Азаматтық әуе кемелерін авиациялық отынмен және арнайы сұйықтықтармен қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді сертификаттау, сертификатқа өзгерістер мен қосымшалар енгізу немесе телнұсқа алу кезіндегі ұсынысқа қосымша берілген құжаттар тізбесі мен Азаматтық әуе кемелерін авиациялық отынмен және арнайы сұйықтықтармен қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді сертификаттық тексеру бағдарламасы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2005 жылғы 14 маусымдағы N 119 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 13 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 3729. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 11 ақпандағы N 79 Бұйрығымен

      Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2010.02.11 N 79 Бұйрығымен.

      "Азаматтық авиация саласындағы қызметтерді сертификаттау ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы N 1187  қаулысына сәйкес,  БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Азаматтық әуе кемелерін авиациялық отынмен және арнайы сұйықтықтармен қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді сертификаттау, сертификатқа өзгерістер мен қосымшалар енгізу немесе телнұсқа алу кезіндегі ұсынысқа қосымша берілген құжаттар тізбесі;
      2) Азаматтық әуе кемелерін авиациялық отынмен және арнайы сұйықтықтармен қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді сертификаттық тексеру бағдарламасы бекітілсін.

      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Р.Ө.Әдімолдаға жүктелсін.

      3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енеді.

      Төраға

Қазақстан Республикасы      
Көлік және коммуникация     
министрлігі            
Азаматтық авиация         
комитеті төрағасының       
2005 жылғы 14 маусымдағы     
N 119 бұйрығымен         
бекітілген            

Азаматтық авиация әуе кемелерін авиациялық
отынмен және арнайы сұйықтықтармен қамтамасыз
ету жөніндегі қызметтерді сертификаттау кезінде,
сертификатқа өзгерістер мен (немесе) толықтырулар
енгізуге немесе телнұсқаны алуға арналған өтінімге
қоса берілетін құжаттардың тізілімдемесі

      1. Азаматтық авиация әуе кемелерін авиациялық отынмен және арнайы сұйықтықтармен қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерге Сертификат алу үшін өтінімге қоса берілетін құжаттар:      
      1) Қазақстан Республикасы сертификаттаудың мемлекеттік жүйесіне сәйкес нысан бойынша өтінім;
      2) өтінім берушінің құрылтайшылық құжаттары (заңды жеке кәсіпорын ретіндегі азаматтық авиация ұйымының жарғысының көшірмесі, немесе азаматтық авиация әуе кемелерін авиациялық отынмен қамтамасыз ету жөнінде сертификаттаудан өтетін қызмет құрамына енетін кәсіпорын жарғысынан көшірме);
      3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі, жеке тұлға үшін жеке куәлік немесе төлқұжат көшірмесі, және заңды тұлға ретінде құрылмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжат көшірмесі;
      4) жер учаскесін (телімін) пайдалану құқығының актісі;
      5) мемлекеттік санитарлық және экологиялық қадағалау органдарының қорытындылары;
      6) Қазақстан Республикасының заңнама кесімдерімен белгіленген сақтандырудың міндетті түрлерін растайтын сақтандыру полистері;
      7) метрология жөніндегі органдармен келісілген, міндетті метрологиялық тексеруге тиісті өлшеу құралдарының тізбесі;
      8) жанар-жағармай материалдары қызметі туралы ереже;
      9) авиаотынмен қамтамасыз ету бойынша ұйымдастыруға паспорт:
      ұйым олармен жұмыс істейтін, авиациялық жанар-жағармай материалдардың және арнайы сұйықтықтардың атауы;
      негізгі өндірістік орындардың тізбесі;
      авиаотынмен қамтамасыз ету жүйесінің технологиялық жабдығының тізбесі;
      авиаотынмен қамтамасыз ету жүйесінің өлшеудің технологиялық құралдарының тізілімдемесі;
      штат кестесі;
      авиаотынмен қамтамасыз ету жүйесінің басшылық және авиациялық персонал жөнінде жиынтық деректер;
      10) жанар-жағармай материалдары қызметі жұмысының технологиялық картасы;
      11) авиаотынмен қамтамасыз ету жүйесінің және бақылауды қамтамасыз ету операциясының сұлбасы;
      12) жанар-жағармай материалдары қызметінің әуежай қызметтерімен өзара іс-әрекеті;
      13) авиаотынмен қамтамасыз етудің қолданыстағы жүйесінің сипаттамасы;
      14) авиаотынцистернасынан қабылдаудан әуе кемесіне бергенге дейінгі авиаотынның сапасын бақылау сұлбасы;
      15) жанар-жағармай материалдарының сапасын қамтамасыз ету жөнінде басшылық;
      16) күзгі-қысқы және көктемгі-жазғы кезеңдерде арнайы сұйықтықтармен жұмыс істеуге рұқсат беру туралы бұйрық;
      17) арнайы машиналардың кіруіне және кетуіне басшылық ету жөніндегі жұмыстарды жеке құрамға рұқсат беру туралы бұйрық;
      18) жалпы сипаттағы авиаотынмен қамтамасыз ету жөніндегі нормативті және басшылық құжаттардың тізілімдемесі;
      19) өлшеу құралдарын мемлекеттік тексеру сызбасы;
      20) жанар-жағармай материалдары қызметі қызметкерлерінің біліктілігін жетілдіру жөнінде іс-шаралар жоспары;
      21) жанар-жағармай материалдары қызметінің құрылымы;
      22) өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулықтар тізілімдемесі;
      23) еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі жөнінде нұсқаулықтар тізілімдемесі;
      24) лауазымдық нұсқаулықтардың тізілімдемесі;
      25) жанар-жағармай материалдары қызметі зертханасының аттестациялық куәлігі;
      26) жанар-жағармай материалдары қызметі қоймасының және ысырмаларды басқарудың технологиялық сұлбасы;

      2. Азаматтық авиация әуе кемелерін авиаотынмен және арнайы сұйықтықтармен қамтамасыз ету жөнінде Сертификатқа өзгерту енгізуге өтінім беруші қоса беретін құжаттар:
      1) қажет негіздемелермен еркін нысандағы өтінім;
      2) бұрын берілген сертификаттың тұпнұсқасы.

      3. Сертификаттың телнұсқасын алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға ерікті нысандағы өтініш беріп алады.

      4. Осы Тізбенің 1 тармағының 2) 3) 4) 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттар нотариалды расталған көшірмелер түрінде ұсынылады.
      Осы Тізбенің 1 тармағының 6) тармақшасынан 26) тармақшасына дейін көрсетілген құжаттар бірінші басшы растаған және өтінім берушінің мөрі қойылған көшірмелер түрінде ұсынылады.

      5. Өтінімді ұсынуда ұсынылатын құжаттары қарау және пайдалану үшін кез келген қолайлы дәйектілікте жиынтықталады. Бұнда бірінші бетте беттері көрсетіле отырып, ұсынылатын құжаттарының тізілімдемесі көрсетіледі.
      Ұсынылатын құжаттарының құрамына енетін барлық материалдар екі данада ресімделеді (уәкілетті орган және өтінім беруші үшін бір данадан).
      Кірленген, түзетулер енгізілген, қол және мөр қойылмаған құжаттар қарауға қабылданбайды.

                                       Қазақстан Республикасы
                                       Көлік және коммуникация
                                             министрлігі
                                          Азаматтық авиация
                                         комитеті төрағасының
                                      2005 жылғы 14 маусымдағы
                                           N 119 бұйрығымен
                                               бекітілген

     Азаматтық әуе кемелерін авиациялық отынмен және арнайы
        сұйықтықпен қамтамасыз ету бойынша қызметтерді
              сертификаттық тексеру бағдарламасы

Әуежайды пайдаланушының атауы: _________________________________
Тексерілген күні, бұйрықтың N-і: _______________________________
Тексерушілердің Т.А.Ә.А., лауазымы: ____________________________

р/с
N-і

Тексерілетін элемент

Сәйкестік (+)
Сәйкес-
сіздік (-)

Түсі-
нік-
теме

1

2

3

4


1-тарау. Жалпы бөлім



1.

Дәлелдеу құжаттамасының бар болуы



1)

Акционерлік қоғамның жарғысы



2)

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу
туралы куәлік



3)

Жер учаскесін (телімін)  пайдалану құқығының актісі



4)

Санитарлық қадағалау
органдарының қорытындысы



5)

Экологиялық қадағалау
органдарының қорытындысы



6)

Сақтандырудың міндетті түрлерін
растайтын сақтандыру полистері



7)

Жанар-жағармай материалдары қызметі туралы ереже



8)

Авиаотынмен қамтамасыз етудегі  операциялар



9)

Жанар-жағармай материалдары
қызметінің әуежай қызметтерімен өзара іс-әрекет сызбасы



10)

Авиаотынмен қамтамасыз етудің қолданыстағы жүйесінің сипаттамасы



11)

Авиаотынцистернасынан қабылдаудан әуе кемесіне бергенге дейінгі авиаотынның сапасын бақылау сызбасы



12)

Жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жөнінде басшылық



13)

Авиаотынмен қамтамасыз ету жүйесінің бақыланатын операцияларының технологиялық картасы



14)

Арнайы сұйықтықтармен жұмыс істеуге рұқсат беру туралы бұйрық (күзгі-қысқы және көктемгі-жазғы мерзімде)



15)

Арнайы машиналардың кіруіне және кетуіне басшылық ету жөніндегі жұмыстарға рұқсат беру туралы бұйрық



16)

Жалпы сипаттағы авиаотынмен қамтамасыз ету жөніндегі нормативті және басқару құжаттамаларының тізілімдемесі



17)

Өлшеу құралдарын мемлекеттік тексеру сызбасы



18)

Жанар-жағармай материалдары
қызметі қызметкерлерінің біліктілігін жетілдіру жөнінде іс-шаралар жоспары



19)

Жанар-жағармай материалдары
қызметінің құрылымы



20)

Өрт қауіпсіздігі шаралары туралы  нұсқаулықтардың тізілімдемесі



21)

Лауазымдық нұсқаулықтардың тізілімдемесі



22)

Еңбекті қорғау ж/е қауіпсіздік техникасы жөніндегі
нұсқаулықтардың тізілімдемесі



23)

Зертхана жөніндегі
аттестациялық куәлік



24)

Қойманы және ысырмаларды
басқарудың технологиялық сызбасы



2.

Өндірісті ұйымдастыру және
басқару



1)

Лауазымды тұлғалар арасында міндеттерді, өкілеттікті және жауапкершілікті бөлу сәйкестігі



2)

Жанар-жағармай материалдары
қызметі штатының толықтырылуы



3)

Мамандардың біліктілігін жетілдіру



4)

Басқару, нормативті-техникалық және технологиялық құжаттамалармен жабдықталуы



5)

Технологиялық жабдықтармен жабдықталуы



6)

Персоналдың міндеттерін және жауапкершіліктерін белгілеу және сәйкестендіру



7)

Персоналға міндетін атқаруына рұқсат беру




2-тарау .Жанар-жағармай
материалдары және арнайы сұйықтықтарының сапасын бақылау



3.

Кіріс бақылауы



1)

Көлік құралдарының және олардағы өнімдердің ілеспе құжаттармен сәйкестігін белгілеу



2)

Келіп түскен авиа жанар-жағармай
материалдары және арнайы
сұйықтықтардың тазалығын бағалау



3)

Авиа жанар-жағармай материалдары
және арнайы сұйықтықтардың салмақтық тығыздығын талдау



4)

Кіріс бақылауының (журналының) нәтижесі бойынша құжаттамаларды жүргізу



4.

Қабылдау бақылау



1)

Авиа жанар-жағармай материалдары және арнайы сұйықтықтарын қабылдау бақылауын жүргізудің толықтығы



2)

Өнімді талдау нәтижелерін және оның паспорттық мәліметтерге және МЕМСТ-ке сәйкестігін тексеру



3)

Жарамдылық талдауын ресімдеу



5.

Қойма бақылауы



1)

Бақылаудың мерзімділігін сақтау



2)

МЕМСТ талаптарына сәйкестігін талдау және растау



6.

Әуеайлақтық бақылау



1)

Авиа жанар-жағармай материалдары талдауларын тексеру сәйкестігі



2)

Шығыс резервуарындағы, тазалау құралдарындағы және құю орнындағы өнімнің тазалығы 



3)

Сұйықтық құжаттамаларын ресімдеу



4)

Пробаларды іріктеу және оларды  тасымалдау




3-тарау. Авиациялық жанар-жағармай
материалдары мен арнайы сұйықтықтарды құюға беруге дайындау



7.

Қоймаға қабылдауда талаптарды
сақтау



1)

Технологиялық жабдықтардың  бұзылмағандығын тексеру. Регламенттік жұмыстардың орындалуы



2)

Тауарасты судың болуын анықтау



3)

Резервуардағы жанар-жағармай
материалдары және арнайы сұйықтық қалдығының тазалығын, олардың сапасын және маркасын бақылау



4)

Резервуардағы қалдықты тексеру 



5)

Темір жол эстакадаларының жай-күйі



6)

Темір жол цистерналарына төмен және жоғары құюға арналған қондырғы



7)

Жерге орнату тросы және өтпелі көпірлердің жай-күйі



8)

Паспорттың бар болуы және олардың МЕМСТ талаптарына сәйкестігі



9)

Нүктелік пробаларды іріктеу



10)

Құю аяқталғаннан кейін (30 минуттан соң) қабылдау бақылау үшін донналық және нүктелік пробаларды іріктеу 



11)

Ыдысқа өнім түсуін бақылау (дайындаушы паспорты, ыдыстағы белгі және ыдыстың бүтіндігі) 



8.

Сақтау және қойма ішілік қайта құюлар



1)

Сақтау мерзімін сақтау



2)

Қайта құю басталғанға дейін талдау жүргізу (тығыздық талдауы, тазалық деңгейін тексеру, қайта құю желілеріндегі тазалау құралдарынан қалдықты құю)



3)

Тазалау құралдарындағы қысым ауысуын бақылау



4)

Резервуарлық журналды жүргізу




4-тарау. Авиациялық жанар-жағармай материалдары әуе кемесіне құюға беру



9.

Өнімнің жарамдылығын тексеру және құюға беру, өнімнің тазалық деңгейін тексеру үшін пробалар мерзімін сақтау және іріктеу орындары 



10.

Нысанды және резервуарлық журналға немесе бақылау талонына жазуды енгізуді сақтау (орталық жанар-жағармай құю стансасы, жанар-жағармай құю агрегаты немесе құю колонкалары болғанда)



11.

Құю құралдарынан тазалық деңгейін, тазалау және құю пункттеріндегі су бөлуді, (ауысымда 1 реттен кем емес), сондай-ақ отынмен жабдықтау, май құю және құю агрегатын тазалау құралдарын тексеру мерзімдерін сақтау



12.

Қысым ауысу бойынша құю пункттеріндегі субөлу құралдарының және сүзудің жұмыс қабілеттін бағалау (ауысымда 1 рет) және қысым ауысуын өлшеу журналын толтыру 



13.

Авиаотынның құрамында кристалға қарсы сұйықтықтың бар болуын тексеру үшін пробаларды іріктеу (ауысымда 1 реттен кем емес)



14.

Құюдың жылжымалы құралдарын және технологиялық жабдықтың ауысым басталар алдындағы жай-күйін тексеру (арнайы техника қызметінің және жанар-жағармай материалдары өкілдерінің қатысуымен). Әуе кемесіне отын құюға рұқсат беру жөніндегі журналды жүргізу



15.

Бақылау талонының бар болуы және дұрыс ресімделуі



16.

Ұшу алаңындағы құю және гидрантты колонкаларда және құю құралдарындағы өнімнің тазалығын тексеру



17.

Зауыттық ораудағы жанар-жағармай
материалдары және арнайы сұйықтықтарды беруде талаптарды сақтау. Осындай ЖЖМ шығындауда сапаны бақылау



18.

Отынды бақылау индикаторының көмегімен механикалық қосындылардың және судың бар болуын тексеру 




5-тарау. Жанар-жағармай
материалдарының зертханасы



19.

Мемстандарт органының
аттестациялық куәлігінің бар
болуы



20.

Жанар-жағармай материалдары және арнайы сұйықтықты толық көлемді талап етілетін талдау өткізу үшін жабдықтың және аспаптың бар болуы 



21.

Аспапты және жабдықты дайындаушы зауыттың техникалық құжаттамасының бар болуы 



22.

Зертхана өлшеу құралдарының тізілімдемесі және мемлекеттік тексеру мерзімін сақтау 



23.

Жабдықты жерге орнату контурлары және жерге орналастырылатын элементтер мен жерге орналастырғыштардың кедергісін өлшеу арасында шынжырдың бар болуын тексеру хаттамасы



24.

Құжаттамаларды жүргізу (журналдар, кесімдер, талдаулар)



25.

Сору желдеткішінің бар болуы және тиімді жұмыс істеуі



26.

Таразылар және таразы бөлмесі



27.

Газ желісі және газ баллонының орналасу орны




6-тарау. Қоймадағы авиациялық жанар-жағармай
материалдары мен арнайы сұйықтық мөлшерін және сапасын сақтауды қамтамасыз ету 



28.

Коммуникацияның, сыйымдылықтың және ыдыстың герметикалығының сақталмауынан қоймадағы
жанар-жағармай материалдары және арнайы сұйықтық сапасының өзгеруіне, жанар-жағармай
материалдары басқа түрлерімен
араласуына, сулануына жол бермеу



29.

Авиаотынды қабылдау және сақтау жөнінде сыйымдылықтың және басқа жабдықтың қажет болғанда  аузын қаптамамен жабу



30.

Қабылдау құбырының төменгі нүктесіндегі қалдықты ағызу  кранының бар болуы



31.

Ағызу магистралында сорғы агрегаттарының сору желілерінде қорғаныс торлы сүзгінің бар
болуы



32.

Алдын ала сүзу пунктінде жабдықтаудың бар болуы және құрамына сәйкестігі



33.

Резервуарларда демалу клапандарының, тауар асты  суларды және қалдық ағындыларын жоюға, пробаларды іріктеуге  арналған қондырғының бар болуы 



34.

Резервуардың ішкі тоттануға қарсы жарамды жамылғысының бар болуы



35.

Резервуарда екіқұбырлы байлаудың бар болуы 



36.

Авиакеросинді сақтауға арналған тазалау сыйымдылықтарының (резервуарлардың) бар болуы



37.

Сыйымдылықты тазалау сызбасы (кристалға қарсы сұйықтықты және авиациялық майларды сақтауға арналған)



38.

Отын құю немесе орталық құю стансасына авиаотынды беруге сүзу пункті жабдығының бар болуы және сәйкестігі 



39.

Сүзу пунктінде қалдықты құюға арналған коллектордың, ал тазалау және субөлу құралдарында манометрдің бар болуы



40.

Отынқұйғыштар сүзгілерінің сүзу элементтерімен қамтамасыз етілуі



41.

Өтпелі құю агрегаттарының сүзгі-субөлу жабдықтары 



42.

Авиаотынға беру желілерінде кристалға қарсы сұйықтықтардың бар болуы 



43.

Отынмен жабдықтау, май құю сыйымдылықтарын тазалау сызбасының бар болуы және орындалуы



44.

Ыдыстарды сақтайтын орын немесе жанар-жағармай
материалдары және арнайы сұйықтықты сақтауға арналған алаңдар



45.

Мұнайаулағыштар, жанар-жағармай
материалдары жинауға арналған қалдықтарды және сыйымдылықтарды  тазалау сүзгісі 



46.

Өңделген мұнай өнімдерін  жинау




7-тарау. Авиаотынмен қамтамасыз ету қоймаларын және басқа объектілерін техникалық пайдалану



47.

Сорғы станциясы



1)

Авиаотынмен қамтамасыз ету жүйесінің сорғыларын құбырлармен және резервуарлармен байлау сызбасы



2)

Электр бөлігінің сызбасы



3)

Агрегаттарды пайдалану жөнінде нұсқаулықтар 



4)

Ысырмаларды және сорғы станцияларын басқару сұлбасының бар болуы



5)

Жерге орнату контуры сызбасы бар болуы



6)

Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау жөніндегі  нұсқаулық



48.

Құбырлар 



1)

Кәсіпорын басшысы бекіткен  технологиялық сызба



2)

Құбырларға және резервуарларға градуиродты кесте



3)

Құбырларды пайдалану жөнінде нұсқаулықтар 



4)

Жерасты құбырларының катодты қорғанысы (қорғалатын құбырда әлеуетті тексеру өткізу - жылына 4 рет)



5)

Құбырлардың жерасты жолдарын белгілеу



6)

Құбырды бояу және белгілеу



49.

Резервуарлар және резервуарлық парк



1)

Вертикалды және көлденең резервуарларға арналған жабдық  жиынтығының толықтығы



2)

Резервуар паспортының, градуиродты кестенің, найзағайдан қорғау сұлбасының бар болуы



3)

Пайдаланатын резервуарлардың тоттануға қарсы жамылғысының бар болуы



4)

Найзағайдан қорғау тексеру актісінің бар болуы



5)

Резервуарларды пайдалану (техқызмет көрсету, дефектоскопия)



6)

Резервуарлар немесе резервуар топтарының құлау жай-күйі



7)

Резервуарлық паркті тазалау (тазалау кестесі - авиаотын үшін жылына 2 рет, авиациялық майлар үшін - жылына 1 рет, кристалға қарсы сұйықтық - жылына 2 рет, отынмен жабдықтау, май құю - жылына 1 рет)



8)

Жанар-жағармай материалдары қоймасының аумағын шөптен тазарту



50.

Құю пункттері



1)

Төмен құю аспабының бар болуы



2)

Жіберілген отын мөлшерін есепке алу



3)

Кристалға қарсы сұйықтықтың қажетті мөлшерін қосу



4)

Статистикалық электрлендірудің зарядтарын нейтралдау



5)

Жабдықты гидравликалық соққыдан қорғау



6)

Дистанциялық немесе автоматты жіберу, сорғыны тоқтату



7)

Берілген деңгейге дейін отынмен жабдықтау сыйымдылығы толғаннан кейін отынды жіберуді автоматты тоқтату



8)

Қалдықты құюда отынды жинау және пайдаға асыру



9)

Төгілген отынды шаю және жинау



10)

Авиаотын шығысын және қысымын бақылау



11)

Сүзу және субөлу



12)

Құю пункті объектілерінің жай-күйі



13)

құю пунктінде орнату алдында
пайдалану процесінде
гидравликалық сынау



14)

Сынау нәтижелері бойынша  құжаттарды ресімдеу (акт)



15)

Стренг тұтастығын тексеру



16)

Сынау нәтижелері бойынша  құжаттарды ресімдеу




8-тарау. Қойманың технологиялық жабдығын бояу және белгілеу



51.

Авиаотын, авиабензин, авиамай және өртке қарсы құралдарды бояудың тану белгілерін сақтау



52.

Құбырды бояу және авиаотын қозғалысының бағытын белгілеу (сызумен немесе қалқанда) 



53.

Резервуарларда жазудың бар болуы (өрт қауіпті, сақталатын мұнай өнімінің маркасы және резервуар нөмірі)



54.

Тығындау арматурасының бояуы және оның белгісі



55.

Құюдың көлік құралдарын бояу




9-тарау. Құюдың жылжымалы құралдары



56.

Тарату шлангыларын гидравликалық сынау (акт)



57.

Тарату шланг стренгінің тұтастығын тексеру



58.

Жерге орнатудың электр тростарының бүтіндігі және бар болуы, әлеуетті теңестіру



59.

Құю құралдарындағы сүзгі элементтерін ауыстыру



60.

Отынмен жабдықтау, май құю сыйымдылықтарын тазалау



61.

Құюдың өтпелі құралдарында  мерзімді жұмыстарды орындау журналы



62.

Өлшеу құралдарын мемлекеттік тексеру




10-тарау. Жанар-жағармай
материалдары қызметін
метрологиялық қамтамасыз ету



63.

Қолданылатын өлшеу құралдары номенклатурасының бар болуы және оларды есепке алу



64.

Метрологиялық қамтамасыз етуге жауапты тұлғаны тағайындау туралы бұйрық



65.

Мемтексеруге тиісті өлшеу құралдарының тізілімдемесі 



66.

Өлшеу құралдарын тексеру кестесі



67.

Резервуардағы өнім көлемін анықтау үшін 1 см интервалмен градуиродты кесте



68.

Базалық биіктікті өлшеу актілері



69.

1 мм биіктік толуда сыйымдылық толуының орташа кестесі




11-тарау. Статистикалық электрден қорғану



70.

Ғимаратты, технологиялық жабдықты, құбырды, металл конструкцияларын және резервуарларды жерге орнату контурының бар болуы және оларды қосу (екі жерден кем емес)



71.

Отынмен жабдықтау мен әуе кемесі арасында электрлік әлеуетті  теңестіру



72.

Авиаотынды қайта құю желілерінде статистикалық электрлік индукциялық нейтрализаторлардың бар болуы




12-тарау. Техника қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі



73.

Кіріспе, алғашқы, қайталама, жоспардан тыс, ағымды  нұсқаулықтарды өткізу



74.

Нұсқаулықтарды өткізуді есепке алу журналын жүргізу



75.

Құю-ағызу эстакадаларында өтпелі мостиктарды орнатуда техника қауіпсіздігі талаптарын сақтау



76.

Вертикалды төбелерде қорғаныс қоршауларын орнату



77.

Жұмыс орындарында еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі жөнінде нұсқаулықтардың бар болуы



78.

Қойма аумағында жұмыс істейтін көлік құралдарында ұшқындарды  сөндіргіштердің бар болуы



79.

Жанар-жағармай материалдары
қызметі объектілерінде алғашқы өрт сөндіру құралдарының бар болуы және жарамдылығы
Өрт сөндіру құралдарын орналастыру
сұлбасы және олардың жиынтығы



80.

Жанар-жағармай материалдары
сақтау вертикалды резервуарларында өрт сөндірудің стационарлы құралдарының бар болуы (су резервуарлары,  көбікті резервуарлар, стационарлы көбікгенераторлары, гермохабарлау датчиктері)



81.

Жанар-жағармай материалдары
зертханасы ағынды-сору
желдеткішінің жарамдығы



82.

Жанар-жағармай материалдары
зертханасының едені жанбайтын, сұйықтықты жұтып алмайтын материалдан жасалуы 



83.

Электр күшінің және жарық желілерінің, электр шамдарының жарылу қауіпсіз орындалуы 




13-тарау. Найзағайдан қорғану



84.

Резервуарлық парктерде, ашық түсті мұнай өнімдеріне арналған қойма орындарының эстакадасында, сорғы станциясында және ЖЖМ зертханасында найзағайдан қорғанудың бар болуы



85.

Найзағайдан қорғанудың барлық
кедергісін тексеру және өлшеу




14-тарау. ЖЖМ қызметінің негізгі мамандары мен қызметкерлері



86.

Жанар-жағармай материалдары
қызметінің бастығы



87.

Жанар-жағармай материалдары
жөніндегі инженер



88.

Жанар-жағармай материалдары
қоймасының бастығы



89.

Зертхана басшысы
Техника лаборант



90.

Жанар-жағармай материалдары
жөніндегі авиациялық техник



91.

Құю станцияларының операторы



92.

Жабдық машинисі



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады