Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2009.08.26 N 244/37-IV Шешімімен.
_______________________________
Астана қаласы әкімдігі ұсынған Астана қаласының шағын кәсіпкерлігін дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған Бағдарламасын қарап, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабын басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты былай деп ШЕШТІ:
Қоса берілген Астана қаласының шағын кәсіпкерлігін дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған Бағдарламасы бекітілсін.
Астана қаласының мәслихаты
сессиясының төрағасы
Астана қаласы
мәслихатының хатшысы
Астана қаласының шағын кәсіпкерлігін дамытудың
2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасына
КЕЛІСУ ПАРАҒЫ
"Астана қаласының Кәсіпкерлік
және өнеркәсіп департаменті"
мемлекеттік мекемесінің директоры
"Астана қаласының Қаржы
департаменті" мемлекеттік
мекемесінің директоры
"Астана қаласының Экономика және
бюджеттік жоспарлау департаменті"
мемлекеттік мекемесі директорының
міндетін атқарушы
"Астана қаласының Ішкі саясат
департаменті" мемлекеттік
мекемесінің директоры
"Атамекен" Кәсіпкерлер мен
жұмыс берушілердің жалпыұлттық
кеңесінің Астана қаласындағы
филиалының директоры
Астана қаласы мәслихатының
2005 жылғы 17 қарашадағы
N 197/23-III шешімімен
БЕКІТІЛГЕН
АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІГІН ДАМЫТУДЫҢ
2006-2008 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН
БАҒДАРЛАМАСЫ Астана - 2005 жыл
1. Бағдарламаның төлқұжаты
Бағдарламаның атауы Астана қаласының шағын кәсіпкерлігін
дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған
бағдарламасы.
Бағдарламаны дайындау "Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау
негізі туралы" 1997 жылғы 19 маусымдағы N 131
Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан
Республикасы Президентінің 2005 жылғы
18 ақпандағы "Қазақстан экономикалық,
әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында"
Қазақстан халқына жолдаған жолдауы,
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 мамырдағы N 450 қаулысымен
бекітілген Қазақстан Республикасында шағын
және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
жеделдетілген шаралардың 2005-2007 жылдарға
арналған бағдарламасы.
Әзірлеуші Астана қаласының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп
департаменті.
Бағдарламаның мақсаты Астана қаласы шағын кәсіпкерлігінің
бәсекеге қабілеттілігін арттыру және билік
пен бизнестің өзара қарым-қатынасының жаңа
идеологиясын қалыптастыру арқылы оның
елорда экономикасындағы үлесін арттыру.
Бағдарламаның Қалада мәжбүрлеп демеушілік жасау
міндеттері тәжірибесін жою.
Бизнес қауымдастығының өзін-өзі
ұйымдастыруына қатысу.
Экономиканың әлеуметтік маңызды салаларында
бизнесті ашу үшін қолайлы инфрақұрылымдық
жағдайлар жасау.
Іске асыру мерзімі 2006-2008 жылдар.
Қаржыландыру көлемі 2006 жыл - 92055 мың теңге;
және көздері 2007 жыл - 86677 мың теңге;
2008 жыл - 99063,7 мың теңге.
Аталған мақсаттарға жыл сайын бөлінетін
қаражаттардың шегінде жергілікті бюджет
қаражаттары, бюджеттен тыс мақсатты
қаражаттар, халықаралық және отандық қаржы
ұйымдарының гранттары, кәсіпкерлердің және
олардың қоғамдық ұйымдарының қаражаттары,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының
заңнамасымен тыйым салынбаған көздер.
Күтілетін нәтижелер Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде:
Шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы
инфрақұрылымдық, қаржы, ақпараттық және
құқықтық жағдайлар жасалатын болады;
Шағын кәсіпкерлік субъектілерін (бұдан әрі
- ШКС) тұрақты дамытуды қамтамасыз ететін
болады;
жалпы аймақтық өнімде ШКС үлесі артады;
ШКС-нің ұйымдастырылатын өндірістік
кластерлер шеңберінде кәсіпкерліктің жаңа
түрлерінің дамытудағы қызметі жанданады.
2. Кіріспе
Астана қаласының шағын кәсіпкерлігін дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы "Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы" 1997 жылғы 19 маусымдағы N 131 Қазақстан Республикасының Заңын орындау барысында Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 18 ақпандағы "Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында" Қазақстан халқына жолдаған жолдауы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 мамырдағы N 450 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың жедел іс-шаралары бойынша 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы негізінде әзірленді.
2005 жылғы 25 наурызда өткен Қазақстан кәсіпкерлерінің конгресінде Мемлекет басшысы жалпы ішкі өнімдегі шағын және орта бизнес үлесін екі есеге ұлғайтуға мүмкіндік беретін бірнеше негізгі міндеттерді тұжырымдады:
отандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігі мен өнімділігін арттыру;
бизнесті жүргізуге ғаламдық келіс;
әкімшілік кедергілерді жою және әлеуметтік салық режимін қолдану саласын кеңейту енетін кәсіпкерліктің дамуын болашақта ынталандыру;
кәсіпкерлік пен мемлекет арасында серіктестік қатынастарды қалыптастыру.
Осы бағдарлама Қазақстан Республикасының Президентімен қойылған жаңа тапсырмалар негізінде әзірленді және оны іске асыру шағын кәсіпкерлікті дамытуға, сонымен қатар қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізеді.
3. Шағын кәсіпкерліктің қазіргі жайы мен дамуын талдау
Астана қаласының шағын кәсіпкерлігін дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасының (бұдан әрі - Бағдарлама) іске асырылуын талдау (1-қосымшаны қараңыз).
2005 жылдың бағалау көрсеткіштері (жылдың орташа серпіні бойынша, сондай-ақ Орташа мерзімді жоспары бойынша бағалау көрсеткіштеріне сәйкес есептелген) мен бұрынғы бағдарламаның қызметінің басталуы - 2002 жылдың қорытынды деректерін салыстыра отырып, мыналарды анықтау керек.
2005 жылдың соңына 38 мыңнан астам шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелетін болады, оның шамамен үштен бірі - заңды тұлғалар және үштен екісі жеке тұлғалар. 2002 жылы бұл үйлесім 50-ге 50-ді құрады. Мұнда фирмадағы жұмыс істеушілердің үлесі 50-ден 65%-ға дейін ұлғайды. Бұл қалалық компаниялардың сапалы өсімін көрсетеді.
2002 жылмен салыстырғанда ШКС саны 81,9%-ға ұлғайды.
ШКС санының есебін жүргізу проблемасы бұрынғыша орталық органдар деңгейінде шешілмегенін атап өту керек, сондықтан бұл нақты деректер жасауға мүмкіндік бермейді.
Шағын бизнес саласында қамтылғандардың саны 88 мың адамнан асады. 2002 жылдың қорытындысы бойынша шағын кәсіпкерлік саласында 51329 адам жұмыс істеген. Халықтың жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан шағын кәсіпкерлікте қамтылғандардың үлесі 2005 жылы 32%-ды құрады, бұл 2002 жылы 23%-ды құраған болатын.
2005 жылғы бағалау бойынша өндірістік өнім, жұмыс және қызмет көрсету көлемі 91 млрд. теңгеден асады, 2002 жылдың қорытынды мәліметтерімен салыстырғанда өсім - 75,6%-ды құрады. Өндірістің жалпы салалық құрылымында 2002 жылы сауда үлесі 41,4%-ды, шынайы сектордағы өндірісте 41%-ды құрады. 2003 жылы сауда үлесі - 37,5%, шынайы секторда 45%-ды құрады. Алдын-ала болжам бойынша 2005 жылы сауда үлесі 36%-ды, ал шынайы сектордағы өндірістің үлесі 45,6%-ды құрайтын болады. 2003 жылдың қорытындысымен салыстырғанда 2005 жылы шынайы сектордағы өндіріс 11 млрд. теңгеге немесе саудада 37,7%-ға және қызмет көрсетуде 29,6% немесе 7,5 млрд. теңгеге ұлғаюы көзделіп отыр. Өсу үрдісі ШКС өндірісінің тұрақты өскенін білдіреді, өйткені шынайы сектордағы өндіріс сауда және қызмет көрсету саласындағы өндіріспен салыстырғанда, жедел қарқынмен ұлғайып жатыр.
2005 жылы ШКС бюджетке салықтар мен төлемдердің түсімі 19 млрд. теңгеге ұлғаяды деп болжанып отыр, бұл 2002 жылға қарағанда 16,5 млрд. теңгеге немесе 6 есе артық. Жалпы салық көлемінде салықтар мен төлемдердің үлес салмағы 2005 жылы 9,7%-ды құрады (2002 жылы - 5,5%).
2005 жылы ШКС-ке 3900 жоба бойынша шамамен 54 млрд. теңге берілетін болады. 2002 жылы Астана қаласының екінші деңгейлі коммерциялық банктерімен 28194,2 млн. теңгеге 2637 жоба несиеленген.
Бар мәліметтерге сүйене отырып, 2003 жылдан қазіргі уақытқа дейін ШКС несиелеу ұлғайды: "Қазақстан Халық банкі" АҚ филиалы - 6 есе, "Альянс банк" АҚ филиалы - 2,6 есе, "Темірбанк" АҚ филиалы - 2,5 есе, "БанкЦентрКредит" АҚ филиалы - 2 есе, "Банк Каспийский" АҚ филиалы - 1,8 есе, "Нұрбанк" АҚ филиалы - 35%, "АльфаБанк" ДБ АҚ филиалы - 23%, "Цеснабанк" АҚ - 7%.
Осы уақытта "ТұранӘлемБанкі" АҚ филиалы - 2,8 есе, "АТФ банк" АҚ филиалы - 1,7 есе сияқты банктер ШКС несиелеуді азайтқан.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 6 наурыздағы N 3398 "Шағын кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдауды күшейту және оны жандандыру жөніндегі шаралар туралы" Жарлығына сәйкес Бағдарлама қызметінің кезеңіне:
шамамен 8000 жер учаскелері жалға берілді немесе сатылды;
бірінші қабаттардағы орындарды қайта жабдықтауға және қайта жоспарлауға 2000-нан астам рұқсат қағаз берілді;
коммуналдық меншік объектілеріне берілді: жалға - 11, сенім басқармаларына - 25, қайтарымсыз меншікке - 61, сатылғаны - 17.
Елорданың 10 мың адамына тіркелген ШКС саны болжамдық бағалау бойынша 2002 жылдың 416 бірліктің орнына 2005 жылы 705 бірлікті құрады немесе 69 %-ға көп.
Қолданыстағы бағдарламаны іске асыру кезеңінде шағын кәсіпкерлік субъектілерін экономикалық қызмет түрлері бойынша қамту құрылымында саудадағы ШКС шамамен 39% қамтылған, бұл уақытта экономиканың шынайы секторында қамтылғандардың саны жыл сайын өсіп жатыр: 2003 жылы - 22%, 2004 жылы - 26%-ға дерлік. 2005 жылдың бағалауы бойынша аталған көрсеткіш 29%-ға жетеді, ал сауда үлесіне шағын кәсіпкерлікте қамтылғандардың 36%-ы келеді.
Бизнеске араласуда ірі салымдарды қажет етпегендіктен, сауда-делдалдық қызметтің үлесі маңызды болып табылады.
Қолданыстағы бағдарламаның іске асырылуын талдау ШКС тиімді дамуы үшін, оның қаржылық қолдау жүйесінің болашақты маңызын көрсетеді. Мұндай шаралар қолданыстағы бағдарламада қарастырылған. Жергілікті бюджеттен жеңілдікті несиелеуге 2003 жылы 50 млн. теңге бөлінген, алайда бұл қаражат игерілмеген, 2004 жылы 18,4 млн. теңге лизингтік қаражаттар бөлінді және игерілді, ал 2005 жылы 28,1 млн. теңге лизингтік қаражаттар және 50 млн. теңге несие ресурстары бөлінді және игерілді.
Қолданыстағы бағдарламаның алдыңғы қатарлы міндеттерінің бірі - кәсіпкерлікті қолдау құрылымын кеңейту мен дамыту, бұл 1999 жылы Сервис орталығы базасында қалыптасқан 2002 жылы желтоқсанда құрылған "Астана қаласының шағын бизнесін қолдау орталығы" МКК (қазіргі "Астана қаласының Индустриалды-инновациялық даму орталығы" МКК, бұдан әрі - Орталық) құрылу есебінен қол жеткізді.
1999 жылдан бастап, Сервис орталығы үшін Экономика және шағын бизнесті дамыту департаментімен, кейіннен "Коммуналдық меншік қоры" МКК-мен ШКС жалға беруге тапсыру үшін жабдықтар сатып алынды. Жабдықтар өзін ақтамайтын жоғары бағаға сатып алынғандықтан, ШКС-ке ол жабдықтар бойынша жалға беру және лизинг өтелмей қалды.
2004 жылдан бастап, Орталық лизингтік бағдарлама жөніндегі жұмыс тәртібін өзгертті. Жабдықтарды сатып алу қала әкімдігі жанындағы сараптама комиссиясы мәжілісінен іріктеуден өткен ШКС нақты жобасы бойынша жүзеге асырылады, бұл жеңілдікті лизингті несиелеу бойынша жұмысты барынша жандандыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жұмысты ұйымдастыру, бухгалтерияны жүргізу, ИСО сериясы халықаралық стандарттары негізінде менеджмент сапасы жүйесін енгізу бойынша тегін кеңестер көрсетіледі, бұл кәсіпкерлерге бизнес процестерді басқарудың барынша жоғары деңгейіне шығуына, өнімнің бәсекеге қабілеттілігі мен нарықтағы қозғалысын қамтамасыз етуіне мүмкіндік береді.
2002 жылғы желтоқсаннан Астана қаласында қайта құрылатын фирмаларға орын бөлу, кеңселік қызметтер көрсету, бизнес-инкубатор клиенттері үшін Интернет жүйесіне қол жетімділік, тегін кеңес қызметтері, заң және маркетингтік қызметтерді қоса қарастыратын стратегиясы болатын "Астана-инновация" бизнес-инкубаторы қызмет көрсетеді. Қазіргі уақытта бизнес-инкубаторда жалға алу негізінде 25 ШКС орналасып отыр. Бизнес-инкубатор орналасқан ғимараттың коммуникация жүйесінің тозуына және оны ұстауға бюджеттік қаражаттың болмауынан, кәсіпорындарды ротациялау бойынша инкубациялық кезеңнің аяқталуына байланысты бизнес-инкубатордың негізгі қызметі тиімсіз болғанын мойындауымыз керек.
Қолданыстағы бағдарламаның келесі міндеті - ШКС құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету 2004 жылдан бастап қызмет ететін "Шағын бизнес адвокатурасы" бағдарламасымен жүзеге асырылады. Осы уақытқа дейін 51 ШКС тегін көмек алды. Бұдан басқа, 2005 жылғы сәуір айынан "Шағын бизнестің орталықтандырылған бухгалтериясы" ұйымдастырылды, 85 ШКС-ке тегін қызмет көрсетілді.
Сонымен қатар, 2004 жылдан брошюраларды шығару жолымен кәсіпкерлерді жағдаяттық оқыту басталды. Осы жұмыс шеңберінде жалпы таралымы 9000 дана мынадай брошюралар шығарылды: "Бірінші қабаттарда бизнесті қалай ұйымдастыру керек", "Бизнес-жоспарды қалай құру керек", "Көбінесе бақылаушылар бизнесмендерге не үшін айыппұл салады", "Шағын несие ұйымын қалай құру керек", "Интеллектуалды меншік құқығы", "ИСО 9001:2000 халықаралық стандарты негізінде қалай менеджмент сапасының жүйесін әзірлеу, енгізу және сертификаттау керек", "Қалай тұтынушылары" құқығын бұзбау керек", "Отель Ревю". Барлық бұл жолнұсқалар бұқаралық ақпарат құралдарында таныстырылды және кәсіпкерлер арасында тегін таратылады.
Брошюраларды шығарудың негізгі принципі - кәсіпкерлерді толғандыратын проблемалар талдауы және синтезі.
Астана қаласының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің бастамасы бойынша тұрғын үй ғимараттарының бірінші қабаттарында бизнесті ұйымдастыру бойынша рәсімдер оңайлатылды. "Горархитектура" КМК қызметтеріне баға 6,5 мың теңгеге төмендетілді. Сыртқы жарнамамен келісу және санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау талаптарының рәсімдері жеңілдетілді.
Астана қаласының Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті директорының 2004 жылғы 1 шілдедегі N 42/1 "Тұрғын үй және әкімшілік ғимараттардың бірінші қабаттарында орналасқан объектілерді келісуді шектеу туралы" бұйрығы шығарылды, онда санитарлық-эпидемиологиялық маңызы жоқ объектілерді келісуді өткізбеу белгіленген.
2004 жылы Астана қаласы аумағында алкоголь өнімдерін бөлшек сауда жасауды лицензиялауды жетілдіру туралы мәселесі шешілді ("қайталама" лицензияларды алуды жеңілдету). Нәтижесінде, ШКС қайталама лицензиялар алу кезінде шенеуніктермен кездесу 5 есе қысқарды.
2005 жылдың жазында Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 29 маусымдағы N 55/9-ІІІ шешімімен бекітілген Астана қаласының аумағында құрылыс салу ережелеріне толықтырулар енгізілді. Олар қала әкімдігі бір шешім арқылы ұсынылған жер учаскесінде жобалау және құрылысты бір уақытта ШКС шешуге құқы болуға бағытталған. Осыған дейін жеке екі шешім шығарылған.
Астана қаласында қалалық Салық комитеті және СЭС департаменті жанында Сараптама кеңестері қызмет көрсетеді. Бұл Кеңестердің мәжілістері, әдетте, кезектерді азайту, түрлі анықтамаларды тездетіп беру және келісу үшін объектілерді қысқарту тақырыбына арналған.
Шағын кәсіпкерлікті қоғамдық қолдау жүйесін қалыптастыруды тездету бойынша тапсырма Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін дамыту жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған жеделдетілген шаралар бағдарламасында жалғасын тапты.
Республикалық бағдарламада негізгі акцент мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке негізсіз араласуына жол бермеуге жасалды. Осы мақсатқа жету үшін 2004 жылдан бастап арнаулы акциялар жүргізіледі:
"Мәжбүрлеп демеушілік жасауға жол жоқ" акциясы шеңберінде тиісті департаменттер мен басқармаларға 2005 жылы аудандық әкімдіктерде қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыру үшін 20 млн. теңге бөлінді;
"Кезек - сыбайлас жемқорлықтың алғышарты", бұл біздің қаламыздың кәсіпкерлері мен тұтынушыларын қорғауға бағытталған. Осы акция шеңберінде ШКС-ке қызмет көрсетілетін кабинеттерге тұратын кезектерге мониторинг жүргізіледі және оларды азайту бойынша шаралар қабылданады, өйткені кезектер - сыбайлас жемқорлық арқылы құқық бұзушылықтың туындау мүмкіндігі. Көбінесе мұндай мониторинг "Жылжымайтын мүлік орталығы" РМК, "Қазпошта" ААҚ "Астанинский почтамт" Астана филиалында, "Астанателеком" қалалық телекоммуникация орталығында, Астана қаласының Тұрғын үй департаментінде, аудандық салық комитеттерінде, төлқұжат үстелдерінде жүргізілді.
Осы жылдары түрлі конкурстар, жәрмеңкелер, форумдар, мамандықтар бойынша кездесулер және шағын кәсіпкерлікті үгіттеу және ақпараттық қамтамасыз ету мақсатында таныстыру рәсімдері өткізілді.
Жүргізілген талдау шағын кәсіпкерліктің дамуына кері әсерін тигізетін бірқатар факторларды көрсетті.
Шағын кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының жеткіліксіз үйлестірілуі сыртқы және ішкі ортадағы барлық контрагенттермен қатынас жасау және қолдау қажеттілігімен шарттастырылған кәсіпкердің нарыққа кірген кезде үлкен шығынға әкеліп соқты. Сыртқы - мемлекеттік органдармен, қаржы-несие ұйымдарымен, жеткізушілермен, тұтынушылармен және бәсекелестермен; ішкі - қызмет түрлерін және ұйымдастыру-құқықтық нысандарын таңдау; қажетті көлемде қаржылық капиталды қалыптастыру; кадрларды таңдау және персоналды басқару; серіктестер командасын іздеу және нарықты білу.
Шағын кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін барынша күрделі проблемалардың бірі - субъектілердің көп бөлігінде қажетті қаржы ресурстарының болмауы.
ШКС-ті қормен жарақтандырудың төмен деңгейі сектордың экономикалық тиімділігін арттыруға мүмкіндік бермейді және оның несиелеуін тежейді.
Осы себепке байланысты кәсіпкерлерге арналған сауда-делдалдық қызмет жеке қаржы қаражаттарын жинақтаудың жалғыз қол жетімді әдісі болады.
Шағын бизнес үшін бизнесті құқықтық қамтамасыз ету, бухгалтерлік есеп жүргізу саласында білікті кадрлар тапшылығы байқалады. ШКС көпшілігінің төмен құқықтық, қаржы және ақпараттық мәдениеті байқалады.
Шағын кәсіпкерлік қызметінің саласы болатын дәстүрлі ұсыну сауда және тамақтандыру кәсіпкерлер бастамасын қолдану аясын барынша тарылтады, сондай-ақ ШКС қызметтер көрсетудің нарық аумағын ұлғайтуға мүмкіндік бермейді. Сонымен қатар, салалық кластерлер шеңберінде өндірістің технологиялық тізбесін тиімді толықтыратын қызметі есебінен мүмкіндік беретін өндірістік салаға шағын кәсіпкерлікті тарту әлемдік тәжірибесі бар. Мұндай кластерлік үлгі бойынша өзара толықтырып тұру сұлбасы Астанада өндіріс саласында (құрылыс материалдары өнеркәсібінің кластері), сондай-ақ қызмет көрсету саласында (туристік кластер) салына бастады.
Жүргізілген талдау өткен жылдардың тәжірибесі, кәсіпкерлікті қолдаудың қазіргі мемлекеттік саясаты мен олардың мемлекетпен жоғары сапалы деңгейдегі өзара қарым-қатынасы негізінде, шағын кәсіпкерлікті қолдау бойынша жұмысты жүйелендіру жолымен жергілікті деңгейде экономикалық, құқықтық және институтты-құрылымдық реформаларды тереңдету қажеттілігі туралы қорытынды шығаруға мүмкіндік береді.
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Бағдарламаның мақсаты Астана қаласының шағын кәсіпкерлігінің бәсекеге қабілеттілігін және билік пен бизнестің өзара қарым-қатынасының жаңа идеологиясын қалыптастыру арқылы оның елорда экономикасындағы үлесін арттыру болып табылады. Қойылған мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:
қалада мәжбүрлеп демеушілік жасау тәжірибесін жою;
бизнес қауымдастығының өзін-өзі ұйымдастыруына қатысу;
экономиканың әлеуметтік маңызды салаларында бизнесті ашу үшін қолайлы инфрақұрылымдық жағдайларды жасау;
кәсіпкерлікті қолдау құрылымын одан әрі жетілдіру.
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары
мен іске асыру механизмі
&1. Мәжбүрлеп демеушілік жасау тәжірибесін жою
Жаңа идеологияны қалыптасырудың басты бағыты мәжбүрлеп демеушілік жасау тәжірибесін жою бойынша шаралар болып табылады. 2005 жылдың басынан елордада іске асатын осы бағыттарға бюджеттік қаражаттарды бөлудің қалыптасқан оң тәжірибесін бекіту қажет. Осыған байланысты аудандық әкімдіктерге 2006 жылдан бастап, жыл сайын кәсіпкерлер арасында тапсырыстарды орналастырумен мерекелік және өзге қалалық іс-шаралар өткізу үшін қаражаттар бөлінетін болады.
Осыған байланысты мәжбүрлеп демеушілік жасау тәжірибесін жою мақсатында қалалық іс-шараларды тұрақты қаржыландыру қалалық биліктің бизнес қауымдастығына мемлекеттің кәсіпкерлерді тегін қызмет көрсетуге мәжбүрлемеу үшін жеткілікті қаражаты бар екендігі, керісінше оларға төлеп және сол арқылы кәсіпкерліктің дамуына мүмкіндік беру туралы тікелей белгі болады. Осындай тәжірибе қоғамдық санада мемлекеттік органдар тарапынан мәжбүрлеп демеушілік жасаудың кез-келген әрекетіне берік иммунитет қалыптастырады, мемлекет пен бизнес қауымдастығы арасында әлеуметтік серіктестік қатынастарын нығайтуға мүмкіндік береді.
Алайда, мәжбүрлеп демеушілік жасаудан бас тарту қоғамның жеке көздерден қаржылындырылуы мүмкін әлеуметтік бағдарламаларын қажет етпейтінін білдірмейді. Корпоративті әлеуметтік жауапкершілік жалпы әлемдік тәжірибе болып табылады, маркетингтік көзқарастан оны бизнеске тиімді инвестиция ретінде қарастырады. Осыған байланысты Бағдарлама осы тақырыпқа әлеуметтік зерттеулерді жүргізуді және кәсіпкерлерге корпоративті әлеуметтік жауапкершіліктің жеке стратегиясын құру бойынша ұсыныстарды әзірлеуді көздейді.
&2. Бизнес қауымдастығының өзін-өзі
ұйымдастыруға жәрдемдесу
Кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктері бизнес қауымдастығының мемлекеттік органдар мен халықпен өзара қарым-қатынасының маңызды механизмі болып табылады. Кәсіпкерлерге кездесетін барлық проблемалар мынадай бірлестіктер ішінде жүйеленіп талдануы қажет және кәсіпкерлердің шоғырландырма беталысын қалыптастыру үшін алғышарттар жасау керек, бұл кәсіпкерлердің шешімдерді қабылдау нақты процесінде мемлекеттік органдармен тең құқықты серіктестері ретінде мәртебесін арттыруға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, мұндай бірлестіктер осы саладағы мемлекеттік саясат туралы ақпаратты жеткізу мақсатында мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлердің өзара жедел қарым-қатынас жасауына мүмкіндік береді.
Тәжірибе көрсеткендей, бірлестік қызметінің басты кедергісі олардың кәсіпкерлермен бірлескен қаржыландырылу мәселесі болып табылады.
Сондықтан, Астана қаласы кәсіпкерлерінің жаңа қоғамдық бірлестіктердің құрылуын ынталандыру және қолданыстағы бірлестіктерді қолдау бойынша қаражаттарды бөлу жоспарланып отыр. Негізінен, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктерін, оның ішінде әйелдер, жастар мен мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды қаржыландыру жүзеге асырылады.
Кәсіпкерліктің жаңа идеологиясын қалыптастырудың маңызды аспектісі ШКС-пен шығарылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы талаптарын сақтау шараларымен кәсіпкерлікті дамытуға және қолдауға бағытталған мемлекет күштерін үйлесімді келісімі болып табылады. Осыған байланысты Бағдарлама бір жағынан, мемлекеттік органдардың ШКС қызметіне тексеру жүргізу ережелерін сақтау бойынша бақылауды жандандыру жөніндегі шараларды қабылдау болса, екінші жағынан, тауарлар және қызмет көрсету нарығының тиімді мониторингі мен адал емес кәсіпкерлерге қатысты уақытылы шаралар қолдану мақсатында тұтынушылардың құқығын қорғау саласында қызмет ететін үкіметтік емес ұйымдармен тығыз ынтымақтастықта болуды көздейді. Бұдан басқа, кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп кәсіби конкурстар, сондай-ақ тауар сапасы мен ұсынылатын қызмет көрсетулердің сапасын жақсартуды ынталандыратын "Үздік тауарлар", "Үздік базар" конкурстары өткізілетін болады. Әйелдер арасындағы кәсіпкерлерді ынталандыру үшін, Астана қаласы әкімдігі жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссиямен бірлесіп жыл сайын "Әйел басқаратын ең үздік кәсіпорын" конкурсы өткізілетін болады.
Бұл шаралар "Атамекен" Қазақстан кәсіпкерлері мен жұмысшыларының жалпы ұлттық одағы шеңберінде кәсіпкерлер арасындағы тігінен және көлденең институттық байланыстарды нығайтуға мүмкіндік береді.
&3. Экономиканың әлеуметтік маңызды салаларында
бизнесті ашу үшін қолайлы жағдайлар жасау
Жаңа идеологиясын қалыптастыруға байланысты жергілікті атқарушы органдар бизнес қауымдастығының барлық күштерін әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге бағыттауды үйренуі қажет.
Қала халқы үшін соңғы бес жыл ішіндегі әлеуметтік маңызды мәселе азық-түлік өнімдері мен қызметтері бағасының күрт өсу проблемасы болып табылады. Бұл мәселенің шешілуі - бәсекелі сауда ортасын одан әрі кеңейту.
Бәсекелі сауда ортасын тиімді кеңейту бизнеске кіру үшін қолайлы жағдайларды жасауға мүмкіндік беру болып табылады.
Бағдарламаны іске асыру кезеңінде аталған мақсаттарға жергілікті бюджеттен аудандық әкімдіктерге жыл сайын саяжай және көкөніс шатырларын, жәрмеңке және мерекелік сауда үшін алаңдар, сондай-ақ машинадан сатуды енгізе отырып, жеміс-көкөніс өнімдерін маусымдық сату орындарын ұйымдастыруға және орналастыруға қаражаттар бөлінетін болады.
ШКС жеңілдікті несиелеу мәселелерінде жергілікті мемлекеттік органдардың "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ-мен өзара қарым-қатынас механизмі ретінде маңызды рөл Астана қаласының әкімдігі жанындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі комиссиясына беріледі. Комиссия ШКС-тің бизнес жобаларын қарайды және жеңілдікті несиелеуге ұсынады, оларды іске асыру аймақ үшін әлеуметтік-экономикалық маңызы бар, оның ішінде елордада сауда және қызмет көрсетудің қазіргі инфрақұрылымын қалыптастыруға және дамытуға мүмкіндік береді.
Кәсіпкерлердің жобаларын әкімшілік келісу рәсімін өткізуді тездету мақсатында сауда, сервис және қызмет көрсету саласы, оның ішінде гендерлік аспект есебінен, әлеуметтік маңызды объектілердің құрылысы мен пайдалануға беру мониторингі бойынша жұмыс жалғасын табады.
Сауда және қызмет көрсету саласында бизнесті ашу үшін инфрақұрылымдық жағдайларды жасау бойынша іс-шараны аталған бағдарлама аясында өткізу Астана қаласының сауда ұйымдары арасында шағын бизнесті қолдау және бәсекелестікті дамытуға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде негізгі азық-түлік өнімдері мен қызметтерге бағаны тұрақтандыру, рұқсат етілмеген көше саудасын тәртіпке келтіруге; қаланың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын жақсартуға; қызмет көрсету мәдениетін көтеруге; халықтың жұмыспен қамтылуы (жаңа жұмыс орындарын ашу) сияқты елорда үшін өзекті мәселелердің біртұтас кешенін шешудің мультипликативті тиімділігіне әкеледі.
&4. Кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын дамыту
Мемлекеттің бастамасы бойынша құрылған ШКС үшін негізгі қаржы институты "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ болып табылады, оның филиалы Астана қаласында орналасқан. 2005 жылғы 1 қаңтарда Қордың несие портфелі 15,4 млрд. теңгені құрады. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша жеделдетілген шаралар бағдарламасының Іс-шаралар жоспарына сәйкес 2005-2007 жж. ішінде республикалық бюджет есебінен Қордың жылдық капиталдандырылуы 10 млрд. теңгені құрайтын болады.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, 2006 жылғы 1 қаңтардан бюджеттік қаражат есебінен қаржыландырылатын "Шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін несиелеу" бағдарламасы тоқтатылатынын есепке алсақ, Қор ШКС несиелеудің негізгі көзіне айналады. Осыған байланысты Астана қаласының әкімдігі үшін елорданың өмірдегі әлеуметтік маңызды салаларында кәсіпкерлікті дамытуға тиімді қаржылық қолдау көрсету мақсатында Қормен өзара тығыз қарым-қатынас мәселесі өзекті болып табылады. Сондықтан қала үшін әлеуметтік маңызды жобаларды іріктеуде Қордың ұсыныстарын әзірлеу мақсатында Астана қаласы бойынша Қорда қаралатын ШКС жобалар мониторингі және кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Астана қаласының әкімдігі жанындағы комиссия, сондай-ақ Астана қаласы әкімдігі жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссия тарапынан сараптама жүйесін тәртіпке келтіру қажет.
Мұндай жобалар мониторингі және сараптама жүйесі Астана қаласы аумағында қызмет ететін өзге қаржы институттарына (банктер, шағын несие және шағын қаржы ұйымдары) қатысты жасалады.
Бағдарлама шеңберінде барлық кәсіпкерлік субъектілеріне, бизнес-инкубатор аумағында орналасқан, орналаспағанына қарамастан, бизнес-инкубатордың консалтингтік, маркетингтік, құқықтық, бухгалтерлік, білім беру және оқыту қызметтерін көрсету сияқты бизнес-инкубатордың қызметтерін дамытуға көңіл бөлінеді. Осыған байланысты бизнес үшін аталған қызмет түрлерін дамытуды қолдауға тең дәрежеде номиналды бизнес-инкубатор болып табылмайтын өзге де ұйымдар қатыса алады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 маусымдағы N 633 қаулысымен бекітілген пилоттық кластерлерді жасау бойынша Іс-шаралар жоспарына сәйкес, Астана қаласында құрылыс материалдары өндірісінің индустриалды паркін құру жоспарланып отыр. Индустриалды парк қызметінің бағыттарының бірі ШКС құрылыс материалдары кластерінің технологиялық инфрақұрылымына тарту болып табылады. Сондықтан Бағдарлама шеңберінде кәсіпкерлікті қолдаудың бар инфрақұрылымы арқылы технология және бизнесті жүргізу практикасы аумағында жаңа әзірлемелерге қатысты консалтингтік және маркетингтік қызметтер ретінде мақсатқа бағытталған көмек көрсетіледі. Әлеуетті серіктестерді анықтау және құрылыс материалдарының кластері шеңберінде қажетті жабдықтар үшін ірі кәсіпорындар мен ШКС арасында іскерлік ынтымақтастық жүйесі ұйымдастырылатын болады.
Осыған ұқсас жұмыс Астана қаласында туристік кластерлерді қалыптастырудың алғышарттарын жасау мақсатында туристік салада да жүргізілетін болады.
ШКС кадрлар әлеуетін күшейту мақсатында өндірістік салада қызмет ететіндерге жоғары технологиялы өндіріс және қызмет көрсету кәсіпорындарында колледждер мен ЖОО-ның кемінде 50 студентінің жыл сайын өндірістік практикасын өтуді қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданатын болады.
ШКС құрылудың бастапқы сатыларында қызметтік дағды мен білімді қажет ететін бірқатар ұйымдастыру проблемаларымен кезігеді. Осыған қарамастан, ШКС-тің көпшілігінде ресурстар жеткіліксіз және аутсорсинг мәдениеті қалыптаспаған.
Консалтингілік компаниялардың қызметтері - заң, аудит және бухгалтерия, маркетингтік зерттеулер, бизнес-жоспарлау қымбатқа түсетінін ескере отырып, Бағдарламаға ШКС үшін мынадай қызметтерді сатып алуға іс-шаралар енгізілді.
Мемлекеттік органдар қызметінің маңызды бағыты кәсіпкерлікті қолдау аумағында үйлестірілген саясатты қалыптастыру мақсатында аймақта іске асырылатын ақпарат алмасу, бірлескен жоба мониторингі үшін кәсіпкерлікті қолдау халықаралық институттарымен ынтымақтастық болып табылады.
Жаңа идеологияны қалыптастыру ШКС-ті қолдаудың білім беру және ақпараттық-әдістемелік жүйесін дамытуды талап етеді. Осы орайда, Бағдарлама шағын кәсіпкерлік үшін әдістемелік және анықтамалық құралдарды әзірлеу және шығару; шағын кәсіпкерлік мәселелері бойынша теле- және радиобағдарламалар циклін ұйымдастыру; жаңа бизнес түрлерін үгіттеу және жарнамалау; оқыту семинарларын, конференциялар, көрмелер "дөңгелек үстелдер" мен конкурстар өткізу сияқты бірқатар іс-шараларды қарастырады. Сондай-ақ, ШКС шағын кәсіпкерлік қызметіне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерістер туралы кеңінен ақпараттандыру; шағын кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік органдармен өткізілетін, оның ішінде мемлекеттік тапсырысты орындайтын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, іс-шаралар бойынша шаралар қарастырылған.
6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері
Астана қаласының шағын кәсіпкерлігін дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын қаржылық қамтамасыз ету аталған мақсаттарға жыл сайын бөлінетін қаражаттардың шегінде жергілікті бюджет қаражаттары, бюджеттен тыс мақсатты қаражаттар, халықаралық және отандық қаржы ұйымдарының гранттары, кәсіпкерлердің және олардың қоғамдық ұйымдарының қаражаттары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған көздер есебінен жүзеге асырылады.
Осы Бағдарламада айтылған шараларды іске асыру үшін жергілікті бюджеттен 2006 жылы - 92055 мың теңге, 2007 жылы - 86677 мың теңге, 2008 жылы - 99063,7 мың теңге бөлінеді.
Сонымен қатар, жергілікті бюджеттен қаржыландыру, белгіленген тәртіпте, сәйкес жылға бюджетті қалыптастыру және нақтылау кезінде жыл сайын нақтыланып отырады.
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер
Бағдарламаны толық іске асыруда:
кәсіпкерліктің жаңа идеологиясын қалыптасыруға;
шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы инфрақұрылымдық, қаржы, ақпараттық және құқықтық жағдайлар жасау;
ШКС тұрақты дамуын қамтамасыз ету;
жалпы аймақтық өнімде ШКС үлесінің артуы;
шағын кәсіпкерлік субъектілерімен ұйымдастырылған өндірістік кластерлер шеңберінде кәсіпкерліктің жаңа түрлерін дамытудағы қызметінің жандануына мүмкіндік беруі қажет.
8. Астана қаласының шағын кәсіпкерлігін дамытудың
2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру
жөніндегі іс-шаралар жоспары
Р/с |
Іс-шаралар |
Аяқтау нысаны |
Орындалуға |
Орын- |
Болжан- |
Қаржы- |
||
1. Мәжбүрлеп демеушілік жасау тәжірибесін жою | ||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
1. |
Жалпыұлттық |
Аудандық |
"Алматы" |
Тоқ- |
2006 жыл |
Жергі- |
||
2. |
Кәсіпкерлерге |
ШКС үшін ұсыныстар |
КӨД |
Жыл сайын |
2006 жыл |
Жергі- |
||
2. Бизнес қауымдастығының өзін-өзі ұйымдастыруға жәрдемдесу | ||||||||
3. |
Мемлекеттік |
Бірлес- |
КӨД |
Жыл сайын |
2006 жыл |
Жергі- |
||
4. |
Мемлекеттік органдардың ШКС-ті тексеруді жүргізу ережесін |
Қазақстан |
КӨД, |
Жарты- |
Қажет |
|||
5. |
ҒӨБ-ге, тұты- |
ИСМ-ге есебі |
КӨД, "Атамекен" филиалы (келісім бойынша) |
Жарты- |
2006 жыл |
Жергі- |
||
6. |
Кәсіпкерлер- |
ИСМ-ге есебі |
КӨД мүдде- |
Жыл сайын |
2006 жыл |
Жергі- |
||
7. |
Қазақстан |
ИСМ-ге ақпарат |
КӨД, |
Жыл сайын |
Қажет |
|||
3. Экономиканың әлеуметтік маңызды салаларында бизнесті ашу үшін қолайлы жағдайлар қалыптастыру |
||||||||
8. |
ШКС-ден сатып |
ИСМ-ге ақпарат |
КӨД |
Жарты- |
Қажет |
|||
9. |
Сауда, сервис |
Астана қаласының әкімдігіне ақпарат |
КӨД мүд- |
Тоқсан- |
Қажет |
|||
10. |
Саяжай өнімдерін сату үшін |
КӨД-ге |
"Индустри- |
Тоқсан- |
2006 жыл |
Жергі- |
||
11. |
Аулада сауда жасау үшін орындарды әзірлеу (жоспарлау, ұсақ тас төсеу, қоршау жасау) |
КӨД-ге есебі |
"Алматы" |
15 |
2006 жыл |
Жергі- |
||
12. |
Қалалық іс-шараларға көшпелі сауданы ұйымдастыру (электр энергиясымен, жұмысшы күшімен, автокөлікпен қамтамасыз ету) |
Сауданы ұйымдастыру және КӨД-ге есебі |
"Алматы" |
Тоқсан- |
2006 жыл |
Жергі- |
||
13. |
Мерекелік сауда үшін палаткалар (фиеста) мен жиһаздарды (орындықтар, үстелдер, шатырлар) сатып алуды ұйымдастыру |
КӨД-ге ақпарат |
ИИДО |
Жарты- |
2006 |
Жергі- |
||
4. Кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын дамыту | ||||||||
14. |
Астана қаласының әкімдігі |
ИСМ-ге ақпарат |
КӨД, "Атамекен" филиалы (келісім бойынша) |
Жарты- |
Қажет |
|||
15. |
Кәсіпкерлікті |
ИСМ-ге ақпарат |
КӨД |
Жыл сайын |
2006 жыл |
Жергі- |
||
16. |
Жоғары техно- |
ИСМ-ге ақпарат |
КӨД, "Атамекен" филиалы (келісім бойынша) |
Жыл сайын |
2006 жыл |
Жергі- |
||
17. |
Кәсіпкерлерге |
Астана қаласының әкімдігіне ақпарат |
КӨД |
Жарты- |
2006 жыл |
Жергі- |
||
18. |
Кәсіпкерлерге |
Астана қаласының әкімдігіне ақпарат |
КӨД |
Жылдық |
2006 жыл |
Жергі- |
||
19. |
БАҚ-ты бизнестің жаңа бағыттары туралы ақпараттан- |
БАҚ-қа ақпарат |
КӨД |
Тұрақты |
2006 жыл |
Жергі- |
||
20. |
Бизнестің |
БАҚ-қа ақпарат |
КӨД, "Атамекен" филиалы (келісім бойынша) |
Жарты- |
2006 жыл |
Жергі- |
||
21. |
Шағын кәсіпкерлікті қолдау саласында халықаралық институттар қызметінің мониторингін жүзеге асыру |
ИСМ-ге ақпарат |
КӨД, "Атамекен" филиалы (келісім бойынша) |
Жарты- |
Қажет |
|||
22. |
Кәсіпкерлерді жағдаяттық оқыту үшін әдістемелік басылымдарды әзірлеу |
Әдістемелік құралдарды шығару |
КӨД мүд- |
Жарты- |
2006 жыл |
Жергі- |
||
23. |
Шағын кәсіп- |
ИСМ-ге ақпарат |
Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметі, ІСД, КӨД |
Жарты- |
2006 жыл |
Жергі- |
||
24. |
Кәсіпкерлік |
ИСМ-ге ақпарат |
КӨД, "Атамекен" филиалы (келісім бойынша) |
Жылдық |
2006 жыл |
Жергі- |
Үш жыл ішінде Бағдарламаға барлығы 277795,7 мың теңге
көлемінде қаражат қажет:
оның ішінде 2006 жылы - 92055 мың теңге, 2007 жылы - 86677
мың теңге және 2008 жылы - 99063,7 мың теңге.
Астана қаласының шағын
кәсіпкерлігін дамытудың
2006-2008 жылдарға
арналған бағдарламасына
1-қосымша
1-кесте
Астана қаласының шағын кәсіпкерлігін дамытудың
2002-2005 жылдарға арналған көрсеткіштері
Көрсеткіштер |
2002 ж. есебі |
2003 ж. есебі |
2004 ж. есебі |
2005 ж. бағалау |
ШК субъектілерінің саны, бірл. |
20970 |
25892 |
32008 |
38150* |
ШК саласында қамтылғандардың саны, адам |
51329 |
66500 |
71508 |
88390 |
ШК саласындағы шығарылған өнімдердің көлемі, млн. теңге |
52038,7 |
67730,4 |
79625,4 |
91403* |
ШКС-тен түскен салықтар, млн. теңге |
3335,5 |
5954,5 |
11560,5 |
19800,5 |
Жалпы салық көлемінде ШКС түскен салық үлесі, % |
5,5 |
7,5 |
9,6 |
9,7 |
Ескерту: Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының
2006-2008 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарына сәйкес бағалау
деректері * жұлдызшамен белгіленген.