Табиғи монополиялар субъектілері қызметінің техникалық сараптамасына қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 14 шілдедегі N 216-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 2 тамызда тіркелді. Тіркеу N 3762. Күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 7 сәуірдегі N 98-НҚ бұйрығымен.

       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 7 сәуірдегі N 98-НҚ бұйрығымен (2006 жылғы 21 сәуірде N 71-72(878) "Заң газеті" газетінде жарияланған.

--------------Бұйрықтан үзінді--------------------

      "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 14 қаңтардағы Заңының 1-бабы 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      ...
      2) "Табиғи монополиялар субъектілері қызметінің техникалық сараптамасына қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 14 шілдедегі N 216-НҚ бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу  тізілімде N 3762 нөмірмен тіркелген, 2005 жылғы 20 тамызда N 34 (243) "Ресми газет" газетінде жарияланған)...
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Төраға
----------------------------------  

      "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  7-бабының 14) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1109 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің   18-тармағының  1)тармақшасына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Табиғи монополиялар субъектілері қызметінің техникалық сараптамасына қойылатын талаптар туралы нұсқаулық бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Электр және жылу энергетикасы саласындағы реттеу мен бақылау департаменті (А.В. Шкарупа) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.О.Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
      1) оны заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының, облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) атқарушы органдарының назарына жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Н.Ш. Алдабергеновке жүктелсін.

      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға

Қазақстан Республикасы     
Табиғи монополияларды      
реттеу агенттігі төрағасының  
2005 жылғы 14 шілдедегі     
N 216-НҚ бұйрығымен      
бекітілген           

Табиғи монополиялар субъектілері қызметінің техникалық
сараптамасына қойылатын талаптар туралы нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

      1. Табиғи монополиялар субъектілері қызметінің техникалық сараптамасына қойылатын талаптар туралы нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.

      2. Осы Нұсқаулық табиғи монополиялар субъектілері қызметінің техникалық сараптамасына (бұдан әрі - техникалық сараптама) қойылатын талаптарды белгілейді.

      3. Техникалық сараптаманы табиғи монополия субъектісінің (бұдан әрі - Субъект) бастамашылығы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен анықталған сарапшы:
      уәкілетті орган Субъектінің инвестициялық бағдарламаларын (жобаларын) келіскен кезде;
      Субъектінің бастамашылығы бойынша соңғы техникалық сараптаманы жүргізу сәтінен бастап 5 жылға тең кезеңнің мерзімі өткен кезде жүргізеді.

      4. Осы нұсқаулықта мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      техникалық сараптама жүргізу жөніндегі сарапшы (бұдан әрі - сарапшы) - техникалық сараптама жүргізу жөніндегі қызметтер көрсететін жеке немесе заңды тұлға;
      техникалық сараптама - қолданысқа енгiзiлген активтердiң техникалық жай-күйiн (техникалық сипаттамаларын) және активтердi жұмыс iстеуiн қалпында ұстауды қамтамасыз ететiн жұмыстарды жүргiзу қажеттiгiн, өндiрiс технологиясының, материалдық, еңбек шығындарының белгiленген нормаларға сәйкестiгiн қоса алғанда, технологиялық процестiң тиiмділігiн талдау, инвестициялық бағдарламаларды және (немесе) инвестициялық жобаларды жүзеге асыру қажеттiгiн, ұсынылатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) түрлерi бойынша негiзгi құралдарды iске қосудың деңгейiн және олардың дұрыс бөлiнуiн талдау;
      Осы Нұсқаулықта пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.

      5. Техникалық сарапта жүргізудің негізгі қағидаттары:
      1) сарапшының өзінің кәсіптік қызметін жүзеге асырған кезде тәуелсіздігі;
      2) сараптама объектілері зерттеулерінің ғылыми көзқарасы, толықтығы, жан-жақтылығы мен объективтілігі, сараптама нәтижелерінің негізділігін қамтамасыз ету;
      3) сараптама жүргізетін тұлғалардың құзыреттілігі мен жоғары кәсіптік деңгейі болып табылады.

      6. Субъектілердің арасында техникалық сараптама жүргізу үшін оның бастамашылығы бойынша техникалық сараптама жүргізіледі және сарапшы техникалық сараптама жүргізудің мәнін, объектісі мен шарттарын, тараптардың құқықтары мен міндеттерін, техникалық сараптама жүргізудің мерзімдерін, есепте көрсетілген деректердің растылығын, сондай-ақ міндеттемелерді орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікті, Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының бұзылуын, Субъектінің техникалық сараптамаға жатқызылған қызметінің ерекшелігінен шығатын басқа да елеулі талаптарды айқындайтын шарт жасайды.

      7. Егер сарапшыға қосымша ақпарат қажет болған жағдайда, соңғысы оны Субъектіден және (немесе) уәкілетті органнан сұрата алады.

  2. Техникалық сараптамаға қойылатын талаптар

      8. Субъекті қызметінің техникалық сараптамасы мыналарды:
      1) негізгі құралдардың техникалық жай-күйiн және техникалық сипаттамаларының талдауын, оның ішінде:
      жабдықтың сараптама жүргізу күніне тозу дәрежесінің;
      негізгі құралдарды (болған және мүмкін болатын) осы салада Субъекті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қабылдаған сыныптау топтары бойынша пайдалану мерзімдерінің;
      жабдықтың жобалық және технологиялық қуатының;
      реттеліп көрсетілетін қызметтердің есептеу (коммерциялық) құралдарының болуының бағасын қамтиды.
      Техникалық жағдайды талдау негізінде ағымдағы, орташа және күрделі жөндеулерді жүргізудің (негізгі құралдардың көбейтілетін және көбейтілмейтін құны), негізгі құралдарды реттеліп көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша ауыстырудың, қайта құрудың және жаңғыртудың қажеттілігі туралы қорытынды беріледі. Бұл ретте:
      Субъекті белгілеген жөндеулердің барлық түрлері мерзімділігінің нұсқаулықтардың, ережелердің және жабдықтың белгілі бір түріне жөндеу жүргізуге арналған нормативтік техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкестігінің;
      іс жүзіндегі жағдай мен талаптарды ескере отырып, Субъект жабдықтың, ғимараттар мен құрылыстардың жөнділігі мен жұмыс қабілеттілігін қолдау мақсатында айқындаған реттеліп көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша негізгі құралдарға техникалық қызмет көрсету мен жөндеулер көлемдерінің негізділігінің;
      Субъектінің негізгі құралына, ғимараттары мен құрылыстарына, Субъекті бекіткен қосымша жабдықтарына жүргізілетін жөндеудің барлық түрлеріне арналған келешек және жылдық (айлық) кестелері болуының қорытындысы берілуге тиіс.
      Сарапшы техникалық сараптамаға жатқызылған кезең үшін және оны жүргізу сәтіне негізгі құралдардың қолданысқа енгізілу деңгейін бағалайды, сондай-ақ тиісті көрсеткіштердің деңгейін - жабдықтың жиынтықты белгіленген қуатын, қуаттың коэффициентін, нақты тозу коэффициентін, саланың ерекшелігін ескере отырып, жүктелім және (немесе) басқа да көрсеткіштер кестесін толтыру коэффициентін, пайда ставкасының есебінде қабылданған Субъекті активтері қолданыстылығының коэффициенттерін бағалайды.
      Реттеліп көрсетілетін және тұтастай алғанда реттеліп көрсетілмейтін қызметтердің әрбір түрлері бойынша қолданысқа енгізілген активтерді бөлудің Қазақстан Республикасының заңнамасына белгіленген талаптарға сәйкес келуінің бағасы берілуге тиіс. Егер сарапшының осы мәселе бойынша қорытындысында Субъектінің қызметін реттеліп көрсетілетін түрлері мен тұтастай алғанда реттеліп көрсетілмейтін түрлері бойынша бөлу схемасымен алшақтықтар болған жағдайда, сарапшы негізгі құралдардың ұсынып отырған бөлуін негіздейді.
      Сарапшы жүргізілген тексерудің нәтижелері бойынша негізгі құралдарды пайдалануды, негізгі құралдарды пайдалануға байланысты пайдалану және басқа да шығындарды оңтайландыру жөнінде ұсыныс ұсынады;
      2) шикізат пен материалдар шығысын, оның ішінде шикізат (отын, энергия және басқа) және материалдар шығысының құзыретті орган бекіткен нормаларының бағасын. Шикізат пен материалдар шығысының нақты көлемі нормативтерден асып кеткені анықталған жағдайда, асып кету мөлшері мен оның туындаған себептері ашылуға тиіс. Сарапшы бағалаудың нәтижелері бойынша шикізат пен материалдар шығысын оңтайландыру жөнінде ұсыныс ұсынады. Сонымен қатар, сарапшы тауар-материалдық құндылықтардың (ТМҚ) авариялық (азайтылмайтын) қорына тексеру жүргізеді. Бұл ретте, сарапшы Субъектінің іркіліксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін көлемдерде ТМҚ "жиып қою" қажеттілігін және қоймадағы ТМҚ-дың нақты көлемдерінің қажетті көлемдерге сәйкестігін бағалайды;
      3) еңбек шығынын және Субъекті персоналының санын, еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау жөніндегі нормативтік талаптарының сақталуын анықтау бағасын.
      Сарапшы персоналдың еңбек жөнінде уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен нормативтік санының, оның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген және келісілген еңбек жөніндегі үлгі нормативтеріне сәйкестігінің бағасын береді, сондай-ақ іс жүзіндегі және нормативтік санның арасына салыстыру жүргізеді. Іс жүзіндегі санның нормативтерден асып кеткені анықталған жағдайда, асып кетудің мөлшері мен оның туындаған себебін ашу қажет. Сарапшы Субъекті персоналының санын Субъектінің қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) қалыптастырған кезде ескерілетін және ескерілмейтін персонал санына, оның ішінде қызметтердің реттеліп көрсетілетін түрлерін көрсетумен айналысатын персонал санына бөлудің негізділігін анықтайды.
      Еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау жөніндегі нормативтік талаптарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақталуының талдауы:
      өндірістік процестің еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нормативтік техникалық құжаттаманың жағдайларында еңбек қауіпсіздігінің талаптарына сәйкестігі;
      өндірістің талаптарын, ұйымдастыру, техникалық, санитарлық-гигиеналық, биологиялық және өзге нормаларды, қызметкерлердің еңбек қызметінің процесінде олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ережелерді, рәсімдер мен өлшемдерді қамтамасыз ету көзқарасының тұрғысында өндірістік және еңбек процесін сипаттайтын сапалық және сандық көрсеткіштердің бағасын;
      4) нормативтік және коммерциялық ысыраптардың, оның ішінде құзыретті орган бекіткен нормативтік ысыраптардың деңгейін бағасын, коммерциялық ысыраптардың әрбір түрі бойынша олардың деңгейі мен пайда болу себептерін анықтамасын.
      Егер Субъект электр энергетикасы саласында қызметтер көрсетсе, сарапшы кернеудің әртүрлі сыныптарындағы электр желілері жұмысының схемалары мен режимдерінің ерекшеліктеріне сәйкес тұтастай алғанда Субъектінің желілері не оның элементтері бойынша құзыретті орган бекіткен нормативтік ысыраптарға, оның ішінде кернеудің жоғары (220, 110, 35 кВ) және төмен (10,6-0,4 кВ) топтары бойынша, кернеудің жоғарыда көрсетілген топтары бойынша олардың көлемін көрсете отырып, нормативтік ысыраптарға баға береді; ішетін судың (будың және конденсаттың) іс жүзіндегі шығысына және оның құзыретті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекіткен бу мен конденсат ысыраптарының нормаларына сәйкес келуіне талдау жүргізу.
      Сарапшы жүргізілген тексерулердің нәтижелері бойынша нормативтік және коммерциялық ысыраптардың деңгейін төмендету жөнінде ұсыныс ұсынады;
      5) инвестициялық қызметтің бағасын.
      Сарапшы заңнамада белгіленген тәртіппен келісілген және бекітілген инвестициялық бағдарламалардың (жобалардың) іске асырылуына:
      әрбір уақытша аралығында (жарты жылдықта) Субъекті көрсететін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) іс жүзіндегі қол жеткізілген көлемдерін инвестициялық бағдарламамен (жобамен) белгіленген көрсеткіштермен салыстырмасының;
      инвестициялардың салымдарын инвестициялық бағдарламада (жобада) көзделген мақсаттарға бағыттау сәйкестігінің бөлігінде талдау жүргізеді.
      Сарапшы инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асырған кезде:
      Субъектінің қолданыстағы негізгі құралдардың таратылуының қолда бар деңгейінің өсуі не сақталуы;
      нормативтік және (немесе) нормативтен тыс ысыраптардың (өзгерістің серпінін көрсету) төмендеуі;
      ұсынылатын қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көлемінің және сапасының артуы қалай жүзеге асырылатына тексеріс жүргізеді.
      Сарапшы түзету қажеттілігінің объективтік себептері пайда болған кезде инвестициялық бағдарламаны (жобаны) түзету негізділігінің бағасын береді.
      Сарапшы есептеу құралдарын сатып алу мен орнату (құралдардың саны, үлгісі мен сипаттамасы) қажеттілігін, есептеу құралдарын орнатуға бағытталған инвестициялардың көлемін бағалайды.
      Егер Субъект электр және (немесе) жылу энергиясын беру жөніндегі қызметтер көрсетсе, сарапшы Субъекті жүргізетін энергия үнемдеуді ынталандыратын іс-шараларға талдау жүргізеді және энергия үнемдеу саласында саясатты іске асыру, оның ішінде энергияны өндіру және тұтыну режимдерін оңтайландыру, оған есептеу мен бақылауды ұйымдастыру, отын-энергетикалық ресурстарды тасымалдаған және пайдаланған кезде олардың ысыраптарын қысқарту, босатылатын және тұтынылатын электр энергиясын есептеу бөлігінде нақтылықты, растылық пен өлшем бірлігін қамтамасыз ету мақсатында инвестициялар салымдарының қажеттілігін бағалау.
      Бұдан басқа, сарапшы Субъекттің даму жоспарларының болуын тексереді. Субъект электр энергиясын беру және (немесе) бөлу жөніндегі қызметтер көрсетсе, сарапшы қолда бар желінің нақты схемасымен ұлттық немесе өңірлік электр желісінің жылдық жоспарларының болуын тексереді. Бұл ретте, электр желісінің жылдық даму жоспарында мынадай өзекті мәселелер:
      оның топологиясы, жүктелімі, кернеуді реттеу, шектеулер көзқарасының тұрғысынан қолда бар электр желісінің талдау;
      электр желісіндегі электр энергиясы ысыраптарының төмендеуіне бағытталған іс-шаралар;
      электр желісі жұмысының тұрақтылығы мен сенімділігін, сондай-ақ электр желісі жұмысының ең төменгі үнемділігін қамтамасыз ету үшін қажетті капитал салымдарының бағасы көрініс табуға тиіс.
      6) тиісті мемлекеттік органдардың нұсқамаларын орындау, оның ішінде орындалған нұсқамалардың шығындары сметаларының болуы туралы ақпаратты;
      7) заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген қолданыстағы тарифтерде (бағаларда, алым ставкаларында) және (немесе) тарифтік сметада көзделген есептеу құралдарын тексеру және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі іс-шараларды іске асырудың талдауын;
      8) көрсетілетін қызметтер көлемдерінің, оның ішінде олардың сапасының бағасын қамтиды.
      Егер Субъект жылу энергиясын беру және (немесе) бөлу жөніндегі қызметтер көрсетсе, босатылатын жылу энергиясы температурасының құзыретті орган белгілеген нормативтік техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкес Субъект жасаған температура кестесіне сәйкес келу мәніне тексеру жүргізу қажет.
      Егер Субъект су шаруашылығы және кәріз жүйелерінің, газды немесе газ конденсатын сақтау, магистральдық және (немесе) бөлуші труба құбырлары арқылы тасымалдау, газ бөлуші қондырғыларды және олармен байланысты газ бөлуші газ құбырларын пайдалану жөніндегі қызметтерді көрсетсе, тұтынушылар топтарының бөлінісінде көрсетілген қызметтердің іс жүзіндегі көлемдеріне талдау мен тексеру және олардың сапасына бағалау жүргізу қажет.

      9. Сарапшы Субъектіге жүргізілген техникалық сараптаманың нәтижелері бойынша ресми түрде ғылыми әзірлемелерде анықтамалықтарда, нормативтік техникалық құжаттамаларда, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде қабылданған, талдау нәтижелеріне негізделген қорытындыларды, ұсынымдар мен ұсыныстарды қамтитын есепті ұсынады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады