Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігі Басқармасының 2008.10.29 N 158 Қаулысымен.
Нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы Директоратының "Мемлекеттік бағалы қағаздарға Ұлттық біріздендіру нөмірлерін беру қағидаларын бекіту туралы" 2001 жылғы 15 мамырдағы N 828 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 1569 тіркелген, 2002 жылғы тамыз айында Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы жөніндегі нормативтік актілер жинағында жарияланған, 5 том, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 2312 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 16 сәуірдегі N 114 қаулысымен , Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 3240 тіркелген, Агенттік Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 301 қаулысымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік бағалы қағаздарға Ұлттық біріздендіру нөмірлерін беру қағидаларының 1-қосымшасында:
4-тармақта:
9) тармақшада "." деген тыныс белгісі ";" деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 10), 11), 12), 13) тармақшалармен толықтырылсын:
"10) "А" символы - орналастырылуы мен өтелуі номиналдық құны бойынша жүзеге асырылатын құжатсыздандырылған купондық бағалы қағаздар, бұл ретте айналыс мерзімі ішінде индекстелген купон деп аталатын сыйақы төленеді;
11) "В" символы - орналастырылуы мен өтелуі номиналдық құны бойынша жүзеге асырылатын құжатсыздандырылған купондық бағалы қағаздар, бұл ретте айналыс мерзімі ішінде индекстелген купон деп аталатын сыйақы төленеді;
12) "С" символы - орналастырылуы мен өтелуі номиналдық құны бойынша жүзеге асырылатын құжатсыздандырылған купондық бағалы қағаздар, бұл ретте айналыс мерзімі ішінде индекстелген купон деп аталатын сыйақы төленеді;
13) "D" символы - орналастырылуы мен өтелуі номиналдық құны бойынша жүзеге асырылатын құжатсыздандырылған купондық бағалы қағаздар, бұл ретте айналыс мерзімі ішінде орналастыру кезінде айқындалатын, купон деп аталатын сыйақы төленеді.";
1-кесте мынадай редакцияда жазылсын:
"1-кесте
Мемлекеттік бағалы қағаздардың жекелеген
түрлері кодтарының кестесі
Бағалы қағаздың түрі |
Коды |
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шығарған, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қысқа мерзімді қазыналық міндеттемелері (МЕККАМ) |
1 |
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шығарған, Қазақстан Республикасының мемлекеттік орта мерзімді қазыналық міндеттемелері (МЕОКАМ) |
2 |
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шығарған, Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұзақ мерзімді қазыналық міндеттемелері (МЕУКАМ) |
D |
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шығарған, |
С |
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шығарған, |
В |
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шығарған, |
А |
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шығарған, |
3 |
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шығарған, Қазақстан Республикасының мемлекеттік орта мерзімді |
4 |
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шығарған, |
4 |
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шығарған, |
2 |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің теңгеде номинацияланған қысқа мерзімді ноттары |
1 |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шетелдік валютада номинацияланған қысқа мерзімді ноттары |
3 |
Мемлекеттік арнаулы өтем қазынашылық облигациялар (МАОКО)» |
9 |
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
3. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Токобаев Н.Т.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне жіберсін.
4. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.
Төраға