Клиникалық практикада клеткалық технологияларды пайдалану туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 5 қазандағы N 505 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 17 қазанда тіркелді. Тіркеу N 3895. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 29 сәуірдегі N 311 бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.04.29 N 311 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 11 желтоқсандағы N 923 бұйрығымен бекітілген Диагностика мен емдеудің жаңа әдістерін қолдану  ережесінің (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2627 тіркелген) 8-тармағына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Денсаулық сақтау ұйымдарына адамның клеткаларын ауыстырып қондыруды (клеткалық технологиялар) клиникалық практикада пайдалануға тыйым салынсын.
      2. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми ұйымдарға негізгі және қолданбалы ғылыми зерттеулер шеңберінде денсаулық сақтау саласындағы клеткалық технологияларды клиникаға дейін және клиникалық сынақ жүргізуге рұқсат етілсін.
      3. Білім, ғылым және халықаралық ынтымақтастық департаменті (Хамзина Н.Қ.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
      4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаменті (Акрачкова Д.В.) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін белгіленген тәртіппен оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі А.А.Ақановқа жүктелсін.
      6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады