Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Мемлекеттік емес облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есепті қарау ережесін бекіту жөнінде" 2003 жылғы 27 қазандағы N 385 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2005 жылғы 19 сәуірдегі N 131 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 11 мамырда тіркелді. Тіркеу N 3635. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 шілдедегі N 269 қаулысымен.

       Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 шілдедегі N 269   қаулысымен .

      Нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келтіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Мемлекеттік емес облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есепті қарау ережесін бекіту жөнінде" 2003 жылғы 27 қазандағы N 385   қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 2591 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" N 25 ресми басылымдарында 2003 жылғы желтоқсанда жарияланған, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 2996 тіркелген Агенттік Басқармасының 2004 жылғы 12 шілдедегі N 193  қаулысымен енгізілген толықтырумен) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік емес облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есепті қарау ережесінде:

      1-тармақтың екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Облигациялар шығарылымының (облигациялық бағдарлама) проспектісі осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз тасымалдағышта (мемлекеттік және орыс тілдерінде) екі дана етіп және Acrobat Reader форматында (қоғамның қаржылық есебінсіз) электрондық тасымалдағышта бір дана етіп жасалады.";

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымының осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалған проспектісін қағаз тасымалдағышта екі дана етіп және Acrobat Reader форматында (қоғамның қаржылық есебінсіз) электрондық тасымалдағышта бір дана етіп ұсынады.";

      7-тармақтың екінші сөйлемі "және қағаз тасымалдағышта екі дана етіп және Acrobat Reader форматында (мемлекеттік және орыс тілдерінде) электрондық тасымалдағышта бір дана етіп ұсынылады." деген сөздермен толықтырылсын;

      1-қосымшада:
      мынадай мазмұндағы 12-1 тармақшамен толықтырылсын:
      "12-1. Эмитенттер кеңесі 2005 жылғы 21 ақпанда қабылдаған корпоративтік басқару кодексін эмитенттің қабылдауы туралы ақпарат.";

      29-тармақтың 1) және 2) тармақшаларындағы "атауы" деген сөзден кейін "және орналасқан жері" деген сөздермен толықтырылсын;

      5-тарауда "Қаржылық жай-күй" деген сөздер алып тасталсын;

      38-40-тармақтар алып тасталсын;

      41-тармақта:
      1) тармақшада:
      "әрбір шығарылым облигацияларының жалпы саны" деген сөздерден кейін "әрбір шығаралым бойынша орналастырылған облигациялардың саны," деген сөздермен толықтырылсын;
      "(номиналдық құны бойынша)" деген сөздерден кейін ", негізгі борыш сомасы, әрбір шығарылым бойынша есептелген және төленген сыйақы сомасы, өтелу күнін көрсете отырып сатып алынған және мерзімінен бұрын өтелген облигациялардың саны" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) құрылтайшылар төлеген акцияларының жалпы саны, түрі және номиналдық құны, сондай-ақ акцияларды орналастыру кезінде тартылған ақшаның жалпы сомасы. Соңғы күнге сатып алу бағасын көрсете отырып, сатып алынған, айналыстағы акциялардың саны. Акцияларды сатып алу әдістемесінің бекітілген күні. Акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған орган, осындай шығарылымның мемлекеттік тіркеу нөмірі және мемлекеттік тіркеу күні;";
      3) тармақша ", бағалы қағаздар бойынша есептелген, бірақ төленбеген сыйақы сомасы (жеке-жеке түрлері мен шығарылымдары бойынша);" деген сөздермен толықтырылсын;
      6) тармақша ", есептелген дивиденд сомаларын және төленген дивиденд сомаларын көрсете отырып" деген сөздермен толықтырылсын;

      44-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "4-1) инфрақұрылымдық облигацияларды шығарған кезде жалға беру шартының көшірмесі ұсынылады;";
      5) тармақшаның екінші абзацы ", тіркеушімен жасалған шарттың нөмірі және күні";
      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "6-1) егер эмитент бағалы қағаздардың ұйымдасқан нарығында облигацияларды орналастыруды және/немесе айналысқа жіберуді болжамдаған жағдайда - бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастырушының облигацияларды шығару проспектісінің осы облигацияларды бағалы қағаздар тізіміне енгізу үшін (осы облигациялар сәйкес келуі мүмкін листинг санаттарын көрсете отырып) сауда-саттықты ұйымдастырушының талаптарына сәйкестігі туралы жасалған нөмірі мен күні;".

      2. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне жіберсін.

      3. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

      Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады