Облыс ауыл шаруашылығын қолдауға және дамытуға облыстық бюджеттен кредит беру туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы әкімиятының 2005 жылғы 17 наурыздағы N 84 қаулысы. Жамбыл облыстық әділет департаментінде 2005 жылғы 8 сәуірде N 1600 тіркелді. Қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Жамбыл облысы Әділет департаментінің 2007 жылғы 24 сәуірдегі № 4-1874 Хатымен

      Еркерту. Қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Жамбыл облысы Әділет департаментінің 2007.04.24 № 4-1874 Хатымен.

      Облыстың ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілеріне қаржылық қолдау көрсету мақсатында, Қазақстан Республикасының  Бюджет Кодексіне сәйкес және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы  Заңын басшылыққа ала отырып, облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Әділет департаментінде 2005 жылғы 22 ақпанда N 1553 мемлекеттік тіркеуден өткен Жамбыл облыстық мәслихатының 2005 жылғы 11 ақпандағы "2005 жылға арналған облыстық бюджет туралы N 7-4" шешіміне сәйкес, облыстық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілеріне кредит беруге облыстық бюджеттен 100,0 миллион теңге бөлінсін.

      2. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге кредит беру жөніндегі бюджеттік бағдарламаның әкімшісі болып облыс әкімиятының ауыл шаруашылығы департаменті белгіленсін.

      3.  Алып тасталды
       Ескерту. 3-тармақ алып тасталды - Жамбыл облысы әкімиятының 2005 жылғы 14 мамырдағы  N№149 қаулысымен.

      4. Кредит беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 ақпандағы N 110 "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы"  қаулысына сәйкес жүзеге асырылсын (әрі қарай Ереже).

      5.  Ереженің 32 тарауына сай соңғы несие алушы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге бюджеттік кредит беруді жүзеге асырушы қаржылық агентінің міндеті жүктелетін заем беруші банкті анықтау үшін, конкурстық комиссия екінші деңгейдегі банктер арасында
тендер өткізсін.

      6. Бюджеттік кредит сомасынан жылдық 0,01% (ноль бүтін жүзден бір пайыз) көлемінде сыйақы төленетін болсын.

      7. Осы бюджеттік кредитті қайтару мерзімі 2006 жылдың 30 қарашасына дейін деп белгіленсін.

      8. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Ө. Үсенбаевқа жүктелсін.

             Облыс Әкімі                           Б. Жексембин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады