Банк холдингінің банк тобының өз капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін қолдау жөніндегі шаралар туралы нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 309 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 26 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 3850. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 15 қаулысымен.

       Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 15   қаулысымен .
_____________________________

      Банк қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Банк холдингінің банк тобының өз капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін қолдау жөніндегі шаралар туралы нұсқаулық бекітілсін.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      3. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, екінші деңгейдегі банктерге және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

      Төраға

Қазақстан Республикасы      
Қаржы нарығын және қаржы     
ұйымдарын реттеу мен қадағалау  
агенттігі Басқармасының      
2005 жылғы 27 тамыздағы      
N 309 қаулысымен бекітілген   

  Банк холдингінің банк тобының өз капиталы
жеткіліктілігінің коэффициенттерін қолдау
жөніндегі шаралар туралы нұсқаулық

      Осы Нұсқаулық "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  42-бабының  5-тармағына сәйкес әзірленді және банк холдингінің банк тобының өз капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін қолдау жөніндегі шараларды белгілейді.

      1. Банк холдингі осы Нұсқаулықта көзделген, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банк топтарына арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мағыналарын және есептеу әдістемелерін, сондай-ақ олардың орындалуы туралы есептерді беру нысандары мен мерзімін белгілеу жөнінде" 2004 жылғы 27 қарашадағы N 325  қаулысымен  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 3334 тіркелген) (бұдан әрі - 2004 жылғы 27 қарашадағы N 325 қаулы) белгіленген ең төмен нормативтік мәнінен төмен емес деңгейде банк тобының өз капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін қолдау жөніндегі шараларды қолға алады.
      Осы Нұсқаулықта айқындалған және банк холдингтері орындауға міндетті банк тобының өз капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін қолдау жөніндегі шараларға:
      1) банк холдингінің банк тобының өз капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін қолдау жөніндегі шараларды қолдану шарттары мен тәртібін міндетті сақтауды көздейтін, соның ішінде осы Нұсқаулыққа сәйкес келетін банк холдингінің ішкі құжаттарының болуы;
      2) банк тобының өз капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін тұрақты қамтамасыз ету;
      3) банк тобының өз капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін жедел қамтамасыз ету кіреді.

      2. Банк холдингінің банк тобының өз капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін қолдау жөніндегі шараларды қолдану шарттары мен тәртібін міндетті сақтауды белгілейтін банк холдингінің ішкі құжаттарына:
      1) осы Нұсқаулыққа сәйкес келетін банк холдингінің банк тобының өз капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін қолдау жөніндегі шараларды қолдану шарттары мен тәртібі;
      2) осы Нұсқаулықпен белгіленген банк тобының өз капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін қолдау жөніндегі шаралардың толық тізбесі жатады.

      3. Банк тобының өз капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін тұрақты қамтамасыз ету шараларына:
      1) егер банк тобының қатысушысына қатысты пруденциалдық нормативтер мен сақтауға міндетті лимиттер белгіленген жағдайда, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген банк тобының және оның қатысушыларының пруденциалдық нормативтерді сақтауын және сақтауға міндетті өзге де лимиттерді тексеру мақсатында банк тобының тоқсан сайынғы шоғырландырылған қаржылық есеп беруді және оның қатысушыларының тоқсан сайынғы қаржылық есеп беруін талдау негізінде банк тобы мен банк тобы қатысушыларының қаржылық жай-күйін тоқсан сайын бағалау;
      2) банк холдингі бар банкте тәуекелдерді басқару жүйесінің және ішкі бақылаудың, соның ішінде көрсетілген жүйенің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейде банктерде тәуекелдерді басқару және ішкі бағалау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде" 2003 жылғы 6 желтоқсандағы N 434  қаулысымен  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 2653 тіркелген) белгіленген  талаптарға  сәйкестігін бағалаудың болуын жыл сайын бақылау;
      3) банк холдингі бар банкте осы Нұсқаулықтың 5-тармағында көзделген банктің және банк тобы қатысушыларының өз капиталын қолдау жөніндегі ішкі құжаттар мен рәсімдердің болуын жыл сайын бақылау жатады.

      4. Банк тобы банк тобының өз капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін тұрақты қамтамасыз ету шараларынан басқа, қосымша жедел қамтамасыз ету шараларын қолданады.

      5. Жедел қамтамасыз ету шаралары банктің және банк тобының өз капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәні және есеп айырысу әдістемесі туралы нұсқаулығын бекіту туралы" 2002 жылғы 3 маусымдағы  N 213  қаулысымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 1902 тіркелген) және 2004 жылғы 27 қарашадағы N 325  қаулысымен  белгіленген нормативтік мәнінен төмен азайған кезде банктің және банк тобының өз капиталын ұлғайту мақсатында қолданылады.
      Жедел қамтамасыз ету шаралары:
      банк тобының өз капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін қолдау рәсімдерін;
      банк тобы активтерінің құрылымын өзгерту рәсімдерін;
      банк тобының ұйымдық құрылымын өзгерту рәсімдерін;
      банк тобы қатысушыларының тиісінше өз акционерлерінің (қатысушыларының) арасында жай акциялар бойынша дивидендтер төлеуді (таза кірісті бөлуді) тоқтата тұру рәсімдерін көздейді.

      6. Банк тобының өз капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін қолдау рәсімдеріне:
      1) реттелген заемды беру немесе банк тобының өз капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін 2004 жылғы 27 қарашадағы N 325  қаулымен  белгіленген мағынаға сәйкес келтіру үшін банк тобының (банк тобы қатысушысының) акцияларын сатып алу;
      2) банк тобы қатысушыларының барлық көрсетілген міндеттемелерін жабатын банк тобы қатысушыларының үшінші тұлғалар алдындағы міндеттемелері бойынша қамтамасыз етуді ұсыну;
      3) банк тобы қатысушыларының банк холдингі алдындағы міндеттемелерін орындау мерзімін ұзарту;
      4) банк тобы қатысушыларының банк холдингі алдындағы міндеттемелері бойынша төлемдердің мерзімін ұзарту;
      5) банк тобы қатысушыларының күмәнді активтерді, шартты міндеттемелерді сатып алуы жатады.

      7. Банк тобы активтерінің құрылымын өзгерту рәсімдері былайша жүзеге асырылады:
      1) банк тобын кредиттік тәуекелге ұшырататын операцияларды шектеу немесе тоқтата тұру;
      2) өтімділіктен айырылу тәуекелін азайту, проценттік тәуекелді және өтімділіктен айырылу тәуекелін азайту үшін қысқа мерзімді активтер үлесін ұлғайту мақсатында банк тобы активтерінің құрылымын өзгерту;
      3) банк тобын қосымша тәуекелдерге ұшырататын шығыстармен байланысты жүргізіліп отырған операциялардың тізілімін және көлемін қысқарту.

      8. Банк тобының ұйымдық құрылымын өзгерту рәсімдері әкімшілік-шаруашылық шығыстарды қысқарту түрінде жүзеге асырылады.

      9. Банк тобының өз капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттері 2004 жылғы 27 қарашадағы N 325  қаулымен  белгіленген ең төмен нормативтік мағынадан төмен азайған кезде:
      банктің дауыс беретін акцияларының елу процентінен кем тікелей немесе жанама иелік ететін немесе дауыс беретін акциялардың көрсетілген үлесімен дауыс беруге мүмкіндігі бар банк холдингі - өз капиталының жеткіліктілік коэффициентінің төмендеу фактісі анықталған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде банк акционерлері жалпы жиналысының орындауға міндетті, соның ішінде осы Нұсқаулықпен белгіленген банк тобының өз капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін жедел қамтамасыз ету шараларын қамтитын Іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) қабылдаудың бастамашысы болады және Іс-шаралар жоспары қабылданғаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде оны уәкілетті органға келісу үшін ұсынады;
      банктің дауыс беретін акцияларының елу процентінен кем тікелей немесе жанама иелік ететін немесе дауыс беретін акциялардың көрсетілген үлесімен дауыс беруге, шарттың күшіне орай немесе өзге тәсілмен банктің шешімін айқындауға мүмкіндігі жоқ банк холдингі - өз капиталының жеткіліктілік коэффициентінің төмендеу фактісі анықталған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде уәкілетті органға Іс-шаралар жоспарын, соның ішінде осы Нұсқаулықпен белгіленген банк тобының өз капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін жедел қамтамасыз ету шараларын қамтитын Іс-шаралар жоспарын келісу үшін ұсынады.
      Банкте бір банк холдингінен астамы болған жағдайда осы банк холдингтері осы тармақтың үшінші абзацында көрсетілген іс-әрекеттерді жүзеге асырады.

      10. Уәкілетті органмен келісілген Іс-шаралар жоспарында банк холдингінің өз капиталының жеткіліктілік коэффициентін қолдау жөніндегі шараларды орындау мерзімі және олардың орындалуы жөніндегі ақпаратты уәкілетті органға ұсыну мерзімі болуы тиіс.
      Банк холдингінің Жоспарда айқындалған іс-шараларды орындауы туралы ақпараты растайтын құжаттармен қоса беріледі. Іс-шаралар жоспарының кез келген шарты орындалмаған жағдайда банк холдингі орындамау себептері туралы уәкілетті органды хабардар етеді.

      11. Осы Нұсқаулықтың талаптары бұзылған жағдайда банк холдингіне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес шектеулі ықпал ету шаралары мен мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін.

      12. Осы Нұсқаулықпен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады