңіл алынатын жабу конструкциялары және сыртқа қарай ашылатын есік арқылы тікелей шығысы болады.
      Ацетилен генераторына арналған үй-жайдың, тас қылып жабылған терезелердің фрамугасы арқылы түсетін сыртқы электр жарығы, сондай-ақ жарылу қауіпі жоқ етіп жасалған механикалық ауа кіру вентиляциясы және табиғи тарту вентиляциясы болады.
      Газ түріндегі ацетиленнің сағатына 20 текше метрге (бұдан әрі - м 3 /сағ) дейін өнімділігі бар ацетилен генераторына арналған үй-жайда табиғи вентиляцияны орнатуға рұқсат етіледі.
      Ацетилен генераторына арналған үй-жайдың кіретін есігінде "Бөтен адамдардың кіруіне қатаң тыйым салынады" деген жазу болады.

      72. Аккумулятор жұмыстарын жүргізу кезінде басқа өндірістерден оқшауланған және жергілікті ауа тартқыш вентиляциямен жабдықталған өзара қатынасатын: біріншісі - жөндеуге арналған, екіншісі - аккумулятор батареяларын қуаттауға арналған, үшіншісі - қышқылдарды сақтауға және электролит дайындауға арналған үш бөлмені ескеру қажет. Оннан аспайтын аккумулятор батареясын бір уақытта қуаттау кезінде, ерекшелік ретінде, батареяларды жөндеуге арналған үй-жайдағы, іске қосылуы зарядтық құрылғымен біріктірілген жеке ауа тартқыш вентиляциясы бар ауа тартқыш шкафтарда олардың зарядталуын жүргізуге рұқсат етіледі.
      Аккумулятор бөлімшелерін (учаскелерін) электрмен жабдықтау электр қондырғыларын орнату ережесінің (бұдан әрі - ЭҚЕ), электр қондырғыларын ТПЕ және ТҚЕ талаптарына сәйкес жарылыстан қорғалған етіп орындалады.

      73. Бояу жұмыстарын орындау үшін: біріншісі - бояу және кептіру посттары үшін және екіншісі - бояуларды дайындау үшін екі үй-жай ескеріледі.
      Бояу камерасының өлшемдері жұмысшының боялатын бұйымға қолайлы жақындауын қамтамасыз етуі тиіс. Камераның қабырғасы мен боялатын бұйымның арасындағы өтпе жолдардың ені ең кемі 1,2 м болады.
      Бояу камералары боялатын бұйымдарды жылжытуға арналған құрылғылармен (тасымалдағыштармен, арбалармен, көтергіштермен) жабдықталады.

      74. Боялған бұйымдарды ыстықпен кептіруге арналған камералар, плюс 45 о С аспайтын камераның сыртқы температурасын қамтамасыз ететін сенімді жылу оқшаулағышымен жабдықталуы тиіс. Егер бояу жұмысы бояу камераларынсыз немесе ашық ойықтары бар камераларда жүзеге асырылатын болса, онда бояу үй-жайына (сабақтас үй-жайдан) кіретін қақпалардың ойықтары, ұзындығы 20 см ұлғайтылған қақпалардың енінің жартысына тең шлюз тамбурымен жабдықталады.

      75. Автокөлік құралдарын жууға арналған алаңдарда, орналасуы ағынды сулардың ұйымның аумағына келуін болдырмайтын қабылдау құдықтары мен науалар жағына қарай ылди болады.
      Автокөлік құралдары жуылатын посттар басқа посттардан бу оқшаулағышы және суға төзімді қабаты бар тұтас қабырғалармен бөлінеді.

      76. Қабатаралық ойықтар қоршалуы тиіс. Қанаттардың биіктігі аралық көлденең элемент біреу болған кезде ең кемі 90 см болуы тиіс, қанаттардың төменгі бөлігінің еденнен ең кемі 10 см ернеулі жиегі болады.

      77. Егер жалпы өндірістік үй-жайда технологияға сәйкес зиянды заттар (газ, шаң, бу), сондай-ақ жылу мен шу бөлінетін жұмыстардың учаскелері көзделсе, онда олар жеке оқшауланған үй-жайларда орналасады.

      78. Автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған, технология бойынша қозғалтқыштың жұмысы көзделетін посттар жергілікті ауа тарту құрылғыларымен жабдықталады.

      79. Тұйықталған қарау жыралары қатарлас орналасқан кезде, олар ені кемінде 1 м және биіктігі кемінде 1,8 м тоннельдер мен траншеялар арқылы қосылады. Тура ағу үлгісіндегі жыраға кіру және одан шығу тоннель арқылы жүзеге асырылады. Өтпе көпірше де болып табылатын алаңы бар жылжымалы сатыны қолдануға рұқсат етіледі.
      Жыралардың өлшемдері автокөлік құралдарының үлгісіне және қолданылатын технологиялық жабдыққа байланысты белгіленеді.

      80. Траншеялардың және жыралар мен траншеялардың шығыстарын биіктігі ең кемі 90 см металл қанаттармен қоршау қажет.
      Траншеялар мен тоннельдердің, ені 70 см басқышты саты бойынша үй-жайларға шығысы болуы тиіс. Шығыстардың саны жырадағы автомобиль орындарының санына байланысты: беске дейін бір шығыс, бестен асса, қосымша әрбір он автомобильге бір шығыстан белгіленеді.

      81. Жеке тұйықталған жырадан үй-жайға басқышты саты бойынша шығыс автокөлік құралдарының кіретін жағына қарама-қарсы жақтан болуы тиіс. Бір шығыс болған кезде жыраны қосалқы шығыс үшін оның қабырғаларына бекітілген қапсырмалармен қосымша жабдықтайды.

      82. Жүретін жыралардан, траншеялардан және тоннельдерден шығатын сатылар автокөлік құралдары жүретін жолдарға қойылмайды.

      83. Қарау жыралары, оларды қосатын тоннельдер мен траншеялар, сондай-ақ оларға келетін сатылар ылғал мен жер асты суларынан қорғалады.

      84. Тұйықталған жыраның ұзындығы кіріс сатысы мен қосалқы шығысты жаппай, тұтас орналасады және жөнделетін (қаралатын) автокөлік құралының өлшеміне байланысты болады.

      85. Жыралардың, траншеялардың және тоннельдердің қабырғалары ашық реңді керамика плиткалармен қапталуы, жарық беру аппаратурасын, қосалқы бөлшектерді және құралдарды орналастыруға арналған сөрелермен жабдықталады. Траптар болған кезде жыралардың, траншеялардың және тоннельдердің едендерінде трап жаққа қарай 2 % ылди болады.

      86. Таспалы конвейерлермен жабдықталған жыраларды қоспағанда, байқау жыралары мен эстакадалардың барлық ұзындық бойынша бағыттаушы қырлары немесе автокөлік құралының жыраға немесе ол жылжыған кезде эстакададан құлауынан сақтайтын басқа құрылғылары болады. Тұйықтық байқау жыраларында автокөлік құралының доңғалақтарына арналған қосымша тұрақты тіреулер болады.
      Байқау жыралары, траншеялар және тоннельдер таза күтіп ұсталады, бөлшектер мен түрлі заттар үйіліп жатпайды. Жыраның еденінде берік ағаш шарбақтар орнатылады.
      Байқау жыралары мен траншеялардың өтетін жерлерінде, ені кемінде сексен сантиметр жиналмалы өтпе көпірлер болады. 

      87. Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету мен жөндеуге арналған үй-жайлар технологиялық талапқа сәйкес доңғалақтардың астына қойылатын тіреулермен (башмақтармен), тіреуіштермен, көтергіштермен жарақталады.
      1 м және одан артық биіктікте (еден деңгейінің үстінде) орналасқан жұмыс орындары мен алаңдар биіктігі кемінде 90 см бір ортааралық көлденең элементі бар қанаттармен және еденнен кемінде 10 см биіктіктегі тұтас бүйірлік қаптамамен қоршалады.

      88. Газ баллондарын куәландыру және сығылған табиғи газбен жұмыс істейтін автокөлік құралдарының отын жүйелерін сынау пунктінің үй-жайы, сондай-ақ оның жабдығы белгіленген талаптарға сәйкес келеді.

      89. Газбен қоректендіру жүйесінің приборларын тікелей автокөлік құралдарында реттеуге арналған үй-жай басқа өндірістік үй-жайлардан бөлектенеді.

  &6. Ұйым аумағы бойынша автокөлік құралдарының
жүріп өтуіне қойылатын талаптар

      90. Сыртқы және ішкі қақпалар, егер олар адамдарды көшіруге арналмаса, механикалық немесе автоматты түрде ашылуы және жабылуы мүмкін. Ұйым аумағына кіру саны ауысымына бестен кем келген кезде қақпалар қолмен ашылады.
      Өндірістік үй-жайлардың жарма қақпалары сыртқа, ал ұйымның аумағына кіру және одан шығу үшін - ішке ашылады.

      91. Автокөлік құралдарының цокольдық немесе үй асты қабаттарынан ғимараттың бірінші қабаты арқылы шығуына (кіруіне) рұқсат етілмейді (бөлек сыртқы қақпалар арқылы ғана рұқсат етіледі).

      92. Көтерілетін қақпалар, тростар үзілген немесе көтеру және түсіру тетігі бұзылған кезде қақпаларды көтерілген күйде ұстап тұруды қамтамасыз ететін ұстағыштармен (фиксаторлар) жабдықталады.

      93. Сыртқы ауаның орташа айлық температурасы ең суық айда минус 15 о С және төмен ауданда орналасқан ұйымның негізгі өндірістік үй-жайларындағы сыртқы қақпалар жылу бүркемесімен, ал 25 о С төмен температура кезінде қосымша шлюз тамбурымен жабдықталады.

      94. Өндірістік үй-жайлардың кірістерінде табалдырықтар мен шығыңқы жерлер болмауы тиіс. Кіріс ылдиы 5 % аспайды.

      95. Оннан астам қызмет көрсету посттары немесе елуден астам автокөлік құралының сақталуы көзделетін өндірістік үй-жайлардың ең кемі екі қақпасы болады.

  &7. Жанармай-жағармай материалдарын құю, газ
шығаратын және құятын пункттерге қойылатын талаптар

      96. Ұйымның аумағында орналасатын жанар-жағармай материалдарын құю пункттері қолайлы және қауіпсіз құюды қамтамасыз етеді және ҚНжЕ мен ЭҚЕ талаптарына сәйкес келеді.
      Құю пунктінде бірнеше құю колонкалары болған кезде олар автокөлік құралдарының бір уақытта барлық колонкаларға қауіпсіз келуі мен толтырылуын қамтамасыз ететіндей болып орналастырылады.

      97. Құю пункті аумағының жоспарлануы және су қабылдау құрылғыларының орналасуы ағынды сулар мен мұнай өнімдерінің осы аумақтың шегінен шығуын болдырмайды. Тарату колонкаларының жанындағы жолдардың төсемі соққы тиген кезде ұшқын шашуды болдырмайды және мұнай өнімдерінің әсеріне шыдамды және өрттен қауіпсіз болады.

      98. Құю пункттерінде көрнекті жерде автокөлік құралдарын толтыру кезіндегі қауіпсіздіктің негізгі ережелері ілінеді.
      Жылжымалы құю пункттері ғимараттар мен құрылыстарға 12 м жақын орнатылмайды.

      99. Сығылған табиғи газды шығаруға немесе сұйытылған мұнай газын құюға арналған бекеттер белгіленген талаптарға сәйкес болады және олар автокөлік құралдарының биіктігінен асатын тұтас жанбайтын қоршаумен бөлінетін жағдайда бір алаңда орналасуы мүмкін.

      100. Алаңнан ғимараттар мен құрылыстарға дейінгі қашықтық олардың өртке төзімділік дәрежесіне байланысты ең кемі 9 м болады, ал жер асты және отын тарату колонкаларынан ең кемі 6 метр болады.

  &8. Қоймалық үй-жайларға қойылатын талаптар

      101. Жалпы мақсатқа пайдаланылатын қоймалар мен зат қоятын бөлмелер арнайы бөлінген үй-жайларда орналасады және хатпен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сәулетінің 1992 жылғы 6 қаңтардағы АК-6-20-19 хатымен бекітілген "Қоймалық ғимараттар" туралы ҚНжЕ 2.11.01-85 сәйкес келеді.

      102. Жанар-жағармай материалдарына, бояуларға, еріткіштерге және басқа тез тұтанатын материалдар мен сұйықтықтарға арналған қоймалар жанбайтын оқшауланған, сыртқа тікелей шығысы бар үй-жайларда орналасады.

      103. Кальций карбидін сақтауға арналған қойма жанбайтын материалдардан жасалады, жеңіл алынатын жабыны, құрғақ, жақсы желдетілетін болады. Кальций карбиді 300 килограммнан (бұдан әрі - кг) аспайтын мөлшерде арнайы ыдыста сақталады.

      104. Газы бар баллондарды сақтауға арналған қойма жеңіл үлгідегі жабыны бар, шатырдағы үй-жайларсыз бір қабатты болады. Қойманың қабырғалары жанбайтын материалдардан болады, терезелері мен есіктері сыртқа ашылады. Қоймалық үй-жайдың биіктігі ең кемі 3,25 м болады.

      105. Оңай тұтанатын және жарылыс қаупі бар заттарды сақтауға арналған қоймалардың едендері, оларға металл заттар соғылған кезде ұшқын шығаруды болдырмайтын материалдардан дайындалады.

      106. Қоймалар мен зат қоятын бөлмелердің өлшемдері оларда сақталатын материалдарды еркін алуды қамтамасыз етеді.
      Қоймалардағы сөрелер берік, орнықты және ғимараттардың конструкцияларына бекітіледі. Сөрелердің арасындағы жолдардың ені кемінде 80 см болады.

      107. Ыңғайлы және қауіпсіз жұмыс үшін қоймалар шағын механизацияның құралдарымен (жүк көтергіш, монорельс, арқалық кран), сатылармен, сондай-ақ өрт қауіпі бар және улы заттарды құю мен босатуға арналған құралдармен жабдықталады.

      108. Ацетилен және оттегі баллондарына арналған қоймалар бөлек, бөгде адамдар кіре алмайтындай болады. Баллондар қақпақпен бұрап бекітіледі және вентильдерінің штуцерлерінде тығындары бар тік күйінде сақталады. Баллондар жалғастырғыштармен немесе шынжырлармен берік бекітіледі және тура түскен күн сәулесінің әсері мен жылытқыш аспаптар және құрылғылардың әсерінен қорғалады.

      109. Оттегі баллондары - көгілдір түске, ацетилен баллондары - ақ түске, ал сұйытылған газы бар баллондар қызыл түске боялады.
      Ацетилен және оттегі баллондарын, сұйытылған газы бар баллондарды, сондай-ақ кальций карбидін, бояуларды және майларды бірге сақтауға рұқсат етілмейді. Өзара әрекеттесетін заттар бөлек сақталсын.

      110. Ұйымның қоймасына түскен барлық материалдар (лактар, бояулар, еріткіштер, қышқылдар) олардың төлқұжаты болған кезде ғана қабылдануы және берілуі тиіс. Оларды сақтауға арналған барлық ыдыста ішіндегі материалдың тура атауы бар таңбалық (жазба қағаз) болады.

  5. Жарықтандыру және электр қауіпсіздігі

  &1. Үй-жайларды жарықтандыруға қойылатын талаптар

      111. Өндірістік, қосалқы және тұрмыстық үй-жайлардағы табиғи жарық Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс істері жөніндегі комитетінің 2003 жылғы 27 тамыздағы N 342 бұйрығымен бекітілген "Табиғи және жасанды жарық" туралы ҚНжЕ 2.04-05-2002 (бұдан әрі - "Табиғи және жасанды жарық" туралы ҚНжЕ 2.04-05-2002), ҚР 08-97 ӨҚЕ талаптарына сәйкес келеді.

      112. Автокөлік құралдарын сақтауға арналған үй-жайлар, қоймалық үй-жайлар, сондай-ақ жұмыс істеушілер тұрақты болуы талап етілмейтін басқа үй-жайлар табиғи жарықсыз болуы мүмкін.

      113. Күн түсетін жаққа қараған терезелер тура түскен күн сәулесінің әсерінен қорғауды қамтамасыз ететін құрылғылармен жарақталады. Терезелер мен жарық түсетін басқа ойықтарды материалдармен, жабдықпен, ағаштармен көлегейлеуге рұқсат етілмейді.
      Жоғарғы шамдардың жарық түсетін ойықтары шегенделген әйнекпен шыныланады немесе шамның астында, әйнекті түсіп кетуден қорғау үшін металл тор ілінеді.
      Өндірістік үй-жайларда терезе әйнектері мен шамдарды кірден тазарту мынадай мерзімдерде: едәуір кірлегенде - жылына кемінде төрт рет, шамалы кірлегенде - жылына кемінде екі рет тұрақты жүргізіледі.
      Әйнектерді тазалау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін құралдарды (баспалдақ-саты, төсеме тақталар) пайдаланылады.

  &2. Жасанды жарық беруге, электр
жабдығына және сымға қойылатын талаптар

      114. Ұйымдағы әкімшілік мамандардың арасынан тұтынушылар электр қондырғыларының ЭҚЕ, ТПЕ және ТҚЕ орындауын қамтамасыз ететін, барлық электр шаруашылығының жалпы жай-күйі мен пайдаланылуы үшін жауапты тұлғаны тағайындайды.

      115. Үй-жайлар мен жұмыс орындары жұмыстардың қауіпсіз орындалуы, адамдардың болуы мен жүруі үшін жеткілікті жасанды жарықпен және Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс істері жөніндегі комитетінің 2003 жылғы 20 қаңтардағы N 17 бұйрығымен бекітілген "Табиғи және жасанды жарықтандыру" ҚНжЕ 2.04-05-02, "Электр техникалық құрылғылар" ҚнжЕ 4.04-06-02, электр қондырғыларының ЭҚЕ, ТПЕ және ТҚЕ және тиісті МЕМСТ талаптарына сәйкес қамтамасыз етіледі.

      116. Өндірістік үй-жайлар мен жұмыс орындарында шырақтар осы Ережеге 6-қосымшада көрсетілген нормалар бойынша жарықтандыруды қамтамасыз ететіндей орнатылады.

      117. Өндірістік үй-жайлардағы жарық тұтынушылар электр қондырғыларының ЭҚЕ, ТПЕ және ТҚЕ талаптарына сәйкес орындалады. Сыртқы жарықты ғимараттардың ішіндегі жарықты басқарудан тәуелсіз басқаруға болады.
      Ұйымның өндірістік объектілерінің, автокөлік құралдары жолдарының жарықтандырылуы кемінде 2 люкс (бұдан әрі - лк) болады.

      118. Шам мен жарық беру шегенін тазалау ұйымда бекітілген кесте бойынша, жер жағдайы мен өндірістік учаскелерге байланысты жүргізіледі. Одан басқа, шегенді тазалау шамдарды ауыстырған кезде жүргізіледі.
      Авариялық жарық ЭҚЕ талаптарына сәйкес орындалады. Жарық беруді тоқтату тетіктердің қалыпты қызмет көрсетуін бұзу салдарынан жарылыс, өрт немесе улану туындауы мүмкіндігінен рұқсат етілмейтін үй-жайлардағы жұмысты жалғастыруға арналған авариялық жарық жұмыстық беттің, бұл үй-жайлардың жалпы жұмыстық жарығы үшін белгіленген норманың кемінде 50 %, бірақ кемінде 2 лк жарықтандырылуын қамтамасыз етеді.

      119. Адамдарды көшіру үшін авариялық жарықты жұмыс істейтіндердің саны елу адамнан астам, адамдар өту үшін қауіпті жерлерде, адамдарды көшіру үшін қызмет ететін негізгі жолдар мен сатыларда орнатады, ол еденнің, негізгі жолдар мен сатылардың басқыштарының үй-жайларда кемінде 0,5 лк және ашық алаңдарда кемінде 0,2 лк жарықтануын қамтамасыз етеді.

      120. Авариялық жарықтың шырақтары жұмыстық жарыққа тәуелсіз, жұмыстық жарықтың кенеттен сөнген кезінде өздігінен қосылатын желіге қосылады.

      121. Сығылған табиғи газбен жұмыс істейтін автомобильдерді сақтауға арналған үй-жайларда, сондай-ақ оларға техникалық қызмет көрсету мен жөндеуге арналған, көлемі 31000 м 3 аз үй-жайларда ПАТ-1 қоспасының санаты мен тобына арналған авариялық жарық көзделеді.
      Бұл үй-жайларда авариялық вентиляцияның, авариялық жарықтың, сондай-ақ газды ортаны бақылау жүйесінің электр қорегі электрмен жабдықтау сенімділігінің бірінші санаты бойынша көзделеді.

      122. Жарық беру шегені өндірістік үй-жайларында да жұмыс орындарында да тұтынушылар электр қондырғыларының ТПЕ және ТҚЕ талаптарына сәйкес қолданылады.

      123. Қауіптілігі жоғары және аса қауіпті үй-жайларда жалпы жарықтандыру кернеуі 220 Вольт (бұдан әрі - В) қыздыру шамдары мен газразрядты шамдары бар шырақтарды 2,5 м кем биіктікке орнатқан кезде, конструкциясы құрал қолданусыз шамды алуға болмайтын шырақтарды қолдану қажет. Шыраққа жүргізілетін электр сымы металл құбырларда, металл шлангыларда немесе қорғау қабықтарында болады. Кабельдер мен ашық сымдарды кернеуі 42 В-тан аспайтын қыздыру шамдары бар шырақтарды қоректендіру үшін ғана пайдаланады.

      124. Кернеуі 127-220 В люминисцентті шамдары бар шырақты еденнен кемінде 2,5 м биіктікте, олардың ток жүретін бөліктері кездейсоқ жанасу үшін мүмкін болмау шартымен орнатуға рұқсат етіледі.

      125. Жергілікті және жалпы жарықтандыратын қыздыру шамдары мен люминисцентті шамдардың, жұмыс істеушілерді көрмей қалудан қорғайтын абажур-шағылдырғыштары болады. Жергілікті жарықтандыратын шырақтардың конструкциясында жарықтың бағытын өзгерту мүмкіндігі көзделеді.

      126. Қолданылатын кернеу, тұтынушылар электр қондырғыларының ТПЕ және ТҚЕ талаптарына сәйкес үй-жайдың класына сәйкес келеді.

      127. 12-42 В штепсельдік розеткалар 127-220 В розеткалардан ерекшеленеді, 12-42 В айыр тетік 127-220 В розеткаларға үйлеспейді.

      128. Дымқыл, аса дымқыл, ыстық және химиялық белсенді ортасы бар үй-жайларда жергілікті жарықтандыру үшін люминисцент лампаларды қолдану арнайы конструкциялы арматурада ғана рұқсат етіледі.

      129. Қауіптілігі жоғары және аса қауіпті үй-жайларда тасымалданатын шырақтарды қоректендіру үшін 42 В аспайтын кернеуді қолдану қажет. Тасымалданатын шырақтар механикалық зақымдалудан қорғалады.

      130. Электр тоғымен жарақаттану тарлықпен, жұмыс істеушінің ыңғайсыз күйімен, жерге қосылған беттіктермен (қазандықтардағы, сыйымдылықтардағы жұмыс) жанасуымен аса қолайсыз жағдайлар болған кезде, тасымалданатын шырақтарды қоректендіру үшін 12 В аспайтын кернеуді қолданады.

      131. Жарылыс қауіпі бар үй-жайларда жарылыстан қорғайтын етіп жасалған шырақтар, ал өрт қауіпі бар үй-жайларда ылғал өтпейтін және шаң өтпейтін, жабық етіп жасалған шырақтар қолданылады.

      132. Тексеру орнының жарығы ЭҚЕ мынадай талаптарына сәйкес орындалады:
      1) электр сымы түтік ажыратқышта орындалады;
      2) жарық беретін арматура мен коммуникациялық аппаратура қорғайтын етіп жасалады;
      3) қолданылатын кернеу ЭҚЕ талаптарына сәйкес болады.

      133. Барлық электр жабдығы сенімді түрде жерге немесе нөлге қосылады.

      134. Профилактикалық сынақтардың көлемі мен мерзімдері электр қондырғылардың ТПЕ және ТҚЕ талаптарына сәйкес орындалады.

      135. Қорғағыш жерге қосылудың қалқандары мен сымдары тексеру үшін қол жеткізіледі және қара түске боялады.

      136. Ұшқын шашырауды, қысқа тұйықталуды және сымдардың қызып кетуін, сондай-ақ электр сымдарының салбырап қалуын, олардың өзара немесе ғимараттың элементтерімен және түрлі заттармен жанасуын туғызатын ақаулықтар дереу жойылады.

      137. Сақтандырғыштардың калибрлі балқығыш ендірмелері болады.

      138. Жарылыс және өрт қауіпі бар үй-жайларда қолданылатын электр қозғалтқыштары жарылыстан қорғайтын етіп орындалуы тиіс.

      139. Жеңіл тұтанатын және жарылыс қауіпі бар материалдар, сұйықтықтар мен газдар тұрған, сондай-ақ жарылыс қауіпі бар газдар мен шаң бөлінетін үй-жайларда күш және жарық беретін жабдық, сым ЭҚЕ талаптарына сәйкес орындалады.

      140. Шаң бөлінуі мүмкін цехтарда қорғайтын етіп орындалған сөндіргіштер, рубильниктер, сақтандырғыштар және т.с.с. қолданылады. Жалпы жарық беруді басқару орталықтандырылған болады.

      141. Жасанды жарықты пайдалану кезінде:
      1) қолдан жасалған балқығыш ендірмелерді ("жучоктар") қолдануға;
      2) ашық люминисцентті шамдар мен қыздыру шамдарын қолдануға;
      3) бұл үй-жайларда сөндіргіштерді, рубильниктерді, сақтандырғыштарды, бөліп таратқыш қалқандарды орнатуға;
      4) ашық үлгідегі рубильниктерді қолдануға; 
      5) электр сымдары мен сөндіргіштерге қандай бір заттарды ілуге, электр шамдарын қағазбен немесе матамен орауға;
      6) өндірістік және басқа үй-жайларда, электр жүйесін жөндеу және қайта жаңарту жағдайларын қоспағанда, уақытша электр сымын қоюға;
      7) трансформаторлық кіші станцияларға (бұдан әрі - ТКС), реле қондырғыларына (бұдан әрі - РҚ) кірісті, күш беретін құрамаларға, жарықтандыру қалқандарына, есептеу аспаптарына баратын жолдарды үйіп тастауға рұқсат етілмейді.

      142. Уақытша электр сымы электр қондырғыларының ТПЕ және ТҚЕ талаптарына толық сәйкестікпен орындалады.

      143. Өндірістік үй-жайлардағы электр тарату шкафтарының есіктері құлыппен жабылады, оның бір кілті электрикте, ал екіншісі бөлімше басшысында, белгіленген орында сақталады.

  6. Сумен жабдықтау және кәріз

      144. Өндірістік объектілер шаруашылық-ауыз су, өрт сөндіру және өндірістік су құбырларымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сәулетінің 1992 жылғы 6 қаңтардағы АК-6-20-19 хатымен бекітілген "Ғимараттардың ішкі су құбыры және кәрізі" туралы ҚНжЕ 2.04.01-85 нормалары мен Қазақстан Республикасының басқа нормативтік актілеріне сәйкес фекальдық және өндірістік кәрізбен жабдықталады.

      145. Ішкі шаруашылық-ауыз су құбырын өндірістік және қосалқы ғимараттарда орнату орталықтандырылған сумен жабдықтау көзі жоқ кезде және бір ауысымда 25-тен аспайтын адам жұмыс істеген кезде міндетті болып табылмайды, бұл жағдайда ауыз сумен қамтамасыз ету жергілікті шарттарды ескере отырып жүзеге асырылады.

      146. Қоршаған ауаның температурасы 0 о С төмен кезде автомобильдерді қолмен жуған уақытта судың температурасы плюс 12 о С төмен және плюс 60 о С жоғары болмайды.

      147. Кәріз жүйесіне қосылуға мүмкіндігі жоқ ұйымдарда санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес сыртқы аулалық әжетханалар орнатылады.
      Кәрізге қосылмаған учаскелерде орнатылған тұрақты үлгідегі сыртқы әжетханалар топырақты, су жүретін көкжиекті, құбырларды, құдықтарды ластамауы және өндірістік үй-жайлар мен тамақтану блогына 25 м алыс орнатылуы тиіс. Бұл әжетханалар жылдың суық мезгілінде жылытылуы және тәуліктің қараңғы кезінде жарықтандырылуы тиіс.

      148. Ұйым ауданында кәріздік желі жоқ кезде, ұйымның ағынды суын тазалау, сондай-ақ оларды жіберу орындарын таңдау экологиялық талаптарды сақтай отырып жүргізіледі.

      149. Ағынды суларды шығару шарттары мен тазалау әдісі тиісті аудандағы санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органымен келісілді.

      150. Автокөлік құралдарын жуудан, автокөлік құралдарын сақтауға немесе қызмет көрсетуге арналған үй-жайлардағы едендерді жуудан аққан, құрамында жанғыш сұйықтар мен өлшенген заттар бар сулар кәріздік желіге жіберудің алдында жергілікті тазалау қондырғыларында тазартылады.
      Автокөлік құралдарын жуудан аққан суларды тазартқаннан кейін өлшенген заттар мен мұнай өнімдерінің көлемі шектік рұқсат етілген шоғырланудан аспайды.

      151. Өткізгіш қабілеті секундына бір жарым литрден артық тазалау қондырғыларын тұнбадан тазарту механикаландырылған болады. Тұнбалар мен жиналған мұнай өнімдері тазалау құрылыстарынан, олардың жиналған шамасы бойынша жойылады. Бензин мен май ұстағыштардың қалыпты гидравликалық қақпағы мен вентиляциясы болады.
      Тұнбаларды, мұнай өнімдерін және ағын суларды (орталандырылған кәріз болмаған жағдайда) шығару жергілікті атқарушы органдармен келісім бойынша анықталған, осы мақсатқа арналған орындарда орындалады.

      152. Ассенизациялық және улы әрі жұқпалы ауру тарататын заттарды тасымалдайтын автомобильдерді жуу үшін сумен жабдықтаудың айналма жүйесін қоюға рұқсат етілмейді.

  7. Жылыту және желдету

      153. Өндірістік, қосалқы және санитарлық-тұрмыстық үй-жайлар "Жылыту, желдету, ауаны баптау" туралы ҚНжЕ 4.02-05-2001 және өндірістік үй-жайлардың шағын климатының санитарлық нормалары бойынша, ҚР ӨСҚ 08-97 талаптарына сәйкес және шағын климаттың санитарлық нормалары бойынша шағын климат пен осы Ережеге 7-қосымшаға сай жұмыс аймағының зиянды заттарының шектік рұқсат етілген шоғырлануын (ШРШ) қамтамасыз ететін жалпы алмастыратын ауа кіру-ауа тарту желдеткішімен және жылыту жүйесімен жабдықталады.

      154. Жылыту жүйесі үй-жайдағы ауаның біркелкі жылуын, жергілікті реттеу мен сөндіру мүмкіндігін, пайдалану қолайлылығын, сондай-ақ жөндеу үшін қол жеткізілімділігін қамтамасыз етеді.

      155. Бумен жылыту жүйесінің қыздырғыш аспаптары шаңнан әрдәйім тазартылып тұратын қаппен қорғалады.

      156. Барлық желдеткіш жүйелер қалыпты күйде болуы тиіс. Егер вентиляциялық жүйенің жұмысы кезінде өндірістік үй-жайлардың ауасындағы зиянды заттардың мөлшері белгіленген нормадан асса, онда сынақ жүргізіледі, ал қажет кезде жүйе қайта жаңартылады.

      157. Сығылған табиғи газбен жұмыс істейтін автокөлік құралдарын қоюға, техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған көлемі 31000 м 3 кем тұрақтарға үй-жайлар жалпы алмасу желдеткішінен басқа, табиғи ауа тартқыштармен және жарылыстан қорғалып жасалған авариялық вентиляциямен жабдықталады.
      Авариялық вентиляция жалпы алмасу желдеткішінен кем емес ауа алмасу еселілігін қамтамасыз етеді.

      158. Өндірістік үй-жайдың ауасындағы газдың шоғырлануы жарылғыштықтың төменгі шегінен 12 % мөлшерге жеткен кезде, газдық ортаның бақылау жүйесі дыбыс және жарық сигналдарын бір уақытта беріп және барлық электр қуатын тұтынушыларды, желдету жүйелері мен авариялық жарық беруді қоспағанда, бөліп тастау арқылы авариялық желдетудің қосылуын қамтамасыз етеді.

      159. Жұмыстан тыс уақытта өндірістік үй-жайларда ауа айналымын жаңартуға арналған ауа кіретін вентиляция пайдаланылады. Ауа айналымын жаңартуға ауа кіретін вентиляцияны пайдалану жұмыс басталғанға дейін кемінде 30 мин уақыт ішінде тоқтатылады.

      160. Автокөлік құралдарын техникалық қызмет көрсету мен жөндеуге арналған барлық үй-жайларда көрнекті жерде және қақпалардан немесе кіретін есіктерден 5-10 м қашықтықта термометрлер қойылады. Кіретін есіктердің жеке жабылуға арналған жарамды механикалық құралдары болады.

      161. Автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету мен жөндеуге арналған, ауада уытты заттар шоғырлануының жылдам ұлғаюы мүмкін үй-жайлар жұмыс аймағындағы әуе кеңістігінің жай-күйін автоматты бақылау жүйесімен және сигнал беру құралдарымен жабдықталады.

      162. Жұмыс аймағына, сондай-ақ тексеру орларына жылдың ауа температурасы плюс 20 о С аспайтын және плюс 16 о С төмен емес суық кезеңінде беріледі. Ауа айналымын жаңарту жұмыс уақытында газдың булары бөлінбейтін үй-жайларда ғана рұқсат етіледі.

      163. Қаптау жұмыстарына арналған үй-жайларда таза ауаны жоғарғы аймаққа бөліп-бөліп беруді көздеген дұрыс.

      164. Газбаллонды автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу аймағындағы жұмыс орындары жалпы алмасу ауа кіру-ауа тартқыш вентиляциясымен және жарылыс қауіпі бар газдың шоғырлану мүмкіндігін болдырмайтын жергілікті вентиляциямен жабдықталады. Электр қозғалтқыштары мен вентиляторлар жарылыстан қорғалып жасалады.

      165. Автокөлік құралдарын жууға арналған үй-жайлар ауа кіру-ауа тартқыш вентиляциямен жабдықталады.

      166. Жалпы алмасу вентиляциясын есептеу кезінде таза ауаның мөлшері қысқы есептік температура кезінде жергілікті сорғыштармен шығарылатын ауаның орнын толтыру үшін жеткілікті болады.

      167. Автомобиль қозғалтқыштарының жұмысын пысықтауға, сондай-ақ техникалық қызмет көрсету және жұмыс істеп тұрған қозғалтқышпен жұмыстар жүргізу көзделген автокөлік құралдарын жөндеуге арналған үй-жайларда пайдаланылған газдарды жою үшін жергілікті ауа тартқыш құрылғылар орнатылады.

      168. Майды қалпына келтіруге, аккумулятор батареяларын жөндеу мен зарядтауға, пластмассадан жасалған бұйымдарды жаншуға, бояу дайындау, бояу, темір соғу, мыспен дәнекерлеу, шанақ және вулканизациялау жұмыстарына арналған үй-жайлар электр қондырғыларын орнату ережесіне сәйкес орындалған механикалық қозғағышы бар жеке ауа келтіргіш-ауа тартқыш вентиляция жүйелерімен, ал қажет кезде қосымша жергілікті ауа тартқыш құрылғылармен жабдықталады.

      169. Бүріккіштің көмегімен автокөлік құралдарын бояуға арналған үй-жайдан шығарылатын ауа сыртқа шығарудың алдында арнайы сүзгілерде (су сүзгілері) тазартылады.

      170. Таза ауаны тарту ластанған ауа шығарылған жерден алыс және қорғалған орындарда жүргізіледі. Ауа кіргізу орны мен ауа шығару орнының арасындағы қашықтық жиырма метр және артық болған кезде кіргізуге және шығаруға арналған саңылаулар бір деңгейде орналасуы мүмкін, ал жиырма метрден кем болған кезде, кіргізуге арналған саңылау шығаруға арналған саңылаудан кемінде алты метр төмен болады.

      171. Шыққан зиянды заттарды шығару үшін үй-жайларда тікелей олардың шығатын жерлерінде жергілікті ауа тартқыш құрылғылар орнату қажет. Терезе вентиляторларын қоспағанда, барлық вентиляциялық қондырғылар жеке үй-жайда орнатылады.

      172. Жұмыс аймағының ауасындағы зиянды заттардың шоғырлануы мынадай шектік рұқсат етілген шоғырланудан аспайды:
      1) ласталған атмосферада отыз минуттан аспайтын жұмыс ұзақтығы кезінде - 1 м 3 -ге 100 миллиграмм (мг);
      2) 15 минуттан аспайтын жұмыс ұзақтығы кезінде - 1 м 3 -ге 200 мг.

      173. Жұмыс аймағы ауасында көміртегі тотығының мөлшері артық жағдайларда қайталанған жұмыстар ең кемі 2 сағат үзіліспен жүргізіледі.

      174. Өндірістік үй-жайларда анықталған зиянды заттардың мөлшері артқан жағдайда, жұмыс тоқтатылады және жұмыс істеушілер үй-жайдан шығарылады.

      175. Өндірістік үй-жайлардың ауасындағы жарылыс қауіпі бар заттардың құрамы төменгі шектен аспайды немесе осы Ережеге 8-қосымшада көрсетілген жарылу шоғырлануының жоғарғы шегінен төмен болады.

      176. Зиянды заттар бөлінетін және желдету тетігі істен шыққан, не қосылмаған өндірістік үй-жайларда жұмыс істеуге рұқсат етілмейді.

      177. Желдету қондырғылары жұмыс беруші бекіткен автокөлік құралдарының келу, кету және жөндеу посттары бойынша олардың қозғалыс уақытын ескере отырып жасалған кесте бойынша жұмыс істейді. Кесте вентиляциялық қондырғыны басқару пультінің жанында болады.

      178. Вентиляция қондырғыларын реттеуді өзгертуге, қосымша қондырғылар мен арналарды қосуға вентиляция қондырғыларын пайдалану үшін жауапты тұлғаның рұқсаты бойынша ғана жол беріледі.

      179. Пайдалануға қосылардың алдында барлық жаңадан жөнделген немесе қайта жаңартылған желдету жүйелері, бапталып сынаудан өтеді, мұны мамандандырылған ұйым белгіленген тәртіппен акті жасау арқылы орындайды.

      180. Жылу беру маусымы басталардың алдында барлық пештер тексеріледі және жөнделеді.

      181. Технологиялық процестер өзгерген кезде, сондай-ақ ауаны ластайтын өндірістік жабдық ауыстырып қойылған кезде осы учаскеде (цехта) қолданылып жүрген желдету қондырғылары жаңа шарттармен сәйкестікке келтіріледі.

      182. Жылыту құрылғыларын пайдалану кезінде:
      1) жылыту аспаптарын қандай бір заттармен немесе материалдармен үйіп тастауға (қоршап тастау);
      2) жылыту аспаптары мен құбырларында материалдарды, мата қиқымдарын кептіруге;
      3) пештердің үсті мен олардың жанында ағаш, көмір, киім және басқа жанғыш материалдарды кептіруге;
      4) жеңіл тұтанатын және жанғыш сұйықтықтармен пеш тұтатуға;
      5) ақаулы пештерді пайдалануға рұқсат етілмейді.

      183. Пайдаланылатын үй-жайларда уақытша пештерді орнатуға рұқсат етілмейді.

  8. Санитарлық-тұрмыстық үй-жайлар
және өндірістік санитария

      184. Автомобиль көлігі қызметкерлері үшін Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс істері жөніндегі комитетінің 2003 жылғы 27 шілдедегі N 342 бұйрығымен бекітілген "Әкімшілік және тұрмыстық ғимараттар" туралы ҚНжЕ 3.02.04-2002 (бұдан әрі - "Әкімшілік және тұрмыстық ғимараттар" туралы ҚНжЕ 3.02.04-2002) талаптарына сәйкес және оларды осы Ереженің 11-қосымшада көрсетілген өндірістік процестердің тиісті тобына жатқызылуын есепке ала отырып санитарлық-тұрмыстық үй-жайлар көзделеді.

      185. Ылғалды жинауды қажет ететін киім шешетін бөлмелерді, жуыну бөлмелерінде және дәретханаларда, сырттағыдан басқа, әйелдердің жеке гигиенасына арналған үй-жайларда, киім тазалауға арналған үй-жайларда қабырғалар, қоршаулар және едендер, оларды оңай тазалауға және жуғыш заттарды қолдану арқылы ыстық сумен жууға мүмкіндік беретін материалдармен қапталады.

      186. Киім шешетін бөлмелер (сырт киімге арналған киім шешетін бөлмелерді қоспағанда), душ бөлмелері, жуыну бөлмелері және дәретханалар ер адамдар мен әйел адамдар үшін бөлек болады. Киім шешетін бөлмелер ашық үлгідегі ілгіштермен немесе сырт, үй және арнайы киімді сақтауға арналған шкафтармен жабдықталады. Киім шешетін бөлмелерде арнайы киім мен арнайы аяқ киімді кептіруге арналған, тиісті жабдықпен жарақталған үй-жайлар болады.

      187. Киімдердің әр түрлерін сақтауға арналған шкафтар, әрқайсысы олардың киім ілгішке арналған штангамен, бас киімдерге, аяқ киімге, туалет бұйымдарына, ал қажетті жағдайларда жеке қорғану құралдарына да арналған орындармен жабдықталған бөлімшелері бар бекітілетін немесе ашық (алдыңғы жағынан қоршалмаған) болады.

      188. Киім шешетін бөлмелердегі киім сақтауға арналған орындардың саны: қызметкерлердің тізімдік санына тең болып белгіленеді.
      1) сырт киім үшін - ең саны көп екі аралас ауысымдарда жұмыс істеушілердің санына тең;
      2) үй және арнайы киім үшін - ұйымдағы.

      189. Кірлеген киімге арналған бөлмені, әдетте, кірлеген киімді бөлмеден тасу басқа тұрмыстық үй-жайлар арқылы өтпейтіндей етіп орналастыру қажет.

      190. Қызметкерлерге жылы арнайы киім берілетін ұйымдарда киім шешетін бөлмелердің жанында, жазғы және қысқы кезеңдерде оны сақтауға арналған бөлмелер көзделеді. Бұл бөлмелерді таза киімге арналған бөлмелермен біріктіруге рұқсат етіледі.

      191. Ауысымға жиырма адамнан аспайтын жұмыс істеушілер мөлшері кезінде өндірістік процестердің бірінші тобы үшін арнайы киім сақтайтын бөлмелер көздемеуге рұқсат етіледі.

      192. Шкафтар бөлімшелерінің төмендегідей өлшемдері болады:
      "Әкімшілік және тұрмыстық ғимараттар" туралы ҚНжЕ 3.02-04-2002 сәйкес тереңдігі - 500 мм, биіктігі - 1650 мм, ені - 250 мм, 330 мм, 400 мм (өндірістік процестердің тобы мен ұйым орналасқан ауданның ауа-райына байланысты).

      193. Киім шешетін бөлмелерде ("1а" тобын қоспағанда) шкафтардың жанында, олардың қатарларының ұзындығы бойынша орналасқан ені 300 мм отырғыштар көзделеді.

      194. Шкафтардың алдыңғы беттері мен қабырға немесе қоршау арасындағы қашықтық өтетін жолдың бір жағындағы қатардағы шкафтар бөлімшелерінің санына байланысты қабылданады:
      1) он сегізге дейін - 1400/1000 мм;
      2) он сегізден отыз алтыға дейін - 2000/1400 мм (бөлімінде отырғышсыз шкафтар қатарларының арасындағы өтетін жолдың ені беріледі).

      195. Өндірістік процестердің әрбір тобы (1а, 2б, 2в, 2г, 3б) үшін жеке киім шешетін бөлмелер жабдықталады.
      Ұйымдағы қызметкерлердің тізімдік мөлшері елу адамға дейінгі кезде өндірістік процестердің барлық топтары үшін ортақ киім шешетін бөлмелер рұқсат етіледі.

      196. Жеке немесе топтық жуыну бөлмелері болуы мүмкін.
      Ұйымда жұмыс істеушілерге арналған жуыну бөлмелері мен душ желілеріндегі крандардың саны өндірістік процестердің топтары мен бір кранға (душ желісіне) келетін есептік санға сүйене отырып белгіленеді.

      197. Өндіріс сипатына байланысты қол жуғыштардың 40 % дейінгі есептік санын өндірістік үй-жайлардағы жұмыс орындарына жақын, сондай-ақ дәретханалардың жанындағы тамбурларда орналастырылады. Әрбір қол жуғыш ыстық және суық су араластырғышымен жабдықталады.

      198. Жеңіл, жүк автомобильдерінің, автобустардың жүргізушілері мен кондукторлары үшін жуыну бөлмелеріндегі, дәретханалардағы еден астауларының, унитаздардың және писсуарлардың крандары ұйымға бір сағаттың ішінде (автокөлік құралдарының бекітілген қайту кестесіне сәйкес) рейстерден қайтқан жүргізушілер мен кондукторлардың ең көп мөлшерінің 50 % тең адам санына сүйене отырып есептеледі.

      199. Жуыну бөлмелерінде сүлгілер мен киімге арналған ілгектер, сұйық сабын үшін ыдыстар немесе кесек сабынға арналған сөрешіктер көзделеді. Қолжуғыштардың жанында әрқашан жеткілікті мөлшерде сабын және құрғақ таза сүлгі немесе электр сүлгісі болады.

      200. Зиянды заттар теріге әсер етуі мүмкін ұйымдарда қызметкерлер жуып тазалағыш және залалсыздандырғыш заттармен қамтамасыз етіледі. Бұл мақсат үшін кір жуатын ұнтақтарды пайдалануға рұқсат етілмейді.

      201. Душ бөлмелері үш жағынан қоршалған ашық кабиналармен жабдықталады. Кабиналар ылғалға төзімді материалдардан жасалған, еденге 20 см жетпейтін, еденнен 1,8 м биіктіктегі қоршаулармен бөлінеді. Жоспардағы ашық душ кабиналарының өлшемдері 90 см-ге 90 см-ден кем болмайды. Душ кабиналарының 20 % дейінгі мөлшері жабық етіп көзделеді. Кабиналардың жайластырылуы "Әкімшілік және тұрмыстық ғимараттар" туралы Қазақстан Республикасының ҚНжЕ 3.02-04-2002 сәйкес келеді.

      202. Душ бөлмелерінің жанында бумен қыздырынатын үй-жайлар мен шағын бассейндер орнатылуы мүмкін.

      203. Сүртінуге және киім ауыстыруға арналған душтың кіреберіс бөлмелері бір душ желісіне ені 30 см және ұзындығы 80 см отырғыштармен жабдықталады. Отырғыштар қатарларының арасындағы қашықтық кемінде 1 м болады.

      204. Өндірістік ғимараттардағы жұмыс орындарынан дәретханаларға, темекі шегетін бөлмелерге, жылынатын үй-жайларға, ас сумен жабдықтау құрылғыларына дейінгі қашықтық 75 м аспайды, ал ұйымның ашық алаңдарындағы жұмыс орындарынан 150 м аспайды.

      205. Дәретханалардағы санитарлық аспаптар - унитаздар мен писсуарлардың мөлшері, адам саны ең көп ауысымда 15 адамға бір санитарлық прибор есебінен қабылданады. Дәретханаға кіріс тамбур арқылы болады. Дәретханалардың жанында төрт унитаз бен төрт писсуарға бір қолжуғыш, бірақ әрбір дәретханаға ең кемі бір қолжуғыш есебінен қолжуғыштар көзделеді. Ер адамдарға арналған дәретханаларда жекелерінің орнына қабырғаға ілінетін шайғышы бар науалы писсуарлар қолдануға рұқсат етіледі.

      206. Адам саны ең көп ауысымда жұмыс істейтін әйелдердің саны он бестен жүзге дейін болған кезде ұйымда гигиеналық душқа арналған үй-жай (әйелдер дәретханасында орналасатын, тамбурдан дәретханаға кірісі бар жоспардағы өлшемі 1,8 м-ге 90 см кабина) көзделеді.

      207. Темекі тартуға арналған бөлменің ауданы адам саны ең көп ауысымда бір қызметкерге 0,03 м 2 , бірақ кемінде 9 м 2 есеппен белгіленеді.

      208. Санитарлық-тұрмыстық немесе өндірістік үй-жайларда демалуға арналған үй-жайлар адам саны ең көп ауысымда, осы үй-жайды пайдаланатын бір қызметкерге 0,02 м 2 , бірақ кемінде 18 м 2 есеппен бөлінеді.
      Қызметкерлердің саны, адам саны ең көп ауысымда отыз адамнан кем ұйымдарда демалуға арналған үй-жайларды ас ішуге арналған үй-жайлармен біріктіріледі. Бұл жағдайда осы үй-жайдың ауданы әрбір отыратын орынға 1,3 м 2 есебінен қабылданады.

      209. Ұйымда жүргізушілерді медициналық тексеруден өткізетін, қол жуғыштар қойылған бөлме бөлінеді. Бөлменің ауданы 12 м 2 кем болмайды.
      Медициналық пункттің ауданы мынадай болып қабылданады:
      1) 12 м 2 - жұмыс істеушілердің 150 адамға дейінгі тізімдік саны үшін;
      2) 18 м 2 - жұмыс істеушілердің 150-ден 300 адамға дейінгі тізімдік саны үшін.
      Қызметкерлердің тізімдік саны үш жүз адамнан астам ұйымдарда, құрамы және ауданы "Әкімшілік және тұрмыстық ғимараттар" туралы Қазақстан Республикасының ҚНжЕ 3.02-04-2002 сәйкес қабылданатын фельдшерлік және дәрігерлік денсаулық сақтау пункттері көзделеді.

      210. Қызметкерлердің тізімдік саны үш жүз адамнан аз ұйымда медициналық пункттер көзделеді.

      211. Адам саны ең көп ауысымда қызметкерлердің саны 200 адам және артық болған кезде, әдетте, жартылай дайын тағамдармен жұмыс істейтін - асхана, ал жұмыс істеушілердің саны аз кезде, басқа қоғамдық тамақтандыру ұйымдарынан жеткізілетін ыстық ас беретін таратушы асхана (буфет) көзделгені дұрыс.

      212. Адам саны ең көп ауысымда қызметкерлердің саны отыз адамнан кем болған кезде әрбір келушіге 1 м 2 , бірақ 12 м 2 аспайтын есеппен, қолжуғышпен, тұрақты қайнатқышпен, асты ысытуға арналған плитамен, тоңазытқышпен жабдықталған ас ішуге арналған бөлмелерді көздеуге рұқсат етіледі.
      Қажетті жағдайларда жылжымалы асханалар көзделуі мүмкін.

      213. Цехтар мен өндірістік учаскелер тиісті сападағы ас сумен қамтамасыз етіледі. Ас сумен жабдықтау үшін автоматтар көзделеді.

      214. Темір соғатын және басқа ыстық цехтар мен учаскелердің қызметкерлері ауысымдағы бір жұмыс істеушіге 3-5 л су есебінен газды тұздалған (бір литр (бұдан әрі - л) суға 5 граммға дейін ас тұзы бар) сумен жабдықталады.
      Ұйым қызметкерлерді тұщы сумен жабдықтауды жалпы негізде қамтамасыз етеді.

      215. Арнайы киім мен арнайы аяқ киімді жуу, химиялық тазалау және жөндеу үшін ұйымда киім мен аяқ киімді жөндеуге арналған үй-жайлары кір жуатын бөлмелер және химиялық тазалау бөлімшелері арнайы бірге көзделеді.

      216. Ұйымның аумағынан тыс орналасқан автобус жүргізушілеріне қызмет көрсететін диспетчерлік пункттердің "Әкімшілік және тұрмыстық ғимараттар" туралы ҚНжЕ 3.02-04-2002 сәйкес санитарлық-тұрмыстық үй-жайлары болады.

  9. Жабдыққа, құралдар мен саймандарға қойылатын талаптар

  &1. Жабдыққа, құралдар мен саймандарға
қойылатын жалпы талаптар

      217. Жабдық, құралдар және саймандар пайдаланудың барлық мерзімі бойы тиісті МЕМСТ-қа сәйкес, ӨСҚ 08-97, сондай-ақ осы Ереженің қауіпсіздіктің талаптарына жауап береді.

      218. Өндірістік учаскелерде жабдықты орналастырған кезде автомобиль көлігі кәсіпорындарына вибрация мен шу жөніндегі нормалардың тиісті талаптары ескеріледі.

      219. Сайманның, құралдардың істен шығарылуы белгіленген кестеге сәйкес, бірақ бір айда кемінде бір рет жүргізіледі.

      220. Тұрақты жабдық фундаменттерге орнатылады және бұрандалармен мықтап бекітіледі. Қауіпті жерлер қоршалады. Пайдаланған кезде шу мен вибрация туғызуы мүмкін технологиялық жабдықты (сығымдағыштар, сынау стендтері, вентагрегаттар, темір соғатын балғалар) жеке үй-жайларда шоғырландырады және вибрацияны басатын конструкциялар орнатылады.

      221. Жабдықты тоқтатуға және іске қосуға арналған құрылғылар, оларды жұмыс орнынан пайдалану қолайлы болатындай және олардың өздігінен қосылу мүмкіндігін болдырмайтындай етіп орналастырылады.

      222. Барлық электр қозғалтқыштарын, электр жетегі бар жабдықты, сондай-ақ басқару пульттерін мықтап жерлестіру немесе нөлге келтіру қажет. Жерлестірусіз немесе нөлге келтірусіз жұмыс істеуге рұқсат етілмейді.

      223. Егер жабдық аса қауіпті объектілер тізбесіне кірмесе, жаңа немесе күрделі жөндеуден өткен жабдықты пайдалануға жіберу, ұйымның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі қызметкерлерінің және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі аға қоғамдық инспектордың қатысуымен оны комиссия қабылдағаннан кейін ғана жүргізіледі. Пайдаланылатын жабдық ақаусыз болуы тиіс, оның техникалық жай-күйін бас механик пен өндірістік учаскенің басшысы бақылайды.

      224. Жарамсыз жабдыққа учаске басшысы, бұл жабдықта жұмыс істеуге рұқсат етілмейтінін көрсететін тақтайша орнатады. Мұндай жабдық тоқтатылады (жетегі сөндіріледі).

      225. Жабдықпен жұмыс істеу кезінде:
      1) алынған, бекітілмеген немесе жарамсыз қоршаумен жұмыс істеуге;
      2) жабдықты тазалауға, майлауға немесе жөндеуге рұқсат етілмейді.

      226. Электр тельферлері, лебедкалар және агрегаттар мен ауыр бөлшектерді жылжыту үшін қолданылатын басқа жабдықтың "Сигнал беру түстері мен қауіпсіздік белгілері. Жалпы техникалық шарттары мен қолдану тәртібі" туралы ҚР МЕМСТ 12.4.026-2002 бойынша ашық бояуы (сары фондағы қара жолақтар) болады.

      227. Жабдыққа орнатылған манометрдің циферблатында, шектік жұмыстық қысымға сәйкес келетін қызыл сызық жүргізілуі тиіс. Сызықты манометрдің шынысына жүргізіледі.

      228. Қысыммен жұмыс істейтін және автомобиль көлігі ұйымдарында қолданылатын ыдыстар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік техқадағалау органы 1994 жылғы 21 сәуірдегі бекіткен Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды орнату және қауіпсіз пайдалану ережесіне сәйкес пайдаланылады.

  &2. Сығымдағыш қондырғыларға, ауа құбырларына
және газ құбырларына қойылатын талаптар

      229. Қысыммен жұмыс істейтін сығымдағыштар, ауа құбырлары және газ құбырлары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік техқадағалау органы 1996 жылғы 25 қазандағы бекіткен Тұрақты сығымдағыш қондырғыларды орнату және қауіпсіз пайдалану ережесінің (бұдан әрі - Тұрақты сығымдағыш қондырғыларды орнату және қауіпсіз пайдалану ережесі) талаптарына сәйкес пайдаланылады.

      230. Сығымдағыш қондырғылар жеке үй-жайларда орнатылады. Бұл үй-жайларда технологиялық және конструкциялық жағынан байланысты емес аппаратура мен жабдықты орналастыруға рұқсат етілмейді.

      231. Жұмыс өнімділігі минутына 10 м 3 дейінгі оннан сегіз мегапаскаль (бұдан әрі - МПа) қысымы бар жеке сығымдағыш қондырғылар өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік уәкілетті органдарының аумақтық бөлімшелерінің және еңбек қауіпсіздігі мен еңбек қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның жазбаша рұқсатымен көп қабатты өндірістік ғимараттардың төменгі қабаттарында, арқалықтардың авария жағдайында қирамау мүмкіндігін қамтамасыз ететін жеткілікті есептік беріктігі болған кезде орнатылуы мүмкін. Бұл қондырғылар өндірістік учаскелерден тұтас жанбайтын қабырғалармен бөлінеді.

      232. Сығымдағыштарды тұрмыстық және соларға ұқсас үй-жайлардың астында орнатуға рұқсат етілмейді.

      233. Сығымдағыш үй-жайының есіктері мен терезелері сыртқа ашылады.

      234. Құбырларды орнату, дайындау, қондыру, сынау және қабылдау Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс істері жөніндегі комитетінің 2003 жылғы 20 қаңтардағы N 21 бұйрығымен бекітілген "Технологиялық жабдық және технологиялық құбырлар" туралы ҚНжЕ 3.05.09-2002 (бұдан әрі - "Технологиялық жабдық және технологиялық құбырлар" туралы ҚНжЕ 3.05.09-2002) және Тұрақты сығымдағыш қондырғыларды орнату және қауіпсіз пайдалану ережесіне сәйкес жүргізіледі. Қондырғылардың ажырамас бөлігін құрайтын құбырлар Қазақстан Республикасы ережелерінің талабына (құбырлардың мақсатына қарай) пайдалануға сәйкес қабылданады.

      235. Құбырларда орнатылған арматура қауіпсіз қызмет көрсету мен жөндеу үшін ыңғайлы болуы тиіс. Жұмыс орындарындағы және негізгі жолдар тұсындағы бетінің температурасы плюс 45 о С жоғары аппаратура мен құбырлардың жылу оқшаулағышы болуы тиіс.

      236. Құбырлардың техникалық куәландырылуын ұйымның әкімшілігі құбырларды пайдалану мақсатына қарай Қазақстан Республикасы Ережелерінің талаптарына сәйкес мынадай мерзімдерде өткізеді:
      1) жұмыстық қысымдағы құбырлардың сыртқы тексерісі жылына кемінде бір рет;
      2) құбырлардың беріктігін және саңылаусыздығын гидравликалық сынау пайдалануға қосардың алдында, түйіскен жерлерді дәнекерлеуге байланысты жөндеуден кейін, сондай-ақ ауа құбырларын немесе газ құбырларын, олар жылдан астам тоқтап тұрғаннан кейін жұмысқа қосқан кезде 1,25 жұмыстық, бірақ 0,2 МПа-дан кем емес қысыммен жүргізіледі.

      237. Гидравликалық сынауды жүргізу тәртібі "Технологиялық жабдық және технологиялық құбырлар" туралы ҚНжЕ 3.05.09-2002 сәйкес келеді.

      238. Сығымдағыш қондырғысы мен ауа құбырларын дұрыс және қауіпсіз пайдалануға жауапты тұлғаны ұйым басшысы мамандардың қатарынан тағайындайды.

  &3. Жүк көтергіш тетіктерге қойылатын талаптар

      239. Осы параграфтың талаптары:
      1) крандардың барлық түрлеріне;
      2) жер үсті рельс жолдар бойынша басқару кабинасымен бірлесіп жылжитын электр жүк арбаларына;
      3) қол және электр жүк көтергіштерге;
      4) экскаватор крандарға (ауыспалы аспалы жабдыққа - ілмекті аспасы бар экскаваторлар);
      5) жүк немесе адамдарды көтеруге арналған лебедкаларға;
      6) ауыспалы жүк ұстағыш органдарға (ілгек, грейфер);
      7) жүк көтергіш тетіктің ілгегіне ілінетін ауыспалы жүк ұстағыш құралдарға (строптар, қысқаштар, траверстер) қолданылады.

      240. Жүк көтергіш крандарды орнату және қауіпсіз пайдалану ережелері арнайы пайдаланымдағы жүк көтергіш тетіктерге таралмайды, мысалы, құбыр қойғыштарға, электр және автотиегіштерге, гидро және электр көтергіштеріне, қатарлағыштарға, монтаждық полиспастар мен олар ілінетін конструкцияларға (мачталар, шеврлер, балкалар) қолданылмайды.

      241. Жүк көтергіш тетіктерді пайдаланған кезде оларды куәландыру, күтіп ұстау және қызмет көрсету бөлігінде аталған ережелердің талаптары, сондай-ақ жасаушы зауыттардың пайдалану жөніндегі нұсқауларының талаптары орындалады.

      242. Крандарды өз бетімен қайта жаңартуға және қайта жабдықтауға рұқсат етілмейді.

      243. Крандардың жүк ілгіштері, жүк ұстағыш құралды өздігінен түсіп кетуден сақтайтын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік техқадағалау органы 1994 жылғы 21 сәуірдегі бекіткен Қазақстан Республикасының жүккөтергіш крандарды орнату және қауіпсіз пайдалану ережесінің (бұдан әрі - Қазақстан Республикасының ЖКК ҚП және ОЕ) талаптарына сәйкес сақтандырғыш құлыппен жабдықталуы тиіс.

      244. Грейфер конструкциясы бойынша өздігінен ашылуды және арқандардың орындарынан шығу мүмкіндіктерін болдырмайды (Қазақстан Республикасының ЖКК ҚП және ОЕ 4.1.8. бап.).

      245. Жиналмалы жүк ұстағыш құралдар таңбамен немесе нөмірі, жүк көтергіштігі және сыналған күні көрсетіліп, мықты желімделген металл тақтайшамен жабдықталады.

      246. Жүк, винттік, жебелі стропалары ретінде және стропаларды жасау үшін қолданылатын болат арқандар қолданылып жүрген мемлекеттік стандартқа сай болуы, мемлекеттік стандартқа сай болуы, сыналғаны туралы жасаушы зауыттың сертификаттары куәліктер немесе сертификаттардың көшірмелері (Қазақстан Республикасының ЖКК ҚП және ОЕ 4.2.1. тар.) болуы керек.

      247. Ұшындағы ілгек оны жүк көтеретін тетікке бекіткен Арқанның кезде, сондай-ақ сақиналармен, ілгіштермен және басқа бөлшектермен байланысқан строптың ілгегі арқанның бос ұшын өру арқылы коуш, қысқыштар қоюды қолдану арқылы немесе басқа тексерілген тәсілмен орындалады. Қысқыштардың саны үштен кем болмайды. Қысқыштардың орналасу адымы және арқанның бос ұшының ұзындығы соңғы қысқыштан арқанның алты диаметрінен кем болмайды. Қысқыштарды ыстық (ұстаханалық) тәсілмен орнатуға рұқсат етілмейді.

      248. Жүк көтеретін тетіктерде және стропалар жасау үшін қолданылатын шынжырларда жасаушы кәсіпорынның оларды сынағаны туралы куәлігі болады.

      249. Электрлік жетегі бар жүк көтеретін тетіктер, көтерген кезде де, қозғалған кезде де нысанаға таяған кезде тетікті автоматты түрде тоқтатуға арналған шеттік сөндіргіштермен жабдықталады.

      250. Жебелі крандар жүк көтергіштікті шектегішпен жабдықталады.

      251. Жебелі өзі жүретін крандар, кранның электрлік желі сымдарының немесе электр беру желісінің кернеуі бар сымдарға жақындағаны туралы дыбыстық сигнал беру хабарламасын қосатын аспаппен жабдықталады.

      252. Жүк көтергіш тетікпен еденнен басқаруға арналған түймелі құрылғы корпусы металл троспен ілінеді.

      253. Егер корпус металлдан болса, онда ол кем дегенде екі өткізгішпен жерлестіріледі. Жерлестіретін өткізгіштердің бірі ретінде, түймелі аппарат ілінген трос пайдаланылуы мүмкін.

      254. Бір балкалы немесе екі балкалы жылжымалы крандар орнатылған және тетіктерге қызмет көрсетуге арналған алаңдары бар галереялары жоқ ғимараттарда, тетіктер мен электр жабдығына қолайлы және қауіпсіз баруға мүмкіндік беретін жөндеу алаңдары салынады.

      255. Тұрақты жөндеу алаңдарының құрылғыларының орнына жылжымалы алаңдарды қолдануға жол беріледі.

      256. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдарында мынадай крандар тіркелуге жатпайды:
      1) қол жетегі бар крандардың барлық үлгілері, сондай-ақ жылжыту тетіктерінің қол жетегі болған кезде көтеру тетігі ретінде пневматикалық цилиндр пайдаланылатын крандар;
      2) жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейін қоса алғандағы, кранға ілінген түймелі аппараттың көмегімен еденнен немесе тұрақты пульттан басқарылатын көпірлік үлгідегі және жылжымалы немесе айналмалы консольді крандар;
      3) бір тоннаға дейін қоса алғандағы жүкті көтеруге есептелген жебелі крандар;
      4) тұрақты көтерілуді қажет ететін жұмысқа есептелген немесе айналу немесе жылжу тетігімен жабдықталмаған жебелі крандар.

      257. Қалған крандар, сондай-ақ ілгішпен жұмыс істеуге арналған экскаваторлар және де жер үсті рельс жолдарымен жылжитын басқару кабинасы бар электрлік жүк арбалары оларды жұмысқа қосқанға дейін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдарында тіркеледі.

      258. Пайдаланымдағы барлық жүк көтергіш тетіктер, оның ішінде электр- және автотиегіштер, гидро- және электр көтергіштері, қатарлағыштар Жүк көтергіш крандарды орнату және қауіпсіз пайдалану ережесінің талаптарына сәйкес кезеңді техникалық қайта куәландырудан өтеді және тіркелу нөмірі көрсетілген, соңғы сыналғаннан кейін сыналатын күні мен рұқсат етілген жүк көтергіштігі көрсетілген тақтайшалары болады.

      259. Техникалық куәландыру:
      1) толық - үш жылда кемінде бір рет;
      2) ішінара - бір жылда кемінде бір рет өткізіледі.

      260. Толық техникалық куәландыру кезінде - тексеріс, статикалық және динамикалық сынаулар, ішінара куәландыру кезінде - тексеру ғана жүзеге асырылады.

      261. Жиналмалы жүк ұстағыш құралдар техникалық куәландыру кезінде тексеруден және олардың атаулы жүк көтергіштігінен 1,25 рет асатын жүктемемен сынаудан өтеді.

      262. Жиналмалы жүк ұстағыш құралдар мен ыдысты пайдалану барысында олар белгіленген мерзімдерде:
      1) траверстерді, қысқаштар мен басқа ұстағыштарды және ыдысты тексерген кезде - ай сайын;
      2) строптарды тексерген кезде - әрбір 10 күн сайын кезеңді тексеріледі.

      263. Сирек пайдаланылатын жүк ұстағыш құралдар жұмысқа қосылардың алдында тексеріледі.

      264. Жүк көтеру тетіктерінің қауіпсіз пайдалануын қадағалауды жүзеге асыру үшін Мемтехқадағалау (Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі мемлекеттік инспекциясының аумақтық органы) инспекторының қатысуымен комиссия талаптарды (Қазақстан Республикасының ЖКК ҚП және ОЕ) білуін тексергеннен кейін, ұйым басшысы қолданыстағы тиісті куәлігі бар ұйым мамандарының ішінен ұйымда жүктерді кранмен тасымалдау бойынша жұмыстар жүргізу үшін жауапты тұлға тағайындалады.

      265. Жүк көтергіш тетіктердің дұрыс күйде күтіп ұсталуы үшін жауапкершілік, сондай-ақ олардың уақтылы куәландырылуы мен тексерілуін ұйымдастыру бас механикке немесе қол астында жүк көтергіш тетіктерге қызмет көрсететін қызметкерлері (строптаушылардан басқа) бар Мемтехқадағалау (Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі мемлекеттік инспекциясының аумақтық органы) инспекторының қатысуымен комиссия талаптарды (Қазақстан Республикасының ЖКК ҚП және ОЕ) білуін тексергеннен кейін ұйымның басқа маманына жүктеледі. Мұндай маманның тиісті куәлігі болады және үш жылда бір рет білімін тексеруден кезеңді өтіп тұрады.

      266. Мемтехқадағалау (Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі мемлекеттік инспекциясының аумақтық органы) инспекторының қатысуымен комиссия талаптарды (Қазақстан Республикасының ЖКК ҚП және ОЕ) білуін тексергеннен кейін, қолданыстағы тиісті куәлігі бар ұйым мамандарының ішінен ұйымда жүктерді кранмен тасымалдау бойынша жұмыстар жүргізу үшін жауапты тұлға тағайындалады.

      267. Жекелеген жағдайларда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдарымен келісім бойынша кранмен жүктерді қауіпсіз тасымалдау бақылау бригадирге тапсырылуы мүмкін.

      268. Жүк көтергіш тетіктерді еденнен басқаруды, тиісті оқып үйренуден және жүк көтергіш тетіктерді басқару бойынша жыл сайынғы білімдерін тексеруден өткеннен кейін негізгі кәсіптердің қызметкерлері жүргізеді.

      269. Қол, рычагты-рейкалы домкраттардың, рычагтан немесе тұтқадан күшті босатқан кезде жүктің өздігінен түсуін болдырмайтын жарамды құрылғылары болуы, шток жоғарғы соңғы күйде болған кезде бұраманың немесе рейканың шығып кетуін болдырмайтын тоқтатқыштармен жабдықталады.

      270. Электрлік жетегі бар жарамды құрылғылы домкраттар электр қозғалтқышын автоматты сөндіру үшін соңғы күйдегі (жоғарғы және төменгі) болады.

      271. Гидравликалық және пневматикалық домкраттар мен көтергіштердің жүктерді жылжытқан кезде жұмыс цилиндрлерінен сұйықтық пен ауаның кемуін болдырмайтын тығыз қосындылары болады.

      272. Гидравликалық және пневматикалық домкраттар мен көтергіштердің кері клапандары мен басқа құрылғылары штоктың баяу, бір қалыпты түсуін немесе сұйықтықты (ауаны) келтіретін немесе кетіретін құбырлар зақымдалған жағдайда оның тоқтауын қамтамасыз етеді.

      273. Домкраттарды сынау шектік жүктемеден 10 % артық (төлқұжат бойынша) статикалық жүктемемен шток жоғарғы соңғы күйде болған кезде, он минут бойы жылына кемінде бір рет жүргізіледі.

      274. Гидравликалық домкраттарда сұйықтық қысымының түсуі сынаудың соңына қарай 5 % аспайды. Сынау нәтижелері журналға жазылады.

  &4. Құралдар мен саймандарға қойылатын талаптар

      275. Қол саймандарда (балғалар, кескіштер, тескіштер):
      1) жұмыстық беттерінде зақымдықтар (ойықтар, сынықтар);
      2) бүйір жақтарындағы қолмен қысатын жерлерде қабыршақтар, соғылған жерлер және өткір қырлар;
      3) саймандардың тұтқаларының бетінде қабыршақтар мен жарықтар болмайды, беті тегіс болады;
      4) жұмыс бетінің қызып кеткені болмайды.

      276. Сүйменің ұзындығы ең кемі 150 мм, ал крейцмейсельдің, бородоктың, керннің ұзындығы 150 мм аспайды.

      277. Балғалар мен үлкен балғалар ағаш саптарға кигізіледі және металл сыналармен айырылады, егеулер мен қашаулардың металл сақиналары бар ағаш саптары болады.

      278. Жарамсыз құралдар мен сайманды пайдалануға рұқсат етілмейді.

      279. Кілттердің бастары тозбаған және кетілмеген болады. Бүктемелі кілттердің жылжымалы бөліктері әлсіз болмайды.

      280. Саймандарды алып жүру үшін, егер бұл жұмыс жағдайы бойынша талап етілсе, қызметкерге сумка немесе тасымалдануы жеңіл жәшік немесе арнайы жылжымалы арба беріледі.

      281. Жұмыс басталардың алдында барлық саймандарды тексерген, жарамсыз саймандарды ауыстырған дұрыс.

      282. Электр саймандары сайман сақтайтын бөлмеде сақталуы және алдын ала тексергеннен кейін ғана қызметкерге тиісті МЕМСТ талаптарына сәйкес қорғаныш құралдарымен (резеңке қолғаптар, кілемшелер, диэлектрлік галоштар) бірге беріледі. Қорғаныш құралдарының сынау мерзімдері осы Ережеге 10-қосымшада келтірілген.

      283. Ток жүретін бөліктерінің оқшаулағышы жарамсыз, сондай-ақ жерлестіру құрылғысы жоқ электрлік сайманды пайдалануға рұқсат етілмейді.

      284. Кернеуі 42 В жоғары желіден жұмыс істейтін электрлік сайманның шлангалы сымы немесе көп тармақты иілгіш, ПРГ үлгісіндегі оқшаулағышы бар, 500 В-тан төмен емес кернеуге есептелген сымдары және де ұзартылған жерлестіру түйіспесі бар штепсельдің айыры болады.

      285. Тасымалданатын электр сайманның профилактикалық сыналуы тұтынушылар электр қондырғыларының ТПЕ және ТҚЕ талаптарына сәйкес жүргізіледі.

      286. Ұйымда жасалатын металл тіреуіштердің конструкциясы, оларды жылжытқан кезде сенімділік пен орнықтылықты қамтамасыз етеді. Әрбір тіреуіште шектік рұқсат етілген жүктеме көрсетіледі.

  10. Автокөлік құралдарын сақтау жөніндегі талаптар

      287. Автокөлік құралдары жылытылатын және жылытылмайтын үй-жайларда, қалқалардың асты мен арнайы бөлінген ашық алаңдарда сақталады.

      288. Жанармай мен жеңіл тұтанатын заттарды тасымалдауға арналған автомобиль-цистерналар желдетілетін ашық алаңдарда, қалқалардың астында немесе сыртқа тікелей шығысы бар және жарылыс қаупісіз орындалған ауа кіру-ауа тарту вентиляциясымен жабдықталған жер үсті көлікжайларының жекеленген бір қабатты үй-жайларында сақталады.

      289. Ассенизациялық автокөлік құралдары, сондай-ақ улы және ауру тарататын заттарды тасымалдайтын автокөлік құралдары жұмыстан кейін мұқият жуылуы, тазалануы және басқа автокөлік құралдарынан бөлек сақталады.

      290. Жөндеуді талап ететін автокөлік құралдары жарамды автокөлік құралдарынан бөлек сақталады, ол үшін арнайы сақтау аймағы бөлінеді.

      291. Ұйымдарда автокөлік құралдары көлемдік өлшемдеріне байланысты шартты түрде, осы Ережеге 11-қосымшада көрсетілген төрт санатқа бөлінеді.

      292. Автокөлік құралдарының үй-жайларда қойылуы, автокөлік құралдары мен ғимарат конструкцияларының арасындағы қашықтық, осы Ережеге 12-қосымшада көрсетілген нормалардан кем болмайды.

      293. Тұрақжайға арналған үй-жайлардағы автокөлік құралдарының арасындағы жолдың ені, автокөлік құралы өз орнына (бір маневр үшін) еркін кіру үшін жеткілікті болады, ал жол шегінен автокөлік құралына дейінгі қашықтық 50 см кем болмайды.

      294. Автокөлік құралын тұрақжайға арналған үй-жайға қойғаннан кейін қозғалтқыш өшіріледі. Автокөлік құралын үй-жайдан шығарғаннан басқа, кез келген мақсат үшін қозғалтқышты қосуға рұқсат етілмейді.

      295. Тұратын орынға қойылған барлық автокөлік құралдарында от алдыру тетігі (отын беру) өшіріледі және масса (егер сөндіргіш болса) сөндіріледі. Автокөлік құралы тұрақ тежегішімен тежеледі.

      296. Автокөлік құралдары тұруға арналған үй-жайларда, сондай-ақ қалқа астындағы тұрақжайларда немесе алаңдарда:
      1) темекі шегуге, ашық отты пайдалануға;
      2) автокөлік құралына қандай бір жөндеу жүргізуге;
      3) автокөлік құралдарының отын бактерінің аузын ашық қалдыруға;
      4) аккумулятор зарядтарын толтыруға (үй-жайларда);
      5) қандай болмасын материалдар мен заттарды сақтауға;
      6) бензинмен автомобиль шанақтарын, бөлшектерді немесе агрегаттарды, сондай-ақ қол мен киімді жууға немесе сүртуге;
      7) отын (бензин, дизельдік отын) сақтауға, автокөлік құралының бактеріндегі отынды қоспағанда;
      8) автокөлік құралдарына газ түріндегі сұйық және газ тәрізді отын құюға, бактерден отынды құйып алуға және газ шығаруға рұқсат етілмейді.

      297. Сығылған табиғи немесе сұйытылған мұнай газымен жұмыс істейтін автокөлік құралдарын сақтауға қойылатын қосымша талаптар:
      1) сығылған табиғи газбен жұмыс істейтін автокөлік құралының қозғалтқышын іске қосардың алдында капотты көтеру және капот асты кеңістігін мұқият тексеру;
      2) сығылған табиғи немесе сұйытылған мұнай газымен жұмыс істейтін автокөлік құралдарын жабық үй-жайға жарамды газ аппаратурасымен ғана қоюға рұқсат етіледі. Мұндай автокөлік құралын тұрақжайға қоярдың алдында шығыс вентильдері жабылады, қоректену жүйесіндегі газ шығарылады (қозғалтқыш толық тоқтағанға дейін), одан кейін магистральдық вентиль жабылып, бензин беріле және бензинмен жүріп өту орындалады. Автокөлік құралын тұрақжайға қойғаннан кейін от алдырғыш (дизельдік отын беру) өшіріледі, масса сөндіріледі;
      3) газбаллонды автокөлік құралын ашық тұраққа қойғаннан кейін, қозғалтқышты сөндірмей тұрып, шығыс вентильдерін жабу және жүйеден газды шығару, одан кейін магистральдық вентильді жабу қажет;
      4) сығылған табиғи газбен жұмыс істейтін автокөлік құралдарын көп қабатты көлікжайларда сұйық отынмен жұмыс істейтін автокөлік құралдарынан жоғары, ал сұйытылған газбен жұмыс істейтіндерді аталған автокөлік құралдарынан төмен орналастыру көзделеді;
      5) сығылған табиғи немесе сұйытылған мұнай газымен жұмыс істейтін автокөлік құралдарын көлікжайсыз сақтаған кезде газ коммуникацияларын қыздыру ыстық судың, будың немесе ыстық ауаның көмегімен ғана жүргізіледі.

  11. Жұмыс уақытында және жұмыс соңында, сондай-ақ
апатты жағдайларда автокөлік құралдарына техникалық
қызмет көрсету және жөндеу кезіндегі еңбек
қауіпсіздігінің талаптары

  &1. Жалпы ережелер

      298. Техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша барлық операциялар осы Ережені сақтап орындалады.

      299. Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу, қажетті құрылғылармен, аспаптармен және құралдармен жарақталған арнайы бөлінген орындарда (посттарда) жүргізіледі.

      300. Техникалық қызмет көрсету және жөндеу посттарының орналасуы, осы посттарда қойылған автокөлік құралдарының арасындағы, сондай-ақ автокөлік құралдары мен ғимараттар конструкцияларының арасындағы қашықтық автомобиль көлігі кәсіпорындарын технологиялық жобалаудың тиісті нормаларымен анықталынады. Негізгі қашықтықтар осы Ережеге 13-қосымшада келтірілген.

      301. Техникалық қызмет көрсету және жөндеу посттарына жіберілген автомобильдер жуылады, кір мен қардан тазартылады. Автомобильдерді техникалық қызмет көрсету және жөндеу посттарына қою жауапты тұлғаның басшылығымен жүзеге асырылады.

      302. Автомобиль техникалық қызмет көрсету және жөндеу постына қойғаннан кейін ол міндетті түрде тұрғызу тежегішімен тежеледі, от алдырғышты өшіріледі (дизельдік отыны бар автомобильде отын беру тоқтатылады), берілістерді (бақылаушы) ауыстырып қосу рычагы бейтарап күйге қойылады, доңғалақтардың астына екеуден кем емес арнайы тіреулер (башмактар) қойылады. Руль доңғалағына: "Қозғалтқыш іске қосылмасын - адамдар жұмыс істеп жатыр!" деген жазуы бар тақтайша қойылады. Қозғалтқышты іске қосатын қосарлы құрылғысы бар автомобильдерде осындай тақтайша осы құрылғының жанына қойылады.

      303. Көтергіштегі (гидравликалық, электрлік) автомобильге құралына қызмет көрсету кезінде, көтергіштің басқару пультінде: "Тиіспеңіз, автомобильдің астында адамдар жұмыс істеп жатыр!" деген жазуы бар тақтайша қойылады.

      304. Гидравликалық көтергіштің плунжері жұмыс күйінде (көтерулі), көтергіштің өздігінен түсіп кетуі мүмкін еместігіне кепілдік беретін тіреумен (штанга) сенімді түрде бекітіледі.

      305. Автомобильдердің толассыз қозғалысы бар техникалық қызмет көрсету үй-жайларында, қызмет көрсету желісінде (тексеру жыраларында, эстакадаларда және басқа) жұмыс істеушілерді автокөлік құралының посттан постқа қозғалысының басталған сәті туралы уақтылы ескертетін сигнал беру (жарықтық, дыбыстық немесе тағы басқа) құрылғысы міндетті түрде қажет.

      306. Автомобильдерді посттан постқа жылжыту үшін конвейерді қосуға, диспетчер немесе арнайы бөлінген адам сигнал бергеннен (жарықтық, дыбыстық) кейін ғана рұқсат етіледі. Посттар конвейерді авариялық тоқтатуға арналған құрылғылармен жабдықталады.

      307. Техникалық қызмет көрсету және жөндеу посттарында автомобильдің қозғалтқышын іске қосуды айдап әкелген жүргізуші, слесарьлардың бригадирі немесе бұйрықпен тағайындалған және нұсқаудан өткен слесарь ғана жүзеге асырады.

      308. Иінді және карданды біліктерді айналдыруға байланысты жұмыстарды жүргізудің алдында от алдырғыштың өшірілуі (дизельді автомобильдер үшін отын беруді тоқтату), берілісті (бақылағыш) ауыстырып қосу рычагының бейтарап күйге қойылуы қосымша тексеріледі; тұрғызу тежегішінің рычагы босатылады.

      309. Қажетті жұмыстарды орындағаннан кейін автомобиль тұрғызу тежегішімен тежеледі.

      310. Автомобильдерге қызмет көрсету мен жөндеуді жүргізетін қызметкерлер тиісті жарамды саймандар және құралдармен қамтамасыз етіледі.

      311. Тексеру орынан, көтергіштен, эстакададан тыс тұрған автомобильдің астында жұмыстарды орындау қажет болған кезде қызметкерлер жатақтармен қамтамасыз етіледі.

      312. Автомобиль бөлігін тұрақтыдан басқа көтергіш тетіктермен (домкратпен, тальмен және тағы сол сияқтымен) көтерген кезде, алдымен көтерілмейтін доңғалақтардың астына арнайы тіреулер (башмактар) қойылады, одан соң автокөлік құралын іліп қойылады, ілінген бөліктің астына тіреуіш қойып және олардың үстіне автомобильді түсіру қажет.

      313. Техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша операцияларды жүргізу кезінде:
      1) еденде (жерде) жатақсыз жұмыс істеуге рұқсат етілмейді;
      2) тұрақтыдан басқа бір ғана көтергіш тетіктермен (домкратпен, тальмен және тағы басқамен) ілінген автомобильде (тіркемеде, жартылай тіркемеде) қандай бір жұмыстарды орындауға;
      3) ілінген автомобильдің (тіркеменің, жартылай тіркеменің) астына тіреуіштердің орнына доңғалақтардың дискілерін, кірпіштерді және басқа кездейсоқ заттарды салуға;
      4) автомобильдердің (тіркемелердің, жартылай тіркемелердің) барлық конструкциялары мен үлгілерінде рессорларды, оларды шанақтың массасынан алдын ала түсірмей, шанақты, оның астына тіреуіштер немесе автокөлік құралының рамасын қойып көтеру арқылы алуға және қоюға;
      5) қозғалтқыш жұмыс істеп тұрған кезде, жүргізу технологиясы қозғалтқыштың қосылуын қажет ететін жұмыстың жеке түрлерін қоспағанда, автомобильге техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жүргізуге;
      6) автомобильді буксирлік құралдарға (ілгектер), оны тростармен, шынжырмен немесе көтергіш тетіктің ілгегімен ұстау арқылы көтеруге (ілуге);
      7) салмағы, осы көтергіш тетіктің тақтайшасында көрсетілгеннен артық жүктерді көтеруге (қысқа уақытқа болса да);
      8) агрегаттарды, оларды троспен немесе арқанмен байланған кезінде алуға, орнатуға және тасымалдауға;
      9) трос немесе шынжыр қиғаш тартылған кезде жүкті көтеруге;
      10) жарамсыз жабдықта, сондай-ақ жарамсыз саймандармен және құралдармен жұмыс істеуге;
      11) саймандар мен бөлшектерді тексеру жырасының шетінде қалдыруға;
      12) өзіаударғыш автомобильдің, өзі түсіретін тіркеменің көтерулі шанағының астында арнайы қосымша тіреусіз жұмыс істеуге;
      13) арнайы қосымша тіреудің орнына кездейсоқ тұғырықтар мен төсемелерді пайдалануға;
      14) зақымдалған немесе дұрыс қойылмаған тіреулермен жұмыс істеуге;
      15) шанақ көтерулі кезде қозғалтқышты іске қосуға және автокөлік құралын жылжытуға;
      16) өзіаударғыш автомобильдің, өзі түсіретін тіркеменің көтерулі шанағының астында, оны алдын ала жүктен босатпай жөндеу жұмыстарын жүргізуге;
      17) карданды иінді сүйменмен немесе монтаж күрегімен бұруға;
      18) шаңды, үгіндіні, жоңқаны, ұсақ қиқымдарды сығылған ауамен үрлеуге рұқсат етілмейді.

      314. Өзіаударғыш автомобиль шанағының, өзі түсіретін тіркеменің көтергіш тетігін жөндеу, ауыстыру немесе оған май толтырып құю, көтерулі шанақтың астына, шанақтың құлау немесе өздігінен түсу мүмкіндігін болдырмайтын арнайы қосымша тіреу қойғаннан кейін жүргізіледі.

      315. Автобустарды және жүк автомобильдерін жөндеу немесе қызмет көрсету кезінде жұмысшылар төсеме тақталармен немесе саты-жеңіл баспалдақпен қамтамасыз етіледі. Тіремелі сатыны қолдануға рұқсат етілмейді.

      316. Төсеме тақталар орнықты және тұтқасы мен сатысы болады. Төсеме тақталардың металл тіреулері өзара сенімді байланады.

      317. Төсеме тақталардың тақтайлары саңылаусыз қойылады және мықты бекітіледі. Тақтайлардың шеті тіреулерде болады. Төсеме тақтаның тақтайларының қалыңдығы 40 мм кем болмайды.

      318. Тасымалданатын ағаш саты-жеңіл баспалдақтың кемінде 150 мм ойылған басқыштары болады.

      319. Саты-жеңіл баспалдақтың ұзындығы, сатының жоғарғы жағынан кемінде 1 м қашықтағы басқыштан қызметкер жұмыс істей алатындай болады. Сатының төменгі жақтарында, оның тайғанауына кедергі жасайтын ұштықтары болады.

      320. Жұмыс орнында шаңды, үгіндіні, жоңқаны, ұсақ металл қиқымдарын щеткамен ғана жинауға рұқсат етіледі.

      321. Айналдыру стендіндегі (аударғыштағы) жұмыс кезінде автоавтомобильді алдын ала мықтап бекітеді, отын бактерінен отынды және салқындату жүйесінен және басқа жүйелерден сұйықтықты құйып алады, қозғалтқыштың май құятын ауызын тығыз жабады және аккумулятор батареясын алып қояды.

      322. Салмағы 15 кг және одан артық (әйелдер үшін - 10 кг және одан артық) бөлшектерді, тораптарды және агрегаттарды алу және қондыру үшін арнайы құралдармен (қармауыштар) жабдықталған көтеру-көліктік тетіктер пайдаланылады.

      323. Тасымалдауға арналған арбалардың агрегаттарды құлаудан және платформа бойынша өздігінен жылжудан сақтандыратын тіреулері мен тірегіштері болады.

      324. Сұйықтықтың ағып кетуі мүмкін болғанда, автомобильдің қоректендіру, салқындату және майлау жүйелерінің тораптары мен агрегаттарын ағытардың алдында, алдымен олардан отынды, майды және салқындатқыш сұйықтықты, олардың төгілуіне жол бермей арнайы ыдысқа құйып алады.

      325. Жеңіл тұтанатын, жарылыс қауіпі бар уытты және сол сияқты жүктерді тасымалдау үшін пайдаланылатын автомобиль-цистерналар, сондай-ақ оларды сақтауға арналған резервуарлар жөндеудің алдында жоғарыда аталған өнімдердің қалдықтарынан толық тазартылады.

      326. Этилденген бензиннен, жеңіл тұтанатын және улы сұйықтықтардан босаған цистернаның немесе резервуардың ішінде тазарту немесе жөндеу жүргізетін қызметкер арнайы киіммен, шлангалы газқағармен, жібі бар құтқару белдігімен қамтамасыз етіледі. Резервуардың сыртында арнайы нұсқау алған көмекші болады.

      327. Газқағардың шлангасы люк (саңылау) арқылы шығарылады және жел жағынан бекітіледі.

      328. Резервуардың ішіндегі жұмыс істеушінің белдігіне, бос жағы люк (саңылау) арқылы сыртқа шығарылған және мықты бекітілген берік жіп байланады. Үстінде тұрған көмекші жұмысты бақылайды, сақтық үшін резервуарда жұмыс істеушінің жібінен ұстайды.

      329. Отын бактерін, құю колонкаларын, резервуарларды, сорғыларды, коммуникацияларды және жанғыш сұйықтықтардан босаған ыдысты, бензиннің қалдығын толық кетіргеннен және осы Ереженің 435-тармағына сәйкес зиянсыздандырғаннан кейін ғана жөндеуге болады.

      330. Автомобиль-рефрижераторлардағы тоңазыту қондырғыларына техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша жұмыстарды жасаушы зауыттың нұсқаулықтарына сәйкес мамандар орындайды.

      331. Автомобильдерді диагностика, техникалық қызмет көрсету және жөндеу посттарына, тежегіштерді тексеруді қамти отырып айдап келу үшін арнайы жүргізуші (айдап келуші) немесе ұйым бойынша бұйрықпен тағайындалатын басқа тұлға бөлінеді.

      332. Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу аймағында:
      1) жеңіл тұтанатын сұйықтықтармен (бензинмен, еріткіштермен және басқа) автомобильдерді сүртуге және агрегаттарды жууға;
      2) жеңіл тұтанатын сұйықтықтарды және жанғыш материалдарды, қышқылдарды, бояуларды, кальций карбидін және тағы басқа аусымдық қажеттіліктен басқа мөлшерде сақтауға;
      3) автомобильдерге отын құюға;
      4) ысқылайтын таза материалдарды пайдаланғандармен бірге сақтауға;
      5) стеллаждардың арасындағы жолдар мен үй-жайлардан шығатын жолдарға материалдарды, жабдықты, ыдысты, алынған агрегаттарды және басқа үйіп тастауға;
      6) пайдаланылған майды, отыннан және жағармай материалдарынан босаған бос ыдысты сақтауға рұқсат етілмейді.

      333. Төгілген майды немесе отынды құмның немесе үгіндінің көмегімен дереу кетіру қажет, оларды пайдаланғаннан кейін үй-жайдан тыс қойылатын темір жәшіктерге салған дұрыс.

      334. Пайдаланылған сүрту материалдары (майланған шүберек қиқымдары және тағы басқа) тығыз қақпақтары бар темір жәшіктерге дереу салынады, ал жұмыс күнінің соңында өндірістік үй-жайлардан арнайы бөлінген орындарға әкетіледі.

      335. Ұйымнан тыс жүргізілген техникалық қызмет көрсету және жөндеу кезінде де, осы Ереже сақталады.

  &2. Газ отынымен жұмыс істейтін автокөлік
құралдарына техникалық қызмет көрсету және
жөндеу кезіндегі қосымша талаптар

      336. Газ отынымен жұмыс істейтін автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету, диагностикалау және жөндеу, сұйық отынмен жұмыс істейтін автомобильдермен бір үй-жайда, осы Ереженің 32, 33-тармақтарының орындалуы шартымен жүргізіледі.

      337. Газ отынымен жұмыс істейтін автомобильдер техникалық қызмет көрсету және жөндеу посттарына, оларды бензинмен (дизельдік отын) жұмыс істеуге ауыстырғаннан кейін ғана кіреді.

      338. Қозғалтқыштың жұмысын бензинге ауыстыру үшін шығыс вентильдерін жабады және қоректендіру жүйесінен газды толық шығарады (қозғалтқыш толық тоқтағанға дейін), одан кейін магистральдық вентильді жабады және бензин беруді тоқтатады. Газ-дизельді отыннан дизельді отынға ауыстыру үшін түймені (рычагты) басу арқылы қозғалтқышты дизель отынымен жұмыс істеуге ауыстырады, ал содан кейін газ беретін кранды жабады.

      339. Шығыс вентильдері толық ашық немесе толық жабық болады.

      340. Кіру алдында арнайы постта қоректендіру газ жүйесінің герметиктігін тексеру қажет. Герметикті емес қоректендіру газ жүйесімен үй-жайға кіруге рұқсат етілмейді.

      341. Техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде:
      1) желдету үшін капотты көтеру;
      2) газ аппаратурасын алу, орнату және жөндеу бойынша жұмыстарды арнайы құралдардың, сайманның және жабдықтың көмегімен ғана орындау; газ аппаратурасының агрегаттарын суыған күйде (бөлшектер бетінің температурасы 60 о С аспаған кезде) ғана алуға рұқсат етіледі;
      3) қоректендіру газ жүйесінің герметикалығын сығылған ауамен, азотпен немесе инертті газдармен шығыс вентилі жабық және магистральдық вентиль ашық кезде тексеру;
      4) газ жабдығын кірлеуден және механикалық зақымдалудан сақтау;
      5) штуцерлардағы шлангаларды қамытшалармен бекіту қажет.

      342. Дәнекерлеу, бояу жұмыстары, сондай-ақ қоректендіру газ жүйесінің ақаулықтарын жоюмен немесе оны алумен байланысты жұмыстар жүргізілетін автомобильдің баллондарындағы газды, арнайы бөлінген орында (постта) алдын ала толық құйып алады (шығарады), ал баллондарды сығылған ауамен, азотпен немесе басқа инертті газбен үрлейді.

      343. Тікелей автомобильде қоректендіру газ жүйесінің аспаптарын реттеу басқа үй-жайлардан қоршаулармен (қабырғалармен) оқшауланған және осы Ереженің 32, 33-тармақтарында жазылған талаптарды қанағаттандыратын арнайы жабдықталған жеке үй-жайда жүргізіледі.

      344. Жоғарғы және төменгі қысым редукторларының, электр магнитті тиек клапанының кез келген ақаулығы кезінде шығыс және магистральдық вентильдерді жабады, ал жарамсыз тораптарды автомобильден алады және арнайы шеберханаға (мамандандырылған учаскеге) тексеруге жібереді.

      345. Газ құбырлары жасаушы зауыттың техникалық талаптарына сәйкес келеді.

      346. Газ отынымен жұмыс істейтін автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүргізу кезінде:
      1) оймалы қосылған жерлерді тартуға және қысыммен тұрған газ аппаратурасының бөлшектері мен газ құбырларын автомобильден ағытуға;
      2) сығылған газды ауа кеңістігіне шығаруға немесе сұйытылған газды жерге төгуге;
      3) шлангаларды және жүктерді бұрауға, жапыруға және бүктеуге, майлы шлангаларды пайдалануға;
      3) қолдан жасалған газ құбырларын орнатуға;
      5) магистральдық және шығыс вентильдері ашылған және жабылған кезде қосымша рычагтарды қолдануға;
      6) шлангаларды бекіту үшін сым немесе өзге заттарды пайдалануға рұқсат етілмейді.

      347. Газ отынымен жұмыс істейтін автомобильдерді күрделі жөндеуге тапсырудың алдында баллондардағы газ толық пайдаланылады (шығарылады, құйылып алынады), ал баллондардың өздері газсыздандырылады. Қажет кезде баллондар газ аппаратурасымен бірге алынады және сақтау үшін қоймаға тапсырылады.

      348. Сұйытылған мұнай газымен жұмыс істейтін газ аппаратурасына техникалық қызмет көрсету, жөндеу және толтыру кезінде, дененің ашық бөліктеріне газдың тиюінен сақтану шаралары қатаң сақталады.

  &3. Автокөлік құралдарын, агрегаттарды
және бөлшектерді жууға қойылатын талаптар

      349. Автомобильдерді, агрегаттарды және бөлшектерді жуу мынадай талаптарды сақтай отырып, арнайы жабдықталған жуу үй-жайларында жүргізіледі:
      1) автомобильдерді механикаланған жуу кезінде жуушының жұмыс орны су өткізбейтін кабинада орналасады;
      2) ашық шлангамен (қолмен) жуу посты, ашық тогі бар өткізгіштер мен кернеулі жабдықтан оқшауланған аймақта орналасады;
      3) жуу учаскесінде (постта) тоқ өткізу сымдары, жарықтандыру көзі мен электр қозғалтқыштары герметикалық түрде жасалады;
      4) жуу қондырғысының агрегаттарын электрмен басқару тетігі төменгі вольтті (42 В-тен артық емес) болады.

      350. Жуу қондырғыларының магнитті іске қосқыштарын және басқару түймелерін мынадай жағдайларда кернеуі 220 В электрмен қоректендіруге рұқсат етіледі:
      1) шкафтардың есіктерін ашу кезінде магнитті қосқыштардың механикалық және электрлік бұғатталуын орнату;
      2) іске қосу құрылғылары мен сымдарды судан оқшаулау;
      3) қозғалтқыш қораптарын, кабиналарды және аппаратураны жерлестіру немесе нөлге келтіру.

      351. Автомобиль агрегаттары мен бөлшектерін жуған кезде мынадай шарттар сақталады:
      1) этилденген бензинмен жұмыс істейтін қозғалтқыштардың бөлшектері, қорғасын тетраэтил шөгінділерін керосинмен немесе басқа залалсыздандырғыш сұйықтықтармен залалсыздандырылғаннан кейін ғана жууға рұқсат етіледі;
      2) сілтілі ерітінділердің концентрациясы 2-5 % аспауы тиіс;
      3) сілтілі ерітіндімен жуғаннан кейін ыстық сумен шаю қажет;
      4) салмағы 15 кг артық (әйелдер жұмыс істеген кезде - 10 кг) агрегаттар мен бөлшектерді жуу постына жеткізеді және механикаланған тәсілмен жуу қондырғыларына салады.

      352. Технологияда көзделген, керосинмен және басқа жуғыш заттармен жуу ванналары жуу аяқталғаннан кейін қақпақтармен жабылады.

      353. Автокөлік құралдарын, агрегаттарды және бөлшектерді жуу кезінде:
      1) жанар сұйықтықтары бар бөлшектерді жуатын үй-жайда ашық отты пайдалануға;
      2) автомобильді сүрту және бөлшектерді жуу үшін бензин қолдануға рұқсат етілмейді.

      354. Жуу посттарындағы аппарельдердің, траптардың және жолдардың тегіс емес (кедір-бұдырлы) беті болады.

  &4. Автокөлік құралдарының шанақтары мен
контейнерлерді санитарлық өңдеуге қойылатын талаптар

      355. Адамдар тасымалдайтын автомобильдерді жуу үшін тиісті жабдығы бар бөлек бөлме көзделеді.
      Тасымалдармен айналысатын автомобиль салонын дымқыл жинау жүргізу жиелігі, ауысымда екі реттен кем болмау керек.

      356. Тамақ өнімдерін тасымалдауға арналған автокөлік құралдарын басқа тасымалдарға пайдалануға рұқсат етілмейді.

      357. Тамақ өнімдерін тасымалдауға арналған автокөлік құралдары белгіленген санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға жауап беруі тиіс және белгіленген тәртіппен берілген санитарлық паспорты болуы тиіс.

      358. Тамақ өнімдерін тасымалдауға арналған автомобиль шанақтары мен контейнерлерді санитарлық өңдеу қолданыстағы санитарлық-эпидемиологиялық ережелерге және нормаларға сәйкес жүргізіледі.

      359. Тамақ өнімдерін тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдары мен контейнерлердің санитарлық жай-күйін бақылау үшін мамандардың ішінен жауапты адам тағайындалады.

      360. Жуғыш және дезинфекциялағыш ерітінділерді сақтау және дайындау үшін құлыппен жабылатын арнайы үй-жай бөлінуі тиіс, оның кілті автокөлік құралдары мен контейнерлерді санитарлық өңдеу үшін жауапты тұлғада сақталады.
      Дезинфекциялау үшін Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген заттар пайдаланылады.

      361. Жуғыш және дезинфекциялағыш ерітінділерді дайындауды және санитарлық өңдеуді, арнайы киім мен басқа жеке қорғану құралдарын (қорғаныш көзілдірік, тұмсыққаптар) міндетті түрде қолдану арқылы арнаулы тағайындалған қызметкерлер орындайды.

      362. Химикаттармен және дезинфекциялағыш ерітінділермен жұмыс аяқталғаннан кейін қолды мұқият жуу қажет.

  &5. Слесарлық және майлау жұмыстары

      363. Гайка кілттерімен жұмыс істеген кезде, оларды гайкалардың өлшемдеріне сәйкес таңдау, кілтті гайкаға дұрыс қою қажет.

      364. Шапқымен немесе басқа шапқыш сайманмен жұмыс істеген кезде көзді металл ұшқындарынан сақтауға арналған қорғаныш көзілдірікті пайдаланылады, сондай-ақ қолды қорғау үшін шапқыға қорғаныш тығырығы кигізіледі.

      365. Тесіктердің біліктестігі конус жиектеменің көмегімен тексеріледі.

      366. Автомобильден ажыратылған тораптар мен агрегаттарды орнықты арнайы тұғырықтарға, ал ұзын бөлшектерді стеллаждарға орнатады.

      367. Электр сайманымен жұмысты бастаудың алдында жерлестірудің болуы мен жарамдылығын тексереді. Кернеуі 42 В-тен жоғары электр сайманымен жұмыс істеген кезде қорғану құралдарын (резеңке қолғап, галош, кілемшелер, құрғақ ағаш стеллаждар) пайдалану қажет.

      368. Электр энергиясын беру тоқтатылған кезде немесе жұмыстағы үзілісте электр сайманы электр желісінен ажыратылады.

      369. Тасымалданатын шамды пайдаланудың алдында шамда қорғаныш тордың бар болуы, кабель мен оның оқшаулағышының жарамдылығы тексеріледі.

      370. Пневматикалық сайманмен жұмыс істеген кезде сайманды жұмыс күйіне келтіргеннен кейін ғана ауаны беруге рұқсат етіледі.

      371. Пневматикалық сайманның шлангаларын ауа беруді сөндіргеннен кейін ғана қосуға және ажыратуға рұқсат етіледі.

      372. Дәнекерлейтін лампылар, электрлік және пневматикалық саймандар, нұсқау алудан өткен және олармен жұмыс істеу ережелерін білетін адамдарға беріледі.

      373. Агрегаттардағы май мен сұйықтықтың деңгейін тексеру кезінде ашық отты пайдалануға рұқсат етілмейді.

      374. Агрегаттардағы майлар мен сұйықтықтарды ауыстырған немесе еселеп құйған кезде құйып алу және құю тығындарын осы мақсатқа арналған сайманмен ғана бұрап алады және бұрайды.

      375. Биікте орналасқан май сауыттарына майды беру үшін тексеру орында аяқтың астына қоюға стандартты тұғырық пайдаланылады.

      376. Автомобильдің алды мен артында жұмыс істеу үшін және тексеру оры арқылы өту үшін өтпе көпіршелері, ал тексеру орына түсу және одан көтерілу үшін арнайы саты пайдаланылады.

      377. Слесарьлық және майлау жұмыстарын орындау кезінде:
      1) гайканы жұлқып қысуға;
      2) штепсель ажыратқышы жоқ немесе жарамсыз кезде электр сайманын желіге қосуға;
      3) электр сайманын, оның кабелінен ұстап тасымалдауға, сондай-ақ олар тоқтағанға дейін айналатын бөліктеріне жанасуға;
      4) пневматикалық сайманмен жұмыс істеген кезде ауаның ағынын өзіне немесе басқаларға бағыттауға;
      5) кілттің ауызы мен гайкалардың және болттардың арасына төсем салуға, сондай-ақ кілтті түтікпен немесе басқа рычагтармен үлкейтуге, егер бұл кілттің құрылымда көзделмесе, рұқсат етілмейді.

  &6. Автокөлік құралдары мен олардың
агрегаттарының техникалық жай-күйін тексеру

      378. Автокөлік құралын желіге жіберген және желіден қайтқан кездегі автокөлік құралдары мен олардың агрегаттарының техникалық жай-күйі доңғалақтары тежелген кезде тексеріледі. Тежегіштерді байқап көру жағдайлары - бұл ережедегі ерекшелік болып табылады. Автокөлік құралының техникалық жай-күйін тексеру кезінде номенклатураны және жүргізушіге берілетін саймандар мен құралдардың жарамдылығы тексеріледі.

      379. Автокөлік құралын тәуліктің қараңғы мезгілінде тексеру үшін кернеуі 42 В аспайтын сақтандырғыш торы бар тасымалданатын электр шырағын немесе дербес қоректену тетігі бар электр шамын пайдаланған дұрыс.

      380. Тежегіштерді стендте сынау және байқап көру үшін автокөлік құралының стендт біліктерінен өздігінен сырғып кетуін болдырмайтын шаралар қабылдау қажет. Тежегіштерді жүру үстінде сынау және байқап көру өлшемдері, тежегіштер бұзылған жағдайда автокөлік құралы адамдарды, құрылыстарды басып кету мүмкіндігін болдырмайтын алаңдарда жүргізіледі.

      381. Тежегіштерді реттеу үшін оларды тексергеннен кейін автокөлік құралын толық тоқтатады және қозғалтқышты өшіреді. Реттеуді жүргізетін адамдар қауіпсіз аймақта екеніне жүргізушінің көзі жеткеннен кейін ғана қозғалтқышты іске қосқан және автокөлік құралын орнынан қозғалтқан дұрыс.

      382. Бақылау аспаптарының, оператордың көзін қарықтырмайтын жергілікті жарығы болады.

      383. Диагностикалық және басқа посттарда жұмыс істейтін қозғалтқышпен жұмыс істеу, пайдаланылған газдарды тиімді шығаратын жергілікті тартып алу құрылғысы қосылған кезде ғана рұқсат етіледі. Диагностика постындағы оператордың жұмыс орны айналатын, биіктігі реттелетін орындықпен жабдықталады.

  &7. Аккумулятор батареяларымен жұмыс істеу
кезінде қойылатын талаптар

      384. Аккумулятор батареяларын ұйымның аумағы бойынша және үй-жайларда жылжытқан кезде, платформасы батареялардың құлап кету мүмкіндігін болдырмайтын арнайы арбаны пайдаланған дұрыс.

      385. Шағын көлемді аккумулятор батареяларын қолмен тасыған кезде құралдар (қармауыштар) пайдалану және электролитті үстіне төгіп алудан сақтандыратын шараларды сақтау қажет.

      386. Қышқыл электролитін дайындау арнайы ыдыстарда (керамика, пластмасса) жүзеге асырылады, бұл орайда алдымен тазартылған суды құю, содан кейін оған қышқылды жіңішке ағынмен құю қажет. Қышқылды шыны ыдыстардан арнайы құралдардың (тербелмелер, сифондар) көмегімен ғана құйып алған дұрыс. Қышқыл, электролит бар шыны ыдыстарды, шыны ыдыстардың құлауын болдырмайтын арнайы зембілдермен немесе басқа құралдармен, сондай-ақ оларды арбаларға мықтап бекітіп, тасымалдауға рұқсат етіледі. Шыны ыдыстардың тығындары тығыз жабылады.

      387. Қышқыл, сілті және электролит бар барлық ыдыстарда тиісті жазулар болады.

      388. Сілтілі электролитті дайындау кезінде сілті бар ыдысты абайлап және көп күш қолданбай ашқан дұрыс. Тығынына парафин құйылған ыдыстың ашылуын жеңілдету үшін ыдыстың ауызын ыстық суға батырылған шүберекпен қыздырады.

      389. Күйдіргіш калийдің үлкен кесектерін, ұсақ бөлшектердің ұшуын болдырмау үшін, оларды таза матамен бүркеп үгіткен дұрыс.

      390. Зарядтау үшін қойылған аккумулятор батареялары өзара батареялардың клеммаларына тығыз тиіп тұрған және ұшқын ату мүмкіндігін болдырмайтын ұштықтары бар сымдармен ғана қосылады.

      391. Аккумулятор батареяларын зарядтау құрылғысына қосу және оларды ажырату зарядтау құрылғысы өшірілген кезде ғана жүргізіледі.

      392. Зарядтау барысын бақылау арнайы аспаптардың (термометр, жүктеме айыры, ареометр) көмегімен жүзеге асырылады.

      393. Аккумулятор батареяларын зарядтау тығындар ашық және ауа тарту вентиляциясы қосылған кезде ғана жүргізіледі.

      394. Аккумулятор батареяларын тексеру үшін кернеуі 42 В-тен аспайтын, жарылыстан қауіпсіз етіп орындалған тасымалданатын шырақтарды пайдалану қажет.
      Аккумуляторлармен жұмыс істеу кезінде:
      1) зарядтау бөлмесіне ашық отпен (тұтатылған шырпымен, темекімен және тағы басқамен) кіруге;
      2) зарядтау бөлмесінде электрлік қыздырғыш аспаптарды (электр плиткаларын және тағы басқа) пайдалануға;
      3) аккумулятор үй-жайында күкірт қышқылы бар шыны ыдыстарды немесе бір тәуліктік қажеттіліктен артық сілті бар ыдыстарды, сондай-ақ бос шыны ыдыстар мен ыдыстарды сақтауға; оларды арнайы үй-жайда сақтау қажет;
      4) бір үй-жайда қышқылды және сілтілі аккумулятор батареяларын бірге сақтауға және зарядтауға;
      5) аккумулятор батареяларын зарядтауға арналған үй-жайда қызмет көрсететін персоналдан басқа адамдардың болуына;
      6) электролитті шыны ыдыста дайындауға;
      7) қышқылды қолмен құюға, сондай-ақ қышқылға су құюға;
      8) күйдіргіш калийді қолмен алуға, оны болат қысқыштың, пинцеттің немесе металл қасықтың көмегімен алған дұрыс;
      9) аккумулятор батареясын қысқа тұйықталу тетігімен тексеруге;
      10) аккумулятор бөлімшесінің үй-жайында тамақ өнімдерін сақтауға және ас ішуге рұқсат етілмейді.

      395. Қорғасынды балқыту және аккумуляторлардың бөлшектерін құйған кезде онымен формаларды толтыру, сондай-ақ мастиканы балқыту мен аккумулятор батареяларын жөндеу, жергілікті ауа тарту вентиляциясымен жабдықталған жұмыс орындарында ғана жүргізіледі.

      396. Аккумулятор үй-жайында қол жуғыш, сабын, орамадағы мақта, сүлгі және ас содасының бес және он пайыздық залалсыздандырғыш ерітіндісі (дене терісі үшін) мен ас содасының екі-үш пайыздық залалсыздандырғыш ерітіндісі (көз үшін) бар жабық ыдыстар тұрады.

      397. Сілтілі аккумуляторларды пайдалану кезінде залалсыздандырғыш ерітінді ретінде бес-он пайыздық бор қышқылының ерітіндісі (дене терісі үшін) және екі-үш пайыздық бор қышқылының ерітіндісі (көз үшін) қолданылады.

      398. Қышқыл, сілті немесе электролит дененің ашық бөліктеріне тиген кезде, дененің бұл учаскесін алдымен залалсыздандырғыш ерітіндімен, одан соң сабынды сумен дереу шаю қажет.

      399. Қышқыл, сілті немесе электролит көзге тиген кезде оларды залалсыздандырғыш ерітіндімен, одан соң сумен шаю және дереу дәрігерге көріну қажет.

      400. Стеллажға, верстакка төгілген электролитті он пайыздық залалсыздандырғыш ерітіндіге батырылған шүберекпен сүртеді, ал еденге төгілгенге алдымен үгінді себеді, оларды жинайды, одан соң бұл жерді залалсыздандырғыш ерітіндімен сулайды және құрғатып сүртеді. Электролитті судың мол ағынымен шаюға үзілді-кесілді рұқсат етілмейді.

      401. Аккумулятор бөлмесіндегі жұмыстар аяқталғаннан кейін бет пен қолды сабынмен мұқият жуады және душ қабылдайды.

  &8. Темір соғу-рессор жұмыстарын орындау
кезінде қойылатын талаптар

      402. Қолмен соғуға арналған төс, темір сақинамен күшейтілген ағаш тұғырыққа бекітіледі және оның жұмыстық беті көлденең болатындай етіп орнатылады.

      403. Өңделетін бұйымдарды мықты ұстау үшін қысқаштың сабына қысу сақиналарын (шпандырьлер) кигізген дұрыс.

      404. Өңделетін темірлерді ұстауға арналған қысқаштарды өлшем бойынша темірлерді қысқан кезде қысқаштың саптарының арасындағы саңылау кемінде 45 мм болатындай етіп таңдайды.

      405. Қызған металды соғудың алдында металл щеткамен немесе қырғышпен қабыршақтан тазартады.

      406. Бұйымды төстің ортасына, ол оған тығыз жанасатындай етіп қояды.

      407. Ұста сайманды, сабы өзіне қарсы емес, жанында болатындай етіп ұстайды.

      408. Балғамен соғушыға "Соқ!" деген әмірді ұста ғана бере алады. "Тоқта!" деген әмір бойынша, оны кім берсе де балғамен соғушы жұмысты дереу тоқтатады.

      409. Металды шапқан кезде металдың шабылған кесектері ұшуы мүмкін бағытқа тасымалданатын қалқандар орнатылады.

      410. Тілінген металды ию немесе рессорлардың құлақтарын дайындау үшін, тілімдерді бекітуге арналған қысқыш винтпен жабдықталған арнайы стендтер қолданылады.

      411. Шегелеуге арналған гидравликалық струбциналар төбеге немесе арнайы құрылғыға сенімді бекітіледі.

      412. Ыстық темірлер мен металл кесінділері жұмыс орнынан аулақта жиналады.

      413. Балғамен жұмыс бастардың алдында педальдің бос жүрісін, қоршаудың (бұғаттау) жарамдылығын тексереді, сондай-ақ балға соққышын жоғарғы және төменгі соққыштардың арасына қысылатын ыстық металдың кесегімен қыздырады.

      414. Автомобиль рамасы жөндеудің алдында тұғырықтарға (тіреуіштер) орнықты күйде қойылады.

      415. Рессорларды қолмен түзету шуға қарсы қорғану шараларын қолданып, арнайы бөлінген учаскеде ғана жүргізіледі.

      416. Темір соғу-рессор жұмыстарын орындау кезінде:
      1) рессорлардың қыздырылмаған табақтарын шабуға;
      2) рессорлардың табақтарын, рессорларды және кіші рессорларды қабырғаға тігінен қоюға;
      3) струбцина цилиндріне қысыммен сұйықтықты бергеннен кейін тойтарма шегені түзеуге;
      4) электр қозғалтқышын реверстеудің ақырғы сөндіргіші жоқ рессорларды түзетуге арналған станокта жұмыс істеуге;
      5) Цельсий бойынша плюс 800 о С төмен салқындатылған қара металдарды соғуға;
      6) металды дымқыл немесе майлы төсте соғуға;
      7) қыздырылмаған сайманды (қысқаш, жиектеме) қолдануға;
      8) күйіп қалмау үшін ыстық бұйымға қолмен (қолғаппен де) жанасуға;
      9) бұйымды балға соққышының шетіне қоюға;
      10) жоғарғы балғаның төменгіні босқа соғуына жол беруге;
      11) соққыш аймағына қол сұғуға және темірді қолмен қоюға;
      12) майысқан сайманмен жұмыс істеуге;
      13) темірдің шабылатын шетіне қарсы тұруға;
      14) көтергіш тетіктерге ілінген немесе қырынан қойылған рамаларды жөндеуді орындауға тыйым салынады. Автомобиль рамаларын көтергіш тетіктердің көмегімен ғана көтерген, тасымалдаған және аударған дұрыс;
      15) жұмыс орнында ыстық темірлер мен металл кесінділерін жинап қоюға рұқсат етілмейді.

  &9. Мыстау-қаңылтырлау және шанақ
жұмыстарына қойылатын талаптар

      417. Мыстау-қаңылтырлау жұмыстары арнайы бөлінген және жабдықталған үй-жайда орындалады. Егер бұл жұмыстарды әр түрлі мамандықтардың қызметкерлері (қаңылтыршы, мысшы) орындаса, бөлек үй-жайлар болуы қажет.

      418. Жөнделетін кабиналар мен шанақтар арнайы тұғырықтарға (стендтерге) қойылады және мықтап бекітіледі.

      419. Түзеуге жататын бөлшектер арнайы жиектемелерге орнатылады.

      420. Табақ болаттан жасалған қанаттар мен басқа бөлшектерді түзеудің алдында оларды металл щеткамен тоттан тазартады.

      421. Табақ болаттан бөлшектер мен жамаулар дайындалған кезде өткір бұрыштар, жиектер және қабыршақтар тазартылады.

      422. Механикалық қайшылармен кескен және ию станоктарымен иген кезде, қалыңдығы осы жабдық үшін рұқсат етілген шамадан аспайтын металмен ғана жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

      423. Дайындамаларды ойып алу және үлкен өлшемді бөлшектерді металл қайшыларымен және басқа жабдықпен қысқартып кесу кезінде сүйемелдейтін құрылғылар (шалқаймалы қақпақтар, роликті тұғырықтар және т.с.с.) қолданылады.

      424. Дайындамаларды ойып алу және бөлшектерді кесу кезінде:
      1) зақымдалған жерлерді газбен кесу тетігімен ойып кескен кезде ойылатын бөліктерді қолмен сүйемелдеуге;
      2) қорғаныш қаптамасыз қайрақты шеңбермен жұмыс істеуге;
      3) табақ металды механикалық қайшымен кескен кезде, қолды кескіш роликтерге қарсы ұстауға;
      4) бөлшекті асылған күйде түзеуге;
      5) өңдеу кезінде қышқылға мырыштың бірден көп мөлшерін салуға рұқсат етілмейді.

      425. Пневматикалық кескіш жұмыс істеу үшін ауа берудің алдында кескішті жұмыстық күйге қою қажет. Табақ металдан жасалған бөлшектерді қолғаппен тасу, түзеу және кесу қажет. Жұмыс процесінде металл кесінділерін арнайы бөлінген орынға (жәшіктер) жинап қою қажет.

      426. Зиянды буланған заттар бөлінумен байланысты жұмыстар, сондай-ақ бөлшектерді тазарту бойынша жұмыстар жергілікті ауа тарту құрылғылары қосылып тұрған кезде орындалады.

      427. Тазартқыш машинкадағы қайрақты шеңберді екі кілтпен бекіту керек, бұл мақсат үшін тазартқыш машинканы құрсаумен қысуға рұқсат етілмейді.

      428. Жеңіл тұтанатын және улы сұйықтықтардан босаған сыйымдылықты жөндеу және дәнекерлеу алдында оны кез келген тәсілмен (оның ішінде күйдіргіш содасы бар ыстық сумен жуу, ыстық ауамен булау, кептіру және басқа) осы сұйықтықтардың іздері толық жойылғанға дейін, артынан сыйымдылықтағы ауа ортасын газанализатордың көмегімен талдау арқылы өңдеу қажет.

      429. Жанғыш және жеңіл тұтанатын сұйықтықтардан босаған сыйымдылықтарды дәнекерлеуді алдын ала өңдеусіз, сыйымдылықты нейтралды газбен толтырып жүргізуге болады, бұл ретте дәнекерлеу барысында сыйымдылықтарға газ дәнекерлеудің барлық уақыты бойы үзіліссіз берілуі тиіс. Сыйымдылықтарды дәнекерлеуді тығындары (қақпақтар) ашық кезде жүргізген дұрыс. Жұмыс орнының ластануын болдырмау үшін жұмсалған балқыма арнайы металл жәшікте сақталуы тиіс. Қышқылды өңдеу қышқылға төзімді сынбайтын сыйымдылықта және ауа тарту шкафында ғана жүргізіледі.

      430. Радиаторларды, отын бактерін және басқа ірі бөлшектерді балқыма ағуға арналған табандықтармен жабдықталған арнайы тұғырықтарда (стендтерде) дәнекерлеу қажет.

      431. Радиатордың түтіктерін сүмбімен тазалаған кезде қолды түтіктің қарама-қарсы жағында ұстамау керек. Сүмбіні түтікке тұтқа тірелгенге дейін енгізуге рұқсат етілмейді.

      432. Радиаторды сынаған кезде сығылған ауаның қысымы, автомобильдердің нақты маркаларының күрделі жөндеуі жөніндегі нұсқауда көрсетілген шамадан аспайды.

      433. Дәнекерлегіш лампалар жұмыс басталардың алдында және мезгіл-мезгіл, ең кемі айына бір рет, кейіннен журналда тіркеліп қараудан және тексеруден өткізілуі тиіс. Жарамсыз лампыларды жөндеуге тапсыру қажет.

      434. Дәнекерлегіш лампамен жұмыс істеу кезінде мынадай талаптарды сақтау қажет:
      1) жағар алдында оның жарамдылығын тексеру;
      2) лампаның резервуарында жарықтар мен жеңіл еритін балқымамен дәнекерленген жамаулар болмайды;
      3) май құятын ауыздың тығыны әбден бұралады;
      4) дәнекерлегіш лампаны сығылған ауаны жандырғаннан кейін ғана бөлшектеу;
      5) дәнекерлегіш лампаның отын тиекті вентильмен ғана сөндіру керек.

      435. Дәнекерлегіш лампамен жұмыс істеген кезде:
      1) жарамсыз дәнекерлегіш лампаны жағуға;
      2) лампаны отынмен оның резервуары сыйымдылығының төрттен үш бөлігінен асырып толтыруға;
      3) толтыру үшін этилденген бензинді пайдалануға;
      4) дәнекерлегіш лампаға ашық отқа таяу жерде отын құюға, отынды төгуге немесе дәнекерлегіш лампаны бөлшектеуге;
      5) суымаған лампаға отын құюға;
      6) шілтер суымаған кезде құятын тесік арқылы сығылған ауаны шығаруға;
      7) жеңіл тұтанатын және жанғыш заттарға таяу жерде дәнекерлегіш лампамен жұмыс істеуге;
      8) шілтердің ниппелі арқылы жанармай құйып дәнекерлегіш лампаны жағуға;
      9) мерзімді тексеруден өтпеген лампамен жұмыс істеуге рұқсат етілмейді.

      436. Ақаулықтар (резервуардан ағу, шілтердің бұрандалары арқылы отынның шығуы, резервуардың майысуы және тағы басқа) табылған кезде дереу лампамен жұмыс істеуді тоқтату қажет.

      437. Мыстау-қаңылтырлау және шанақ жұмыстары жүргізілуге арналған үй-жайларда әрқашан қышқылды нейтралдаушы ерітінділер болады.

  &10. Дәнекерлеу жұмыстарына қойылатын талаптар

      438. Сыйымдылықтардың, құдықтардың ішіндегі пісіру жұмыстары рұқсат тапсырмасын ресімдегеннен кейін ғана жүргізілуі тиіс, бұл ретте осы Ереженің 330-тармағына сәйкес қауіпсіздік шаралары сақталады.

      439. Уақытша дәнекерлеу жұмыстарын жүргізетін орындар объектінің өрт қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаның (цехтің, учаскенің бастығы және тағы басқа) жазбаша рұқсатымен, оларды өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз ету және жанбайтын қалқалармен немесе қалқандармен қоршау арқылы белгіленеді. Ашық ауада дәнекерлеу жұмыстары жүргізілген кезде дәнекерлеу белдеулерінің үстіне жанбайтын материалдардан қалқалар құрған дұрыс. Қалқалар жоқ кезде дәнекерлеу жұмыстары жаңбыр немесе қар жауған уақытта тоқтатылуы тиіс.

      440. Мыналарға рұқсат етілмейді:
      1) қысыммен тұрған ыдыстар мен аппараттарда дәнекерлеу жұмыстарын орындауға;
      2) жеңіл тұтанатын, жанғыш сұйықтықтар мен материалдар бар үй-жайларда дәнекерлеуді немесе кесуді орындауға;
      3) шілтерде газды ыстық бөлшекке жанастыру арқылы жағуға;
      4) ауысымдық қажеттіліктен асатын мөлшердегі кальций карбидін ацетиленді газ генераторы қойылған үй-жайда сақтауға.

      441. Кальций карбиді бар барабандарды ашу үшін ұрған кезде ұшқын атуды болдырмайтын сайман қолдану қажет.

      442. Жұмыс біткен соң немесе жұмыстағы ұзаққа созылмайтын үзілістер кезінде газ шілтерлерін арнайы тұғырықтарға ғана қоюға рұқсат етіледі. Шілтер қызып кеткен кезде оны, ацетилен және оттегі крандарын алдын ала тығыз жауып, суық сумен салқындатады. Шлангалар мен шілтерге май тигізуге рұқсат етілмейді.

      443. Ацетиленді газ генераторымен жұмыс бастау алдында, сондай-ақ ауысым бойы су бекітпесінің жарамдылығы мен ондағы судың деңгейін міндетті түрде тексеру және қажет кезде үстемелеп құю керек.

      444. Ацетиленді газ генераторымен жұмыс істеген кезде:
      1) қоңырауға қосымша жүк қоюға;
      2) генератордың жүк салатын жәшіктеріне, генератордың төлқұжатында көрсетілгеннен аз ұсақталған кальций карбидін салуға;
      3) газ генераторына таяу темекі шегуге, ашық отпен жақындауға немесе оны пайдалануға;
      4) ацетилен шлангаларын мыс түтікпен қосуға;
      5) бір су бекітпесінен екі дәнекерлеушінің жұмыс істеуіне;
      6) лайды кәрізге жіберуге немесе оны аумақ ішіне шашып тастауға рұқсат етілмейді.

      445. Тасымалданатын ацетиленді газ генераторларын жұмыс істеу үшін ашық алаңдарда орнатқан дұрыс. Жақсы желдетілген үй-жайларда олардың уақытша жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.

      446. Мұздаған ацетиленді газ генераторлары мен құбырларды ыстық сумен ғана жібітуге рұқсат етіледі.

      447. Лайды арнайы лай шұңқырларына төгу керек. Лай шұңқырлары (сыйымдылықтар) қоршалады.

      448. Шлангалар тиісті МЕМСТ талаптарымен анықталынады және өздерінің мақсатына сәйкес пайдаланылады. Оттегі шлангаларын ацетилен беру үшін және керісінше пайдалануға рұқсат етілмейді. Шлангаларды шілтерге қосатын кезде олар алдын ала жұмыстық газдармен үрленеді. Шлангалардың ұзындығы 10-нан бастап 20 м дейін болады.

      449. Шлангаларды сыртқы залалдардан, жоғарғы температуралардың, ұшқындардың, оттың әсерінен сақтау қажет. Шлангаларды бұрауға, жапыруға және бүктеуге болмайды. Шлангалардың қосқыш ниппельдермен бекітілуі мықты болады. Бұл мақсат үшін арнайы қамытшалар қолданылады.

      450. Әрбір шлангада екеуден аспайтын ниппельдер арқылы біріктірмеге рұқсат етіледі.

      451. Тұрақты дәнекерлеу постында ацетилен, пропан-бутан немесе оттегі бар баллондар бөлек немесе қалқалары мен соғылған кезде ұшқынның шашырауын болдырмайтын едені бар металл шкафта сақталады. Шкаф дәнекерлеу үй-жайының сыртында немесе ішінде дәнекерлеу постынан кемінде бес метр қашықтықта орналасады, бұл ретте шкафта ауа тартқыш вентиляция болады.

      452. Ацетилен орнына басқа жанғыш газдарды қолданған кезде, осы жанғыш газдарды қауіпсіз пайдалану жөніндегі ережелер сақталады. Газдың шығуы байқалған кезде жұмысты дереу тоқтату, шығуды жою, үй-жайды желдету керек.

      453. Газы бар баллондардан пештерге және басқа ашық отты жылу көздеріне дейінгі қашықтық кемінде бес метр болады.

      454. Отын бактерін немесе жанғыш сұйықтықтардан босаған сыйымдылықтарды жөндеу кезінде осы Ереженің 430, 431-тармақтарында жазылған талаптарды сақтау қажет.

      455. Кәсіпорында дәнекерлеу аппаратурасын жөндеу жеке үй-жайда, оны азотпен немесе ауамен үрлегеннен кейін жүргізіледі. Газ аппаратурасын жөндеуге тиісті рұқсаты бар тұлғалар ғана жіберіледі.

      456. Кескіштер мен шілтерлердің жөндеуден кейін газ өткізбейтіндігі, одан соң жануы сыналады, бұл орайда шартылдау мен кері соққылар болмайды.

      457. Газ құбырларының тығыздығын сынау акті жасау арқылы үш айда ең кемі бір рет жүргізіледі.

      458. Барлық газ редукторларын техникалық тексеру және сынауды үш айда бір рет, ал кескіштер мен шілтерлерді - айына бір рет, пісіру жабдығының жай-күйі мен пайдаланылуына жауапты тұлға жүргізеді. Тексеру мен сынау қорытындылары журналға жазылады.

      459. Жауапты тұлға ұйымда бұйрықпен тағайындалады.

      460. Жер үстіндегі газ құбырлары мен баллондар:
      1) ацетиленді - ақ түске;
      2) оттегілі-көгілдір түске боялады.

      461. Барлық газ таратқыш құбырлар жерлестіріледі.

      462. Дәнекерлеу жұмыстарын орындау кезінде:
      1) штуцерларында майдың ізі бар редукторлар мен оттегілі баллондарды, сондай-ақ май болған шлангаларды пайдалануға;
      2) оттегі беру үшін бұрын басқа газдармен жұмыс істеу үшін пайдаланылған редукторларды, шлангаларды қолдануға;
      3) жарамсыз, пломбаланбаған немесе тексеру мерзімі өткен редукторлардағы монометрлерді пайдалануға;
      4) баллонның вентилін үрлеген кезде штуцерге қарсы тұруға;
      5) газбен дәнекерлеуді және кесуді ацетилен генераторынан 10 м аз және оттегі, ацетилен немесе сұйытылған газ бар баллондардан 5 м аз қашықтықта жүргізуге;
      6) ацетилен құбырларынан 3 м аз және оттегі құбырларынан 1,5 м аз қашықтықта ашық отпен қандай да болмасын жұмыстарды орындауға;
      7) ацетилен немесе басқа жанғыш газ толтырылған баллонның қалпағын ұшқын туғызуы мүмкін сайманның көмегімен алуға. Егер қалпақ бұралмаса онда баллон оны толтырған зауытқа (цехқа) қайтарылады;
      8) баллондарды қолмен тасуға; баллондарды мықты бекітуі бар арнайы арбалармен тасымалдауға рұқсат етіледі;
      9) шілтерлерді, кескіштерді және басқа дәнекерлеу аппаратурасын жөндеуді оған рұқсаты жоқ тұлғалардың жүргізуіне;
      10) редукторды тығыздау үшін фибрадан жасалғаннан басқа, кез келген аралық төсемені қолдануға;
      11) қысыммен тұрған газ аппаратурасын жөндеуге және қосқыш бұрандамаларды қатайтуға;
      12) газбен толтырылған баллондарды жылыту құрылғылары мен бу құбырларынан 1 м аз қашықтықта орналастыруға;
      13) металдың кесілген кесегін қолмен ұстауға;
      14) қысыммен тұрған электрмен дәнекерлеу қондырғыларына жөндеу жүргізуге;
      15) электрмен дәнекерлеу кезінде қосалқы қызметкерлердің қорғаныш көзілдіріксіз жұмыс істеуіне;
      16) жұмыс аяқталғаннан кейін немесе электрмен дәнекерлеуші жұмыс орнынан уақытша кеткен кезде электрмен дәнекерлеу қондырғысын сөндірмей қалдыруға;
      17) жеңіл тұтанатын және жанғыш материалдарды дәнекерлеу учаскесінде сақтауға;
      18) кері өткізгіш ретінде құбырларды, рельстерді және соларға ұқсас кездейсоқ металл бұйымдарды пайдалануға;
      19) дәнекерлеу трансформаторын дроссельдің үстіне орнатуға;
      20) оқшаулағышы зақымдалған сымдарды пайдалануға;
      21) электр сымдарын бұрап біріктіруге рұқсат етілмейді.

      463. Электрмен дәнекерлеу қондырғыларын желіге қосу мен ажыратуды электр-монтері ғана жүргізеді. Электрмен дәнекерлеу қондырғысын электр желісіне қосу алдында алдыңғы кезекте оны жерлестіру, ал ажыратқан кезде керісінше, алдымен қондырғыны электр желісінен ажырату, ал содан кейін жерлестіруден босату қажет.

      464. Электр желісінен дәнекерлеу қондырғысына дейінгі сымдардың ұзындығы 10 м аспайды.

      465. Жерлестірілген металл үстелде орнатылған электрмен дәнекерлеушінің құрсауы жеке жерлестіріледі.

      466. Электрұстағыштың конструкциясы мен техникалық жай-күйі мықты бекіткіш пен электродтардың қауіпсіз ауыстырылуын қамтамасыз етеді. Электрұстағыштың тұтқасы электрленбейтін отқа төзімді материалдан жасалады және қорғаныш қалқасы болады.

      467. Дәнекерлеу сымдарын қосуды ыстық түрдегі балқытумен, дәнекерлеумен немесе бұрамалы қысқыштары бар гильзалардың көмегімен жүргізген дұрыс. Қосылған жерлердің сенімді оқшаулағышы болады, қысқыштары бар гильзалар сынбайтын оқшаулағыш материалдан жасалған қалыпқа салынады, ал қысқышты бұрандалардың бастары қалыптың ішіне батырылады.

      468. Сымдарды электрұстағыш пен дәнекерленетін бұйымға қосу механикалық қысқыштармен немесе дәнекерлеу әдісімен жүзеге асырылады. Дәнекерлеу тогы 800 ампер (бұдан әрі - А) асқан кезде тоқ келтіретін сым, электрұстағышқа оның тұтқасынан өтіп қосылады.

      469. Жұмыс орындарында, жұмыстағы уақытша үзіліс кезінде электрұстағыштарды қоюға арналған құралдар (штативтер және тағы сол сияқтылар) болады.

      470. Металдың дәнекерленетін жерлері құрғақ, кірден, майдан, қақтан, тоттан және бояудан тазартылған болады.

      471. Автоматпен дәнекерленген жіктен флюсты жинау тек қана флюссорғышпен, ал дәнекерлеу жігін күлден тазарту металл щеткалармен жүргізіледі. Тазалау кезінде дәнекерлеуші қорғаныш көзілдірігін пайдаланады.

      472. Тұрақты посттарда дәнекерлеу жұмыстары жергілікті ауа тарту құрылғысы қосылған кезде жүргізіледі. Электрмен дәнекерлеу қондырғысын, оны электр желісінен ажыратқаннан кейін ғана жылжытуға рұқсат етіледі.

      473. Бөлшектерді балқыту үшін станокка қою (алу), кернеу алынғаннан кейін ғана жүргізіледі.

      474. Металл мен сұйықтықтың шашырандысынан қорғану үшін станокқа жинамалы немесе ашылатын қаптама орнатады. Қаптамасыз немесе ашық қаптамамен жұмыс істеуге рұқсат етілмейді.

      475. Газ бен салқындатылған су беруге арналған құбырлар, сондай-ақ олардың қосылған жерлері герметикті болады.

      476. Дәнекерлеу жұмыстарын тікелей автомобильде жүргізген кезде, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шаралар қабылдануы тиіс, ол үшін отын багінің ауызын және бактің өзін, оған ұшқын тимеу үшін темір немесе асбест табағымен жабу, дәнекерлеу аймағын майдың, жеңіл тұтанатын және жанғыш сұйықтықтардың қалдығынан, ал тиіп тұрған учаскелердің бетін жанғыш материалдардан тазарту қажет.

      477. Отын багіне тікелей жақындықта дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу алдында бакті алу қажет.

      478. Газбен жұмыс істейтін автомобильде дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу алдында газ баллондардан толық шығарылады немесе құйып алынады.

      479. Электрмен дәнекерлеу жұмыстары кезінде автомобильдің рамасы мен шанағын қосымша жерлестіру қажет.

      480. Жерден тікелей қол жетпейтін орындарда дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде осы Ереженің талаптарына сәйкес баспалдақ-саты немесе төсеме тақталар пайдаланылады.

  &11. Вулканизациялау жұмыстарына қойылатын талаптар

      481. Бумен вулканизациялау аппаратымен жұмыс істеген кезде қазандағы судың деңгейін, манометр бойынша будың қысымын және сақтандырғыш клапанның қызметін тұрақты бақылау қажет. Судың деңгейі төмендеген кезде, оны азғана мөлшермен айдауға болады.

      482. Қазанның жарылуынан сақтану үшін сақтандырғыш клапан рұқсат етілген шектік жұмыстық қысымға реттеледі.

      483. Сорғы жарамсыз (суды айдау мүмкін емес) болған кезде жұмысты дереу тоқтатып, отынды оттықтан алу және буды шығару керек. Отынды сумен сөндіруге рұқсат етілмейді.

      484. Шиналар жөндеу алдында шаңнан, кірден, мұздан тазартылады.

      485. Бұдырмақтауға арналған станоктар шаңды сорып алу үшін жергілікті ауа тарту вентиляциясымен жабдықталады, сенімді жерлестіріледі және қайрақты шеңбер жетегінің қоршауы болады.

      486. Бұдырмақтау бойынша жұмысты қорғаныш көзілдірікпен және жергілікті ауа тарту құрылғысы қосылған кезде ғана жүргізген дұрыс.

      487. Бу мульдаларында жұмыс істеген кезде сығылған ауаны дәнекерлеу қабына беру шиналар мен борт жапсырмаларын струбциналармен ақырына дейін бекіткеннен кейін ғана жүргізілуі мүмкін.

      488. Вулканизациялаудан кейін струбцинадан камераны, қалпына келтіру учаскесі суығаннан кейін ғана алуға болады.

      489. Жамауларды ойған кезде пышақтың жүзін өзіңе қарай емес, өзіңнен әрі (материал қысылған қолдан әрі) жылжыту керек. Жарамды сабы бар және жүзі өткір етіп ұшталған пышақпен ғана жұмыс істеуге болады.

      490. Бензин мен желім бар сыйымдылықтарды, оларды қажет кезде ғана ашып, жабық ұстаған дұрыс. Жұмыс орнында ауысымдық қажеттіктен аспайтын мөлшерде бензин мен желімді сақтауға рұқсат етіледі. Бензин мен желім бу генераторының оттығына 3 м жақын болмайды.

      491. Вулканизациялау жұмыстарын орындау кезінде:
      1) вулканизациялау аппаратында клапансыз, сондай-ақ жарамсыз немесе пломбаланбаған клапанмен жұмыс істеуге;
      2) клапанға қосымша жүк қоюға;
      3) жарамсыз, пломбаланбаған немесе тексеру мерзімі өткен манометрді пайдалануға;
      4) жарамсыз вулканизациялық аппаратпен жұмыс істеуге, сондай-ақ қазанда қысым болған кезде оны жөндеуге;
      5) дәнекерлеу қаптарынан ауа шығарылып болғанша, струбцинаны босатуға;
      6) резеңке желімін дайындау үшін этилденген бензинді пайдалануға;
      7) бу генераторы мен вулканизациялау аппаратына қызмет көрсететін қызметкерге, олар жұмыс істеп тұрған кезде жұмыс орнынан кетуге немесе оларда жұмыс істеуге басқа немесе бөгде тұлғаларды жіберуге рұқсат етілмейді.

  &12. Шина құрастыру жұмыстарына қойылатын талаптар

      492. Кәсіпорында шиналарды бөлшектеу және құрау арнайы бөлінген, қажетті жабдықпен, құралдармен және сайманмен жарақталған учаскеде жүзеге асырылады.

      493. Доңғалақтар алынар алдында автомобиль арнайы көтергіште немесе басқа көтергіш тетіктің көмегімен ілініп тұрады. Соңғы жағдайда көтерілмейтін доңғалақтардың астына арнайы тіреулер (табандықтар), ал автокөлік құралының ілініп тұрған бөлігінің астына арнайы тұғырық (тіреуіш) қою қажет.

      494. Қосарланған дискісіз доңғалақтардың бекіту гайкаларын бұраудың алдында, ішкі доңғалақтың дөңгелекқабы құрсаудан шығып кетпегеніне көз жеткізу керек, басқа жағдайда алдын ала ауаны одан толық шығару қажет.

      495. Жүк автомобилі мен автобустың доңғалақтарын алу, жылжыту және қою бойынша операциялар механикаландырылған болады.

      496. Шинаны ажырату алдында (доңғалақтың дискісінен) камерадағы ауа толық шығарылады. Шинаны ажырату арнайы стендте немесе ажырату құрылғысының көмегімен орындалады. Шиналарды жолда салу мен ажыратуды монтаж сайманымен жүргізу қажет.

      497. Шинаны салудың алдында құрсаудың, ернеу және құлып сақиналарының, сондай-ақ шинаның жарамдылығы мен тазалығын тексеру қажет. Шиналарды толтыруды екі кезеңмен жүргізген дұрыс: басында құлып сақинасының күйін тексеру арқылы 0,05 МПа қысым күшіне дейін, одан соң нұсқауда ұйғарылған қысымға дейін.

      498. Доңғалақ дискісіне шинаны салған кезде құлып сақинасы құрсаудың ойығына барлық ішкі бетімен нық кіруі тиіс.

      499. Құлып сақинасының дұрыс емес күйі байқалған жағдайда, үрленген шинадан ауаны шығару, сақинаның күйін түзеу, одан соң бұрын көрсетілген операцияларды қайталау қажет.

      500. Шиналарды бөлшектеп алмай үрлеуді, егер олардың ішіндегі ауаның қысымы нормадағыдан 40 % аспайтындай төмендесе және бөлшектеудің дұрыстығы бұзылмады деген сенім болса ғана жүргізген дұрыс.

      501. Автокөлік құралынан ажыратылған шиналарды кәсіпорын жағдайында толтыру және үстемелеп толтыруды шина салушы осы мақсат үшін арнайы бөлінген орындарда ғана, сақиналардың шығып кетуіне кедергі болатын сақтандырғыш құрылғыларды пайдалану арқылы орындауы тиіс.

      502. Шина толтыру учаскесінде манометр немесе ауа қысымын мөлшерлегіш орнатылуы тиіс.

      503. Шиналарды бөлшектеу және құрастыруға арналған стендте жұмыс істеген кезде редуктор қаптамамен жабылуы тиіс.

      504. Дөңгелекқаптың ішкі бетін қарау үшін спредер (кеңейткіш) қолдану қажет. Шинадан бөгде заттарды алу қажет болған жағдайда, бұрауыш, біз немесе пышақ емес, қысқыш пайдаланған дұрыс.

      505. Шина құрастыру жұмыстарын орындау кезінде:
      1) вулканизациялау аппаратында клапансыз, сондай-ақ жарамсыз немесе пломбаланбаған клапанмен жұмыс істеуге;
      2) клапанға қосымша жүк қоюға;
      3) жарамсыз, пломбаланбаған немесе тексеру мерзімі өткен манометрді пайдалануға;
      4) жарамсыз вулканизациялық аппаратпен жұмыс істеуге, сондай-ақ қазанда қысым болған кезде оны жөндеуге;
      5) дәнекерлеу қаптарынан ауа шығарылып болғанша, струбцинаны босатуға;
      6) резеңке желімін дайындау үшін этилденген бензинді пайдалануға;
      7) бу генераторы мен вулканизациялау аппаратына қызмет көрсететін қызметкерге, олар жұмыс істеп тұрған кезде жұмыс орнынан кетуге немесе оларда жұмыс істеуге басқа немесе бөгде тұлғаларды жіберуге рұқсат етілмейді.

      506. Үлкен өлшемді дөңгелекқаптарды жылжыту үшін тұрақты пневматикалық көтергішпен жұмыс істеген кезде көтерілген дөңгелекқапты міндетті түрде тоқтатқыш құрылғымен бекіту қажет.

  &13. Бояу жұмыстарына қойылатын талаптар

      507. Бояу цехтары мен учаскелеріндегі жұмыстарды тиісті МЕМСТ және осы Ереженің талаптарын есепке ала отырып ұйымдастырады.

      508. Бояу цехтарында, учаскелерінде, бояу дайындау бөлімшелерінде вентиляция сөндірілген немесе жұмыс істемеген кезде жұмыстарды жүргізуге рұқсат етілмейді. Лак-бояу материалдары бар барлық ыдыста лак-бояу материалының дәл атауы бар биркалар (жапсырмалар) болуы тиіс.

      509. Бояу цехында лак-бояу материалдарының қоры жабық ыдыста сақталуы және ауысымдық қажеттіктен аспауы тиіс.

      510. Бүріккішпен жұмыс істеген кезде ауа шлангалары мықты жалғануы тиіс. Ауа беруді тоқтатқаннан кейін ғана Шлангаларды ажыратуға рұқсат етіледі.

      511. Артық тұман туғызудан сақтану үшін және жұмыс аймағының аэрозольмен, бояулар мен лактардың буларымен ластануын азайту мақсатында бүріккішпен бояған кезде бояу бүріккішті боялатын бетке, одан 350 мм қашықтықта перпендикуляр ұстаған дұрыс.

      512. Құрамына дихлорэтан және метанол кіретін лак-бояу материалдарын бояу жаққышпен жұмыс істеген кезде ғана қолдануға рұқсат етіледі.

      513. Нитробояулармен жұмыс істеген кезде аса абайлық танытқан дұрыс, өйткені олар жеңіл тұтанады, ал еріткіштердің булары ауамен араласып жарылғыш қоспалар түзейді.

      514. Лак-бояу материалдарын бір ыдыстан екіншісіне аудару, ернеулері 50 мм төмен емес металл табандықтарда жүргізілуі тиіс.

      515. Электостатикалық өрісте бояу, ауа тарту вентиляциясымен жабдықталған бояу камерасында жүзеге асырылуы тиіс. Бояудың барлық процесі автоматты түрде жүргізілуі тиіс, қолмен тек қана камерадан тыс бұйымдарды ілуге және алуға болады.

      516. Электрлі бояу камерасы қоршалуы тиіс, есіктері жоғарғы вольтті жабдықпен қосылуы тиіс (яғни, камераның есіктерін ашқан кезде кернеу автоматты түрде алынады). Әрбір электрлі бояу камерасын тұрақты көмір қышқылды от сөндіру қондырғысымен жабдықтау қажет.

      517. Жабдыққа жоғарғы кернеу беруге автоматты қос сигнал - дыбыстық сигнал мен жалтылдаған "Жоғарғы кернеу қосылған. Кіруге болмайды!" деген кесте ілесуі тиіс.

      518. Газбаллонды автомобильді камерада кептіру алдында газды баллондардан толық шығару немесе құйып алу және инертті газбен қалдықтарын толық жойғанға дейін үрлеу қажет.

      519. Бояу камераларын мұқият желдеткеннен кейін отырған бояудан күн сайын, ал сепараторларды ең кемі 160 сағат жұмыс істеген сайын тазарту қажет.

      520. Бояушы саймандарының (қалақшалар, бояу жаққыштар, пышақтар) саптары күн сайын жұмыс аяқталысымен дымқыл тәсілмен тазартылуы тиіс.

      521. Автобустардың шанақтарын, ірі сыйымдылықтарды және жоғары орналасқан жабдықты бояған кезде тұтқалары бар берік қойылған тұғырықтар мен қажетті құралдарды, сондай-ақ баспалдақ-сатыны пайдалану қажет. Автобустың, фургонның және тағы басқа шанақ ішін бояу тұмсыққаппен ғана есіктер, терезелер, люктер ашық кезде жүргізілуі қажет.

      522. Еденге төгілген бояулар мен еріткіштерді құм немесе үгінді қолдану арқылы жинау және оларды бояу үй-жайынан шығару қажет.

      523. Ас ішу немесе темекі шегу алдында қолды сабынды жылы сумен мұқият жуу қажет.

      524. Құрамында қорғасын қоспалары бар бояулармен жұмыс істегеннен кейін қолдарды алдын ала бір пайыздық кальцийленген сода ерітіндісімен жуып алу, одан соң оларды ализаринді сабынмен жуу, содан соң бетті сабынды жылы сумен жуу, ауызды шаю және тісті тазалау қажет. Жұмыс бітісімен душ қабылдау қажет.

      525. Бояу учаскелерінде және бояу дайындау бөлімшелерінде, бояу материалдарын және олардан босаған ыдысты сақтайтын орындарда:
      1) лак-бояу материалдарымен және еріткіштермен тиісті ЖҚҚ (тұмсыққаптар, қорғаныш көзілдіріктер және тағы сол сияқты) қолданбай жұмыстар жүргізуге;
      2) ашық отты (дәнекерлегіш лампалар, қыздырылған дәнекерлегіштер, тамақ пісіру, темекі шегу және тағы басқа) пайдалануға;
      3) камераларды, жұмыс орындарын және ыдысты тазалау үшін соққан кезде ұшқын шығаратын сайманды пайдалануға;
      4) этилденген бензинді қолдануға;
      5) жеңіл тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды ашық ыдыста ұстауға;
      6) тамақ өнімдерін сақтауға және ас ішуге;
      7) жұмыс үй-жайларында бояулар мен еріткіштерден босаған ыдысты сақтауға;
      8) пайдаланылған ысқылағыш материалды түнге қалдыруға;
      9) вентиляция сөніп тұрған және жұмыс істемеген кезде жұмыс жүргізуге;
      10) құрамы белгісіз материалдар мен еріткіштерді пайдалануға;
      11) бояу қыздыратын кеспектегі қысымды жұмыстықтан жоғары көтеруге;
      12) бүріккішпен бояу үшін эмальдар, бояулар, топырақты және құрамында қорғасын қоспалары бар басқа материалдарды қолдануға. Ерекшеліктерге, қорғасын қоспаларын зияны аздауымен ауыстыру техникалық себептер бойынша мүмкін болмағанда, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығын қамтамасыз ету саласында бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын уәкілетті органның рұқсатымен ғана жол беріледі, бұл ретте жұмыс істеушілерді қорғау үшін тиісті шаралар қолданылуы тиіс;
      13) жиналмалы сатыны пайдалануға үзілді-кесілді рұқсат етілмейді.

  &14. Қаптау жұмыстарына қойылатын талаптар

      526. Қаптау жұмыстары ауа кіру-ауа тарту вентиляциясымен жабдықталған және қажетті жабдықпен, құралдармен және сайманмен жарақталған арнайы бөлінген үй-жайда жүргізілуі тиіс.

      527. Автомобильдер мен автобустардың отырғыштары мен арқалықтарын бұзу және жинау жергілікті ауа тарту құрылғысымен жабдықталған үстелдерде, арнайы құралдарды қолдану арқылы жүргізілуі тиіс.

      528. Отырғыштар мен арқалықтарды жөндеу кезінде серіппелерді қысу қаптау қысқыштарымен немесе басқа арнайы құралдармен жүргізілуі тиіс.

      529. Жеңіл автомобильдер мен шағын автобустардың төбелері мен есіктерінің қаптамасын алу бойынша жұмыстарды жүргізген кезде шаңсорғышты пайдалану ұсынылады.

      530. Материалдарды пішу жергілікті ауа тарту құрылғыларымен жабдықталған пішу үстелдерінде жүргізілуі тиіс.

      531. Жетекті тетікке түскен жіптердің, мата қиқымдарының және басқа заттардың алынуы, сондай-ақ тігін машинасын тазалау мен майлау электр қозғалтқыш сөніп тұрған кезде ғана жүргізілуі мүмкін.

      532. Инеге жіп сабақтауды және инені ауыстыруды электр қозғалтқыш сөніп тұрған кезде жүргізген дұрыс.

      533. Тігін машинасында жұмыс істеген кезде:
      1) басты машинаға жақын еңкейтуге;
      2) жұмыс істеп тұрған машинаның қозғалып тұрған бөлшектеріне жанасуға;
      3) сақтандырғыш құралдар мен қоршауларды алуға;
      4) еденге сынған инелерді тастауға;
      5) машинаның айналып тұрған бөлшектерінің жанына қайшы және басқа заттарды қоюға рұқсат етілмейді.

      534. Қызметкерлер қолмен тіккен кезде оймақ пайдалануы тиіс.

      535. Жұмыс аяқталысымен инелерді бөлінген орынға (қорап және тағы сол сияқты) қою керек. Ине шаншылған матаны жұмыс орнында қалдыруға рұқсат етілмейді.

  &15. Қазандықтарға қызмет ету бойынша
жұмыстарға қойылатын талаптар

      536. Қазандарға қызмет етуге жасы 18 кем емес, медициналық куәландырудан, арнайы оқу орнында оқудан өткен және Мемтехбақылау инспекторының (Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық мемлекеттік инспекция органы) қатысуымен комиссияда аттестатталған тұлғалар жіберіледі.

      537. Кезекшілікті қабылдау кезінде ауысым персоналы қазандардың, жабдықтың және аспаптардың көрсеткіштерін тексеруі және бұл туралы кезекшілікті қабылдау-тапсыру журналына жазуы тиіс.

      538. Кезекшілік кезінде қазандықтың персоналы қазандардың, жабдықтың жарамдылығын қадағалауы және белгіленген жұмыс режимін қатаң сақтауы тиіс.

      539. Қазанның ішінде адамдардың болуына байланысты жұмыстар қазандық бастығының немесе қазандарды қауіпсіз пайдалану үшін жауапкершілік жүктелген тұлғаның жазбаша рұқсаты (рұқсат тапсырмасы бойынша) бойынша ғана, қауіпсіздіктің қажетті шараларын қабылдау және кезекшілікті қабылдау-тапсыру журналында жазу арқылы жүргізілуі мүмкін.

      540. Жағар алдында қазан мен оның жабдығының жарамдылығын, сондай-ақ ондағы судың жеткілікті мөлшерде болуын мұқият тексеру қажет.

      541. Тікелей қазанды жағу алдында оттық пен газ жолдарының вентиляциясы тексерілуі тиіс.

      542. Қазандағы манометрлер жұмыс уақытында журналға жазу арқылы бір ауысымда ең кемі бір рет үрлеп тазартылуы тиіс.

      543. Су деңгейін көрсететін аспаптар:
      1) жұмыстық қысымы 2,4 МПа дейінгі қазандардағы - ауысымына ең кемі бір рет;
      2) жұмыстық қысымы 2,4-3,9 МПа қазандардағы - тәулігіне ең кемі бір рет;
      3) жұмыстық қысымы 3,9 МПа артық қазандардағы - жасаушы зауытта белгіленген мерзімдерде үрленіп тексерілуі тиіс.

      544. Сақтандырғыш клапандар қазанды жұмысқа қосар алдында және оның жұмыс процесінде:
      1) жұмыстық қысымы 2,4 МПа дейінгі қазандардағы - әрбір клапан тәулігіне ең кемі бір рет;
      2) жұмыстық қысымы 2,4-3,9 МПа қазандардағы - әрбір қазанның бір клапанынан кезекпен тәулігіне ең кемі бір рет;
      3) жұмыстық қысымы 3,9 МПа артық қазандардағы - жасаушы зауытта белгіленген мерзімдерде үрленіп тексерілуі тиіс.

      545. Қазан жұмысын автоматты басқарудың барлық құрылғылары жарамды күйде болуы және айына ең кемі бір рет тексерілуі тиіс, ол туралы журналға жазылады.

      546. Қазанның, авариялықтан басқа барлық жағдайларда тоқтатылуы, бұған кәсіпорын әкімшілігінің өкімін алғаннан кейін ғана жүргізілуі тиіс.

      547. Қазанды тоқтатқан кезде:
      1) қазандағы судың деңгейін ортадан жоғары ұстап тұру;
      2) отын беруді тоқтату және жағуды аяқтау қажет;
      3) қазаннан суды жіберу, ол плюс 25 о C дейін немесе төмен салқындағаннан кейін жүргізілуі тиіс.

      548. Қатты отынмен жұмыс істейтін қазанды тоқтатқан кезде:
      1) үрлеу мен тарту азайған кезде оттықтағы қалған отынды жағып бітіру;
      2) үрлеуді тоқтату;
      3) оттықты тазарту;
      4) түтін қалқалағышты, жағу және үрлеу қақпақтарын жауып тартуды тоқтату қажет.

      549. Мәжбүрлі ауа беру арқылы газ отынымен жұмыс істейтін қазанды тоқтатқан кезде шілтерлерге газ беруді азайту, одан соң мүлде тоқтату, осыдан кейін ғана ауаны тоқтату қажет.

      550. Инжекциялық шілтерлерді пайдаланған кезде алдымен ауа, ал одан соң газ беруді тоқтату қажет. Барлық шілтерлерді өшіргеннен кейін қазанның газ құбырын ортақ магистральдан ажырату, бұру тетігіндегі үрлеу білтесін ашу, сондай-ақ оттықтың, газ жолдарының және ауа жолдарының ауасын тазарту керек.

      551. Қызмет көрсетуші персонал:
      1) қазандағы судың температурасы (қысымы) рұқсат етілген деңгейден артық көтерілген, бұл ретте қабылданған шараларға (тарту мен үрлеуді азайту, сумен қоректендіруді үдейту) қарамай өсуді жалғастырған;
      2) су жіберіп қойылған (бұл орайда суды үстемелеуге үзілді-кесілді тыйым салынады);
      3) сумен қоректендіруді үдейткенге қарамай, қазандағы судың деңгейі жылдам төмендеген;
      4) егер қазанды үрлеу оны тез төмендете алмаса, судың деңгейі, су деңгейін көрсеткіш аспаптың көрініп тұрған жоғарғы жиегінен артық көтерілген;
      5) барлық су деңгейін көрсеткіш аспаптардың немесе сақтандырғыш клапандардың 50%-ының жұмысы тоқтаған;
      6) қазан мен қаптаманың негізгі элементтерінде жарықтар, ісіну, құбырлардың ажыраған жерлері, қатар тұрған байланыстардың екі немесе бірнеше үзіктері байқалған;
      7) қаланған немесе шегенделген қабырға, опырылып құлау қаупін туғызып зақымдалған немесе қазанның қаңқасы немесе қабы қызарғанша қызған;
      8) қазанның жұмысында, қызмет көрсетуші персонал үшін қауіпті (газ жолдарындағы жарылыстар, арматураның, құбырлардың зақымдалуы және тағы сол сияқты) елеулі кемшіліктер табылған жағдайларда қазанды тоқтатуға дереу кірісуі және бұл туралы қазандарды қауіпсіз пайдалану үшін жауапты тұлғаға немесе кәсіпорын басшылығына хабарлауы қажет.

      552. Қазанның авариялық тоқталуының себептері кезекшіліктерді қабылдау-тапсыру журналына жазылуы тиіс.

      553. Қазандық жабдығымен жұмыс істеген кезде:
      1) қазандықтың үй-жайына бөгде материалдар мен заттарды үюге;
      2) жұмыс істеп тұрған қазанды бақылаусыз, тіпті қысқа уақытқа қалдыруға және қазандықтың үй-жайына бөтен адамдардың кіруіне;
      3) қазанды қатты отынмен жаққан кезде бензинді, керосинді және басқа жеңіл тұтанатын сұйықтықтарды пайдалануға;
      4) қазан жұмыс істеп тұрған кезде қандай бір жөндеу жұмыстарын (жіктерді шегуге, бұрандамаларды қатайтуға және тағы сол сияқты) жүргізуге;
      5) жалынды жаңа отын салып немесе сумен сөндіруге рұқсат етілмейді.

  &16. Балташылық жұмыстарды орындау
кезінде қойылатын талаптар

      554. Балташылық жұмыстарды орындауға осы Ереженің талаптарына сәйкес осы жұмыс түрлері бойынша нұсқау алудан өткен қызметкерлер жіберіледі.

      555. Балтамен жұмыс істеген кезде ағаш ұстасы, өңделетін ағаш материал оның аяқтарының арасында болатындай тұруы тиіс.

      556. Жонылатын кесек ағаш немесе тақтай төсеніштерге, олардың еріксіз бұрылып кетуін болдырмау үшін мықтап бекітілуі тиіс.

      557. Балтаны верстактың шетінде, сондай-ақ тік қойылған материалға қадап қалдыруға рұқсат етілмейді.

      558. Қол арасымен жұмыс істеген кезде материал верстакка қойылуы және мықтап бекітілуі тиіс. Араны бағыттау үшін ағаш кесек қолдану керек.

      559. Балташылық жұмыстарды орындау кезінде:
      1) кесу орнына тікелей жақындықта материалды қолмен ұстап тұруға;
      2) саусақтармен араны бағыттауға;
      3) материалды тізеге қойып аралауға;
      4) сүргіні жоңқадан сүргінің табаны жағынан тазартуға;
      5) өңделетін бөлшекті тікелей қашаудың жүзі алдында қолмен ұстап тұруға рұқсат етілмейді.

      560. Ағашты қолмен және механикалық өңдеу кезінде алынған жоңқаны, үгіндіні және қалдықтарды жұмыс орнынан, олардың жиналу шамасына қарай жұмыс ауысымы ішінде және жұмыс аяқталысымен жинау керек.

      561. Ағаш өңдеу учаскесінде ағаш шаңын кетіру үшін жергілікті сорғыштар қолдану керек.

  12. Антифризді пайдалану кезіндегі
техникалық қауіпсіздік

      562. Антифризді жарамды, герметикті түрде жабылатын, бұралатын тығындары бар металл бидондар мен бөшкелерде сақтаған және тасымалдаған дұрыс. Қақпақтар мен тығындар пломбалануы тиіс. Антифризден босаған ыдыс та пломбалануы тиіс.

      563. Ұйымда антифризді сақтау, тасымалдау және пайдалану үшін жауап беретін тұлға (тұлғалар) тағайындалуы тиіс.

      564. Антифриз адамдармен, жануарлармен, тамақ өнімдерімен бірге тасымалданбауы тиіс.

      565. Антифризді ыдысқа, оның сыйымдылығының 90 % асырмай құяды. Антифриз сақтайтын (тасымалдайтын) ыдыста және де одан босаған ыдыста ірі әріппен: "У" деген шайылмайтын жазу, сондай-ақ улы заттар үшін "Сигнал беру түстері және қауіпсіздік белгілері. Жалпы техникалық жағдай және пайдалану тәртібі" туралы ҚР СТ МЕМСТ 12.4.026-2002 сәйкес белгіленген белгі болуы тиіс және тиісті МЕМСТ талаптарын есепке ала отырып, жүктің қауіптілік белгісі салынады.

      566. Антифриз құйылардың алдында ыдысты мұнай өнімдерінің қалдықтарынан, қатты қалдықтардан, қақтан және тоттан мұқият тазарту, сілтілі ерітіндімен жуу және булау қажет.

      567. Антифризі бар ыдысты құрғақ жылытылмайтын үй-жайда сақтайды. Сақтау және тасымалдау кезінде ыдыстағы барлық ағызу, құю және ауа кіретін тесіктер пломбалануы тиіс.

      568. Қозғалтқыштың салқындату жүйесінен ағызылған антифриз акті бойынша сақтау қоймасына тапсырылуы тиіс.

      569. Пайдаланылған антифризді сақтау ережелері, жаңа антифризді сақтауға арналған ережелермен бірдей.

      570. Қозғалтқыштың салқындату жүйесіне антифриз құярдың алдында:
      1) салқындату жүйесінде (жалғағыш шлангаларда, радиаторда, су сорғысының сальнигінде және тағы басқа) тесіктің жоқтығын тексеру, болса, жою;
      2) салқындату жүйесін ыстық таза сумен жуу қажет.

      571. Қозғалтқыштың салқындату жүйесіне антифриз құюды арнайы осы мақсат үшін арналған ыдыстың (тұмсықты шелек, кеспек, май құйғыш) көмегімен ғана жүргізген дұрыс. Құюға арналған ыдыс осы Ереженің 566-тармағына сәйкес тазартылуы және жуылуы және "Тек қана антифриз үшін" деген жазуы болуы тиіс.

      572. Антифриз құйған кезде оған мұнай өнімдерінің (бензин, дизельдік отын, май және тағы сол сияқты) қосылып кетпеуін болдырмау шараларын қабылдау қажет.

      573. Ұлғайтқыш багі жоқ салқындату жүйесіне антифризді радиатордың ауызына дейін емес, салқындату жүйесінің көлемінен 10 % аз құйған дұрыс, өйткені қозғалтқыш жұмыс істеген кезде (қызған кезде) антифриз судан артық ұлғаяды, бұл оның ағып кетуіне әкеліп соғуы мүмкін.

      574. Антифризбен әрбір операциядан (алу, беру, автомобильге құю, сапасын тексеру) кейін қолды сабындап бар сумен мұқият жуу керек. Антифризді байқамай жұтып қойған кезде зардап шегуші дереу емдеу мекемесіне жөнелтілуі тиіс.

      575. Антифризбен жұмыс істеген кезде:
      1) оны алған, сақтаған және пайдаланған кездегі қауіпсіздік шаралары бойынша қосымша нұсқау алудан өтпеген жүргізушілер мен басқа тұлғалар антифризбен жұмыс істеуге;
      2) антифризді осы параграфта көрсетілген талаптарға сәйкес емес ыдысқа құюға;
      3) антифризді ауызбен сору арқылы шлангамен ағызып алуға;
      4) антифризден босаған ыдысты тамақ өнімдерін тасымалдау және сақтау үшін қолдануға рұқсат етілмейді.

  13. Станоктарда жұмыс істеу кезіндегі
негізгі қауіпсіздік талаптары

  &1. Станоктардағы жұмысқа қойылатын жалпы талаптар

      576. Ұйымда қолданылатын станоктар мен олардың жабдығы барлық пайдалану мерзімі бойы тиісті МЕМСТ талаптарына сай болуы тиіс, ал олардағы жұмыс тиісті МЕМСТ-та ескертілген қауіпсіздік шарасын ескере отырып орындалады.

      577. Тұрақты станоктар берік фундаменттерде немесе негіздерде берік орнатылуы, мұқият тексерілуі, мықты бекітілуі және "Сигнал беру түстері және қауіпсіздік белгілері" туралы ҚР СТ МЕМСТ 12.4.026-2002 талаптарына сәйкес боялуы тиіс.

      578. Әрбір станоктың жеке жетегі болуы тиіс, ал электрлік жетегі бары, жетекпен бірге жерлестірілуі (нөлденуі) тиіс.

      579. Тұрақты, тасымалданатын станоктар мен стендтерді, олар бекітілген адамдар ғана іске қосуы және қызмет көрсетуі тиіс. Басқа адамдарға станоктарды іске қосуға және оларда жұмыс істеуге рұқсат етілмейді.

      580. Аталған станоктар мен стендтерді жөндеуді арнайы тағайындалған тұлғалар орындауы тиіс.

      581. Ток беру тоқтаған, жұмыс сайманын ауыстырған кезде, оған өңделетін бөлшекті бекіткен немесе қойған, оны станоктан алған жағдайда, сондай-ақ станокты жөндеген, тазалаған және майлаған, үгінді мен жоңқаларды жинаған кезде станокты міндетті түрде өшіру қажет.

      582. Станокта салмағы он бес килограммнан артық бөлшектер мен дайындамаларды өңдеу кезінде оларды қою мен алуды көтергіш құрылғылар мен құралдардың көмегімен жүргізу қажет.

      583. Станоктар пайдаланғанда қолайлы, металдың ұшқан жоңқасы мен бөлшектерінен көздерді қорғауға арналған беріктігі жеткілікті мөлдір экраны бар сақтандырғыш құралдармен жабдықталуы тиіс. Мұндай құралдар қажетті жағдайларда, оларды қажетті күйге ыңғайлы және жылдам қоюды қамтамасыз ететіндей етіліп жиналуы тиіс.

      584. Электр қозғалтқыштарына (рубильниктерге, соңғы сөндіргіштерге, реостаттарға) арналған қосу аппаратурасының ток жүретін бөліктері жабық болуы тиіс. Электр қозғалтқышынан станокқа берілістердің (белдіктер, тісті берілістер) қоршауы болуы тиіс.

      585. Электр қозғалтқыштар мен қосу аппаратурасының корпустары, сондай-ақ олардың жанындағы, кернеуі болуы мүмкін барлық металл бөліктер жерлестірілген болуы тиіс.

      586. Еденнен екі метрге дейінгі биіктікте тұрған станоктардың шығып тұрған қозғалатын барлық бөліктері берік қоршалуы тиіс.

      587. Ақаулы станоктарда, сондай-ақ жарамсыз немесе нашар бекітілген қоршаулары бар станоктарда жұмыс істеуге рұқсат етілмейді.

      588. Материалдар мен бөлшектерді жұмыс орындарының жанында жинап қою олардың орнықтылығын қамтамасыз ететін тәсілмен жүргізілуі тиіс. Жұмыс орны жанындағы бұйымдардың, бөлшектердің үйме қатарының биіктігі, орнықтылық және одан бөлшектерді алу қолайлылығы шарттарына байланысты таңдалуы, бірақ 1 м аспауы тиіс.

      589. Станокшының жұмыс орны мен үй-жайы әрқашан таза күтіп ұсталуы, жақсы жарықтандырылуы және өнімдер мен материалдар үйілмеуі тиіс.

      590. Барлық станоктар жергілікті жарықпен жабдықталуы тиіс. Жергілікті жарықтың болмауына табиғи жарық жеткілікті болған кезде ғана рұқсат етіледі.

      591. Қоса қойылған қыздыру лампалары бар жергілікті жарықтың шамдарын қоректендіру үшін кернеу 42 В артық болмауы тиіс. Шамдардың кез келген конструкциясына (қыздыру немесе люминесцентті лампалары бар жергілікті жарық) арналған 127-220 В қоректендіру, мұндай шамдардың байқамай жанып кетуі үшін оңай ток жүретін бөліктері болмау шартымен рұқсат етіледі.

      592. Станоктан жоңқаны алу тиісті құралдармен (ілгіштер, щеткалар) жүргізілуі тиіс, жоңқаны қолмен жинауға тыйым салынады. Ілгіштердің тегіс саптары мен қолды жоңқамен кесіп алудан сақтайтын қалқаны болуы тиіс.

      593. Жұмыс жолдарынан жоңқаны жинау жоңқаның жиналып қалуын болдырмау мақсатында мұқият жүргізілуі тиіс. Жоңқаны арнайы жәшіктерге жинайды да, толғаннан кейін оларды үй-жайдан шығарады.

      594. Барлық пайдаланылатын жабдық өндірістік учаске басшысының тұрақты қадағалауында болуы тиіс.

      595. Жұмысшылар және әкімшілік, станоктардың жанында бөтен адамдардың болмауын қадағалауға міндетті.

      596. Станокшы жұмысшылар жұмыс кезінде тиісті арнайы киім мен басқа жеке қорғану құралдарын пайдалануы тиіс.

      597. Жұмыс істеген кезде арнайы киім толық түймеленуі тиіс. Шаш бас киіммен (берет, орамал, тор және басқалар) жабылуы және оның астына жиналуы тиіс.

      598. Станокшы жұмыс орнынан кететін кезде (қысқа уақытқа болса да) станокты сөндіруі тиіс.

      599. Ақаулы станокқа (стендке) жауапты тұлға "Станок қосылмасын. Жарамсыз!" деген тақтайша ілуі тиіс. Мұндай станок электр желісінен ажыратылуы тиіс.

  &2. Токарлық станоктардағы жұмысқа қойылатын талаптар

      600. Өңделетін бөлшектер мен сайманды бекітуге арналған барлық құралдардың (патрондар, планшайбалар, оправкалар, шпиндель бастары, кондукторлар) конструкциясы олардың мықты бекітілуін қамтамасыз етуі және құралдың жұмыс кезінде, оның ішінде айналысты реверстеген кезде өздігінен бұрылып кету мүмкіндігін болдырмауы тиіс.

      601. Станоктарда өңделетін бөлшектерді қолмен егеуге және жылтыратуға рұқсат етілмейді. Бұл жұмыс бәрібір қолмен істеу тәсілімен жүргізілетін ерекше жағдайларда, ол, осы жұмыстардың қауіпсіз жүргізілуін қамтамасыз ететін арнайы құралдардың көмегімен орындалуы тиіс.

      602. Өңделетін бөлшектерді станокта зімпара құралымен тазалау қысқыштардың (ұстағыш) көмегімен орындалуы тиіс. Зімпара құралын бөлшекке қолмен қысуға тыйым салынады.

      603. Станоктың шпинделінен шығып кеткен өңделіп жатқан металдың шеті жылжымайтын қаптамамен қоршалуы тиіс.

      604. Станоктарға сайман мен бөлшектерді қоюға рұқсат етілмейді.

  &3. Бұрғылау станоктарында істелетін
жұмысқа қойылатын талаптар

      605. Станок шпинделіне бұрғылар мен басқа кескіш саймандар мен құралдарды орнатқан кезде, олардың бекітілу беріктігі мен қойылу дәлдігіне аса назар аудару қажет.

      606. Бұрғыланған тесіктен жоңқаны алуға станок тоқтағаннан және сайман алынғаннан кейін ғана рұқсат етіледі.

      607. Өңдеуге арналған, аса ауырларын қоспағанда, барлық заттар үстелде немесе бұрғылайтын станоктың плитасында құрсаулардың, кондукторлардың және басқа берік құралдардың көмегімен қозғалыссыз орнатылуы және бекітілуі тиіс.

      608. Патроны бар шпиндель бұрғы беру штурвалын түсірген кезде жоғарғы күйіне өздігінен қайтуы тиіс. Станоктың шпинделінен сайманды шығару үшін, ұрған кезде оның бөлшектерінің бөлінуін болдырмайтын материалдан жасалған арнайы балғалар мен қаққыштар қолданылуы тиіс.

      609. Бұрғылау станогында жұмыс істеген кезде:
      1) жаншылған немесе тозған құйрықшасы бар бұрғылар мен патрондарды қолдануға;
      2) станокта жұмыс істеген кезде қолғап пайдалануға;
      3) өңдеу кезінде бұйымды қолмен ұстап тұруға рұқсат етілмейді.

  &4. Фрезер станогында істелетін
жұмысқа қойылатын талаптар

      610. Фрезаларды орнатқан және ауыстырған кезде, қолды кесуден сақтайтын арнайы құралдар қолданылуы тиіс.

      611. Фрезалардың жұмыс істемейтін бөліктері қоршалуы тиіс.

      612. Жарықтары немесе сынған тістері бар фрезаларды қолдануға рұқсат етілмейді.

      613. Айналып тұрған фрезаға жақын жердегі жоңқа ағаш таяқшамен немесе сабының ұзындығы кемінде 250 миллиметр қылқаламмен алынуы тиіс.

  &5. Сүргілеу станоктарындағы
жұмысқа қойылатын талаптар

      614. Еркін өту үшін қабырға мен үстелдің немесе станоктың сырғыма тиегінің арасы, олар барынша шыққан кездегі ең соңғы күйде жеті жүз миллиметрден кем болмауы тиіс.

      615. Барлық станоктар жоңқа жинауға арналған құралдармен жабдықталуы тиіс. Сүргілеу станогында жылжымалы үстелдің немесе сырғыма тиектің барынша жолының барлық ұзындығына қоршау болуы тиіс.

      616. Станок жұмыс істеп тұрған кезде бұйымдар мен аралық төсемелерді түзеуге рұқсат етілмейді.

  &6. Тегістеу және қайрау станоктарында істелетін
жұмысқа қойылатын талаптар

      617. Қайрақты сайманды сақтау және тасымалдау, тексеру, оны станоктарда орнату, сондай-ақ пайдалану тиісті МЕМСТ талаптарын ескере отырып жүзеге асырылады.

      618. Қайрақты шеңберлерді станоктарға орнатуға арнайы оқып үйренген жұмысшыларға ғана рұқсат етіледі. Орнату алдында барлық шеңберлер теңгерілуі тиіс.

      619. Шеңбердің тепе-теңдігі бұзылғаны байқалған кезде бірінші жанудан кейін немесе жұмыс барысында ол теңгерілуі тиіс. Кескіш және сыдырғыш шеңберлерді, оларды станокқа орнатардың алдында теңгермеуге рұқсат етіледі.

      620. Қайрақты шеңберді орнату алдында фланецтер мен шеңбердің арасына қатырма қағаздан немесе қалыңдығы 0,5-ден 1 мм дейінгі басқа жұмсақ материалдан жасалған аралық төсемелер қою қажет. Төсемелер фланецтің айналасынан 1-5 мм шығып тұруы тиіс.

      621. Жұмыс басталар алдында тегістегіш станокқа орнатылған шеңбер айналымдардың жұмыстық саны: диаметрі 400 мм дейінгі шеңбер - кемінде 2 минут, 400 мм жоғарғы - кемінде 5 минут жүре (бос) тексерілуі тиіс.

      622. Шеңбердің соғуы жоқ, ал тегістегіш станоктың шпинделінің соғуы 0,03 мм аспайтынына екеніне көз жеткізіп ғана жұмысқа кірісуге болады.

      623. Қайрау станогында жұмыс істеген кезде айналып тұрған қайрақты шеңберге қарсы тұруға рұқсат етілмейді. Қорғаныш экран, экран көтерулі (бөліп берілген) кезде станоктың іске қосылу мүмкіндігін болдырмайтын іске қосу құрылғысымен біріктірілуі тиіс.

      624. Қайрақты шеңберлерді сынауды, орнатуды және жануды арнайы тағайындалған және дайындалған жұмысшылар немесе шебер жүргізеді.

      625. Тегістеу және қайрау станоктарында жұмыс істеу кезінде:
      1) сыналғаны туралы белгісі жоқ шеңберлерді қабылдауға;
      2) шеңберлердің жанылуын арнайы емес сайманмен жүргізуге;
      3) тегістегіш шеңбермен бұйымдарды өңдеген кезде шеңберге қысымды ұлғайту үшін рычагтар қолдануға;
      4) салқындатқыш ретінде жұмысшылардың денсаулығына немесе шеңбердің механикалық беріктігіне зиянды әсер ететін сұйықтықтарды пайдалануға;
      5) жұмысты шеңберлердің, жұмыстардың мұндай түріне арнайы арналмаған қаптал (тік) беттерімен орындауға;
      6) егер бір шеңбердің өлшемі диаметр бойынша екіншісінен он пайызға артық болса, бір шпиндельде екі шеңбер орнатылған станокта жұмыс істеуге рұқсат етілмейді.

      626. Шеңбердің қажалуы салдарынан оның диаметрі кішірейген кезде, осы шеңбер үшін рұқсат етілген айналу жылдамдығы ұлғаймайтындай, шеңбердің айналыстарының саны көбеюі мүмкін.

      627. Қайрақты сайман қолданылатын ұйымдарда:
      1) қайрақты сайманды орнату және пайдалану жөніндегі;
      2) шеңберлердің беріктігін сынау жөніндегі нұсқаулар бекітілуі тиіс.

      628. Тегістегіш (қайрағыш) шеңберге берілетін бұйымдарды сүйемелдеу үшін тіректер немесе оларды ауыстыратын құралдар қолданылуы тиіс. Тіректер, шеңбердің қажалған шамасына қарай оларды қажетті күйде орнатуға мүмкіндік беретіндей жылжымалы болуы тиіс.

      629. Тіректің шеті мен шеңбердің жұмыстық бетінің арасындағы саңылау өңделетін бұйымның қалыңдығының кемінде жартысындай болуы, бірақ үш миллиметрден аспауы тиіс және де тіректің шеңбер жағындағы шетінің ойықтары, сынықтары және басқа ақаулары болмауы тиіс.

      630. Тіректерді бұйымның шеңберге жанасуы, шеңбердің ортасы арқылы өтетін көлденең жазықтықтан жоғары болатындай, бірақ он миллиметрден аспайтындай етіп орнатады.

      631. Орны ауыстырылған сайын тірек қажетті күйде бекітілуі тиіс. Тіректің орнын ауыстыру қайрақты шеңбердің айналуы тоқтағаннан кейін ғана жүргізіледі.

      632. Тегістегіш (қайрау) станоктар қоршаусыз жұмыс істеген кезде шаң соратын құрылғылармен жарақталуы тиіс.

      633. Қайрақты шеңберлер жұмыс кезінде қаптамалармен қоршалуы тиіс. Қорғаныш қаптамасыз жұмыс істеуге тыйым салынады. Қаптамалар болат табақтан немесе табақты болаттан жасалады.

      634. Өсірілген жазық (ӨЖ), бұдырланған жазық (БЖ), сақина шеңбер (С) және минералдарды кесуге арналған (М) үлгілеріндегі шеңберлерден басқа, диаметрі 30 мм және одан артық шеңберлердің, сондай-ақ диаметрі 150 мм және одан артық барлық шеңберлердің станокқа орнатылудың алдында МЕМСТ көрсетілген айналу жылдамдығы мен ұзақтығы кезіндегі беріктігі сыналуы тиіс.

      635. Қандай да болмасын механикалық қайта жөндеуден, химиялық өңдеуден өткен таңбаламасы жоқ, сондай-ақ кепілді мерзімі өткен шеңберлердің тегістегіш станокқа орнатылардың алдында механикалық беріктігі сыналуы тиіс.

      636. Әрбір станоктың жанында көрнекті жерде пайдаланылатын қайрақты шеңбердің рұқсат етілген жұмыстық айналымы және станок шпинделінің бір минуттағы айналыстарының саны көрсетілген кесте ілінуі тиіс.

      637. Әрбір станоктың жанында оны пайдалану үшін жауапты тұлға көрсетілген тақтайша ілінуі тиіс.

  &7. Қайшымен, арамен және преспен
істелетін жұмысқа қойылатын талаптар

      638. Табақты металды кесуге арналған қайшы үстелмен және кесетін жер қызметкердің көзіне көрінетіндей етіп қалдырылып бекітілген сақтандырғыш сызғышпен жабдықталуы тиіс.

      639. Серіппелі қайшының қарсы салмағының массасы, жоғарғы пышақтың өздігінен түсуіне кедергі болатындай жеткілікті болуы тиіс. Гильотиналы қайшы, қызметкердің саусақтары пышақтың астына түсуіне жол бермейтін сақтандырғыш құрылғылармен жабдықталуы тиіс.

      640. Дөңгелек аралы станок дискісінің жұмыс істемейтін бөлігі қоршалуы тиіс.

      641. Металл аралауға арналған ұзын ара, араның ашық бөлігін реттеуге мүмкіндік беретін металл қаптамамен жабылуы тиіс.

      642. Ұзын аралы станоктар, араның лентасы үзілген жағдайда бірден ұстап қалатын аулағыштармен жабдықталуы тиіс.

      643. Ұзын және дөңгелек аралармен ұсақ бұйымдарды өңдеген кезде қызметкердің саусақтарының зақымдалуына мүмкіндік бермейтін өңделетін бұйымды беретін және ұстайтын, ерекше құралдар қойылуы тиіс.

      644. Жарықтары, сынған тістері бар немесе пластиналары түсіп қалған дискілі аралармен жұмыс істеуге және жұмыс істеп тұрған кезде дөңгелек және ұзын аралардың астынан үгіндіні жинауға рұқсат етілмейді.

      645. Ара мен оған жақын жатқан еденнің ауданын тазарту және жинау араны тоқтатқаннан кейін ғана рұқсат етіледі.

      646. Теңгергіші бар бұрамалы престердің теңгергіш өтетін жолының, егер ол өзінің орналасуы бойынша жеткілікті қауіпсіз болып табылмаса, қоршауы болуы тиіс.

      647. Басқыш престерде, штампылағыш және қашағыш машиналарда, соғу арқылы жұмыс істейтін балғалар мен станоктардың, қызметкердің қолын төмен түсетін пуансонның немесе құлайтын балға басының зақымдауынан қорғайтын құралдар болуы тиіс.

      648. Соғатын балғаларда, оның басын балға тоқтап тұрған кезде ұстап тұруға арналған құралдары болуы тиіс.

  &8. Ағаш өңдейтін станоктарда
істелетін жұмысқа қойылатын талаптар

      649. Маятникті арада, араның тістерін жауып тұратын қалқымалы қоршауы болуы тиіс.

      650. Сүргілеу станоктары, пышақтық саңылауды өңделетін бөлшектің еніне қарай автоматты түрде ашатын пышақ білігінің қоршауымен жабдықталуы тиіс.

      651. Дөңгелек аралы станоктарда, араның дискісін жабатын және материал берілген кезде автоматты түрде көтерілетін металл қаптама, сондай-ақ жарғыш пышақ және материалдың кері шығуына кедергі жасайтын тісті сектор немесе дискі болуы тиіс.

      652. Жарғыш пышақтың қалыңдығы дискінің, тістердің ажырауы ескерілген қалыңдығынан кем болмауы тиіс.

      653. Егер ара дискісінде соғу, сондай-ақ жарықтар немесе сынған тіс болса, дөңгелек аралы станокта жұмыс істеуге рұқсат етілмейді.

      654. Станокта жұмысты бастау алдында барлық қоршаулар мен құралдардың жарамдылығы мен болуын, кескіш сайманның бекітілу беріктігін тексеру, сондай-ақ станокты бос жүрісінде байқау қажет.

      655. 1400 мм қысқа, 50 мм жіңішке немесе 30 мм жұқа материалдарды сүргілеу станоктарында өңдеген кезде, сондай-ақ аралап бітірген кезде арнайы итергіштерді қолдану қажет; оларды пайдаланған кезде станокшының екі қолы итергіштің үстінде болуы тиіс.

      656. Ұзындығы бір жарым мың миллиметрден артық материалды өңдеу үшін станоктың жанында жиылмалы роликті тіректер қойылуы тиіс; 1500 мм ұзынырақ материалдармен роликті тіректерсіз жұмыс істеуге рұқсат етілмейді.

      657. Материалдың кесегімен дискіні басу арқылы станокты тоқтатуға рұқсат етілмейді.

      658. Материалдарды станокта өңдеуге, кескіш сайманы бар білікте айналымдардың толық саны болғаннан кейін ғана кірісуге болады.

      659. Секциялы беруші тоқпақтардың болуына қарамастан, барлық реймусты станоктарда сақтандырғыш тіреулер қойылуы тиіс. Үстелдің алдыңғы шетінде ұстағыш тербелмелі жұқа тақтайшалардан жасалған перде қосымша орнатылуы тиіс.

      660. Реймусты станокқа салынған қайрау құралының тегістегіш шеңберінің жұмыс істемейтін бөлігі толық қоршалуы тиіс.

      661. Өңделетін бұйым қоршаудың астында болған кезде, станоктың кескіш сайманы өздігінен тоқтаған жағдайда, станокты сөндіру және осыдан кейін ғана қоршауды көтеріп ақаулықты жою қажет.

      662. Ағаш өңдейтін станоктар жергілікті ауа тартқыш құрылғымен және қалдықтарды пневматикалық тасымалдаумен жабдықталуы тиіс.

  14. Автокөлік құралдарын пайдалану кезіндегі
еңбек қауіпсіздігі жөніндегі талаптар

  &1. Ұйымның аумағы бойынша қозғалыс, сапарға
шығуға дайындық және желідегі жұмыс

      663. Қозғалтқышты іске қосар алдында, автокөлік құралының тұрақтық тежегішпен тежелгеніне, ал берілістерді ауыстыру (бақылағыш) рычагы бейтарап күйге қойылғанына көз жеткізу қажет.

      664. Автокөлік құралының қозғалтқышын іске қосу стартердің көмегімен жүргізілуі тиіс. Іске қосу тұтқасын пайдалануға ерекше жағдайларда ғана рұқсат етіледі.

      665. Автокөлік құралының қозғалтқышын іске қосу тұтқасымен іске қосқан кезде мынадай талаптарды сақтау қажет:
      1) іске қосу тұтқасын жоғарыдан төмен қарай бұру;
      2) тұтқаны құшаққа алмау;
      3) от алудың асып түсуін қолмен реттеген кезде кеш от алдыру күйіне қою;
      4) іске қосу тұтқасына немесе иінді біліктің қырылдағына әсер ететін ешқандай рычагтар мен күшейткіштерді қолданбау.

      666. Ақаулы (майысқан, тозған немесе стандартты емес) іске қосу тұтқасын пайдалануға және автокөлік құралын буксирге алу арқылы қозғалтқышты іске қосуды жүзеге асыруға рұқсат етілмейді.

      667. Техникалық қызмет көрсету (бұдан әрі - ТҚ) және ағымды жөндеу (бұдан әрі - АЖ) аймақтарына кірген және шыққан кезде автокөлік құралдарын басқаруға айдап әкелген жүргізушілерге немесе ұйым басшысы тағайындаған тұлғаларға ғана рұқсат етіледі.

      668. Автокөлік құралының аумақ бойынша қозғалыс жылдамдығын ұйым басшысы, жергілікті шарттар мен жол қозғалысы қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін ескере отырып белгілейді, ал үй-жайларда - бес км/сағ. аспайды.

      669. Ұйымның аумағы бойынша автокөлік құралы қозғалған кезде (сыннан өткізген, байқаған, орнын ауыстырған кезде), онда бұған тікелей қатысы жоқ адамдардың болуына рұқсат етілмейді.

      670. Желіге техникалық жағынан ақаусыз, осы Ереженің талаптарына сәйкес жинақталған автокөлік құралдары жіберілуі тиіс, ол автокөлік құралын желіге шығару үшін жауапты адамның және жүргізушінің жолдама парақта жазғандарымен расталады. Жүк автомобильдерінің кабинасындағы шудың деңгейі 70 децибел (дБа) аспауы тиіс.

      671. Жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдау маршруттарында жұмыс істейтін жүргізушілер желіге рейс алдындағы медициналық тексеруден өткеннен және бұл туралы жолдама парақтағы тиісті белгіден кейін ғана шығуы мүмкін.

      672. Әкімшілік (жұмыс беруші) жүргізушіні жолға шығардың алдында желідегі жұмыстың шарттары мен тасымалданатын жүктің ерекшеліктері туралы хабардар етуі, ал жүргізушіні ұзақтығы жиырма төрт сағаттан артық рейске жіберген кезде автокөлік құралының қажетті құралдармен, жабдықпен және мүкәммалмен жинақталуын және олардың ақаусыздығын тексеруі тиіс.

      673. Басшы:
      1) жүргізіушіні, егер оның автомобилінің техникалық жай-күйі мен қосымша жабдығы Жол қозғалысы ережесінің, осы Ереженің және нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне 2004 жылы 23 наурызда N 2760 тіркелген "Автокөлік құралдарын техникалық пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің 2004 жылғы 16 ақпандағы N 67-1 бұйрығының талаптарына сәйкес келмесе, жолға шығуға мәжбүр етпеуі;
      2) жүргізушіні, егер ол жолға шыққанға дейін, қолданылып жүрген еңбек туралы заңнамада көзделген демалысын алмаса рейске жібермеуі тиіс.

      674. Жүргізушіні ұзақтығы жиырма төрт сағаттан артық рейске жөнелтуге дейін ұйымның диспетчері немесе тауар-көлік құжаттарын толтыруға уәкілетті тұлға жолдама параққа жүру бағытын жазуы, жүргізушіге жұмыс режимін, сондай-ақ жолдың қауіпті учаскелерін айтуы тиіс.

      675. Санитарлық-техникалық құралдар (желдету, жылу беру тетігі, жылу оқшаулағышы, ауа баптағыш) автомобильдің кабинасында шағын климаттың оңтайлы және рұқсат етілген параметрлерін ұстап тұруды қамтамасыз етуі тиіс.

      676. Елді мекендерден тыс демалуға аялдаған кезде жауапты тұлға еңбекті қорғаудың және өртке қарсы қауіпсіздіктің ережелерінің сақталуын бақылауы тиіс.

      677. Тұрған уақытта жүргізушілерге, жүк тиеушілерге және басқа тұлғаларға, қозғалтқыш жұмыс істеп тұрған кезде кабинада, салонда немесе жабық шанақта демалуға және ұйықтауға рұқсат етілмейді.

      678. Адамдарды тасымалдауға арналған жүк автомобиліне жолаушыларды отырғызу алдында жүргізуші жолаушыларға отырғызу және түсіру тәртібі туралы нұсқау беруге, жүріп келе жатқан автомобильдің шанағында түрегеліп тұруға рұқсат етілмейтіні туралы ескертуі тиіс.

      679. Жүк автомобилінің шанағында балаларды тасымалдауға үзілді-кесілді рұқсат етілмейді.

      680. Жолаушыларды тасымалдау үшін жабдықталмаған жүк автомобильдерінің шанағында жүктерді алып баратын (алатын) адамдарға ғана, ернеу деңгейінен төмен орналасқан отыруға арналған орынмен қамтамасыз етілген және олардың тегі жол құжаттарында жазылған кезде ғана рұқсат етіледі.

      681. Мыналарға рұқсат етілмейді:
      1) ернеусіз платформаларда, шанақ ернеулерінің деңгейінде немесе жоғары орналасқан жүктің үстінде, ұзын көлемді жүктің үстінде және онымен қатар, барлық үлгідегі цистерналарда, тіркемелер мен жартылай тіркемелерде, өзіаударғыш автомобильдің шанағында, мамандандырылған жүк автомобильдерінің (рефрижераторлардың) шанағында адамдарды тасымалдауға;
      2) кабинада, шанақта, салонда адамдардың, жасаушы зауыттың төлқұжатында көрсетілгеннен үлкен мөлшерін тасымалдауға;
      3) аяқ салғыштарда, қанаттарда, бамперлерде, сондай-ақ ернеулерде адамдар болған кезде автомобиль құралының қозғалысына;
      4) автомобильдің кабинасынан немесе шанағынан секіріп түсуге.

      682. Автокөлік құралындағы тұлғалар жүргізушінің техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау жөніндегі талаптарын орындауы тиіс.

      683. Жүргізуші жүк жөнелтушінің немесе жүк алушының объектілерінде жұмыс істеген кезде техника қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларын, жазатайым оқиғаға әкелуі мүмкін дөрекі бұзушылықтарды байқаған жағдайда, ол бұл туралы тиеу (түсіру) үшін жауапты тұлғаға білдіруі тиіс.

      684. Автокөлік құралын тоқтатқан кезде жүргізуші кабинадан шығып жатып, автокөлік құралын өздігінен жүріп кетуден қауіпсіздендіруі тиіс (от алдырғышты сөндіру немесе отын беруді тоқтату, берілістерді ауыстыру рычагын (бақылағыш) бейтарап күйге қою, тұрғызу тежегішімен тежеу).

      685. Егер автокөлік құралы шамалы ылдида тұрса да, доңғалақтардың астына арнайы тіреулер (башмақтар) қосымша қойылуы қажет.

      686. Автокөлік құралының кабинасынан жолдың жүру бөлігіне шығып жатып жүргізуші, жолай және қарсы бағыттарда қозғалыстың жоқ екеніне алдын ала көз жеткізуі тиіс.

      687. Автопоездарда жұмыс істеу кезінде, автомобильдер мен тіркемелерден тұратын автопоезды тіркеуді үш адам: жүргізуші, тіркеуші қызметкер және олардың жұмысын үйлестіруші адам жүргізуі тиіс. Бұл ретте: жүргізуші үйлестіруші адамның бұйрығын қатаң орындай отырып, автомобильді ең ақырын жүріспен артқа береді.

      688. Ерекше жағдайларда (алыс рейстер, ауыл шаруашылық өнімдерін егістіктерден тасымалдау) тіркеуді бір жүргізушіге жүргізуге рұқсат етіледі.

      689. 688 пунктте көрсетілген жағдайда ол:
      1) тіркемені тұрғызу тежегішімен тежеуі;
      2) буксирге алу құрылғысының жай-күйін тексеруі;
      3) тіркеменің доңғалақтарының астына арнайы тіреулер (башмактар) салуы;
      4) автомобиль мен тіркемелердің гидравликалық, пневматикалық және электрлік жүйелерінің қосылуын, сондай-ақ автоматты құрылғылары жоқ тіркемелерде сақтандыру тростарының (шынжырлардың) бекітілуін қамти отырып тіркеуді жүргізуі тиіс.

      690. Артқы жүріспен қозғалыс бастаудың алдында тіркеменің бұрылыс шеңберін тоқтатқыш құрылғымен бекіту қажет.

      691. Жартылай тіркемелермен иінді тасымалдау кезінде жүргізуші жартылай тіркемені тіркеу алдында оны тексеруі және жарамдылығына көз жеткізуі тиіс.

      692. Тіркеу және ағыту қатты төсемі бар көлденең алаңда жүргізіледі. Автомобиль-тартқыш пен жартылай тіркеменің бойлық біліктері сонымен қатар бір түзудің бойында орналасуы тиіс.

      693. Жартылай тіркемелердің ернеуі тіркеу кезінде жабық болуы тиіс. Тіркеу алдында ершікті-тіркеу құрылғысының, шквореннің және олардың бекітпелерінің ақаусыз; жартылай тіркеме тұрақтық тежегішпен тежелген екеніне көз жеткізу қажет. Биіктігі бойынша жартылай тіркеменің алдыңғы бөлігі, тіркеген кезде тіреу табағының алдыңғы жиегі жылжымаға немесе ершікке тиетіндей етіп орналастырылады. Қажет кезде жартылай тіркеменің алдыңғы бөлігін көтеріп немесе түсіріп қою керек.

      694. Жалғағыш шлангалар мен электр сымдары, тіркеуге кедергі болмау үшін тартқыш серіппенің көмегімен жартылай тіркеменің алдыңғы ернеуінің ілгегіне ілінуі тиіс.

      695. Автокөлік құралын тиеу-түсіру эстакадасына, егер онда қоршау мен доңғалақ тоқтататын білеу болмаса, беруге, сондай-ақ шанағы көтерулі өзіаударғыш автомобильдің қозғалысы кезінде рұқсат етілмейді.

      696. Еңістің, сайлардың және т.б. жанындағы өзіаударғыш автомобильдердің түсіру орындары арнайы доңғалақ тоқтататын білеулермен жабдықталуы тиіс.

      697. Егер доңғалақ тоқтататын білеу қойылмаса, онда еңіске автомобиль түсірілу үшін жақындай алатын ең аз қашықтық, жұмыстарды жүргізуге арналған шартта ескерілетін нақты шарттарға және топырақ үйіндісінің конусына байланысты белгіленеді және жүргізушіге білдіріледі.

      698. Жүргізуші желіде автокөлік құралын жөндеген кезде автокөлік құралдарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету үшін белгіленген техника қауіпсіздігі ережелерін сақтауы тиіс. Жүргізушіде қажетті құралдар мен саймандар жоқ кезде жөндеуге рұқсат етілмейді.

      699. Желіде автокөлік құралын жөндеуге бөтен адамдарды (жүк тиеушілерді, ерушілерді, жолаушыларды) жіберуге рұқсат етілмейді.

      700. Автокөлік құралын жолдың жағасында немесе жолдың жүретін бөлігінде жөндеу жүргізу үшін амалсыз тоқтатқан кезде жүргізуші автокөлік құралының артынан 25-30 м қашықтықта авариялық аялдау белгісін немесе жыпылықтайтын қызыл шам қоюы тиіс.

      701. Автокөлік құралының бөлігін домкратпен көтеру алдында қозғалтқышты тоқтату, автокөлік құралын тұрақтық тежегішпен тежеу, көтерілмейтін доңғалақтардың астына екеуден кем емес арнайы тіреулер (башмақтар) қою, адамдарды салоннан (шанақтан), кабинадан шығару, есіктерді жабу қажет.

      702. Автокөлік құралын топырақты жерде көтерген кезде, домкрат қойылатын орынды тегістеу, домкраттың астына өлшемі мен беріктігі жеткілікті төсеме салу, оның үстіне домкратты орнату қажет.

      703. Домкратты кездейсоқ заттардың үстіне орнатуға рұқсат етілмейді.

      704. Доңғалақтарын алу үшін автобусты домкраттың көмегімен көтерген кезде алдымен шанақты іліп қою, одан соң ол үшін арнайы тұғырық (тіреуіш) қою және осыдан кейін ғана домкратты алдыңғы немесе артқы белдіктегі арнайы орынның астына қою және доңғалақты ілу қажет.

      705. Арнайы тұғырық (тіреуіш) қойылмай, домкратта асулы тұрған автокөлік құралының астында болып қандай да болмасын жұмыстарды орындауға, сондай-ақ асулы тұрған автокөлік құралының астына қою үшін кездейсоқ заттарды, тастарды, кірпіштерді пайдалануға рұқсат етілмейді.

      706. Жол жағдайында автокөлік құралынан ағытылған шиналарды үрлеп толтырған немесе үстемелеп үрлеген кезде доңғалақ дискісінің бос аралығына тиісті ұзындығы мен беріктігі бар сақтандырғыш айырды қою және доңғалақты құлыпты сақинасын төмен қаратып жатқызу қажет.

      707. Техникалық көмек көрсету қызметі бар кезде қалалық автобустардың жүргізушілеріне автобустың астында қандай да болмасын жөндеу жұмыстарын жүргізуге рұқсат етілмейді.

      708. Автокөлік құралының, жылыту жүйесіне қосылған қозғалтқышын іске қосу алдында жылытқыш элементтерді сөндіру және ажырату қажет.

      709. Жүргізуші автокөлік құралын жылытқышы бар тұратын орынға қою алдында отынның ақпайтынына көз жеткізуі тиіс.

      710. Отынның ағуын жойғанға дейін автокөлік құралын жылытқышы бар тұратын орынға қоюға рұқсат етілмейді.

      711. Автокөлік құралын артқа берудің алдында жүргізуші, өзінен ешкімнің озып бара жатпағанына және жақын жерде адамдардың немесе қандай да болмасын кедергілердің жоқтығына көз жеткізуі тиіс.

      712. Артқы жақ жеткіліксіз шолынатын жағдайда (шанақтағы жүкке байланысты, қақпалардан шыққан кезде) артқы жүріспен қозғалысты бастау алдында жүргізуші әкімшіліктен талап етуі тиіс, ал ол автокөлік құралының қозғалысын ұйымдастыру үшін қызметкер бөлуге міндетті.

      713. Құрылыс учаскелеріндегі, өндірістік ұйымдардың аумағындағы автокөлік құралдарының жұмысы аталған объектілердің жауапты адамдарының рұқсатымен ғана рұқсат етіледі.

      714. Карьерге жұмысқа жіберілердің алдында жүргізуші жұмыс шарттары мен карьердегі жұмыстың техника қауіпсіздігі туралы, нұсқауды тіркеу журналына жазу арқылы қосымша нұсқау алуы тиіс.

      715. Автокөлік құралдарына қызмет көрсету және жөндеу бойынша қандай бір жұмыстарды, тиеу-түсіру тетіктері жұмыс істейтін аймақтан 5 м жақын қашықтықта орындауға рұқсат етілмейді.

      716. Сыйымдылығының төрттен үш бөлігі толтырылған автомобиль-цистернаның жүргізушісі бұрылыстардағы қозғалыс кезінде жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жылдамдықты ең төменгіге дейін азайтуы тиіс.

      717. Автокөлік құралдарына май құюды, май құю пункттері үшін белгіленген, көрнекті жерде ілінуі тиіс қауіпсіздік ережелеріне сәйкес жүргізу керек.

      718. Автоқұю пунктінде:
      1) темекі шегуге және ашық отты пайдалануға;
      2) жөндеу және реттеу жұмыстарын жүргізуге;
      3) автокөлік құралына қозғалтқыш жұмыс істеп тұрған кезде отын құюға;
      4) отынды асырып құюға жол беруге рұқсат етілмейді.

      719. Автокөлік құралында өрттің туындауын болдырмау үшін:
      1) отын жүйесі ақаулы кезде бензинді карбюраторға тікелей сыйымдылықтан шлангамен немесе басқа тәсілдермен беруге;
      2) маймен және отынмен ластанған пайдаланылған ысқылағыш материалдарды (шүберек, қиқымдар және т.б.) кабиналар мен қозғалтқышта қалдыруға;
      3) қозғалтқышты жуу үшін бензин және басқа жеңіл тұтанатын сұйықтықтарды қолдануға;
      4) қозғалтқыш пен оның картерінде кір мен майдың жиналуына жол беруге;
      5) қозғалтқыштардың қоректену жүйесінің аспаптарынан (нақты айтқанда, отын бактерінен) тікелей жақындықта темекі шегуге;
      6) тетіктердің ақаулықтарын анықтау және жою кезінде ашық отты пайдалануға рұқсат етілмейді.

      720. Ыстық қозғалтқыштағы радиатордың тығынын қолғаппен немесе оны шүберекпен (қиқыммен) жауып ашу қажет. Күшті будың ашқан адамның жағына шығуына жол бермей, тығынды абайлап ашу керек.

      721. Жұмыс басталардың алдында автокран, құрамалы көтергіші бар автомобиль және т.б. көлденең алаңда суырмалы тіректердің міндетті түрде қойылуы арқылы орнықтыруы тиіс. Тіректердің табандықтары астына арнайы ағаш төсемелер салынуы тиіс.

      722. Автомобильде орнатылған арнайы көтергіш жабдықпен жұмыс істеу кезінде:
      1) автокрандарды, құрамалы көтергіштерді және тағы сол сияқтыларды топырақ мүжіліп құлауы мүмкін ордың, жағаның, жардың және тағы басқаның шетіне қоюға;
      2) суырылмаған және бекітілмеген тіректерде жұмыс істеуге;
      3) төсеме ретінде кездейсоқ заттарды пайдалануға;
      4) люлькада тұрып тұрған адамдар немесе көтерілген жүк бар автомобильді орнынан қозғауға;
      5) көтерілген люльканың ернеуінде отыруға;
      6) автокрандарды, өзіаударғыш автомобильдерді, құрамалы көтергіштері бар автомобильдерді және тағы сол сияқтыларды электр берілістері желілеріне жақын қоюға;
      7) тәуліктің қараңғы мезгілінде жұмыстарды жеткілікті жарықсыз жүргізуге рұқсат етілмейді.

  &2. Автомобильдерді жылдың қысқы мезгілінде
пайдалану кезіндегі қосымша талаптар

      723. Жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша барлық жұмыстар әдетте, жылытылатын үй-жайларда ғана жүргізіледі.

      724. Бұл жұмыстарды жылытылмайтын үй-жайларда, не ашық ауада жүргізу кезінде, егер олар автомобильдің астында жүргізілсе, жылы төсеніштер қолдану қажет.

      725. Жолда ақаулықтарды жойған кезде үсік шалу жағдайларының алдын алу үшін қолғаппен ғана жұмыс істеген дұрыс.

      726. Автомобильге отын құйған кезде құятын пистолеттерді, ерекше сақтықты сақтай отырып және қол мен дененің терісіне отынның төгілуі мен тиюіне жол бермей қолғаппен ғана алған дұрыс.

      727. Жүру жолында елді мекендер жоқ кезде (ұзақтығы екі жүз километрден астам тұрақты маршруттарда) ұйым басшысы (жұмыс беруші) жүргізушілерді жылытылатын үй-жайдағы демалыспен қамтамасыз етуі тиіс.

      728. Жүргізушілер демалуға арналған үй-жай қол жуғышпен, ас су құбырының құрылғысымен, су қайнатқышпен ("титан" үлгісіндегі), дәретханамен, дәрісалғышпен (дәрі-дәрмектер мен таңу құралдарының жинағы бар сөмке) жабдықталуы тиіс.

      729. Қысқы мезгілдегі жұмыс кезінде:
      1) салон мен кабинаны жылытуға арналған құрылғылары ақаулы автомобильдерді рейске шығаруға;
      2) металл бұйымдарға, бөлшектерге және саймандарға қолғапсыз қолмен жанасуға тыйым салынады;
      3) қозғалтқышты ашық жалынмен қыздыруға;
      4) жолаушыларды, жүк тиеушілерді және жүктерді алып жүретін адамдарды ашық шанақта тасымалдауға рұқсат етілмейді.

  &3. Жолсыздық жағдайында мұзы жолдар
бойынша қозғалыс, суаттар арқылы өту

      730. Автокөлік құралдарын қысқы жолдар, өзендердің, көлдердің және басқа суаттардың мұзы бойынша рейске жіберу алдында ұйым басшысы олардың пайдалануға қабылдануы мен ашылуына көз жеткізуі, жүргізушілерді бағыттың ерекшеліктері, қабылданатын қауіпсіздік шаралары және Жол полициясының ең жақын органдарының, медициналық және жол-пайдалану ұйымдарының және т.б., сондай-ақ барлық жүретін жол бойынша демалуға арналған үй-жайлардың тұрған жері туралы хабардар етуі тиіс.

      731. Автокөлік құралдары амалсыз аялдаған кезде, оларды айналып өтуге мұзды жолдың жай-күйі үшін жауапты тұлғалардың рұқсатымен ғана жол беріледі.

      732. Жарамсыз автокөлік құралдары мұзды жолдан ұзын троспен буксирге алынып шығарылуы тиіс.

      733. Автомобильдер мұзды өткел бойынша жүрген уақытта жүргізушілер есіктерді ашық ұстауы тиіс, бұл ретте көлік құралында жүргізушіден басқа адамдардың болмауы тиіс.

      734. Егер тұтас өзен мұзының қалыңдығы осы Ережеге 14-қосымшада көрсетілген рұқсат етілген параметрлерден аз болса, ол бойынша адамдар мен автокөлік құралдарының қозғалысына рұқсат етілмейді.

      735. Мұзды жолда жарықтар байқалған жағдайда, жүргізуші бұл туралы дереу жол ұйымдарының қызметкерлерін және өз ұйымының әкімшілігін хабардар етуі тиіс.

      736. Мұзды жолда:
      1) оның бұзылуын болдырмау үшін автокөлік құралдарына отын мен жағармай материалдарын құюға;
      2) салқындату жүйесінен ыстық суды мұзға төгуге; қажет кезде суды шелектерге құйып алып, оларды қардан тазартылған алқаптың шегінен әкетеді де жаңа қар жамылғысына себелеп төгеді;
      3) мұзды жолда көлік құралдарының тұруына;
      4) қозғалыс маршрутын өз бетімен ауыстыруға рұқсат етілмейді.

      737. Жолсыздық жағдайында жеке көлік құралы ұзақтығы бір тәуліктен артық рейске жіберілмеуі тиіс.

      738. Автомобильдерді суаттар арқылы паромдармен және басқа жүзетін құралдармен өткізу, көліктің осы түріне қолданылып жүрген нормативтік құқықтық кесімдерге сәйкес жүргізілуі тиіс.

      739. Жүргізушілер жүзу құралдары үшін жауапты тұлғаның нұсқауларын орындауы тиіс.

      740. Автокөлік құралдары легінің суды кешіп өтуі, қауіпсіздік талаптарының сақталуы үшін жауапты тұлға ұйымдастырған дайындықтан кейін ғана жүзеге асырылуы тиіс, бұл ретте өту жоспарын таңдау мен әзірлеу жүзеге асырылады.

      741. Өтуге қатысушылардың бәрі өтетін жермен және оны жүзеге асыру кезіндегі қауіпсіздік шараларымен егжей-тегжейлі таныстырылуы тиіс.

      742. Өткелді белгіленген жүріп өту жолағы осінен екі жақ бойынша қадалармен белгілеу қажет. Өткелдің тексерілген ені кемінде 3 м болуы тиіс.

      743. Өткелдің орны, оны тұрақты пайдаланған кезде, екі жағынан "Өткел" деген көрсеткішпен белгіленуі тиіс.

      744. Өткелдің тереңдігі 80 см артық емес және судың ағысының жылдамдығы 0,7 метр секунд (бұдан әрі - м/с) аспаған кезде жүк автомобильдеріне суды кешіп өтуге рұқсат етіледі.

      745. Жеке автомобильдер суды "Өткел" деген тақтайшамен белгіленген жерлерде ғана кешіп өтуі мүмкін, бұл ретте жүргізуші өткелдің тереңдігі мен су ағысының жылдамдығы осы Ереженің 746-тармағында көрсетілген нормалардан аспайтынына көз жеткізуі тиіс.

      746. Суды кешіп және су кедергілері арқылы өткен кезде:
      1) суды кешіп өткен кезде қарама-қарсы қозғалысқа;
      2) кез келген ені бар су кедергілері арқылы тасқында, нөсер жауын, қар, тұман кезінде, сең жүрген кезде және жылдамдығы секундына 12 м/с артық жел соққан кезде өтуге рұқсат етілмейді.

  &4. Газ отынымен жұмыс істейтін автокөлік
құралдарын пайдалануға қойылатын қосымша талаптар

      747. Пайдалану процесінде газбен жұмыс істейтін автокөлік құралдары күн сайын, желіге шыққан және желіден қабылданған кезде газ аппаратурасының герметиктігі мен ақаусыздығын тексеру мақсатымен қосымша қараудан өтуі тиіс. Барлық жалғанған жерлердің, газ құбырларының, газ редукторының клапандарының герметиктігі арнайы аспаптардың көмегімен дыбыс арқылы және иіс арқылы немесе сабын эмульсиясымен тексеріледі.

      748. Газ аппаратурасы ақаулығының табылуын (бірінші кезекте оның герметиктігін) газ аппаратурасын жөндеу және реттеу бойынша посттарда немесе мамандандырылған шеберханада ғана жояды.

      749. Ақаулы және герметиктігі бұзылған газ аппаратурасы бар автокөлік құралдарының қозғалтқышын іске қосуға және пайдалануға рұқсат етілмейді.

      750. Газ жүйесі ақаулы жағдайда шығыс вентильдерін дереу жабу, жүйедегі газды пайдалану, одан кейін магистральдық вентильді жабу қажет.

      751. Түнгі немесе ұзақ тұрыстан кейін капотты ашып және оны бірақ уақыт бойы ашық ұстау, одан кейін газ аппаратурасының, құбырлардың және жалғанған жерлердің жарамдылығын тексеру қажет, одан соң от алдырғышты, жарықтандырғыш аспаптарды сөндіруге және қозғалтқышты іске қосуды жүзеге асыруға болады.

      752. Қозғалтқышты іске қосуға:
      1) газ аппаратурасы мен арматурадан газ шыққан кезде;
      2) сығылған табиғи газға арналған баллондардағы газдың қысымы 0,5 МПа болған кезде рұқсат етілмейді.

      753. Баллонның арматурасынан газдың шығуы байқалған кезде газды баллоннан шығару немесе құйып алу қажет. Ұйымдағы шарттармен сығылған газды шығару немесе сұйытылған газды құйып алу арнайы жабдықталған посттарда жүргізілуі тиіс.

      754. Жолда газдың шығуы байқалған кезде дереу тоқтап, қозғалтқышты тоқтату, барлық вентильдерді жауып және ақаулықты жоюға шаралар қабылдау, егер мүмкін болса, ұйымға да хабарлау қажет.

      755. Екі отынның - бензин мен газдың қоспасымен қозғалтқыштың жұмыс істеуіне рұқсат етілмейді.

      756. Автокөлік құралын түнгі немесе ұзақ уақытқа тұраққа қойған кезде вентильдерді (сығылған газға арналған) немесе магистральдық вентильді (сұйытылған газға арналған) жабу, қоректендіру жүйесінен газды шығару, осыдан кейін от алдырғышты қосу және "массаны" өшіру қажет.

      757. Қозғалтқыш қысқа уақытқа (10 минуттан аспайтын) тоқтатылған кезде магистральдық вентильді ашық қалдыруға рұқсат етіледі.

      758. Магистральдық және шығыс вентильдерін, гидравликалық екпіннен сақтану үшін баяу ашу керек.

      759. Газ жабдығымен жұмыс істеген кезде:
      1) шығару және құйып алу постында бөтен адамдардың болуына;
      2) темекі шегуге және ашық отты қолдануға;
      3) газды шығаруға немесе құйып алуға қатысы жоқ жұмыстарды жүргізуге;
      4) қозғалтқыш жұмыс істеп тұрған немесе от алдырғыш қосылып тұрған кезде сығылған табиғи газды шығаруға немесе сұйытылған мұнай газын құйып алуға;
      5) шығыс вентильдерін аралық күйде қалдыруға рұқсат етілмейді; олар толық ашылуы немесе жабылуы тиіс;
      6) шығыс, магистральдық және толтыру вентильдерін жабу немесе ашу үшін қосымша рычагтарды қолдануға;
      7) қысыммен тұрған газ аппаратурасын немесе арматураны қандай да болмасын заттармен ұрғылауға;
      8) ашық отпен жұмыс істелетін орынға 5 м жақын газ баллонды автомобильді тоқтатуға, сондай-ақ автомобильге 5 м таяу ашық отты пайдалануға;
      9) газ құбырларының жалғанған жерлерін, газ аппаратурасы мен арматураны отпен тексеруге;
      10) сүзгілі элементтері алынған автокөлік құралдарын пайдалануға рұқсат етілмейді.

      760. Автокөлік құралына газ отынын құюдың алдында қозғалтқышты тоқтату, от алдырғышты сөндіру, магистральдық вентильді жабу қажет, шығыс вентильдері бұл кезде ашық болуы тиіс.

      761. Газ отынын құю кезінде:
      1) газ толтыратын шлангалардың және баллондардың жанында тұруға;
      2) отын жүйесінің жалғанған жерлерінің гайкаларын тартуға және металл заттармен тықылдатуға;
      3) қолғапсыз жұмыс істеуге;
      4) қоректендіру жүйесінде герметиксіздік байқалған жағдайда баллондарды толтыруға;
      5) куәландырылу мерзімі өткен баллондарды толтыруға рұқсат етілмейді.

      762. Баллондарды газбен толтырғаннан кейін алдымен құю колонкасындағы вентильді, ал одан соң автомобильдегі толтыру вентилін жабу қажет.

      763. Газ толтырғыш шланганы, екі вентиль де жабылғаннан кейін ғана ажырату қажет.

      764. Егер газ толтырғыш шланг құю кезінде кездейсоқ герметиксізденсе, газ толтырғыш колонкадағы шығыс вентилін, ал одан соң автомобильдегі толтыру вентилін дереу жабу қажет.

  &5. Автокөлік құралдарын ұйымнан тыс
пайдалануға қойылатын қосымша талаптар

      765. Автокөлік құралдарын темір жол платформаларына тиеуді және оларды түсіруді темір жолдардың тиісті қызметтері жүргізуі тиіс. Жүргізуші персоналмен ұйым қызметкерлерінің мұндай операцияларға қатысуына рұқсат етілмейді. Жүргізушілердің тиеуге немесе түсіруге қатысуы, ол жүк көтергіш тетіктер қолданылмай ("қолмен") жүзеге асырылатын жағдайларда, ерекшелік ретінде рұқсат етіледі.

      766. Автомобильдерді темір жол платформаларына жүк көтергіш тетіктердің көмегімен тиеу алдында жүргізуші:
      1) аккумулятор батареясынан клемманы ажыратуы;
      2) автомобильдерді "шырша" үлгісіндегі тығыздау тәсілімен тиеген жағдайда, отынның деңгейін отын багінің жартысына дейін немесе оның сыйымдылығының жартысынан аз деңгейге жеткізуі;
      3) отын багі тығынының жарамдылығы мен оның жабылу беріктігін тексеруі тиіс.

      767. Автомобильді темір жол платформасына тиегеннен кейін оның бекітілуінің мықтылығына, сондай-ақ автомобильде және темір жол платформасында майланған ысқылағыш материалдар мен жанармай немесе жағармай материалдар бар қосымша сыйымдылықтардың жоғына көз жеткізу қажет.

      768. Автомобильдерді жүк көтергіш тетіктердің көмегімен платформаға тиеу алдында жүргізуші кабинадан шығуы және жүк көтергіш тетіктермен жұмыс істелетін аймақтан бес метрден астам қашықтыққа кетуі тиіс.

      769. Тасымалдау үшін іссапарға жіберілетін барлық персонал жолаушылар вагондарымен ғана тасымалдануы тиіс. Поездың қозғалысы кезінде адамдардың темір жол платформаларында (жартылай вагондарда) және автомобильдердің кабиналарында болуына рұқсат етілмейді.

      770. Тасымалданатын автомобильдердің бекітілген күйін жолда тексеруді осы тасымал үшін жауапты тұлғалар аялдамаларда ғана жүргізуі тиіс.

      771. Темір жол құрамы тұрған уақытта:
      1) ернеуінде отыруға, платформаның ернеуі арқылы асылуға;
      2) бөгде жұмыстарды жүргізуге;
      3) ашық отпен, сондай-ақ жанар-жағармай материалдарымен қандай да болмасын операциялар жүргізуге;
      4) антенналар, биік тенттер орнатуға және байланыс желісінің жоғарғы кернеулі желілік сымдарына жанасуға әкелуі мүмкін осыған ұқсас әрекеттер жасауға, тіпті егер бұл сәтте вагон үстінде байланыс желісі болмаса да, рұқсат етілмейді.

      772. Темір жол бойынша автомобильдерді тасымалдау кезінде темір жол көлігінде қолданылып жүрген қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет.

      773. Доңғалақ тоқтатқыш білеуі жоқ автомобильді сүрлем шұңқырының (траншеяның) жанында түсіруге, автомобильді икемдеуді ұйымдастыру үшін арнайы бөлінген адам болған кезде рұқсат етіледі.

      774. Астық жинайтын техникамен (комбайндармен) бірлесіп жұмыс істеу алдында автомобильдің шығару жүйесінің ақаусыздығын, оған жанармай қоспасының түспейтінін, отын мен жағармай материалдары кемуінің болмауын, ұшқын сөндіргіштің болуы мен жарамдылығын қосымша тексеру қажет.

      775. Ауыл шаруашылық өндірушілерімен жұмыс істеген кезде:
      1) ауыл шаруашылық машиналарымен бір уақыттағы қозғалыс кезінде автомобильді, кабинаның есіктерін ашып қойып, аяқ салғышта тұрып басқаруға;
      2) автомобильге комбайннан астық, сүрлем тиеп жатқан кезде автомобильдің шанағында болуға;
      3) шөмелелерде, маялар ішінде, сабан мен шөп үйінділерінің үстінде, комбайндар мен басқа ауыл шаруашылық машиналарына жақын, сондай-ақ автомобильдер мен көлік құралдарының жанында (тіпті қысқа уақытқа) демалуға;
      4) астық егістігінде жұмыс істегенде темекі тартуға, ашық отты пайдалануға, от жағуға, сондай-ақ отын құю бойынша операциялар жүргізуге рұқсат етілмейді.

      776. Газбен жұмыс істейтін автомобильдерді негізгі базадан қол үзіп пайдалану кезінде, оларды әдеттегі жағдайда пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптары сақталуы тиіс.

      777. Ұзаққа созылған демалыс (түнеу) арнайы бөлінген орындарда (қонақ үйлерде, уақытша пәтерлерде, шатырлы лагерьлерде және тағы сол сияқты орындарда) жүзеге асырылуы тиіс.

  15. Жүктерді тиеу, түсіру және тасымалдау кезіндегі
еңбек қауіпсіздігі жөніндегі талаптар

  &1. Жүктерді тиеу, түсіру және тасымалдау
кезінде қойылатын талаптар

      778. Жүктерді тиеу және түсіру, автомобильде оларды және тенттерді бекіту, сондай-ақ автомобильдердің, тіркемелердің және жартылай тіркемелердің ернеулерін ашу және жабу жүк жөнелтушілердің, жүк алушылардың немесе мамандандырылған ұйымдардың (базалар, тиеу-түсіру жұмыстарын механикаландыру лектері, жүк терминалдары және басқалар) күштерімен және құралдарымен осы Ережені және техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау арқылы жүзеге асырылады.

      779. Тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізушілер, тасымалдау шартында қосымша шарттар болған кезде және осындай шарт ұжымдық немесе жеке еңбек шартында болған кезде ғана орындауы мүмкін.

      780. Жүргізуші автокөлік құралында жүктер мен тенттердің қойылуы және бекітілуінің мықтылығы жол қозғалысы қауіпсіздігі мен жүктердің сақталуын қамтамасыз ету талаптарына сәйкес келуін тексеруге, ал жүк пен тенттердің қойылуы мен бекітілуінде бұзушылықтар табылған жағдайда, тиеу жұмыстары үшін жауапты тұлғадан оларды жоюды талап етуі тиіс.

      781. Тиеу-түсіру жұмыстары, тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізетін ұйымның басшысы тағайындаған жауапты тұлғаның басшылығымен орындалады.

      782. Массасы (бір орын) еркектер үшін 20 кг және әйелдер үшін 10 кг жүктерді олардың келісімімен тиеу мен түсіруді қоспағанда, жүктерді тиеу және түсіру жүк тиеушілер ретінде автокөлік құралдарының жүргізушілерін пайдалануға рұқсат етілмейді.

      783. Тиеу-түсіру жұмыстары әдетте, механикалық тәсілмен, крандардың, тиегіштердің және басқа жүк көтергіш құралдардың көмегімен, ал көлемдері шамалы кезде шағын механикалық құралдармен орындалады.

      784. Массасы елу килограмнан артық жүктерді тиеу (түсіру) үшін, сондай-ақ жүктерді 1,5 м артық биіктікке көтеру кезінде механизация құралдарын пайдалану қажет.

      785. Доңғалақты контейнерлерді тиеу (түсіру) кезінде қозғалту үшін 500 Н (50 кг) аспайтын күш салуды қажет ететін контейнерді бір жүк тиеушіге жылжытуға рұқсат етіледі.

      786. Ерекше жағдайларда тиеу және түсіру тұрақты емес орындарда, автомобильдің шанағындағы массасы 60-80 кг (бір орын) жүкті қолмен тиеуді (түсіруді) кемінде екі жүк тиеуші жүргізуге рұқсат етіледі.

      787. Ауырлықты қолмен көтерген және жылжытқан кездегі әйелдерге арналған шектік рұқсат етілген жүктемелердің мынадай нормалары (көтерілетін және жылжылатын жүктің массасына ыдыстың - ораманың массасы кіреді) белгіленеді:
      1) ауырлықтарды көтеру мен жылжытуды басқа жұмыспен кезектестірген кезде (сағатына 2 ретке дейін) - 10 кг;
      2) жұмыстық ауысым бойы ауырлықтарды тұрақты көтеру мен жылжыту - 7 кг.

      788. Ауырлықтарды жиырма метрге дейінгі қашықтыққа тасыған кезде еркектер үшін мынадай барынша жүктеме рұқсат етіледі:
      1) он алтыдан он сегіз жасқа дейін - 16 кг;
      2) он сегіз жастан жоғары - 50 кг.

      789. Он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі жасөспірімдерге мынадай жүктерді: 1) үйіліп тиелетін (қиыршық тас, балшық, құм, астық, көкөністер);
      2) жеңіл салмақты (бос ыдыс, таяз ыдыстағы жемістер);
      3) майда даралы (кірпіш, блоктар);
      4) кесілген материалдар (тауартірек, жұқа тақтай).

      790. Тиеу-түсіру жұмыстары жүргізілетін орындарда жүк көтергіш тетіктерге қызмет көрсету аймағында, бұл жұмыстарға тікелей қатысы жоқ тұлғаларға болуға рұқсат етілмейді.

      791. Тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу үшін жауапты тұлға жұмысты бастау алдында жүк көтергіш тетіктердің, такелаждық және басқа тиеу-түсіру мүкаммалының жарамдылығын тексеруі тиіс.

      792. Жарамсыз тетіктер мен мүкәммалды пайдалануға рұқсат етілмейді.

      793. Тиеу-түсіру жұмыстары жүргізілетін орындар тиісті МЕМСТ талаптарын ескере отырып анықталынады.

      794. Жүк көтергіш тетіктер, строптаушылар, такелажшылар мен жүк тиеушілер жұмыс істейтін орындарда тайғанаудан сақтану үшін траптар (төсеме тақталар), платформалар, өтетін жолдар тазартылуы, қажетті жағдайларда құм немесе ұсақ күл себілуі тиіс.

      795. Егер тиеген және түсірген кезде, осы жұмысты орындайтын тұлғалар үшін қауіп туса, онда тиеу-түсіру жұмыстарының жүргізілуі үшін жауапты тұлға жұмысты тоқтатуы және қауіпті жоюға шаралар қабылдауы тиіс.

      796. Жүктерді қатарлап немесе үйіп жинаған кезде жүктерді үстінен ғана алуға рұқсат етіледі.

      797. Бөшкелі домалайтын жүктерді тасымалдау үшін жіберілетін автокөлік құралдары ағаш сыналармен және қажет жағдайда ағаш төсемелермен (тақтайлармен) қосымша жинақталуы тиіс.

      798. Жүк тиеушілерге түскі үзілістен басқа, олардың жұмыс уақытына кіретін демалуға арналған үзіліс беріледі.

      799. Бұл үзілістердің ұзақтығы мен бөлінуі ішкі еңбек тәртібі ережелерімен Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасына сәйкес белгіленеді.

      800. Темекі шегуге тек қана жұмыстағы үзіліс кезінде және бұл үшін арнайы бөлінген орында ғана рұқсат етіледі.

      801. Автокөлік құралдарымен тасымалданатын жүктер массасы бойынша үш санатқа, ал тиеу, түсіру және тасымалдау кезіндегі қауіптілік дәрежесі бойынша төрт топқа бөлінеді.

      802. Жүктер массасы бойынша мынадай санаттарға бөлінеді:
      1) 1-санат - массасы (бір орын) 80 кг кем, сондай-ақ сусымалы, майда даралы, үйіп тасымалданатын;
      2) 2-санат - массасы 80-нен 500 кг дейін;
      3) 3-санат - массасы 500 кг артық.

      803. Қауіптілік дәрежесі бойынша жүктер:
      1) 1 - аз қауіпті (құрылыс материалдары, тамақ өнімдері);
      2) 2 - өз өлшемдері бойынша қауіпті;
      3) 3 - шаңдатқыш немесе жанғыш (цемент, минералды тыңайтқыштар, асфальт, битум);
      4) 4 - тиісті МЕМСТ талаптарын ескере отырып, жіктелетін және таңбаланатын қауіпті жүктерге бөлінеді.

      804. Қауіпті жүктерді автокөлік құралдарымен тасымалдау "Қауіпті жүктерді автомобиль көлігімен тасымалдау жөніндегі кейбір мәселелер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 12 наурыздағы N 316 қаулысымен бекітілген Қауіпті жүктерді автокөлік құралымен тасымалдау, олардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша өтуі және қауіпті жүкті тасымалдайтын автокөлік құралдары мен жүргізушілерге қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 12 наурыз 2004 жылғы N 316 қаулысымен бекітілген ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.

      805. Бірінші санатты жүктерді қоймадан тиеу орнына дейін немесе түсіру орнынан қоймаға дейін тасымалдау, егер көлденең бойынша қашықтық жиырма бес метрден аспаса, ал сусымалы жүктер үшін (үйіп тасымалданатын) - үш жарым метр болса, қолмен ұйымдастырылуы мүмкін.

      806. Қашықтық үлкен кезде мұндай жүктер тетіктермен және құралдармен тасымалдануы тиіс.

      807. Екінші және үшінші-санатты жүктерді тасымалдау, тиеу және түсіру барлық тұрақты және уақытша тиеу-түсіру алаңдарында (пункттерде) механикаландырылған болуы тиіс.

      808. Автомобильдің шанағына жүкті ақтара тиеген кезде, ол шанақтың ернеуінен (стандартты немесе өсірілген) аспауы тиіс және шанақтың бүкіл ауданы бойынша біркелкі салынуы тиіс.

      809. Шанақтың ернеуінен асып тұрған даралы жүктерді берік ақаусыз такелажбен (арқанмен, жіппен) байлау қажет, бұл ретте металл арқан мен сымды пайдалануға рұқсат етіледі.

      810. Жәшікті, бөшкелі домалағыш және басқа даралы жүк аралықсыз тығыз қойылуы, қозғалыс (күрт тежеген, орнынан қозғалған және оқыс бұрылыстар) кезінде шанақтың едені бойынша жылжи алмайтындай етіліп бекітілуі немесе байлануы тиіс. Жүк орындары арасында аралық болған кезде, олардың арасына берік ағаш аралық төсемелер мен тіреулер қойған дұрыс.

      811. Бөшкелі домалағыш ыдыстағы жүктерді бірнеше қатарға қойған кезде, оларды бүйір бетімен сырғауылдар бойынша домалатады. Сұйық жүгі бар бөшкелерді тығынын жоғары қаратып қояды. Әрбір қатар тақтайлардан жасаған төсемелерге, барлық шеткі қатарлардың астына төселу арқылы қойылуы тиіс. Сыналардың орнына басқа заттарды қолдануға рұқсат етілмейді.

      812. Бөшкелі домалағыш жүктерді қолмен домалату жолымен артуға (түсіруге) рұқсат етіледі. Егер алаңның едені мен шанақтың едені әр түрлі деңгейлерде орналасса, онда бөшкелі домалағыш жүктерді, бір орынның массасы 80 кг аспаған кезде екі жұмысшы қолмен сырғауылдар бойынша артуы (түсіруі) тиіс, ал массасы 80 кг артық кезде жүктер берік арқандардың көмегімен немесе тетіктердің көмегімен тиелуі (түсірілуі) мүмкін.

      813. Жәшікті жүкті жылжытқан кезде қолды жарақаттаудан сақтану үшін әрбір жәшікті алдын ала тексеру қажет. Шығып тұрған шегелер мен жәшіктердің металл қаптағышының шеттері қағылуы тиіс.

      814. Шаңдататын жүктерді, жапқыштармен және тығыздағыштармен жабдықталған автокөлік құралымен (ашық шанақтарда) тасымалдауға рұқсат етіледі.

      815. Шаңдататын жүктерді тасымалдаумен, тиеумен және түсірумен айналысатын жүргізушілер мен қызметкерлер шаң өткізбейтін көзілдірікпен және тұмсыққаппен, ал улы заттарды тасымалдайтындар - газқағармен қамтамасыз етілуі тиіс.

      816. Күн сайын арнайы киімнің шаңы қағылуы немесе залалсыздандырылуы тиіс.

      817. Тұмсыққаппен немесе газқағармен жұмыс істеген кезде жұмысшыларға, оларды босату арқылы мезгіл-мезгіл демалыс берілуі тиіс.

      818. Тұмсыққаптың сүзгісі ластанғанына қарай, бірақ ауысымына бір реттен сирек емес ауыстырылуы тиіс.

      819. Автокөлік құралының көлемдік өлшемдерінен асатын ұзындығы бойынша 2 м және одан артық жүктер (ұзын көлемді жүктер), жүктер оларға мықтап бекітілуі тиіс ұзартылма тіркемелері бар автомобильдермен тасымалданады.

      820. Ұзын көлемді даралы жүктерді (рельстер, құбырлар, арқалықтар, бөренелер) тиеу және түсіру механикаландырылған болуы тиіс. Қолмен түсіру берік сырғауылдарды қолдануды қажет етеді. Бұл жұмысты кемінде екі жүк тиеуші атқаруы тиіс.

      821. Ұзындығы әр түрлі ұзын көлемді жүктер бір уақытта тасымалданған кезде, қысқалау жүктер жоғарыда орналасуы тиіс.

      822. Ұзын көлемді жүктерді (құбырларды, рельстерді, бөренелерді) ұзартылма тіркемесі бар автомобильге тиеген кезде автомобильдің кабинасының артында орнатылған қалқан мен жүктің тік жағының арасында, бұрылыстар мен айналыстарда жүк қалқанға жанаспау үшін саңылау қалдыру қажет. Тежеу және ылдимен қозғалу кезінде жүктің алға жылжуын болдырмау үшін жүк мықтап бекітілуі тиіс.

      823. Тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу алдында панель тасығыш тіркеменің рамасының астына, оның шалқайып кетуінен сақтану үшін әр жағынан бір-бірден екі тіреуіш қойылуы тиіс.

      824. Шалқайып кетуін болдырмау мақсатында жартылай тіркемелер алдыңғы бөлігінен бастап тиелуі, ал артқы бөлігінен бастап түсірілуі тиіс.

      825. Қауіпті жүктер мен олардан босаған ыдыс, Қауіпті жүктерді тасымалдау ережесіне сәйкес тасымалдауға қабылданады және тасымалданады.

      826. Қауіпті жүктер бар барлық жүк орындарында, жүк қауіптілігінің түрін, ораманың үстін, орамада сынғыш ыдыстардың барын белгілейтін жапсырмалар болуы тиіс.

      827. Автоцистерналарды толтыру және құйып алу белгілі бір заттарға арналған сорғыларды қолдану жолымен жарамды шлангалар немесе құбырлар арқылы айдаумен жүргізілуі тиіс.

      828. Жеңіл тұтанатын сұйықтықтарды автоматты жүйемен құйған кезде жүргізуші құюды авариялық тоқтату пультінің жанында болуы тиіс, ал цистерналарға аммиакты суды құйған кезде жүргізуші жел жағынан тұруы тиіс.

      829. Қауіпті жүкті автокөлік құралына тиеу және оны автокөлік құралынан түсіру, автокөлік құралында орнатылған және оның қозғалтқышымен іске қосылатын сорғының көмегімен жүргізілетін құю және құйып алу жағдайларын қоспағанда, қозғалтқыш өшіп тұрған кезде ғана жүргізілуі тиіс. Жүргізуші бұл жағдайда сорғыны басқару пультінің жанында болуы тиіс.

      830. Тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу және жүктерді тасымалдау кезінде:
      1) жарылыс қаупі бар жүктерді тиеу, түсіру және тасымалдау кезінде темекі шегуге және ашық отты пайдалануға;
      2) жүкті байлау үшін металл тросты немесе сымды пайдалануға;
      3) жүкті сыналау үшін ағаш сыналардың орнына басқа заттарды қолдануға;
      4) бөшкелі домалағыш жүктерді, олардың салмағына қатыссыз арқаға (иыққа) салып тасуға;
      5) домалап келе жатқан бөшкелі домалағыш жүктердің алдында немесе сырғауылдарға домалатылып жатқан жүктердің артында тұруға;
      6) жүктерді көлденең жазықтық бойынша, оларды шетінен итеріп домалатуға;
      7) ыстық жүктерді ағаш шанақтарға артуға;
      8) шеттері автомобильдің бүйірлік көлемдерінен шығып тұрған жүктерді тасымалдауға;
      9) автомобиль кабинасының есіктерін жүкпен қалқалауға;
      10) ұзын көлемді жүктерді кониктердің тіреулерінен асырып артуға;
      11) ұзын көлемді жүкті немесе кониктерді, оның үстінде тұрып бекітуге;
      12) шыны ыдыстағы жүкті, қозғалыс кезінде төменгі қабатты сынудан сақтайтын тиісті аралық төсемелерсіз бір-бірінің үстіне (екі қатарға) қоюға;
      13) қауіпті заттар мен тамақ өнімдерін немесе жем-шөп жүктерін бірлестіріп тасымалдауға рұқсат етілмейді.

      831. Қауіпті жүгі бар автокөлік құралын амалсыз, оның ішінде техникалық ақаулықтан тоқтатқан кезде жүргізуші автокөлік құралының артында 30-40 м қашықтықта Жол қозғалысы ережесіне сәйкес авариялық тоқтау белгісін немесе жыпылдақ қызыл шам қоюға және егер қауіпті жүкті тасымалдау шарттарында көзделсе, автокөлік құралын жолдың шегінен тыс көшіруге шаралар қабылдауға және де егер техникалық ақаулықты өз күштерімен жою мүмкін болмаса, дереу техникалық көмек шақыруға міндетті.

  &2. Тиеу-түсіру алаңдарына қойылатын талаптар

      832. Тиеу-түсіру алаңдары мен алаңдарға кіріс жолдарында қатты төсем болуы және жарамды күйде күтіп ұсталуы тиіс, қия берістер мен өрлер қысқы мезгілде мұздан (қардан) тазартылуы және құм немесе күл себілуі тиіс. Ерекшелік ретінде, егер қозғалыс қауіпсіздігін олар қамтамасыз етсе, табиғи кіріс жолдарына рұқсат етіледі.

      833. Кіріс жолдарының жыралармен, траншеялармен және темір жол желілерімен қиылысатын жерлерінде өтуге арналған төсемдер немесе көпірлер болуы тиіс.

      834. Тиеу-түсіру алаңдарының, автокөлік құралдары мен қызметкерлердің белгіленген мөлшері үшін қажетті жұмыстар майданын қамтамасыз ететін өлшемдері болуы тиіс.

      835. Автокөлік құралдарын тиеу-түсіру алаңдарына орналастыру кезінде бірінен бірі (тереңдікке) алшақ тұрған автокөлік құралдарының арасындағы қашықтық кемінде 1 м, ал қатар тұрған (майдан бойынша) автокөлік құралдарының арасындағы қашықтық - кемінде 1,5 м болуы тиіс.

      836. Егер автокөлік құралдарын тиеу немесе түсіру үшін ғимаратқа жақын қоятын болса, онда автокөлік құралы мен ғимараттың арасында кемінде 0,5 м аралық сақталуы тиіс. Автокөлік құралы мен жүк қатарының ара қашықтығы кемінде 1 м болуы тиіс.

      837. Биіктігі шанақ еденінің деңгейіне тең эстакададан, платформадан, рампадан жүктерді тиеген (түсірген) кезде, автокөлік құралын оларға тиістіре қоюға рұқсат етіледі.

      838. Автокөлік құралдары үстіне келу арқылы тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізуге арналған эстакадалар, платформалар, рампалар рұқсат етілген жүк көтергіштіктің көрсеткіштерімен және доңғалақ тоқтататын құрылғылармен жабдықталуы тиіс.

      839. Автокөлік құралының шанағы еденінің және платформаның, эстакаданың, рампаның биіктіктері бірдей емес жағдайда траптар мен сырғауылдарды пайдалану қажет.

      840. Автокөлік құралдарының тиеу-түсіру алаңдары мен кіріс жолдарындағы қозғалысы жалпы қабылданған жол белгілерімен және көрсеткіштермен реттелуі тиіс. Қозғалыс лек-легімен болуы тиіс. Егер өндірістік шарттарға байланысты ағынды қозғалысты ұйымдастыру мүмкін болмаса, онда автокөлік құралдары тиелуге және түсірілуге, олардың алаң аумағынан шығуы еркін, маневрлеусіз болатындай етіп артқы жүріспен берілуі тиіс.

      841. Тиеу-түсіру жұмыстары жүргізілетін үй-жайлар мен алаңдардың жарықтандырылуы осы Ережеге 6-қосымшада келтірілген белгіленген нормаларға сәйкес келуі тиіс.

      842. Марштарының саны бірден астам және биіктігі 1,5 м астам сатысы бар подвалдық және жартылай подвалдық үй-жайларда орналасқан тасымалданатын жүктерді уақытша сақтауға арналған қоймалар жүктерді тікелей қоймалық үй-жайға түсіруге арналған люктермен және траптармен, сондай-ақ жүктерді көтеруге арналған көтергіштермен жабдықталуы тиіс.

      843. Бірінші қабаттан жоғары орналасқан және марштарының саны бірден астам және биіктігі 2 м астам сатысы бар қоймалар жүктерді түсіруге және көтеруге арналған көтергіштермен жабдықталады.

      844. Орталықтандырылған тасымалдар кезінде жүктерді тиеу және түсіру орнына автокөлік құралдарын, тиеу-түсіру тетіктерін және қызметкерлерді жіберуден бұрын ұйым әкімшілігі жүк алушылар мен жүк жөнелтушілердегі жұмыс шарттары еңбекті қорғау талаптарына сәйкес келетіндігін тексеруге міндетті.

      845. Егер жұмыс шарттары тиеу-түсіру жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз етпесе, жүктерді тиеу және түсіру орнына автокөлік құралдары мен қызметкерлерді кемшіліктерді жойғанға дейін жіберуге рұқсат етілмейді.

  &3. Көтеру-көлік жұмыстарына қойылатын талаптар

      846. Автокранды басқаруға, краншылар бағдарламасы бойынша оқып үйренуден өткен және бұл жұмысты орындау құқығына жарамды куәлігі бар автокөлік құралдарының жүргізушілері ғана жіберіледі.

      847. Автокранның машинисі:
      1) жұмысты бастау алдында автокранның жай-күйі мен барлық тетіктерінің жұмысын тексеруі;
      2) алдағы жұмыстың сипатын білуі;
      3) жүкті көтеруді бастау алдында, кранның орнықты күйін қамтамасыз ететін барлық тіреулерді міндетті түрде түсіруі және бекітуі;
      4) жүк операцияларын, қатар тұрған адамдардың қауіпсіздігіне көз жеткізбей бастамауы;
      5) жүктерді жылжытуды бастау алдында сигнал беруі;
      6) жүктерді көтеруге дайындау кезінде бекітілуін қадағалауы және нашар стропталған жүктерді көтеруге рұқсат етпеуі;
      7) жүкті 0,5 м-ден 1 м дейінгі биіктікке көтеріп және тежегіштер ұстайтынына, жүктің жақсы ілінгеніне, кранның орнықтылығына көз жеткізіп, одан соң көтеруді жалғастыруы;
      8) строптаушылардың жұмысын қадағалауға және автокранның тетігін олардың сигналынсыз қосуы;
      9) жұмысқа кірісуге сигналды тек қана бір сигнал беруші строптаушыдан қабылдауы; "тоқта" деген авариялық сигнал, оны берген кез келген тұлғадан қабылданады;
      10) массасы жебенің осы шығымы үшін шектік мәнге жақындайтын жүкті көтерген кезде, бұл жүкті алдын ала 10 см көтереді де, кранның орнықтылығын тексеріп және осыдан кейін ғана көтеруді жалғастырады;
      11) жүктерді стеллаждарға және жылжымалы құрамға біркелкі, жақтарының бірін асыра тиемей салуы;
      12) жүкті бір қалыпты түсіруі;
      13) жұмыс аяқталғаннан кейін жебені түсіруі және көліктік күйде бекітуі тиіс.

      848. Кран машинисіне:
      1) массасы жебенің осы шығымы кезіндегі автокранның жүк көтергіштігінен, сондай-ақ автокранның барынша жүк көтергіштігінен асатын жүкті көтеруге;
      2) массасы белгіленбеген, топырақтың немесе қандай да болмасын заттардың астында қалған, жерге немесе басқа затқа жабысып қатқан жүкті көтеруге;
      3) көтерілген жүкті тербелтуге;
      4) жерден бағаналарды, қадаларды, шпунттарды суыруға;
      5) желдің жылдамдығы секундына он төрт метр және одан артық кезде жұмыс істеуге;
      6) ақаулы автокранды (байқалған барлық ақаулықтар дереу жойылуы тиіс) пайдалануға;
      7) тәуліктің қараңғы мезгілінде автокранның жарығы жарамсыз немесе жұмыс алаңының жарықтандырылуы жеткіліксіз кезде тиеуге (түсіруге);
      8) орнатылған тіреулерсіз жұмыс істеуге;
      9) жүкті тарту арқылы немесе жүк тросы қиғаш тартылған кезде жылжытуға;
      10) жүкті көтерген, түсірген немесе кран құрылғысы бұрылған кезде күрт тежеуге;
      11) жүк көтерулі кезде автокранды жылжытуға;
      12) жүктерді адамдардың төбесінде тасуға;
      13) жапырылған, ширатылған бір жібі болса да үзілген арқанмен жұмыс істеуге;
      14) электр берілістері желілері мен басқа қауіпті аймақтарға жақын осы электр берілістері желілерін пайдаланатын ұйымдардың арнайы рұқсатынсыз жұмыс істеуге рұқсат етілмейді.

      849. Жүктерді екі немесе бірнеше кранмен көтеруге ұйымның арнайы тағайындалған инженерлік-техникалық қызметкерінің басшылығымен ғана рұқсат етіледі.

      850. Автокрандардың электр жабдығына қызмет көрсетуді орындауға дайындалған персоналға ғана рұқсат етіледі.

      851. Электрлік жетегі бар автокрандарға қызмет көрсеткен кезде:
      1) сымдардың электр жабдығы оқшаулағышының кедергісін электр қондырғыларын тұтынушылардың ТПЕ-інде белгіленген мерзімдерде тексеру;
      2) барлық жөндеу және тәртіпке келтіру жұмыстарын кернеу алынған кезде ғана орындау;
      3) жабдықты жөндеу кезеңінде басқару пультіндегі электр қорегінің жаңылыс қосылуын болдырмау үшін машинистің кабинасы мен қондырғы автоматтарында: "Қосуға болмайды - кісілер жұмыс істеп жатыр!" деген плакат қойылады;
      4) сыртқы желіден келген электр қорегімен жұмысты кран қондырғысының нөлдену шартымен ғана орындау қажет.

      852. Электрлік жетегі бар автокранда:
      1) ток жүретін бөліктердің жарамсыз немесе алынған қаптамаларымен (қоршауларымен);
      2) жалаңаштанған сыммен;
      3) нөлдеуші электр өткізгіші бұзылған кезде;
      4) электр жабдығы шкафтарының ашық есіктерімен;
      5) кабинадағы резеңке кілемшесіз жұмыс істеуге рұқсат етілмейді.

      853. Сонымен бірге қондырғының кернеу бар бөліктеріне жанасуға рұқсат етілмейді.

      854. Конвейер-тасымалдағыштарды ауыстыру, оларды рамаларға, төсемелерге қою және түсіру мамандардың ішінен алынған жауапты тұлғаның басшылығымен жүзеге асырылуы тиіс. Бұл ретте тасымалдағыштың конвейерін жылжытумен айналысатын қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шаралар қабылдануы тиіс.

      855. Жетек барабандарының, конвейер-тасымалдағыштардың белдіктерінің қоршауы болуы тиіс.

      856. Конвейер-тасымалдағышты жан-жағында ені кемінде бір метр жолдар қалатындай етіп қойған дұрыс.

      857. Конвейер-тасымалдағыштармен жұмыс істеген кезде:
      1) тасымалдағыш таспаларының тұрып қалуын оның жұмыс істеп тұрған кезінде (жүріп тұрғанда) барабанға топырақ немесе құм шашу арқылы жоюға, сондай-ақ жүкті түзеуге, тасымалдағыштың таспасын қолмен тазалауға;
      2) жұмыстық күйде тасымалдағышты ауыстыруға, жылжыту алдында және жұмыс аяқталысымен тасымалдағышты ең төменгі күйге түсіру қажет;
      3) конвейер-тасымалдағыштың электр қозғалтқышын желіге, кезекші электриктен басқа, өз бетімен қосуына;
      4) автокөлік құралының жүк көтергіш ернеуін адамдарды көтеру немесе түсіру үшін пайдалануға рұқсат етілмейді.

  &4. Контейнерлік тасымалдарға қойылатын талаптар

      858. Автокөлік құралының шанағы контейнерлерді тиеу орнына беру алдында бөгде заттардан, сондай-ақ қардан, мұздан және қоқыстан тазартылуы тиіс.

      859. Контейнерді дайындауды, оған салуды, автомобильге (автопоезға) тиеуді және түсіруді жүк жөнелтуші немесе жүк алушы, бұл жұмыстарға жүргізушіні тартпай жүзеге асыруы тиіс.

      860. Механикаландырылған тиеуге (түсіруге) арналған арнайы құрылғымен жабдықталған автокөлік құралына контейнерлерді тиеуді (түсіруді) автокөлік құралының жүргізушісі жүзеге асырады.

      861. Жүргізуші тиелген контейнерлерді тиелу дұрыстығын, жарамдылығын және олардың пломбалануын, сондай-ақ контейнерлердің мамандандырылған жартылай тіркемелерде немесе әмбебап автомобильдерде (автопоездарда) мықты бекітілуін анықтау мақсатымен тексеруі тиіс.

      862. Контейнерлердің төбелерін жүк жөнелтуші (жүк алушы) қардан, қоқыстан және басқа заттардан тазартуы тиіс.

      863. Контейнерлерді автокөлік құралдарына тиеу (түсіру) кезінде жүргізушінің кабинада, шанақта, сондай-ақ жүк көтергіш тетіктің жұмыс аумағынан бес метрден кем қашықтықта болмауы тиіс (өзі тиегіш автомобиль жүргізушісін қоспағанда).

      864. Тиеу-түсіру жұмыстарына қатысатын қызметкерлер контейнерді көтеру, түсіру және ауыстыру уақытында контейнердің үсті мен оның ішінде, сондай-ақ тиеліп жатқан (түсіріліп жатқан) контейнерге жақын орналасқан контейнерлердің үстінде болмауы тиіс.

      865. Контейнері бар автокөлік құралының биіктігі қолданылып жүрген заңнамада белгіленген биіктік бойынша көлемдік өлшемдерден аспаған кезде автокөлік құралының шанағында контейнерлерді тасымалдауға рұқсат етіледі.

      866. Контейнерлер қойылған автокөлік құралдарының шанағында және де контейнерлердің өздерінде адамдардың жол жүруіне рұқсат етілмейді.

      867. Контейнерлерді тасымалдау кезінде жүргізуші сақтықтың мынадай ерекше шараларын сақтауы тиіс:
      1) күрт тежемеу;
      2) жолдың бұрылыстарында, дөңес және ойқы-шойқы жерлерінде жылдамдықты азайту;
      3) қақпалардың, көпірлердің, байланыс желілерінің, ағаштардың биіктігіне аса назар аудару.

  &5. Такелаж және строптау жұмыстарына
қойылатын талаптар

      868. Строптау және такелаж жұмыстарын орындауға он сегіз жастан жас емес, жыл сайынғы медициналық тексеруден, нұсқау алу мен оқып үйренуден өткен және строптау және такелаж жұмыстарын жүргізу құқығына куәлігі бар тұлғалар жіберіледі.

      869. Егер жүктерді байлауға қосалқы қызметкерлер тартылса, онда строптаушы басшы болып табылады.

      870. Жұмыстарды бірнеше строптаушы бірлесіп орындаған кезде, олардың бірі басшы ретінде тағайындалуы тиіс.

      871. Қызметкер (строптаушы) массасы өзіне белгілі жүкті ғана строптауы тиіс. Көтерілетін жүктің массасы биркада көрсетілген строптарға түсетін шектік жүктемелерден, көтергіш құрылғының жүктемелерінен аспауы тиіс.

      872. Арқандар, шынжырлар жүкке біркелкі, түйіндерсіз және бұралусыз байланады, ал жүктің өткір қырларын, арқандар мен шынжырларды иіп жіберуден және қажалудан сақтау үшін строптардың астына төсемелер салу керек.

      873. Ілгектер қосарлы кезде көтерілетін жүкті екі мүйізге біркелкі ілген дұрыс. Жүк, көтерген кезде ол бір уақытта барлық тірелетін жазықтықпен жерден немесе тіректен ажырайтындай, ауырлық центрін ескере отырып ілінуі тиіс.

      874. Жүкті түсіру, строптарды жүк қысып қалмайтындай және одан жеңіл алынатындай етіп жүргізілуі тиіс. Строптарды жүкті тірекке қойғаннан кейін ғана алуға болады.

      875. Дөңгелек түріндегі жүкті жазықтыққа қою кезінде, олардың сырғанау мүмкіндігін төсемелерді немесе тіреулерді тіреу арқылы болдырмау қажет.

      876. Үлкен және ұзын көлемді жүктерді көтеру, бұру және түсіру кезінде, оларды қажетті ұзындықты болат немесе кендір арқаннан жасалған тартқыштың (кергіштің) немесе жеңіл берік багорлардың көмегімен ғана бағыттауға рұқсат етіледі. Жүкті қолмен бағыттауға және көтерулі жүктің астына стропты тарту үшін кіруге рұқсат етілмейді.

      877. Строптар жуан сымнан жасалған ілгектермен немесе багорлармен тартылуы тиіс.

      878. Жүкті кранмен (тетікпен) көтеру алдында барлық бөтен тұлғалар қауіпсіз қашықтыққа кетеді. Строптаушы жүктің шет жағында тұрып краншыға (көтергіш тетіктің операторына) жүкті ауыстыру туралы сигналдар береді. Жүкті елу сантиметрге көтергеннен кейін строптаушы "тоқта" деген сигнал беруі, жүктің байламын тексеруі, бекітілу дұрыстығы мен ортаға дәл келуін тексеруі және жүктің қалыпты бекітілгеніне көз жеткізіп, қажетті бағытта ауыстыруды жалғастыруға рұқсат беруі тиіс.

      879. Жүктің байлануы дұрыс емес кезде, дереу бастапқы қалпына түсірілуі тиіс, ал одан әрі көтеруді кемшіліктер жойылғаннан кейін ғана жүргізуге рұқсат етіледі.

      880. Жүкті түсіру алдында строптаушы оны қоюға арналған орынды тексеруі және түсірілетін жүктің құламайтынына, аударылмайтынына және шетке сырғып кетпейтініне көз жеткізуі тиіс.

      881. Строптаушыларға:
      1) жүкті уақытша арқалықтарға, құбырларға, газ және бу құбырларына, кабельге қоюға, сондай-ақ жылжытылатын жүкте немесе оның астында тұруға;
      2) ақаулы немесе тозған арқан құралдарды, сондай-ақ пайдалану мерзімі өткен құралдарды пайдалануға;
      3) жүк байланған строп тармақтарын үлкен балғамен, сүйменмен ұрып түзетуге (жылжытуға);
      4) қолмен немесе қысқашпен жүкті көтерген кезде сырғыған строптарды ұстауға (мұндай жағдайларда алдымен жүкті тірекке түсіру, ал одан соң байлануын түзеу керек);
      5) жүкті өз денесінің салмағымен теңгеруге немесе жүктің басып кеткен бөліктерін оны жылжытқан кезде сүйемелдеуге рұқсат етілмейді.

  &6. Автотиегіштердегі жұмысқа қойылатын талаптар

      882. Автотиегіштерді жасы 18-ден кем емес, автотиегіштерді басқару құқығына куәлігі бар жүргізушілер ғана басқаруы мүмкін.

      883. Ақаулы автотиегіште жұмыс істеуге рұқсат етілмейді. Жүк шиналары бар доңғалақты автотиегіштер қатты және тегіс төсемі бар учаскелерде ғана, ал пневматикалық шиналары бар автотиегіштер, одан басқа - тастан (шағыл) жасалған төсемдерде және тегістелген жер алаңдарда пайдаланылуы тиіс.

      884. Автотиегіштерді адамдарды тасымалдау мен көтеру үшін пайдалануға рұқсат етілмейді.

      885. Жүктердің үйілген қатарларын жинаған (бұзған) кезде автотиегіштер, олардың жұмыс аймағында жүктерді қолмен апару және тасымалдау жолдарын кесіп өтпеуі тиіс, сондай-ақ жүк тиелетін жұмыстар жүргізілмеуі тиіс.

      886. Автотиегіштің жұмыс аймағы мағынасында, түсіру мен тиеу және керісінше жасау орнына кірген кезде оның икемделуі үшін қажетті алаң түсініледі.

      887. Автотиегіш үйілген қатарлардың, жабдықтың, ғимараттар мен құрылыстардың конструкциялары элементтерінің арасындағы тар жерге кіру алдында жүргізуші автотиегішті тоқтатуға және автотиегіштің жұмыс аймағында адамдардың жоғына көз жеткізуге міндетті.

      888. Ашалы автотиегіштегі жұмыс кезінде мынадай талаптардың сақталғаны дұрыс:
      1) жүк қармауыш ашада, аударылып кету жағдайы тумайтындай етіп орналастырылуы тиіс, бұл ретте жүк жүк көтергіштің рамасына қысып қойылуы тиіс;
      2) жүк екі табанға біркелкі бөлінуі тиіс және ашаның шегінен алға табандар ұзындығының 1/3 аспай шығуы мүмкін;
      3) ірі көлемді жүктерді қорғаныс құрылғысынан жоғары, бірақ бір орыннан асырмай салуға рұқсат етіледі және де автотиегіш қозғалысына басшылық ету үшін адам бөлінуі тиіс.

      889. Жебелі автотиегіштің жұмысы кезінде алдымен жүкті көтеру, ал одан соң оны тасымалдауды жүргізу қажет.

      890. Жүкті үйілген қатардан құлатып жіберуге және оны сүйреуге рұқсат етілмейді.

      891. Жүктерді тасымалдауға, автотиегіш көтергішінің рамасы артқа қарай барынша ауытқығанда ғана рұқсат етіледі. Қармау құрылғысы жүкті жерден көтеру биіктігін автотиегіштің жол саңылауы шамасынан кем емес және пневматикалық шиналары бар автотиегіш үшін - 50 см артық емес және жүк шиналары бар автотиегіш үшін - 50 қамтамасыз етуі тиіс.

      892. Ұзын көлемді жүктерді тегіс төсемі бар ашық аумақтарда ғана тасымалдауға рұқсат етіледі және де жүкті қармау тәсілі оның бұзылу немесе шетке құлау мүмкіндігін болдырмауы тиіс. Жүк алдын ала пакет түрінде мықты байлануы тиіс.

      893. Жолдың, ол бойынша жүктерді автотиегіштермен тасымалдауға рұқсат етілетін барынша бойлық ылдыйы автотиегіштің жүк көтергіш рамасының көлбеу бұрышынан аспауы тиіс.

      894. Автотиегіштегі жұмыс кезінде:
      1) жүк көтергіш құрылғылары көтеріліп тұрған кезде (сақтанусыз) автотиегішке техникалық қызмет көрсетуді немесе жөндеуді жүргізуге;
      2) майда даралы жүкті табандықтарда, жұмыс орнын, оған жүктің құлауынан сақтайтын қорғаныш құрылғысынан жоғары көтеруге;
      3) жабысып қатқан немесе қысылып қалған жүкті жұлып алуға, астында, аша еркін өту үшін қажетті саңылау жоқ кезде жүкті көтеруге және де жүкті кранмен тікелей автотиегіштің қармау құрылғысына салуға рұқсат етілмейді.

  16. Еңбек және демалыс режимі

      895. Жұмыс істейтіндердің еңбек және демалыс режимі қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес және өндіріс ерекшеліктерін ескере отырып белгіленуі тиіс.

      896. Зияны бар жұмыстармен айналысатын қызметкерлер үшін жұмыс уақытының отыз алты сағаттан аспайтын қысқартылған ұзақтығы белгіленуі тиіс.

      897. Түнгі мезгілде жүкті әйелдердің жұмыс істеуіне олардың келісімімен ғана рұқсат етіледі. Он сегіз жасқа келмеген қызметкерлер және медициналақ қорытындысында түнгі уақытта жұмысқа тыйым салынатын басқа да тұлғалар түнгі жұмыс уақытына тартылмайды.

      898. Қысыммен жұмыс істейтін аппаратураға қызмет көрсету бойынша жұмыстарды, аккумулятор батареяларын жөндеу және зарядтау, балқымаларды дайындау, қорғасын-қалайы балқымаларымен жамау және дәнекерлеу бойынша жұмыстарды, дәнекерлеу, вулканизациялау, темір соғу-престеу, бояу жұмыстарын, сондай-ақ этилденген бензинді қолданумен, шу мен дірілдің жоғарғы деңгейімен байланысты жұмыстарды және басқа зиянды және қауіпті жұмыстарды орындауға әйелдерді он сегізден жас тұлғаларды сондай-ақ денсаулығы бойынша аталған жұмыстарды орындауға тыйым салынған тұлғаларды тартуға рұқсат етілмейді.

      899. Қызметкерлерге демалу және ас ішу үшін кемінде бір сағат үзіліс берілуі тиіс.

      900. Үзілістің басталу және аяқталу уақыты ішкі еңбек тәртібі ережелерінде белгіленеді.

      901. Өндіріс шарттары бойынша үзіліс белгілеуге болмайтын жұмыстарда қызметкерге жұмыс уақыты ішінде ас ішу мүмкіндігі берілуі тиіс. Осындай жұмыстардың тізбесін, ас ішу тәртібі мен орнын жұмыс беруші ұйым қызметкерлерінің өкілімен келісім бойынша белгілейді.

  17. Жеке қорғану құралдары

      902. Жұмыс істеушілерді қауіпті және зиянды өндірістік факторлардан қорғау үшін ұйым әкімшілігі қызметкерлерді ақаусыз ЖҚҚ-мен (арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен) уақтылы қамтамасыз етуі тиіс. Жұмыс істеушілерді арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және басқа ЖҚҚ-мен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген нормалар бойынша ұйымның есебінен жүзеге асырылуы тиіс.

      903. Жеке қорғану құралдары жабдықтың конструкциясы, өндірістік процестерді ұйымдастыру, сәулет-жоспарлау шешімдері және ұжымдық қорғану құралдары жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмаған, сондай-ақ еңбек гигиенасы қамтамасыз етілмеген жағдайларда қолданылуы тиіс. Қызметкерлердің қорғану құралдары қолданылып жүрген стандарттардың, техникалық эстетика мен эргономиканың талаптарына жауап беруі, қорғаныс тиімділігінің жоғарғы дәрежесі мен пайдалану кезіндегі қолайлылықты қамтамасыз етуі тиіс.

      904. Әрбір жеке жағдайда қорғану құралдарын таңдау берілген өндірістік процеске немесе жұмыс түріне арналған қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, жүзеге асырылады.

      905. Қызметкерлерді арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен, басқа ЖҚҚ қамтамасыз ету, сондай-ақ оларды есепке алу, беру, сақтау тәртібі Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау заңнамасына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.

      906. Алынатын арнайы киімнің, арнайы аяқ киімнің және басқа ЖҚҚ-ның сапасын бақылау үшін әрбір ұйымда басшының (жұмыс берушінің) бұйрығына сәйкес комиссия құрылуы тиіс.

      907. Арнайы киім мен арнайы аяқ киімді жуу, химиялық тазарту және жөндеу үшін ұйымдарда кір жуатын үйлер және киім мен аяқ киімді жөндеуге арналған үй-жайлары бар химиялық тазарту бөлімшелері көзделуі мүмкін. Жақын жатқан ұйымдардың тобы үшін бір кір жуатын үй мен бір химиялық тазарту бөлімшесін құруға, сондай-ақ арнайы киім мен арнайы аяқ киімді жууды, химиялық тазартуды және жөндеуді тиісті тұрмыстық қызмет көрсету ұйымдарымен шарттар бойынша ұйымдастыруға рұқсат етіледі.

      908. Арнайы киімді жуу мен химиялық тазартуды ұйым өз есебінен кесте бойынша өндірістік шарттарды ескере отырып белгіленетін мерзімдерде, аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарымен келісім бойынша жүргізеді. Жуу және химиялық тазарту уақытында қызметкерлерге ауыстыру жинақтары берілуі тиіс.

      909. Жалпы жағдайларда арнайы киімді жууды, әбден кірлеген кезде - алты күнде бір рет, шамалы кірлеген кезде - он күнде бір рет жүргізу керек.

  18. Қайғылы оқиғалар кезіндегі
алғашқы медициналық көмек

      910. Автомобиль көлігінің әрбір қызметкері алғашқы медициналық көмек көрсетуді, зардап шегушіні тасымалдау амалдарын оқып үйренуі, дәрі салғыштың тұрған жері мен ішіндегісін білуі, дәрі салғыштың ішінде жатқан құралдарды пайдалана білуі тиіс. Алғашқы медициналық көмек көрсету құралдары бар дәрі салғыш әрбір өндірістік үй-жайда болуы тиіс. Алғашқы көмек көрсетуші қызметкер дәрі салғышқа еркін қол жеткізе алуы тиіс.

      911. Дәрігерге дейінгі көмекті көрсетуге арналған цех дәрі салғышындағы дәрі-дәрмек жиынтығы мен аспаптар осы Ережеге 16-қосымшада келтірілген.

      912. Улы және өткір заттармен жұмыс істейтін учаскелердегі дәрі салғыштарда, дәрі-дәрмектердің жалпы жинағынан басқа, ас содасының, бор және лимон қышқылдарының ерітінділері, камфара, күйдірілген магнезия, глаубер тұзы болған дұрыс.

      913. Алғашқы көмек алынған зақым (улану) түріне байланысты көрсетілуі тиіс. Қайғылы оқиғалар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетудің негізгі ережелері осы Ережеге 15-қосымшада келтірілген.

                                          Автомобиль көлігіндегі
                                          еңбек қауіпсіздігі және
                                          еңбекті қорғау ережесіне
                                                  1-қосымша

                      Титулдық парақ

                  ____________________________
                          ұйым атауы

             Жұмыс орнындағы нұсқауды тіркеу
                        ЖУРНАЛЫ

                              ______________________________________
                                Цехтың, учаскенің, бригаданың,
                                қызметтің, зертхананың атауы

             20 __ жылғы ____________ басталды
             20 __ жылғы _____________ аяқталды

         Жұмыс орнындағы нұсқауды тіркеу журналының келесі
                     беттерін ресімдеу

Күні

Нұсқау
алушының
тегі,
аты,
әкесінің
аты

Ту-
ған
жылы

Нұсқау
алушы-
ның
маман-
дығы,
лауа-
зымы

Нұсқау
түрі
(алғашқы,
жұмыс
орнындағы,
қайталама,
жоспардан
тыс)

Жоспар-
дан тыс
нұсқау
өткізу
себебі

Нұсқау
берушінің,
рұқсат
берушінің
тегі, аты,
әкесінің
аты,
лауазымы

1

2

3

4

5

6

7

      таблицаның жалғасы

Қолы

Жұмыс орнындағы тағылымдама

Нұсқау
беру-
шінің

Нұсқау
алушының

Ауысымдар
саны
(...ден
...дейін)

Тағылымдама-
дан өтті
(жұмысшының
қолы)

Білімін тексерді,
жұмыс істеуге
рұқсат берді
(қолы, күні)

8

9

10

11

12

                                          Автомобиль көлігіндегі
                                          еңбек қауіпсіздігі және
                                          еңбекті қорғау ережесіне
                                                  2-қосымша

                  Кіріспе нұсқауды тіркеу
                          ЖУРНАЛЫ

                  ______________________________
                           ұйым атауы

             20 __ жылғы ____________ басталды
             20 __ жылғы _____________ аяқталды 

Келесі беттер

Күні

Нұсқау алушы-
ның
тегі,
аты,
әкесі-
нің
аты

Туған
жылы

Нұс-
қау
алу-
шының
ма-
ман-
дығы,
лауа-
зымы

Нұс-
қау
алушы жібе-
ріле-
тін
өнді-
ріс-
тік
бө-
лім-
шенің
атауы

Нұсқау
беру-
шінің
тегі,
аты,
әке-
сінің
аты,
лауа-
зымы

Қолы

нұсқау
беру-
шінің

нұсқау
алушы-
ның

1

2

3

4

5

6

7

8

Автомобиль көлігіндегі  
еңбек қауіпсіздігі және  
еңбекті қорғау ережесіне 
3-қосымша        

Еңбек қауіпсіздігінің қосымша (жоғарғы)
талаптары қойылатын мамандықтардың
тізбесі

      1. Аккумуляторшылар
      2. Вулканизациялаушылар
      3. Газбен және электрмен дәнекерлеушілер
      4. Бояушылар
      5. Мыстаушылар
      6. Кернеуі 42 В-тен артық электр құрылғылары мен желілерді пайдаланумен, қызмет көрсетумен және жөндеумен айналысатын жұмысшылар мен мамандар
      7. Строптаушылар, такелажшылар, іліктірушілер
      8. Қазандықтардың машинистері (от жағушылар)
      9. Көліктік және жүк көтергіш тетіктерді пайдаланумен, қызмет көрсетумен және жөндеумен айналысатын жұмысшылар мен мамандар
      10. Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар мен жабдықты пайдаланумен, қызмет көрсетумен және жөндеумен айналысатын жұмысшылар мен мамандар
      11. Темір ұсталары
      12. Пластмассадан бұйым құюшылар
      13. Этилденген бензинмен жұмыс істейтін жұмысшылар

                                          Автомобиль көлігіндегі
                                          еңбек қауіпсіздігі және
                                          еңбекті қорғау ережесіне
                                                  4-қосымша

                        N ________ ХАТТАМА

                20_____ жылғы "_____"  _____________

      (басшының (жұмыс берушінің) лауазымы және ұйымның атауы) 20_____ жылғы "_____"  __________ N ___ бұйрығымен тағайындалған комиссия мынадай құрамда:
      Комиссия төрағасы ____________________________________________
                             (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
Комиссия мүшелері __________________________________________________

____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
  инженерлік-техникалық қызметкерлердің (жұмысшылардың) техника
қауіпсіздігі және өндірістік санитария жөнінде білімдерін тексеруді
жүргізді.

        Білімдерін тексеру кезінде төмендегідей бағалар алынды:

Тегі,
аты,
әке-
сінің
аты

Лауа-
зымы
(ма-
ман-
дығы)

Бөлім-
шенің
атауы
(цех,
учаске,
бөлім,
зерт-
хана,
шебер-
хана)

Білімде-
рін
тексеру
нәтижесі
(тапсыр
ды/тап-
сырмады)

Білімдерін
тексеру
себебі
(кезекті,
кезектен
тыс)

Тексеріл-
геннің қолы

1

2

3

4

5

6

Комиссия төрағасы __________________________________________
                                  (Қолы)
Комиссия мүшелері __________________________________________

                                          Автомобиль көлігіндегі
                                          еңбек қауіпсіздігі және
                                          еңбекті қорғау ережесіне
                                                  5-қосымша

                   КУӘЛІК НЫСАНЫ

____________________________
    (ұйымның толық атауы)

N ________ КУӘЛІК

____________________________
         (Т.А.Ә.а.)

Лауазымы
(мамандығы) ________________
жұмыс орны _________________
Оның лауазымдық (кәсіптік)
міндеттеріне сәйкес көлемде
еңбекті қорғау жөніндегі
білімі тексерілгендігіне
берілді

20_ жылғы  "___" ___________
N _____ хаттама

Комиссия төрағасы __________
            (Т.А.Ә.а., қолы)

          М.О.

Білімін қайта тексеру туралы
мәліметтер:
Лауазымы _______________________
Жұмыс орны _____________________
Лауазым міндетіне сәйкес көлемде
еңбекті қорғау жөніндегі білімін
тексеру жүргізілді

20__ жылғы "____" ______________
N _____ хаттама
Комиссия төрағасы ______________
               (Т.А.Ә.а., қолы)

            М.О.

Лауазымы _______________________
Жұмыс орны _____________________
Лауазым міндетіне сәйкес көлемде
еңбекті қорғау жөніндегі білімін
тексеру жүргізілді

20____ жылғы "____"_____________
N _____ хаттама
Комиссия төрағасы ______________
              (Т.А.Ә.а., қолы)

           М.О.

      Ескерту: Куәлікті ұзарту үшін оның ішіне білімдерін қайта
тексергені туралы мәліметтер бар қосымша бет салынуы мүмкін.

                                          Автомобиль көлігіндегі
                                          еңбек қауіпсіздігі және
                                          еңбекті қорғау ережесіне
                                                  6-қосымша

          Өндірістік үй-жайлар мен жұмыс орындарының
                  жарықтандырылу нормалары

р/с N 

Үй-жайлар
және
өндірістік
учаскелер

Жарық-
танды-
рудың
мөл-
шер-
ленген
жазық-
тығы
мен
оның
еденнен
алынған
биік-
тігі

Көру
жұмы-
сының
раз-
ряды

Жарықтық, лк

Құрам-
дас-
тырыл-
ған
жарық-
тан-
дыру
кезінде

Жалпы
жарық-
тан-
дыру
кезінде

1.

Автокөлік құралдарына
техникалық қызмет
көрсету және жөндеу

Еден

Үа

300

200

2.

Автокөлік құралдарына
күн сайынғы қызмет
көрсету

В-маши-
наның
үстінде

ҮІІІа

-

75

3.

Автокөлік құралдарын
жуу және жинау

Еден

ҮІ

-

150

4.

Тексеру орлары

Г-маши-
наның
асты

ҮІ

-

150

5.

Бөлімшелер: моторлық,
агрегаттық, механика-
лық, электр техникалық
және аспаптарды
қоректендіру

Г-0,8

ҮІа

750

300

6.

Аккумуляторларды
жөндеу

Г-0,8

ҮІб

500

200

7.

Ұста, дәнекерлеу,
қаңылтыр, бояу
дайындау, бояу
бөлімшелері

Г-0,8

ҮІб

500

200

8.

Ағаш шеберлігі және
қаптау бөлімшелері

Г-0,8

Үа

300

200

9.

Шина жөндеу және
құрастыру

Г-0,8

Үа

300

200

10.

Автокөлік құралдарын
сақтауға арналған
үй-жай

Еден

ҮІІІа

-

20

11.

Автокөлік құралдарын
сақтауға арналған
ашық алаңдар

Еден

ХІІ

-

5

12.

Қоймалар

Еден

ҮІІІа

-

75

13.

Қосалқы ғимараттар
мен санитарлық-
тұрмыстық үй-жайлар

Еден

ҮІІІ

-

75

14.

Денсаулық сақтау
пункттері, жиналыс
залдары, асханалар,
демалуға арналған
үй-жайлар

Г-0,8

Үа

300

200

15.

Кабинеттер мен жұмыс
бөлмелері

Г-0,8

Үа

300

200

16.

Дәліздер, жолдар,
өтпелер

Еден

ҮІІІа

-

50

      Ескертулер:
      1) қыздыру шамдарын пайдаланған кездегі жарықтандыруды
жарықтандыру шкаласы бойынша ҚНжЕ 11-4-79 сәйкес төмендеткен дұрыс;
      2) құрамдастырылған жарық беру жүйесіне арналған жарықтандыру
жалпы және жергілікті жарық берудің жиынтығы болып табылады. 

                                          Автомобиль көлігіндегі
                                          еңбек қауіпсіздігі және
                                          еңбекті қорғау ережесіне
                                                  7-қосымша

        Жұмыс ортасының ауасында заттардың шектік
                 рұқсат етілген шоғырлануы

р/с N 

Заттың атауы

Шектік рұқсат
етілген шоғырланудың
шамасы, мг/м 3

1.

Тотықтанған азоттар (NO 2
есептегенде)

5

2.

Акролеин

0,2

3.

Отындық бензин (С-ға есептегенде)

100

4.

Лигроин (С-ға есептегенде)

300

5.

Қорғасын мен оның органикалық
емес қоспалары

0,01

6.

Метил спирті (метанол)

5

7.

Тетраэтиленқорғасын

0,005

8.

Уайт-спирт (С-ға есептегенде)

300

9.

Көміртек тотығы

20

10.

Алифаттық шектік көмірсутегілері
С 1 -   С 10  (С-ға есептегенде)

300

11.

Уытты сілтілер (ерітінділер)
(NаОН-қа есептегенде)

0,5

12.

Күкірт қышқылы

1

13.

Тұз қышқылы

5

14.

2%-дан кем кремний қос тотығы
араласқан өсімдік текті шаң
(мақта-қағаз, ағаш)

6

15.

Тальктың шаңы

4

16.

Метан

1,1

17.

Минералды мұнай майлары

5

18.

Изопрен

40

19.

Ксилол

50

20.

Бутилацетат, ацетон

200

21.

Күкірт ангидриді

10

                                          Автомобиль көлігіндегі
                                          еңбек қауіпсіздігі және
                                          еңбекті қорғау ережесіне
                                                  8-қосымша

       Өндірістік үй-жайлардың ауасындағы жарылыс
           қауіпі бар заттар мөлшерінің шектері

Заттың атауы

Көлем бойынша жарылу шоғырлануының шегі, %

Төменгі

Жоғарғы

Бензин

0,7

6,0

Керосин

1,4

7,5

Ацетилен

2,2

81,0

Метан

4,0

15,0

Сутегі

3,3

81,5

Пропан

2,2

9,5

Бутан

1,5

8,4

                                          Автомобиль көлігіндегі
                                          еңбек қауіпсіздігі және
                                          еңбекті қорғау ережесіне
                                                  9-қосымша

        Автомобильдерге, автожөндеу және шина жөндеу
        ұйымдарына қызмет көрсету жөніндегі ұйымдарда
       жұмыс істейтін, өндірістік процестер топтарына
           жатқызылған қызметкерлер мамандықтарының
                             тізбесі

р/с
N

Жұмыс істеушілер
мамандықтарының
атауы

Өнді-
ріс-
тік
про-
цес-
тер-
дің
тобы

Адамдардың
есептік саны

Киім
шешетін
бөлме-
лердің
үлгісі,
бір
жұмыс
істеу-
шіге
келетін
шкаф
бөлім-
шеле-
рінің
саны.
Арнайы
тұрмыс-
тық үй-
жайлар
мен
құрыл-
ғылар

Бір
душтық
желіге

Бір
кранға

1.

Жеңіл автомобиль жүргі-
зушісі, автобустың жүр-
гізушісі мен кондукторы,
жартылай жүк автомоби-
лінің (пикап-фургон)
жүргізушісі; жылытылатын
үй-жайда жұмыс істейтін
тиегіштің жүргізушісі;
физикалық-химиялық
сынақтар мен өлшегіш
зертханалардың зерттеу-
шісі; әкімшілік-басқару
персоналы, маман,
қызметші және қосалқы
қызметкер

25

7

Ортақ
киім
шешетін
бөл-
мелер. Бір
бөлім-
шелі
шкафтар
немесе
киім
ілгіш-
тердегі
ілгек-
тер

2.

Жүк автомобилінің жүргі-
зушісі (4; 8; 9-тармақ-
тарда көрсетілгендерден
басқа). Газбаллонды
автомобильдердің баллон-
дарын куәландыру жөнін-
дегі слесарь, металдарды
механикалық өңдеу жөнін-
дегі станокшы, электрик,
штампылаушы, престеуші,
қаңылтыршы, ағаш ұстасы,
жинақтаушы, бақылаушы,
химиялық зертхананың
зерттеушісі, жылытылатын
үй-жайда жұмыс істейтін
(майлағыш материалдар,
бояулар және химикаттар
қоймаларын қоспағанда)
қойма зат сақтаушысы,
сайман таратушы, шина
монтаждаушы, сондай-ақ
жылытылатын үй-жайда
жұмыс істейтін жүк тие-
уші, строптаушы, краншы

15

7

Ортақ киім шеше-
тін
бөл-
мелер.
Бір немесе екі
бөлім-
шесі
бар
шкаф-
тар

3

Отын аппаратурасы мен
этилденбеген бензинмен
жұмыс істейтін автомо-
бильдерді жөндеу жөнін-
дегі слесарь (автомо-
бильдерге техникалық
қызмет көрсету, ағымдағы
жөндеу бойынша жұмыстар,
автомобильдерді, қоз-
ғалтқыштарды, агрегат-
тарды бөлшектеу, автомо-
бильдерді майлау), жаб-
дық пен сайманды жөндеу
жөніндегі слесарь; сорғы
және сығымдағыш қондыр-
ғылардың машинисі, этил-
денбеген бензинді құюшы,
станоктарды баптаушы,
өндірістік үй-жайларды
жинаушы, жаңқаны жинаушы,
жылытылатын үй-жайда
жұмыс істейтін майлағыш
материалдар, лакты
бояулар және химикаттар
қоймаларының зат сақтау-
шысы, қазандық машинисі

5

20

Жеке
киім
шешетін
бөл-
мелер.
Бір
бөлім-
шелі
шкаф-
тар.
Арнайы
киімді химия-
лық
тазалау
немесе
жуу

                                          Автомобиль көлігіндегі
                                          еңбек қауіпсіздігі және
                                          еңбекті қорғау ережесіне
                                                  10-қосымша

    Электр тогынан негізгі жеке қорғану құралдарын
        Сынақтан өткізу және тексеру мерзімдері

Р/с N

Жеке қорғану
құралдарының атауы

Мерзімдері

кезеңдік
сынақтан
өткізу

кезеңдік
тексеру

1

Диэлектрлік резеңке қолғаптар

6 айда 1 рет

Қолдану
алдында

2

Диэлектрлік резеңке боттар

3 жылда 1 рет

6 айда 1 рет

3

Диэлектрлік резеңке галоштар

Жылына 1 рет

6 айда 1 рет

4

Диэлектрлік резеңке кілемшелер

2 жылда 1 рет

Жылына 1 рет

5

Оқшаулағыш штангалар, қысқаштар

2 жылда 1 рет

Жылына 1 рет

6

Өлшеу штангалары

Өлшеу мау-
сымында 3
айда 1 рет,
бірақ жылына
кемінде 1 рет


7

Ток өлшегіш қысқаштар

Жылына 1 рет

6 айда 1 рет

8

Кернеу көрсеткіштері

Жылына 1 рет

6 айда 1 рет

9

Оқшаулағыш саптары бар сайман

Жылына 1 рет

Қолдану
алдында

                                          Автомобиль көлігіндегі
                                          еңбек қауіпсіздігі және
                                          еңбекті қорғау ережесіне
                                                  11-қосымша

                 Автокөлік құралдарының санаттары

Автокөлік
құралының
санаты

Автокөлік құралының
өлшемдері, м

Ескерту


Ұзындығы

Ені

І

6-ға дейін

2,1-ге дейін

Егер автокөлік құралы
өлшемдерінің бірі
бойынша санаттардың
біріне (І, ІІ, ІІІ),
ал басқа өлшемі бойын-
ша келесісіне (ІІ,
ІІІ, ІҮ) ғана жатса,
онда бұл автокөлік
құралын келесі санатқа
жатқызған дұрыс. 

ІІ

6-дан артық
8-ге дейін

2,1-ден
артық 2,5-ке
дейін

ІІІ

8-ден артық
12-ге дейін

2,5-тен
артық 2,8-ге
дейін

ІҮ

12-ден
артық 

2,8-ден
артық

                                          Автомобиль көлігіндегі
                                          еңбек қауіпсіздігі және
                                          еңбекті қорғау ережесіне
                                                 12-қосымша

           Тұратын үй-жайларға қою кезіндегі автокөлік
               құралдарының арасындағы қашықтықтар

Атауы

Автокөлік құралдарының
санаттарына арналған
қашықтық, м (кем емес)

І

ІІ және ІІІ

ІҮ

1

2

3

4

1. Автокөлік құралдарының бойлық
жақтарының арасы, сондай-ақ қабырға
мен қабырғаға параллель қойылған
автокөлік құралының арасы

0,5

0,6

0,8

2. Автокөлік құралының бойлық жағы
мен колонна және қабырға пилястра-
сының арасы

0,3

0,4

0,5

3. Автокөлік құралдарын қойған
кездегі автокөлік құралының алдыңғы
жағы мен қабырғаның немесе
қақпалардың арасы:
   тік бұрышты
   қиғаш бұрышты


      0,5
0,5


      0,7
0,7

    0,7
0,7

4. Автокөлік құралдарын қойған
кездегі автокөлік құралының артқы
жағы мен қабырғаның немесе
қақпалардың арасы:
   тік бұрышты
   қиғаш бұрышты

    0,5
0,5

    0,7
0,7

    0,7
0,7

5. Бірінің артынан бірі тұрған
автокөлік құралдарының арасы

0,4

0,5

0,6

6. Автокөлік құралының алдыңғы жағы
мен автокөлік құралдарын жылдың
қысқы мезгілінде қыздыруға арналған
құрылғының арасы

0,7

0,7

0,7

                                          Автомобиль көлігіндегі
                                          еңбек қауіпсіздігі және
                                          еңбекті қорғау ережесіне
                                                 13-қосымша

           Техникалық қызмет көрсету посттарына қойылған
            автокөлік құралдарының арасындағы негізгі
                            қашықтықтар

Атауы

Автокөлік құралдарының
санаттарына арналған
қашықтық, м

І

ІІ және ІІІ

ІҮ

1

2

3

4

1. Техникалық қызмет көрсету және
жөндеу посттарындағы автокөлік құ-
ралдарының бойлық жақтарының арасы:
1) шиналар, тежегіш барабандары және
газ баллондары алынбағанда
2) шиналар, тежегіш барабандары
және газ баллондары алынғанда

    1,6

1,2

    2,0

2,5

    2,5

4,0

2. Автокөлік құралдарының  бүйір
жақтары мен қабырғаның арасы

1,2

1,5

2,0

3. Автокөлік құралдарының бойлық
жақтары мен техникалық қызмет
көрсету және жөндеу посттарындағы
қабырғаның арасы:
1) шиналар, тежегіш барабандары
және газ баллондары алынбағанда
2) шиналар, тежегіш барабандары
және газ баллондары алынғанда



      1,2

1,5



      1,6

1,8



      2,0

2,5

4. Автокөлік құралы мен колонна арасы

0,7

1,0

1,0

5. Постқа қарсы орналасқан сыртқы
қақпа мен автокөлік құралы арасы

1,5

1,5

2,0

6. Стационарлы технологиялық жаб-
дықтар және автокөлік құралының
бойы арасы

1,0 

1,0

1,0

                                          Автомобиль көлігіндегі
                                          еңбек қауіпсіздігі және
                                          еңбекті қорғау ережесіне
                                                 14-қосымша

           Тұтас өзен мұзының, ол бойынша адамдар мен
         көлік жүрген кезде рұқсат етілетін қалыңдықтары

Жүктемелер

Масса
(тонна)

Минус 20 o С дейінгі
температура
кезіндегі мұздың
қалыңдығы (см)

Мұздың жиегіне
дейінгі ең
төменгі қа-
шықтықтар (м)

Жүгі бар адам

0,1

10

5

ат-арба көлігі

1,2

20

11

Жүгі бар
автомашина

3,5

25

19

Жүгі бар
автомашина

6,6

35

25

Жүгі бар
автомашина

10,0

40

26

Жүгі бар
трактор

20,0

55

30

Жүгі бар
трактор

40,0

95

38

       Ескерту: 1) мұз жамылғысының қалыңдығын өлшеген кезде берік мұз ғана есепке алынады, ал жамылғының қарлы кеуекті, су сіңген қабаты есепке алынбайды;
      2) мұзда су пайда болған кезде мұзды жолға түсетін жүктеме 50-80%-ға азайтылуы тиіс;
      3) мұзға түсетін жүктемені есептеген кезде, мұздың беріктігі көктемде екі есе төмендейтінін ескерген дұрыс;
      4) ені 3-4 см кем және тереңдігі мұздың қалыңдығының жартысынан аспайтын құрғақ, тайғақ емес жарықтар бар кезде мұзды жолға түсетін жүктеме 20%-ға азайтылуы тиіс;
      5) бұлақтар, өзендер және кәріз құйылатын жерлерде адамдардың өтуі мен көліктің жүруіне рұқсат етілмейді.

Автомобиль көлігіндегі  
еңбек қауіпсіздігі және  
еңбекті қорғау ережесіне 
15-қосымша       

Қайғылы оқиғалар кезінде алғашқы медициналық
көмек көрсетудің негізгі іс-әрекеттері

      1. Жарақат алған кезде дененің жарақаттанған бөлігіне тыныштық қамтамасыз еткен, соғылған жерге суық (мұз, суық су, суға малынған мата) басқан дұрыс. Жарақаттанған жерге йод жағу, оны ысқылап сипау, массаж жасау дұрыс емес. Ішкі органдардың жарақатынан күдіктенген кезде жедел жәрдем келгенге дейін зардап шегушіні, оның тынысын тарылтатын киімнен босату және тегіс жерге жатқызу қажет.
      2. Сүйек сынған кезде, аяқ-қолдың екі буынының сынған жерге жабысып тұруын ұстап тұруы тиіс (екі жағынан) арнайы немесе қол астындағы материалдардан  (тақтайлар, жұқа тақтайлар, фанерлер, таяқтар) жасалған таңғыш қалақ салу жолымен сүйектердің қозғалмауын қамтамасыз ету қажет. Зардап шегушінің омыртқасының сынуынан
күдіктенген кезде қатты зембілдерге немесе тақтайлардан жасалған жайма тақтаға (есік, үстелдің қақпағы, қалың фанер табақ) ішімен төмен жатқызу қажет. Оны тасымалдау туралы мәселені медициналық қызметкер ғана шешеді.
      3. Ыстыққа күйген кезде күлдіреу (бірінші дәрежедегі күйік) жоқ жағдайда, күйген жерді ағып тұрған таза сумен жуады, ол жерді марганец-қышқыл калийдің (мүмкіндік болса, спиртпен немесе әтірмен) әлсіз ерітіндісімен (қызғылт түсті) өңдейді, құрғақ стерильді таңғышпен байлайды.
      Күлдіреу (екінші дәрежедегі күйік) болған кезде осыған ұқсас, бірақ сонымен бірге күлдіреген жерді ашып алмайтындай әрекет жасайды; күйген жерлерде күлдіреудің айналасын ғана өңдейді.
      Талшықтар көмірленген ауыр күйіктер кезінде күйік орнын стерильді таңғышпен жабу немесе күйіктер көлемді болған жағдайда жаймамен және көрпемен жабу қажет. Егер күйік киімнің немесе аяқ киімнің сыртынан болса, оны дереу, бірақ ұқыпты түрде теріден абайлап бөлектей отырып шешу немесе айырып кесіп алу қажет.
      4. Киім жанған кезде бәрінен бұрын, кез келген қол астындағы материалмен (көрпе, пәлте және тағы басқа) жалынды сөндіру қажет. Бұл орайда зардап шегушіні, тыныс жолдарының күюінен және уытты заттармен уланудан сақтау үшін басынан бастап жабуға болмайды. Содан соң  киімді айырып кесу және жарақаттанған бетке мейілінше аз залал келтіруге тырыса отырып, оны шешу керек.
      Егер киім синтетикалық болса (жанған кезде ол ериді де теріге жабысады), сақтықтың айрықша шаралары сақталуы тиіс. Жабысып қалған полимерді тазалауға тыйым салынады.
      5. Электр доғасының әсерінен алынған күйіктер кезінде, бор қышқылының екі пайыздық ерітіндісімен суық басады.
      6. Күшті қышқылдардан (күкірт, азот, тұз) алынған химиялық күйіктер кезінде күйген жерді ағып тұрған сумен жуу, одан соң ас содасының 10%-дық ерітіндісімен (бір стақан суға 1 шай қасық сода) өңдеу қажет.
      7. Сілтілермен (каустикалық сода, сөндірілмеген ізбес) күйген кезде күйген жерді сумен, одан соң сірке қышқылының әлсіз ерітіндісімен (3-6%) немесе бор қышқылының ерітіндісімен (бір стақан суға 1 шай қасық) жуады, осыдан кейін жарақат алған жерлерді сірке немесе бор қышқылының 5%-дық ерітіндісі сіңірілген дәкемен жабады.
      8. Қышқыл электролиті теріге тиген кезде, бұл жерді дереу қатты ағып тұрған сумен, ал одан соң ас содасының ерітіндісімен (бір стақан суға бір шай қасық) шаю қажет; сілтілі электролит кезінде 5%-дық бор қышқылының ерітіндісімен (бір стақан суға 1/2 шай қасық). Көзді шаю үшін 2-3%-дық нейтралдаушы ерітінділер (бір стақан суға 1/4 шай қасық бор қышқылы).
      9. Ыстық ұрған кезде зардап шегушіні жабық үй-жайдан таза  ауаға салқын жерге шығару, киімін ағыту, тұз салынған су (суық) ішкізу, басы мен кеудесін суық сумен сулау керек. Дем алысы тоқтаған немесе ол бұзылған кезде мүсәтір спиртімен дем алғызады. Егер бұл әсер етпесе, жасанды тыныс алғызу жүргізеді, оны табиғи тыныс алуы қалпына келгенше немесе "жедел медициналық жәрдем" келгенге дейін жасайды.
      10. Үсік шалған кезде зардап шегушіні жылы үй-жайға орналастыру, ыстық шай немесе су беру, зақымдалған жерлерді сабынды жылы сумен (мүмкін кезде спиртпен немесе әтірмен) жуу керек. Едәуір ауыр үсік шалған (күлдіреу пайда болу) жағдайда зақымдалған жерлерге құрғақ қыздырғыш таңғыш таңу қажет.
      11. Газдармен уланған кезде зардап шегушіні таза ауаға немесе басқа үй-жайға шығару, форточкаларды, терезелерді, есіктерді ашу, мүсәтір спиртін иіскету керек. Тыныс алу тоқтаған немесе естен танған жағдайда жасанды тыныс алғызуға кірісу керек, оны "жедел жәрдем" келгенше немесе табиғи тыныс алуды қалпына келтіргенге дейін жасау керек. Егер тыныс алу қалпына келсе, зардап шегушіні сипап ысқылау және жылы көрпемен, пальтомен және тағы сол сияқтымен жабу керек.
      12. Антифризбен және басқа өнеркәсіптік улармен уланған кезде асқазанды жуу қажет. Қышқылдармен уланған кезде асқазан сілті қосылған немесе жай суық сумен, 2-3 стақан сұйықтықты қабылдау жолымен, артынан жасанды құстыру арқылы шайылады, ал сілтілермен уланған кезде асқазанды қышқыл қосылған сумен шаяды (жарты стақан суға 1 г лимон қышқылы немесе бір стақан суға 1 ас қасық 3%-дық сірке ерітіндісі).
      Қорғасынмен немесе оның қоспаларымен уланған кезде асқазанды глаубер тұзының 0,5-1%-дық ерітіндісімен шаю қажет.
      13. Электр тоқ соққан кезде зардап шегушіні электр желісінен (рубильникті сөндіру, электр сымын ағаш таяқпен, тақтаймен алып тастау) дереу ажыратып алған дұрыс. Бұл ретте, қажет жағдайда зардап шегушіні құлаудан (ол биікте болған кезде) сақтандыру шараларын қабылдаған дұрыс.
      Зардап шегушіні электр желісінен ажыратқаннан кейін тыныс алуының тоқталғаны байқалса, бірден жасанды дем алдыруды бастау қажет.
      Денедегі, жиірек қол мен аяқтағы электр тогі соққан жерлерді құрғақ дәке таңғышпен жабу, "жедел медициналық жәрдемді" шақыру немесе зардап шегушіні дереу емдеу мекемесіне жеткізу керек.

                                          Автомобиль көлігіндегі
                                          еңбек қауіпсіздігі және
                                          еңбекті қорғау ережесіне
                                                 16-қосымша

   Цехтық дәрі салғыштағы дәрігерге дейін көмек көрсетуге
     арналған дәрі-дәрмектер мен құралдардың жиынтығы

р/с N 

Дәрі-дәрмектер
мен құралдар

Пайдаланылуы

Саны

1

Жеке таңғыш антисеп-
тиктік пакеттер

Таңғыш таңу үшін

5 дана

2

Бинттер

-"-

5 дана

3

Мақта

-"-

50 г
5 қорап

4

Мақталы-дәкелі бинт

Сынған кезде бинттеу үшін

3 дана

5

Бұрау

Қан кетуді тоқтату үшін

1 дана

6

Таңғыш қалақтар

Сынған, шыққан кезде
аяқ-қолды бекіту үшін

3-4 дана

7

Мұз салуға арналған
резеңке қабық

Соғып алған, шыққан,
сынған кезде зақымдалған
жерді салқындату үшін

1 дана

8

Стақан

Дәрілер қабылдау, көз
бен асқазанды шаю және
ерітінділер дайындау үшін

1 дана

9

Йод тұнбасы

Жаралардың айналасындағы
талшықтарға, жарақаттан-
ғанда жағу үшін

1 дана

10

Шай қасық

Ерітінді дайындау үшін

1 дана

11

Мүсәтір спирті

Талып қалған кезде

1 құты
(50 мл)

12

Бор қышқылы

Сілтімен күйген кезде
көз бен теріні жууға,
ауызды шаюға арналған,
вольтті доғамен күйген
кезде көзге басуға
арналған ерітінді
дайындау үшін

1 п-т
(25 г)

13

Ас содасы

Қышқылмен күйген кезде
көз бен теріні жууға,
ауызды шаюға арналған
ерітінді дайындау үшін

1 п-т
(25 г)

14

Сутегі асқын тотығы-
ның 3%-дық ерітін-
дісі 

Мұрыннан кеткен қанды
тоқтату үшін

1 құты
(50 мл)

15

Валерьяна тұнбасы

Нерв жүйесін
тыныштандыру үшін

1 құты
(10 мл)

16

Валидол

Жүрек тұсы қатты
ауырған кезде

1 қыспа

17

Ащы (ағылшын) тұзы

Тамақтан және басқа-
лардан уланған кезде

50 г

      Ескерту: Ас содасы мен бор қышқылының ерітінділері
қышқылдармен және сілтілермен жұмыстар жүргізілетін жұмыс
орындары үшін ғана көзделеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады